Учебная программа по предмету «русский язык»


Ауызша және жазбаша қатысым түрлерінде



бет9/19
Дата08.07.2017
өлшемі3,82 Mb.
#20783
түріУчебная программа
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   19

Ауызша және жазбаша қатысым түрлерінде:

- тақырыпқа негіз болып отырған ақпарат туралы пікірлесу,

- тәуелсіз Қазақстанның жетістіктері туралы өтілген тақырыптарды баяндау, мақұлдау, алған мәліметтерге өз көзқарасын білдіру, дәлелдеу.


1.1. Монологтық сөйлесім бойынша:

- тақырыпқа байланысты ойын жүйелі жеткізе алу;

- мәтін желісін ретімен өз пайымдауы бойынша әңгімелеу.

1.2. Диалогтық сөйлесім бойынша:

- сұхбаттасушы серіктесінің әңгімесіне қызығушылық таныта отырып, жауап беру;

- әңгімелесушінің пікіріне көңіл бөле отырып, ұтымды жауап беруге үйрену.

1.3. Мына салалар бойынша тілдің дұрыс қолданылуы:

а) лексика;

ә) грамматика;

б) орфоэпиялық дағдылардың сақталуы.

1.4. Жазбаша түрде:

- берілген тақырып аясында өз ойын дәлелдей отырып, шағын эссе жазу.



Оқушы:

- лексикалық тақырыптардың аясында берілген мәтінді түсініп, болжам жасай білуі тиіс;

- оқушының көп тілді, көп мәдениетті қоғамда өзін еркін сезінуі, өз көзқарасымен өзгенің пікірін салыстыра отырып ашық жеткізу дағдысының қалыптасуы тиіс;

- грамматикалық, синтаксистік, стилистикалық нормаларға сәйкес, оларды тілді қолдану үдерісінде пайдалана білуі тиіс.
3-модуль. Өмірі өнегеге айналған тұлғалар (8 сағат)

Мемлекет тарихында із қалдырған парасатты ғалымдар

С.Зиманов – отандық заң ғылымының атасы. Ө.Жолдасбеков –еліміздегі инженерлік ғылымның негізін қалаушы. М.Әбділдин – теориялық физика саласындағы үздік ғалым.

Тақырып бойынша сөздік қорын байыту: Сын есім. Сын есімнің сөзжасамы. Сөздердің мағыналық топтары. Сөздердің стилистикалық реңктері.

Грамматикалық материал: Құрылымдардың синонимдерін (1 ойды жеткізуге арналған сөйлемдер тобын) белсендіру; сөйлемдердің стилистикалық реңктері.

Орфографиялық және пунктуациялық материал: Үндестік заңының жазылу мен айтылудағы көрінісі. Тәуелдік жалғаулары. Тыныс белгілері.

Бақылау жұмысы: Мазмұндама (1сағат).

Күтілетін нәтижелер: Жазбаша монологтық сөйлесім (көлемі 200-250 сөз, 6-7 тақырыпшадан тұрады), сипаттау және хабарлама элементтері арқылы пайымдау, пайымдау және хабарлама элементтері арқылы сипаттау. Тақырыпқа қажетті грамматикалық құрылымдарды пайдалану:

- тақырыпқа негіз болып отырған субьектінің өмір сүрген қоғамдық ортасын, зияткерлік қабілетін сипаттай алуы;


Білім мен ғылым шыңына жету, нағыз зиялы азамат ретінде толық қалыптасып, мемлекет пен қоғамға мүлтіксіз қызмет етудегі тұлғалардың парасаттылығы жайлы пікірлесу, әңгімені қолдау, өз көңіл-күйін білдіру. Сын есімдердің сөзжасамын, сапалық сын есімдер мен анықтауыштық қатынасты коммуникативтік-функционалды тұрғыдан меңгеру. Берілген тақырыптар көлемінде өз көзқарасын, пайымдауын салыстыру түрінде жазу.

Бағалау параметрлері:

Білім алушылардың отандық заң ғылымының атасы – С.Зиманов, еліміздегі инженерлік ғылымның негізін қалаушы – Ө.Жолдасбеков, теориялық физика саласындағы үздік ғалым – М. Әбділдин. Ғалымның Қазақстан және әлемдік ғылым саласына қосқан үлесі туралы түсініктерін қалыптастыру.

Алған білімдерін нақты өмірлік жағдаяттарда қолдана білу:

1. Ауызша және жазбаша қатысым түрлерінде:

- тақырыпқа негіз болып отырған ақпарат жайлы ой бөлісу, әңгімені қолдау, өз көңіл-күйін білдіру, өнегелі тұлғалардың өмір жолы, жетістіктері туралы баяндау, мақұлдау, алған мәліметтерге өз көзқарасын білдіру, дәлелдеу.


1.1. Монологтық сөйлесім бойынша:

- тақырып мазмұны негізінде ойын еркін жеткізу;

- тақырып мазмұнына ұқсас ақпараттарды салыстыра отырып әңгімелеу.

1.2. Диалогтық сөйлесім бойынша:

- сұхбаттасушыға өзіндік ой пікірін жеткізу;

- әңгімелесушінің пікіріне өз көзқарасын білдіру.

1.3. Мына салалар бойынша тілдің дұрыс қолданылуы:

а) лексика;

ә) грамматика;

б) орфоэпиялық дағдылардың сақталуы.

1.4. Жазбаша түрде:

- берілген тақырып аясында ғалымдар еңбегін салыстыру;

- тақырыпты қорытындылып, өз пікірін жазу.

Оқушы:

- ұсынылған тілдік материал негізінде мәтінді түсініп, өз сөзімен мазмұндай;

- тақырып төңірегінде және қатысым жағдайында өз ойын, пікірін айта;

- қазақ тілінде сауатты жазып, дұрыс сөйлеу дағдысын қалыптастыра білуі тиіс.


ІІ тоқсан (практикалық сабақ – 22 сағат, бақылау жұмысы- 2 сағат, оөж -8 сағат)

4-модуль. Адам және оның мүмкіндіктері (11 сағат)

Адамның жан дүниесі және сыртқы келбеті

Мінез – адам сыны. Адамның сыртқы келбеті. Бүгінгі замандас келбеті.

Адамгершілік –асыл қасиет. Ұлттық рухымыз өршіл болсын.

Тақырып бойынша сөздік қорын байыту: Сан есім. Сан есімнің сөзжасамы. Сөздердің мағыналық топтары. Сөздердің стилистикалық реңктері.

Грамматикалық материал: Құрылымдардың синонимдерін (1 ойды жеткізуге арналған сөйлемдер тобын) белсендіру; сөйлемдердің стилистикалық реңктері.

Орфографиялық және пунктуациялық материал: Үндестік заңының жазылу мен айтылудағы көрінісі. Септік жалғаулары. Тыныс белгілері.

Бақылау жұмысы: Сөздік диктант (1сағат).

Тақырыпқа қажетті грамматикалық құрылымдарды пайдалану:

- тақырыпқа негіз болып отырған нақты зат, субъекті, өмір сүрген қоғамдық ортасы, әлеуметтік жағдайы, субъектінің ішкі жан дүниесін, сыртқы келбетін, мінезін, жақсы-жаман қасиеттерін, мүмкіндіктерін, зияткерлік қабілетін сипаттай алуы;


Күтілетін нәтижелер: Жазбаша монологтық сөйлесім (көлемі 200-250 сөз, 6-7 тақырыпшадан тұрады), сипаттау және хабарлама элементтері арқылы пайымдау, пайымдау және хабарлама элементтері арқылы сипаттау.

Адамның мінез-құлқы, адам бойындағы асыл қасиеттер, бүгінгі замандастар келбеті, отансүйгіштік, ұлтжандылық қасиеттері туралы мәтіндерді игере отырып, бүгінгі өмірмен байланыстырып, өздерінің қабылдауы бойынша талқылау, бағалау, пікірлесу. Берілген тақырып көлемінде өз көзқарасын, пайымдауын шағын эссе түрінде жазу. Сан есімнің лексика-семантикалық топтарын, мезгілдік қатынас құрылымдарын дұрыс қолдана білу.



Бағалау параметрлері:

Білім алушылардың адам мінезінің ерекшеліктері, адамгершілік қасиеттердің қалыптасуы, адамның сыртқы келбеті, бүгінгі замандас келбеті

тақырыптары аясында түсініктерін қалыптастыру.

Алған білімдерін нақты өмірлік жағдаяттарда қолдана білу:




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет