Учебно методический


Дәріс №11 Тақырыбы: Жатыр мойны мен жатыр денесінің рагі



бет43/199
Дата06.02.2022
өлшемі5,99 Mb.
#79374
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   199
Байланысты:
УМКД Акушерство каз. 4 курс ОМ

Дәріс №11
Тақырыбы: Жатыр мойны мен жатыр денесінің рагі
Дәріс тезисі
Жатыр мойны рагі қазіргі кезде кеңінен таралып, қатерлі ісік арасында 7 орында,әйелдер ауруында 3 орында 9,8% құрап тұр. Елімізде 2005 жылы ауру көрсеткіші 7,7%000, өлім көрсеткіші 4,2%000.
Жатыр мойны рагі этиопатогенезін қазіргі кезде вирусты теориямен түсіндіріледі. Негізгі түрлеріне папиллома вирусты инфекция мен герпестің 2-ші серотипі жатады.Канцерогенездің химиялық теориясы химиялық заттардың жасуша ядросына әсері арқылы жасуша ДНҚсында мутация тудыруына негізделген.Тұқымқуалаушылық теориясы вирусты теория мен онкоген концепциясын біріктіріп қарастырады.
Жатыр мойны рагінің жіктелуі:сатысы бойынш,TNM системасы, клинико-анатомиялық және гистологиялық формасы.
Клиника. Біріншілік симптомы: қатты ауырсыну,қанды бөлінді.Екіншілік симптомы:жалпы әлсіздік,шаршағыштық,еңбекке қабілетінің төмендеуі.
Диагностика. Жатыр мойны рагінің ерте сатысында негізгі әдіс кольпоскопия.Жатыр мойны рагінің 5 кольпоскопиялық типін ажыратады. Морфологиялық зерттеу.Цитологиялық зерттеу нәтижесі бес балды Papanicolau бойынша. Цитологиялық зерттеу жоғары нәтижелі.Қосымша зерттеу әдістері КТ және УДЗ, цисто-ректороманоскопия, экскреторлі урография,кеуде клеткасын рентгенге түсіру.
Емдеудің негізгі принциптері мен әдістері. Хирургиялық: конусовидная электроэксцизия, жатыр экстирпациясы, Вертгейм әдісімен жатырды қосалқыларымен экстирпациялау.Сәулелі терапия
Комбинирленген емі.
Соңғы жылдары жатыр денесі рагімен ауыратындардың саны өсуде.Республикамызда 1979 жылдан 2005ж аралығында эндометрий рагі 2,3 есеге өсті.Қатерлі ісіктен өлім көрсеткіші бойынша 17-ші орында. 2005 ж аурушылдық көрсеткіші 5,7%000,өлім 2,1%. Аурушылдықтың I-II сатысындағылар 78,3%.
Этиопатогенезі. Гормонғатәуелді ісіктерге нейро-эндокринді-алмасу бұзылысы маңызды. 2 патогенетикалық түрі (гормонға тәуелді,тәуелді емес).Қауіп факторы. Фонды процестер: темірлі гиперплазия, эндометриалды полиптер.Рак алды аурулары: эндометрийдің атипиялық гиперплазиясы.
Рак: аденокарцинома, аденоакантома,ашықклеткалы мезонефридті аденокарцинома,темірлі-тығызклеткалы рак,дифференцияланбаған рак.
Клиникасы. Негізгі симптом – жатырлық қансырау, меноррагия немесе метроррагия, постменопаузада қанды бөлінді,ауырсыну сезімі.Жалпы симптомы: семіру немесе жүдеу, диабет, гипертония.
Диагностикасы. Скрининг-әдіс – аспирационды эндометрий биопсиясы. Жатыр денесін және цервикалды каналды диагностикалыық мақсатта бөлек қыру. Гистероскопия и гистерография. УЗИ. КТ. МРТ.Кеуде клеткасының және іш қуысының рентгендік көрінісі.
Емі. I сатысы – жатыр және қосалқыларымен экстирпациялау (G1) немесе лимфаденэктомиямен жатырды қосалқыларымен экстирпациялау + гормонотерапия прогестмен (G2), G3 кезіңде – операциядан кейінгі дистанционды ЛТ
II сатысы – комбинирленген, сәулелі ем, комплексті ем.
III сатысы - комбинирленген, қосарлас сәулелі ем, комплексті ем
IV сатысы – паллиативті ЛТ, химиогормонотерапия


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   199




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет