Талаптанып келеміз



бет7/11
Дата08.01.2023
өлшемі472,29 Kb.
#165125
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Әдебиеттік оқу 2 сынып 2 тоқсан

Бөлім:

Менің туған өлкем

Педагогтің аты-жөні




Күні:




Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

39-сабақтың тақырыбы

Отанымды сүйемін

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

2.1.5.1 – өз ойы мен сезімін тірек сөздерді пайдалана отырып жеткізу.

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар көркем шығарманың мазмұнын түсінеді, өз ойын айтады.
Көптеген оқушылар өз ойы мен сезімін тірек сөздерді пайдалана отырып жеткізеді.
Кейбір оқушылар өз ойы мен сезімін тірек сөздерді пайдалана отырып жеткізеді, өз ойын нақты дәлелдейді.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Басталуы 5 мин

Психологиялық ахуал қалыптастыру.
Сабақты ұранмен бастау.
«Туған елдей ел болмас, туған жердей жер болмас» мақалының мағынасын ашу. Сабақтың тақырыбын хабарлау, сабақ мақсатын оқушылармен талқылау. Жетістік критерийлерін

Оқушылар топтасады.













анықтау.
«Топқа бөлу» стратегиясы.
Сыныпты топқа бөлу (сыныптағы оқушылар санына қарай атамекен, атақоныс, туған өлке, туған жер, туған ел деп жазылған үлестірмелі қағаздар таратылады). 1-топ: «Атамекен». 2-топ:
«Атақоныс». 3-топ: «Туған өлке». 4-топ: «Туған ел». 5-топ: «Туған жер».










Ортасы 35 мин

Мағынаны тану. Білу.
Ойқозғау
1-тапсырма. Берілген сөздің әріптеріне мағынасын ашатын сөздер ойластыр.
О Т А Н

Әр топ өз нұсқасын айтады.

Мұғалімнің ауызша баға беруі. «Өте жақсы!»,
«Тамаша!», «Керемет!»,
«Жақсы!»

Оқулық




Түсіну. Оқылым.
2-тапсырма. Өлеңді түсініп оқы. Жақан Смақов. «Отан»


  1. Іштей оқиды.

  2. Мәнерлеп оқиды.










Жазылым. Жұптық жұмыс.
3-тапсырма. Ақын қолданған көркемсөздерді табыңдар.

Оқушылар кезекпен тақтаға жазады. Бірнеше оқушы оқиды.



Дескриптор:
– шығармадағы көркем- сөздерді табады.







Автор туралы мәлімет.










Мұқағали Мақатаев (1931–1976)

Автор туралы мәліметті бір

1. Алматы облысында туған.

оқушы сынып алдында

2. Көрнекті ақын.

дауыстап оқып береді.

Тыңдалым. 4-тапсырма.




Мәтінді тыңда. «Отан туралы»










Қолдану.
Жазылым. 5-тапсырма.
Көркемсөздерді қатыстырып, сөйлемдер құра.
Ағынды өзен, асқар тау, қасиетті тіл.

Құрастырған сөйлемдерін кезекпен оқиды.

Дескриптор:
– көркемсөздерді қатыстырып сөйлем құрайды.







Сергіту сәті.
«Отан үшін отқа түс, күймейсің, Арың үшін арпалыс, өлмейсің». Мақалды 3 түрлі интонациямен айт:

  1. Қуаныш сезімімен.

  2. Өкініп тұрғаныңды білдіріп айт.

  3. Бұйырып айт.

Оқушылар мақалды әртүрлі интонациямен айтады.










Шығармашылық тапсырма. «Тыңда, бағала» әдісі. 6-тапсырма.
Ақындарға еліктеп, Отаның туралы ойларыңды көркемдеп жеткіз.
Мұғалім оқушылармен бірлесе отырып, бірнеше көркемсөздерді тірек сөз ретінде іріктеп алуларына болады. Содан кейін осы тірек сөздер арқылы Отан ұғымын көркемдеп айтуды ұсынады.
Мысалы, көкпеңбек аспан, қауызын ашқан гүлдер, қыбырлаған жәндік, құдіретті үні, қасиетті тілі, мәңгілікке сүйіп өту.

Оқушылар мұғалімнің көмегімен тірек сөздер таңдайды. Осы көркемсөз- дерді қатыстырып, Отан туралы ойларын ортаға салады.

Дескриптор:




Соңы 5 мин

Рефлексия.
«Бағдаршам» әдісі

Мұғалім оқушыларға үш түсті дөңгелекшелерді таратады (сабақты бастамай тұрып, партала- рына қоюға болады).



Жақсы түсіндім десе, жасыл түсті көтереді. Орта түсіндім десе, сары түсті көтереді.
Түсінбедім десе, қызыл түсті көтереді.

Сабақты ауызша қорытындылап, әр оқушының сабаққа қатысу белсенділігі туралы айтып, әр оқушыға баға береді.







Үй тапсырмасы.
Ұнатқан өлеңді жаттап ал.













Бөлім:

Менің туған өлкем

Педагогтің аты- жөні




Күні:




Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

40-сабақтың тақырыбы

Қазақстан байрағы

Оқу бағдар- ламасына сәйкес оқыту мақсаттары

2.1.5.1 – өз ойы мен сезімін тірек сөздерді пайдалана отырып жеткізу.

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар көркем шығарманың мазмұнын түсінеді, өз ойын айтады.
Көптеген оқушылар өз ойы мен сезімін тірек сөздерді пайдалана отырып жеткізеді.
Кейбір оқушылар өз ойы мен сезімін тірек сөздерді пайдалана отырып жеткізеді, өз ойын нақты дәлелдейді.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Басталуы 5 мин

Психологиялық ахуал қалыптастыру.
Күндей жадырап, Айдай арайлап, Жұлдыздай жарқырап,
Судай таза, мөлдір көңілмен Сабағымызды бастаймыз!


Сабақтың тақырыбын хабарлау, сабақ мақсатын оқушылармен талқылау.

Оқушылар хормен айтады.















Автор туралы мәлімет. Мұзафар Әлімбай (1923–2017) Түсіну.
Оқылым. «Қазақстан байрағы» 1-тапсырма. Өлеңді түсініп оқы.
«Қазақстан байрағы»
Байрақ деген не? Оны басқаша қалай атайды?

Іштей оқиды.
Дауыстап, мәнерлеп оқиды.





Оқулық

Ортасы 35 мин

Мағынаны тану. Білу.













Жеке жұмыс.

  1. тапсырма. Біліп ал! Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Туының авторы – Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Шәкен Ниязбеков. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының авторлары – белгілі суретшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов. Мемлекеттік Гимннің әнін жазған Шәмші Қалдаяқов. Сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев.

Жазылым. Жеке жұмыс.

  1. тапсырма. Өлеңге сүйеніп, көркемсөздерді тауып жаз.

Оқушылар мәтінмен жұмыс жасайды.

Рәміздер








Сергіту сәті.
«Мен қазақпын» биі
Жұптық жұмыс. 4-тапсырма.

Видео бойынша би қимылдарын орындайды.




http://www.youtube.com/ watch?v=J846twhH8PA

Қолдану.










Топтық, шығармашылық жұмыс.
5-тапсырма. Еліміздің рәміздері туралы топ алдында сөйлеу жобасын жасап, оны қорғаңдар (тақырыпты мұғалімнің бөліп беруіне болады).
1-топ. Елтаңба 2-топ. Ту
3-топ. Гимн

  1. Тақырып таңдау.

  2. Авторлары туралы мәлімет.

  3. Өлең, нақыл сөз, қысқа мәтін.

Әр топ өз тақырыбы бойынша шағын жоба дайындап, сынып алдында қорғайды.



Дескриптор:

  • рәміздердің авторларын біледі;

  • рәміз туралы өлең, нақыл, қысқа мәтін біледі.




Соңы

Рефлексия.

«Менің сабақтан кейінгі әсерім»







5 мин

«Менің сабақтан кейінгі

кестесі бойынша ойларын




әсерім» кестесі

білдіреді.




Қандай ой пайда болды?







Не сезіндім?







Үй тапсырмасы. Авторларды жаттап алу.













Бөлім:

Менің туған өлкем

Педагогтің аты-жөні




Күні:









Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет