«Тарихты оқыту әдістемесі» пәнінің оқу- әдістемелік кешені (ПОӘК)


Дәріс тақырыбы: Антикалық және ежелгі дүние тарихын оқытудың ерекшеліктері



бет6/12
Дата19.02.2017
өлшемі2,27 Mb.
#11064
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Дәріс тақырыбы: Антикалық және ежелгі дүние тарихын оқытудың ерекшеліктері.2 сағат.

Мақсаты: Ежелгі дүние тарихы курсының мазмұны, хронологиялық шегі, кезеңдері, негізгі ұғымдары мен жетекші идеялары, курс құрылымы. Ішкі пәндік жөне пәнаралық байланыстар, антикалық және ежелгі дүние тарихы курсының тақырыптары мен бөлімдерінің құрылымындағы жалпылау сабақтарының орны жайлы білімді меңгерту, біліктіліктерін арттыру.

Жоспар:

  1. Ежелгі дүние тарихы курсының мазмұны. Оның хронологиялық шегі, кезеңдері, негізгі ұғымдары мен жетекші идеялары. Курс құрылымы. Оқулықтың көрнекілік және деректік материалын пайдалану.

  2. Ішкі пәндік жөне пәнаралық байланыстар.

  3. Антикалық және ежелгі дүние тарихы курсының тақырыптары мен бөлімдерінің құрылымындағы жалпылау сабақтарының орны.

Қазіргі кезде тарихты оқытуда алдыңғы орынға адамзат жинаған құндылықтарды, өркениеттер тарихын, мәдениет жетістіктерін оқып үйрету міндеті шықты. Соған байланысты тарихи білім беру мақсаты берілген:

Тарихты оқыта отырып, ол жинақтаған әлеуметтік, рухани, адамгершілік тәжірибені меңгеру;

- тарихи талдау, терең ойлап түсіне білуін қалыптастыру, алған білімін шығармашылықпен пайдалануға үйрету;

- мәдениет тәжірибесін ізгілік идеяларын, адам құқығы мен демократиялықтарды халықтар арасындағы өзара байланыстылықты оқып үйрету арқылы оларды құндылықты бағалау, соған ұмтылу сенімін қалыптастыру;

- басқа ел тарихы мен мәдениетіне деген құрмет пен қызығушылықты дамыту, өз елінің, бүкіл адамзаттың мәдени мұрасын сақтауға, молайтуға деген ұмтылысты қалыптастыру.

Стандартта бірінші деңгей бойынша өркениеттілік - аймақтық және глобальдық сипатта беруді қарастырады.

Ежелгі дүние тарихы бойынша стандартта ежелгі өркениет ошақтары, дүниежүзілік мәдениетке қосқан үлесі, мәдениеттің көрнекті өкілдері, ежелгі өркениет халықтарының мәдениет сауда-саттық байланыстары қаралу керек. Осы негізде оқыту арқылы оқушыларда ашқан жаңалықтар туралы, діни нанымдар мен сенімдер туралы хабар болу, Рим өркениетінің орнын, әдет-ғұрпын елестете алу, ежелгі өркениеттерге, көрнекті қайраткерлеріне сипаттама бере алу, өркениеттердің мәдениет саласындағы жетістіктерін білу, олардың дүниежүзілік мәдениетке қосқан үлесіне баға бере алу, діннің пайда болуы, олардың ежелгі халықтар өміріндегі ролі туралы түсінігі болуы, ежелгі өркениет халақтарының өзара қарым-қатынасына (сауда,мәдени т.б.) сипаттама беру.

Ежелгі өркениеттер тарихы бойынша: аймақтық өркениет картасы. Антикалық дүние - тарихи - мәдени ұғым. Географиялық кеңістіктің өркениет ошақтарының дамуына әсері. Ежелгі өркениет заманының адамдары, ерікті, ерікті емес адамдар тобының пайда болуы, адамдар өмірі, тұрмысы, дәстүрі, әдет-ғұрпы, қалалардың дамуы, көп құдайға табыну, оның қоғамдағы, жеке адам өміріндегі орны, философияның пайда болуы, оның көрнекті өкілдері, өркениет мәдени мұралары, олардың дүниежүзілік мәдениетке қосқан үлесі, халықтардың сауда, мәдениет саласындағы бір-бірімен байланыстары және бір-біріне әсері.

Ежелгі өркениеттердің даму қорытындысы оның адамзат тарихының келешегі үшін маңызы, міне осы мәселелер, яғни Рим мәдениетін оқыту барысында стандартта қаралады. Мұғалімдер осы көрсетілген міндеттер мен мақсаттарды ескере отырып жұмыс жүргізулері тиіс.

Стандарт бойынша қойылатын талаптар: Адам аттарын, терминдерді білу, тарихи түсінік, ұғымдарды, идеяларды меңгеру, талдау элементтерін білу, тарихтағы адамдар қызметіне, жеке қайраткерлерге өзі баға беру, мәдени туындыларға пікірін білдіру, картадан көрсету, өнер табыстарынан мысалдар келтіру, ескерткіштерді суреттеу т.б. талап етіледі. Шекара, орын, карта бұлар тарихи кеңістік, рухани өмірді қамту (адамгершілік, діни) адам аты, атау, термин бұлар тарихи қозғалыс ретінде қаралады.

Жоғарыда келтірілген орта білім стандарттарын мынандай құжаттармен орнықтырған жөн: базистік оқу жоспары және сонда ескерілген өлшеуіш жүйелері көрсетілген негізгі білім аясының стандарттары.

Базистік оқу жоспары - білім мазмұнының жиынтық сұлбасына қатынасты негізгі ахуалды түйіндеп көрсететін нормативті құжат. Базистік оқу жопарының құрылымы мемлекеттің, қоғамның және жеке тұлғаның мүдделерін үйлестіруге мүмкіндік береді. Бұл мектептер үшін жұмыс оқу жоспарларын құруға құзырлық береді.

Базистік жоспарға сай тақырыбыма байланысты мәдениеттілік бағытты күшейту, оқытудың әдістемелік жүйесін жаңарту, оқу-әдістемелік кешендер жасау қарастырылады.

Барлық деңгейдегі білім беру ұйымдарының оқу тәрбие қызметі мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті білім беру стандарты негізінде әзірленген оқу жоспарлары мен бағдарламаларына сәйкес жүзеге асырылады.

Білім туралы Заңның 3-ші тарауы білім беру бағдарламаларына байланысты. Жалпы білім беретін бағдарламалар жеке адамның жалпы мәдениетін қалыптастыру, жеке адамдарды қоғамдық өмірге бейімдеу міндеттерін шешуге, кәсіпті, мамандықты саналы түрде таңдау мен меңгеру үшін бағытталған.

Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында жалпы орта білім мектептерінде тарихты оқытудың екі түрлі бағдарламасы бар. Оның бірі 1990 жылдардың басында ұстаздарға ғылыми жағынан нақты көмек көрсету мақсатында академик М. Қозыбаевтың жетекшілігімен әзірленген тарих пәнінің бағдарламасы. Ол қазір де пайдаланылып келеді. Ал екіншісі Т.Т. Тұрлығұловтың қазірге дейінгі мектептерде қолданып жүрген бағдарламаларын негізге алып, қазіргі талаптарды ескере отырып редакциялық өзгерістер жасаған бағдарламасы. Алдыңғы уақытта мектептерге енгізу қолға алынған. Бағдарламаға сәйкес мына міндеттерді іске асыру арқылы орындалады:

Рим мәдениеті бойынша: дүние жүзі халық мәдениетін тығыз байланыста қарастыра отырып, оқушыларды халықтар арасындағы өзара түсінушілік, бір-біріне деген жақындық идеясына тәрбиелеу. Оқушылардың басты назарын қоғам тарихына, адамдардың өмір тіршілігі мен қызметіне, салт-дәстүр тарихына аудару, сол арқылы жастардың арманы адамшылық өмірлік мұрат ретінде қабылдауына көмектесу;

- оқушыларды жалпыазаматтық құндылықтардың мәнәін дұрыс түсінуге, тарихи қайраткерлердің өз елдерінің өміріндегі және дүниежүзілік тарихындағы ролін дұрыс түсінуге тәрбиелеу

- оқушыларды дүниежүзілік мәдениетке, жеке халықтардың рухани байлығына құрметпен қарауға тәрбиелеу;

- тарихи материалды дұрыс іріктеп, саналы оқыту арқылы оқушыларды ізгілікке, саналылыққа, адамгершілікке, имандылыққа, еңбек сүйгіштікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу, жоғарғы эстетикалық талғамын қалыптастыру деп, бұл екі бағдарламаның негізгі мақсаттары мен міндеттері көрсетіледі.

Оқушылардың іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыруға байланысты:

- тарихи шындықты, объективтілікті, тарих ғылымының әдістерін (салыстырмалы-тарихи, синхронды, ретроспективті және т.б.) басшылыққа ала отырып, салыстыру, жинақтап қорыту;

- тарихтағы жеке адамдардың қызметіне баға беру (маңызы, тағылымдары, дүниежүзілік тарихқа қосқан үлесі, адамгершілік өлшемдерге сәйкестігі);

- білім көздерімен, оқу әдебиетімен, тарихи құжаттар мен естеліктер, картамен, мерзімді баспасөзбен жұмыс істей білу, сын көзбен талдау, материалдарды салыстыру, оларды жинақтау, өз пікірін дәлелдеу.

- конспект, тезис, реферат, баяндама жасау, түрліше көзқарастарды салыстыру т.б.

Бүл екі бағдарламаның сағаттарын салыстыратын болсақ М.Қозыбаев ұсынған бағдарлама бойынша Ежелгі дүние тарихы VI сыныпта ерте заманнан б.з.д. V ғасырына дейін 51 сағат бөлініп оқытылады. Ал Т.Тұрлығұлов ұсынған бағдарлама ерекшелігі Ежелгі дүние тарихын 5-ші және 6 сыныптарда оқытады, әр әр сыныпқа 34 сағаттан бөлінеді, яғни біршама сағаты көбейтілген.

Жалпы айтатын болсақ екі бағдарламаның Рим мәселесі бойынша қарастыратын мәселелері ұқсас. Менің ойымша М. Қозыбаев ұсынған бағдарламаны қолдануды жөн деп санаймын. Яғни, ол бағдарлама төрт сағатқа бөліп, біршама мәселелерді қамтуға мүмкіндік береді.

Қазіргі Қазақстанның орта мектептерінде Ежелгі дүние тарихы бойынша VI сыныпта А.А. Вигасин, Г.И. Годер, И.С. Свинцецкаялардың авторлығымен Ежелгі дүние тарихы оқулығы оқытылады. Оқулық 1998 жылы «Рауан» баспасынан Алматы қаласында шыққан. [12] Жалпы оқулық әдістемелік жағынан жақсы жабдықталған. Онда түрлі-түсті суреттер мен картиналар, тақырып соңына қорытынды сұрақтар, қосымша мәтіндер, қажетті сөйлемдер

мен термин сөздер ерекше штрихпен жазылған. Бұл оқушының материалды қабылдауына ыңғайлы жағдай туғызады. Оқулық VI сынып оқушысының деңгейіне сай дидактикалық жабдықталған.

Оқулықты бағдарламамен салыстыратын болсақ екуі мүлде сай келмейді, егер оқулықта Рим тарихы 18 §-қа бөлініп қаралса, бағдарлама 6-9 сағат бөледі. Онда тек жеке тұлғалар бойынша, кезеңдерге бөліп, әр кезең уақытындағы мәдениет жетістіктері қаралады.

Өркениеттілік көзқарасқа алғаш есік ашқандардың бірі А.Д. Тойнбиді ерекше атауға болады. Оның “Постижение истории” атты еңбегінде осы цивилизациялық тұрғыдан қарауға терең талдау беріледі.


Әдебиеттер:

  1. Годер Г.И. Ежелгі дүние тарихына арналған методикалық құрал. А.: Мектеп, 1980 ж.

  2. Годер Г.И. Рабочая тетрадь по истории древнего мира. М.: Просвещение, 2000 г.

  3. Горбачев Г.И. История древнего мира. Тесты. 5 класс. М.: Изд. Школа, 2000 г. 96 с.

  4. Дмитриева Н.А., Акимова Л.И. Античное искусство. М.: Детская литература, 1988 г.

  5. Ежова С.А., Лебедева С.А., Лебедева И.М., Дружкова А.Н. и др. Методика преподавания истории в средней школе. М.: Просвещение, 1997 г.

  6. Зверева Л.И. Тесты. История. 5-11 кл. М.: Олимп, Изд. Астрель, 1999 г. 400 с.


Өзіндік бақылау сұрақтары:

  1. Ежелгі дүние тарихы курсының мазмұнының ерекшелігі қандай?

  2. Негізгі ұғымдарды атаңыздар?

  3. Ежелгі дүние тарихы курсы бойынша қандай ішкі пәндік жөне пәнаралық байланыстарды жүзеге асыруға болады?

  4. Антикалық және ежелгі дүние тарихы курсының тақырыптары мен бөлімдерінің құрылымындағы жалпылау сабақтарының орны қандай?



Дәріс тақырыбы: Орта ғасырлар тарихын оқыту ерекшеліктері.2 сағат.

Мақсаты. Орта ғасырлар тарихын мектеп курсының мазмүны, курстың негізгі ұғымдары мен жетекші идеялары, Азия жөне Африка, Америка,Европа елдерінің ортағасырлық тарихындағы негізгі оқиғалар мен процестерге сипаттама беру, тарих сабақтарында және үй тапсырмасында орындауда оқулық материалдарын пайдалану тұрмыс, салт- дәстүр, дін, мәдениет, тарихи қайраткер түлғаларды зерттеуде қосымша материалдарға коңіл аудару жайлы білім мазмұнын меңгерту

Жоспар:


  1. Орта ғасырлар тарихын мектеп курсының мазмүны, хронологиялық шегі мен кезеңдері. Қоғамның даму заңдылықтарын ашуға қолайлы курстың негізгі ұғымдары мен жетекші идеялары.

  2. Азия жөне Африка, Америка,Европа елдерінің ортағасырлық тарихындағы негізгі оқиғалар мен процестерге дәйекті сипаттама.

  3. Тарих сабақтарында және үй тапсырмасында орындауда оқулық материалдарын пайдалану тұрмыс, салт- дәстүр, дін, мәдениет, тарихи қайраткер түлғаларды зерттеуде қосымша материалдарға коңіл аудару.


7-сыныпта орта ғасырлар тарихын оқыту - оқушыларға тарихи білім беру жүйесінің маңызды буыны. VI сыныпта алғашқы қауымдык құрылыс пен кұл иеленушілік коғам туралы ұғымдар мен тусініктер қалыптастырған окушылар ендігі жерде адамзат тарихының жаңа кезеңі - феодалдык формацияны оқып үйренуге көшеді.

7-сыныпта коғамның даму заңдарын толық тұжырымдап беру мүмкін емес. Бірақ оқушыларды оны меңгеруге дайындауды онан әрі жалғастыру - орта ғасырлар тарихын оқытудың басты міндеттерінің бірі.

Орта ғасырлар тарихының феодалдьщ коғам экономикалық формациясының өтпелі сипатын ашып көрсетудегі мүмкіндігі зор. 7-сынып окушылары феодалдьщ коғам қүрылысының даму кезеңдерін, оның қалыптасуын, дамуын жөне ыдырауын жүйелі түрде окып біледі. Мұғалім феодалдык күрылыстың ыдырау процесін түсіндіру бары-сында оның заңды құбылыс екеніне окушылардың кезін жеткізеді. Оқушылардың феодалдық коғам дамуындағы үш кезеңді жете түсініп, олардың өзара ерекшеліктерін ажырата білуіне назар аударады.

Орта ғасырлар тарихын оку аркылы окушылар сана-сында «әлеуметтік топтар», «мемлекет», «коғамдық құрылыс» сиякты тарихи ұғымдар калыптасады. «Ортағасырлық қоғамның негізгі белгілері мен ерекшеліктері» деген тарау феодалдық поместье, феодалдык бытыраңқылық, феодалдык қырқысулар, феодалдык саты, шаруалар ту­ралы мағлұматтар беруге бағытталған. Ерте орта ғасырларға тән ірі жер иеленушіліктің дамып, ерікті ша-руалардың басыбайлыға айналуы, натуралды шаруашы-лыктың толык үстемдік қүруы, сөйтіп ертедегі феодал­дык мемлекеттердің ірге тебуі сияқты күбылыстар оку­шылар жадынан орын алады.

Орта ғасырлар тарихының екінші бөлімінен окушы­лар Еуропадағы калалардың өсуі, соған байланысты ХІ-ХУ ғасырларда коғамда болған езгерістер: колонер-дің ауыл шаруашылығынан бөлініп шығуы, қалалык сауда-қолөнер орталыктарының пайда болуы, калалар-дың тәуелсіздік үшін күресі, сауданың дамуы туралы білім алады. Оқушылар орта ғасырдағы католик шіркеуінің коғам өміріндегі кертартпа пиғылымен де танысады.

Үшінші бөлімнен оқушылар Еуропа мемлекеттерінің саяси-экономикалық дамуы, мәдениеті, ағарту ісі мен әдебиеті, ғылыми білімдерінің дамуы, Ұлы географиялык ашулар, Ресейде орталықтанған мемлекеттің кұрылуы, XVII ғасырдағы Ресей жайында окып біледі.

Оқушылардың адамзат қоғамының даму тарихы туралы ғылыми көзқарастарын қалыптастыру, жалпы адамзаттық құндылықтардың мәнін дүрыс түсінуге тәрбиелеу оқыту өдістерін онан өрі жетілдіре түсуді талап етеді.

Әдістемелік оқу күралы мүғалімнің өз білімін окушы санасына ұтымды жеткізуіне көмектеседі. Ол жас мүғалімнің де, тәжірибелі үстаздың да шығармашылық қадамын шектемейді, керісінпіе, ізденуге жол ашады.

Мұғалім тек әдістемелік күралмен шектелмей, жаңа, тың, объективті тарихи зерттеулерді, мерзімді басылымдардағы жаңа ой-пікірлер мен көзқарастарды шығармашылықпен пайдалана білгені жөн.
Өзіндік бақылау сұрақтары:


  1. Орта ғасырлар тарихын мектеп курсының мазмұны қандай?

  2. Хронологиялық шегі мен кезеңдері сипаттама беріңіз?

  3. Қоғамның даму заңдылықтарын ашуға қолайлы курстың негізгі ұғымдары мен жетекші идеяларының мазмұнын ашып көрсетіңіз?

  4. Азия жөне Африка, Америка,Европа елдерінің ортағасырлық тарихындағы негізгі оқиғалар мен процестерге дәйекті сипаттама жасаңыз.


Дәріс тақырыбы: Жаңа және қазіргі заман тарихын оқыту ерекшеліктері.2 сағат.

Мақсаты: Жаңа және қазіргі заман тарихын мектеп курсының мазмұны, курстың негізгі ұғымдары мен жетекші идеялары, Азия жөне Африка, Америка,Европа елдерінің жаңа және қазіргі заман тарихындағы негізгі оқиғалар мен процестерге дәйекті сипаттама беру, жаңа және қазіргі заман тарихын мектепте оқыту ерекшеліктері жайлы білім меңгерту.

Жоспар:

  1. Жаңа және қазіргі заман тарихын мектеп курсының мазмұны, хронологиялық шегі мен кезеңдері. Қоғамның даму заңдылықтарын ашуға қолайлы курстың негізгі ұғымдары мен жетекші идеялары.

  2. Азия жөне Африка, Америка,Европа елдерінің жаңа және қазіргі заман тарихындағы негізгі оқиғалар мен процестерге дәйекті сипаттама.

  3. Жаңа және қазіргі заман тарихын мектепте оқыту ерекшеліктері.

Европа және Америка елдерінің жаңа және қазіргі заман тарихы» курсы әлем мемлекеттеріндегі қоғамының қалыптасу процесін, оның дамуын, тарихи оқиғаларды объективті түрде жан-жақты дамуын нақты тарихи материал негізінде қарастырады.

«Европа және Америка елдерінің жаңа және қазіргі заман тарихы» курсы Европа және Америка елдерінің басқа мемлекеттермен тығыз байланыста болған тарихи оқиғаларын көрсететін тарихтың басты және жалпы тарихи процесстер бағытын ашуға бағытталған.

Пән 17ғ. ортасы мен 20ғ. басына дейінгі Европа, Америка елдерінің тарихын оқытуға арналған. Жаңа тарихты зерттеу бүкіл әлемдік тарихи процесс барысын түсіну үшін қажет. Жаңа тарих кезеңі уақытында капитализмнің әлемдік жүйе ретінде қалыптасуы мен нығаюы жүзеге асады. Жаңа тарих курсы Европа мен Америка елдерінің жаңа тарих кезеңдегі әлеуметтік- экономикалық, саяси және мәдени дамуының заңдылықтары мен ерекшеліктерін анықтауға арналған.

Курс барысында XVII- XVIII ғ. ерте буржуазиялық революциялардың туу заңдылықтарын анықтауға, Европа мен Америка елдеріндегі буржуазиялық мемлекеттіктің қалыптасу кезеңіне, саяси партиялар мен қозғалыстардың пайда болуы мен қызметіне, ұлт- азттық қозғалыстардың дамуына ерекше көңіл бөлінген. Сонымен қатар бұл курс барысында капитализмнің дамуының әртүрлі стадияларының Европа және Америка елдерінің қоғамдық саяси дамуына тигізген ықпалын қарастыруға зор мән берілген.

Шетелдердің ХХ ғасыр тарихының басты мақсаты – Европа және Америка елдеріндегі тарихи процестердің негізгі белгілеріне, құбылыстарына және қарама-қайшылықтарына жан-жақты анализ беру; Шетелдердің қазіргі заман тарихын оқып үйрену жастарға адамзат қоғамының осы дәуірдегі заңдылықтарын қадағалап, әлемде болып жатқан күрделі процестерді дұрыс ұғынуға біздің планетамыздағы өмірді өзгерту ісінде, Республикамызда болып жатқан қайта құруда өз орынын табуға көмектеседі.



Пәнді оқытудың мақсаты:17ғ. -20ғ. басындағы Европа және Америка елдерінің тарихы туралы берік, тұтас білім қалыптастыру;Капитализмнің қалыптасуы мен даму эволюциясының негізгі заңдылықтарымен, жаңа заман тарихы курсы кезеңіндегі әлем елдерінің даму тенденциялары, жекелеме елдердің әлеуметтік-экономикалық және саяси даму ерекшеліктерін ашу.

Тарихи дамудың негізгі тенденцияларын түсінуде маңызды мәні бар негізгі мәселелерді атап көрсетуді мақсат етіп қойды. Қазіргі заман тарихы – бұл, қазіргі уақытпен тығыз байланысты дүние жүзілік тарихтың бір бөлігі. Шетелдердің ХХ ғасыр тарихы осы ғасырдың басындағы әлемде болған терең өзгерістерді оқыта отырып, әрбір тарихи жағдайда бұрынғылардың өзгеріп, әлеуметтік жаңарудың жаңа жолдары мен түрлері пайда болатындығын көрсетеді.



Курсты оқу барысында оқушылар мына төмендегі дағдылар мен икемділіктерді меңгеруі керек:

  • Пән бойынша негізгі оқиғаларды білу;

  • Курстың категориялы-түсінік аппаратын және арнайы терминдерді білу;

  • Оқиғалар мен құбылыстардың негізгі себептері мен болмысын анықтауды меңгеру;

  • өзіндік қорытындылар жасау, пікір білдіру.

  • Оқиғаның мәні мен нәтижесін өзіндік бағалау;

  • Салыстырмалы талдау жасау;

  • әр түрлі көзқарастарды құрастыру және аргумент келтіру;

  • негізгі тарихи құжаттардың мазмұныны білу, оларды талдау,оларды қолдануды білу.

  • Тарихи әдебиеттермен жұмыс жасауды білу, сын тұрғысынан талдау, бағалау.

  • Көрнекті тұлғалардың тарихи портретін дұрыс құрау;

  • Картамен жұмыс жасауды меңгеру.

  • Европа ,Америка елдері тарихи облыстарының картасы және картосхемаларын білу, білім көзі ретінде пайдалану;

  • Тарихты ғылыми кезеңдерге бөле білу негізінде, нақты осы кезеңге қысқаша тарихи анықтама жасай білу, тарихи оқиғаларда, процестерді кезеңмен, заманмен салысытыру, олардың дүниежүзі елдерінің тарихи дамуында алатын орынын анықтау;

  • Тарихи шындықты, обьективті, тарих ғылымының әдістерін (салыстырмалы тарихи, синхронды, ретроспективті және т.б.) басшылыққа ала отырып, фактілерді талдау, салыстыру, жинақтап, қорыту.

  • Деректеме, тарихнамалық көзқарас негізінде, әр түрлі дерек көздерін сын көзбен талдау, салыстыру, өз пікірін дәлелдеу.

  • Тарихи оқиғалармен құбылыстарға, көрнекті саяси , қоғамдық қайраткерлер, ойшылдар қызметіне баға беру. Маңызы, тағылымдары, дүниежүзілік тарихқа қосқан үлесі адамгершілік өлшемдерге сәйкестігі.

  • Тарихи оқиғаларға берілген түрліше көзқарастарды салыстыру, өз пікірін дәлелдеу, айтыстарға қатысу;

  • Қазіргі қоғам дамуының әр түрлі -әлеуметтік, экономикалық, экологиялық және басқа прблемаларын талдауда тарихи білімді қолдана білу;


Өзіндік бақылау сұрақтары:

  1. Жаңа және қазіргі заман тарихын мектеп курсының мазмұны қандай?

  2. Хронологиялық шегі мен кезеңдеріне тоқталыңыз

  3. . Қоғамның даму заңдылықтарын ашуға қолайлы курстың негізгі ұғымдары мен жетекші идеяларды атаңыз.

  4. Жаңа және қазіргі заман тарихын мектепте оқыту ерекшеліктері қандай


Дәріс тақырыбы. Қазақстан тарихын оқыту барысында тарихи білімді қалыптастыру. 2 сағат.

Мақсаты: Мектептегі Қазақстан тарихы курсының мазмұны, тарихи білім мен фактілер, тарихи процесс жайлы ұғымдарын қалыптастыру, білімді меңгерту

Жоспар:


  1. Әдіскерлік құрылымдық талдау - мектептегі Қазақстан тарихы курсының мазмұны.

  2. Тарихи білім мен фактілер. Оның Қазақстан тарихын оқыту процесінде тарихи үғымды қалыптастыру. Окушылардын тарихи процесс үғымды үғынуын қалыптастыру.

Қазақстан тарихы

  1. сынып — Ежелгі Қазақстан тарихы (ежелгі заманнан б.з.
    Ү ғасырына дейін);

  2. сынып — Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы (б.з.
    Ү ғасырынан ХҮ ғасырга дейін) I бөлім;

  3. сынып - Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы (ХҮ
    ғасырдан ХҮІІ ғасырдың аяғына дейін) II бөлім

  4. сынып — Жаңа замандағы Қазақстан тарихы (ХҮІІғ. —
    1914 ж. дейін)

10 сынып —Қазақстан тарихы (1914-1945 ж.ж.)

11 сынып — Қазақстан тарихы (1945 жылдан — қазіргі уақытқа дейін)

Бүның алдында 1991 жылы "Қазақ ССР тарихы" бағдарламасы қабылданган еді, оны оқытуға "СССР тарихы", "Жаңа тарих", "Қазіргі заман тарихы" жөне ҮП-ХІ сыныптардағы "ССРО тарихы" сағаттарын қысқарту арқылы уақыт берідді. Ол бағдарламада: Қазақстанның тарихи дамуының негізгі кезендері нақтырақ көрсетілген. "Қазақ ССР тарихы" дербес курс болып енгізілуіне байланысты тарих ғылымдарының соңғы мөліметгері негізінде, соньшен қатар тарихи оқиғалар мен деректерді жаңа айқындама түрғысынан қайта қарауға және талдауға байланысты оның мазмүны айқындалып, кеңейтілді" (Қазақ ССР тарихы бағдарламалары. 1991. З-б.). "Қазірге дейін пайдаланып келген бағдарламалар мен оқулықтарда Қазақстан тарихының көптеген маңызды тарихи құбылыстары, оқиғалары, деректер, меселелері баяғы бәз қалпында, ескі сарында баяндалып, толық ашып көрсетілмегендіктен" (Сонда, 35-6.) осы олқылықтардың орнын толтыруға тиісті бағдарлама бірқатар кемшіліктеріне қарамастан еліміздің тарихи білім беру жүйесін орнықтыруға үлкен үлсс қоса алды. Осы үлгі негізінде қабылданған 1993 жылғы багдарлама біршама өзгерістерімен қазіргі кезде қолданылып жүрген бағдарламаның негізін қүрады. 5 сыныпта өтілетін "Қазақ елінің тарихы" пәні бүрын түтастай концентрлік мазмүнда оқытылса, қазіргі бағдарламада сынып оқулығы мазмүнының бірінші жартысы тарих курсына кіріспе ретінде жалпылық сипатга, екінші жартысы тарихты оқытудың қайталамау принцип! негізінде еліміз тарихының ең ежелгі кезеңінен бастау алады.

Осылайша тарих пәні бүгінге дейін 5-11 сыныптарда жеті жыл оқытылса, келешскте жаңа бағдарлама бойынша 5 жыл оқытыльш, 9-сыныпты бітірген оқушы тарих пәнінен аяқталған білім алады. Демек тарих пеніне оқу жоспары бойынша белінген 612 сағат 442-ге қысқарады. Осыған байланысты бүған дейін тарихтың жүйелі курсы 6-11 сыныптарда, ал, 5 сыныпта "Қазақ елінің қысқаша тарихы" оқытылып келсе, қазіргі кезде ол курс ықшам-далды. Соған сәйкес жүйелі курс 5 сыныптан басталатын бодцы.

Ал 10-11 сынып оқушылары жергілікті жағдайды ескере отырып, біртіндеп бағдарлы мектеп жүйесіне көшеді. Әзірге бүл сыныптарға қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математика бағытындағы мектеп бағыттары үсынылуда.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет