Турмаханова надира



Pdf көрінісі
бет24/54
Дата09.06.2023
өлшемі9,16 Mb.
#178536
түріБағдарламасы
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   54
Байланысты:
1 ПЕДАГОГИКА, МЕТОДИКА, ПСИХОЛОГИЯ

 


45
ӘОЖ 373.5:81`243
 
ДУЙСЕНОВА НАЗЫМ ТҰРСЫНБАЙҚЫЗЫ 

аға оқытушы
АЛИХАНОВА ӘЙГЕРІМ, АМАНГЕЛДИЕВА ГҮЛНАЗ, 
 
ЖАХАН ЖАНЕРКЕ
 
«Шет тілі мұғалімдерін даярлау» мамандығының 4
-
курс студенттері
М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті
 
ОРТА МЕКТЕПТЕ ПӘН МАЗМҰНЫ МЕН ШЕТЕЛ ТІЛІН КІРІКТІРЕ 
ОҚЫТУДЫҢ ШАРТТАРЫ
 
CLIL
(Content and Language Integrated Learning) термині 
– 
пән мазмұны мен 
шетел тілін кіріктіре оқыту шет тілінің көмегімен пәнді оқыту әдістемесін сипаттау 
үшін қолданылады, мұнда басты мақсат 
– 
пәнді оқу және шет тілінде тілдік 
дағдыларды жақсарту болып табылады.
Бұл тәсіл Еуропа үшін жаңалық
емес екенін алдыңғы тарауда айттық. Оны 
Финляндия, Германия, Венгрия, Австрия, Латвия сияқты Еуропа елдері кеңінен 
қолданады. Бұл елдерде CLIL
табысты қолданысқа ие болуы аталмыш тәсілдің 
потенциалы жоғары екендігінен хабар берсе керек. Инновациялық тәсілдің басты 
артықшылықтарының бірі 

тілдік дағдылар мен пәндік білімді кемелдендіруде 
шектеудің жоқтығында. Сондай
-
ақ CLIL
оқушылардың мәдениетаралық білімін 
арттыруға мүмкіндік береді, оқушылардың пән мен шет тілін үйренуге деген 
ынтасын арттырады.
CLIL
қолдана отырып оқытуда 4С (сontent , сommunication, сognition, сulture) 
ескерілетінін алдыңғы тарауда айтқанбыз. Бұған қоса, оқушылардың жас 
ерекшелігіне, әлеуметтік
-
тілдік орта мен CLIL
бойлау дәрежесіне қарай жүзеге 
асырылатын бес аспект бар:
1.
Мәдени
2.
Әлеуметтік
3.
Тілдік
4.
Пәндік
5.
Оқу 
Пән мазмұны мен шетел тілін кіріктіре оқыту тәсілін практикада қолданудың 
бірқатар артықшылықтарын атауға болады. Оның басты жағымды жағының бірі 
– 
оқушылардың шетел тілін үйренуге деген ынтасын арттыруы. Шет тілін үйрену 
мақсатты
болады, өйткені нақты коммуникативтік міндеттерді шешуге бағытталады. 
Бұған қоса, оқушылар тілін үйреніп жүрген елдің мәдениетін жақсырақ білуге
және 
түсінуге мүмкіндік алады, ал бұл өз кезегінде оқушылардың әлеуметтік
-
мәдени 
құзыреттілігін қалыптастыруға
алып келеді. Оқушылар ауқымды тілдік материалмен 
жұмыс істеу арқылы табиғи тілдік ортаға бойлайды. Сондай
-
ақ әртүрлі 
тақырыптармен жұмыс істеу арнайы терминдерді, белгілі бір тілдік құрылымдарды 
жаттауға мүмкіндік береді, демек оқушының сөздік қорын пәндік терминологиямен 
толықтыруға ықпал етеді және оны алған білімі мен іскерліктерді қолдануға 
дайындайды.
Қазақстан Республикасында білім беру мазмұнын жаңғырту 

білімді 
модернизациялаудың нәтижесі. Белгілі бір ғылым саласында нақты білімді меңгеруге 
қажетті жағдай жаратып қана қоймай, үштілділікті оқушының шығармашылық 
тұлғасын дамыту үшін пайдалану қажет, яғни белгілі білім салаларын ана тілі мен 
шет тілін білім алу қызметінің құралы ретінде пайдалану керек.


46
Қазақстанда Үштілді білім беру аясында бұл жоба
2017 жылдан бастап жалпы 
білім беретін орта мектептерге енгізіле бастады. Бұл бағытта пән мұғалімдерін тілдік 
даярлау, пәнді шетел тілінде оқыту әдістемесі ҚР БжҒМ тарапынан жүйелі түрде 
ұйымдастырылған интенсивті тілдік курстар мен кәсіби біліктілікті арттыру 
курстары арқылы жүзеге асырылды. Ашықтық пен жоғары сапаға кепілдік беру үшін 
Білім Министрлігі үштілді білім беру саясатын жалпы білім беретін орта 
мектептердің ортаңғы буынынан бастап енгізуден алдын,
дайындық жұмыстарының 
критерийлерін белгіледі, оның ішінде ең басты критерий 
– 
пән мен шетел тілін 
кіріктіре оқытатын мұғалімдердің тілдік даярлығы, білім берудің әртүрлі 
кезеңдерінде оқушылар өз тілінде CLIL деңгейіне жетуі керек [1].
Қазақстан 
Республикасы БжҒМ талабына сәйкес CLIL шеңберінде 
– 
шетел
тіліні иелеріне 
немесе
CEFR шкаласы бойынша В2 

С1 төмен емес деңгейдегі шетел тілін 
игергендерге және CLIL саласында әдістемелік құзыретке ие пән оқытушыларына 
басымдық беріледі. Арнайы жоспарлы тілдік даярлықтан кейін әр пән мұғалімі тілдік 
тестілеуден
өтуі және қажетті деңгейге қол жеткізілгені дәлелденуі керек.
CLIL 
технологиясын 
енгізу 
оқушылардың 
лингвистикалық 
және 
коммуникативтік құзыреттіліктерін дамытуға игі ықпалын тигізеді. CLIL
оқу 
жоспарына қосымша сағат қарастырмай
-
ақ шет тілін коммуникация
құралы ретінде 
көбірек мақсатты қолдануға жағдай жасайды. Жалпы білім беретін орта мектеп 
жағдайында CLIL
шет тілін оқытуды күшейте
түсетін ұтымды технология болып 
табылып отыр.
Педагогика
-
психологиялық әдебиеттерді саралай келе, кіріктірілген оқытуды оқу
процесіне енгізудің келесідей шарттары анықталды:
-
Танымдық аутентті оқу материалы. 
Аутенттілік, мол ақпарат пен танымдық бағыт оқу
материалын таңдаудың басты 
талабы. Егер оқу материалы оқушылардың эмоциясын оятатын болса, біз жақсы 
нәтижеге қол жеткізе аламыз. Сондай
-
ақ оқушылар оқу материалын өздерінің 
тәжірибесімен және білімімен байланыстыра алуы керек. Өйткені егер оқушы 
қорқыныш
немесе ұялу секілді жағымсмыз эмоцияларды сезінетін болса, шет тілін 
үйрену қабілеті нашарлайды деген гипотеза бар [2].
Ағылшын тілді сайттардан алынған әртүрлі материалдар зор ынталандырушы 
әлеуетке ие аутентті материалдар ресурсы болып табылады. Оқу материалын 
таңдауда басты критерийдің бірі 
– 
оны әртүрлі әдістемелік амалдарды қолдана 
отырып таныстыру мүмкіндігі болып табылады. Осылайша оқу процесін 
түрлендіруге, ал мазмұнды терең ұғынуға жағдай жасалады. Оқу материалын 
өңдеуде түрлі амалдарды қолдану (схема немесе кесте, диаграмма) және жұмыс 
барысында екі тілді қатар қолдану тілді үйренуге де, мазмұнды үйренуге де 
ынталандыра түседі.
-
Оқу процесі барысында мұғалімнің ұдайы қолдау көрсетуі 
Оқушы мұғалім тарапынан әрдайым қолдау тауып отыруы керек. Оқушы 
аутентті оқу материалын меңгергеніне мұғалім сенімді болуы
керек. Материалға 
арналған сұрақтар мен тапсырмалар оқушының оны түсінуіне еш кедергі жасамай, 
оңай түсінетіндей болуы керек. Сонымен қатар оқушылардың оқу жетістігін бағалау 
да олардың оқу пәні мен шет тілін оқуға деген ынтасын арттыра түседі.
-
Білім беру
процесінің барлық субъектілерінің өзара әрекеттестігі және шет 
тілін продуктивті меңгеру
Кіріктіре оқыту проблемалық болуы керек, өйткені коммуникативтік мақсат мен 
қатысымға арналған ситуация болған кезде ғана шет тілін меңгеру тиімді жүзеге 


47
асады. Gap
-
principle әдісі бойынша белгілі бір коммуникативтік бос орындар 
(жетіспейтін ақпараттың орнын толтыру, аргумент пен түсіндіру, қорытынды жасау, 
мәтінді аяқтау сынды) болғанда ғана коммуникация орын алады.
-
Пән мазмұнына мәдени компонентті кіріктіру
CLIL әртүрлі мәдени тақырыптарды қарастыруға немесе құбылыстарды әртүрлі 
мәдениеттер тұрғысынан қарастыруға, әртүрлі халықтардың құндылықтары
мен 
өмірге деген көзқарастарын бағалауға мүмкіндік береді.

Шет тілін оқуда ойлау процесінің жоғары үлгісін дамыту
Б.Блум таксономиясы бойынша оқушы ұғымды есте сақтамаса, түсіне де 
алмайды, сондай
-
ақ егер не туралы айтылып жатқанын түсінбесе, бар білімді қолдана 
да алмайды. Яғни когнитивті процесстер мен педагогикалық
мақсаттар өзара 
байланысты және иерархия сақталады: төмен
деңгейлі процесстен (Low Order
Thinking Skills) жоғары дәрежелі процесстерге дейін (High Order Thinking Skills), 
яғни қарапайымнан күрделіге қарай қағидасы.
Осы теорияға сүйене отырып мұғалім когнитивті процессте қарапайымнан 
күрделіге қарай қағидасын ұстануы қажет, демек what, when, where, which деп 
басталатын арнайы сұрақтардан бастап why, how сынды сараптау мен бағалау 
дағдыларын дамытатын күрделі сұрақтарға ауысқаны жөн.
-
Оқытудың үздіксіздігі мен тұрақтылығы
Тұрақты деп оқу процесі барысында алынған оқу ақпаратының белсенді 
қолданылуын түсінеміз. Ол үшін келесідей пункттерде орындаған жөн:

Оқушылардың жеке тәжірибесіне жүгіну, олардың пікірін сұрау;

Көрнекі құралдарды қолдана отырып жұмыс
нәтижесін шағын топтарда 
талқылау;

Оқу дағдысын қалыптастыру үшін жұмыс істеу.
Бүгінгі білім беру саласында пәнаралық байланыс негізгі қағидалардың бірі 
болып табылады. Дей тұрғанмен, мұндағы басты қиындық оқу материалдарының 
тапшылығы болып табылады.
Оқу
материалын таңдау мен оған арналған тапсырмалар құрастыруға байланысты 
орыс ғалымы Е.С. Чусляева келесідей талаптарды атайды:

Оқу пәні бойынша материал қиындық деңгейі жағынан оқушылардың нақты 
пән бойынша ана тіліндегі білім деңгейінен сәл төмендеу болғаны жөн. Мәтіндер 
мұқият сұрыпталып, оны түсінуге және материалды меңгеруге арналған тапсырмалар 
легі жеткілікті болуы қажет.

Мәтінге арналған тапсырмалар назарды пәндік мазмұнға аударуы, 
оқушыларды мәтінде айтылған негізгі ойды түсінуге, тексеруге және оны
талқылауға 
ынталандыруы қажет.

Тапсырмалар лингвистикалық формалардың ерекшеліктерін, оларды 
құрастыру, өңдеу іскерліктерін
қалыптастыруы, бағалау мен бақылаудың (өзара 
бақылаудың) түрлерін қолдануды көрсетуі тиіс.

Тапсырмалар оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуге, шығармашылық 
қызметке, шет тілінде ауызша және жазбаша коммуникациялық тапсырмаларды 
орындауға ынталандыруы қажет.

Оқушыларды тілдік, мазмұндық және коммуникативтік шешуге арналған 
стратегиялармен таныстырған жөн
[3].
Сонымен қалыптасқан жағдайда пән мұғалімдерінің тілдік құзыреттіліктерінің 
жеткіліксіздігін ескере отырып, шет тілі мұғалімі мен пән мұғалімінің тандемде


48
жұмысы үлкен көмек болары анық. Мәселеден шығудың бір амалы 
– 
пән сабағын 
шет тілі мұғалімімен тандемде өткізу және пән мазмұнына байланысты мәтінге 
байланысты оқу
-
әдістемелік материалдарды шет тілі мұғалімімен кеңесе отырып 
әзірлеу дер едік.
Шет тілі мұғалімі тұрғысынан оқушының лингвистикалық жетістіктері 
бағаланады, ал пән мұғалімі пән бойынша білім жетістігін бағалайды.
Үштілді сабақта оқу мәтіні басты маңызға ие, өйткені мәтін 
– 
жаңа ақпарат көзі, 
ауызша және жазбаша мәтін құрастыруда тірек болып табылады. Сондай
-
ақ мәтін 
– 
жаңа білімді бекіту, есте сақтау үшін құрылымдауға көмекші ретінде де 
қарастырылады. Ал кіріктірілген сабаққа арналған аутентті мәтіннің тілдік 
құрылымы оқушылардың тілдік деңгейіне сәйкес келмейтін жағдайлар болады. 
Сондықтан да кіріктірілген сабаққа арналған мәтін таңдауда белгілі бір 
критерийлерді берік
ұстану маңызды. Әсіресе мұнда абстракция деңгейі, тілдік және 
мазмұндық қиындық деңгейі басты назарда болуы тиіс. Шет тілі сабағынан өзгеше, 
шет тілі сабағында мәтін жұмыс барысында тілдік немесе құрылымдық анализ алға 
тартылса, пән сабағында ақпарат алу
басты назарда болады. Сондықтан да жоғарыда 
айтылғанындай, мәтін мазмұндық жағынан ғана емес, тілдік жағынан да 
оқушылардың деңгейіне сәйкес келуі керек. Пән сабағында оқушылардан аутентті 
мәтіннен ақпарат алып, оны өз сөзімен жеткізу, басқаша сөзбен айтып жеткізу талап 
етіледі. Мұнда жиі кездесетін қиындықтар қатарына бейтаныс сөздер, күрделі 
грамматикалық құрылымдар ғана емес, сондай
-
ақ идиомалар мен сөз тіркестері, 
сөздердің көп мағыналылығы, False Friends, сөздердің контекстке байланысты 
мағынасының әртүрлі варианттары да оқу процесін қиындата түседі. Осы тұста 
бейтаныс мәтінмен жұмысты ұйымдастыруда арнайы дидактизациялау техникасын 
қолданудың көмегі зор. Дидактизациялау процесі оқу мәтінінің мазмұнын түсінуге 
көмектеседі. Мұнда мәтінмен жұмыс спираль
түрінде жүзеге асады да, оқушылардың 
мәтінді терең түсінуіне қол жеткізуге болады.
Мәтін оқу (Reading) процесін жақыннан қарастырып көрелік. Оқу (Reading) 
күрделі процесс, мұнда мәтін мен оқырман (оның не ойлайтыны немесе не білетіні) 
арасында интеракция жүзеге асады [4]. Оқушы осыған дейін шет тілін үйрену 
тәжірибесін жинақтап үлгірген, тіл, мәтін, оның мазмұнына байланысты білімге ие. 
Бұған қоса оқушы мәтінді оқи отырып, оған сұрақтар қояды, өзінің бұған дейін 
білетін біліміне жүгінеді, мәтіннің тілдік жағын зерделей отырып, мағынасын 
түсінуге тырысады.
Сонымен қатар мұнда оқу түрлері арасын да ажыратқан жөн: skimming (шолып 
оқу), scanning (арнайы ақпарат іздей отырып оқу). 
Мәтінді оқуда мәтінді белгілі бір мағыналық бөліктерге топтастыруға кеңес 
беріледі. Мысалы, дайындық кезеңінде оқушылардың алдыңғы білімдеріне және 
тәжірибесіне жүгіне отырып, олардың тілдік және пәндік білімін белсендіруге 
болады. Бірінші кезеңде мәтінде кездесетін белгілі бір ақпараттардың астын сызу, 
бояу, жазба жасау жүзеге асады. Келесі екінші және үшінші кезеңдерде мәтіннің 
негізгі немесе орталық элементтерін анықтауда, айтылымдарды негіздеу, дәлелдеу, 
қорытынды жасауда осы алдыңғы білім қолданылатын болады. Ал соңғы кезеңде 
алған білім тексеріледі, өңделеді және толықтырылады.
Мәтінмен жұмыс оқу стратегиясы мен мазмұнды ажыратуға көмектесетін оқу 
техникаларын білуді қажет етеді. Оған Brainstorming, Mind
-
Mapping және Clustering 
секілді техникаларды жатқызуға болады. Олар оқушылардың алдыңғы білімін 
белсендіруге және сол арқылы мәтіннің
мазмұныны түсіну процесін жеңілдетуге 


49
көмектесуі керек. Сонымен қатар бейтаныс сөздердің мағынасын ажырату әдістерін 
де білу қажет. Оған сөз мағынасын сөздің құрылымына қарай анықтау (түбір сөз, 
біріккен сөз, туынды сөз), сөздікпен жұмыс, визуализация құралдары жатады.
Сонымен оқушылар мәтінді түсіну үшін мәтін оқушылардың деңгейіне сәйкес 
болуы керек. Мұнда мәтін оқушыларға тілдік және мазмұндық жағынан түсінікті 
болуы үшін дидактизацияланатын болса, екінші жағынан, оқушылар мәтін мазмұнын 
түсінуге көмектесетін стратегиялық оқу техникалары арқылы мәтін
мазмұнын 
түсінуге тырысады. Мұнда мәтін
мазмұнына сұрақ қою, сұраққа жауап беру, мәтінді 
құрылымдау, түрлі
-
түсті маркерлермен бояу т.с.с. атауға болады.
Эмпирикалық зерттеулер көрсеткеніндей, оқушылар біртілді сабақта мәтінді 
әлдеқайда үстіртін оқитыны анықталған. Ана тілді мәтінді түсіну еш қиындық 
тудырамайтын болғандықтан, оқушылар оған терең үңіліп, егжейлі
-
тегжейлі түсінуге 
тырысудың қажеті жоқ деп санайды екен. Көп ойлану, зерделеуге уақыт көп 
жұмсалмағандықтан, мазмұнда да үстінтін түрде есте сақталады деп санайды 
зерттеушілер.
Пән мазмұны мен шетел тілін кіріктіре оқытудың мақсаты оқушылардың 
мәтінмен жұмыс жасаудағы қиындықтарын жеңуге, арнайы мазмұндағы оқу 
мәтіндерін оқуға жеке жауапкершілік алуға бейімдеуі керек.
Сол себепті біз машықтанбаған оқырмандар мәтін мазмұнын оңай түсінуі және 
олардың арасындағы байланыстарды оңай түсінуге көмектесетіндей етіп мәтіндерді 
өңдеу және дидактикалық жаттығулар ұсыну қажет деп санаймыз. Мұнда мәтін 
мазмұны өзгермейді, қайта, мәтінді түсіну жеңілдейді және мәтінмен жұмыс істеу 
стратегияларын қолданып
машықтанады. Шетел тіліндегі пән сабағында тілдік 
жұмыс мәтінмен жұмыс істеу құзыреттілігін жетілдіру дегенді білдіреді.
Ал пән мұғалімі мен шет тілі мұғалімі өзара ынтымақтастықта жұмыс жасауы, 
олардың пән мазмұны мен шетел тілін кіріктіре оқыту саласында педагогикалық
-
дидактикалық құзыреттіліктері жетілдіру және оқушының жаратылыстану 
саласындағы тілдік және пәндік құзыреттілігін арттыруға бағытталған пәнаралық 
сабақ аясында мұғалімдер тандемін құру керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   54




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет