Тақырыбы: Табиғаттағы уран. (Уранның пайдасы мен зияны) Бағыты



бет3/10
Дата24.04.2024
өлшемі304,5 Kb.
#201283
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
10-d181d18bd0bd
ТЖБ 7 сынып, Nowadays, аза стан м ражайлары ж не оларды м дени м раны са тауда ы р лі, Есимжанова. Научная терминология (2), Инвестициялық жобаларды бағалау тақырыбына есептер, Дәстүрлі және инновациялық оқыту әдістері, Лекция 3 Аргимбаева, биохимия қан мен лимфа, 3 кл қмж муз
Жобаның обьектісі: Уран металының өзі, табиғатта таралуы, ғылымда
жинақталған мәліметтер.


Зерттеудің әдіс – танымдық негіздері: Зерттеу барысында жиналған ғылыми
теориялық мәліметтер сарапталып, уранның пайдасы мен зияны
жеке – жеке қарастырылды.
1. Зерттеу барысында мәліметтер жинау;
2. Ядролық физика мамандарымен кездесу;
3. Уран қорларының таралу аймағын анықтау;
4. «Уранның пайдасы мен зияны» - атты оқушылармен ғылыми
конференция өткізу.


Еңбектің ғылыми жаңалығы: Егер, қазіргі таңда уран өнеркәсібінің алатын
орны бар деп танысақ, менің бүгінгі таңда ұсынып отырған жобам
уранның өте күрделі металл екенін, оны өңдеудің пайдасы мен
зиянын көрсету.
Жоба ерекшелігі мынада:
1. Уран өндіру қажеттілігі;
2. Келер ұрпақ буынына уран маңызын түсіндіру;
3. Табиғат аясын өзіміздің уран қалдықтарынан тазарту.
Жобаның маңызы: Уранның табиғатымызға, жер анаға тіпті адам баласына
тигізер залалының алдын алу.
Жас талапкерге мемлекеттік тілде радиоактивтілік ілімін
қамтитын нұсқаулық әдебиет болуы керек.


Жоспар
I. Кіріспе бөлім:


ІІ. Негізгі бөлім:

2.1 Уранның табиғаттағы таралуы.


2.2 Уранның пайдасы мен оны қолдана білу
2.3 Тіршіліктегі уранның биологиялық әсері.


ІІІ. Қорытынды бөлім:

3.1 Табиғат аясының экологиясын қорғау.




Кіріспе бөлім

Қайда сұлу табиғат


Тіршіліктің анасы.
Қорғай біл, ей, Адамзат
Табиғат – елдің панасы!
Қайда, қайда кешегі
Мөлдір таза аспаным?
Мөлдір таза ауаңды
Аңсады ғой жас жаным.
Балдыраған табиғат,
Қайда кеткен кешегі.
Қайта орнына келтіру,
Оңай болмас, кеш енді!
Осы өлеңде бүкіл бейбітшілікті, өмірді тілейтін, жан – тәнімен таза өмір сүргісі келетін адамзаттың жүрек жарды арманы, өзінің болашақ ұрпағы үшін зары айтылған. Айналадағы ортаның ластану себептері төмендегідей: а) жер жүзінде қоныстанушы халықтар санының өсуі; ә) көптеген минералды қазба байлықтар (ресурс) көздерінің тозып кетуі; б) өндіріс орындарының шикізат көздерін жоспарсыз пайдалануы; в) табиғаттың физикалық, химиялық, биологиялық өзгеріске ұшырауы; г) адамдардың айналадағы ортаға жанашырлықпен қарамауы; ғ) тұщы сулардың өте азайып кетуі; д) жемісті жерлердің жойылып кетуі.
Ядролық отынды өндірісінде, атом құрамдарын жасап, сынау, тарату кезінде, АЭС -ң апатқа ұшырауы кезінде радиация таралады. Сонымен, бірге ғарыштық сәулелерде, күн сәулелері де адамға әсер етеді. Әр түрлі суды ластаушы заттар (өндіріс орындарының қалдықтары, лас ауалары, мұнай өндіргенде айдалған сулар, уран өндіргендегі қалдықтар т.б.)судың қышқылдығы, тұздылығы, кермектілігі, түсі, иісі, дәмі, мөлдірлігі өзгеруіне әкеп соқты.
Сондай шикізаттың бірі – Уран. Өте маңызды металл қатарынан ойып орын алады. Уран (лат. uranium) U, Менделеевтің периодты жүйесінде ІІІ топта орналасқан химиялық радиактивті элемент, актиноидтар қатарына кіреді, атомдық нөмері 92, атомдық массасы 238,029.
Уранды 1789 жылы неміс химигі М. Г. Клапротом ашып, оны Уран планетасының атымен атаған. Металл түрімен уран 1841 жылы француз химигі Э. Пелиго ашты. Көп уақыт бойы металл өте аз көлемде шынымен сыр (краска) алу үшін қолданылған. Уранның және Радийдің радиоактивтілігі ашылған соң 1896 жылмен 1898 жылдардан уранды өңдеу кеңінен қолға алынды.
Металды уран көбіне ядролы жанармай ретінде ядролық реакторларда қолданылды. Уран АЭС – те өте жоғарғы байытылған түрде, күшті ядролы қондырғыларда немесе реакторларда қолданылады.
1939 жылы уранның изатопты 235U түрі ашылды. Осыдан бастап атом эрасына алға аяқ басты. Уран белгісіз элементтен ең басты элемент деген атқа ие болды. Уранның қару ретінде дәлірек реактор отыны ретінде қолдану оның бағасын күрт көтерді. Канада да Үлкен Аю атты көлде уранның көп қоры анықталды. Осы көлде 1930 жылдан радийді бөлу процесі жүргізілген. Бір тонна ураннан 1 г. Радий алынған. Бірақ, радий қоры азайып, оны өңдеу тоқтатылған. 1940 – 1942 жылдары уран өнімдерін АҚШ -қа жіберу басталды. 1949 жылдан бері уран өңдеу алға басты, жаңа өнім UO2 алынды. Қазіргі күні осы өнім жоғары сұранысқа ие. Онымен қоса осы металды өңдеу барысында көптеген қалдықтар шығатыны белгілі, сол қалдықтар қазіргі таңда табиғатты ластауда.
Қазақ даласында қазірдің өзінде 30 миллард тонна қалдық жатыр. Оның 6,7 милларды улы, 5 милларды тау – кен өндірісінің үйінділері. Олардың қатары жыл санап көбейіп келеді. Мысалы: Ақтөбе хром, Павлодар титан қалдықтары сонау Кеңес Одағы кезінен бері жыл сайын толығып келе жатқан қалдықтар. Маңғыстаудағы Қошқарата жасанды көліндегі уран қалдықтары 300 миллион тоннаға, Ақмола облысында өндіріс қалдықтары 45 миллион тоннаға жеткені өте қиын жағдай.
Өндірісіміз түгелдей шетелдіктердің қолына өтіп,олардың жерасты байлығын ысыраппен өндіріп жатқан қазіргі таңда кімге болса да, жасырын емес. Көмір, мыс, уран, т. б. кен орындарында қазу жұмысының қарқынын көтеріп, таза пайдалы кесектерді ғана алып, ұсақ кен байлықты қоқысқа араластырып кетіп жатқаны күнде сөз болып жатыр. Қазақ жеріндегі табылған байлығының бәрін ашып, ысырапқа салып жатырмыз. Сонда біз кейінгі ұрпаққа не қалдырамыз, әлде жерімізді шұрқ – шұрқ жарамсыз күйде қалдырамыз ба? Бұл жауапкешілік әрбір Қазақстан патриотын ойландыруға тиісті.
Сондықтан нені қалай өңдеп, қалай пайдалану керек екенін халқымыз білген жөн. Кез келген заттың соңынан аяғы бар, ертең пайдалы қазбалар қорының шегіне жеткенде сан ұрып қалмауымыз керек. Әсіресе, сондай пайдалы, игілікке жарамды қазбаларды өңдеудің жаңа әдістерімен түрлерін білетін білімді, жаңа технологияға жақын жастарға салиқалы оқу орындарының көбін ашсақ артық етпес. Міне, сонда алға басатын 50 емес 10 елдің қатарына оңай кіре аламыз. Себебі, Қазақстан өте мықты мемлекет болды, әрі қарай қала беруіде тек өзімізге байланысты.
«Халық айтпайды, айтса да қалып айтпайды» деген сөз жай емес екені белгілі. Қазақстан азаматының әрқайсында осындай ой жан дүниесінің түкпірінде жатыр деген ойға тоқталуымыз керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет