Уранның табиғаттағы таралуы
|
Уран құрамы, %
|
Базальтта
|
6*10-5
|
Гранитте
|
4*10-4
|
Жер қыртысында
|
2,5*10-4
|
Жер мантиясында
|
1*10-6
|
Теңіз суында
|
2,3*10-6
|
Метеоритте
|
5*10-6
|
Жердің жоғарғы қабығында уран төрт түрде кездеседі. Біріншіден, ураннит түрі, яғни уран оксиді, уранға бай бірақ аз. Бұл Заирда, Канадада, Чехияда, Францияда кездеседі.
Екінші түрі, урандық кендерде негізгі әртүрлі минералдық кендерде – конгломерат түрі. Бұл кеннің үлкен қоры – Канадада, Ресейде, Аустралияда бар.
Үшінші түрі – карнотит, уранмен қатар ванадийдің және басқа да элементердің құрамы кездеседі. Мұндай кен АҚШ -ң батыс бөлігінде бар.
Фосфатты кен мен жездік урандық түрі – Марокко мен АҚШ – да, фосфаттық кен Ангола мен Орталық Африка Республикасында бай кені бар.
Уранның минералдық 100 -ге тарта түрі болғанмен, оның ішінде 12 түрі ғана өндірістік маңызы бар. Бір ғана мысал, 3 миллион килограмм көмірде қанша энергия болса, килограмм уранда сонша энергия бар. Бұл энергия электр энергиясын өндіретін генератордың турбиналарын айналдыруға жұмсалады.
Жер физикасына белгілі болғандай, планета қойнауының радиоактивтілігі уақыт өткен сайын азаяды да, ал тіршіліктің ертедегі түрлеріне олар кезіндегідей әсер етеді. Жердің даму тарихының ертедегі кезеңдерінде пайда болған қарапайым структуралы балдырлар Жердің даму тарихының соңғы кезеңдерінде пайда болған жоғарғы сатыдағы тіршілік иелеріне қарағанда радиация әсеріне анағұрлым төзімді.
Еліміздің 1,6 млн. тонна барланған уран қорына ие болуы Қазақстанды уран қорының көлемі жөнінен дүние жүзінде екінші орынға шығарды. Толық ядролық – отын циклына ие тігінен интеграцияланған компаниялар құру бойынша стратегияны жүзеге асыру нәтижесінде біз Қазақстандық АЭС- терді өзімізде өндірілген отынмен толықтай қамтамасыз етуге кепілдік бере аламыз.
Достарыңызбен бөлісу: |