Тұрсын ЖҰртбай „Ұраным алаш!


Міне, екі түркі халықтарының текті тұқымынан тараған Дәулет бауырымыздың хатына байланысты әзірге білгендеріміз осы»



бет52/242
Дата22.12.2021
өлшемі8,42 Mb.
#494
түріБағдарламасы
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   242
Міне, екі түркі халықтарының текті тұқымынан тараған Дәулет бауырымыздың хатына байланысты әзірге білгендеріміз осы».

Біздің де Мұхамеджан Тынышбаев туралы әзірге білгендеріміздің ұзын-ырғасы осындай.

Ал түрме әфсанасына қатысты қамтылмаған мағлұматтар өзге куәлардың айғақтарында қосымша дерек ретінде келтіріледі.

Әзірше тәмәт-тәмәм.

ҮШІНШІ ТАРАУ: «БОСТАНДЫҚТЫҢ АЯТТЫ ЖАСЫЛ ТУЫН ТІККЕН...»

(Халел Досмұхамедов, Жаһанша Досмұхамедов және...)

1.

«Сталин қазақтың жауапты қызметкерлерін бір-біріне қарсы қойып, қидаластыру арқылы бұл халықты зиялылардан айырды»,– дегенге саятын Троцкийдің пікірі ақиқат.

Бұрын бұл жазалау саясатының көп қитұрқысының бір тәсілі ретінде қаралатын. Құпия құжаттармен дендеп танысқан сайын мұның нақты және ең аяр саясат екені деректі дәлелмен ашыла бастады. Және Каширин, Якубовский, Альшанский сияқты кәнігі арандатушыларды олардың соңына тұрақты түрде салып қойды. Олар, бірінші кітапта айтылғанындай, үш айда, жарты жылда, жыл аяғында Мәскеуге есеп беріп, арандатудың жаңа тәсілдерін алдын-ала қарастырып, жансыздарды дер кезінде «сіңіріп» отырды.

Сонымен қатар «ескі көздер» мен «жаңа көздердің» жазбаларын, мұрағаттарын, құпия күнделіктерін, өзара жазысқан хаттарын тіміскілікпен де, сұғанақтықпен де пайдаланды. Тіпті ерлі-зайыптылардың екеуара «жүрекжардысы» да тергеудің кәдесіне жаратылды. Сондай қатерден сақтанған алаш қайраткерлері өзінің жеке мұрағаттарын құпия сақтады немесе үнемі көзін жойып отырды. «Алашорда» туралы жинақ құрастырғанда өздерінің тек құпия тыңшылар мен жандармерияның жасырын мәліметтеріне сүйенген Брайнин мен Шафиро:

«Осымен қатар басқа бір мәселені қозғай кеткім келеді. Айтушылар бізді: тек қана жандарм мекемесінің құжаттарын пайдаланды – деп айыптайды, мұның да жөні бар. Мәселе: бұл құжаттарды пайдалануға бола ма, жоқ па, - деп қойылып отырған жоқ, мәселе – бұл құжаттарды қалай пайдалануда»,– деп (Алаш қозғалысы, 4 том, 73-бет) қысылып-қымтырылмастан ашық мойындады.

Ал қандай құжатты, қай кезде, кімге қарсы және қалай пайдалануды кеңестік күркілдер білетін. Сондықтан да негізінен жандармерия мен ОГПУ тергеушілері жинақтаған тыңшылық құжаттардан құрастырылған «Алашорда» туралы мұрахаттардың тек қана айыптау бағытындағы әшкерелеуші дерек ретінде қызмет еткені түсінікті.

Өкiнiшке орай, уәжге құлақ аспайтын, оған пәрменi де жетпейтiн, пәйнегi де шыдамайтын, тергеушiлердiң ықпалында кеткен, ақыры өзi де арандап тынған жалақорлар мен жалтақтар да әдiлетсiздiктiң үстемдiк құруына септiгiн тигiздi. Түрме iшiне жiберiлген тыңшылар жауапқа тартылғандардың әрбiр сөзiн қағыс қалдырмай қожайындарына жеткiзiп отырды. Солардың сыпсыма өсектерiнiң негiзiнде айып қорытындысы әзiрленiп, сұрақ қойылды. Тiкелей «Алашорда» үкiметiне қатысы жоқ, жай ғана желеумен жауапқа тартылғандардың арасында «салпаңқұлақтардың» кiрiп кетуi әбден мүмкiн. Тергеуге жетпiстен астам адамның алынуы да күдiк келтiредi. Олар бiр-бiрiн жақсы да тани бермейтiн.

Сондай-ақ, «үштiктiң» қарамағына көшкендерге қинаудың қандай да болсын түрлерiн қолдануға еркiндiк берiлген арнайы жарлық та бар болатын. Сол үшiн әрбiр түрменiң iшiнен ыстық, суық камералар жасақталды. Мұны «ұлы құрбандықтарға» да қолданғаны күдiк тудырмайды. Оған ОГПУ-дiң Мәскеудегi Шығыс бөлiмiнiң бастығы Дьяковқа Орта Азия бөлiмiнiң бастығы Каруцкий мен Шығыс бөлiмшесiнiң бастығы Круковскийдiң:






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   242




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет