Тақырыбы: Табиғаттағы уран. (Уранның пайдасы мен зияны) Бағыты


Жерді ұңғылап, оған күкірт қышқылын құйып, соның нәтижесінде қышқылға еріп түскен уранды шаймалап алуды үзілді-кесілді тоқтату қажет



бет7/10
Дата24.04.2024
өлшемі304,5 Kb.
#201283
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
10-d181d18bd0bd
ТЖБ 7 сынып, Nowadays, аза стан м ражайлары ж не оларды м дени м раны са тауда ы р лі, Есимжанова. Научная терминология (2), Инвестициялық жобаларды бағалау тақырыбына есептер, Дәстүрлі және инновациялық оқыту әдістері, Лекция 3 Аргимбаева, биохимия қан мен лимфа, 3 кл қмж муз
Жерді ұңғылап, оған күкірт қышқылын құйып, соның нәтижесінде қышқылға еріп түскен уранды шаймалап алуды үзілді-кесілді тоқтату қажет. Себебі бұл әдістің мынандай кесапаты бар: Ұңғыға құйылған қышқылдың жартысынан азы ғана сорылып алынады, қалғаны жер жынысына сіңіп, сонда қалып қояды. Яғни уранды ерітіп, жыныстан бөліп шығаруын әрі қарай жалғастыра береді. Бұрын тасқа жабысып, ажыратамын десең де, миллиардтаған жылдар бойы ешкім, еш нәрсе ажырата алмаған уран енді еркіндікке ие болады. Ол кез келген уақытта жерасты суына қосылады. Міне, осыдан бастап уран «шөлмектен шығып кеткен жынның» кейпіне келеді. Оны қайтадан тасқа жабыстырып қоятын, яғни жынды шөлмекке қайтадан тығатын Алладин табиғатта жоқ. Сөйтіп, «Уран батыр» ауызсу арқылы адамның ішіне кіреді, қанға араласады. Қан арқылы еркектің еніндегі сперманың, әйелдің жатырындағы жұмыртқаның дәл түбінен альфа, бета, гамма сәулелеріменгенді атқылайды келіп. Мұндай дәл түбінен жасалынған шабуылға ешбіргеннің керегесі де, босағасы да шыдай алмасы шындық. Геннің ойраны шығып, шаңырағы шайқалып, омыртқасы опырылады. Біздің ғасырлар бойы армандаған ойымызды іске асыратын - болашағымыз, бар үмітіміз осындай есеңгіреп, құр сүлдері қалған аянышты геннен пайда болатынын ойлағанда, ұйқым шайдай ашылып, тұла бойым дірілдеп, үрей орайды денемді. Ғалымдардың соңғы 60 жылда тышқандар мен қояндарға жасаған тәжірибелерінің нәтижесі жан түршігерлік. Ішке өтіп кеткен уран шамамен 10 ПДК (предельно допустимая концентрация) дан артқанда мутация екінші ұрпақта басталады екен. Уранмен бірге оның ыдырауынан пайда болған табиғи серіктері торий, протактиний, радий, радон, полоний, висмут, таллий радиоактивті изотоптары да қышқылға еріп, суға араласады ғой. Сонда адамды құдай сақтап, «Ғайып ерен қырық шілтен» қолтықтан демеген күннің өзінде, үшінші буын апатқа тап болады. Бұл апат көз көріп, құлақ естімеген апат болайын деп тұр. Өлген адам өлді, кетті . Тірі қалғанынан ақыл-ойы дұрыс, төрт мүшесі түгел тұқым тарап «орнында бар оңалар» дегендей, есін жинап етегін жауып, ел болып кетті. Сол қырғындардан аман қалған бабаларымыздан тараған ұрпақ бүгін өркениетті 50 елдің қатарына қосыламыз деп ұмтылып жатырмыз. Қазақтың көк туын желбіретіп, ата-бабаның арманын іске асырады деген ұрпағымыз ақыл-ойынан алжасқан, қол-аяқтан айырылған, екі бас, жалғыз көзді құбыжыққа айналып, резервациялар мен зоопарктерде көршілеріміз бен «африканың қаралары» көріп қызықтайтын экспонаттарға айналуы әбден ықтимал.
Бүгінгі күннің өзінде-ақ, Шиелі ауданындағы ауыл тұрғындары ауызсу алатын табиғи бұлақтарда уранның үлесі жылдан-жылға көбейіп бара жатқаны байқалған. Жыл өткен сайын ол еселене түспек, себебі ұңғының саны еселеніп жатыр. Бүгінгі таңда дүниежүзіндегі атом электростансаларының үштен бірінің жұмысын Қазақстан ураны қамтамасыз етеді екен. Таяу жылдарда бұл көрсеткіш 10 есе артпақ, яғни ұңғылар саны да соншаға артады, ауызсуға қосылып жатқан уранның үлесі де 10 есе артады. Ол кезде бәленің басталғанын анық көріп, тоқтатамыз десек те, тоқтата алмай қаламыз ба деп қорқамын, 21 себебі атомпром көптеген келісімдерге қол қойып, жылына тонналап таза уран беріп тұруды өз мойнына ғана алып қоймай, үкіметтің де қол-аяғын байлап, дымын шығара алмайтындай етіп, олардың алдыңда құлдық ұрғызып қоюы мүмкін. Ондай келісімдердің ащы дәмін тартқан елміз. Бельгиялыктарға айтуға ауыз бармайтындай арзан бағаға берілген АПК-ны қайтып аларда, 200 миллион АҚШ долларымен айыппұл төлегеніміз елдің есінде. Көршіміз Қытай 15 жылда 25 атом электростансасын салуды жоспарлап отыр. Оған керекті уранды түгелімен Қазақстаннан алмақ. Ол кезде ұңғыларға күніне құйылатын күкірт қышқылының мөлшері эшелондап саналатын болар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет