Сабақ№ Сыныбы Күні Тақырыбы: Тірі табиғат дүниесі



бет28/42
Дата04.07.2018
өлшемі2,95 Mb.
#46518
түріСабақ
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   42

Сабақ№________ Сыныбы_________ Күні_________

Тақырыбы: Қызыл кітап

Мақсаты:

Білімділік: Қызыл кітапқа жалпы сипаттама беру

Дамыту: Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелік: Жан-жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәдениетін арттыру. Гигиеналық тәрбие беру
Болжамдап отырған нәтиже: Қызыл кітаппен танысқан тұлға.

Сабақтың типі: Жаңа білім беру сабағы

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: 1. Сұрақ-жауап. 4. Б.Ү.Ү. кестесі.

2. Әңгіме-дәріс. 5. Кестемен жұмыс.



3. Топтастыру. 6. Тірек-сызбамен жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: Қосымша деректер, оқулық, , муляж т.б.

Сабақтың жоспары:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

1. Сұрақ-жауап.

Қорытындылау.

ІІІ. Жаңа сабақ.

1. Әңгіме-дәріс.

2. Топтастыру.

3. Кестемен жұмыс.

4. Тірек сызбамен жұмыс.

Қорытындылау.

IV. Жаңа сабақты бекіту.

1. Б.Ү.Ү. кестесі.

V. Қорытындылау, бағалау.

VІ. Үйге тапсырма беру.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды түгендеу, оқу құралдарын дайындатып, зейіндерін сабаққа аударту.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

1. Сұрақ-жауап.

Қорытындылау.
ІІІ. Жаңа сабақ.

1. Әңгіме-дәріс.

Жаңа сабақ әңгіме-дәріс беруден басталады.

Қазақстанның Қызыл кітабы

Қазақстанның Қызыл кітабында сирек және жойылып бара жатқан түрлердің тізіміне енгізілген жабайы омыртқалылардың 87 түрінің және

өсімдіктердік 303 түрінің қазіргі таралуы, санының жай- күйі, биологиясы туралы мәліметтер келтірілген.

Қызыл кітапқа ресми енгізілген өсімдіктердің 16 түрі Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығының аумағында тіркелген. Алайда Алтай ботаника бағының ғылыми қызметкері б.ғ.к. Ю.А. Котуховтың жұмысының нәтижесінде сирек, осалдау және жойылып бара жатқан түр мәртебесіндегі тағы да 50 түр анықталды.

Адамдар мыңдаған жылдар бойы өсімдіктер мен жануарлар дүниесін пайдаланып келді және де өзінің жан- жақты тіршілігінде жануарлар мен өсімдіктердің пайдалы қорын қолданып ғана қойған жоқ, сонымен бірге табиғатты өзгерту арқылы көптеген түрлердің өмір сүру жағдайларына әсер етті. Табиғатқа антропогенді ықпал етудің әсерінен жер бетінде өсімдіктер мен жануарлардың кейбір түрлерінің жойылу процесі басталды.

Ғылыми- техникалық прогресс адамдардың қолына табиғат әлеміне әсер ететін күшті құралдар берді. Бұл құралдар қаншалықты пайдалы болса, соншалықты зиянды. Адамдар көбінесе кейде түсінбей, кейде салақтықтан табиғатты қалпына келтіру үшін ұзақ уақыт қажет болатынын ойламастан, оған қалай болса солай қарайды. Сыңсыған орманның орнындағы жанған түбірлер, су шайып өткен тау беткейлеріндегі жыртылған жерлер, ағаш ағызу кезінде ластанған өзендер. Осының бәрі сирек кездесетін көптеген бағалы аңдар мен өсімдіктердің құруына әкеп соғады.

Табиғатта пайда болған әрбір түр өзінші бірегей және ешқашан қайталанбайды, сондықтан да оның жойылуы - орны қайта толмайтын нәрсе. Және де бұл жоғалту қауымдастықтың бүтінділігі мен табиғаттағы жалпы тепе- теңдіктің бұзылуына әкеп соғады. Сондықтан да қазіргі кезде табиғатты қорғау мәселесі дүниежүзілік мәселеге айналып отыр. Бұл мәселе бүкіл әлемде маңызды мемлекеттік мәселе ретінде қаралады.

Қызыл кітап[1]-халықаралық табиғат қорғау одағының “Қызыл кітабы” — халықаралық дәрежедегі құжат.

Қызыл кітапқа сирек кездесетін, жылдан жылға азайып не жойылып бара жатқан, сондықтан да айрықша қорғауды қажет ететін жануарлар мен өсімдіктердің түрлері тіркеледі. Жануарларды халықаралық дәрежеде қорғау мәселесі 20 ғасырдың бас кезінде қолға алынды. 1902 ж. Париж қаласында алғаш рет Құстарды қорғаудың халықаралық конвенциясына қол қойылды. 1948 ж. ЮНЕСКО-ның жанынан Халықаралық табиғат қорғау одағы ұйымдастырылды. Халықаралық табиғат қорғау одағының Қызыл кітапбы 1966 ж. тұңғыш рет 2 том болып шықты. Оның 1-томында сүтқоректілердің 211 түрі, 2-томына құстардың 312 түрі туралы деректер берілді. Бұл кітап күнтізбе парақтары тәрізді арнайы жасалды, түрлер 4 категорияға топтастырылды. 1966 — 71 ж. Қызыл кітапқа тіркелетін түрлер туралы мәліметтер қайта толықтырылып, 2-басылымы, 1972 ж. 3-басылымы жарияланды. 1978 — 80 ж. 4-басылымы 5 том болып жарық көрді. Оның 1-томы сүтқоректілерге арналып, оған сүтқоректілердің 226 түрі мен 79 түр тармағы, 2-томында құстардың 181 түрі мен 77 түр тармағы, 3-томында қосмекенділердің 41 және бауырымен жорғалаушылардың 105 түрі, 4-том балықтарға арналып, балықтардың 194 түрі, ал 5-томы жоғары сатыдағы өсімдіктердің түрлеріне арналып, 25000 түрі тіркелді. 1980 жылдары бұрынғы томдар негізінде “Қызыл кітап” қайта шыға бастады. 1983 ж. шыққан Қызыл кітапта омыртқасыз жануарлартуралы мол мәлімет берілген. Жойылу қаупі төнген түрлерді сақтап қалу үшін оларды зоологиялық парктерде қолдан өсіріп, көбейту шаралары қолға алынған. Соның нәтижесінде соңғы Қызыл кітапқа тіркелген сүтқоректілердің 97, құстардың 39, қосмекенділер мен бауырымен жорғалаушылардың 37 түрі дүниежүзілік зоологиялық парктерде қолдан көбейтілген. Халықаралық табиғат қорғау одағының Қызыл кітабын шығаруға Құстарды қорғау жөніндегі халықаралық кеңес, Су құстарын зерттейтін халықаралық бюро, Жануарларды қорғау жөніндегі бүкіләлемдік федерация, т.б. ұйымдар қатысады. Қызыл кітап табиғат қорғаудың негізгі іргетасы, экологиялық білім мен тәрбие берудің қайнар көзі болып саналады.

2. Топтастыру.
Қорытындылау.IV. Жаңа сабақты бекіту. V. Қорытындылау, Үйге тапсырма: Қызыл кітап

7 сынып

Сабақ№________ Сыныбы_________ Күні_________

Тақырыбы: Тест сабағы

Мақсаты:

Білімділік: Оқушы білімін қорытындылау

Дамыту: Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелік: Жан-жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәдениетін арттыру. Гигиеналық тәрбие беру
Болжамдап отырған нәтиже: Қызыл кітаппен танысқан тұлға.

Сабақтың типі: Жаңа білім беру сабағы

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: 1. Сұрақ-жауап. 4. Б.Ү.Ү. кестесі.

2. Әңгіме-дәріс. 5. Кестемен жұмыс.

3. Топтастыру. 6. Тірек-сызбамен жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: Қосымша деректер, оқулық, , муляж т.б.

Сабақтың жоспары:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

1. Сұрақ-жауап.

Қорытындылау.

ІІІ. Жаңа сабақ.

1. Әңгіме-дәріс.

2. Топтастыру.

3. Кестемен жұмыс.

4. Тірек сызбамен жұмыс.

Қорытындылау.

IV. Жаңа сабақты бекіту.

1. Б.Ү.Ү. кестесі.

V. Қорытындылау, бағалау.

VІ. Үйге тапсырма беру.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды түгендеу, оқу құралдарын дайындатып, зейіндерін сабаққа аударту.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

1. Сұрақ-жауап.

Қорытындылау.
ІІІ. Жаңа сабақ.

1. Әңгіме-дәріс.

Жаңа сабақ әңгіме-дәріс беруден басталады.

1.Жасушалық қүрылыс тән емес тірі ағза:

А) саңырауқұлақ В) бактерия С) вирус D) балдыр

2. Өсімдіктің көбею мүшесі:

А) тамыр В) сабақ С) гүл D) жапырақ

3. Өзіне тән құрылысы бар, белгілі бір қызмет атқаруға бейімделген ағзаның бір бөлігі:

А) жасуша В) ұлпа С) организм D) мүше

4. Сабақтың жапырақ өсетін жері:

А) буынаралық В) буын С) сағақ D) қынап

5. Жапырақ сабаққа қалай бекінеді?

А) бүршік арқылы В) тамыр арқылы С) сағақ арқылы D) өркен арқылы

6. Қабықшасы қалың өлі жасушалардан тұратын қабықтың қабаты:

А) өң В) тін С) өзек D) тоз

7. Балдырлардың қай органойдында хлорофил дәндері кездеседі?

А) Хлоропласта В) Цитоплазмасында

С) Хромотофорларында D) Мембранада

8.. судың ең терең қабатында тіршілік ететін балдырды көрсет?

А) Жасыл В) Қызыл С) Көк-жасыл D) Қоңыр

9. спора бактерияларға не үшін қажет?

А. Көбею В) . Қоректену үшін

С) Қолайсыз жағдайда тіршілігін сақтау үшін D) Таралу үшін

10. төменгі сатыдағы саңрауқұлаққа жататыны:

А) Ақсаңырауқұлақ В) Қозықұйрық С) Ақұнтақ D) мукор

11. споралар, зооспоралар түзу көбеюдің қай түріне жатады?

А) Жынысты В) Өсімді С) Жыныссыз D) Қолмен көбейту

12. жыныс жасушалары бір сөзбен қалай аталады?

А. Спермия С) Гамета С) Жұмыртқа D) Спора

13. өсімдіктердің қоректену типі:

А) Автотровты В) Гетеретровты С) Аралас. D) Паразитті

14. жынысты көбеюдің басқа көбею типтерінен айырмашылығы: А) Көп ұрпақ бере алады.В) Анасынан тіршілікке төзімді қасиеттер алады

С) Ата-анасынан тіршілікке төзімді қасиеттер алады. D) Сапасыз ұрпақ

дүниеге келеді

15. төменгі сатыдағы өсімдіктерге жататыны:

А) Ағаштектестер В) Қырықбуын тәрізділерС) Мүктәріздестер D) Қыналар

16. шымтезек мүгінің ақшыл түс көрсетуінің себебі:

А) Ақшыл пигіментінің болуынан В) Хлоропластың болмауына байланысты

С) Леикопластарының болуына байланысты D) Суға толы жасушаларына

Байланысты

17. Жасушаның қай құрам бөлігі фотосинтез процесіне тікелей қатысады?

А) ядро В) цитоплазма С) пластидтер D) рибосома

18. Жыныссыз көбеюдің белгісі:

А) зиготадан ұрықтың дамуы В) дене жасушаларынан даралардың дамуы

С) хромосома санының екі еселенуі D) спораның түзілуі

19. Фотосинтез процесі дегеніміз:

А) өсімдіктердің күн энергиясын пайдаланып бей ағзалық заттардан ағзалық зат түзуі

В) өсімдіктердің күн энергиясын пайдаланып ағзалық заттардан бей ағзалық зат түзуі

С) өсімдіктердің күн энергиясын пайдаланып судан ағзалық зат түзуі .

D) өсімдіктердің суды пайдаланып бей ағзалық зат түзуі .

20. Өсімді мүшелерге жатпайтыны:

А) спорангий В) тамыр С) өркен D) сабақ


21. Тірі ағзаларды жасуша құрылысына қарап жіктеу:

А) өсімдіктер мен жануарлар В) біржасушалы, көпжасушалы

С) эукариоттар, прокариоттар D) төменгі сатыдағы, жоғарғы сатыдағы

22.көзге көрінбейтін ұсақ ағзаларды зерттейтін ғылым:

А) микробиология В) цитология С) гистология D) зоология

23. Қынаға ең қажетті жағдай:

А) ылғал В) күн нұры С) таза ауа D) су

24. Цитоплазма қандай қызмет атқарады?

А) көбею қызметі В) жасушаға пішін береді С) жасуша органоидтарын өзара байланыстырады. D) қысымды реттейді

25. Таллом дегеніміз:

А) ядросы жоқ жасуша бөлігі В) ұлпаларға бөлінбеген дене бөлімі

С) мүшелерге бөлінбеген ұлпа D)жасушаларға бөлінбеген дене



2. Топтастыру.

Қорытындылау.IV. Жаңа сабақты бекіту. V. Қорытындылау, Үйге тапсырма: Қызыл кітап

Сабақтың тақырыбы: §53. Желілі жануарларды жіктеу. Қандауырша.

Мақсаты: 1.Білімділік: Оқушыларды желіжануарлардың түрлерімен, ішкі құрылыстарымен, көбею ерекшеліктерімен таныстыру.

2. Тәрбиелік: Оқушыларды желілерге құстар, балықтардың пайдасын білуге және оларды қорғауға тәрбиелеу.

3. Дамытушылық: Оқушыларға Желілер типі және бассүйексіздер тип тармағының өкілі, желілерге тән белгілер, жайында білімін тереңдету, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту.

Сабақтың түрі: зерттеушілік тұрғыдағы сабақ.

Сабақтың әдісі: тірек сызбамен жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: кестелер, суреттер, интерактивті тақта.

Пәнаралық байланыс: география, орыс әдебиеті.

I. Ұйымдастыру кезеңі.

1. Сәлемдесу, түгелдеу

2. Оқушылардың құрал – жабдығын тексеру

3. Оқушылар назарын сабаққа аудару



II. Үй тапсырмасын сұрау

1. Қазақстанда сирек және жойылып бара жатқан омыртқасыздардың қанша түрлері «Қызыл кітапқа» тіркелген?

2. Ауыл шаруашылығын зиянын тигізетін бунақденелілердің қай түрлерін білесіңдер?

3. Бөгелектен қандай сонаның қандай айырмашылығы бар?

4. Ауыл шаруашылығына қолданылатын әдіс әсерлі де тиімді болу үшін нені білу керек?

5. Зиянды бунақденелілерді жоюдың қандай әдістері бар?



III. Жаңа сабақты түсіндіру

Желілер типі – жануарлар дүниесінің тарихи дамуындағы ең жоғарғы топ.Арқа жағындағы ішкі қаңқаның қызметін атқаратын желісі болғандықтан , олар желілер деп аталған.

Желілер
Құрлықта Топырақта Ағаш басында мекендейді.

Желілерге жатады



Ең кішілерінің дене тұрқы 0,5 мм, ал үлкені 33м-ге жетеді. Желілер дене қуысы бар, үш қабатты, екі жақты симетриялы жоғары сатыдағы жануарлар.



Желілерге тән белгілер: ұрығының дамуы кезінде арқа жағында серпімді, әрі тығыз жемісі болады. Желі – төменгі сатыдағы жануарларда оның орнына омыртқа жотасы пайда болады. Қанайналым жүйесі - тұйық.

Желілердің тип тармағы

Бассүйексіздер Қабықтылар Омыртқалылар
Қандауырша – омыртқасы жоқ желілі жануар. Онда желі, жүйке түтігі және желбезек саңылаулары өмір бойы сақталады. Қандауыршаның дене тұрқы 5-8 см. Денесі екі бүйірінен қысыңқы. Құйрық жүзбеқанатының пішіні медицина құралы – қандауырға ұқсас болғандықтан, қандауырша деп аталған. Қандауыршаның терісі жұқа. Оның сыртқы қабаты – эпидермис. Ол грекше «эпи» - сырты, «дерма» - тері, яғни сыртқы тері қабаты деген ұғымды білдіреді. Терінің ішкі қабаты нағыз тері деп аталады. Қандауыршаның өзіне тән ерекшелік - терісінің сыртында жұқа сірқабықтың болуы. Қандауыршада қаңқаның қызметін әрі тығыз, әрі серпімді желі атқарады.

Асқорыту жүйесі ауыз алды қуысынан басталады. Ауыз көлемді жұтқыншақпен байланысқан. Жұтқыншақтың екі бүйірінде көптеген желбезек саңылаулары орналасқан. Қандауыршаның жұтқыншағы асқорыту және тынысалу қызметін атқарады. Жұтқыншақ тікелей қысқа ішекке жалғасады да, артқы тесікпен аяқталады.




Каталог: wp-content -> uploads -> 2018
2018 -> Комутова Айгуль Сериковна, кмм
2018 -> Комутова Айгуль Сериковна, кмм
2018 -> Сабақтың мақсаты: а/ Оқушылардың сөздік қорын молайту. Білім, білік дағдыларын қалыптастыру
2018 -> Сабақтың тақырыбы: Физика-табиғат туралы ғылым
2018 -> Сабақ мақсаты Тұздар гидролизін түсіну және тұздардың суда ерігенде қандай процестер жүретінін анықтау
2018 -> Сабақтың мақсаты: Білімділік: Көміртек және оның қосылыстары туралымәлімет алады
2018 -> 5В011700- Қазақ тілі мен әдебиет мамандығы бойынша 3-курс студенттердің элективті пәндер каталогы 2017-2018 оқу жылы
2018 -> Сабақтың тақырыбы Салынған циклдер. Мақсаты Қайталау операторлары туралы білімнің кеңеюі
2018 -> Сабақ тақырыбы: Теңдеулер жүйесін қолданып есептер шығару Мерзімі
2018 -> Даулетиярова Зауре Ермаханқызы А. Пушкин атындағы №41 көпсалалы гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Тараз қаласы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет