Тақырыбы: Табиғаттағы уран. (Уранның пайдасы мен зияны) Бағыты


Бұл бәледен құтылатын жол жоқ па?



бет8/10
Дата24.04.2024
өлшемі304,5 Kb.
#201283
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
10-d181d18bd0bd

Бұл бәледен құтылатын жол жоқ па?
Құтылатын жол бар. Ол үшін уран өндіруді тоқтатудың да қажеті жоқ. Уранды да өндіріп, атом электростансаларын да салып, малды бағып, егінді егіп, нанотехнологияны қолданып, дамыған 50 ел емес, 10 елдің қатарына кіруге де болады. Ақылдасып, кеңесіп уранның жерасты суына қосылмауын қамтамасыз ететін әдісті іздеп табу керек. Ондай әдіс бар. Ол - бұрынғы Шахталық-карьерлік тасымалдау әдісі. Кеңес Одағы кезінде уранды тек қана осы әдіспен өндіріп, барлық атом электростансаларын, ғылыми-зерттеу реакторларын, сүңгуір қайықтарға орнатылған ядролық-энергетикалық блоктарды, континент аралық баллистикалық ракеталарға орнатылған ядролық зарядтарды, Семей, Капустин Яр, Жаңа жер сынақ аландарында жарылған бомбаларды уранмен қамтамасыз еткен. Уранды күкірт қышқылымен ерітіп, шаймалап тастан бөліп алуды да іске асырған сол ғалымдар. Ғалымдары ұсынып, ондаған жылдар бойы іске асырған шаймалаудың айырмасы жер мен көктей: бұрын ураны мол тау жынысын жарылғыш заттың көмегімен қопарып тастап, оны экскаватормен 40 тонналық самосвалдарға артып, арнайы құрастырылған вагондарға тиеп, өндеу зауытына жеткізілетін. Ол жерде тау жынысы ұнтақталып, арнайы дайындалған шұңқырға төгілетін. Ол шұңкырдың түбі, керегелері күкірт қышқылына ерімейтін әйнекпен алдын ала қапталатын. Міне, осы шұңқырға күкірт қышқылы құйылып, ұнтақталған тасқа жабысқан уран қышқылға еріп түсетін. Әрі қарай ерітінді сорылып алынып, теміржол цистерналарына құйылып, Үлбі металлургия зауытына немесе Одақтың басқа зауыттарына жеткізілетін. Сөйтіп, уранды сілтімен шаймалап алу процесі арнайы дайындалған шұңқырда іске асырылатын.
Бұл технология бойынша жыныстан бөлініп шыққан уран қатаң бақылауға алынып, оның жерасты суына қосылу ықтималдығы нөлге тең болған. Тау жынысын қопару, (егер уран жер бетіне жақын жатса), шахта қазып, тереңнен тау жынысын жер бетіне шығару (егер уран
тереңде жатса), оны экскаватор арқылы самосвалдарға арту, әрі қарай теміржол вагондарына тиеп, зауыт территориясына жеткізу, тас қашайтын машинаның көмегімен ұнтақтау, арнайы дайындалған шұңқырға төгу, ол шұңқырды алдын ала арнайы әйнекпен қаптап дайындау, каръерден теміржол стансасына дейін жол салу жұмыстарының бәрін ығыстырып тастап, күкіртті тікелей жер қыртысына құйып, уранды арнайы дайындалған шұңқырға емес, тікелей жерге ерітіп түсіріп жатыр. Еркіндікке ие болған уранның ілінгенін алып, ілінбегені жерде қалып жатыр. Бар қауіп осында. Еркіндік алған уранның жерасты суына қосылу ықтималдығының тым жоғары болуында.
«100 жылға дейін кім бар, кім жоқ, дәл қазір уран ішіп, жаппай мутацияға ұшырап, құбыжық болған адамды алдыма алып кел», - дейді. Әрине, бүгін ондай дәлеліміз жоқ, Құдайға тәуба! Ондай дәлелдің шеті көрінгені - апаттың етек алып, метастазға айналғаны деп білу қажет. Ондай дәлел табылды дегеннен кейін жерге қышқыл құюды тоқтат, тоқтатпа одан еш нәрсе өзгермейді, апаттың аранына кіргеніміз. Одан бізді ажыратып алатын табиғатта күш жоқ. «Құбыжыққа айналған пендені көрсете алмасақ, жерасты суындағы уранның және оның радиоактивті серіктерінің көбейгенін дәлелдейтін айғақтарды көрсет», - деп тіксінуі мүмкін. Оны көрсетуге болар еді, бірақ дәл қазіргі жағдайымызда бұл да мүмкін емес.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет