Түсінік хат «Өзін –өзі тану» пәнін оқыту «Адамның үйлесімді дамыту» институты (Алматы, «Бөбек» ҰҒпббсо) дайындаған, Қр білім және ғылым министрінің 2013 жылғы


-сынып (34 сағ., аптасына 1 сағ.)



бет2/8
Дата09.10.2019
өлшемі0,6 Mb.
#49483
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
1-11сын өзін-өзі тану күнт жоспар-1-1-1-1
1-11сын өзін-өзі тану күнт жоспар-1-1-1-1, -1300208270

4-сынып

(34 сағ., аптасына 1 сағ.)



Сабақ тақырыбы

Сабақтың мазмұны


Сағат саны

Күні


Көрнекіліктер


І ТАРАУ. ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ БАҚЫТЫ (8 сағ) І-тоқсан

1

Өзін-өзі тану – өмірді тану

«Өзін-өзі тану», «өмір» құндылықтары туралы түсініктер. 4 сыныпқа арналған өзін-өзі тану пәнінің мазмұны; адамгершілік құндылықтарын білуге, өзін және өмірді тануға қызығушылық.

1







2

Білімге құштарлық

«Білім»құндылығы туралы түсінік. Білім, даналық ұғымдары туралы мағұлұмат; Білімге, оқуға қызығушылық.

1






3

Ойлы бала озар

«Ой» ұғымының құндылық ретіндегі мәні. Терең ойдың, ойлаудың адам өміріндегі маңыздылығы; ойлай білу іскерліктері.

1






4

Менің сыныбым – менің ұжымым

«Ұжым»,«достық» құндылықтары туралы түсінік. Ұжымның адам өміріндегі маңыздылығы; өзара татулық, сыйластық қарым-қатынастары.

1







5

Менің арманым

Жақсы ниетпен армандай білу және оған қол жеткізуге ұмтылу. Арман ұғымы туралы түсінік.

1






6

Ата-баба өнері

«Өнер» құндылығы туралы түсінік. Ата-баба өнері, соның ішінде ою-өрнектің адам өміріндегі маңыздылығы;

1







7

Тілім - менің тірегім

«Тіл», «Отан» құндылықтары туралы түсінік. Ана тілінің адам өміріндегі маңыздылығы.

1







8

Мен - елімнің азаматымын

Оқу, «Отан», «ел», «махаббат» құндылықтары туралы түсінік. Туған ел, өскен ортаның адам өміріндегі маңыздылығы.

1







ІІ ТАРАУ. АДАМИ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСҚА ҮЙРЕНЕЙІК (8 сағ) ІІ-тоқсан

9

Жақсы сөз – жанға қуат

«Сөз», «бақыт» құндылығы туралы түсінік. Жақсы сөздің адам өміріндегі маңыздылығы; жақсы сөздерді қолдана білу іскерліктері.

1







10

Адал достық

«Достық» құндылығы туралы түсінік. Адал достықтың мәні; өзара сыйластық қарым-қатынастары.

1







11

Ашу – дұшпан, ақыл – дос

«Ұстамдылық», «сабырлылық» адами қасиеттер туралы түсінік. Ұстамдылық, сабырлылық, ақылдылықтың мәні; өзара жағымды қарым-қатынас жасау іскерліктері.

1







12

Қуаныш – жан шуағы


«Бақыт», сыйластық», «махаббат» құндылықтары туралы түсінік. Қуаныш сезімінің адам өміріндегі мәні; өзара жағымды қарым-қатынас жасау іскерліктері.

1







13

Кешірім мен келісім

«Достық» құндылығы және «татулық», «кешірімділік» адами қасиеттері туралы түсінік. Кешірімділік, татулық, бірліктің адами қарым-қатынастағы маңыздылығы; шынайы достық қарым-қатынастар жасау іскерліктері.

1







14

Ортақ іс табысы

«Еңбек», «сыйластық», «ынтымақ» құндылықтары туралы түсінік. Ынтымақ, бірліктің адам өміріндегі маңызы; бірлесіп жұмыс істей білу іскерліктері.

1







15

Құрметтей білейік

«Құрмет», «сыйластық» құндылықтары туралы түсінік. Құрмет, сыйластық әдептерінің адами қарым-қатынастағы маңыздылығы; ізетті қарам-қатынас жасау іскерліктері.

1







16

Жақсылық жасай білейік

«Қайырымдылық», «қамқорлық», «жақсылық» құндылықтары туралы түсінік. Жақсылық жасаудың адами қарым-қатынастағы мәнділігі; жақсы істер жасай білу іскерліктері.

1







ІІІ ТАРАУ. АДАМ БОЛАМ ДЕСЕҢІЗ... (10 сағ) ІІІ-тоқсан

17-18

Талаптыға нұр жауар

«Білім», «өнер» құндылықтары туралы түсінік. Талаптанудың адам өміріндегі маңыздылығы.

2







19

Ақылды тыңдай білу де өнеге

«Сыйластық» құндылығы туралы түсінік. Ақылды тыңдай білудің өмірдегі маңыздылығы.

1







20

Өзімшілдік пен көпшілдік

«Бірлік» құндылығы және «көпшілдік» адами қасиет туралы түсінік. «Көпшілдік», «өзімшілдік» ұғымдары туралы түсінік; өзара сыйластық қарым-қатынастары.

1







21

Батылдық пен өжеттік

«Халық», «Отан», «махаббат» құндылықтары туралы түсінік. Батылдық, өжеттік ұғымдары туралы түсінік; шешім қабылдай білу іскерліктері.

1







22

Еңбекқорлық пен еріншектік

«Еңбек» құндылығы туралы түсінік. Еңбекқорлық пен еріншектік туралы түсінік.

1







23-24

Төзім мен табандылық

«Төзімділік», «табандылық» тәрізді адами қасиеттер туралы түсінік. Төзімділік пен табандылықтың адам өміріндегі маңыздылығы.

2







25

Сабыр түбі – сары алтын

«Сабырлылық», «ұстамдылық» тәрізді адами қасиеттер туралы түсінік. Сабырлы, ұстамды болудың маңыздылығы; жағымды қарым-қатынас жасау іскерліктері.

1







26

Жақсылықтан жақсылыққа

«Жақсылық» құндылығы туралы ұғымдар. Жақсылық жасаудың адам өміріндегі маңыздылығы; жақсылық жасау іскерліктері.

1







IV ТАРАУ. ӘСЕМДІК ӘЛЕМІНДЕ (8 сағ) IV-тоқсан

27-28

Табиғатқа қамқорлық

«Табиғат» құндылығы және «қамқорлық» адами қасиеті туралы түсінік. Табиғаттың адам өміріндегі маңыздылығы; табиғатқа қамқорлық жасау түсінігі.

2







29

Жер-Ана

«Жер» ұғымының құндылық ретіндегі мәні. Жердің адам өміріндегі маңыздылығы; жерге қамқорлық жасау қарым-қатынастары.

1







30

Су – өмір көзі

«Су» ұғымының құндылық ретіндегі мәні. Судың адам өміріндегі маңыздылығы; суға қамқорлық жасау іскерліктері.

1







31-32

Таза болса табиғат, аман болар адамзат!

«Табиғат», «денсаулық»құндылықтарыжәне «табиғатқа қамқорлық» адами қасиеттері туралы түсінік. Табиғат пен адамның үйлесімділігі туралы түсінік; денсаулығын күту іскерліктері.

2







33

Денсаулық өмір негізі

«Денсаулық» құндылығы туралы түсінік. Денсаулықтың адам өміріндегі маңыздылығы; денсаулығын күту іскерліктері.

1







34

Үйренгенім көп менің

Адамгершілік құндылықтар, адами қасиеттер туралы түсінік. «Өзін-өзі тану» пәнінен 4-сынып бойынша алған білімдерін жинақтау.

1







Барлығы:34



Түсінік хат

«Өзін-өзі тану» пәнін оқыту «Адамның үйлесімді дамыту» институты ( Алматы, «Бөбек» ҰҒПББСО) және ғылым министірінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген орта білім беретін мектеп бағдарламалары бойынша жүзеге асырылады.



ІІ. Мектептің негізгі сатысы (5-сыныптар)

Бағдарлама мектептің негізгі сатысында «Өзін-өзі тану» пәні бойынша берілетін білім мазмұнын және жалпы орта білім беру мемлекеттік стандартының бесінші, алтыншы және жетінші деңгейлеріндегі күтілетін нәтижелерді анықтауға бағытталған.

Мектептің негізгі сатысында «Өзін-өзі тану» пәнін оқытуда оқу жетістіктері бойынша күтілетін нәтижелерде көрсетілген көп деңгейлі мақсаттар жүйесінің сәйкестігі, сонымен қатар оқушылардың танымдық мүмкіндіктері мен жас ерекшеліктері ескеріле отырып, мазмұнда көрсетілген жалпыадамзаттық құндылықтар арқылы адамдық қасиеттерді дамыту көзделеді.

Пән мазмұны арқылы эстетикалық талғам, қоршаған орта және ондағы адамның орны туралы білім қалыптастыру және дамыту; қоғамдағы адамның рөлі, адам мен табиғаттың, әлемнің бірлігі мен үйлесімінің мәні, үйлесімді дамыған тұлғаны толықтай дамыту үдерісінің түрлі қырларын ашу; өзге адамдармен қарым-қатынас мәдениетіне тәрбиелеу; адамзаттың рухани тәжірибесінде жалпыадамзаттық құндылықтардың маңызын түсіндіру қарастырылады.

Жалпы орта білім беруге арналған өзін-өзі тану бағдарламасы оқушылардың өзін-өзі жетілдіруіне, рухани-адамгершілік және дене жағынан дамуына, адам тағдырын, өмірдің мәнін түсінуге кең мүмкіндіктер ашады.

«Өзін-өзі тану» пәні мектептің негізгі сатысында білім берудің құндылықтық мәнін күшейте отырып, адамдарды сүйе білу, өзіне-өзі сену, жақсылық жасау, мейірімділік таныту, өзгелерге қамқор болу, сыни ойлау, адамгершілік таңдау жасай білу, дәстүрді дәріптеу және дамыту, жасампаздық, өзіне жауапкершілікпен қарау, өзін-өзі жетілдіру мүмкіндіктерін ашып, дамытуға бағытталған.

Мектептің негізгі сатысында рухани-адамгершілік білім берудің маңыздылығы адамның әлемде алатын орны, «өмірлік мақсат», «өмірдің мәні», «адамның орны» ұғымдарының мағынасын терең түсіндіру арқылы қоғамға қызмет ету ниеттерін дамыту болып табылады. Сонымен бірге оқушылардың бойында табиғатты, әлемді әсемдік ретінде түсініп, оны қадірлей білуге, ғаламшар деңгейінде шығармашылықпен қабылдауға, әлем туралы көзқарастарын дамытуға ерекше көңіл бөлінеді.

5-сыныптарда білім беру оқушылардың ұлттық мәдени мұраның өзін-өзі тануда алатын орны, адамзаттың мәдени мұрасының рухани негіздері туралы түсініктерін кеңейте отырып, адамның үздіксіз рухани кемелденуіне, оның шығармашылық қабілеттерін ашуға ықпал етуге бағытталады.



Мектептің негізгі сатысында оқушылардың өзіндік қабілеттерін, адамгершілік қасиеттерін анықтауына және дамытуына, өзін-өзі жетілдіру мүмкіндіктеріне ықпал ету осы кезеңнің негізгі идеясы болып табылады.

5-сыныптағы өзін-өзі тану пәні бойынша білім мазмұнының құрылымы мен негізгі идеялары мектептің бастауыш сатысымен сабақтастығын сақтай отырып, төмендегідей 4-тараудың аясында дамытылады:



1.Таным қуанышы

2.Қарым-қатынас жарастығы

3.Адам болам десеңіз...

4.Әсемдік әлемінде

Бұл тараулардың мазмұнында оқушылардың өзін-өзі тануы тек жалпыадамзаттық құндылықтарды дамыту арқылы ғана емес, сонымен бірге олардың сезімдерін дамыту, құндылықтық қасиеттерді дарыту, жағымды қарым-қатынасқа тәрбиелеу арқылы жалпыадамзаттық құндылықтарды меңгеруі және тұлғалық қалыптасуы қамтылады.



5-СЫНЫП

(аптасына 1 сағат, барлығы 34 сағат)




Бөлім тақырыбы

Жалпы сағат саны

Мемлекеттік стандарт


1

I тарау. Таным қуанышы

(1–тоқсан)

8 сағат

Адамның мінез-құлқы туралы түсінік. Жақсы мінез мәнінің ашылуы. Ерік, жігер құндылықтары мәнінің ашылуы; адам ойын нақты жеткізе алуы, босқа сөйлемеуі, шектен шықпауы, өмірде өз ұстамдарына берік болуы туралы түсінік. Дербес және жауапты шешім қабылдай алуы және оны негіздей білуі. Басқа адамдардың ар-ұжданына нұқсан келтірмей, өз қағидаларына, ұстанымдарына берік болуы.

2

IІ тарау. Адами қарым–қатынасқа үйренейік

(2–тоқсан)

8 сағат

Махаббат, сүйіспеншілік өмір сүрудің негізі. Ата-анаға, Отанға, туған жерге сүйіспеншілік.

3

IІІ тарау. Адам болам десеңіз(3–тоқсан)

10 сағат

Қыз балаға тән қасиеттер, ер балаға тән қасиеттер, ұл бала мен қыз баланың арасындағы өзара сыйластық.

Сенім –достық қарым–қатынас негізі. Адамның бір–біріне сенімділігі, сенім артуы достық қарым–қатынастың бастауы. Өмірде өз сенімдеріне берік болуы.



4

IV тарау. Әсемдік әлемі(4–тоқсан)

8 сағат

Табиғат сұлулығы, үні, сазының адамға әсер етуі. Адамды руханилық тұрғыдан қуаттандыру.

Салауатты өмір салты мәнінің ашылуы.



Адамға жағымсыз, денсаулығына, өміріне зиян нәрселерге әуес болмау туралы түсінік.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет