Тұрсын ЖҰртбай «Ұраным алаш!»



бет33/61
Дата16.11.2016
өлшемі10,06 Mb.
#1885
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   61

Соның нәтижесінде Бекхожиннің, Аманжоловтың, Тәжібаевтің туындыларындағы өрескел қателіктерді БКАП(б) ОК-і орынды сынады. Сын мен өзара сынның, саяси-тәрбиелік жұмыстың жоқтығы Бекхожин мен Аманжоловтың өмірден қол үзуіне, Аманжоловтың жалаң эстетикаға, Тәжібаевтің символизмге, Бекхожиннің буржуазиялық ұлтшылдыққа .ұрынуына алып келді. Соның нәтижесінде идеялық жат туындылар, топшылдық пайда болды. Тез өсіп келе жатқан ақын Бекхожин 1940 жылы бәрімізге белгілі «Науан батыр» дастанын жазды, онда Кенесары Қасымов пен оның інісі Науан барынша дәріптелді. Кенесарыны қазақ халқының көсемі ретінде асқақтата жырлады, ал біз оның тек қазақ халқының ғана емес, орыс пен қырғыз халқына да қарсы күрескенін білеміз. «Науан батыр» дастанында Бекхожин: Наурызбай өзінің қаһарлы ағасын сүйді, туған тауларын сүйді, халқын сүйді,– дейді. Бұл жолма-жол аударма әлсіздеу болуы мүмкін. Бірақ оның ойы айқын.

Батырлар сүюші еді Кене ағасын,

Кененің кең пейіштей Сарыарқасын,– дейді. Немесе:

Қазақ ек ала киіз туырлықты,

Такаббар, менсінбеуші ек басқа жұртты,–

деп Бекхожин бұл сөзді Кенесарының бауыры Науанның ойымен жеткізеді.

1944 жылғы «Шеру» жинағына енген қазақ жауынгеріне арналған өлеңінде:

Мен сүйдім елдің ұлы ер екен деп,

Кешегі Кенекеме тартып туған,– дейді.

Ол қазақ жауынгерлеріне осылай бағыт береді.

1948 жылы Бекхожин өзінің жинағында колхоздың шопаны туралы: «Отарлы қой итарқада жатыр күйсеп»,– деп жазды. Ақын Бекхожин – кеңес азаматы, ұлы отан соғысының қызған кезінде бір жауынгерді өзінің өлеңінде Кенесарыға ұқсаңдар деп үгіттейді, ал екінші өлеңінде колхоздың қойшысын «софыға» теңеп, әулие жасағысы келеді. Сөйтіп ол қазақ даласын қалай сүйсе де, Бекхожин сүйген дала – революцияға дейінгі кейбір ақындар суреттеген дала, міне, Бекхожиннің бұл туындысы осындай боя арқылы ұлтшылдықпен үндесіп жатыр. Бұл туындылар еліміздің қоғамдық өмірімен, өндіріспен, колхоз құрылысымен байланыспайды, керісінше, революцияға дейінгі Қазақстандағы өлеңдерде айтылатын қайдағы бір діни ағымдағы софымен жалғасып жатады.

Мұның барлығы бізге, Бекхожин жолдастың дұрыс жолмен жүрмегенін, Қазақстанның тарихын бұрмалап, Кенесарыны дәріптегенін, өзінің соңғы туындыларында бүгінгі күннің шындығын боямалағанын айтуға мәжбүр етеді. Бекхожин «Мариям Жагорқызы» дастанында да өрескел қателер жіберді. Алайда, кейбір жолдастар, орыс қызының тағдырын мұсылмандықты қабылдаумен аяқтайды – дейді, ондай жағдай бұл дастанда жоқ, ондай өрескел ұлтшылдық та жоқ!

Бекхожиннің ақын замандасының бірі Аманжолов, оның да фамилиясы ҚК(б)П Орталық Комитетінің шешімінде аталып өтеді. 1951 жылы 14 тамыздағы осы қаулыда Қасым Аманжоловтың фамилиясы ұлтшыл қателіктер жібергендердің қатарында аталады... Қасым Аманжолов «Жалған дүниеге менің де бабам кетті», − деп өкінеді. Бұған автор ғана емес, оны қарап шыққан адам да кінәлі. Ал 1951 жылы жазған өлеңінде бұрынғы азиялық шығыстың аңызға айналған құдіретін жоқтады. Сондықтан да Аманжолов БК(б)П-ның қаулысына тегін аталып отырған жоқ. 1940 жылы ол Кенесары туралы дастан жазды. Оның жарияланбағаны жақсы болды. Бұл арада ол өзінің сол кездегі жанқияр досы Бекхожиннан кем түскен жоқ, дастан жарияланбағанымен, егер жаны, миы елжіреп тұрмаса, былай жазбас еді. «Сарыарқа» жинағында қазақ даласы орыс жерінен, қазақ халқы орыс халқынан бөлек алынып көрсетілген. Бұл мәселеге С.Мұқанов жолдас тиянақты түрде тоқталғандықтан да, назар аударып жатпаймын. Сол жинаққа кірген «Ертіс» атты «ол өзен менің кеудемде толқын атып жатыр» дейді. Егер Ертіс өзені болмаса, сол Арқа болмаса, социалистік құрылысты орнатып жатқан қазақ халқы өзінің батырларын, ғалымдарын, жігіттерін тудырмас па еді? Бұл арада ол Сосюра сияқты қазақ даласын біздің Отанымыздан бөліп алу арқылы саси қателік жіберген (уақытыңыз бітті),− деп айып таққан.

Иә, туған жеріңді жырлаудың өзі де «саяси қателік» болған заманды біз де бастан өткіздік-ау! Артында отаны, жері, туған елі туралы бір шумақ өлеңі қалмаған талантты ақынның тегеуіріні осындай үрейдің салдарынан еш кетті.

Бұл науқаннан партияда жоқ жазушы, бірақ сол кезде оны мүшелікке қайтадан қабылдау мәселеесі көтеріліп жатқан, сөйтіп уақытша алдарқатуға түскен Ғ.Мүсірепов те қалыс қалмады.1932-1937 жылдары Мирзоянның тұсында М.Әуезовтің «жеке рецензенті» (бұл міндет кейін Қ.Жұмалиевке жүктелді) болған Ғабит Мүсірепов «қолына қалам алды». 1947 – 1953 жылдардың арасындағы Ғ.Мүсірепов араласқан сөздері үнемі төмендегі сипатта өтті және осындағы аталған шығармаларға қарап әңгіме қай тақырыпта қозғалып отырғаны (проза, драма, эпос, т.б.) туралы бірден аңғаруға болады. Біз сол пікірлердің бір парасын ғана берумен шектелеміз.

Ғ.Мүсірепов: «Қазақстан К(б)П партиясы Орталық Комтетінің кеңестік жазушылар одағының жұмысы туралы соңғы шешімінде: біздің әдебиет майданымыздағы буржуазиялық ұлтшылдықтың қалдықтарын түбірімен жойып, тазалауды және оның жаңадан өршуіне мүмкіндік бермеуді заңды талап етіп, қатаң ескерту жасады. Қазақ әдебиетінің даму жолы – жас әдебиетті артқа тартып, кеңес әдебиетінің ревлюциялық жолынан бөлектенуге жетектеген осынау бір басты зиянкестікке қарсы күресумен қалыптасты. БК(б)П және Қазақстан К(б)П Орталық Комтеттерінің соңғы жалдардағы идеология саласындағы көптеген мәселелер бойынша қабылдаған шешімдері, бізге, Қазақстан жазушыларына, көпшілігіміздің көптеген зиянды, идеясыз, буржуазиялық-ұлтшыл шығармаларымызды әшкерелеуге көмектесті».

Партиядан тысқары қалса да, ол кімді қолдаса, сол жақтың пікірі басым түсетін Ғабит Мүсірепов өзінің қашанғы әдетімен тура осы науқанда да тұлғалардың сілкілесуін сырттан бақылап, миығын тартып, соңында өзі де араласқансып сыздықтай сөйледі. Бұл – мысқыл емес, нақты өмір көрінісі. Соның нәтижесінде бейбіт өмірде – батыл, саяси науқанда – баспақ, Мұқанов пен Әуезовті теңшей салмақтаған «талқы таразысы» қалпын 1947 – 1953 жылдар арасындағы аласапыранда да сақтап қалды.

Ғ.Мүсірепов: «Алайда, Жазушылар одағы тарапынан ұлтшылдықпен күресу барысында кеткен өрескел қателер мен үлкен кемшіліктерді Қазақстан компартиясы Орталық Комитетінің соңғы шешімі орынды көрсетіп отыр. Егерде, біз өзімізге өзіміз сын көзімен есеп берсек, өкінішке орай, біз ұлтшылдықпен күресе отырып, сол ұлтшылдықтың жандануына жағдай жасаппыз. Бұған, ең бірінші Одақтың төрағасы ретінде Мұқанов кінәлі, сонымен қатар, коллегиялды түрде басқаруға атсалысуға тиісті Төралқаның мүшелері – біздің де кінәміз аз емес».

Ол М.Әуезовке қосып С.Мұқановтың өзін де қармаққа іле кетті. Әр сөзін есептеп, терең саяси астар беріп, нығызданып тұрып, нығыздап сөйледі.

Ғ.Мүсірепов: «Қазақстан жазушылар одағы бір уақытта ұлтшылдықпен күресе отырып, оның жандануына жағдай жасауы кездейсоқтық па? Жоқ, бұл кездейсоқтық емес. Бұл біздің күресіміздің әлсіздігін, қатаң партиялық тәртіпті сақтай отырып жүйелі түрде, батыл және ашық күресе алмағанымызды танытады... Ұлтшыл қателікті сынаудың орынына сынды мещандық күрестің құралына айналдыру дегеніміз, біріншіден, сынның бүкіл саяси мәнін жою болып табылады, екіншіден, бұл пайда болып келе жатқан топшылдықтың отын қоздырудың жасырын амалы, егерде топшылдық жоқ болса, оны қолдан жасайды!», – деді (263 – іс, 29-30 бет).

Бұл жолы да екі арыстанның жұлқысуын қостамағандай көрінгенімен, «партияны және көпшілік бұқараны» жаңа қауіптен «сақтандырды».

Ғ.Мүсірепов: «Өткеннің мәдени мұраларын игеру мәселесін әлі қозғағамыз жоқ. Соған қарамастан, өткен күн мен фольклор тақырыбына арналған біздің біраз туындыларымыздағы идеялық жағымсыздықтар туралы хабарлар одаққа түсіп жатқан сыңайлы. Біз, бұл тұрғыданалғанда Мүсіреповтің – «Қыз Жібек», «Қозы Көрпеш – Баян сұлу», «Ақан сері», Әуезовтің – «Еңлік – Кебек», «Қалқаман – Мамыр», «Айман – Шолпан», «Бекет», «Ақан сері – Зайра», «Қобыланды, Хұсайыновтың – «Шаншарлар», «Алдар Көсе», Тәжібаевтің «Ұшқыш кілем», «Біз – қазақпыз», «Күмбез», Жұмалиевтің – «Едіге» сиқты тағы да басқа пьесаларды қайта қарап, қайта бағалауға міндеттіміз. Өткеннің мұрасын сыни көзбен игеру тұрғысынан қарағанда бұл туындылардың бәрінің де кінәраттары бары анық. Мысалы, «Қозы Көрпештің» Мәскеу драма театрындағы қойылымы барысында маған Қодар бейнесін жаңаша шешуткерек болды, оның санасы оянып, белгілі бір дәрежеде өзінің кінәсін жуғысы келеді. Сонымен қатар, осы жанрдағы біраз туындыларда эпосты қайта қорытуда ұлтшылдықтың тиірменіне су құятын тұстардың бары анық. Осы орайдан алғанда, менің ойымша, Тәжібаев жолдастың шығармашылығы ерекше көмек күтіп тұрғандай»,– деп келер күндерде алдарынан тосып тұрған эпос пен фольклор туралы талқылы жаңа науқанды емеуірін ете сөйледі.

Бұл – Ғабит Мүсіреповтің жеке басының ғана «көрегендігі» емес, кеңес өкіметінің партияның басшылығымен қақпайлап әкеле жатқан идеологиялық арандату саясаты еді.

Ғ.Мүсірепов: «Мұндай жайсыз жағдайға душар болудың басты себебі, одақтың басында отырған жетекші жазушылардың өздерінің біразының ұлтшылдық пен иедеясыздықтың дертіне ұшырап келуі және қазір де сонымен ауырып жүр. Сондықтан да бізде принципті-партиялық біртұтас ұстаным жетіспеді, қазір де жетісіп отырған жоқ, соның кесірінен сын мен өзара сынға үрке қараймыз. Осыған орай ұйымның алдына бір сұрақ қойғым келеді: осындай жағдайсыз жағдайға олар тосқауыл қоя ала ма? Қазақстан Орталық Комитетінің соңғы қарарында көрсетілгеніндей, әдебиет майданын ұлтшылдықтан және одан басқа да идеясыздықтың қоқсығынан тазалау қолдарына келе ме? Әрине, сөзсіз қолдарынан келетіні даусыз. Алайда ол үшін біздің одағымыз, оның ішінде басшылар, кеңес әдебиетінің жоғары идеялық-көркемдік талабының деңгейіне көтерілуі тиіс. Ол үшін, бірінші, партиялық сын мен өзара сынды принципі түрде жүзеге асырып, іс жүзінде төзіп болмайтын ақсақалдық өктемдікті доғару қажет.



Большевиктік сын қазір ұлтшылдық пен идеясыздықтың түп-төркінін терең ашып беріп отыр. Бұған тек осы дертке ұшырағандар ғана емес, сонымен қатар өзге де өзімшілдік пен тағы да басқа қасақаналықты мақсат еткендер ғана таласуы мүмкін. Партиялық сын мен өзара сын біздің көпшілігіміздің бойымыздағы ұлтшылдық пен өзге де қателіктеріміздің қыртысын ашып беді. Мұны жоюға бағытталған сынның аса пәрменді күшінің орыны үлкен. Біздің уақытымыздың көпшілігі бұрыннан белгілі, дәлелденген, таптауырын болған нәрселерді мыжғылаумен өтеді, ал одан шығудың жолы аз айтылады.

Большевиктік сын нені ашып берді? Большевиктік сын кейбір жазушылардың пікірі Кенесары Қасымовты дәріптеуде буржуазияшыл-ұлтшыл Бекмахановтың пікірлерімен ұштасып жатқандығын көрсетті. М.Әуезовтің «Хан Кене» пьесасында, қазақ әдебиеті тарихының бірінші томында, С.Мұқановтың «Балуан шолақ» повестінде, «XVIII-ХІХ ғасырлардағы қазақ әдебиеті тарихының очерктерінде», Жұмалиев пен Исмаиловтың оқу құралдарында, Бекхожиннің шығармаларында Кенесары халықтың көсемі ретінде, ал, оның көтерілісі прогрессивті болып көрсетілді. Олардың бұл еңбектерінде ұлтшылдықтың екінші беті − орыс халқына қарсылық көп орын алды. Бұл Исмаиылов пен Бекхожиннің ұстанымы ғана емес, сонымен қатар олардың ондаған жалдар бойы жүргізіп келе жатқан жүйелі әрекеті. Әуезов жолдастың соңғы жылдардағы ұлтшылдық сарындағы қателері, сөз жоқ, оның өткендегі идеялық тұрақсыздығымен, адасуларымен тығыз байланысты. Ол аз десеңіз, жазушы ретінде, ғалым ретінде жинаған барлық беделін әдебиеттің жас мамандарын тура сондай ғылыми ұстанымда дайындап келгені де даусыз. Басқа ешкім емес, тура Әуезов жолдастың өзі әдебиетшілеріміз бен ғалымдарымыздың ішінде ең бірінші рет халықтың зұлым жауы Кенесарыны жер-көкке сыйғызбай дәріптеп, аспанға көтерді. Мұқанов жолдастың өрескел қатесі де бұдан кем соқпайды. Ол өзінің «Очерктерінде» Едіге мен Қобландының, Кенесары мен Наурызбайдың, Көтібар мен Есеттің арманы Аманкелді Имановтың Октябрь революциясындағы күресі арқылы жүзеге асты деп жазды. Бұдан большевик комиссар Аманкелді Иманов Едіге мен Кенесарының арманы мен мақсаты үшін күрескен болып шығады. Сөйтіп, Сталин жолдас қазақтың Чапаевы деп атаған Аманкелді Иманов Социалистік Октябрь революциясының жемісі емес, Едігеден бері келе жатқан феодалдық қоғам батырларының ұрпағы болып қана қалады»,− деп бұларға тарихшылар Толыбеков пен Қыстауовты да қосақтап қойды.

Сөзінің соңында «ақсақалдықтың дертіне» қайтып оралып, сын мен өзара сынның «үлгісі» ретінде өзінде іліктіріп:



«Ең соңғы жазылмай келе жатқан дертіміз, біздің барлық таластарымыз бен шығармашылық талқылауларымыздың шылауына оралып қалмай келе жатқан ауруымыз, ол − жекелеген жазушы жолдастардың ұлтшылдық қателіктерді өзінің әдебиеттегі бірінші орында екенін дәлелдеуге ұмтылған күрес құралына айналдырып отыр. Жолдас Тәжібаевтың пайымдауынша: Мұқанов қазақ кеңес әдебиетінің негізін қалаушы деген атқа ие болуы үшін Әуезовпен бақталастырып жүрген көрінеді, ал Саин болса, Орталық Комитеттің отырысында ешқандай шімірікпестен: Әуезов, Мұқанов, Мүсірепов үшеуі әдебиеттің ақсақалы атану үшін өзара бақталастырады − деді. Сын мен өзара сынды өрістету барысында топшылдықтың көрініс беретінін жоққа шығармаймын, керісінше, өзімді де, өзгені де осы бір ұлттық дерттен сақтануға шақырамын. Бұл − ондай дерт менде жоқ дегендік емес»,− деп ойын қорытты.

Бұл да сол қызылөңеш кезеңге тән тақыс тәсіл. Мұндай қыздырмадан қалыс қалу, еруліге қарулы көрсетпеу өзіңнің «жаулығыңды мойындаумен» пара-пар. Сондықтан да «жанр заңына байланысты» М.Әуезов те мінбеге көтерілді. Ол ұлтшылдық деген не және оны қалай тану керектігі жайлы ұзақ толғап, айтарын әріден бастады:



М.Әуезов: «Осында қатысып отырған жолдастардың бәріне де белгілі, соңғы он күнде, соңғы бір айда мерзімді басылымдар мен рсепубликалық газеттерде БК(б)П Орталық Комитетінің «Звезда» мен «Ленинград» журналдарындағы қателіктер туралы тарихи қарарының қабылданғанына бес жыл толуы аталып өтіп жатыр. Соған орай осы біз талқылап отырған мәселе бойынша одақтас республикаларда да мәжіліс өтіп жатыр. Мұның үстіне «Правда» газетінде «Әдебиеттегі идеологиялыық бұрмалаушылықтар» жөнінде мақала да жарияланды. Біздің әдебиетімізге қатысты үлкен жиналыстар өзімізде де өтті. Бұл өзіміздің Орталық Комитеттің 1951жылғы 14 тамыздағы қаулысынан да көрініс тапты. Қазір барлық жерде және бәрінің алдына бір ғана өте үлкен, өте маңызды, өмірлік мәні зор идеология майданын тазалау, соның ішінде, әдебиеттегі ең үлкен олқылық – бүкіл бір ұйымды, жекелеген жағдайда – көптеген жетекші жазушыларды – ұлтшылдықтан арылту мәселесі қойылып отыр. Буржуазиялық ұлтшылдық дегеніміз – тарихи, саяси тұрғыдан алғанда да оның сүлдесін ысырып тастап, мәңгілік бас тартқаннан соң да жекелеген жазушылар мен ғылым қайраткерлерінң санасынан оңайшылықпен кетпейтін өміршең құбылыс. Ұлтшылдық дегеніміз саналы түрде болсын, не санасыз түйсік арқылы болсын, бүкіл қоғамның ағзасына зиян келтіретін күйдіргі болып табылады.

Буржуазияшыл ұлтшылдар, әдебиеттің қазіргі жағдайын талдау барысында анықталып жатқанындай, Украинада, Әзірбайжанда, Белоруссияда, Өзбекстанда да бар, не ана халықтың, не мына халықтың өткен тарихының ұзақтығына, мәдениеті мен тарихының жоғары деңгейде дамығанына, оның көпсанды, не азсанды халық екеніне қарамастан, ұлтшылдықтың бет-бейнесі барлық жерде бірдей. Ұлтшылдықтың барлық көрінісі көптеген жағдайда бір-бірімен өзектесіп жатады, БК(б)П ОК –нің қаулысы мен ұлттық компартиялардың қаулыларында аталған ұлтшылдықты алатын болсақ, олардың жалпы бағыты да, кейпіде бірбеткей екенін байқаймыз.

Мен осы арада, біздің жағдайымыздағы пролетарлық интернационализмге және кеңестік патриотизмге, халықтар достығы жөніндегі лениндік-сталиндік ілімге қарсы тұрушы буржуазиялық ұлтшылдықтың ішкі мағынасын айта кетейін. Буржуазиялық ұлтшылдық – тарихи өркениет атаулының барлығына, біздің халқымыздың өткендегі тарихына, барлық құтқарушы тарихи өркениетке қарсы тұрады. Егерде мұны қазақ халқының тарихына байланыстырып айтсақ, бұл тарих бізге не береді? Өткен уақытта біз Шоқан Уәлиханов, Алтынсарин және Абай сияқты бірнеше жарқын есімдерді ғана білдік. Біздің халқымыздың бақытына қарай, бұл адамдар ұлтшылдықтың шырмауына түспеді, оған тосқауыл қоя білді, өзінің халқының болашағын құтқарушы орыс мәдениетін бағдарға ұстады.

Егерде көзқарастары панисламизммен, пантүркизммен ұштасып, алашордащылармен астасып жатқан ұлтшылдарды алатын болсақ, кеңес өкіметінің шындығы жағдйында қазііргі ұлтшылдардың жолы тарихи өркениетке қайшы келеді. Өткенміздегі қара түнекті жеңе білген біздің халқымыздың жалғыз-ақ даму жолы бар. Шоқан, Алтынсарин және Абай ту етіп ұстағанның бәрін де ұлтшылдық жоққа шығарады.

Сонымен, ұлтшылдықтың белгілері қандай? Буражуазиялық ұлтшылдықтың ( ұстанымы бойынша) – кеңес одағындағы туысқан республикалардың мәдениет тарихы өзіне орыс мәдениетін сіңірмеуі тиіс, бұдан біз олардың өзінің өткеніне сүйіспеншілікпен қарайтынын, таптық күресті, таптық қайшылықты ескермейтінін, ұлтшылдықтың керітартпашылығын, тарихи қылмысты оқиғаларды жағымды етіп көрсетіп, қасақана теріс баға беретінін байқаймыз. Ұлтшылдық – бір халықтың, дәл қазіргі жағдайда кеңес одағы халықтарының томаға тұйық, өз бетінше дербес тарихи дамуын қалуы арқылы ол көп жағдайда пантүркизммен, панисламизммен ұштасып жатуы мүмкін. Сонымен қатар, Россияның құрамына кірген халықтардың тарихи тағдырына әсер ететін Россияның ықпалына қарсы шығу оқиғаларының бірнеше рет қайталанып отырғанына қарағанда, олардың орыс халқының мәдениетін бағалай білмейтіні және оның ықпалының маңызын жоққа шығаратыны аңғарылады.

Міне, олардың осындай жалпы жағдайдан біздің қателіктерімізге ауысатын болсақ, онда әрқайсымыздың жіберген үлкенді, кішілі қателіктеріміз, осы мәселелердің нақты көрініс табуынан туындап отыр, ол ең алдымен – біздің халқымыздың тарихын оның өзін (құрып кетуден) құтқарушыға қарсы қойып, маңызын жоққа шығарудан, ұлы октябрь революциясынан бастап социалистік мәдениеттің біздің халқымызға бергенінің бәріне қарсы тұрудан көрінеді. Екінші жағынан алғанда, біз бұл арада буржуазиялық ұстаныммен тікелей астасып жатқан орыстардың барлық ықпалына қарсы тар шеңбердегі ұлттық элементтерді көреміз. Егерде осы көзқарас тұрығысынан қарап, өзіміздің қателерімізді сараласақ, өкінішке орай, одан біз жоғарыда аталған өте жағымсыз, өте кірпияз жайлардың біразын табамыз.

Сондықтан да мен бұл сөзімді біздің мекемемізді осындай дерттен тазарту үшін, әр жазушының толық ағаруы үшін ешкімнің бетіне қарамайтын сын, өзара сын тілімен сөйлесу керек. Бұл туралы өткендегі және қазіргі қателіктерге бірдей маңыз бере отырып айту керек. Ескі қателерге жаңа қате деп қарау керек, көркем шығармашылық тұрғысындағы қателіктерді ғана емес, ғылыми-зерттеу саласындағы орын алып отырған қателіктерді де қайта қарау қажет. Соның ішінде, әсіресе, Әуезов, Мұқанов, Мүсірепов сияқты жетекші жазушылардың жіберіп отырған қателіктерін баса көрсетілуі тиіс. Ең бірінші біздің атымызды атап, сынағандар әділдік жасаған. Өйткені, бізге деген халықтың үлкен сенімі үлкен жауапкершілікті талап етеді. Бізге жұртшылық үлкен сенім артқандықтан да талап та күшті болуы тиіс, өйткені, олар біздің табыстарымызға қуана білді, енді біздің қателіктерімізді көріп қабағын түйіп, біздің қателеріміз үшін жапа шегіп жүрмеуі керек. Бізді сондай ықыласпен қоршаған халықтың сүйіспеншілігі мен сенімі бізді көп нәрсеге міндеттейді. Бұл арада мен, Кенесарының феодалдық-монархиялық қозғалысы туралы талқылауда осыдан 25 жыл бұрын жазылғанына қарамастан өзімнің «Хан Кене» пьесамның зиянды ықпалын айтқамын. Егерде осындай жекелеген әдеби қателеліктеріне Әуезов жауап қайтара алмаса, онысы теріс болар еді.

Жекелеген жазушылардың жетістікетріне бәрімізге ортақ жетістік ретінде халықтың қуана білуі, біздің өз қателіктерімізге батыл қарауымызды қажет етеді. «Жас гвардиядағы» қателігіне қатысты Фадеевке және Симоновтың, Катаевтің, сондай-ақ Корнейчуктың, Ванда Василевскаяның қателіктеріне байланысты көп айтылды, осыдан кейін әрқайсымыз өзіміздің жауапкершілігімізді терең түсінетінімізге сенемін және бұл орайда біздің одақтық мекеменің жетекші міндет атқаруы тиіс деп білемін. СССР Жазушылар Одағының ХІІІ пленумы кезінде атап көрсетілген әрбір қателіктерінің әрбіреуіне сондай салқынқандылық танытып, байыпты сынға байсалды қараған Фадеевтің, Симоновтың мінезіне өте ризашылықпен қарадым. Бұл жолдастарға мен: «Сіздердің бұл байсалды мінездеріңіз бізге де сабақ болады, сіздер – халықтың аса зор ықпалына ие орыс кеңес әдебиетінің жетекші екі жазушысы кеңес жазушысына қаратылған сынды қалай қабылдау керектігіне үлгі көрсеттіңіздер. Біз мұның лирикалық сүйсініс емес екенін ескерте кетеміз.

Бұл арада үлкен жауапкершілік, саған сенген халықтың алдындағы үлкен жауапкершілік туындайды. Олар сенің сынға ұшырап, газетке шыққаның үшін – жұртшылықтың саған қатты сеніп қалғаны үшін, сенің кейбір шығармаларыңда адасқаның үшін ұялмайды, бұл арадағы ұяттың мағынасы одан көрі тереңде. Олар: өзіңнің халқың мен жұртшылықтың сенімін дұрыс пайдаланбағаның үшін, ол сенімді зиянды іске жұмсағаның үшін ұялады. Міне, бұл ең ащы, ең ауыр түңіліс.

Сондықтан да мен «Хан Кене» туралы айтып отырмын, мен мұны 1934 жылы сақнаға ұсынбауым керек еді. Бұл буржуазиялық-ұлтшылдықтың ұстанымындағы және пролетарлық бауырластыққа қарыс келетін пьеса болатын. Өйткені оның ұстанғаны – ұлтшылдық болғандықтан да оның орыс халқына да, қазақ халқына да керегі жоқ еді. Кенесары халықтар достығының тамырын отауға ұмтылды, пьеса орысқа қарсы бағыт ұстанды. Кенесары патшаға ғана қарсы күресіп қойған жоқ, мұқым орысқа, сол кезде Россиядан келген нәрсенің барлығын қарсы тұрды.

Халқымыздың бақытына қарай Шоқан, Абай, Ыбырай сияқты ұлдары өздерінің де қазақ халқының феодалдық үстем табының арасынан шыққанына қарамастан, олар ұлтшылдық адасудан аулақ болды, өздерінің қысқа немесе ұзақ өмір жолында олар өзінің табын ысырып тастап, келешектің иелері еңбекші шаруалардың мүддесін қорғады, олар қырдағы феодалдық-патриархалдық түсініктен бастап орыс мәдениетінің маңызын түсінуге, өзінің артта қалған қараңғы халқының күйінен бастап ұлы орыс халқының озық мәдениетінің тарихи маңызын түсінуге дейінгі күрделі жолдан өтті.

Кенесарыны дәріптеу арқылы, мен, осының бәріне қарсы тұрдым. Сонымен қатар осындай ұлтшылдық қате жіберу арқылы әр қайсымыз жеке өзінің шындығына ғана емес, өзінің өмір шындығына да қарсы тұрды. Мұның барлығын мен осы уақытқа дейін мойындауым керек еді, менің бүгінгі күнге дейінгі жетістігімнің бәрі үшін де орыс мәдениетіне қарыздармын. Маған әліпбидің алғашқы әрпін танытқан, орыс әдебиетіне деген сүйіспеншілігімді оятқан орыс мұғаліміне қарыздармын. Филология ғылымының докторы, Қазақ ССР Ғылым Академиясының толық мүшесі, Сталиндік сыйлықтың лауреаты дәрежесіне жеткенім үшін, тіпті бүкіл өмірдегі жетістігім үшін, өткені қараңғы, артта қалған халқымыздың барлық ұрпақтары барлық қазақ жазушылары сияқты, мен де ұлы октябрь социалистік революциясы бәрімізге ортақ қол жеткізген ұлы орыс мәдениетіне қарыздармын.

Біздің бәріміз де осы ұлтшылдық неге орын алып отыр, біздің еңбегімізге және өзімізге қалай сіңіп кетіп жүр, соның барлығына ой жіберуіміз керек. Мен өзімнің өмірлік және шығармашылық жолыма көз сала отырып, қазақ халқының қазіргі жаңа мәдениеті – біздің бүкілодақтық социалистік мәдениет тарихының бір бөлшегі деп мақтанышпен мәлімдей аламын. Мен сонымен қатар, өзімнің екі тілде жазатын жазушы екенімді, екінші ана тілім – орыс тілі екенін ерекше мақтаныш тұтымын. Мен өзімнің бойымдағы барлық парасат мәдениетін ең алдымен орыстың қайнарынан алдым. Соңғы 10-12 жылдағы өзімнің жазушылық, шығармашылық өміріме көз жіберсем, онда қазақ әдебиеті мен тарихының белгілі бір даму кезеңін қамтитын етене бой үйреткен жұмысым, яғни, Абай – біздің идеялық-тарихи мәселелерді, тарихи процесті түсіну барысындағы қатемізді ашуға көмектесіпті. Менің жұмысымда – жазушы-суреткердің және ғылыми зерттеуші қызметкердің міндеттері аталған жайлар бойынша шығармашылық тұрғыдан тоғысып жатады. Менің кейіпкерім ұлтшылдыққа қарсы жүрді, ал мен сол кейіпкеріммен өмір сүре отырып, ұлтшыл қателікке ұрынуым мүмкін. Сол кемшіліктерімді шынымен мойындай отырып, кейде өткен күндердің иедеологиясының қалдықтары мен қателіктері бәріміздің де сезім иірімінде қалып қоятынын да жасырғым келмейді. Сондықтан да ол қателіктер туралы бізді қатал сынап, бізге қатаң талап қойып отыру керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   61




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет