Қимыл қозғалыстық және еріктік бұзылыстар Ерік – бұл саналы, мақсатты психикалық бенсенділік. Ерік ең алдымен қажеттілікпен байланысты, ешқашан одан тыс пайда болмайды. Адамның ерік қызметі әрқашан сана қызметіне тәуелді. Сана акты, оның мазмұны мен бағыты адам өмір сүретін нақты әлеуметтік – тарихи жағдайлармен детерминирленген, және адамның сеніміне, көзқарастарына, қызығушылықтарына, ойлары мен сезімдеріне тәуелді. Іс-әрекет бір-біріне тікелей байланысты екі фазадан тұрады: 1. әрекет етуге және шешім қабылдауға саналы талпыныстың дамуы; 2. қабылданған шешімді орындау. Бірінші фаза таңдауға қатысты акт – саналы баға беру және талдау. Бұл фазада қанағаттанбаған қажеттілік сәйкес эмоциональдық күйзелістер мен ойлар туындатады, қажеттілікті қанағаттандыруға талпыныс пайда болады. Талпыныс әуестік немесе тілек түрінде көрініс беруі мүмкін. Әуестік – нақты ой және саналы мақсаттармен байланысы жоқ талпыныс. Тілек – нақты объектке саналы талпыныс. Әуестік ситуацияны ұғыну процесінде тілекке ауысуы мүмкін. Шешім қабылдау жолында тілектер олардың орындалу мүмкіндігіне қарай, таразыға салынып бағаланады. Егер тілектер орындалуына қажетті жағдай жоқ болса, егер олар тұлға ұстанымдарына қарсы немесе басқа себептерге байланысты орындалмаған болса, олар саналы түрде басылады. Әрекет етуге шешім таңдауы мотивтер күресінен өтеді. Мотив тілектерді ой сүзгісінен өткізу нәтижесінде пайда болады.
Екінші фаза – қабылданған шешімді орындау – адамның тәжірибелік қызметіне тікелей қатысты. Соңғысы қимыл арқылы іске асырылады. Еріктік әрекетті іске асыру үшін психикалық функция сақталған күйде болуы керек. Сөз, ойлау ыдырауы кезінде еріктік әрекет мүмкін емес, бұл апраксия деп аталады. Патология еріктік үдерістің кез келген звеносына әсерін тигізуі мүмкін: әуестік және тілек сферасы, мативация және қозғалыс, толық жүріс – тұрысқа. Сонымен қатар еріктік бұзылыстарға зейін бұзылыстары да жатады. Кликалық тәжірибеде зейін, әуестік патологиясын, қимылдық бұзылыстарды ажыратады. Эффекторлы-ерік сферасының бұзылысы Полифагия (ашқарақ) - тамаққа аса қатты құмарту шизофрения, ақыл кемістігі, эндокринді бұзылыстарда кездеседі. Анорексия- тамаққа тәбетінің төмендеуі немесе болмауы аштықты сезінуді жоғалту. Полидипсия- ыстықтаудың басылмауынан көп сұйықтық қолданады. Эндокринді ауруларға тән. Табиғи емес тағамға әуестену(парафагия)- жемитін тамағамдарды жеуге ұмтылу: топырақ, көмір, бор. Мұнымен жүкті әйелдер,шизофриндіктер, ақыл кемістер бақыланады. Өзіндік сақталған инстинкттің күшеюі- екі қарама-карсы түрі бірге көрінеді:
пасивті: қорғанышты қауіпті және күрделі ситуациядан және жауапкершілік шешімнен күтім жасауға ұмтылу.
Активті: қорғанышты Өзіндік сақталған инстинктің әлсіреуі – қызығушылықтың төмендеуінен және суицитті жағдайлардың әсерінен пайда болады. Психогенді ауруларда бақыланады. Өзіндік сақталған инстинктің бұрмалануы – өзін азаптау актісінде пайда болатын, металдық және басқада заттарды жұтынудан өзіне зақым келтіру. Органикалық бас ми зақымдалған,шизофриндер бақыланады.
|