Тамақтандыру



бет14/58
Дата02.02.2022
өлшемі7,16 Mb.
#130523
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   58
Байланысты:
қызмет көрсету Жумабаева

Металл ыдыстар. Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарында металл ыдыс тағамдарды даярлауға және өндірістен залға жеткізуге арналған, сонымен қатар жеке тағамдарды үстелге ұсынып қоюға арналады. Ол оңай қызады және тез суиды. Бұл тағамдарды тұтынушыларға қажетті температурада ұсынуға мүмкіндік береді.

Мельхиор ыдысты мыс (80 %) пен никельдің (20 %) антикоррозиялық құймасынан, нейзильберді мыс(61,5 %), никель (16,5 %) және мырыш(22 %) құймасынан дайындайды.

Гальванизация жолымен ыдыстарды жұқа қабатпен (0,3-0,5 мм) күміспен жабу оларды көркемдік өңдеуге мүмкіндік береді. Бұндай ыдыстарды қолданғанда оның деформациясын болдырмау үшін қатты соққылардан абай болу керек.

Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарында металл ыдыс кең қолданылады:



    • қақпағы бар көже мискалары (Сиымдылығы -ден 6 порцияға дейін) – ыстық тұздықты көжелерді ұсынуға және ұсыну кезінде қажетті температураны сақтауға арналған. Олар шұңғыл, домалақ, үстіңгі шетінде екі сабы болады.

    • құмыра- көже құйғыш (Сиымдылығы 4-10 порция) – туристер тобына немесе отбасылық түскі астарда қызмет көрсету кезінде тұздықты көжелерді ұсынуға арналған;

    • овал пішінді баранчиктер –пісірілген балық және соустағы балықтан даярланатын ыстық тағамдарды (қызыл шарап астындағы ақбалық, імбір соусындағы тұқы және бекіре сүбесі) даярлауға және ұсынуға арналған;

    • дөңгелек баранчиктер еттен, құс етінен, көкөністерден даярланатын бұқтырылған тағамдар, мадера соусындағы кесінді сүбесі, қой етінен карри, тауық етінен чахохбили даярлау және ұсыну үшін қолданылады. Тот баспайтын болаттан бір порциялық баранчиктер, мельхиордан бір, екі, үш, төрт және алты порциялық баранчиктер жасалады.

    • овал табақтар (Сиымдылығы -ден  порцияға дейін, ұзындығы 230- 800 мм дейін)- жеке және топтық қызмет көрсетуде қолданылады, соустары бөлек ұсынылатын екінші ыстық тағамдарға (уылдырықты соуспен бекіре грилі; шиемен толтырылған бұзау еті; коньякта қуырылған қаз бауыры) арналған;

    • дөңгелек табақтар (Сиымдылығы 6 -дан 12 порцияға дейін, , d = 330 мм- ден) – қуырылған ет, құс еті, көкөністерден даярланған тағамдарды (толтырылған торай, алмамен қаз еті және т.б.) ыстық күйде ұстап ұсыну үшін қолданады;

    • пашотницалар мельхиордан немесе тот баспайтын болаттан жасалған кішкене кастрльдер, сорпаға ыстық тазаланған «қапта» пісірілген жұмыртқа ұсыну үшін қолданылады;

    • менажницалар – овал немесе домалақ пішінді қалқалары бар бір порциялы металл табақтар. Негізгі тағамды гарнирмен (бір қалқалы), күрделі гарнирмен (екі, үш қалқалы) ұсыну үшін қолданылады;

    • кокотницалар ұзын сапты (90 - 150 см3) кішкентай кастрюльдер, соуспен еттен, құс етінен, көкөністерден және саңырауқұлақтардан даярланған тісбасарлар (құс етінен жульен, қаймақтағы саңырауқұлақ) даярлау және ұсыну үшін қолданылады;

    • кокильницалар бүтін бірлік ретінде жасалған түпқоймада орнатылған кішігірім металл раковина. Ыстық балық тісбасарлары мен теңіз өнімдерін даярлау және ұсыну үшін қолданылады. Ыстық тісбасарларды ұсынғанда кокильницалар мен кокотницаларды майлық төселген бәліш немесе тісбасарлық тәрелкеге қояды. Кокотница сабына қағаз папильотка кигізіледі;

    • эскарго (ұлуға арналған табақ) тот баспайтын болаттан жасалады, домалақ пішінді, ұлу қабыршақтарын салуға арналған қуысы бар;

    • соус сауыты мельхиордан немесе тот баспайтын болаттан жасалады – ыстық соустарды ұсыну үшін қолданылады (бір және екі порциялы);

    • порциялық табалар (d = 140, 170, 190, 210 мм) екі сабы бар, онша шұңғыл емес ыдыс. Ыстық тісбасарларды (тұз көже, көмбелеп пісірілген көкөністер, қаймақтағы бүйрек), ыстық екінші тағамдарды (қуырылған жұмыртқа, крупенниктер), ыстық порциялық тағамдарды (алма суфлесі, Гурьев ботқасы) даярлау және ұсыну үшін қолданылады.Тәтті тағамдарды даярлау үшін көбінесе “кроншель” табасын – мельхиордан жасалған тіке бүйірлі екі өрілген сапты таба қолданылады;

    • шампан және басқа көпіршікті шараптарды суытуға арналған кішкентай шелек – Сиымдылығы 3-5 л болатын, сақиналар түрінде мельхиордан

жасалады. Арнайы жылжымалы немесе тұрақты түпқоймасы бар, оның биіктігі үстел биіктігіне тең.

    • мұзға арналған контейнер – цилиндр пішінді, қақпағы және ішінде түбіне дейін жетпейтін торы бар, Мұзға арналған қысқыштармен бірге жинақта шығарылады.

    • мұзға арналған шелек – ол да қысқыштармен бірге жинақта шығарылады.

    • турка (Сиымдылығы 125, 250 см3) – шығысша кофе даярлау үшін арналған;

    • мельхиордан жасалған уылдырық салғыш (бір, екі, төрт порциялы) – салмалы хрусталь розеткасы бар – түйірлі уылдырық ұсыну үшін қолданылады. Барда және арнайы балық мейрамханаларда қалақшасымен бірге қақпақты қабыршақ түрінде уылдырық салғыш қолданылады.

    • кофейниктер (Сиымдылығы 500-1500 см3) – топтық қызмет көрсетуде және қонақ үй нөмірлеріне қызмет көрсетуде кофе даярлау және ұсыну үшін қолданылады;

    • кілегей құйғыш (Сиымдылығы 50-200 см3) және сүт құйғыш (Сиымдылығы 100-250 см3) топтық қызмет көрсетуде ыстық сусындарға сүт және кілегей ұсыну үшін қолданылады;

    • креманкалар (Сиымдылығы 150-200 см3) доңгелек түпқоймада орнатылған жарты шар пішінді – десерт тағамдарын (крем, желе, мусс, балмұздақ) ұсыну үшін арналған;

    • спаржаға арналған мельхиордан жасалған тор – спаржа ұсынуға арналған, тіктөртбұрышты иілген пішінді және төрт аяғы бар, қысқыштармен бірге шығарылады;

    • Балықшы немесе патша ухасын ұсынуға арналған аспап – маманданған қоғамдық тамақтану кәсіпорнында қолданылады, Ол соғылған болаттан жасалған түпқоймадан, тот баспайтын болаттан жасалған дөңіс түпті және иін тәрізді сабы бар, Сиымдылығы 500 см3 қазаннан тұрады. Уханы тұтынушылар көзінше ысыту үшін қызын астына түрқоймаға таблетка түрінде құрғақ спирт слынады;

    • көп қабатты ваза - банкет- фуршетте жемістерді ұсыну үшін қолданылады.

    • металл подностар – үлкен, кіші және орташа өлшемді болып шығарылады. Үлкен подностар (50х40, 50х50 см) даяшылардың тағамдар мен ыдыстарды тасуға арналған. Орташа подностар (35х25, 30х30 см) – қабылдаулар мен банкеттерде тағамдарды ұсынуға арналған. Кішкентай подностар (20х20см) – есеп, темекі өнімдерін, шырпы ұсынуға арналған. Подностар дөңгелек және тіктөртбұрышты ( сапты және сапсыз) болады;

    • Тот баспайтын болаттан жасалған таганчиктер – бифштекс және басқа фирмалық тағамдар (қара өрік пен көкөністермен қой еті) даярлау және ұсынуға арналған. Бықсыған көмірге арналған аспабы мен табадан тұрады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   58




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет