Аударма, 2006. Т. 5.
ДОКТРИНА – (лат. – ілім) қандай да бір жүйеленген ілім (әдетте, философиялық, саяси немесе идеологиялық), байланысқан тұжырымдама, ұстындар жиынтығы. «Д.» тeрмині (оған сәйкес синонимдік «ілім», «тұжы- рымдама», «теория» терминдерімен салыстырғанда) көбінсе схоласти- калық не догматтық ықпалдағы көзқарастарды түсіндіруде жиі кездеседі.
Әдебиет: Философиялық энциклопедиялық сөздік. – М., 1983.
ДОСПАМБЕТ жырау. Досмәмбет (1940 ж. Азов қаласы, – 1523 ж., Астрахань маңы) – көне қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерінің бірі, жорық жыршысы. Қазақ халқының қалыптасу кезеңінде өмір сүрген жырау. Руы кіші ноғайлы. Өз заманындағы жорықтарға, Қырым, Ноғайлы, Қазан хан- дықтары арасындағы ұрыстарға қатысқан. 1523 жылы Астрахань жорығы кезінде Д. ж. бастаған шолғыншылар тосқауылға ұшырайды да, жырау ауыр жараланып, қайтыс болады. Д. ж. мұрасының дені жоғалған. Ел ауызында, жекелеген қолжазбаларда сақталған бірлі-жарым туындылары 19 ғасырдың бас кезінде әртүрлі жинақтарға енді. Совет үкіметі тұсында «Алдаспан» антологиясында (1971) оның табылған шығармалары толық жарияланды («Қалаға қабылан жаулар тигей ме», «Қоғам көлдер, құм, сулар Қоныстар қоған өкінбес...», «Айнала бұлақ басы тең...» т. б.). Д. жырларынан оның ой-өрісі, мұрат-мақсаты, рухани өмірі, моральдік қағидалары, дүниеге
219
көзқарасы аңғарылады. Жауынгер жырау туындыларының рухы ескілігіне, көркемдеу әдістерінің көнелігіне қарамастан көңілге әсер етелік терең, тілге орамды келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |