Учебная программа по предмету «русский язык»


Ауызша және жазбаша қатысым түрлерінде



бет10/19
Дата08.07.2017
өлшемі3,82 Mb.
#20783
түріУчебная программа
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   19

1. Ауызша және жазбаша қатысым түрлерінде:

- тақырыпқа негіз болып отырған ақпарат жайлы ой бөлісу, әңгімені қолдау, өз көңіл- күйін білдіру, адам бойындағы қасиеттер туралы баяндау, құптау, өз көзқарасын білдіру, дәлелдеу.


1.1. Монологтық сөйлесім бойынша:

- мәтін мазмұны бойынша ойын еркін жеткізу;

- мәтіндегі ақпараттарды салыстыра отырып баяндау.

1.2. Диалогтық сөйлесім бойынша:

- берілген тақырып аясында еркін пікірлесу;

- әңгімелесушінің пікіріне өз көзқарасын білдіру.

1.3. Мына салалар бойынша тілдің дұрыс қолданылуы:

а) лексика;

ә) грамматика;

б) орфоэпиялық дағдылардың сақталуы.

1.4. Жазбаша түрде: берілген тақырып аясында өз пікірін дәлелдеп, эссе жазу.

Оқушы:

- көлемдері әртүрлі мәтіндермен жұмыс істей;

- мәтіннің негізгі аспектілерін анықтай және талдай;

- тыңдаған, оқыған мәтіндері бойынша өз пікірін қорытындылай және дәлелдей;



- грамматикалық, синтаксистік, стилистикалық нормаларға сәйкес, оларды тілді қолдану үдерісінде пайдалана білуі тиіс.

5-модуль. Жаңа заман көшбасшысы (11 сағат)

Басшы келбеті

Басшы келбеті. Жаңашыл басшы болудың құпиялары. Кемел көшбасшы. Жаңа заманның жас лидерлері.


Тақырып бойынша сөздік қорын байыту: Етістіктің сөзжасамы. Салт және сабақты етістіктер. Есімше. Көсемше. Сөздердің мағыналық топтары. Сөздердің стилистикалық реңктері.

Грамматикалық материал: Құрылымдардың синонимдерін (1 ойды жеткізуге арналған сөйлемдер тобын) белсендіру; сөйлемдердің стилистикалық реңктері.

Орфографиялық және пунктуациялық материал: Үндестік заңының жазылу мен айтылудағы көрінісі. Тыныс белгілері.

Бақылау жұмысы: Коллоквиум (1сағат).

Күтілетін нәтижелер: Жазбаша монологтық сөйлесім (көлемі 200-250 сөз, 6-7 тақырыпшадан тұрады), сипаттау және хабарлама элементтері арқылы пайымдау, пайымдау және хабарлама элементтері арқылы сипаттау. Тақырыпқа қажетті грамматикалық құрылымдарды пайдалану:

- тақырыпқа негіз болып отырған нақты зат, субъект, өмір сүрген қоғамдық ортасы, зияткерлік қабілетін сипаттай алуы;

- тақырып бойынша субъект, оның қимыл-әрекетін сипаттау.


Қазақстан халқының жоғын жоқтап, мұңын мұңдаған жанашыры – Н.Ә.Назарбаевтың өмірі және еңбек жолымен танысу, мемлекет ісіне араласып жүрген жас көшбасшылар мен жаңа заман басшысының келбеті қандай болу керектігі туралы талқылап, өз пікірлерін тұжырымдау, мәтін мазмұнында берілген ойды толықтыру, басшыға тән қасиеттерге сипаттама жазу. Қазақ тіліндегі етістік категориясы жайлы теориялық білімдерін толықтырып бекіту, сөйлесім жағдайында дұрыс қолдана білу.

Бағалау параметрлері:

Білім алушылардың көреген басшы, оған тән қасиеттер, болашақ жас көшбасшылар туралы түсініктерін қалыптастыру.

Алған білімдерін нақты өмірлік жағдаяттарда қолдана білу:

1. Ауызша және жазбаша қатысым түрлерінде:

- тақырыпқа негіз болып отырған ақпарат туралы ой бөлісу, әңгімені қолдау, өз көңіл-күйін білдіру, адам бойындағы қасиеттер туралы баяндау, құптау, өз көзқарасын білдіру, дәлелдеу.


1.1. Монологтық сөйлесім бойынша:

- мәтін мазмұны бойынша ойын еркін жеткізу;

- мәтіндегі ақпараттарды салыстыра отырып баяндау.

1.2. Диалогтық сөйлесім бойынша:



  • мәтінге қатысты тірек-сөздерді пайдалана отырып, еркін ой бөлісу;

  • әңгімелесушінің пікірін құптау, қолдау арқылы пікірлесу.

1.3. Мына салалар бойынша тілдің дұрыс қолданылуы:

а) лексика;

ә) грамматика;

б) орфоэпиялық дағдылардың сақталуы ( ауызша тілдесімде).

1.4. Жазбаша түрде:

- берілген лексикалық тақырып көлемінде көшбасшыға тән қасиеттерді сипаттап жазу;

- өз көзқарасы тұрғысынан шағын эссе жазу.

Оқушы:

- берілген оқу материалын түсінуі және болжам жасай тиіс;

- тақырып төңірегінде өз ойын сыни тұрғыда айта да, жаза да тиіс;

- мәтіндегі негізгі ой бойынша пікірталаста ғаламдық мәселелердегі қарама-қайшылықтарды салыстыра отырып өзінің жеке пікірін дәлелдей алуы тиіс.


ІІІ тоқсан (практикалық сабақ – 24 сағат, бақылау жұмысы – 3 сағат, оөж – 9 сағат)

6-модуль. Қазіргі қоғам және қауіпсіздік (8 сағат)

Ел қауіпсіздігі – ұлттық мүдде

Ұлттық қауіпсіздік. Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Терроризм және лаңкестікпен күрес. Байланыс саласындағы және ақпараттық қауіпсіздік.


Тақырып бойынша сөздік қорын байыту: Үстеулер сөзжасамы. Сөздердің мағыналық топтары. Сөздердің стилистикалық реңктері.

Грамматикалық материал: Құрылымдардың синонимдерін (1 ойды жеткізуге арналған сөйлемдер тобын) белсендіру; сөйлемдердің стилистикалық реңктері.

Орфографиялық және пунктуациялық материал: Үндестік заңының жазылу мен айтылудағы көрінісі. Тыныс белгілері. Төл сөз бен төлеу сөз.

Бақылау жұмысы: Шығарма жазу(1сағат).

Күтілетін нәтижелер: Жазбаша монологтық сөйлесім (көлемі 200-250 сөз, 6-7 тақырыпшадан тұрады), сипаттау және хабарлама элементтері арқылы пайымдау, пайымдау және хабарлама элементтері арқылы сипаттау. Тақырыпқа қажетті грамматикалық құрылымдарды пайдалану:

- тақырыпқа негіз болып отырған нақты зат, субъект, өмір сүрген қоғамдық ортасы, зияткерлік қабілетін сипаттай алуы;

- тақырып бойынша субъект оның қимыл-әрекетін сипаттау.


Елдің ұлттық мүдделерінің нақты және ықтимал қауіп-қатерлерден қорғалуы туралы ақпараттар алу, берілген тақырыптар төңірегінде өз көзқарасын, пайымдауын айта білу, қимыл-сын, мақсат, мезгіл мағыналы құрылымдарды меңгеру, үстеу, оның сөйлемдегі қызметі туралы теориялық білімдерін бекітіп, сөйлесім әрекеттерінде дұрыс қолдана білу.

Бағалау параметрлері:

Білім алушылардың ұлттық, қоғамдық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, терроризм және лаңкестікпен күрес, байланыс саласындағы және ақпараттық қауіпсіздік жайындағы түсініктерін қалыптастыру.

Алған білімдерін нақты өмірлік жағдаяттарда қолдана білу:



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет