Тақырып атауы (дәріс, практикалық сабақ, СӨЖ)



бет2/7
Дата23.06.2023
өлшемі447 Kb.
#179125
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
дәріс инклюзия новый

Дәріс4- 5-6. Ерекше білім беру қажеттіліктерін анықтау және олардың пайда болу себептерін талдау.
Ерекше білім беру қажеттілігі (ЕБҚ) – бұл көптеген дамыған елдерде кеңінен таралған түсінік, өйткені инклюзивті білім берудің принципіне сәйкес әр оқушының жемісті білім алуы үшін барлық жағдайларды жасауға мектептің назарын аударады. Қазақстанда ЕБҚ бар балаларға "денсаулықтарына байланысты арнайы жалпы білім берудің оқу бағдарламалары мен қосымша білім беру бағдарламаларын қажет ететін білім алуда тұрақты немесе уақытша қиындықтарды бар тұлғалар" жатады [5]. ЭЫҰД елдерінде «ерекше білімді қажет ету» термині психикалық және дене дамуындағы ерекшелік, мінез-құлық пен қабылдауындағы ауытқушылық, үйде және емханада ұзақ мерзімде ем алатын, эмоционалдық проблемалары бар, толық отбасы емес, жетім, зорлық-зомбылық көрген, әскери конфликт аумағында болған балаларға қолданылады. Бұл термин сонымен қатар дарынды балаларға қарасты, яғни бала бойындағы дарындылығын дамыту мен жеке қасиеттерін ашу үшін де кеңінен қолданылады. [17]. Инклюзивті білім беруді дамытудың қазіргі кезеңінде ерекше білім беру қажеттілігінің келесі анықтамасы қолданылады - бұл оқушылардың сапа- 12 лы білім алуы барысындағы психологиялық-педагогикалық, әлеуметтік және басқа да көмекке мұқтаждығы. Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалардың төмендегідей топтары көрсетіледі: 1-топ. Психикалық және дене дамуында түрлі бұзылымдары бар балалар: көру, есту, сөйлеу бұзылымдары, зияты, тірек-қозғалыс аппараты, психикалық дамуы тежелген және эмоционалды-ерік-жігер аясы зақымдалған балалар. 2-топ. Оқытудағы ерекше қиындықтары, мінез-құлық және эмоциялық проблемалары бар балалар. Зияты қалыпты балалардың ерекше қиындықтары жеке оқу дағдыларын меңгеруде байқалады: оқу, жазу және санау (дисграфия, дислексия, дискалькулия және т.б.). Бұл қиындықтар уақытша сипатқа ие және оны балаларға мамандардың тиісті көмегімен жоюға болады. Мінез-құлық және эмоционалдық проблемалар ерекше психологиялық факторлардан (отбасында тәрбиенің бұзылуы, ата-ана мен баланың және отбасы ішілік қатынастың бұзылуы), сонымен қатар дамуындағы ерекше проблемалардың болуынан (гипербелсенділік және толыққанды көңіл бөлмеуден, аутистикалық бұзылыстар спекторы және т.б.) құрдастарымен және мұғалімдерімен қарым-қатынас жасаудағы әртүрлі қиындықтардан (енжарлық, тұйықтық немесе жанжалдық, тіл алмаушылық, агрессивтілік) пайда болуы мүмкін. 3-топ. Әлеуметтік-психологиялық, экономикалық, тілдік, мәдени ерекшеліктерінен туындайтын ерекше білім беруге қажеттілігі туындайтын балалар. Бұл топқа микроәлеуметтік және педагогикалық қараусыз қалған нашар отбасынан шыққан немесе бала тәрибесіне көңіл аудармайтын отбасылардан, әлеуметтік қатерлі топтағы отбасы балалары (ішімдікке, нашақорлыққа жақын ата-аналар), сонымен бірге жергілікті әлеуметке бейімделуде қиындықтары бар (босқындар, мигранттар, оралмандар) немесе оқу тілін түсінбейтін және бұл тілде сөйлемейтін балалар кіргізіледі. ЕБҚ бар балаларды мұндай топтарға бөлу мектепте білім алуында қиындығы бар бірде-бір оқушының назардан тыс қалуына жол бермейді. ҚР инклюзивті білім беру принциптерін енгізіп отырған жалпы білім беру педагогтары үшін ерекше білім беруге қажеттілігі бар оқушы - психикалық және дене дамуы бұзылған (мүмкіндігі шектеулі) бала ғана емес, сонымен қатар оқытуда қиындықтарға тап болған кез келген бала екенін түсінулері маңызды. Психикалық және дене даму бұзылыстары жоқ екінші және үшінші топтағы балалар көбінесе психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңеске жүгінбейді және ол арқылы анықталмайды. Сәйкесінше, жалпы білім беретін мектеп балалардың бұл топтарын да өз назарынан қалдырмай және оны уақытында анықтап, оларға көмек көрсетуі тиіс. 13 Қазақстанда, бүкіл әлемдегідей, психикалық және дене дамуы бұзылған балалардың саны аз. ПМПК мәліметтері бойынша 2018 жылы олардың саны барлық балалар популяциясының 2,7% ғана құрайды. Оқыту қиындықтары бар балалардың көпшілігі-психикалық және дене даму бұзылыстары жоқ. 3.2 ЕРЕКШЕ БІЛІМ БЕРУ ҚАЖЕТТІЛІГІНІҢ СИПАТЫ Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес (бастауыш, негізгі орта және орта) оқуда қиындықтарға тап болған оқушылар үшін арнайы жағдайлар жасалады [18]. Қазіргі уақытта еліміздің білім алуында қиындықтары бар балаларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету мен білім беру жүйесінде оқытудың арнайы жағдайын құру барысында келесідей құжаттарды басшылыққа алу ұсынылады: 1) оқу жоспары мен оқу бағдарламасын өзгерту; 2) оқыту нәтижелерін бағалау әдістерін өзгерту (оқушылардың оқу үлгерімі); 3) оқытудың арнайы, вариативті және альтернативті әдістерін қолдану; 4) оқулықтарды, оқу әдістемелік құралдарын, жеке оқу материалдарын таңдау; 5) оқыту формасын таңдау; 6) тосқауылсыз орта құру және оқыту орнына бейімдеу; 7) компенсаторлық және техникалық құралдарға мұқтаждық; 8) арнайы психологиялық- педагогикалық көмек (психологтың, логопедтің, арнайы педагогтың (олигофренопедагогтың, сурдопедагогтың, тифлопедагогтың); 9) педагог-ассистентің көмегі; 10) әлеуметтік – педагогикалық көмек. Ерекше білім беру қажеттіліктердің әрқайсысының сипаты: 1. Оқу жоспары мен оқу бағдарламасын өзгерту. Оқу жоспары мен оқу бағдарламасы келесідей негізге сүйеніп өзгертіледі: - мектеп Кеңесінің шешімімен; - психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңестің ұсынысымен. Егер білім алуында қиындықтары бар оқушыны мектеп өз бетінше анықтаса, онда психологиялық-педагогикалық қызметінің ұсыныстары негізінде мектеп Кеңесі шешімімен мұғалім бір немесе бірнеше оқу пәні бойынша оқу бағдарламасын қысқарта алады. Мұндай шешімнің негізі ҚР "Білім туралы" Заңының 47 – бабы, 2-тармағы - "ұйым кеңесінің шешімімен жеке оқу жоспарлары, қысқартылған білім беретін оқу бағдарламалары бой- 14 ынша Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары шеңберінде оқыту" болып табылады. Дегенімен, мектеп Кеңесінің шешімімен қысқартылған бағдарлама бойынша оқыту тек белгілі бір кезеңге (2-3 оқу тоқсанынан артық емес) қолданылатын уақытша шара болып табылатынын атап өткен жөн. Осы кезең ішінде мұғалім және психологиялық-педагогикалық қолдау қызметі қажетті көмек көрсетеді, оның түпкі мақсаты оқушыларды әдеттегі бағдарлама бойынша оқуға көшіру болып табылады. Егер белгіленген мерзім барысында балада оқу бағдарламасын одан әрі қысқартуды талап ететін оқытудың тұрақты қиындықтары сақталса, онда мұндай оқушыны ПМПК-ке тексеруге жіберу қажет. Балаларды жеке бағдарлама (ЖМБС бағдарланбай) бойынша оқыту ПМПК-тің ұсынысы негізінде ғана іске асады. Себебі, мұндай бағдарламамен оқытуға баланың ақыл-ойындағы ауытқушылықты анықтаған жағдайда ғана рұқсат беріледі. Ақыл-ойы кем балаларды жалпы сыныпқа қосу мен оқыту үшін ақыл-ойы кем балаларға арналған арнайы типтік бағдарламасы бойынша және баланың мүмкіндігі негізінде жеке оқу бағдарламасы құрастырылады. Психикалық және дене дамуының бұзылымы бар баланы арнайы сыныпта оқыту үшін бұзылым түрі бойынша ҚР «Білім беру» Заңына [5, б. 19, 3т.], ПМПК-нің тұжырымдамасына, ата-анасының (заңды өкілдерінің ) келісіміне сәйкес арнайы оқу жоспары мен бағдарламасы негізінде жүзеге асырылады. 2. Оқытудың нәтижелерін бағалау әдістерін өзгерту (оқушылардың оқу үлгерімін). Оқушылардың оқу үлгерімін бағалау әдістерін төмендегі көрсетілген жағдайларда өзгерту қажет: - оқушы арнайы, қысқартылған немесе жеке бағдарламамен оқытылған кезде; - оқушыларды оқытуда альтернативті әдісті қолданғанда. Мұндай ерекше білім беру қажеттілігін қанағаттандыру ПМПК ұсынысы негізінде жүзеге асырылады: «жеке амал және баланың оқу үлгерімін бағалаудың вариативтілігі». Егер оқушылар (ЕБҚ 2 және3 топ балалары) үшін мектеп өз бетінше оқу бағдарламасын уақытша қысқарту туралы шешім қабылдаса, онда дәл сол мектеп Кеңесі баланың оқу үлгерімін бағалаудың нұсқауларын және жеке тәсілдерін ұсынады. Ақыл-ойы бұзылған балаларды оқыту кезінде кез келген нәтиже оң болып саналады. Оқушының жетістіктерін бағалау акценті жеке бағдарлама шеңберінде қойылады. Бағалау тәсілдері (рәсімдері) мен бақылау материалдарын өзгерту ықтималдылығы 2-кестеде көрсетілген. 15 2-кесте. Оқу жетістіктерін бағалау тәсілдері мен бақылау материалдарын өзгерту. Оқытудың нәтижесін бағалау әдістерін өзгерту 1. Мұғалімнің қайталау, баяу, қысқаша, ауызша нұсқаулығы (жазбаша нұсқаудың орнына) 2. Тапсырманы орындау үшін қосымша уақыт беру 3. Тапсырманы тек ауызша/жазбаша орындауға мүмкіндік беру 4. Планшет, ноутбукты қолдану арқылы бақылау тапсырмаларын орындауға мүмкіндік беру 5. Басқа Бақылау материалдарын өзгерту 1. Нұсқаулықты қайта құрастыруға бейімдеу: тапсырманы орындау кезеңіне сәйкес бірнеше бөлімге бөлу 2. Бақылау тапсырмаларының санын азайту 3. Барлық сыныпқа арналған бақылау тапсырмаларынан өзгеше жеке бақылау тапсырмалары (жеке оқу мақсаттарына сәйкес) 4. Бақылау тапсырмасын орындауын жеңілдететін иллюстративті және тірек материалдарды (кесте, сызба, үлгі, сөздік материалдар) қолдану 5. Басқа 3) Оқытудың арнайы және альтернативті әдістерін қолдану. Бұл білім беру қажеттілігін анықтау, ең алдымен, мұғалімнің және мектептің психологиялық-педагогикалық қолдау қызметі мамандарымен жүзеге асырылады, алайда баланы арнайы немесе баламалы әдістерді қолдану арқылы оқыту қажеттілігін ПМПК ұсынуы мүмкін. Мұғалім арнайы және баламалы әдістерді ұштастыра отырып, барлық сынып үшін оқытудың қарапайым әдістерін қолдану арқылы ЕБҚ бар балаларды оқытуды жүзеге асырады. Оқыту формасы немесе жай тәсілдерді қолдану оқушының жеке ерекшеліктеріне бейімделіп алынады. Көбінесе мұғалім бүкіл сыныпқа қолданатын тапсырмаларды және де оны балаға беру тәсілдерін бейімдеу талап етіледі. 3-кесте. Оқу тапсырмаларын бейімдеу және оларды оқушыға ұсыну тәсілдері. Оқу тапсырмаларын бейімдеу және оларды оқушыға ұсыну тәсілдерінің нұсқаулары 1 Уақыт аралығында тапсырмалар саны азаяды. 2 Оқу тапсырмалары қысқартылады 16 3 Оқу, жазу үшін мәтін қысқартылады 4. Басқа оқушылар орындайтын тапсырмалардан ерекшеленетін жеке тапсырмалар ұсынылады. 5 Тапсырманы орындау үшін қысқартылған және кезеңі көрсетілген нұсқаулықтар ұсынылады 6 Жаттығуды қайталау және меңгергенді бекіту үшін көп уақыт бөлінеді 7 Ауызша түсіндіру ыммен, суретпен, картинкамен, заттармен жүргізіледі 8 Сабақта көбінесе оқушының әрекет түрі ауысады 9 Жаттауға берілетін ақпарат саны азаяды 10 Жазу барысында оқушыға дауыстап жазуға рұқсат беріледі 11 Сабақта меңгерілетін жаңа сабақтың мәнін ашу үшін оқушыға заттық-тәжірибелік қызмет ұсынылады Психикалық және дене дамуы бұзылған балаларды оқыту кезінде оқытудың арнайы әдістерін қолдану қажеттілігі жиі туындайды. Арнайы оқыту әдістері арнайы педагогикамен әзірленген және әртүрлі санаттағы балаларға арналған арнайы мектептерде қолданылады: есту, көру, ақылойы кем, тірек-қимыл аппараты бұзылған, психикалық дамуы тежелген, сөйлеу қабілеті бұзылған. Жалпы сынып жағдайында мынандай арнайы әдістер қолдануға болады: «кіші қадамдар»; заттық қызмет пен көрнекі құралдарға; «сөйлеу тілін жандандыру»; заттық және ақыл-ой әрекетіне «алдыға қарай жылжу», меңгергенді үзбей қайталау; меңгерілген ұғымды салыстыру және қарама-қайшы қою амалдарын қолдану және т.б. бұл әдістер сыныптың басқа оқушыларына да оқу материалдарын жемісті меңгеруге септігін тигізеді. Оқытудағы баламалы (альтернативті) әдістер жеке психикалық қызметтердің (қабылдау, есте сақтау, зейін, праксис) бұзылыстарына негізделген оқытуда ерекше қиындықтары бар балаларға жиі қолданылады. Оқытудың баламалы әдістеріне мына әдістер кіріктіріледі: глобальды оқыту, «Нумикон» әдісі арқылы санауға үйрету, Монтессори жүйесі және басқа да жаңа психологиялық-педагогикалық әдістер. Оқытудың баламалы әдістерін бірінші кезекте жеке-дамыту жұмысын жүргізетін мамандар білуі және пайдалануы тиіс: психологтар, логопедтер, арнайы педагогтар. 4. Оқулықтар, оқу әдістемелік құралдарын таңдау, жеке оқу материалдарын даярлау. Мұғалім және психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету қызметінің мамандары оқушының көмекке деген қажеттіліктерін командалық талқылау нәтижесінде арнайы оқулықтар мен құралдарды, жеке оқу-дидактикалық материалдарды пайдалану қажеттілігі туралы шешімді қабылдайды. Ерекше білім беруге қажеттілігі бар оқушыға бейімделіп өзгертілген оқу жоспары мен оқу бағдарламаларын ескере отырып арнайы оқулықтар мен оқу құралдары іріктеледі. 17 Қысқартылған бағдарламалар бойынша қарапайым сыныпта оқитын ерекше білім беруге қажеттілігі бар оқушылар бүкіл сыныпқа арналған оқулықтарды пайдаланады. Арнайы оқулықтарды, жұмыс дәптерлерін және басқа да оқу материалдарын жалпы сыныпта оқитын белгілі бір бұзылымдары бар балаларға қолдану қажет: - көру (ірілендірілген шрифті бар кітаптар; зағип адамдарға арналған, Брайль шрифтімен басылған оқу құралдары; бедерлі суреттер, схемалар, арнайы муляждар); - тірек-қимыл аппараты (ірілендірілген шрифтпен жазылған және т.б.); - есту (символдарды, ымдық сөйлеуді) қолданатын оқу құралдары; титрі бар бейнематериалдар; компьютерлік оқу бағдарламалары және т. б.); - зиятының бұзылуы (ОӘК-нің түпнұсқасы). Арнайы сынып оқушылары кәдімгі және/немесе арнайы оқу-әдістемелік кешендерді (ОӘК) пайдалана отырып оқиды, олар тиісті түрдегі арнайы мектептер үшін шығарылған. Арнайы оқулықтар мен оқу құралдарын мектеп (белгіленген тәртіппен) сатып алуы және мектептің кітапхана қорында болуы тиіс. ҚР-да шығарылған арнайы оқулықтар тізімі ТП ҰҒПО сайтында ұсынылған http://www. special-edu.kz/ Инклюзивті білім беру тәжірибесінде оқушының жеке ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін ескере отырып, мұғалім арнайы даярлаған жеке оқудидактикалық материалдарын кеңінен қолданылады. Мысалы, есту-сөйлеу ақпаратын өңдеу қиындықтары бар бала үшін (сөйлеуді түсіну) әртүрлі көрнекіліктерді кеңінен қолдана отырып, жеке дидактикалық материал дайындау қажет: оқу материалын түсінуді жеңілдететін және оқушыны сабаққа қосуға мүмкіндік беретін суреттер, схемалар, алгоритмдер. 5. Оқытудың формасын таңдау. Жалпы білім беретін мектепте ерекше білім беруге қажеттілігі бар оқушылардың оқуын төмендегідей ұйымдастыруға болады: - жалпы сыныпта (2 оқушыдан артық емес, сонымен қатар ЕБҚ бар әр оқушыға сыныптағы оқушылар саны 3-ке азайтылуы тиіс); - жалпы білім беретін мектептің арнайы сыныбында (10-12 оқушы); - жалпы білім беретін мектептің психологиялық-педагогикалық қолдаудың арнайы кабинетінде (жеке немесе кіші топта) [1]. Мектепте арнайы сыныптар тек даму бұзылымдарының нақты бір тобы жинақталғанда ғана ашылады. Оқушыны қабылдау ПМПК қорытындысы мен ұсыныстары негізінде және ата-аналардың, қамқоршылардың келісімімен жүзеге асырылады. Арнайы сыныптарда оқыту – бұл жалпы сыныпта жүзеге асыруға мүмкіндік болмаған жағдайда арнайы оқыту шарттарын жасау қажеттілігі туындаған да ғана іске асады. Оған төмендегі шарттар жатады: 18 - сыныптың аз толымдылығы, педагогикалық күн тәртіп; - оқушылардың ерекше білім беру қажеттіліктерін ескеретін және оқу қиындықтарының себептерін жеңуге бағытталған арнайы оқу пәндерін қамтитын арнайы оқу жоспары мен арнайы бағдарламалар бойынша оқыту; - арнайы дайындығы бар мұғалім; - арнайы жабдықтардың (есту қабілеті бұзылған балаларға арналған топтық дыбыс күшейткіш аппаратураның; зағип балаларға арналған арнайы жабдықтардың, ақыл-ойы кем балаларға арналған пәндік дамытушы ортаның және т. б.), оқу-әдістемелік қамтамасының болуы; - мамандардың қолдау көрсету бойынша міндетті және топтық сабақтары (арнайы Типтік оқу жоспарына сәйкес). Мектептің инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын шарттарының бірі – бұл психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету кабинеті. Кабинеттің, ЕБҚ бар балалармен жекелік және топтық жұмыс жүргізуге лайықты типтік мектебінікіндей сынып алаңы, сабаққа арналған жиһаздары (оқу үстелдері, орындықтар, тақта және т. б.) болуы тиіс, сонымен қатар жеке және топтық сабақтар жүргізу үшін дамытушы жабдықтары болуы керек: жұмсақ пуфтар, кілем жабыны, швед қабырғасы, әткеншек, ойыншықтар, доптар, дидактикалық және иллюстрациялық материалдар, құралдар, жазулар мен оқулықтар. ЕБҚ бар балаларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету кабинетінде жүргізіледі: - сабақ кестесі бойынша мамандардың сабақтан тыс жеке, қосымша сабақтары: психологтың, логопедтің, арнайы педагогтың; - әр түрлі себептермен сыныпта оқу материалын меңгере алмайтын ЕБҚ бар балаларға арналған жеке оқу пәндері бойынша сабақтар. Сабақты ПОҚ қызметінің мамандары жүргізеді, олар баланы оқыту үшін арнайы немесе баламалы әдістер мен тәсілдерді, арнайы оқулықтар мен құралдарды және жеке дидактикалық материалдарды пайдаланады. Психологиялық - педагогикалық қолдау кабинетінде жеке және топшалық сабақтар төмендегі көрсетілген оқушыларға тән: - сабақ барысында басқа балаларға және мұғалімге кедергі келтіретін, шыдамсыздық танытатын (тіпті көмекшінің қолдау көрсетуімен) мінезқұлқында проблемасы бар оқушылар. Мамандардың міндеті және осындай сабақтардың табыстылығының көрсеткіші баланы сыныптың оқу жұмысына қосу, жалпы сыныпта тұрақты негізде оқыту болып табылады; - бағдарламаны меңгеруде үлкен кемшіліктері (артта қалуы) және оқытудың айқын қиыншылықтары байқалған кезде жеке бағдарлама бойынша оқыту және/немесе оқытудың баламалы және арнайы әдістерін пайдалануды талап ететін оқушылар. Оқушы негізгі жалпы білім беру пәндерін (ана тілі, әдебиеттік оқу, математика) арнайы кабинетте жеке және топтық сабақ 19 түрінде өтеді. Жеке оқу бағдарламасымен оқытуды арнайы педагог арнайы оқытудың әдістері мен арнайы оқулықтарды қолдану арқылы жүргізеді. Зияты зақымдалған оқушыларға ПОҚ жағдайында негізгі оқу пәндерін оқыту оқытудың барлық кезеңіне берілуі мүмкін. ПОҚ жағдайында оқытудың қажеттілігі мен ұзақтығы туралы шешімді ПМПК ұсынысы немесе мектептің шешімі бойынша қабылдайды. 6. Тосқауылсыз орта құру және оқыту орнына бейімдеу. Кедергісіз орта деп төмендегідей даму бұзылымдары бар балалардың мектепке бару қолжетімділігін қамтамасыз етілуі: -тірек-қимыл аппараты: мектепке жеткізу, пандустар, сүйеніштер, көтергіштер, лифт, арнайы жабдықталған оқу орны (үстел, орындықтар), жалпы пайдалану орындары (дәретхана, асхана және т. б.); - көру қабілеті: тактильді жолдар, тактильді көрсеткіштер, таяныштар және т. б. Оқу орнының бейімделуі баланың жеке ерекшеліктеріне қарай оқыту ортасын бейімдеуді көздейді. Оларға жатады: - дене даму ерекшеліктері: есту қабілеті төмен, көру қабілеті төмен немесе бойы кішкентай баланың бірінші партада отыруы; нашар көретін балаға үстел шамын қою, партаның және т. б. биіктігін реттеу; - мінез-құлық ерекшеліктері: гипербелсенді бала мұғалімнің жеке қолдауы мен бақылауын талап еткендіктен бірінші партаға отырғызу. Бала үшін жұмыс орнын бейімдеудің басқа да ықтимал нұсқалары: - соңғы партада отыруы; - өзі немесе беделді оқушымен отыруы; - терезеден алыс (алаңдамау үшін) отыруы: - арнайы орындықта отыру немесе биік үстелдің жанында тұру (зейін шоғырлануын жақсарту үшін) және т. б. 7. Компенсаторлық және техникалық құралдарға мұқтаждық. Оқу үрдісінде тірек-қимыл аппараты, есту, көру, сөйлеу қабілеті бұзылған балалар ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бекіткен компенсаторлық, техникалық және көмекші құралдар тізбесіне сәйкес белгіленген тәртіпте алынған жеке техникалық және компенсаторлық құралдарды пайдаланады [19]. Жалпы білім беретін мектептер ЕБҚ бар балаларды оқыту және қолдау үшін мектепке дейінгі, орта білім беру ұйымдарын, сонымен қатар арнайы білім беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жабдықтандыру нормаларына сәйкес әртүрлі компенсаторлық, техникалық құралдарын, дамытушы жабдықтарын алады және пайдаланады [20]. 8. Арнайы педагогикалық (логопед, олигофренопедагог, сурдопедагог, тифлопедагог) және психологиялық көмек . Психикалық және дене дамуы бұзылған балаларға мамандардың қызметтерін ұсыну ПМПК ұсынысы 20 негізінде жүзеге асырылады.Психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету қызметі баланы тексеру (зерделеу) нәтижелері негізінде психологиялықпедагогикалық көмектің қарқындылығын (аптасына 1 - ден 3 сабаққа дейін) және сабақтардың ұзақтығын (тоқсан-жыл) анықтайды. Мамандардың жүргізетін сабақ жиілігін анықтау оқу қиындықтарының айқындылығына байланысты. Ұзақ жекелік-дамыту жұмысы барысында психофизикалық бұзылуларын толық жеңу мүмкін емес оқушылар категориясы (ақыл-ойдың, есту мен сөйлеудің бұзылуы) бар екенін атап өткен жөн. Мамандар бірінші кезекте танымдық іс-әрекеттің (ойлау, есте сақтау және т.б.) бұзылуын толық түзету мақсатында емес, баланың білім беру үдерісіне өз (типтік, қысқартылған немесе жеке) бағдарламасы шеңберінде табысты қосу мақсатында қызметтерін көрсетеді. Әрі қарай орта немесе жоғарғы буында зиятында немесе сөйлеу тілінде бұзылымы бар оқушы өз бағдарламасының көлемінде оқу материалын меңгерсе, онда бір жолғы кеңес беру қызметін ала алады немесе мамандардың қызметтерін алмауы да мүмкін. Мектептің қолдау көрсету қызметінің шешімі негізінде психолог пен логопедтің көмегі екінші және үшінші топтағы балаларға көрсетілуі мүмкін. Бұған ПМПК тексеруін қажет етпейтін эмоционалдық және мінезқұлық проблемалары бар және ауызша/ жазбаша сөйлеу бұзылыстары бар балалар жатады. Мектептің қолдау қызметі логопедиялық сабақтарға 3 деңгейдегі жалпы сөйлеу тілі дамымаған балаларды, оның ішінде фонетика-фонематикалық бұзылыстары, жазбаша жазуындағы бұзылыстары (дисграфия, дислексия) бар балаларды жібереді. Ауызша немесе жазбаша сөйлеудің кемшіліктері табысты оқуға кедергі келтіріп, оқу бағдарламасын меңгерудегі қиындықтардың туындауына себепкер болады. Демек, логопедтің сабақтарына жіберудің негізгі көрсеткіші болып табылады. Бағдарламаны меңгеруге әсер етпейтін (бала оқуда табысты) жекелеген жеңіл сөйлеу кемшіліктері бар (мысалы, дыбыстың дұрыс айтылмауы) балалар кеңестік негізде мектеп логопедіне жіберіледі. Ата-аналарға кеңес беру немесе мұғалімдерге бір реттілік немесе жиі (аптасына, айын, тоқсанға бір рет) көмек көрсетілуі мүмкін. Оның қажеттілігі мен ұзақтылығын логопедтің өзі шешеді. Психологтың көмегі сыныпта оқуға кедергі жасайтын эмоционалдық, мінез-құлық және коммуникативтік проблемалары бар балаларға көрсетіледі. Сабақтың жиілігі мен ұзақтығын психолог өз бетінше белгілейді. Психологпен сабақтарды тоқтатудың негізі – бұл баланың жеке эмоционалдық және мінез-құлықтық ерекшеліктері сақталған жағдайда да сыныпта табысты бейімделуі мен білім алуы болып табылады. Сыныпқа бейімделуі мен оқу бағдарламасын жемісті меңгеруге кедергі келтірмейтін эмоционалдық және мінез-құлықтық ерекшеліктері бар балаларға кеңестік көмек көрсетіледі. 21 Ата-аналарға кеңес беру немесе мұғалімдерге бір реттілік немесе жиі (аптасына, айына, тоқсанға бір рет) көмек көрсетілуі мүмкін. 9) Педагог-ассистентің көмегі. Ерекше білім беруге қажеттілігі бар кейбір балаларға табысты оқуы үшін жеке көмекшінің көмегі қажет болады. Жеке көмекшінің қызметіне екі функция кіреді: а) балаларға физикалық көмек көрсету мақсатында қолдау көрсетуші тұлғаның функциясы; б) сыныптағы оқу жұмысына көмек көрсету мақсатында педагогассистентің функциясы. Қолдау көрсетуші тұлға кеңістікте өздігінен қозғалмайтын немесе қозғалуы шектеулі (тұрақты көмек талап етіледі), көру кемістігі бар балалардың оқуға қатысуына қол жеткізуін қамтамасыз етеді. Ол балаларға мектеп, сынып бойынша орын ауыстыруға (қозғалуға), өзіне-өзі қызмет көрсетуге; тамақтануға; оқу құралдарын пайдалануға көмектеседі және басқа да қызметтерді орындауға себепкер болады. Бұл функцияларды орындау жоғары педагогикалық және психологиялық білімді талап етпейді. Балалардың бір бөлігінде қозғалыс бұзылыстарының күрделілігіне байланысты қорғау режимін құру қажеттілігі туындайды: баланың құлап кетуіне, соғылуына және т. б. жол бермеу. Әдетте мұндай жағдайлар қоңырау үзілісінде, балалардың бір-бірімен еркін қарым-қатынасы мен дене байланысы болатын жағдайларда болады. Мұндай жағдайда өздігімен қозғала алатын балаларға педагог-ассистенттің көмегі тағайындалмайды, себебі ол оқушының күзетшісі немесе күтушісі қызметін атқармайды. Мұндай балаларға қауіпсіз және қолайлы ортаны мектеп және сынып жетекшісі құруы қажет. Мұғалім барлық оқушыларға сыныптасының бойындағы ерекшеліктері, онымен дене байланысына түсу кезінде мұқияттықтық пен сақтықты сақтау қажеттілігі жөнінде әңгімелей отырып, оларды қамқорлық көрсету, басқаға ерекше көңіл бөлу қасиеттеріне тәрбиелейді. Мұндай оқушының мектептегі (асхана, коридор және т.б.) қауіпсіз қозғалуы ашық түсті киімдері арқылы (сары немесе жасыл көкірекше) жүзеге асырылады. Мұндай баланы кездестірген кезде кез келген мұғалім немесе оқушы сақтық танытып, көмек болған жағдайда қол ұшын береді. Жақын арада ҚР БҒМ Жалпы білім беретін мектептерінің үлгілік штаттарына педагог-ассистент лауазымын енгізуді жоспарлауда. Педагогассистент оқу процесіне өздігімен қатыса алмайтын мінез-құлық, эмоционалдық және коммуникативтік бұзылымдары бар (АСБ және т.б.) оқушыларға көмек көрсетеді. Қолдау көрсетуді талап ететін мінез-құлық және эмоциялық проблемаларға мыналар жатады: - баланың сабақта өзін-өзі ұстау ережелерін орындауға қабілетсіздігі: партада отыра алмайтын, тұрып, сынып ішінде жүретін; мұғалімнің ескертулерін, талаптарын орындай алмайтын (елемейді); 22 - мұғалімнің талаптары мен нұсқаулықтарын қиын түсініп және қабылдайтын; белгілі бір іс-әрекетті орындау үшін мұғалімнің үнемі жекелік көмегін және қолдауын қажет ететін балалар; - сабақта өзін-өзі ұйымдастыру және өзін-өзі бақылау қиындықтары: баланың өзі сынып жұмысына қосылмайды және сынып тапсырмаларын ересек адамның көмегінсіз орындамайды; - мінез-құлық және эмоциялық ерекшеліктері: дауыстап сөйлейді, себепсіз күлкі, айқайлап, жылап, басқа балаларға және сынып жұмысына кедергі келтіреді, мұғалімге агрессия көрсетеді. Педагог-ассистент оқушыға оқу процесіне енуге көмектеседі, ұйымдастырады, бағыттайды, жағымсыз мінез-құлықты, эмоциялық және мінез-құлқындағы теріс әрекеттерінің алдын алады. Ол баланың мінезқұлқын бақылай отырып, өз бетінше оқу дағдыларын меңгеруге үйретеді, әрі қарай баланың өзі жасайтын жұмыстарын дербес орындауға қолдау көрсетеді. Жеке көмекші қолдауды төмендету барысында жұмыс атқаруы қажет. Жекелік қолдаудың негізгі және соңғы мақсаты - баланың сыныптағы және мектептегі толықтай дербестігі. Оқушыға жеке қолдау көрсетуде ассистенттің қатысуын азайту төмендегідей ретпен жүргізіледі: - толық қолдау көрсету – ассистенттің оқушымен бір партада отыруы; - біртіндеп алшақтату – оқушы партада, ал ассистент оқушыға бағыттаушы және ұйымдастырушы көмек көрсетіп артында отырады. Кейінен ассистент тек бөлектенген сабақтарға ғана қатысуына болады; - сыныпта өздігімен жұмыс жасайды– оқушы ассистенсіз партада өзі отырады. Мінез-құлқында проблемалары жоқ зиятының, есту, сөйлеу және т.б. бұзылымдары бар балаларға (арнайы қозғалыс құралдарының көмегімен қозғалатындардан басқа) педагог-ассистенттің көмегі тағайындалмайды. Мінез-құлқында ерекшелігі бар баламен жұмыс жасауда педагогассистенттің арнайы дайындығы болуы қажет (психология және арнайы педагогикалық жоғары білімі негізінде). Психикалық және дене дамуы мен мінез-құлқы бұзылған балаларға педагог-ассистент қызметін ұсыну ПМПК ұсыныстары негізінде жүзеге асырылады. Мектептің қолдау қызметі өз шешімімен жеңіл мінез-құлық проблемалары мен сыныптағы жұмысқа бейімделудің қиындықтары бар балаларға бір тоқсанға педагог-ассистент қызметін ұсына алады. Егер де мұндай көмек алдағы уақытта да көрсетілу қажет болса, онда баланың ерекше білім алу қажеттілігін растау үшін ПМПК қорытындысын алуға бағыттау қажет. 10) Әлеуметтік – педагогикалық көмек. Әлеуметтік педагог көмегінің қажеттілігін ӘПКК анықтайды. Әлеуметтік педагог лауазымдық міндеттері мен жұмыс жоспарына сәйкес әлеуметтік қатері бар отбасыларының балаларына көмек көрсетеді

6

2

7*

Дәріс 6 Есту, көру, сөйлеу, ақыл-ой, тірек - қимыл бұзылыстарына психологиялық педагогикалық сипаттама.
нклюзивтік білім беру жағдайында ерекше білім беруде қажеттіліктері бар балаларды мынадай топтарға біріктіре отырып оқыту ұйымдастырылған. Олар:
1. Есту қабілеті бұзылған балалар
2. Көру қабілеті бұзылған балалр
3. Тірек-қимыл аппараты бұзылған балалар
4. Сөйлеу қабілеті бұзылған балалар
5. Психикалық дамуы тежелген балалар
6. Ақыл-ой кемістігі бар балалар
Бұл балаларды даму мүмкіндігі шектеулі балалар деп атаймыз. Қазіргі кезде елімізде мүмкіндігі шектеулі ересек жандарды қоспағанның өзінде 150 мыңнан аса мүгедек бала өмір сүруде.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 30-шы бабына сәйкес, республиканың барлық азаматтарының ұлты, тілі, жынысы, әлеуметтік жағдайы және денсаулық жағдайына қарамастан жалпы орта білім алуға тең құқықтары мен мүмкіндіктерін қамтамасыз етуге бағытталған «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Білім туралы» және «Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Қазақстан Республикасының заң нормалары бар.
Сонымен бірге, білім беруге ерекше қажеттілігі бар тұлғаларға білім беруге қатысты ерекше мақсаттары да анықталған: көзі нашар көретін тұлғаларға – оқуға және жазуға арналған арнайы құралдарды меңгеру, кеңістікте бағдарлау;
есту бұзылыстары бар тұлғаларға – ауызша сөзді сөйлеушінің ерін қимылынан түсіну және қалдық есту қабілетін пайдалану дағдыларын үйрену, сөйлеу тілін дамыту;
ақыл-ой бұзылыстары бар тұлғаларға – барлық психикалық функцияларын түзету және дамыту, әлеуметтік ортаға бейімделу, өзін-өзі жұмыспен қамтуға дайындау;
қимыл-қозғалыс аппаратының бұзылыстары бар тұлғаларға – толыққанды өмір сүруге қажетті барлық дағдыларды барынша меңгеру;
сөйлеу тілінің ауыр бұзылыстары бар тұлғаларға – сөйлесудің коммуникативтік дағдыларын меңгеру.
Олай болса, даму мүмкіндігі шектеулі балаларға инклюзивті білім беру және тәрбиелеу үдерісін олардың психологиялық – педагогикалық ерекшеліктерін ескерген жағдайда ғана тиімді ұйымдастыра аламыз.
1. Есту қабілетінде бұзылыстар бар балардың психологиялық-педагогикалық ерекшеліктері
Естімейтін (саңырау) балалардың ерекшелігі
Саңыраулықта есту аппараты бөлігінің дыбысты қабылдау қызметі бұзылады, негізгі сөйлеу жиілігі 80-85 дБ-ден төмен емес орташа қабылдау шегінде аудиометрдің үнді қабылдауы көбінесе 125 – 4000 Гц арасында өзгеріп отырады.
Бұл есту күйі арнайы апаратсыз баланың сөзді қабылдауына мүмкіндік бермейді. Естімеуі немесе нашар естуі баланы ең маңызды ақпарат көзінен айырады, әсiресе егер ол ерте жаста естуден айырылса сөйлеу және психикалық дамуының тежелуіне әкеледі.
Психофизикалық дамуында артта қалушылықты көрсету дәрежесi әр түрлi себептерге, есту қабілетінің нашарлау уақыты мен ауырлығына байланысты болады.
Есту қабілеті ерте бұзылса және ауыр болса баланың психологиясы және сөйлеу тілі тежелуі айқын. Сөйлеу тілінің дамымауы есту қабілеті нашар балалардың психологиялық процестерінің дамуына теріс әсер етеді, олардың танымдық қызметінің өзгеруіне алып келеді.
Нашар еститін балалардың естімейтін балалардан айырмашылығы қалдық есту мүмкіндігін оқу процесінде қоршаған ортаны тану және адамдармен қарым-қатынаста жеткілікті деңгейде тиімді пайдалануы мүмкін.
Нашар еститін балалар 75 дБ аспайтын сөйлеу жиілігінің аймағында (500-ден 2000 Гц) есту қабілетінің төмендеу дәрежесінің тәуелділігіне қарай дыбысты ажыратады.
Арнайы оқыту нәтижесінде оларда ойлау, сөздi есте сақтау қабілеті,
сөйлеу тілі дамиды, компенсаторлық және потенциалдық мүмкiндiктері кеңейетін қажетті жағдай жасалады.
Есту қабілеті бұзылған балаларды арнайы оқыту жағдайлары
МЖБС талаптарына сәйкес естімейтін және нашар еститін оқушылар оқу материалын меңгеру үшін арнайы жағдай жасалуы мүмкін және онда арнайы сыныпта саралап оқыту арқасында нақты оқу құралдарын, арнайы оқу жоспарлары мен бағдарламаларды қолдану, оқыту уақытын арттыру, мүмкіндігі болады.
Арнайы сынып жағдайында естімейтін және нашар еститін балалар негізгі орта білім беру деңгейінде білім алады .
Есту қабілеті бұзылған балаларды оқыту ұзақтығы бастауыш және негізгі мектепте - 11 жыл:
- «0» (дайындық сыныбы),
- бастауыш деңгейі (1-4 сынып),
- 1-ші негізгі деңгей (5-7 сынып),
- 2- ші негізгі деңгей (8-10 саты).
Нашар еститін және кейін естімей қалған балалардың оқыту ұзақтығы:
- бастауыш деңгейі – 0 – 4 сынып,
- негізгі деңгей – 5 – 10 сынып,
Естімейтін және нашар еститіндер оқушылар оқуын жалпы білім беретін мектептің 10-11-сыныптарында немесе кәсіптік колледждерде, жалпы орта немесе техникалық және кәсіптік білім беруді арнайы мектептің кешкі бөлімде 11-12 сыныптарында жалғастыра алады.
Білім алудың ерекше қажеттілігін қанағаттандыру
Түзете-дамытушылық жұмыс бүкіл педагогикалық процесті қамтиды және балалардың оқу материалын меңгеруін қамтамасыз етеді.
Есту қабілеті бұзылған балаларды оқытудағы түзету жұмысының бағыттары ақпараттар мен білімдерін талдауға ерекше жағдайлар жасау, әлеуметтік байланыстар мен балалардың қажеттіліктерін, пәнаралық байланыстар мен танымдық қызығушылықтарын дамыту, арнайы оқыту әдістерін таңдау, арнайы түзету пәндері арқылы жүзеге асырылады.
Типтік оқу жоспарында арнайы түзету курсы қарастырылған:
«Заттық-тәжірибелік оқыту», «Түзету ырғағы» және жеке-топтық сабақтарда естуді қабылдауы мен дұрыс айтуын дамыту.
«Заттық-тәжірибелік оқыту» (ЗТО) оқу курсының мақсаты: тілді меңгеру мен жоғары психикалық функцияларды қалыптастыру үшін полимодальды сезіну негізінде танып білу және қарапайым тұрмыстық түсініктерді пайдалану деңгейінде білім беру.
«Түзету ырғағы» оқушылардың есту қабілетін музыка арқылы дамытуға, есту-көру және есту, сөйлеу қабілетін жетілдіру яғни естіп қабылдауын интенсивті дамыту жағдайында сөйлеу тілі мен қимылдарын дамытуға бағытталған.
2. Көру қабілетінде бұзылыстар бар балалардың психологиялық – педагогикалық ерекшеліктері
Көрмейтін және нашар көретін балалардың ерекшеліктері
Көрмейтін (зағиптар) деп көру көмегі арқылы зат формасының сұлбасы мен жарықты сезінуді қабылдау мүмкіндігі толықтай жоқ балалар есептеледі. Мұндай екі көзінен толық айрылу (тотальді) болып саналады. Бұлардың қатарына көру аймағы 10% көретіндер де жатады.
Медициналық зағиптықтан практикалық зағиптықты ажырата білу қажет, жарықты сезгіштігі немесе қалдық көруі бар, жарықты, заттардың сұлбасын, түстерін қабылдай алуы, қалғандары медициналық зағиптыққа жатады. Практикалық зағиптық (қалдық көруі бар) кәдімгі түзету құралдарын (көзілдірік ) қолдануда көру ұшқырлығы жарықты сезінуі 0,05 сипатталады. Тотальді көрмейтіндер қалдық көруі бар (нашар көретіндер) Брайл жүйесі бойынша жазатын және оқитын балалар. Нашар көретін балалар, орталық көру көзі жақсы көретін,түзету арқылы жіті көретін(көзілдірік, байланыс линзалар) 0,05-ден 0,3-ке дейін, сонымен қатар, өте жіті көретін бірақ көру қызметінің басқа бұзылулары бар балалар (көру аймағының кішіреюі, бірінші, екінші - глаукома, көру жүйкелерінің аяқталмаған атрофиясы, пигменттік көздің тор қабығының бүлінуі, тор қабықтың ажырауы және т.б.). арнайы жағдайда оқытуды қажет етеді.
Балалардың біраз бөлігінің көруінің бұзылуын көру нашарлығы және қылилық құрайды.
Олар заттар мен құбылыстарды көзбен шолу сипатындағы - жарықты, түсті т.б. бақылау мен қабылдаудың қиындығын сезінеді.
Зағиптардың естуіне қарағанда сезімі нашар, сылбыр дамыған. Қоршаған ортадағы заттарды өз бетімен дұрыс бақылау әдістерін қолдана алмайды.
Нашар көретін балалар мұндай жағдайда ашуланшақ, ұжымнан тысқары, негативизмін көрсетеді, бұл мектептегі бейімсіздігінің бір көрінісі болып табылады.
Қалыпты көретіндер тәрізді нашар көретіндердің есту қабілеттері негізгі қабылдау талдауышы болып қала береді. Осыған байланысты нашар көретіндерді көзін сақтауға мүмкіндік беретін, көріп қабылдауын жеңілдететін, шаршауын болдырмайтын ерекше жағдайда жүзеге асырылуы қажет. Нашар көретін балалар үшін арнайы көрнекі құралдар, анық сызылған сызықтарымен дәптерлер, артық бөлшектерсіз суреттер, ірі әріптермен жазылған кітаптар қажет
Көру қабілеті бұзылған балаларды арнайы оқыту жағдайы
Дамуында басқа бұзылуы жоқ зағип және нашар көретін балалар МЖБС талаптарына сәйкес арнайы оқу жоспары мен бағдарламалары бойынша жалпы білім беретін мектептерде білім алады. Көру қабілеті бұзылған балалар жалпы білім беретін мектептердің арнайы немесе сыныптарында оқи алады(психологтік-педагогикалық мамандардың түзету қолдауымен және қамқор педагогикалық тәртіптемеде).
Ауыр ауру түрлерімен ауыратын зағип балаларды дәргерлердің ұсынымдамасын есеріп ПМПК бекітуі бойынша дербес бағдарламамен оқушылар ұжымымен ішінара кіріктіріліп үйде оқыту ұйымдастырылады. Кіріктірілу деңгейі және оның формасы оқушының денсаулығына қарай анықталады. Көру қабілеті бұзылған оқушылардың арнайы сынып жағдайындағы мектептегі білім беру ұзақтығы:
а) зағип оқушылар:
- бастауыш білім беру деңгейі – 0 (дайындық), 1-4 сыныптар;
- негізгі орта білім беру деңгейі – 5-10 сыныптар;
- жалпы орта білім беру деңгейі – 11-12 сыныптар.
б) нашар көретін балалар:
- бастауыш білім беру деңгейі – 0 (дайындық), 1-4 сыныптар;
- негізгі орта білім беру деңгейі – 5-10 сыныптар;
- жалпы орта білім беру деңгейі – 11-12 сыныптар.
Әрбір білім беру деңгейінде білім алушыларды жалпы сыныптарға ауыстыру мүмкіндігі бар.
Арнайы оқу-әдістемелік қамтамасыз ету
Зағип және нашар көретін оқушыларды оқыту түзету кешендері енгізілген арнайы Типтік оқу бағдарламалары арқылы жүзеге асырылады.
Оқушылар жалпы білім беретін бағдарламалармен және түзету кезеңді бағдарламалармен оқытылады.Жалпы білім беретін бағдарламаларға білім алушылардың даму ерекшелігіне байланысты өзгеріс енгізіледі (бейнелеу өнері, сызу, деншынықтыру, еңбек).Нашар көретін оқушыларды оқыту жалпы білім беретін мектептерде жаппай қолданатын ірі шрифтімен басылған және арнайы жаңартылған суреттермен, көріп қабылдауға қолжетімді оқулықтармен оқытылады.
Ерекше білім беру қажеттілігін қағаттандыру
Нашар көретін оқушыларға сыныптағы көру жұмыстарына анық сызылған сызықтарымен дәптерлер, оптикалық және техникалық құралдар көмегімен қолайлы жағдай жасалу қажет:
- офтальмологпен тағайындалғанкөруді түзету құралдары (көзілдірік, жанаспалы линза, лупа, телескоптық көзілдірік );
-табиғи жарықты реттейтін құрылғы (тетік);
- оқығанда, жазғанда, сурет салғанда сурет көргенде дұрыс отыруын қамтамасыз ететін арнайы бір орынды парталар;
- балаларға арналған қосымша құрылғылар (Брайл жүйесі бойынша жазуға арналған құралдар, оқитын машиналар, Брайл шрифтісімен жазылған машинкалар , рельефті суретке арналған «Школьник», оптикалық құралдары – лупа, линзалар, телескоптік құралдар–офтальмологтің ұсынымдамасы бойынша және басқалар );
- тифлотехникалық құралдар (жазуға арналған тифлоқұралдар, электронды құралдар, тактильді және брайлді дисплей, сөйлеу синтездеуші);
- көруді қорғау талаптарына жауап беретін арнайы оқу құралдары (рельефті-көрнекі құралдар, географиялық карталар, схемалар және т.б.);
- аудио-және бейнеаппаратуралар;
- арнайы бағдарламалармен қамтамасыз ететін компьютерлер.
Түзету курстары төмендегідей берілген:
- «Көруді қабылдау және қалдық көруді сақтау және дамыту».
- «Емдік дене шынықтыру (ЕДШ)».
- «Түзету ритмикасы».
- «Мимиканы және пантомимиканы дамыту».
- «Кеңістікте бағдарлау».
- «Әлеуметтік-тұрмыстық бейімдеу».
Нашар көретін баланың бағдарлауы үшін мектепке кіретін баспалдақтарды ашық кереғар түстерге бояп қою қажет, міндетті түрде таяныш болу қажет. Таяныш баспалдақтың екі жағында 70 және 90 см биіктікте, төменгі сыныптар үшін — 50 см болуы қажет.
Есіктер жақсы ашық кереғар түске боялу керек. Егер есіктер шыныдан болса, оның ашылатын тұсын ашық түсті бояумен бояп қою қажет.
Көру қабілеті бұзылған оқушының тұтқадан ұстап бағдарлауы үшін мектептің дәлізі бойына барлық периметр бойынша тұтқалар жасалу қажет.
Көру қабілеті бұзылған балалар үшін партаның жұмыс жасайтын бетін, баспалдақты, дәліздерді, денешынықтыру залдарын жарықтандыру жоғары болу керек.
3. Тірек-қозғалыс аппараты бұзылған балалардың психологиялық-педагогикалық ерекшеліктері
Тірек-қозғалыс аппараты бұзылған балалардың ерекшеліктері
«Тірек-қозғалыс аппаратының бұзылуы» (ТҚАБ) ұғымы жинақтамалық сипатқа ие және өзінің құрамына органикалық орталықты немесе шеткері пайда болған қимыл-қозғалыстық бұзылуды қамтиды.
Тірек-қозалыс аппараты бұзылған балаларды келесі санаттарға бөледі:
- балалардың сал ауруы (БСА);
- қалпына келген немесе қалдықты кезеңдегі полиомиелиттің салдарынан;
- миопатиямен;
- туа біткен және жүре пайда болған ақыл-ой кемістігінің және тірек-қозалыс аппаратының бұзылуымен.
ТҚАБ балалардың қимыл әрекетінің бұзылуынан басқа интеллектуалды даму кемістігі де байқалуы мүмкін: балалардың 40-50%-ында психикалық дамуының тежелуі болса, барлық балалардың 10%-ға жуығында – түрлі сатыдағы ақыл-ой кемістігі байқалады. Бұл кемістіктер мидың зақымданумен түсіндіріледі, сонымен қатар қозғалыс белсенділігінің шектелуі және дамудың қосымша бұзылуларының нәтижесінде пайда болатын депривацияның (қорқыныш) салдары болып табылады. Психикалық дамудың тежелуі ойлау қызметі қалыптасуының артта қалуында, түрлі психикалық функциялардың біркелкі дамымауында, астениялық (ағза әлсіздігі) жағдайлардың айқын байқалуында көрініс табады.
ТҚАБ балалардың арасында саны ең көп топты БСА ауыратындар құрайды. Бұндай балалар қимыл-қозғалыс саласы және танымдық әрекеті кемістіктері байланыстарының нәтижесінде оқыту мен тәрбиелеудің арнайы жағдайларын қажет етеді. БСА барысында әдетте, қимыл-қозғалыстың бұзылуы тілдік кемістікпен және жекелеген психикалық функциялардың қалыптасуының тежелуімен сәйкестікте болады. қимыл-қозғалыс және басқа да функциялардың жетіспеушілік деңгейінің айқын байқалуы арасында сәйкестіктің болмайтындығын да атап өту қажет. Даму құрылымы бұзылуының көптүрлілігінің байқалуы, бұл балаларға білім беруді стандарттандыруды қиындықтар тудыратыны сөзсіз.
БСА кезінде болатын қимыл-қозғалыстық бұзылулар қол мен аяқтың зақымдануынан байқалады (бұлшық ет тонусының зақымдануы, патологиялық рефлекстер, қимыл-қозғалыстың күштеу арқылы болуы, тепе-теңдіктің, кординацияның, шағын моториканың қалыптаспаушылығы). Қимыл-қозғалыс бұзылуының ауыртпалығы әр түрлі болады: кейбір балалар тік күйде отыра және тұра алмайды, тек арнайы арбада ғана қозғала алады, көптеген балалардың жүріс мәнері өгеше болады, көпшілігі ортопедиялық арнайы құрылдар – балдақтар, таяқтар және т.б. пайдаланады, сал ауруымен ауыратын балалардың аз ғана бөлігі қосымша құрылғылардың көмегінсіз қозғалу мүмкіндігіне ие. Оң жақ аяқ-қолдары зақымданған ауру балалар, іс-әрекетті сол қолымен істеуге мәжбүр, бұл жағдай олардың өзіне-өзі қызмет ету және жазу дағдыларын меңгерулерінде қиындық тудырады. Барлық дерлік балаларда саусақтардың сезімталдығы дамымаған.
БСА ауыратын балалардың көпшілігінде сөйлеу дағдыларының кемшілігі байқалады, соның ішінде жиі кездесетін жағдай – тіл күрмелудің (дизартрия) түрлі формалары. Тіл күрмелудің байқалуы әр түрлі: жеңіл (өшірілген) түрінен мүлдем түсініксіз сөйлеуге дейін болуы мүмкін. Ең күрделі жағдайларда анартрия (сөйлей алмау) байқалуы мүскін.
Дыбыстарды айтудың бұзылуы көптеген жағдайда жалпы сөйлеу тілінің дамымауының (ЖСТД) әсерінен қиындайды.
Тілдік кемістіктің болуы көптеген жағдайда сөйлесу ықыласын төмендетеді және сөйлесу байланысында қиындықтар тудырады.
БСА танымдық процестердің қалыптасуы жекелеген психикалық функциялардың тоқтап қалуымен және біркелкі дамымауымен сипатталады. Көптеген балаларда қабылдаудың дамуында, сонымен қатар кеңістіктік және уақыттық елестетудің қалыптасуында қиындықтар байқалады.
Барлық балаларда дерлік астения (ағза әлсіздігі) байқалады: жұмысқа қабілеттіліктің төмендігі, барлық психикалық процестердің қалпына келмеуі, қабылдаудың бәсеңдігі, зейін аударудың қиындығы, есте сақтау көлемінің аз болуы.
Тірек-қозғалыс аппараты бұзылған балаларды оқытудың арнайы жағдайлары
Тірек-қозғалыс аппараты бұзылған балаларды МЖБС сәйкес жалпы білім берумен, сонымен қатар олардың дене бітімі дамуындағы, танымдық және тілдік әрекеттеріндегі ауытқуларды жеңуді қамтамасыз ету оқытудың негізгі міндеттері болып табылады. Тірек- қозғалыс аппараты бұзылған оқушыларды оқыту жалпы сынып жағдайын да, сондай-ақ жалпы білім беретін мектептің арнайы сыныбында да жүзеге асырылуы мүмкін. Қажет болған жағдайда үйде оқыту ұйымдастырылуы мүмкін.
Тірек-қозалыс аппараты бұзылған оқушыларды арнайы сынып жағдайында мектепте оқытудың ұзақтығы:
- бастауыш білім беру деңгейінде – 0 (даярлық), 1-4 сыныптар;
- негізгі орта білім беру деңгейі – 5-10 сыныптар;
- жалпы орта білім беру деңгейі – 11-12 сыныптар.
Оқыту мерзімінің ұлғайтылуы балалардың психикалық дамуының тежелуімен, сөйлеу және қимыл-қозғалыстың бұзылуының нәтижесінде жазу мен оқуды меңгерудің қиындығымен, түзету-сауықтыру шараларын өткізудің қажеттігімен байланысты болып отыр.
Оқу әрекетін нормаға сәйкестендіру және оқытудағы қиындықтарды жеңу барысында арнайы сыныптың оқушысы, оқытудың кез келген сатысында кәдімгі сыныпқа ауыстырылуы мүмкін.
Қимыл-қозғалыстың бұзылуымен қатар интеллектуалдық ауытқуы байқалатын бала ақыл-есі кем оқушыларға арналған арнайы сыныптарда оқытылады.
Арнайы оқу-әдістемелік қамтамасыз ету.
Тірек-қозалыс аппараты бұзылған оқушыларды арнайы сынып жағдайында оқыту түзету компонентін қамтитын арнайы Үлгілік оқу жоспарларына, сонымен қатар жалпы білім берудің бағдарламалары мен оқулықтарына жүзеге сәйкес асырылады. Негізгі мектепте оқыту мерзімінің 1 жылға ұлғайтылуына байланысты жалпы білім беру бағдарламаларының мазмұны балалардың ерекшелігін ескере отырып жаңаша бөлістіріледі және бейімделеді.
Оқу процесінде оқушылардың қимыл-қозғалыстық және сөйлеу ерекшеліктерін ескеретін арнайы әзірленген дидактикалық материалдарды, АКТ және басқа да материалдарды қолдану қажет.
Оқушылардың білім алудағы ерекше қажеттіліктерін қанағаттандыру
Барлық оқу пәндерінде оқытудың түзетушілік бағыттылығы жүзеге асырылады, сонымен қатар дене, танымдық және сөйлеу әрекеті дамуындағы ауытқуларды жеңу мақсатын алға қояды. Оқу процесін ұйымдастыру арнайы әдістер мен тәсілдерді қолдануды, бағдарламаның жекелеген бөлімдері мен тақырыптарын зерделеуге мүмкіндік беретін пропедевтикалық (алдын ала) оқытудың арнайы сабақтарын кіргізуді, сонымен бірге дамудағы ауытқуды түзету бойынша жекелеген және топтық арнайы сабақтар өткізуді қарастырады. Бұндай сабақтарда алынған білімдер мен дағдылар жалпы білім беретін пән сабақтарында бекітіледі.
Тірек-қозғалыс аппараты функциялары бұзылған балаларды оқыту емдеу-қалпына келтіру жұмыстары аясында жүзеге асырылады, бұл жұмыстардың құрамына: қимыл-қозғалыстың бұзылуын медициналық түзету, жүйке-психикалық ауытқуды дәрі-дәрмектік емдеу, соматикалық аурулардың алдын алу кіреді. Емдеу іс-шараларын бала дәрігерлері (педиатрлар), психоневрологтар, ортопедтар, емдік дене шынықтыру (ЕДШ) дәрігерлері, физиотерапевтер, орта және кіші медициналық қызметкерлер жүзеге асырады.
Мектеп оқушысының қимыл-қозғалыстық, сөйлеу және жалпы дамуындағы кемшіліктерді жеңу үшін келесі курстар бойынша арнайы оқу жоспарымен қарастырылған жекелеген және топтық түзету сабақтары ұйымдастырылады:
1)Массаж, шипалы балшық-сумен емдеу, дәрі-дәрмекпен емдеу аясында ұйымдастырылатын ЕДШ (балалардың қимыл-қозғалысы бұзылуы басымдылығының орнын толтыру мақсатында жекелеген және топтық). Әр оқушыға арналған түзету жұмыстарының жоспарын ЕДШ әдіскері мен дәрігер бірлесе отырып оқу жылына құрастырады. ЕДШ нұсқаушысы әр оқушыға арналған есеп карточкасын жүргізеді, оның ішіне баланың қимыл-қозғалысы туралы мәліметтер, жұмыстың жалпы жоспары, кезеңді жаттығу кешендері, әр сабақтың өткізілуі және оның нәтижелері жазылады. Әр тоқсанның аяғында түзету жұмысының қорытындысы шығарылады және қол жеткен нәтижелерді ескере отырып жоспарға толықтырулар енгізіледі. Сабақтар ЕДШ бөлмесінде немесе арнайы жабдықталған гимнастика залында өткізіледі.
2)Сөйлеу кемістігі бар балалар үшін ұйымдастырылатын логопедиялық сабақтар, ең күрделі бұзылулар барысында компьютерлік бағдарламаларды қолдану арқылы жүргізіледі. Логопед баланың мектепте оқыған барлық кезеңінде оның тілінің дамуын бақылап отырады. Ол оқушының мұғалімдерімен және ата-аналарымен тығыз байланыста болады. Логопедиялық сабақтарды өткізу уақытына арналып логопед және психоневролог дәрігердің бірлесіп әзірлеген ортопедиялық тәртіпті қатаң сақтау, логопедтік жұмыстың ерекшелігі болып табылады. Логопед баланың партада дұрыс отыруына, оның аяқ-қолдары жағдайының дұрыс болуна үнемі назар аударуы тиіс. Қажет емес потологиялық қимыл-қозғалыс реакцияларының пайда барысында логопед селқос-белсенді араласу арқылы оларды жеңіп шығуға жағдай жасайды.
3) сабақтарда оқу бағдарламасын меңгеруде ауырлық көретін оқушылардың психикалық функцияларының бұзылуын түзетуге арналған жеке және топтық сабақтар. Бұл сабақтар жалпы дамытушылық, сонымен бірге пәнге бағытталған сипатқа ие. Сабақтардың мақсаты – оқушылардың жалпы даму деңгейін көтеру; бұрынғы дамыту мен оқытудағы кемшіліктердің орнын толтыру; жеткіліксіз меңгерілген оқу біліктері мен дағдыларын қалыптастыру бойынша жеке жұмыстар жүргізу; танымдық қабілетінің дамуындағы ауытқуларды түзету; жаңа оқу материалын қабылдауға арналған мақсатты-бағытталған дайындық.
Өмірлік іс-әрекеттің арнайы ортасы
Мектепке кіру баспалдақтан басталады, бұл тірек-қозалысаппараты бұзылған, бір жерден келесі жерге бару үшін арнайы арба, балдақ, таяқ және басқа да құралдарды қолданатын балалар үшін қатаң немесе алынбайтын кедергі болып табылады. Пандус неғұрлым жазық және жайпақ болуы тиіс, яғни оқушы арбамен өз бетінше көтеріле және түсе алуы тиіс. Пандустың ені – 90 см. кем емес, пандустың ең қажетті ерекшелігі оның екі жағынан орнатылатын қоршағыш бүйірі және тұтқалары болып табылады.
Есіктер пандусқа қарама-қарсы жаққа қарай ашылуы немесе кіре беріс қоңыраумен жабдықталуы тиіс. Есік ойығының ені 80 – 85 см. кем болмауы тиіс. Арбамен келген оқушы жоғары қабаттарға көтеріле алуы үшін, лифт қарастырылуы немесе баспалдақтарда арнайы көтергіш құрылғылар орнатылуы қажет.
Киім шешетін бөлмеде өтетін орындардан шеткері жерде арнайы орын бөліп, оны тұтқалармен, орындықтармен, сөмкелерді және киімдерді ілуге немесе қоюға арналған сөрелермен және ілгіштермен жабдықтау немесе арнайы бөлме бөлу қажет. Мүгедектер, сонымен бірге арбалы-мүгедектер үшін арнайы дәретхана кабинкасын қарастырған жөн, есіктің ені 900 мм. кем болмауы тиіс, кабинада унитаздың бір жағында арбаны орналастыруға және арбадан унитазға ауысып отыруға болатын бос аудан қарастырылуы тиіс. Кабина тұтқалармен, штангалармен және т.б. арнайы құралдармен жабдықталуы тиіс.
Сынып бөлмесіне кіретін есік табалдырықсыз болуы тиіс. Арбадағы бала үшін оқушы орнының ең кем мөлшері (мүгедек арбасының бұрылу есебімен) – 1500 – 1500 мм. Мүгедек арбасын, балдағын, таяғын және т.б. сақтау үшін (егер оқушы арбадан орындыққа ауысып отыратын болса) партаның жанында қосымша кеңістіктің болуын қарастыру қажет. Тақтаның алдында оқушы арбамен немесе балдақпен еркін қозғала алуы үшін, тақтаның жанындағы өту орны бос болғаны дұрыс. Сынып тақтасы төменірек ілінуі тиіс.
4. Сөйлеу тілінің күрделі бұзылыстары бар балалардың психологиялық-педагогикалық ерекшеліктері
Сөйлеу тілінің күрделі бұзылыстары бар балалардың ерекшеліктері
«Сөйлеу тілінің күрделі бұзылысы» (СТКБ) ұғымы сөйлеу функциясы бұзылуының әртүрлі түрлерін біріктіреді. Қарастырылып отырған санатқа жататын балалардың басым бөлігін сөйлеу тілінің жалпы дамымауы бар балалар құрайды. Сөйлеу тілінің жалпы дамымауы (СТЖД) балаларда сөйлеу жүйесінің барлық: фонетикалық, фонематикалық және лексика-грамматикалық компоненттерінің қалыптасуының бұзылуымен сипатталады. СТЖД балаларда сөйлеу тілі дамуының потологиясы байқалады. Мектепке дейінгі жаста сөйлеу тілі дамуының кеш басталауы, сөйлеу тілі дамуының тежелуі, жас ерекшелігіне сәйкес келмейтін шектеулі сөз қоры, тілдік грамматикалық құрылымы қалыптасуының бұзылуы, дыбыстарды айтудың және фонематикалық қабылдаудың бұзылуы СТЖД негізгі белгілері болып табылады. Сонымен бірге бұл санаттағы балалардың есту қабілеті сақталатынын және белгілі жасқа арналған қаратпа сөзді түсініп, қабылдай алатындарын атап өту қажет. Әр деңгейге диагностика бала үш жастан асқаннан кейін жасалуы мүмкін.
Сөйлеу тілінің жалпы дамымауы бар балаларда сөйлеу-ойлау әрекеті жетіспеушілігінің салдарынан тілдік білік пен дағдылардың қалыптасу процесі артта қалған. Мектепте оқу барысында оқушылардың күнделікті тұрмыстық сөйлеу тілі жалпы қабылданған формаға жақындайды, дегенмен ойын өз бетінше жазбаша түрде рәсімдеуде қиындық көреді. Негізгі орта мектеп деңгейінде сөйлеудің жазбаша түрінің қалыптасу, оқушылардың пән мазмұнын мазмұндау, терминологиялық лексиканы дұрыс қолдану проблемалары пайда болады. Сөйлеу тілінің жетік болмауы баланың сенсорлық, интеллектуалдық және сана-сезімдік жүйелерінде көрініс табады, жете дамымау немесе дамудың өзіндік ерекшеліктері бұзылудың келесі түрі ретінде байқалады, ал олардың байқалу деңгейі тілдік потологияның көлемімен анықталады.
Сөйлеу тілінің жалпы дамымауы бар оқушылар үшін зейіннің тұрақты болмауы, алаңдаушылық, тілдік құбылыстарға байланысты байқағыштықтың жеткіліксіз болуы тән. Олар ауызша материалды есте сақтау барысында қиындық көреді, өз бетінше орындаған оқу тапсырмаларында көптеген қателер жібереді.
Жазбаша тіл ауызшаға қарағанда екінші орында болады және ауызша тілдің негізінде құрастырылады, сол себепті жазбаша тілді меңгеру деңгейі сөйлеу тілінің даму деңгейімен анықталады.
Тұтығу, ринолалия (дыбысты айтудағы кемістік) және дисфонияның (дауыс сапасының бұзылуы) ауыр түрлерімен ауыратын балалар сөйлеу қабілеті күрделі бұзылған оқушылардың ерекше тобын құрайды. Аталған жағдайлардың әрқайсысы негізгі кемістікте өзіне тән көрініске ие.
Сөйлеу тілінің күрделі бұзылыстары бар балаларды оқытудың арнайы жағдайлары
Сөйлеу қабілеті күрделі бұзылған балаларды оқытудың негізгі міндеттері МЖБС сәйкес жалпы білім беру, сонымен қатар олардың сөйлеу тілдік әрекеттеріндегі ауытқуларды, соған байланысты пайда болған балалардың психологиялық даму ерекшеліктеріндегі кемшіліктерді жеңуді, олардың әлеуметтік бейімделуіне ықпал ететін теңгеруші (компесаторлық) дағдылардың қалыптасуын қамтамасыз ету болып табылады.
Сөйлеу қабілеті күрделі бұзылған оқушыларды оқыту жалпы сынып жағдайын да (қажетті психолог-педагогтік қамтамасыз ету барысында), сондай-ақ жалпы білім беретін мектептің арнайы сыныбында да жүзеге асырылуы мүмкін.
Сөйлеу қабілеті күрделі бұзылған оқушыларды арнайы сынып жағдайында мектепте оқытудың ұзақтығы:
- бастауыш білім беру деңгейінде – 0 (даярлық), 1-4 сыныптар;
- негізгі орта білім беру деңгейі – 5-10 сыныптар. Негізгі мектепті бітіргеннен кейін жеткіншек білімін ТЖКБ ұйымдарында жалғастыра алады.
Оқыту мерзімінің ұлғайтылуы балалардың психикалық дамуының тежелуімен, сөйлеу тілі бұзылуының нәтижесінде жазу мен оқуды меңгерудің қиындығымен, түзету-сауықтыру шараларын өткізудің қажеттігімен байланысты болып отыр.
Арнайы оқу-әдістемелік қамтамасыз ету
Сөйлеу қабілеті күрделі бұзылған оқушыларды арнайы сынып жағдайында оқыту, тілдік дамудың бұзылуын жеңуге және оқушылардың оқу бағдарламалары мазмұнын меңгеру мүмкіндіктерін арттыруға бағытталған түзету компонентін қамтитын арнайы Үлгілік оқу жоспарларына жүзеге сәйкес асырылады. Оқыту жалпы білім беру бағдарламаларымен де, сондай-ақ арнайы бағдарламалармен де, түзету пәндерінің бағдарламаларымен де жүзеге асырылады.
Оқу процесінде оқушылардың сөйлеу және танымдық ерекшеліктерін ескеретін арнайы әзірленген дидактикалық материалдарды, АКТ және басқа да материалдарды қолдану қажет.
Оқушылардың білім алудағы ерекше қажеттіліктерін қанағаттандыру
Оқытудың түзетушілік бағыттылығы білім берудің түрлі деңгейінде оқушылардың тілдік және тұлғалық ерекшеліктерін ескере отырып, жалпы білім беру пәндерінің мазмұнын оқыту әдістемесі саласына бейімдеу және өзгертудің көмегімен жүзеге асырылады. Түзету-дамытушылық нәтиже арнайы пәндер (Айту, Тілді дамыту) және тілдік кемістіктері бар оқушыларға бейімделген жалпы білім беретін пәндер (Сауат ашу, Әдебиет, Ана тілі), яғни түзетуші лингвистикалық курс арқылы орындалады. Аталған курс тұлғаның тілдік әрекетінің толық қалыптасуының және қоғамға ойдағыдай бейімделуінің маңызды құралы болып табылады.
Өмірлік іс-әрекеттің арнайы ортасы
Жалпы білім беретін сабақтарға арналған бөлмелерден басқа, мектепте логопед сабақтарын, психолог өткізетін сабақтарға және түзету ырғағын өткізуге арналған бөлмелер болуы тиіс.
5. Ақыл-ой кемістігі бар балалардың психологиялық-педагогикалық ерекшеліктері
Ақыл-ой кемістігі бар балалардың ерекшеліктері
Ақыл-ой кемістігі бар балалардың санатына бас ми қабығының диффузды органикалық зақымдануы салдарынан танымдық іс-әрекетінің және эмоционалдық-ерік өрісінің тұрақты бұзылуы бар балалар жатады. Бұзылыс белгілерінің көрініс беру дәрежесі зақымдалудың ауырлығына, оны таратпау ерекшелігіне, сондай-ақ зақымдалу уақытына байланысты.
Ақыл-ой кемістігі бар оқушылардың ерекшелігі – жоғары психикалық функцияларынының, мінез-құлқы мен іс-әрекеттерін реттеуінің бұзылуы болып табылады. Ең алдымен, танымдық процестер зардап шегеді: түйсік, қабылдау, ес, ойлау, қиял, сөйлеу, зейін. Эмоционалдық-ерік өрісінің, моторикасының және жалпы адамның бұзылуы байқалады.
1994 жылы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (АХЖ-10 ДДҰ) қабылдаған жіктеуге сәйкес, ақыл-ой кемістігі зерденің төмендеуінің төрт (негізгі) деңгейін қамтиды: жеңіл, орташа, ауыр және терең.
Мектепте оқыту жеңіл және орташа ақыл-ой кемістігі бар оқушылар үшін ұйымдастырылады.
Жеңіл ақыл-ой кемістігі бар балалар санатына танымдық қызметі мен ойлауының күрделі формаларының жетілмеуі жекелеген талдамалардың өрескел бұзылмаған және эмоционалдық-ерік өрісінің салыстырмалы түрде бастапқы сақталған дебильдіктің жеңіл және орташа дәрежелі олигофрениясы бар балалар жатады.
Бұл балалардың айрықша ерекшеліктері – мінез-құлқының салыстырмалы сақталуы жағдайында оларға түсінікті тапсырмалар аясында мақсатты бағытталған әрекет ету қабілеті болып табылады. Есту қабілеті қалыпты болған жағдайда және сөйлеу органдарының құрылымында айқын ауытқулар болмаған жағдайда оларда экспрессивті және импрессивті сөйлеуінің дамуы тежеледі, моториканың ең күрделі түрлері дамымай қалады. Осы топтағы балаларға психикалық процестердің бәсеңдігі және инерттілігі тән.
Орташа ақыл-ой кемістігі бар балаларда психикалық, сөйлеу және моторлық дамуының анағұрлым баяу қарқыны байқалады. Олар өзіне-өзі қызмет көрсетуге кеш дағдыланады. Қарапайым мектептік білімді барлығы меңгеруге қабілетті емес, тіпті оқу, есептеу, жазудың ішінара дағдыларын игерген балалардың өзіне әлеуметтік бейімделуіне мұның көмегі аз. Дегенмен, арнайы ұйымдастырылған оқытудың нәтижесінде орташа ақыл-ой кемістігі бар балалардың көбі қажетті мінез-құлық нормаларын меңгеруге, өзіне-өзі қызмет көрсетуге, арнайы жағдайларда өз бетімен еңбектенуге қабілетті. Мұндай адамдар әдетте қарапайым, білікті емес операцияларды қоршаған ортаның тұрақтылығы мен қойылатын талаптар өзгермейтін жағдайда, олардың жеке және тұлғалық қасиеттерін ескере отырып, тұрақты бақылау және басшылық болған жағдайда орындай алады. Олар тұрақты әлеуметтік қорғауды және көмекті қажет етеді.
Ақыл-ой кемістігі бар оқушылар танымдық қызметі мен жалпы тұлғалық айқын жетілмеуі салдарынан оқыту процесінде едәуір қиындықтарға ұшырап жатады. Арнайы ұйымдастырылған оқыту мен тәрбиелеудің әсерінен балалар дамиды, белгілі бір білім, білік, дағдыларды меңгереді, алайда оқыту және дамытудағы бұл ілгерілеушіліктер әр оқушыда әр түрлі болады. Ақыл-ойы кем балаларды оқытудың алуан мүмкіндіктері даму бұзылыстарының тереңдігі мен таралуына байланысты.
В.В. Воронкованың басшылығымен [10] КСРО Педагогикалық ғылым академиясындағы Дефектологияны ғылыми-зерттеу институты қызметкерлерінің көп жылдық зерттеулері ақыл-ой кемістігі бар оқушылардың арнайы оқу бағдарламаларының материалдарын меңгеру кезінде байқалатын типологиялық ерекшеліктерін, сондай-ақ алынған білім, білік және дағдылардың сапасына әсер ететін өзіндік қиындықтарды анықтауға мүмкіндік берді. Жүргізілген зерттеулер негізінде авторлар оқыту мүмкіндіктері бойынша оқушылардың 4 типологиялық топтарын айқындайтын оқушылардың педагогикалық классификациясын жасады.
Бірінші типологиялық топқа фронталды оқыту үдерісінде бағдарламалық материалдарды ойдағыдай табысты игерген оқушылар жатады. Олар оқу тапсырмасын өз бетінше орындауға қабілетті.
Екінші типологиялық топ оқушылары да сыныпта айтарлықтай табысты оқиды. Олар негізінен мұғалімнің жаппай түсіндірмесін түсінеді, оқылатын материалды естеріне жақсы сақтайды, бірақ педагогтың көмегінсіз қарапайым қорытындылар мен жалпылаулар жасауға қабілетті емес.
Үшінші типологиялық топ оқушылары фразалық сөйлеуді меңгеруде үлкен қиыншылықтарға ұшырайды, сөздік қоры аз, терминологияны меңгеру өте баяу жүреді. Бұл оқушыларды оқыту мұғалім оларды пәндік-практикалық іс-әрекеттерге үнемі үйретіп отырған жағдайда ғана, жасалатын нақты іс-қимылдардың, болып жатқан өзгерістердің мәнін, маңызын үнемі оларға түсінікті түрде айтып отырған жағдайда ғана табысты өтуі мүмкін.
Төртінші типологиялық топқа оқу материалдарын өте үлкен қиындықпен меңгеретін оқушылар жатады.
Ақыл-ой кемістігі бар балаларды оқытудың арнайы жағдайлары
Ақыл-ой кемістігі бар балаларды оқытудың негізгі міндеттері оқушылардың танымдық қызметіндегі және эмоциялық-ерік өрісіндегі кемшіліктерді барынша еңсеру, оларды өздігінше өмір сүруге, өндірістік еңбекке қатысуға, қазіргі заманғы қоғам жағдайында әлеуметтік бейімделуге дайындау болып табылады.
Жалпы білім беретін мектепте ақыл-ой кемістігі бар балаларды оқытудың анағұрлым дәл келетін жағдайлары арнайы сынып жағдайы болып табылады. Арнайы сыныптар жеңіл ақыл-ой кемістігі бар оқушылар үшін жеке сынып және орташа ақыл-ой кемістігі бар оқушылар үшін бөлек сынып құрылуы мүмкін. Бұл оқушыларды бір сыныпта біріктіріп оқытуға да болады. Арнайы сыныпта «Олигофренопедагогика» мамандығы бар жоғары білімді дефектолог мұғалім жұмыс істеуі қажет.
Арнайы сынып жағдайында ақыл-ой кемістігі бар балаларды мектепте оқытудың ұзақтығы:
- бірінші сатысы – 0 (даярлық), 1-4-сыныптар;
- екінші сатысы – 5-9-сыныптар.
Егер мектепте бастауыш кәсіптік еңбекке дайындау үшін жағдай болса, онда 10-кәсіптік сынып ұйымдастырылуы мүмкін.
Даярлық сыныбына ұйымдастырылған мектепке дейінгі даярлықтан өтпеген 7-9 жастағы балалар қабылданады. Даярлық сынып белгілері жағынан ақыл-ой кемістігіне ұқсас басқа да бұзылыстары бар (психикалық дамуының тежелуі, әлеуметтік-педагогикалық қараусыз қалған, сөйлеудің ауыр бұзылыстары) балаларды қате қабылдаудың алдын алу мақсатындағы диагностикалық сынып ретінде де қызмет етеді. Едәуір даярланған оқушылардың оқуды 1-сыныптан бастауына болады.
Орташа ақыл-ой кемістігі бар оқушыларды оқыту жеке оқу бағдарламалары бойынша жүзеге асырылады. Олар баланы кешенді психологиялық-педагогикалық зерттеу негізінде сынып педагогімен және мектеп консилиумының мамандарымен жартыжылдықтан аспайтын мерзімге жасалады. Оқытудың жеке бағдарламасын іске асыру уақыты өткеннен кейін әрбір оқушының жетістіктеріне талдау жүргізіледі және келесі жартыжылдыққа арналған жоспарлау орындалады. Педагог әрбір оқушының жеке мүмкіндіктерін және оқу жетістіктері мен жеке жетістіктерінің мониторинг нәтижелерін ескере отырып, оқытудың мазмұнын, әдістерін, түрлерін, дидактикалық құралдарын өз бетінше таңдайды.
Орташа ақыл-ой кемістігі бар оқушыларды оқытудың мазмұны мыналарды: өзі туралы түсініктерді; өзіне өзі қызмет көрсету және өз тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету дағдыларын; қоршаған орта туралы және ортаға бейімделу туралы қолжетімді түсініктерді; коммуникативтік икемділіктерді; заттық-тәжірибелік және қолжетімді еңбек қызметін; практикалық бағыттылығы бар және тәрбиеленушілердің психофизикалық мүмкіндіктеріне сәйкес келетін жалпы білім беретін пәндер бойынша білімді қалыптастыруға бағытталған.
Ақыл-ой кемістігі бар балаларға арналған арнайы сыныптың оқушылары екінші жылға қалдырылмайды. Ақыл-ой кемістігі бар оқушыларға арналған арнайы сыныптардың түлектері мемлекеттік үлгідегі арнайы куәлік алады.
Арнайы оқу-әдістемелік қамтамасыз ету
Жеңіл және орташа ақыл-ой кемістігі бар оқушыларға арналған арнайы сыныптардағы білім беру процесі Үлгілік оқу жоспарлары мен бағдарламаларының екі түрімен қамтылған. Олардың мазмұны ҚР МЖБС талаптарының орындалуына бағытталмаған.
Оқу жоспары мен бағдарламаларының бірінші түрі жеңіл ақыл-ой кемістігі бар оқушыларға бағдарланған. Оқу жоспары мен бағдарламаларының екінші түрі – орташа ақыл-ой кемістігі бар оқушыларға бағдарланған. Оқытудың орташа ақыл-ой кемістігі бар балаларға арналған оқу бағдарламалары ұсынымдық сипатта болады.
Оқу процесі барлық оқу жылдарында орталық жүйке жүйесінің органикалық зақымдануымен болған танымдық қызметтің тұрақты бұзылуын ескере отырып, құрастырылған арнайы оқу-әдістемелік кешендер (оқулықтар, жұмыс дәптері, әдістемелік ұсыныстар, арнайы АКТ) көмегімен жүзеге асырылады.
Ақыл-ой кемістігі бар оқушылардың ерекше білім алу қажеттіліктерін қанағаттандыру
Мектеп өз түлектерін өмірге, еңбек қызметіне тікелей қосылуға дайындайды.
Оқушылардың психофизикалық даму бұзылыстарын, өмірлік қажетті білім, білік, дағдыларды қалыптастыру қиындықтарын түзетудің арнайы міндеті арнайы түзету сабақтарында жүзеге асырылады:
1) «Түзету ырғағы». Бұл курс бойынша оқытудың мазмұны оқушылардың қозғалыс аясын жетілдіруге, олардың сөйлеуін дамытуға және эстетикалық сезімдерін қалыптастыруға бағытталған. Балалар музыка тыңдауды, ән айтуды, билеуді, белгілі бір ырғақпен қимылдарды орындауды үйренеді. Қарапайым музыкалық аспаптарда ойнауды үйренеді.
2) «Танымдық іс-әрекетін түзету». Осы курс бойынша сабақтар жеке және оқушылар тобымен жүргізілуі мүмкін. Олар ақыл-ой кемістігі бар оқушылардың бұзылған функцияларын дамытуға, олардың оқу және практикалық қызметке дайындығын қалыптастыруға бағытталған.
3) «Сөйлеу тілі дамуының кемістіктерін түзеу». Логопед өткізетін сабақтар ақыл-ой кемістігі бар балалардың дамуындағы бұзылыстарды түзету процесінде маңызды орын алады. Логопедиялық жұмыс сөйлеу тілі дамуының жеке кемшіліктерін жоюға ғана емес, сондай-ақ ақыл-ойы кем оқушылардың жалпы сөйлеу тілін дамытуға, сауат ашу, ана тілі, математика және басқа пәндер бойынша бағдарламаларды меңгеруде сөйлеудің алғышарттарын қалыптастыруға бағытталған.
4) «Әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлау». Бұл сабақтарда оқушылардың өз бетінше өмір сүруіне практикалық дайындық, әлеуметтік нормалар мен ережелерге сәйкес өз тұрмысын құру дағдыларын, қоғамның әлеуметтік және мәдени өміріне араласу дағдыларын қалыптастыру жүзеге асырылады.
5) «Психомоторика мен сенсорлық үдерістерді дамыту» (орташа ақыл-ой кемістігі бар оқушылар үшін). Бұл сабақтарда оқушылардың сенсорлық аясын байыту және сенсорлық-естілім қызметін дамыту бойынша жұмыстар жүзеге асырылады.



3




1
18




8-9



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет