Техникалық және кәсіптік білім беру Алматы қаласының Денсаулық сақтау Басқармасы


Жүрек қан-тамыр жетіспеушілігі кезінде жүргізілетін емдік дене шынықтыру



бет12/23
Дата06.02.2022
өлшемі452,77 Kb.
#80020
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   23
Байланысты:
ЛФК дәріс

Жүрек қан-тамыр жетіспеушілігі кезінде жүргізілетін емдік дене шынықтыру
Жүрек қан-тамыр жетіспеушілігі бар науқастарға жүрек әлсіздігінде және басқа асқынуларда дәрілік еммен қатар емдік дене шынықтыру тағайындалады. Бұндай науқастарға ЕДШ-ның жеңіл түрі қолданылады. ЕДШ қолданғанда жүректің тәж тәрізді қантамырлары кеңейіп, оттегі алмасуы гликоген мен АТФ қоры көбейеді. Жүректегі қан айналым шеңбері жақсарады.
Жүрек қан-тамыр жетіспеушілігі кезінде мынадай жаттығулар тағайындалады:

  • Науқасты оң қырымен жатқызып, сол қолын көтеріп түсіреді. 4-5 рет қайталайды;

  • Науқасты арқамен жатқызып, оң және сол қолын кезек-кезек жұмылдырады. 5-6 рет қайталайды;

  • Науқасты арқамен жатқызып, аяғын біраз жоғары көтеріп тұрады. 3-5 минут жоғары ұстап тұрады.

Науқастармен ЕДШ жүргізген кездегі медицина қызметкерінің міндеті: физикалық күш түсіргендегі науқастың жағдайын бағалау, яғни шаршау қарқындылығын, жүрек соғысын, ентігуін, дене түсінің өзгеруін бақылап, қадағалап отыру керек.
Неврологиялық аурулардағы емдік дене шынықтыру
Әртүрлі себептерден болған жарақаттар шеткі нерв жүйесін зақымдайды. Нерв жарақаттану дәрежесіне, клиникалық белгілеріне байланысты әртүрлі болады. Неврологиялық аурулар кезіндегі орындалатын емдік дене шынықтырудың тапсырмалары:

Радикулит кезіндегі емдік дене шынықтыру ауырсынуды басуға, қимыл-қозғалысты үдейтуге бағытталады. Жаттығулар тұрып, арқамен жатып жасалады.

  1. Арқамен жатып жасалатын жаттығулар:

  1. аяқты алға бүгіп, жазу;

  2. аяқты жоғарыға көтеріп, бүгіп, жазу;

  3. аяқты, белді жоғары көтеріп, қозғалысқа келтіру.

  1. Бір қырмен жатып жасалатын жаттығулар:

  1. белді алға бүгу, жазғанда оң аяқты алға тік ұстау;

  2. оң аяқты алға артқа сермеу.

  1. Төрт аяқтап тұрып жасалатын жаттығулар:

  1. ішті ішке тартып, оң аяқты алға, артқа, жоғары көтеру.

  2. Ішті ішке тартып, сол аяқты алға, артқа, жоғары көтеру;

  3. оң аяқты жоғары көтеріп, қозғалысқа келтіру;

  4. сол аяқты жоғары көтеріп, қозғалысқа келтіру.

Қозғыш немесе жарақат алған науқасты бірінші тыныштандырамыз.Емдік дене шынықтыруды науқас өзін жақсы сезінгенде, дәрігердің рұқсатымен жасаймыз. Науқастың жағдайына қарап жаттығудың түрін таңдаймыз. Тағайындаған жаттығуымыз науқасқа еш ауыртпалық тусірмеу қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет