Оразбаев Қ. И. О-65 Жалпы топырақтану



Pdf көрінісі
бет19/113
Дата28.09.2023
өлшемі2,94 Mb.
#182873
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   113
Байланысты:
ЖАЛПЫ ТОПЫРАҚТАНУ
Философия 2022-23ж силлабус жана, Силлабус ПОЧВОВЕДЕНИЕ (2)
магмалық, 
шөгінді
және 
метаморфтық
түрлерге бөлінеді.
Магмалық жы-
ныстар
еріген силикатты массалардың (жанартаулардан) сал-
қындап, қатуынан пайда болады (гранит, андезит, базальт, т.б.). 
Шөгінд
і жыныстар 
магмалық
және 
метаморфтық
жыныс-
тардың судың, желдің, мұздың әсерінен ұзақ уақыт мүжіліп, 
бұзылуынан пайда болған (құм, балшық, т.б.). Метаморфтық 
жыныстар шөгінді және магмалық жыныстардың жердің терең 
қабаттарында жоғары температура мен үлкен қысымның әсері-
нен өзгерген гнейс (кварц, дала шпаты және слюдалардан тұра-
ды, гранит тәріздес, айырмашылығы қатпарлы болып келеді), 
балшықты сланец, мрамор, т.б. 
Қазіргі кезде жер бетінде магмалық және метаморфтық тау 
жыныстары сирек кездеседі, оларды шөгінді жыныстар басып 


қалған. Сондықтан топырақтар негізінен шөгінді аналық жы-
ныстарда түзіледі. 
Жаратылу тегіне сәйкес топырақтүзуші аналық жыныстар 
мына топтарға бөлінеді: элювиальді, делювиальді, элювиальді-
делювиальді, коллювиальді, делювиальді- коллювиальді, соли-
флюкциялық, 
делювиальді-солифлюкциялық, 
аллювиальді, 
пролювиальді, аллювиальді-пролювиальді, моренді, флювиогля-
циальды, теңіздік, эолды, лесстер. Бұлар бір-бірінен сыртқы 
түрімен, құрылымымен, химиялық, минералогиялық және меха-
никалық құрамымен ерекшеленеді. 
Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік шығысының тау 
бөктеріндегі суармалы далалық жерлердің топырақтары негізін-
де лесс аналық жынысында түзілген. Бұл жыныстың массасы 
ешбір қабатсыз, сарғыш-жалынды және сұр түсті, шаңды құм-
балшықты (ірі шаңның көлемі 50% және одан да көп), бор-
пылдақ, ұсақ қуысты, карбонатты, лесс жатқан беткейлерде тік 
жарлы жыралар пайда болады. 
Кез келген бос тау жыныстары мен топырақтардың құ-
рамына минералдардың екі тобы кіреді. Бірінші топқа магма-
лық және метаморфтық жыныстардан бос тау жыныстарына бе-
рілген (ауысқан) бастапқы минералдар жатса, екінші топқа 
климаттық және биологиялық факторлардың әсерінен жердің 
беткі қабаттарында бірінші топтағы минералдардан пайда бол-
ған кейінгі минералдар жатады. 
Бірінші топ минералдарына кварц (кремний тотығы – 40-
60%, рутил –титанның қос тотығы түсі қызғылт-жылтыр), маг-
нетит – магниттік қасиеті бар өте бағалы темір руда, құрамында 
72,4% темір бар және гематит (грек тілінде haimatos – қан, 
қызыл түсті темір тотығы,одан бояу да алынады) жатады. Бұ-
ларда қос силикаттар–кең таралған минералдар (5-10%), дала-
лық шпаттар мен слюдалар (20%-дан артық), плагиоклаздар (1-
3%), фосфаттар (0,5%-ға жуық), т.б. минералдар (фр. mineraI-
табиғи химиялық қосылыстар, тау жыныстарының құрамдас бө-
ліктері) кездеседі. 
Соңғы (қосымша) минералдарға аналық жыныстар мен 
топырақтарда жинақталған жай тұздар (кальцит-кальций, 
әктасы шпат пен мрамордың құрамдас бөлігі және көп таралған 


минералдың бірі; магнезит-көмір қышқыл магний; доломит- 
кальций және магний карбонаты; гипс-күкірт қышқыл кальций 
суынан тұрады, әдетте ақ түсті минерал, т.б.), бірінші кезектегі 
минералдардың бұзылуынан пайда болған кремнийдің, (гр. 
Kremnos- жар тас, көміртегі тобының металоиды), алюминийдің 
(алюминийдің күкіртқышқыл қос тотығы), темірдің және 
марганецтің гидрототықтары мен тотықтары (бұлардың мөлше-
рі аналық жыныстар мен тотықтарда 10%-дан асады) және 
балшықты минералдар (монтмориллонит, каолинит, гидро-
слюдалар) жатады. 
Топырақ түзуші аналық жыныстар мен топырақтар поли-
дисперсті денелер болып табылады, себебі олар мөлшері әтүрлі 
(массивті тау жыныстарының ірі сынықтарынан бастап, диа-
метрі микронның бөліктеріне тең келетін ұсақ кейінгі минералға 
дейін) бөлшектерден тұрады. 
Аналық жыныс пен топырақтың жеке бөлшектері меха-
никалық элементтер деп аталады. Мөлшерлері жақын механика-
лық элементтер фракцияларға біріктіріледі. ТМД аумағында 
Н.А.Качинский ұсынған механикалық элементтерді ірілігі 
бойынша жіктеу кеңінен таралған. 
Тіпті кейбір аймақтарда топырақ түзуші тау жыныстары 
химиялық құрамы бұл аймақтарға тән емес құрамы басқа то-
пырақтар түзейді. Мысалы КСРО-ның кең алқапты, күлгін то-
пырақты аймағында кедесетін қара шірікті, әктасты топырақты 
айтуға болады. 
Топырақ түзуге оның құнарлылығын арттыруға 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   113




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет