1. Түсіндірме жазба «Педагогика»


тақырып. Сабақ – оқу жұмысын ұйымдастырудың негізгі формасы. Сабаққа қойылатын талаптар



бет4/6
Дата28.06.2017
өлшемі0,87 Mb.
#20192
1   2   3   4   5   6

3.5.2 тақырып. Сабақ – оқу жұмысын ұйымдастырудың негізгі формасы. Сабаққа қойылатын талаптар.

Оқу жұмысын ұйымдастырудың негізгі түрі – сабақ. Сабақ – оқытуды ұйымдастырудың негізгі, ұжымдық формасы. Сынып-сабақ жүйесінің мәні мен ерекшеліктері. Сынып-сабақ жүйесінің ұтымды жақтары, кемшіліктері. Қазіргі сабаққа қойлатын талаптар: дидактикалық, тәрбиелік, психологиялық, гигиеналық, оқышуларды ұйымдастыу; сабақты өткізу техникасына қойылатынталаптар; оқушылардың танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру.


3.5.3 тақырып. Сабақтың типтері, құрылымы.

Сабақ классификациясы туралы ұғым. Дидактикалық мақсаты, әдістері мен құралдары, сабақтар жүйесіндегі орны бойынша топтастырылған сабақтар. (Б.П.Есипов, М.А.Данилов, Г.Н.Щукина, В.А.Онищук).

Сабақтың дидактикалық негіздемесі. Сабақтың мақсаты және міндеттері. Сабақтың типтері, құрылымы. Сабақтың төрт негізгі түрлері: жаңа оқу материалымен таныстыру сабағы; талқыланылған материалды бекіту сабағы; дағды білімдерді тексеру сабағы; талқыланылған материалды қайталау, жүйелеу және жинақтау сабағы. Аралас сабақ.
3.5.4 тақырып. Дәстүрлі емес сабақтар. Сабақтағы оқушылардың оқу жұмысының формалары

Іс-әрекеттік технология әдісі негізінде топтастырылған сабақтар. Дәстүрлі емес сабақтар: когнитивтік; ынтымақтастық; бақылаушы; мультимедиялық; денсаулық сақтау. Сабақтағы оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру. Фронтальдық жұмыстар. Жеке жұмыстар. Тапсырмалардың түрлері. Бағдарламалық оқыту- жеке жұмысты ұйымдастырудың тиімді түрі. Топтық танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру.



3.5.5 тақырып. Мұғалімнің сабаққа әзірлігі, жоспарлауы

Сабаққа дайындық ұғымының мәні. Сабаққа дайындықтың мазмқны.

Сабақты жоспарлау және оған әзірлену кезеғдері. Мұғалімнің сабаққа әзірлігінің үш кезеңі: диагностикалық (1-кезең, перспективалық дайындық), болжау, жобалау (жоспарлау – тікелей дайындық). Тақырыптық жоспар элементтері. Сабаққа дайындыққа берілетін нұсқаулар. Сабақ жоспары. Сабақ жоспарының үлгілері. Құзыреттілікті қалыптастыруға бағытталған сабақ жоспарлары. Сабақты талдау және өзін-өзі талдау сызбалары.
3.5.6 тақырып. Сабақ – оқу жұмысын ұйымдастырудың негізгі формасы

Практикалық сабақ. Кесте бойынша оқытуды ұйымдастыру формаларын салыстыру. Әртүрлі авторларың сабақ классификациясын зерттеп, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау. Объектілерді тануға тапсырмалар: сабақ жоспарына қарап, сабақ түрін, құрылымын анықтау. Сызба бойынша сабақтарды талдау.

Негізгі ұғымдар: оқытуды ұйымдастыру формалары; сынып-сабақ жүйе; сабақтың құрылымы; сабақтың типтері; сабақтың мақсаты.


3.6 тақырып Оқушылардың білімін, дағдыларын бақылау және бағалау

3.6.1 тақырып Білім мен дағдыны бақылау және бағалаудың маңызы мен міндеттері

Педагогикалық бақылау ұғымының мәні. Білім мен дағдыны бақылау мен бағалаудың мақсаты, маңызы мен міндеттері. Бақылаудың функциялары. Білімді тексеру және бағалаудың мемлекеттік маңызы. Тексерудің негізгі дидактикалық қызеті. Тексерудің ұстанымдары. Білімді тексеруге қойылатын талаптар.


3.6.2 тақырып. Тексеру әдістері , түрлері

Тексеру әдістері: оқушылардың оқу жұмысын күнделікті бақылап отыру; ауызша сұрау; фронтальдық тексеру; жазбаша сұрау; бақылау жұмысы; оқушылардың дайындығын лабораториялық-практикалық жұмыстар арқылы тексеру; машинамен тексеру әдістері; өзін-өзі бақылау әдістері; оқушылардың үй жұмысын тексеру; оқушылардың оқу жетістіктерінмтест әдісі арқылы анықтау; сынақ-емтихан.

Тексеру түрлері: алдын ала тексеру; ағымдық бақылау; тақырыптық бақылау; қорытынды тесеру.
3.6.3 тақырып. Оқыту нәтижелерін бағалау.

Оқыту нәтижелерін бағалау. Тексеруді ізгілендіру. Үлгерімді диагностикалау мен бақылаудың маңызды принциптері. Тексеру жүйесінің звенолары. Диагностика. Мектептегі диагностиканың міндеттері. Баға қою. Оқушылардың үлгермеушілігін болдырмау шаралары.


3.6.4 тақырып. Білім мен дағдыны бақылау және бағалау.

Практикалық сабақ. Педагогикалық бақылау ұғымы бойынша оқу мақсаттарын бақылау. «Тексеру» және «диагностика» ұғымдарымен жұмыс. Тексеру әдістері бойынша рефлексиялар. Мектеп мұғалімдерінің білім мен дағдыны бақылау және бағалау тәжірибесін талдау. Бағалаудағы қателіктер, оның алдын алу шаралары.

Негізгі ұғымдар: білімді бақылау, тексеру және бағалау, тексеру әдістері, тексеру түрлері, өзін-өзі бағалау.
4 бөлім. Мектептану негіздері

4.1 тақырып Мектептанудың негіздері

4.1.1 тақырып Мектептанудың негізгі мәселелері

ҚР-ның «Білім туралы» Заңының негізгі ережелері. Білім беру ісін басқару принциптері.

Мектептану бөлімінің зерттейтін нысаны. Мектептанудың методологиясының негізі. . Мектептану мәселелерін зерттеуде қолданылатын маңызды дерек көздері.басқару. Басқарудың ерекше объектісі. Мектептану мазмұны. ҚР-ның ”Білім туралы” Заңның (2007ж.) негізгі ережелері. Білім беру ісін басқару принциптері. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін басқару.

Негізгі ұғымдар: мектептану, басқару, басқару принциптері.
4.1.2 тақырып Педагогикалық менеджмент туралы ұғым.

«Менеджмент» сөзінің мағынасы. Менеджмент ұғымының мәні. Менеджмент теориясының дамуы (Ф.ейлер, П.Друкер, А.В.Попов т.б). менеджменттің мақсаты (П.Друкер). Педагогикалық менеджмент – шеберліктің ерекше түрі және әкімшілі дағдын менеджментпен басқару ұғымдараның өзіндік ерекшеліктері. Адамдармен қарым-қатынас жасау әдебі, билік және басқару мәдениеті. Мектеп басыларының қызметі, басқару әдістері, стилі. Қазіргі кезеңдегі мектеп басшысына қойылатын талаптар.



Негізгі ұғымдар: менеджмент, педагогикалық менеджмент.
4.1.3 тақырып. Мектеп басшыларының қызметі

Мектеп директорының функциясы. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарының функциясы. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарының функциясы. Мектеп әкімшілігінің бірлесіп басшылық жасайтын нысандары. Басқару әдістері, стилі.



Негізгі ұғымдар: әкімшілік міндеттер, мектепішілік бақылау, фронтальдық тексеру, тақырыптық тексеру, басқару әдістері, стилі.
4.1.4 тақырып Мектептегі педагогикалық кеңес.

Мектептегі педагогикалық кеңес. Оның құрамы. Педагогикалық кеңес – оқу-тәрбие прцесін жетілдіруге және оның сапалығын қамтамасыз етуге қатысты педагогикалық мәселелерді шешу мақсатын көздейтін, тұрақты жұмыс істейтін алқалы орган. Өткізу формалары. Педагогикалық кеңеске әзірліктің кезеңдері. Педагогикалық кеңесті жоспарлау. Педагогикалық кеңесті өткізуге алдын-ала дайындалу. Педагогикалық кеңесті өткізу.



Негізгі ұғымдар: педагогикалық кеңес, кәсіптік дайындық деңгейі, диагностика, педагогтардың біліктілігін жетілдіру жұмыстары, педагогикалық аттестация.
4.1.5 тақырып. Мектептегі әдістемелік жұмыс

Әдістемелік жұмыстың басты мақсаты. Әдістемелік жұмыстың әдіснамалық негіздері. Әдістемелік жұмыстың негізгі мазмұны. Әдістемелік жұмыстың формалары. Әдістемелік жұмыстың құрылымы. Әдістемелік жұмысқа басшылық. Ғылыми – әдістемелік жұмысты басқару. Әдістемелік бірлестік. Оқытушының ідстемелік жұмысының жеке жоспары. Оқытушының рейтинг картасы.



Негізгі ұғымдар: әдістемелік жұмыс; ғылыми-әдістемелік жұмыс; әдістемелік кеңес; әдістемелік бірлестік; оқытушының рейтинг картасы.
4.2 тақырып Озат педагогикалық тәжірибе және инновация

4.2.1 тақырып Озат педагогикалық тәжірибе және инновация

Педагогикалық тәжірибе және озат педагогикалық тәжірибе туралы ұғым, маңызды белгілері. Педагогикалық озат тәжірибені зерттеу, жинақтау және тарату. Инновация туралы ұғым, маңызы, топтастырылуы, шығармашылық іс-әрекет.



Негізгі ұғымдар: педагогикалық тәжірибе және озат педагогикалық тәжірибе; инновация; инновациялық іс-әрекет; модификациялық инновация; комбинаторлық инновация.

4.2.2. тақырып Ынтымақтастық педагогикасы.

Ынтымақтастық педагогикасы, оның негізгі идеялары. Ш.А.Амонашвили – ынтымақтастық педагогикасы. В.Ф.Шаталов – қиын мақсат, тірек идеясы. Тірек сигналдар, тірек конспектілер – оқыту үрдісін жеңілдету. С.Н.Лысенкова – оза оқыту идеясы.


4.2.3 тақырып Қазақстандық жаңашылдардың іс-тәжірибелері

Қ.Н.Нұрғалиев (1925-1988) – Боран мектебін білімдар, әр баланы жүрегімен сезетін ұстаздар ордасына айналдыру идеясы.

Р.Б.Нұртазина – әр балаға бақыт сыйлау идеясы. Тіл – барлық бала үшін ұлттық мәдениетінің ошағы болу идеясы.

А.М.Ысқақов – оқу-тәрбие жұмысында түбегейлі бетбұрыс жасау идеясы.

Г.М.Кубраков – А.СМакаренконың идеясын бүгінгі мектеп жағдайында жүзеге асыру.

Қ.Бітібаева – әдебиетті өмір сабағы, ойлану сабағы деп түсіну идеясы.

Ш.Х.Құрманалина – ғылым мен шығармашылық негізінде педагогикалық кадрларды даярлауға жүйелі және шығармашылық көзқарасы.

Т.Қ.Оспановтың тобы.


Курстық жоба

1 тақырып. Курстық жұмыстың мақсаты. Курс жұмысына қойылатын жалпы талаптар

Курс жұмысының мақсаты, міндеттері. Курс жұмысы – студенттің оқу пәніндегі қандай да бір мәселені, тақырыпты терең зерттеу мақсатын көздейтін өздік-шағармашылық, оқу және ғылыми- әдістемелік жұмысы. Курстық жұмыстың тақырыбының педагогикалық мәселелерді шешумен тығыз байланысты. Жобалық жұмыстар. Курс жұмысын орындау барысында керекті негізгі зерттеу іскерліктері. Әр түрлі оқу курстарындағы курстық жұмыстың ерекшеліктері. Реферативтік және зерттеушілік сипаттағы курстық жұмыстар әдістері.




  1. тақырып. Курс жұмысының ғылыми аппаратының компоненттеріне жалпы сипаттама

Ғылыми аппараттың компоненттері. Зерттеу нысаны, пәні. Курс жұмысының тақырыбын анықтау, оның маңызы және жаңалығы. Курстық жұмыстың мақсаты, маңыздылығы, негізгі міндеттері. Курс жұмысының кезеңдері, гипотезасы, негізгі әдістемесі.


  1. тақырып. Курс жұмысының ғылыми аппаратын құрылымдау.

Проблеманың қазіргі жағдайы. Практикада шешілген мәселелер. Зерттелетін саладағы мәселелер. Тақырыптың көкейкестілігі және оны зерттеуге негіз болған жағдайлар. Жұмыстың мақсаты, оны қолдану саласы, басқа жұмыстармен байланысы.


  1. тақырып. Курстық жұмысты орындау кезеңдері.

Курстық жұмысты орындау кезеңдері. Курс жұмысының жоспары. Тақырыптың зерттелу деңгейін анықтау. Ғылыми әдебиеттерге шолу жасау әдіс-тәсілдері. Проблеманың тарихы мен практикадағы жағдайын мұғалімдердің озат тәжірибесімен, студенттің өз тәжірибесіне сүйене отырып зерттеу, талдау.


  1. тақырып. Теориялық сипаттағы курс жұмысының құрылымы.

Кіріспе. Курс жұмысында қойылған міндеттерді орындап, гипотезаны тексеру үшін қолданылған әдістерді негіздеу. Тақырыптың көкейкестілігін маңызын ашу әдіс-тәсілдері. Тақырыптың мақсатының тұжырымдалуы. Курс жұмысының мақсаты, мәндеттері, нысаны, пәні, әдіснамалық негізі, қойылған міндеттерді шешіп, гипотезаны тексеру үшін қолданылған әдістерді негіздеу.

Негізгі бөлім. Нормативтік-құқықтық құжаттарды, әдебиеттерді салыстырмалы зерттеу арқылы мәселенің тарихы, оның практика мен теориядағы шешілу деңгейі сипатталған теориялық бөлімді талдау. Қорытындыдағы курс жұмысының материалдарын қолдану мүмкіндігі туралы ұсыныстарды талдау. Қолданылған әдібиеттер тізімдерін талапқа сай безендіру. Қосымшалар.


  1. тақырып. Практикалық сипаттағы курс жұмысының құрылымы.

Кіріспе бөлімдегі тақырыптың өзектілігі, маңызы, жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Негізгі бөлімнің тарауларын талдау.

Тақырыптың теориялық негіздері. Практикалық бөлім: білімдік процесс субъектілерінің өзара әрекеті (оқу-әдістемелік материалдар).




  1. тақырып. Тәжірибе – эксперименталдық сипаттағы курс жұмысының құрылымы.

Тәжірибе-эксперименталдық сипаттағы курс жұмысының құрылымы.

Кіріспе бөлім: тақырыптың көкейкестілігі, маңызы, тарихнамасы, эксперимент мақсаты, міндеттері, практикалық маңызы. Негізгі бөлім. Тақырыптың теориялық негізі. Мәселе тарихы.

Практикалық бөлім: эксперимент жоспары, эксперименталдық жұмыс әдістері, негізгі кезеңдері, тәжірибе-экспериментальдық жұмыс қорытындыларын ғылыми безендіру. Қолданылған әдебиеттер тізімдері. Қосымшалар.


  1. тақырып. Курстық жұмыс бойынша эксперимент жұмысын жүргізудің ерекшеліктері, әдіс-тәсілдері.

Курс жұмысының экспериментальдық бөлігі. Эксперимент – деректерді талдауға негізделген зерттеу жұмысының гипотезасын тексеру. Эксперментке дайындық, ұйымдастыруға (сыналушыларды іріктеу; сыналушылардың саны, оларға жасы, жынысы және басқа белгілері бойынша мінездеме беру) және өткәзуге сипаттама беру. Курс жұмысыныі экспериментальдық бөлігінің құрылымы (мәселені, зерттеудің маұсаты), міндеттерін және гипотезасын белгілеу; зерттеу жұмысын ұйымдастыру. Экспериментальдық материалдар (мәтіндер, сөз, топшамалар, суреттер т.б). эксперимент процедурасы: барысы, кезеңдері, күні, ұзақтығы, сыналушылардан талап етілген іс-әрекет түрлері.

Эксперименттің нәтижелері және оларды талқылау. Қорытынды. Ұсыныстар.




  1. бөлім. Курс жұмыстарын безендіруге қойылатын талаптар.

  1. тақырып. Курс жұмысындағы әдебиеттерді безендіруге қойылатын талаптар.

Курс жұмысындағы әдебиеттерді безендіруге қойылатын талаптар. Теориялық әдістер (модельдеу, жинақтау, бағалау, біріктіру, ұқсату, топтау). Нормативтік актілерді, әдебиеттерді, жүйелі, хронологиялық безендіру тәртібі. Пайдаланылған әдебиеттер шамасы, рәсімдеу тәртібі.


  1. тақырып. Курс жұмысының тақырыбы бойынша зерттелген тәжірибелік материалдарды талдау әдіс-тәсілдері.

Педагогикалық тәжірибені зерттеу әдістері: бақылау, әңгімелесу, интервью, сауалнама, оқуушылардың жазба, графикалық, шығармашылық жұмыстарын, педагогикалық әдебиеттерді зерттеу.


  1. тақырып. Курс жұмысының тақырыбы бойынша зерттелген тәжірибелік материалдарды талдау

практикалық сабақ. Курс жұмысының практикалыұ бөлімі – студенттің теориялық және практикалық білімдерін қолдана білуі және бекітуі. Қолданылған әдістер. Математикалық, практикалық, эмпирикалық, статистикалық, диагностикалық әдістер. Жобалау жұмыстарын немесе зерттелген нысанды талдау.


  1. тақырып. Курс жұмысының теориялық бөлімін безендіру.

Теориялық бөлімдегі зерттелген әдебиеттер негізінде анықталған мәселе тарихы. Әдебиеттерді сыни тұрғыдан талдау және автордың көзқарастарын көрсету әдіс-тәсілдері. Теориялық ережелердің практикада жүзеге асырылуына талдау жасау.


  1. тақырып. Курстық жұмысының практикалық бөлімі.

Курс жұмысының практикалық бөлімі, оған қойылатын талаптар.


  1. тақырып. Курс жұмысының практикалық бөліміні безендіру.

Практикалық сабақ. График, сызба, кесте, иллюстрацияларды орналастыру.


  1. тақырып. Курс жұмысының қорытынды бөлімі.

Практикалық сабақ. Жұмыстың қорытындылары. Жұмыс қорытындыларын практикада қолдану мүмкіндіктері. Қорытынды бөлімнің зерттеу міндеттеріне сәйкестігі.

Қосымшалар. Мәтіндік немесе көрнекі экспериментальдық материалдар. Сауалнамалар. Эксперимент хаттамалары.



Курстық жұмыстардың үлгі тақырыптары

І.Педагогиканың жалпы негіздері.

  1. Мұғалімнің жеке тұлғасының оқушылардың тәрбиесіне ықпалы.

  2. 12 жылдық білім жүйесіне көшу жағдайындағы мұғалімнің кәсіптік құзыреттілігі.

  3. Қазақстан педагогикасының тарихы

  4. 12 жылдық білім беруге көшу жағдайына байланысты бастауыш сатының базалық мазмұны.

  5. Ы.Алтынсариннің дидактикаға қосқан үлесі.

  6. А.Байтұрсынов – оқыту әдістемесінің негізін қалаушы.

  7. М.Жұмабаев – қазақ педагогикасының негізін қалаушы.

  8. Я.А.Коменский – дидкатиканың негізін салушы.

  9. Педагогикалық әдеп және ұстаздық шеберлік.

  10. Бастауыш мектеп мұғалімінің тәрбие жұмысы.

  11. Тәрбие және баланың дамуы.

  12. Қазақстан педагогикасының дүниежүзілік педагогикамен байланысы.

  13. Қазақстанның “Білім туралы” Заңының(2007) әлемдік стандартқа сәйкестігі.

ІІ. Тәрбие теориясы.

  1. Ойын-тәрбие әдісі.

  2. Адамгершілік сананы қалыптастыру әдістері.

  3. Балалар ұжымы дамуының негізгі сатылары және оның қалыптасуы.

  4. Балалрды тәрбиелеудегі “Кәусар бұлақ”, ”Жұлдыз” бағдарламаларының мүмкіндіктері.

  5. Оқушылардың ұжымдық шығармашылық іс-әрекеті тәрбие әдісінің бір түрі.

  6. Оқушылардың бос уақытын ұйымдастыру мәселелері.

  7. Оқушыларға эстетикалық тәрбие берудегі ұлттық өнердің маңызы.

  8. Эстетикалық тәрбие берудегі табиғаттың рөлі.

  9. Халық педагогикасы тәжірибесі негізіндегі дене тәрбиесінің маңызы.

  10. Оқу-тәрбие процесіндегі тәрбие.

  11. Тәрбиедегі мінез-құлық әдеттерін қалыптастыру жолдары.

  12. Отанға деген сүйіспеншілікті оқушылардың танымдық процесінде тәрбиелеу.

  13. Отбасы тәрбиесіндегі ата-ананың үлгі өнегесі.

  14. Оқушылардың жеке басын қалыптастырудағы мұғалімнің жеке басының маңызы.

  15. М.Әуезовтің педагогикалық мұрасын зерттеу, оны тәрбие жұмысында қолдану.

  16. Тәрбие технологиясы.

  17. Қазақстандық патриотизм.

  18. Ақпарат құралдарының тәрбиеге ықпалы.

  19. Салауаттылыққа тәрбиелеу жолдары.

  20. Қиын балалр тәрбиесі.

  21. Бала тәрбиесіндегі халықтық педагогиканың алатын орны.

  22. Балалрды саналы тәртіпке тәрбиелеу.

  23. Экономикалық тәрбие.

  24. Экологиялық тәрбие.

  25. Еңбек тәрбиесі

  26. Діни мәдениет,тәрбиедегі орны.

ІІІ. Дидактика

  1. Оқытудың дамытушылық және тәрбиелік сипаты.

  2. Оқытудағы оқушылардың жас және ерекшеліктерін ескеру принципі.

  3. Оқыту және баланың жеке тұлғасының дамуы.

  4. Оқытудың практикалық әдістері. Оқытудың көрнекілік әдістері.

  5. Бастауыш мектептегі проблемалық оқытудың ерекшеліктері.

  6. Ойын – оқыту әдісі.

  7. Бастауыш мектептегі біріккен оқытудың мүмкіндіктері.

  8. Экскурсия сабағы, оның ерекшеліктері.

  9. Шағын комплектілі мектептерде оқушылардың танымдық белсенділігін дамыту және өз бетімен жұмысын ұйымдастыру.

  10. Қазіргі қоғамдағы оқытудың білімділік, тәрбиелік, дамытушылық функциясы.

  11. Бастауыш сынып оқушыларына үйге берілген тапсырманы ұйымдастыру әдістері.

  12. Оқыту мен тәрбиелеуде оқушылардың жеке дара ерекшеліктерін ескеру.

  13. Абайдың нақыл сөздерін оқу және оқудан тыс жұмыстарға қолданудың тәрбиелік маңызы.

  14. Оқыту технологиясы.

  15. Білім беруді ақпараттандыру.

  16. Қазақстандағы авторлық мектептердің іс-тәжірибесінің маңызы.

  17. Мектеп жұмысын ғылыми тиімді ұйымдастыру жолдары.

  18. Бастауыш мектептегі сабақтардың типтері.

  19. Бастауыш сыныпта компьютерді пайдалану жолдары.

  20. Бастауыш мектепте проблемалық оқытудың ерекшеліктері.

  21. Дидкатиканың тарихы.

ІV. Мектептану

  1. Мектеп, отбасы, жұртшылықтың бала тәрбиесіндегі ортақ мәселелері, оны шешу жолдары.

  2. Ұстаздардың іс-тәжірбиесін жинақтау, насихаттау және тарату жолдары.

  3. С.Н.Лысенкованың іс – тәжірибесінің маңызы.

  4. И.В.Волковтың іс – тәжірибесінің маңызы.

  5. И.П.Ивановтың іс – тәжірибесінің маңызы.

  6. Қ.Н.Нұрғалиевтің іс – тәжірибесінің маңызы.

  7. Р.Б.Нұртазинаның іс – тәжірибесінің маңызы.

  8. А.М.Искаковтың іс – тәжірибесінің маңызы.

  9. Ш.Х.Құрманалинаның іс-тәжірибесінің маңызы.

  10. Мектептегі әдістемелік жұмыстар.

  11. Шағын комплектілі мектептерде оқу – тәрбие процесін ұйымдастыру ерекшеліктері.

Жобалық жұмыстардың үлгі тақырыптары:

  1. Мектеп мұғалімі, мұғалімдік мамандықтың ерекшеліктері.

Ақпараттық жоба

Мектеп мұғалімі басты тұлға болуы болу үшін оған қандай талаптар қойылады?



Шығармашылық жоба

«Мұғалім бейнесі көркем әдебиетте», «Менің сүйікті ұстазым» деген т.б тақырыпта педагогикалық шығарма жазу



Зерттеушілік жоба

Мұғалім – оқушы тұлғасын қалыптастырудағы басты тұлға.



  1. Педагогика пәні, зерттеу әдістері

Ақпараттық жоба

Педагогикалық зерттеуді ұйымдастырып өткізуді логикасын анықтау.



Шығармашылық жоба.

Қазіргі бала тәрбиесіндегі қиыншылықтарға талдау жаса. Бала тәрбиесіндегі келеңсіз құбылыстарды қалай жоюға болады? Гипотеза(мәселенің ықтимал жауабы)ұсыныңыз.



  1. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі.

Ақпараттық жоба

ҚР 2007 жылғы «Білім туралы» Заңның негізгі қағидаларын талдау



Шығармашылық жоба

  1. «Болашақ мектеп», «Болашақ мұғалім», «Болашақ оқушы моделін» құрастыру.

  1. Баланың дамуына әсер ететін әлеуметтік, биологиялық, психологиялық факторлар.

Ақпараттық жоба

Сізге ата – анаңыздан берілген қасиеттерді талдап, өз отбасыңыздың генеологиялық сызбасын жасаңыз.



Шығармашылық жоба

«Мен адаммын, жеке тұлғамын» деген тақырыпта шығарма жаз.

Зерттеушілік жоба

«Оқушылардың жас және дара ерекшеліктері мектепте қалай ескеріледі?» деген тақырыпта зерттеу жүргіз.



  1. Тәрбиенің әдістері мен құралдары.

Ақпараттық жоба

Әртүрлі оқулықтар мен оқу құралдарынан үйрету, тәрбие әдістерінің анықтамасын жазып алып, талдап, қазіргі кезде қайсысы маңыздылығын дәлелдеңіз.



Зерттеушілік жоба

Тәрбие әдісінің тарихы жөнінде реферат жаз



Шығармашылық жоба

Ынталандыру әдістерін қолданатын тәрбие жұмысының жоспарын жаса.



  1. Өзін-өзі тәрбиелеудің және қайта тәрбиелеудің тәрбие үрдісіндегі рөлі, қиын балалар тәрбиесінің ерекшелігі

Зерттеушілік жоба

  1. Өзім туралы ой.

Практикаға баытталған жоба

  1. Өз болашағынды қалай елестетесің? Суретін сал, ұнайтын адамдарығды енгіз.

  1. Экологиялық тәрбие

Зерттеушілік жоба

Жобалар жасаңыз. Тақырыптары: «Жер адамзаттың өмір сүру ортасы», «Су тіршілік көзі», «Ауа – өмір».



Шығармашылық жоба

Табиғатқа сүйіспеншілікті қалыптастыруға арналған тәрбие сағатының жоспарын құрастыру.



  1. Еңбек тәрбиесінің маңызы мен міндеттері, мазмұны.

  1. Зерттеушілік жоба

  1. Оқулықтағы(Ш.Х.Құрманалина т.б. Педагогика. Астана, 2007. Б) отандық, шетелдік педагогтардың еңбек тәрбиесі туралы пікірлерін талдаңыз.

Шығармашылық жоба

  1. Еңбекке сүйіспеншілікті тәрбиелеу мақсатында тәрбие сағатының жоспарын жасау.

  1. Эстетикалық, дене тәрбиесі. Халық педагогикасындағы сұлулық – сымбат тәрбиесі.

Ақпараттық жоба

Ата – аналардың дене тәрбиесі туралы пікірлерін анықтау.



Шығармашылық жоба

Көркем шығармалармен таныстыратн үйірме жосспарын жасаңыз.



  1. Каталог: uploads -> doc -> 0238
    doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
    doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
    doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
    doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
    doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
    doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
    doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
    doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
    doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
    0238 -> Сабақ жоспары: 34 «Бекітемін» Оқу ісінің меңгерушісі 2015 ж


    Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет