Учебная программа по предмету «русский язык»



бет8/19
Дата08.07.2017
өлшемі3,82 Mb.
#20783
түріУчебная программа
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   19

Қазақ хандығының құрылуы. Ел басына төнген қауіп. Ұлтты ұйыстырған ұлы жеңіс. Азаттықты аңсаған зиялылар. Желтоқсан – ұлт-азаттық көтеріліс.

Тақырып бойынша сөздік қорын байыту: Синонимдер. Антонимдер. Фразеологизмдер. Сөздердің мағыналық топтары. Сөздердің стилистикалық реңктері.

Грамматикалық материал: құрылымдардың синонимдерін (1 ойды жеткізуге арналған сөйлемдер тобын) белсендіру; сөйлемдердің стилистикалық реңктері.

Орфографиялық және пунктуациялық материал: Үндестік заңының жазылу мен айтылудағы көрінісі. Тыныс белгілері. Төл сөз бен төлеу сөз.

Бақылау жұмысы: Диктант (1сағат).

Күтілетін нәтижелер: Жазбаша монологтық сөйлесім (көлемі 200-250 сөз, 6-7 тақырыпшадан тұрады), сипаттау және хабарлама элементтері арқылы пайымдау, пайымдау және хабарлама элементтері арқылы сипаттау.

Тақырыпқа қажетті грамматикалық құрылымдарды пайдалану:

- тақырыпқа негіз болып отырған нақты затты, кейіпкерді, оның әлеуметтік ортасын, оқиғаны сипаттай алуы;


Қазақ елінің тарихы, тәуелсіздікке жету жолындағы басынан өткен қиындықтары туралы берілген ақпараттар бойынша өз ойын жеткізе білу, қосымша ақпараттар дайындау, мәтіндер арқылы алған мәліметтерін рет-ретімен баяндау, сөйлемдегі мағынаның түрлі реңктерін дәл бере алатындай дауыс ырғағын ұтымды қолданып, талдай алу. Қазақ тілінің фонетикалық және лексикалық нормаларын ұғынып, синонимдік, антонимдік, омонимдік қатарлардың мағыналық сипатын түсініп, қолдана білу. Берілген тақырыптар көлемінде өз көзқарасын, тұжырымын шағын эссе түрінде жазу.

Бағалау параметрлері:

Тақырып бойынша білім алушылардың мемлекеттің тәуелсіздікке жету жолындағы бастан кешкен тарихи кезеңдері (қазақ мемлекетінің құрылуы, Ақтабан шұбырынды Алқакөл сұлама, Жоңғар шапқыншылығы, Алаш қозғалысы, Желтоқсан оқиғасы) туралы түсініктерінің болуы.


Алған білімдерін нақты өмірлік жағдаяттарда қолдана білу:

  1. Ауызша және жазбаша қатысым түрлерінде:

  • әңгіме болып отырған ақпарат туралы мәлімет беру, оны талдау. Пікірталасқа, әңгімеге қатысу, жеке көзқарасын дәлелдеу, өз пікірінде тұру.

1.1. Монологтық сөйлесім бойынша:

- тақырып аясында талдау, салыстыру, өз пікірін еркін баяндау.

- шағын мәтіндердегі ақпараттарды түсіну, негізгі және қосымша ақпараттарды айыра білу;

- жағдаяттарды немесе оқиғаларды рет-ретімен өз көзқарасы бойынша баяндау.

1.2. Диалогтық сөйлесім бойынша:

- ойдың бірізділік (бастау, жалғастыру, аяқтау) формаларын қолдана алу;

- әңгімелесушінің сөзін тыңдай отырып, өзінің ойын байланыстырып айта білуге үйрену.

1.3. Мына салалар бойынша тілдің дұрыс қолданылуы:

а) лексика;

ә) грамматика;

б) орфоэпиялық дағдылардың сақталуы.

1.4. Жазбаша түрде: берілген тақырып аясында өз көзқарасын, пікірін сипаттап жазу.



Оқушы:

Лексикалық тақырыптар бойынша белгілі бір уақыт ішінде (қысқа) еркін сөйлесе;

- ауызша тілдесімді түсіне отырып, оны қысқаша мазмұндай және жалғастыра;

- ақпараттардағы негізгі байланысты анықтай және оны жүйелі баяндай;

- әртүрлі мәтіндердің стильдері мен ерекшеліктерін түсіне және бағалай;

- бұқаралық ақпарат құралдарының тілін түсіне білуі тиіс.

2-модуль. Мәңгілік ел (8 сағат)

Мәңгілік ел болу идеясын жүзеге асырушы –жастар

Қазақстан – 2050. Тәуелсіз Қазақстанның жарқын бейнесі. Қазақстан – әлемдік кеңістікте. Мәңгілік ел болу – бабалар арманы. Мәңгілік елдің мәңгілік тілі. Үш тілді меңгеру – жарқын болашақтың кепілі.


Тақырып бойынша сөздік қорын байыту: Сөзжасам. Зат есімнің сөзжасамы. Сөздердің мағыналық топтары. Сөздердің стилистикалық реңктері.

Грамматикалық материал: Құрылымдардың синонимдерін (1 ойды жеткізуге арналған сөйлемдер тобын) белсендіру; сөйлемдердің стилистикалық реңктері.

Орфографиялық және пунктуациялық материал: Үндестік заңының жазылу мен айтылудағы көрінісі. Көптік жалғаулары. Тыныс белгілері.

Бақылау жұмысы: Лексика-грамматикалық тест (1сағат).

Күтілетін нәтижелер: Жазбаша монологтық сөйлесім (көлемі 200-250 сөз, 6-7 тақырыпшадан тұрады), сипаттау және хабарлама элементтері арқылы пайымдау, пайымдау және хабарлама элементтері арқылы сипаттау. Тақырыпқа қажетті грамматикалық құрылымдарды пайдалану:

- тақырыпқа негіз болып отырған объектіні, қоғамдық жағдайды, оқиғаны, сипаттай алуы;


Егемен Қазақстанның әлемдік кеңістіктегі орны, Мәңгілік ел болуға ұмтылысы, үштұғырлы тіл саясатының жүзеге асуы туралы мәліметтер алу, оларды өз көзқарасы тұрғысынан әңгімелеу. Сөйлесімде сөзжасам, зат есімнің түрленуі, лексикалық тақырыптар аясында жалғауларды белсенді қолдана білу, морфологиялық құбылыстардың мағыналық, тұлғалық жағын саралау. Берілген тақырыптар көлемінде өз көзқарасын, тұжырымын шағын эссе түрінде жазу.

Бағалау параметрлері:

Білім алушылардың «Қазақстан–2050 стратегиясы», «Тәуелсіз Қазақстанның жарқын бейнесі», «Мемлекеттің әлемдік кеңістіктегі орны», «Мәңгілік елдің мәңгілік тілі», «Үш тілді меңгеру – жарқын болашақтың кепілі» тақырыптары аясында түсініктерінің болуы.


Алған білімдерін нақты өмірлік жағдаяттарда қолдана білу:


  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет