Абстракт.
Бұл жобада баршаға мәлім әрі өндірісте өте қажет элементтердің бірі уран жан-жақты қарастырылған. Зерттелу жолының ең басты сатысына қойылған және кезекті зерттеулерге толығымен даяр.
Жұмыстың негізгі мақсаты:
1.Табиғаттағы уранмен толығымен танысып, сипаттау.
2.Уранды табиғаттан бөлу процесіне және өндірісіне көңіл бөлу.
3.Осындай қымбат байлықты пайдалы қолдана білу әрі толыққанды зерттеу.
4.Ең алпауыт мәселесі уранның радиоактивтілігінен зардап шекпеу үшін істелетін жұмыстарға мән беру.
Қарастырылған тақырып бойынша көптеген жаңа, дәлелдемелер келтірілген, зерттеулер жасалған.Сондықтан бұл жобамен қарапайым халық жақсы таныс болуы керек. Сол мақсатта тұтынушыға берілетін ақпарат мол болуы керек.
Жүргізілген зерттеуді мынадай қадамдарға бөлуге болады:
1.Тақырыппен танысу.
2.Уран таралған аймақтарын бақылау.
3.Уран зиянын түсіндіру.
4.Қолданылатын мөлшерлерін қарастыру.
Автор ізденіп, өз ой – тұжырымдарын дәлелді етіп жеткізе алды.
Жоба тақырыбы: «Табиғаттағы уран» (Уранның пайдасы мен зияны)
Зерттелетін тақырыптың көкейкестілігі: Табиғатта сирек кездесетін
уранның адам өмірінде алатын орны ерекше. Уранның кері
әсерінен туындайтын залалдың мол екенін көп адам білмейді.
Жобаның мақсаты: Уранды алудың тиімді жолын таныту. Уранның
пайдасы мен зиянын анықтауда мол ақпараттар жинақтап,
табиғатқа және адам ағзасына тигізетін қауіптердің алдын алу.
Жобаның құрылысы: Ғылыми жоба кіріспеден, негізгі бөлім –
конференциялық материал және қорытындыдан,
пайдаланылған әдебиеттер тізімі сонымен бірге тіркемелерден
тұрады.
Жобаның гипотезасы (болжам): Егер адамзат уран жайлы жан – жақты
ақпаратты толығымен біліп, уран өндірісін дамыту, қалдығын жою
жолдарын білсе, Қазақстан индустриясы алға жылжып, ел
экономикасы дамып, 50 елдің қатарына сенімді ене аламыз.
Достарыңызбен бөлісу: |