1. Ауызша және жазбаша қатысым түрлерінде:
1.1. Монологтық сөйлесім бойынша:
- мәтін мазмұны бойынша ойын еркін жеткізу;
- берілген тақырыпқа байланысты алдын ала дайындалып, күрделі емес баяндама жасау.
1.2. Диалогтық сөйлесім бойынша:
- мәтіндегі жаңа сөздер мен сөз тіркестері арқылы сұхбаттаса алу;
- тақырып көлемінде ой бөлісіп, пікірлесу;
1.3. Мына салалар бойынша тілдің дұрыс қолданылуы:
а) лексика;
ә) грамматика;
б) орфоэпиялық дағдылардың сақталуы.
1.4. Жазбаша түрде: берілген лексикалық тақырып аясында өз көзқарасын білдіріп, шағын эссе жазу.
Оқушы:
- оқушы сөйлесім барысында кез келген тақырыпта термин сөздерді тиімді қолданып, өз пікірін басқа пікірлермен салыстыра отырып жүйелі жеткізе алуы;
- медиақұралдарды пайдаланып, ғаламдық мәселелермен үндестіріп, сөйлеушілердің пікіріне баға беріп, өз ойын креативті үлгіде айта алуы;
- грамматикалық, синтаксистік, стилистикалық нормаларға сәйкес, оларды тілді қолдану үдерісінде пайдалана білуі тиіс.
7-модуль. Қазақстан экономикасының дамуы (8 сағат)
Экономикалық білім – заман талабы
Қазақстандағы нарықтық экономиканың дамуы. Қазақстан экономикасының қайнар көзі. Қазақстанның капиталы сыртқы нарықта. Сауда өнімдері. Қазақстан банктері. Ұлттық банк. Қазақстанның ұлттық теңгесі. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры.
Тақырып бойынша сөздік қорын байыту: Сөздердің мағыналық топтары. Сөздердің стилистикалық реңктері. Грамматикалық материал: Құрылымдардың синонимдерін (1 ойды жеткізуге арналған сөйлемдер тобын) белсендіру; сөйлемдердің стилистикалық реңктері. Шылау, оның түрлері. Орфографиялық және пунктуациялық материал: Үндестік заңының жазылу мен айтылудағы көрінісі. Тыныс белгілері. Төл сөз бен төлеу сөз.
Бақылау жұмысы: Диктант (1сағат).
Күтілетін нәтижелер: Жазбаша монологтық сөйлесім (көлемі 200-250 сөз, 6-7 тақырыпшадан тұрады), сипаттау және хабарлама элементтері арқылы пайымдау, пайымдау және хабарлама элементтері арқылы сипаттау.
Тұлғалық өзін-өзі дамыту құзыреттілігі. Енбек, экономикалық және саяси қоғамдық қатынастар саласындағы белсенді азаматтық-қоғамдық қызмет білімі мен тәжірибесінің қалыптасуы, қоғамдағы өз орнын табу, әртүрлі жағдайларда дұрыс шешім қабылдай білу; өзін-өзі қалыптастыруға, дамытуға талпыну.
Бағалау параметрлері:
Тақырып бойынша отбасы бюджеті, оны құра білу, Қазақстандағы нарықтық экономиканың дамуы, Қазақстандағы туризмнің дамуы, туристік нысандар, сауда өнімдері, Қазақстан банктері, олардың қызметі, Ұлттық банк, ұлттық теңге туралы түсініктерінің болуы.
Алған білімдерін нақты өмірлік жағдаяттарда қолдана білу:
Ауызша және жазбаша қатысым түрлерінде:
- экономика мәселесіне байланысты өтілген тақырыптарды баяндау, мақұлдау;
- алған мәліметтерге өз көзқарасын білдіру, дәлелдеу, оларды талқылау барысында өз қабылдауы бойынша баға беру.
1.1. Монологтық сөйлесім бойынша:
- жағдаяттарды немесе оқиғаларды рет-ретімен өз көзқарасы бойынша сипаттау;
1.2. Диалогтық сөйлесім түрінде:
- тілдік жағдаяттарға тән этикеттік орамдарды орынды пайдаланып, сөйлеу мәдениетінің нормаларын сақтай отырып, меңгерген лексикалық тақырыптар аясында әңгімелесушімен еркін сұхбаттаса алу,
- әңгімеге негіз болған ой төңірегінде өз пікірін білдіріп, өз көзқарасын дәлелдеу.
1.3. Мына салалар бойынша тілдің дұрыс қолданылуы:
а) лексика;
ә) грамматика;
б) орфоэпиялық дағдылардың сақталуы.
1.4. Жазбаша түрде:
- тақырыптар мен тақырыпшалар арасындағы нақты жағдайларды сипаттау;
- лексикалық тақырыптар арқылы қалыптасқан экономикалық түсініктері бойынша шағын эссе жазу және қысқаша баяндама жасау;
Оқушы:
- әртүрлі тақырыптар бойынша образды сөздерді қолданып, ғаламдық мәселелерге баға бере отырып, өзгеше ой айта алуы;
- тақырыпқа сай алуан түрлі мәтіндерді басқа ел шығармаларымен салыстыра отырып, түрлі жаңалықтардың өзектілігіне талдау жасай алуы;
- грамматикалық, синтаксистік, стилистикалық нормаларға сәйкес және оларды тілді қолдану үдерісінде пайдалана білуі тиіс.
8-модуль. Қоғамдағы әлеуметтік мәселелер (8 сағат)
Отбасының қоғамда алатын орны.
ҚР-ның «Неке және отбасы» туралы Заңы. Отбасына байланысты ұлттық салт-дәстүрлер. Отбасының қоғамда алатын орны. Қазақстан Республикасында отбасын әлеуметтік қорғау. Қазақстандағы демографиялық жағдай. «Бала – адамның бауыр еті». Көп балалы отбасы. Қаладағы және ауылдағы тұрғын үй құрылысы. Тұрғын үй дизайны.
Тақырып бойынша сөздік қорын байыту: Сөздердің мағыналық топтары. Сөздердің стилистикалық реңктері. Грамматикалық материал: Құрылымдардың синонимдерін (1 ойды жеткізуге арналған сөйлемдер тобын) белсендіру; сөйлемдердің стилистикалық реңктері. Орфографиялық және пунктуациялық материал: Үндестік заңының жазылу мен айтылудағы көрінісі. Тыныс белгілері. Төл сөз бен төлеу сөз.
Бақылау жұмысы: Лексика-грамматикалық тест (1сағат).
Күтілетін нәтижелер: Жазбаша монологтық сөйлесім (көлемі 200-250 сөз, 6-7 тақырыпшадан тұрады), сипаттау және хабарлама элементтері арқылы пайымдау, пайымдау және хабарлама элементтері арқылы сипаттау.
Мәтін мазмұнын түсініп, өз көзқарасы тұрғысынан өзгертулер енгізе отырып, толықтырады, мазмұндайды. Мәтіннен өзіне қажетті ақпараттарды іріктейді, оларды тілдік қатынаста мақсатқа сай саралап, еркін қолданады.
Бағалау параметрлері:
Отбасына байланысты ұлттық салт-дәстүрлер, жас отбасын әлеуметтік тұрғыдан қорғау, Қазақстандағы тұрғын үй мәселесі, демографиялық жағдай, отбасындағы әке мен ананың, баланың рөлі, көп балалы отбасына көрсетілетін көмек, халықтың әл-ауқатын жақсартудағы мемлекеттің рөлі туралы түсініктерін қалыптастыру.
Алған білімдерін нақты өмірлік жағдаяттарда қолдана білу:
Ауызша және жазбаша қатысым түрлерінде:
Монологтық сөйлесім бойынша:
- лексикалық мәтіндердегі негізгі ойды түсініп, оған өз көзқарасын, пікірін білдіре отырып баяндау.
1.2. Диалогтық сөйлесім түрінде:
- мәтіндегі жаңа сөздер мен сөз тіркестерін пайдалана отырып, берілген ой төңірегінде сұхбаттаса алуы.
1.3. Мына салалар бойынша тілдің дұрыс қолданылуы:
а) лексика;
ә) грамматика;
б) орфоэпиялық дағдылардың сақталуы.
1.4. Жазбаша түрде:
- меңгерген тақырып бойынша өз ойын қысқаша әрі жазбаша түрде бере алу;
- берілген мәтіндегі сөйлемдердің түрін анықтап, негізгі ойды тілдік қатынаста басқаға жеткізу, мәтіндегі тілдік көркем-бейнелегіш құралдарды қолдана алу.
Оқушы:
- білім алушылар мәтін мазмұны бойынша жоспар құра алуы;
- ғаламдық тақырыптағы мәтіндерде көтерілген мәселенің маңызын түсінуі;
- мәтіндегі негізгі ой бойынша пікірталаста ғаламдық мәселелердегі қарама – қайшылықтарды салыстыра отырып, өзінің жеке пікірін дәлелдей алуы;
- сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі мен сөйлем мүшелерінің орналасу реттілігін меңгеруі тиіс;
ІҮ тоқсан (практикалық сабақ- - 21 сағат, бақылау жұмысы – 3 сағат, оөж – 8 сағат)
9-модуль. Бәсекеге қабілетті мамандар дайындау (11 сағат)
Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ
Еліміздегі білім беру жүйесіндегі тың серпіліс. Қазақстандағы айтулы мектептер мен білім ошақтары. Бәсекеге қабілетті мамандар дайындау.
Ұлттық кадрлар – мемлекеттің негізі.
Достарыңызбен бөлісу: |