Телебаѓдарламаларды редакциялаудыњ негіздері



бет4/11
Дата01.03.2023
өлшемі232,5 Kb.
#170703
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Шындалиева М.Б. Телебағдарламаларды редакциялау
-9786012473209, 1619113164

Сценарийлік өтініш

Хронометраж: 15 минут


Қайталануы: аптасына екі рет
Аудиториясы: декреттік демалыстағы аналар, келешек ұрпақ тәрбиесіне мән беретін басқа да үй шаруасындағы әйелдер.
Әрбір ана (егер ол бірінші рет босанған болса) баласын тәрбиелеу мен өсіруде көптеген сұрақтарға жауап іздейді. Олар әр түрлі: техникалық түрдегі сұрақтардан қомақты сұрақтарға дейінгі мәселелерді қамтиды. Көптеген аналар бала тәрбиесіне арналған әдебиеттерді сағаттап оқиды. Сонда да ақпарат өте аз және жас аналар барлық кеңеске құлақ асады.
Бағдарламаның негізгі мақсаты.

  • Бала тәрбиесіне байланысты дұрыс кеңес беру;

  • Аналарға өсіп келе жатқан баласынң мінез-құлқын анықтауға мүмкіндік беру;

  • Тәрбиелік методикалармен жұмыс жасау;

  • Қай жағдайда ана өзі шешім қабылдай алады, ал қай кезде маманның көмегі қажет екенін айқындауға көмек беру;

  • Жас аналарға көмек көрсету.

Кеңес уақытында «Мамина школа» бағдарламасы үлкен сұранысқа ие болды. Қазіргі кезде де жас аналар мамандар кеңесін қажет етеді, теледидар бағдарламаларын да зор ынтамен тыңдайды.
Айдарлар:

  1. «Малыш» – жаңа туған нәрестелер мәселесіне арналған айдар. Қалай тамақтандыру, жақсы ұйықтау үшін не істеу керектігі жөнінде материалдар;

  1. «Домашний доктор» – медициналық айдар. Дәрігер кеңестері;

  1. «Спокойствие, только спокойствие» – психолог кеңестері;

  2. «Методичка» – тәрбиелік әдістемелер таңдауға мүмкіндік береді;

  3. «Папин день» - әкелерге арналған айдар;

  4. «Домашняя кухня» – түрлі жас аралығындағы балалардың тамақтануы;

  5. «Советы из сундука» - әжелердің кеңесі;

  6. «Разные дети» – ақыл-есі жетілмеген балалар жайындағы айдар.

Өзіміз байқап отырғандай, бұл өтінішті кәсіби журналист дайындаған.
Егер автор теледидарға жаңа келген болса, оны міндетті түрде теледидар бағдарламасын дайындау технологиясымен, әдеби сценарийдің түрлі формаларымен таныстыру қажет.
Автормен танысу үшін онымен келіссөз жүргізу керек.
Бағдарлама дайындауда режиссер мен оператордың қызметі ерекше.
Автор ұсынған өтініш, сценарий мен материал редактор тұрғысынан жақсы қабылдануы тиіс. Редактор оператор қарым-қатынасы сценариймен жұмыс жасау кезінде үзілмеуі тиіс. Редактор кеңестерімен авторға көмек береді. Сценарий экранға шығуға арналады, сондықтан редактор тәжірибесінің жалпы қабылданған әдістерімен шектелу жеткіліксіз. Редактор авторды бейнематериалмен таныстырады, түрлі ұйымдарға, мұражай архивтерге еркін кіре алуына жағдай жасау керек.
Сценарийдің редакторлық сараптамасы оның автормен ары қарайғы қарым-қатынасының характерін айқындайды.
Теледидар тәжірибесінде редактор автор-маманның пікіріне құлақ салатын кездер аз болмаған.
Бірақ осыған қарамастан, редактор жұмысының жауапкершелі мол.
Әдеби өңдеу аяқталғанымен, автор мен редактордың жұмысы аяқталмайды. Автор бейнелік материалдар таңдауға қатысады, синхрондық сьемкалар өткізеді, сценарийдің дұрыс орындалуын қадағалайды, жетіспеген жерлеріне түзетулер мен өзгертулер енгізеді.
Жедел түрдегі бағдарламаларға тұрақты, әрі тәжірибелі авторды алған жөн. Ол жұмысты әлдеқайда жеңілдетеді.
Редактордың міндеті мен қызметі әрдайым өзгеріп отырады. Аудиторияның әр түрлілігі мен көптігі эфирге шығып отырған адамнан көп нәрсені талап етеді. Ең алдымен, ол өз пәнін жақсы меңгеру керек. Даралық, шынайылық аудитория ойын жетілдіреді. Мысалы, кей кезде эфирдегі адам дұрыс сөйлеп тұрса да, оның көздері мүлде басқа нәрсені айтып тұрғандай болады. Тақырыпқа деген мұндай үстірт көзқарас көрерменге де беріледі. Мұндай қателікті болдырмау үшін редактор бағдарлама мазмұнына аса көңіл бөлуі қажет. Экранға шығуының беделі де үлкен роль ойнайды.
Газеттің жарияланымды оқырман ойының күші мен тереңдігіне байланысты бағалайды. Ал теледидарда оған тағы бір аспект қосылады: ол эфирдегі адамның бет-әлпеті, өзін-өзі камера алдында ұстауы. Редактор бұл жерде хабар кейіпкерін режиссермен бірігіп таңдауы қажет.
Автор – жүргізуші таңдалған кезде, редактор онымен экранда көтерілетін мәселе төңірегінде ой қозғайды, бағдарлама уақытын және т. б. белгілейді.
Репортажға негізделген бағдарламалардың негізгі міндеті – деректі материал берудің драматургиялық формасын іздеу. Тек қана съемка обьектілерін таңдап қоймай, мәселе зерттелуінің негізгі бағытын анықтау қажет.
Соңғы жылдары теледидар тәжірибесінде жүргізушінің жаңа типі – модератор пайда болды. Ол – теледебаттар мен түрлі дискуссиялар, телемост, ток-шоу жүргізушісі. Алайда, оның қызметі әлі толық белгіленбеген. Егер сөздің этимологиясына үңілер болсақ, латын тілінің музыкалық терминіне сәйкес келеді.
Модератор – бағдарлама компоненттерін бір жерге жинақтайтын тележүргізуші деп те айтуға болады. Модератордың басты ережесі – дискуссия жүргізушісі оның қатысушысы бола алмайды. Қатысушыларға кедергі жасамай, ол уақыттың адал бөлінуін қадағалайды. Ол сұрақ қоя алады, түсінбеген жерін нақтылап сұрай алады.
Дискуссиялық бағдарламаларда журналист репортер сияқты іздеу жүргізеді, бірақ ол дерек емес, ақиқат іздейді.
Бұл мамандық бізге Батыстан келді. Ол жақта журналист-модератор жүргізетін бағдарламаның беделі өте жоғары, ол ең танымал бағдарламалар болып есептеледі. Біздің журналистерге өз білімдерін шыңдай түскен қажет. Қазіргі кезде модератор ролін кәсіби тележурналистер ғана атқара алады.
Телебағдарлама жүргізушілері туралы айта келе, қазіргі кездегі ең танымал шоумен мамандығына тоқталып өтейік. Шоу дегеніміз – қойылым. Ал «ток-шоу» ұғымы «сөздік қойылым» дегенді білдіреді. Шоуменнің актерлік қабілеті жоғары болуы тиіс. Қарым-қатынас орнату, жылдам реакция ол үшін аса қажет қасиеттер. Мұндай бағдарламалар әр түрлі бола алады. Бірақ оларды қабылдау әлдеқайда оңайырақ. Ток-шоуға қажетті нәрсе – оның қатысушылары болуы шарт. Жүргізуші мен кейіпкерлерден басқа, оны бағалайтын эксперттер міндетті түрде керек. Мысалы, АҚШ-та көп жылдар бойы «Шоу Опры», «Донахью шоу» бағдарламалары өткізіліп келеді.
60-шы жылдар мен 70-ші жылдың басында Валентина Леонтьевнаның «От всей души» бағдарламасы аса танымал, әрі беделді болды. Ол өз жанрлық талаптарына сай еді. Бірақ ол кезде біз «ток-шоу» сөзін білмедік. Қазіргі кезде ОРТ арнасында «Ищу тебя» бағдарламасын Игорь Кваша жақсы жүргізіп келеді.
Ал, В. Леонтьева бастапқы бағдарламаның авторы болған емес. Ол тек қана диктор, СССР-дің халық әртісі. Бағдарламаның көп жері оның әртістік қабілеті арқасында ұсталып тұрды. Оның сценарийін басқа адамдар – журналистер жазды. Бірақ, ток-шоу жанрында актерлік шеберлік пен байланыс орната алу мүмкіндігі бірінші орынға шығады. Ток-шоудың көрермен ықыласын жаулап алу үшін жақсы сценарий дайындай алатын шығармашылық топ қажет.
Осылайша, телебағдарлама редакциялануындағы дайындық кезеңі, негізінен, ұйымдастырушылық – шығармашылық характерде болады. Өйткені теледидардағы ұйымдастырушылық жұмыс - әдеби жұмыспен тығыз байланыста. Оларды бір-бірінен бөліп қарау мүмкін емес.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет