Қазақстан республикасы 45minut kz – 45minut org Ұстаздарға арналған басылым редакциясы жаңА ҒАСЫРДА жаңа білім 45minut. Org топтамасы



Pdf көрінісі
бет102/285
Дата28.11.2023
өлшемі9,52 Mb.
#193831
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   285
Байланысты:
toptama kzkz (1)

 Жағдаяттарды талдау.
1. Дәулет сабаққа кешігіп қалды...
2. Алпамыс байқамай Айжанды қағып кетті...
Ән:
"Болайықшы осындай"
Мұғалім:
Балалар, бүгін біз сіздермен кешірімді бала мен кішіпейіл бала қандай болуы керек екені жайлы білдік. Яғни 
ренішін ұмытып, райынан тез қайтатын адам кешірімшіл болады. Кешіре білу адамның өзімен, өзгелермен үйлесімді өмір 
сүруіне мүмкіндік жасайды. Кішіпейіл адам адамгершілігі мол, мейірбан болады, кісіге қарасуға, қол ұшын беріп, 
жәрдемдесуге әзір тұрады. Кішіпейілділік жай нәрсе емес, ол – мінез, әлеуметтік мәртебе, көп қошемет тұтатын асыл қасиет 
болып табылады
Кішіпейілділік өзге адамдарды сыйлаудан, олармен қарым-қатынас жасаудағы қарапайымдылықтан, басқалардан 
ерекшеленуге әрекеттенбеуден көрінеді. Ондай адамдардың сөзі ұстамды келеді. Сол үшін де халық, кішіпейілділік кішілік 
емес, кісілік деп оның мәнін өте дұрыс айтып жеткізген.
Әр адам өзін кез-келген жерде бір- бірлерін кешіре білуі керек екен. 
* * * * *
ҚАЗІРГІ ЗАМАН ТАЛАБЫНА САЙ ОҚУШЫЛАРДЫҢ КІТАП ОҚУЫН 
ҰЙЫМДАСТЫРУДА МЕКТЕП КІТАПХАНАСЫНЫҢ РОЛІ
Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Аққұм бекеті
Негізгі білім беретін №221 Аққұм мектебі
Мектеп кітапханашысы Төлекбаева Бибіхан 
Ата-бабамыз айтып кеткен «білекті бірді жығады,білімді мыңды жығады» деген нақыл сөзге бүгін - біздер келіп тіреліп
отырмыз. Өйткені елбасы «еліміздің бәсекеге қабілетті ел қатарынан орын алуы-білімді жастардың еншісінде»деп атап
көрсетті.Қай қоғам білімді болса,көп оқыған болса,сол ел озық ел және мықты ел.
Қазіргі таңдағы жан-жақты білім мен тәрбие берер мәдени орындардың бірі мектеп кітапханасы.Мектеп кітапханасы
оқушыларға сапалы білім беруде,тәрбиелік іс-шараларды өткізуде бірден -бір қайнар көзі.
Қоғамымыздың дамуы ақпараттың қең таралуымен, мәдениет мәйегін халыққа тереңдетіп түсіндіру мәселелерімен 
тиянақтала түседі.Осындай маңызды істерге шамшырағы жарқыраған аралдай, оты өшпеген қара ошақтай, қараңғы түнде
алдан жарқыраған жарық сәуледей жол нұсқайтын -мектеп кітапханасы.Рухани тарихын, ата-бабаларымыздың салт- 
дәстүрлерін, әдеп- ғұрпын тануда кітаптың берер көмегі ұшан- теңіз...
Қазіргі заманда оқушылардың өскелең талабын қанағаттандыру, олардың кітап алып оқуын ұйымдастыруда , рухани 
байлығы мен жалпы қабілетін дамыту және жоғары эстетикалық талғамын қалыптастыру міндеттерін іске асыруда мектеп
кітапханаларының атқарар істері көп.
Кітапхана- оқушылардың сапалы білім беруде, тәрбиелік іс –шараларды өткізуде мұғалімдердің бірден- бір сенімді серігіне
айналуы тиіс .Осы орайда мектеп кітапханасының атқарар істері көп.Біздің кітапханада оқушылардың білім сапасын 
арттыру, сапалы тәрбие беру бағытында көптеген іс- шаралар (әр түрлі тақырыптағы кештер, сайыстар, оқырмандар
конференциялары, қітапханалық шолулар, дөңгелек столдар, кітап көрмелері )өткізіледі.
Сонымен бірге оқулықтан басқа жеке пәндер бойынша өткізілетін панорамалық сабақтардың, сыныптағы тәрбие 
сағаттарының түрлі әдеби-мәдени кештердің бейнетаспалары жинақталады.
Информатика, физика, химия, биология, қазақ әдебиеті, орыс тілі, ағылшын тілі тағы басқа пәндер бойынша элекронды 
оқулықтар бір шама жүйеге келтіріліп, пән мұғалімдерінің пайдалануына дайын тұрады.Күнделікті оқырмандарға қызмет 
көрсету жұмысы жүргізіледі,онда іздеген кітаптарды барынша тауып беріп ,уақытылы қайтарылуын талап етемін.Қажетті 
материалдарды оқырмандарға түрлі энциклопедиядан,кітаптардан тауып беремін.Оқушыларға көмек ретінде жиналған 
материалдарды жинақтап,
альбом жасалынады.Кітапхананы мерзімді басылымдармен қамтамасыз ету жүйелі жүргізіледі.Басылымдардағы жарық
көрген жаңа кітаптар,маңызды мақалалар оқушыларға,ұстаздарға насихатталып отырады.
Мектебіміздің кітапхана қорында-3014дана кітап болса,оның-1642-сі оқулық, ғылыми-көпшілік кітаптар мен әдеби кітаптар 
саны-1348дана,сонымен бірге 23 электронды оқулықтар мен АСУ программасы бар.Бізге келген кітаптар 
«Атамұра>>,<<Мектеп>>,<<Аруна>> т.б. баспаларынан шыққан .
Мектеп кітапханасында оқушылардың білім сапасын арттыру,саналы тәрбие беру бағытында көптеген іс-шаралар
өткізіліп отырады.Күнделікті өмірдегі жаңалықтар,ақын-жазушылардың,өнер иелерінің мерейтойларға арнап кітапхана 
бөлмесінде бұрыш жасалынады.Кітапханада кітаптарды тиімді пайдалану үшін оқушылар мен мұғалімдерге <<Денсаулық –
бірінші байлық>>, <<Ертегілер елінде>>, «Ой бөлістім халқыммен...»,<<Сырдария-жырдария>>,<<Мұғалімдерге арналған 
әдістемелік бұрыш>>,<<Мәдени мұра>>, «Балаларға базарлық», «Жаңадан түскен кітаптар» т.б.тақырыптарда арнайы
тақырыптық бөлімдер бар.Белгілі бір мақсатта әрдайым кітап көрмесі арнайы іріктелініп,жүйеленіп 
отырады.Мысалы<<Менің Отаным-Қазақстан>>,<<Қазақстан рәміздері>>, «Сиқырлы заң кітабы» т.б.
72


Мектеп кітапханасы білім мен мәдениеттің кәусар көзі. Әртүрлі тақырыптағы кештер, сайыстар мен оқырман сайысы
әдеби шолулар мен дөңгелек столдар , кітап көрмелері өткізіледі .Мектеп партасында отырған жасөспірімдер мен
бүлдіршіндерді рухани байыту –кітапхананың төл ісі . Сондықтан біздің кітапхана өзіне мынадай міндеттерді жүктейді:
-жан –жақты дамыған баланы тәрбиелеуге ат салысу
-оқушылардың ой- өрісін кеңейту, оқу деңгейін көтеруге жәрдемдесу;
-мектептің педогог қызметкерінің кәсіптік шеберлігін көтеруге көмектесу.
Кітап –бір бүтін сырға толы әлем ,оқыған сайын өзіне баурап алады.Сондықтан болар кітапханада ешқашан тыныш
болмайды.Әсіресе қоңырауда шулы болады.Осында балалар кітап пен журнал алуға ғана емес,өздерін қызықтыратын 
сұрақтарға жауап табу үшін және кітап туралы әңгімелесуге де келеді.
Оқушыларды кітап оқуға тартуда ең үлкен рөл атқаратын жұмыс көпшілік іс-шараларын ұйымдастыру.Сондай іс-
шаралар өткізу арқылы оқырмандардың кітапқа деген қызығушылығын арттыруға,білімін,ой-өрісін байытуға үлкен үлес
қосамыз.
Оқушылардың салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында түрлі іс-шаралар ұйымдастырылады,насихаттау 
жұмыстары жүргізіледі.Салауатты өмір салтын қалыптастыру бағытындағы іс-шараларға арнайы мамандар мен пән
мұғалімдерін қатыстыра отырып дайындалады.
Мектеп кітапханасының қазіргі талаптарға сәйкес жабдықтау,кітап қорын молайтып оқушылардың,мұғалімдердің 
кітапханамен байланысын арттыру ісін қолға алып,шығармашылық бағытта көптеген жұмыстар жүргізіледі.
Оқушылардың шығармашылық жұмыстарына байланысты әр түрлі тақырыпта ғылыми баяндамалар,оқу семинарлары 
ұйымдастырылады. Пән мұғалімдермен тығыз байланыста болып,дарынды,үлгерімі төмен оқушылармен күнделікті 
жұмыстар жүргізіледі. Жыл сайын оқушылар арасында<<Кітапқұмарлар>> атты сайыс өткізіліп, соңы әдеби кешке ұласады. 
Біздің алға қойған міндетіміз – шәкірттерге сапалы білім, саналы тәрбие бере отырып, жан-жақты дамыған жеке тұлғаны
қалыптастыру жолында аянбай еңбек ету. 
Сол бағытта кітапхана жұмысын жандандыру ісін жолға қою жолында жұмыс жасап келемін. Тұжырымдай келе,
казіргі қоғамымыздың дауына орай ақпаратты аудио, видео, интернет арқылы алу мүмкіндігі жоғары болғанымен 
кітапхана арқылы әдеби кітаптарды оқи отырып алатын білім мен тәрбиенің орны бөлек. Ұлы ұстаз


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   285




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет