16. Заңды тұлғаларды әкімшілік құқықтың субъектісі ретінде сипаттап, олардың әкішілік-құқықтық мәртебесін анықтайтын ережелерге тоқталыңыз



бет1/13
Дата06.11.2023
өлшемі55,12 Kb.
#189927
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
әкімшілік 16-30


16. Заңды тұлғаларды әкімшілік құқықтың субъектісі ретінде сипаттап, олардың әкішілік-құқықтық мәртебесін анықтайтын ережелерге тоқталыңыз.
17. Мемлекеттік қызметшілердің мәртебесі және олардың қызметінің құқықтық кепілдіктеріне тоқталыңыз.
18. Жергілікті атқарушы органдардың әкімшілік құқықтың субъектісі ретіндегі әкішілік-құқықтық мәртебесін сипаттап көрсетіңіз.
19. Азаматтардың мемлекеттік басқару саласындағы құқықтары мен міндеттерін атап көрсетіңіз.
Заңнама азаматтардың мемлекеттік басқару саласындағы құқықтары мен міндеттерін бекітеді. Азаматтардың бұл саладағы негізгі құқықтары мен міндеттерін Қазақстан Республикасының Конституциясы бекітеді. Азаматтардың аса маңызды конституциялық құқықтары мыналар:

  • тікелей немесе өздерінің өкілдері арқылы мемлекет істерін басқаруға қатысу құқығы. Ол азаматтардың мемлекеттік органдарды, жергілікті өзін-өзі басқару органдарын сайлауға және оларға сайлануға, сондай-ақ республикалык референдумға қатысу құқығымен қуатталады. Республика азаматтарының мемлекеттік қызметке кіруге құқығы бар;

  • Қазақстан Республикасы азаматтарының бірігуге еріктілік құқығы бар;

  • Қазақстан Республикасының азаматтары — бейбіт әрі қарусыз жиналуға, жиналыстар, митингілер мен шерулер өткізуге және тосқауылдарға тұруға қақылы;

  • азаматтардың мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарына тікелей өзі жүгінуге, сондай-ақ жеке және ұжымдық өтініштер жолдауға құқығы бар.

Қазақстан Республикасының азаматтары осындай құқықтарға ие болумен қатар, өздеріне заңмен жүктелген міндеттерді де орындайды. Конституция мынадай міндеттерді айқындайды:

  • занды түрде белгіленген салықтарды, алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеу міндеттілігін;

  • табиғатты сақтауға және табиғат байлықтарына ұқыпты қарауға міндеттілікті;

  • Отанын қорғауға міндеттілікті;

  • тарихи және мәдени мұраларды сақтауға қамкорлықпен карау міндеттілігін.

Азаматтардың құқықтарын жүзеге асыруы және міндеттерін орындауы заңға сыйымды, яғни заң тыйым салмаған іс-әрекеттерді жасау жолымен жүреді. Азаматтар мемлекеттік басқару саласында заңға сыймайтын іс-әрекеттер жасаған жағдайда өкімшілік жауапқа тартылады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет