Жылу беру бетініңтемпературасы 300-400оС қарапайым пештерде электромагнитті толқын ұзындығының максималды ауытқуы инфрақызыл сәулелі аумағында болады. Ондағы толқын ұзындығы0,77 ден 340 мкм-ға дейін. Сондықтан да қарапайым пештерде пісіруді ПҚД қыздыруда негізгі рольды инфрақызыл сәулелер атқаратын әдіске жатқызуға болады. Инфрақызыл сәулелі генераторы бар пештерде пісіру дегенде, әдетте, қысқа толқынды инфрақызыл сәулесінің толқын ұзындығы 1-3 мкм болатын бөлек генераторларды қолдануды түсінеді. Инфрақызыл сәулеленудің бұл түріне ПҚД сыртқы қабатына ену қасиеті тән. Сондықтан ИҚ-сәуленің жылуы ПҚД тек беткі қабатына ғана емес бірнеше мм - ге дейін әсер етеді. Бұл өз кезегінде ПҚД тез қызуына әсер етеді, ал ол пісу процесінің ұзактығын кемітеді. Бұл тұрғыдан алғанда ИҚ -пісіру ұсак -даналық және жұқа қабатты өнімдерді пісіруде тиімді болып табылады.
Бу атмосферасында пісіру
Европада нанның арнайы сорттарын пісіреді (ірі шырот ұнынан ). Нанның бұл түрінде сыртқы қабық болмайды және пісу уақыты ұзақ болады. Мұндай нанды пісіру үшін есіктері герметикалық жабылатын арнайы камералар қолданылады. Бұл камераларга формалы қамыр дайындамалары бар вагонеткаларды еңгізіп, есіктерді жапқаннан кейін, камераға каныққан бу жібереді. Осылайша, камерадағы бу-ауа қоспасының температурасы 100 °С. Бұл ПҚД ақырын қызып, ұзақ уақыт пісуіне әсер етеді. Мұндай нанның сырты жұқа қабықпен қапталған және ол түсі бойынша нанның жұмсағына өте ұксас болып келеді.Пісіру уақыты нан - тоқаш өнімінің массасына тәуелді. Өнім түріне және тағайындалуына байланысты 12-20 немесе одан көп болуы мүмкін.