Тасарық ауылдық округінің 2018-2020 жылдарға арналған кешенді даму жоспары тасарық ауылы, 2018 жыл Кіріспе



бет2/2
Дата19.05.2018
өлшемі295,97 Kb.
#40528
1   2

Кәсіпкерлік

«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 - 2021 жылдарға арналған бағдарламасының» бірінші бағыты аясында қысқа мерзімді кәсіптік оқығандар жоқ. Алдағы 2018 жылы қысқа мерзімді кәсіптік оқуға 2 адам тартылады деп жоспарлануда.

Бағдарламаның екінші бағыты негізінде «Бастау Бизнес» жобасы бойынша 2017 жылы 4 адам оқып, жобаларын қорғап сертификаттарын алды. Оның 2-еуі 1 млн. 500 мың теңге көлемінде Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қорынан несие алып, жеке кәсібін ашып, мал алып айналысуда. 2-уі аудандық кәсіпкерлік палатасы арқылы Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қорынан несие алуға құжаттарын рәсімдеп, кепіл мүлкінің жарамсыздығына байланысты несие алу жұмыстары тоқтап тұр. Алда кепіл мүлкін тауып несие алып, мал бордақылаумен айналысады деп жоспарлануда.

2018 жылға 1 адам «Бастау-Бизнес» жобасы бойынша оқуға тіркеліп, конкурстан өтіп, кезегін күтуде. 2018 жылы 3 адам «Бизнес Кеңесші» жобасы бойынша курстан өтіп, грантқа жобаларын ұсынды. (Копжанова Балхия, Дабылов Шынжырбай, Куанышбаева Гулзира).

Бағдарламаның үшінші бағыты бойынша жастар тәжірибесінен өткендер жоқ. 2 адам әлеуметтік жұмыс орындарына, 10 адам ақылы қоғамдық жұмыстарға тартылса, 2 адам тұрақты жұмысқа орналасты.

2018 жылы жастар тәжірибесінен өтуге 1 мамандық түрі бойынша 1 арнаулы оқу орнын бітірушінің құжаттары тапсырылды.

Бағдарламаның үшінші бағыты аясында жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамту, тұрмыс жағдайын жақсарту мақсатында «Өрлеу» жобасы бойынша 2 отбасы қаржылай әлеуметтік көмек алып, уақ малдар сатып алып, өсірумен айналысуда. «Өрлеу» жобасы бойынша жәрдемақы алған 2 отбасының 2 адамы тұрақты жұмыспен қамтылды.

«Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы бойынша «Бизнес-Кеңесші» бағдарламасы арқылы Қызылорда облыстық кәсіпкерлер палатасының Қазалы аудандық филиалында 2017 жылы оқу курсынан өткендер жоқ.

«Сыбаға» бағдарламасы бойынша округ бойынша кәсіп жасап жатқандар жоқ. Алдағы 2018 жылы бағдарламаға 1 адам тарту жоспарлануда.

Әлеуметтік қолдау, жұмыспен қамту. Округ бойынша жыл көлемінде 18 жасқа дейінгі баласы бар 13 отбасының 53 баласына 481366 теңге балалар жәрдемақысы төленді. 38 адам жұмыс іздеуші ретінде тіркеліп, оның 14-і тұрақты, 15-і маусымдық жұмысқа, 9-ы ақылы қоғамдық жұмысқа тартылды.

2017 жылы желтоқсан айында Тәуелсіздікке тарту ретінде «Тәуелсіздік – Ұлы дала ұрпақтарына аманат» атты акциясы өтіп, мерекелік концерт берілді. Аталар арманы, бабалар намысымен жеткен Тәуелсіздік талай ерліктің, еңбектің жемісі. Отанды сүюге, ел байлығын қорғауға, болашақ Отанымыз Қазақстанды өркендетуге білімді жас ұрпақтың керек екендігін түсіндіру.

Округ көлеміндегі мекемелер, кәсіпкерлер, мекеме қызметкерлері демеушілікпен әртүрлі заттар, киімдер, оқу-құралдарын т.б. артылған заттарын өткізіп, тұрмысы төмен, мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасыларға тегін таратылды, қайырымдылық жұмысы әлі де жалғасып келеді.

Ауылшаруашылығы. Округ көлемінде мүйізді ірі қара 1072 бас, уақ мал 2824 бас, жылқы 511 басты құрады. Оның ішінде, 82 бас мүйізді ірі қара, 100 бас уақ мал, 9 бас жылқы «Мақсатбаев» шаруа қожалығының, 28 бас мүйізді ірі қара, 27 бас жылқы «Бекқожа» шаруа қожалығының, 111 бас мүйізді ірі қара «Жасұлан» шаруа қожалығының үлесінде.

Халық иелігіндегі барлық мал басы бірдейлендіріліп, компьютерлік базаға енгізілген.

Қызылорда облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасынан ауылшаруашылығына қажетті насос ( су айдау құралы) 6 538 560 теңге қаржыға Тасарық ауылдық округі әкімі аппаратына берілді.

Құрылыс. 2017 жылы округ бойынша 3 жеке тұрғын үй жаңадан салынды. Лақалы ауылынан 2017 жылы типтік жобадағы 100 орындық мектеп ғимаратының құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді.

Көркейту-көгалдандыру және абаттандыру жұмыстары бойынша ауылдық округте санитарлық тазарту жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Тасарық, Лақалы ауылдары орталықтарынан 2 га жерге егілген 1122 түп көлеңкелі ағаш күтімге алынды.

Сондай-ақ, ауылдық округті көркейту мақсатында «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес жергілікті салық түсімдерінің есебінен округ бойынша 2016-2017 жылы 1138,2 мың теңге, 2017 жылы 1404,6 мың тенге түсім түсіп, барлығы 2542,8 мың теңге қаржы жиналды. Осы аталған қаржының 1134,8 мың тенге қаржыға Тасарық ауылынан екі қорым және Лақалы ауылынан бір қорым қоршау жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар Лақалы ауылынан Социолистік Еңбек Ері Алимаев Кәрібоз ағамыздың атындағы бақ қоршалды.



Көше жарықтандыру жұмыстары бойынша Тасарық, Лақалы ауылдары орталығындағы 3 көшеге түнгі жарық шамдары орнатылған. Олар Тасарық №1,2 көшесі, Лахалы №1 көшесі. Алдағы уақытта Ш.Қанатбаев атындағы, Тасарық №3, Лақалы №2,3 көшелерін жарықтандыру жұмыстары жоспарланып отыр.

Ауыз су. Округ көлемінде«Арал-Сарбұлақ» топтық су құбыры арқылы 171 отбасы мен 7 әлеуметтік нысан ауыз су пайдаланып отыр. Барлық үйлер мен әлеуметтік нысандарға сервистік жүйемен су кіргізілген.

Байланыс. Ауылдық округте телефон нүктелерінің саны 143, оның ішінде, жеке 134 телефон нүктесі бар. Округ тұрғындары теледидардан 2 бағдарламаны тамашалай алады. Сонымен қатар 111 отбасы Ұлттық «Отау» телеарналарын тамашалауда.

Халыққа почта байланыс бөлімшесі қызмет көрсетеді. Зейнетақы мен жәрдемақы төлемдері және газет-журналдар уақытылы таратылуда.



Білім, денсаулық сақтау, мәдениет. Округте 2 мектеп орналасқан. №238 орта мектеп 2010 жылы пайдалануға берілген.№238 мектептеоқу жылында 111 оқушы білім алуда Биылғы ҰБТ –ға мектеп бітіруші 6 оқушының 5-еуі ҰБТ – ға қатысты. ҰБТ қорытындысы бойынша орташа балл 91,5 балды көрсетті. Сонымен бірге бір оқушы «Үздік аттестат» иегері болды. Мемлекеттік грантты 4 оқушы жеңіп алды. Бір оқушы жоғары оқу орына ақылы негізде оқуға түсті. Елбасының «Болашаққа бағдар- рухани жаңғыру» мақаласы аясында «Туған жерге тағзым- мектебіме тағзым» акциясына орай ұйымдастырылған туған жерден шыққан түлектерді шақыру мақсатында кездесу кеші өткізілді. Кешке басқа жақта қызмет жасап жатқан 14 түлек шақырылды. Мектеп жанынан салауатты өмір салтын қалыпастыру мақсатында облыс әкімінің қолдауымен «Қазақша күрес» класы ашылды. №93 орта мектепте 2017 оқу жылында 102 оқушы білім алуда. Биылғы ҰБТ –ға мектеп бітіруші 3 оқушының 3-еуі ҰБТ – ға қатысты. ҰБТ қорытындысы бойынша орташа балл 93,2 балды көрсетті. Мемлекеттік грантты 3-і де оқушы жеңіп алды

Денсаулық. 2010 жылдың қараша айынан бастап Тасарық, Лақалы ауылдарында жаңа үлгіде салынған екі медициналық бекеттерінің ғимараттары пайдалануға беріліп, ауыл тұрғындары және мекеме қызметкерлері игілігін көруде. Денсаулық сақтау бекеттері қажетті құрал жабдықтарымен жабдықталған. 1 жедел жәрдем көлігі, 2 фельдшер қызмет жасауда. Түрлі ауруларға қарсы егу жұмыстарын уақытылы жүргізіп келеді.

Округ көлемінде 2 ауылдық клуб бар.



Елбасымыздың «Болашаққа бағдар, рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын негізге ала отырып, қаймағы бұзылмаған қазақ елінің ұлттық салт – дәстүрі мен өнерін кеңінен насихаттау, мәңгілік ел болуға ұмтылған, өнерлі балалардың патриоттық сезімдерін арттыру, көркемөнерпаздар ұжымының жұмысын жандандыру байқаулары өтіп келеді.
Елді мекеніндегі шешілетін мәселелер:


  1. 2 көшеге орташа автомобиль жолдарын салу (Тасарық №1,2 көшелері)

  2. Көше жарықтандыру;

  3. Аяқ сумен қамтамасыз ету;

  4. Абаттандыру;

  5. Әлеуметтік объектілерді жөндеу;

  6. Ауыл орталығына жастар алаңын салу.

  7. Шағын бизнесті қолдау және дамыту


Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Тасарық ауылдық округінің 2018-2020 жылдарға арналған

КЕШЕНДІ ДАМУ ЖОСПАРЫ.





Іс шаралар

Аяқталу формасы

Жауапты орындаушы

Жүзеге асыру мерзімі

Шығындар

(млн. тенге)

Қаржыландыру көздері

Ашылатын жұмыс орны

1

2

3

4

5

6

7

8

1. Үйымдастыру іс шаралары.

1.1

Тасарық ауылдық округіндегі шағын және орта бизнес құрылымдарының өндірістік, элеуметтік инженерлік, көлік құрылымын және тұрғын үй қорын зерттеу.

Аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөліміне ақпарат

Тасарық ауылдық округінің әкімі

Ақпан 2018 жыл










1.2.

Тасарық ауылдық округіндегі бәсекелестік әлеуеті және даму кеңістігін зерттеу.

Аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөліміне ақпарат

Тасарық ауылдық округінің әкімі

Ақпан 2018 жыл










1.3

Шаруашылық құрылымдарының кәсіпкерлік белсенділігін бағалау және өндірген өнімнің өткізу рыногын зерттеу.

Аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөліміне ақпарат

Тасарық ауылдық округінің әкімі

Сәуір 2018 жыл










1.4.

Аудан, ауыл әкімдігі және шаруашылық құрылым жетекшілерімен меморандум жасасу.


Меморандум

Аудан, ауыл әкімдігі және шаруашылық жетекшілері.

Мамыр 2018 жыл










1.5

Тасарық ауылдық округінің әлеуметтік экономикалық даму жоспарын халық жиынында талқылау.

Қоғамдық кеңестің хаттамасы

Тасарық ауылдық округінің әкімі

Наурыз 2018 жыл










2. Елді мекенінің экономикалық дамуы.

5

Тасарық ауылының орталығынан "Жастар алаңын" ашу

Аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөліміне ақпарат

Тасарық ауылдық округінің әкімі

2018 ж.

ЖСҚ

Бюджет есебінен




6

Жаңадан мешіт құрылысын салу.

Аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөліміне ақпарат

Аудандық мәслихаттың депутаты, "Бақыт" шаруа қожалығының төрағасы

2019 ж.

-

Өз қаражаты




7

Балабақша құрылысын салу

Аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөліміне ақпарат

Ақжона ауылдық округінің әкімі

2022ж.

ЖСҚ сәйкес

Бюджет есебінен




Индустриалдық – инновациялық жобалар

1

Шаштараз ашу және тиісті органдарға тіркеу



Аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөліміне ақпарат

Ауыл тұрғыны Т.Булебаев

2018 ж. ІІ жарты жылдық

0,45

Өз қаражаты есебінен.




1. Елді-мекеннің әлеуметтік инфроқұрылымы

1.1.

- автомобиль жолдары және жаяу жүргіншілер жолдарының ЖСҚ дайындау

Аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөліміне ақпарат

Аудандық ТҮКШ АЖ бөлімі.

2019ж.

36,0

Бюджет есебінен




1.2.

- көшелерді жарықтандырудың ЖСҚ дайындау.

Аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөліміне ақпарат

Аудандық ТҮКШ АЖ бөлімі.

2019 ж.

5,0

Бюджет есебінен




1.3.

Көшенің жарық шамдарына техникалық қызмет көрсету жұмыстары.

Аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөліміне ақпарат

Тасарық ауылдық округі әкімі

Жыл сайын

1,0

ЖӨӨБ есебінен




1.4

Тасарық учаскесіне кіре беріс жолында орналасқан паспортының ЖСҚ дайындау

Аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөліміне ақпарат

Тасарық ауыл округі әкімі аппараты

2018 ж.

3,0

ЖӨӨБ есебінен




1.5

Тасарық ауылдық округінің абаттандыру, көркейту-көгалдандыру.

Аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөліміне ақпарат

Тасарық ауыл округінің әкімі, инвестор (келісімі бойынша)

Жыл сайын

0,4

Бюджет есебінен




2. Әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды дамыту

2.1

Жаңадан ауылдық клуб ғимаратын салу

Аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөліміне ақпарат

Тасарық ауылдық округінің әкімі

2020 ж.

ЖСҚ сәйкес

Бюджет есебінен




2.8

Тасарық ауылдық округінің даму сызбасына сәйкес даму аймағына :






















- автомобиль жолдары және жаяу жүргіншілер жолдарын салу

Аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөліміне ақпарат

ТҮКШ АЖ бөлімі

2018-2020 ж..

ЖСҚ сәйкес

Бюджет есебінен




2.10

Тұрмыстық қатты қалдықтар полигонын салу

Аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөліміне ақпарат

ТҮКШ АЖ бөлімі

2020 ж.

ЖСҚ сәйкес

Бюджет есебінен




3. Индустриалдық – инновациялық жобалар

2

Балық тоғанын ашу

Аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөліміне ақпарат

Жеке кәсіпкер М.Махсатбаев

2018-2019 жж

2,0

Өз қаражаты және қосымша қаржыландыру.

2 жұмыс орны







Іс шаралар

Аяқталу формасы

Жауапты орындаушы

Жүзеге асыру мерзімі

Шығындар

(млн. тенге)

Қаржыландыру көздері

Ашылатын жұмыс орны

1

2

3

4

5

6

7

8

8

Тасарық ауылдық округінің инфрақұрылымын (жол, электр, телекоммуникация, ауыз су) дамыту және орналастыру жұмыстары. (барлығы 10 көше)

Аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөліміне ақпарат

ТҮКШ АЖ бөлімі

2018-2020 ж.



Бюджет есебінен






Тасарық ауылдық округі бойынша

жобалық сметалық құжаттары дайын жобалар.


р/с

Жоба атауы

Жоба құны, мың тг

Жобаның әзірленген уақыты

1










2










4








































Жиыны оның ішінде:






















Республикалық бюджет






















Облыстық бюджет






















Аудандық бюджет






















Жеке қаражат



















Каталог: bugingroup zend -> kazaly -> public -> admin
admin -> Білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы
admin -> Қазалы ауданының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасының іске асырылуы туралы есеп
admin -> Жылдарға арналған Қазалы ауданының аудандық деңгейдегі азаматтық бюджет
admin -> АТҚарылған жұмыстар мен жаңа міндеттер
admin -> Жылдарға арналған Қазалы ауданының аудандық деңгейдегі азаматтық бюджет
admin -> БАҒдарламасы бозкөл ауылы, 2018 жыл Кіріспе
admin -> БАҒдарламасы 1 сурет: ауыл картасы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет