7-сынып. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы



бет1/7
Дата31.12.2019
өлшемі0,72 Mb.
#55221
  1   2   3   4   5   6   7
7-сынып. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы: §1. Түрік қағанаты


Сабақтың мақсаты:

  • Қазақ жеріндегі алғашқы ерте ортағасырлық мемлекет- түрік қағанатының құрылуын, халқының этникалық құрамы мен шаруашылығын түсіндіре отырып, мәдениетінің негізінде түрік өркениетінің қалыптасуын көрсету;

  • Оқушыларды түрік тердің тәуелсіздік жолындағы күресімен таныстыра отырып,өздегінен талдап, қорытынды жасауға дағдыландыру;

  • Түркілер дәуірі кезеңінен тарихи мәлімет бере отырып,оқушылардың отан сүйгіштік, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру.

Сабақтың түрі:аралас

Әдісі:интерактивті

Көрнекілігі:карта, суреттер

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі


  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  • Әнұран орындау, «Хабар».

  • Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Өткенді қайталау /Үй тапсырмасын сұрау/



  • Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы неше кезеңге бөлінді?

  • Ерте орта ғасырлық мемлекеттерге қандай мемлекеттер жатады?

  • Түріктер туралы мәлімет беретін қандай ескерткіштерді білесің?

  • Ұлы Жібек жолының ерте ортағасырлық мемлекеттер тарихындағы рөлі қандай?

  • Неліктен ерте ортағасырлық мемлекеттер ұзақ өмір сүре алмады?

  • Бүгінгі күнге дейін өмір сүрген қандай түрік тілдес халықтарды білесің?

ІІІ. Жаңа сабақтың жоспары:

1. Түркі қағанатының құрылуы жіне жер аумағы.

2. Халқының этникалывқ құрамы.

3. Шаруашылығы мен мәдениеті.

4.Түрік қағанатының ыдырау себептері.


ІҮ. Сабақтың бекіту:

  1. Түріктер туралы алғашқы мәлімет қай мемлекеттердің құжаттарында кездеседі?

  2. Түрік халықтарының азаттық күресіне не себептер болды?

  3. Түрік қағанаты қашан құрылды?

  4. Түрік қағанаты құрылғаннан кейін Бумен қаған ұрапқтарының басты мақсаты не болды?

  5. Түрік халықы мен қазақ халқының шаруашылық және мәдени өмірінде қандай ұқсастықтар бар?

  6. Түрік халқының этникалық құрамын кімдер құрады?

  7. Түрік қағанатының ыдырауы басты сеюептері неде?

Ү. Бағалау:

ҮІ. Үйге тапсырма:

1-параграфты оқу, №1 кестені толтыру,картамен жұмыс жасау.
Осы сабақтан бастап оқушыларға материалды терең меңгерту мақсатымен оқушылардың ерте ортағасырлық мемлекеттердің негзгі оқиғаларды есте сақтауына көместесетін «қазақ жеріндегі ерте ортағасырлық мемлекеттер» атты №1 кестені толтыруды ұсынамын


Мемлекет атауы

Өмір сүрген уақыты

Орналасқан аумағы

Әлеуметтік этникалық құрылым

Қоғамдық басқару жүйесі

Саяси жағдайы

Шаруашылығы






















7-сынып. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы: §2. Батыс Түрік қағанаты /603-704ж./

Сабақтың мақсаты:


  • Батыс Tүpiк қағанатының жер аумағын, қоғамдық саяси тарихын түсiндiре отырып шаруашылық түрлерi мен сауданың дамуындағы Жiбек жолының рөлiн көр­сету;

  • Оқушыларға Қазақетан жерiнде өмip сүрген ортаға­сырлық. мемлекет туралы, оның саяси-экономикалық құры­лымы туралы тарихи бiлiм беру;

  • Батыс Tүpiк қағанатының саяси жағдайы мен қорам­дық құрылысындағы ерекшелiктер туралы айта отырып, оқушыларды талдау жасауға, өз көзқарастарын бiлдiруге дағдыландыру;

  • Оқушыларды отаншылдык., адамгершiлiк қасиеттер­ге тәрбиелеу, қазақ даласын мекендеген халықтардың та­рихымен таныстыру.

Сабақтың түрі:аралас

Әдісі:интерактивті

Көрнекілігі:карта , сызба

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі



  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  • Әнұран орындау, «Хабар».

  • Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

  • Түріктер туралы алғашқы мәлімет қай мемлекеттердің құжаттарында кездеседі?

  • Түрік халықтарының азаттық күресіне не себептер болды?

  • Түрік қағанаты қашан құрылды?

  • Түрік қағанаты құрылғаннан кейін Бумен қаған ұрапқтарының басты мақсаты не болды?

  • Түрік халықы мен қазақ халқының шаруашылық және мәдени өмірінде қандай ұқсастықтар бар?

  • Түрік халқының этникалық құрамын кімдер құрады?

  • Түрік қағанатының ыдырауы басты сеюептері неде?

ІІІ. Жаңа сабақтың жоспары:

1. Батыс Tүpiк қағанаты. Жер аумағы мен халқының этникалық құрамы.

2. Қaғaнaттың мемлекеттiк құрылымы.

3. Батыс Tүpiк қағанатының саяси жағдайы және қағанаттың әлсiреуi.

4. Батыс Tүpiк қағанатының шаруашылығы.


  • Сондай бір таласта 634 жылы нушиби тайпасының қолдауымен Ешбар Елтеріс билікті өз қолына алдады. Ол елді басқаруды қайта құрып, «он тайпа»-«он-оқ бұдун» жүйесін енгізеді. Қағанның он-оқ, он түменнен (әр түменде 10 мың қол) тұратын әскери жасағы болды. «Бұдун» сөзі ел, халық деген ұғымды білдіреді.

  • Қағанаттық әлеуметтік құрылымы

  • Қаған

  • Қаған сайлаған ұлықтар

  • Ябғу, шад, елтебер, бұрық, тархан

  • Бектер

  • Қара бұдындар

ІҮ. Сабақтың бекіту:

1.Батыс түрік қағанатының құрылуының алғышарттары қандай болды?

2. Батыс жәие Шығыс Tүpiк қағанаттары қай жерде орналасты?

3. Батыс түрік қағанаты халқының негізін кімдер қалады?

4. Бүгінгі күнге дейін өз атауларын сақтап қалған қандай тайпаларды білесің?

5. Қағанаттың мемлекеттiк құрылымыньщ ерекшілігі қандай?

6. Батыс Tүpiк қағанатының саяси өрлеуiне не себеп болды?

7. Он-оқ бұдун» жүйесi дегенiмiз не?


Ү. Бағалау:

ҮІ. Үйге тапсырма:

2- параграфты оқу, карта мен жұмыс, №1 кестені толтыру.

Қосымша тарихи деректердi пайдаланып, қағанаттың шаруашылығы мен сауданың дамуына қатысты шағын әңгiме жазып келу (Н.Мыңжан. «Қазақтың қысқаша тари­хы», 113-б.).



7-сынып. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы: §3. Түркеш қағанаты

Сабақтың мақсаты:


  • Оқушыларды VIII ғасырда қазақ жерiн мекендеген Түргеш қағанатының тарихымен, қағанаттағы экономика­лық және мәдени дамудың бағытымен таныстыра отырып, соғдылар туралы тyciнiк беру;

  • Түргеш қағаны Сұлудың жүргiзген саясатымен таныса отырып, iшкi және сыртқы саяси бағыттарына талдау жа­сап, өз ойларын жүйелi жеткiзе бiлуге дағдыландыру;

  • Түргештерден қалған мәдени мұралар тарихънaн мәлiмет бере отырып, тарихи ескерткiштердi қорғауға тәрбиелеу

Сабақтың түрі:аралас

Әдісі:интерактивті

Көрнекілігі:карта, сурет

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі



  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  • Әнұран орындау, «Хабар».

  • Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

  • 1.Батыс түрік қағанатының құрылуының алғышарттары қандай болды?

  • 2. Батыс жәие Шығыс Tүpiк қағанаттары қай жерде орналасты?

  • 3. Батыс түрік қағанаты халқының негізін кімдер қалады?

  • 4. Бүгінгі күнге дейін өз атауларын сақтап қалған қандай тайпаларды білесің?

  • 5. Қағанаттың мемлекеттiк құрылымыньщ ерекшілігі қандай?

  • 6. Батыс Tүpiк қағанатының саяси өрлеуiне не себеп болды?

  • 7. Он-оқ бұдун» жүйесi дегенiмiз не?

ІІІ. Жаңа сабақтың жоспары:

1. Түргеш қағанатының жер аумағы мен халқы.

2. Қаранаттың iшкi және сыртқы саясаты. Сұлу қаған.

3. Шаруашылығы.

4. Жетiсудағы соғдылар.

Е с к е р т у: Оқушы сабақ барысында жауап бepiп үлгермесе.үйге таncырылады.

Қағанат тұсындағы тeңгeнiң пайда болуы, оның адам өмipiндeгi рөлi мен маңызын ашуда интерактивтi әдiсті пай­далана отырып оқушыларға тапсырма беремін.



Білемін

Білгім келеді

Үйрендім

Ақша – адам қажеттілігін қанағаттандыру үшін, бір нәрсе сатып алу үшін қажет.

Ақша қалай пайда болды?Ақшаның түрі және көлемі қандай болған?

«Түргеш қағанының теңгесі», «түріктің көк ханының теңгесі» деген соғды жазуымен жазылған теңгелер тарихы туралы.

ІҮ. Сабақтың бекіту:

  • Түргеш қaғaнaтының негiзiн қалаған кім?

  • Түргеш қaғraнaты қазiргi қазақстандағы қай облыс аума­ғында орналасты?

  • Түргеш қaғaнaтының әлеуметтiк құрылымы қандай болды?

  • Сұлу қaғaнның саяси жеңістерiнiң себебi неде?

  • Қaғaнaттың iшкi жағдайларының шиеленiеуiне не әсер eттi?

  • Түргеш қағандығындағы билiк кiмдердiң қолына көштi?

  • Түргеш қағандығында шаруашылықтың қандай турлерi болды?

  • Түргеш теңгелерi туралы не бiлесiң?

  • Жетiсуға қоныстаған соғдылардың ел өмipiнe ықпалы неден көрiндi?

Ү. Бағалау:

ҮІ. Үйге тапсырма:§3 Үйге тапсырма: 3-параграфты оқу № 1 Kecтeнi толты­ру, картамен жұмыс.

Теңгелер тарихына қатысты реферат жазып келу.

7-сынып. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы: §4. Қарлұқ қағанаты

Сабақтың мақсаты:


  • Оқушыларды қазақ жерiнде өмip сүрген қарлұқ қaғaнaтыI тарихымен және халқының әлеуметтiк-экономи­калық мәдени дамуымен таныстыру;

  • Оқушылардың оқулықпен өздiгiнен жұмыс iстey қабiлетiн жетiлдiре отырып, Tүркі дүниесiнiң даму ерек­шелiктерi, маңызын ашып көрсете алуға, талдап қорытынды жасай бiлуге дағдыландыру;

  • Қарлұқ\ қaғанатының Tүpiк өркениетiне қосқан үлесiн көрсете отырып, мәдени құндылықтарды құрметтеуге тәр­биелеу.

Сабақтың түрі:аралас

Әдісі:интерактивті

Көрнекілігі:карта, сызба

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі



  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  • Әнұран орындау, «Хабар».

  • Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

  • Түргіштер туралы мәліметтерді қандай тарихи деректерден аламыз?

  • Түргеш қағанаты Қазақстанның қай аймағында орналасқан?

  • Түргеш қағанаты қай қағанның кезінде күшейе бастады?

  • Түргеш қағанаты әлсіреуінің себебі неде?

  • Қағанаттың шаруашылығының мәдениетке қатысын қалай түсінесің?

  • Соғдылардың Жетісуға келуіне не себеп болды?

ІІІ. Жаңа сабақтың жоспары:

1. Қарлұқтар туралы тарихи жазба деректер.

2.Қарлұқ қағанатының құрылуы.Этникалық құрамы және жер аумағы.

3.Қағанаттың саяси жағдайы.

4.Шаруашылығы.

5.Мәдениеті.

Жазба деректер материалдары бойынша қарлұқтардың түбі бір түркі екендігіне оқушылардың назарын аудара отырып.VIII-X ғасырларда қазақ жерінде өмір сүрген қарлұқ қағанатының құрылуы, халқының этникалық құрамыкөрші елдермен саяси күрес нәтижелері мен ыдырауының себептеріне жүйелі шолу жасаймын.


Қарлұқтардың ұйғыр қағанатымен күресі

Қарлұқтардың саманилермен күресі

Қарлұқтардың арабтармен күресі










ІҮ. Сабақтың бекіту:


  • Сабақты бекіту кезінде біз бүгіңнгі сабағымызда қарлұқтар туралы не білдік, қандай енгізгі мәселелерді қарастырдық, қарлұқтар тарихын бізге жеткізудегі археологиялық жазба деректердің маңызы қандай болды, қарлұқтардың қазақтардың этникалық құрылымындағы үлесі қандай деген сұрақтар негізінде қорытынды жасаймын

Ү. Бағалау:

ҮІ. Үйге тапсырма:§4



7-сынып. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы: §5. Оғыз мемлекеті

Сабақтың мақсаты:


  • Оқушыларды 1Х ғасырдың соңы –Х1 ғасырдың басында Қазақстанның оңтүстігі мен Сырдария өзенінің бойында құрылған Оғыз мемлекетінің тарихы,қоғамдық құрылысы,мемлекеттің күшеюіне негіз болған саяси жағдайларына сипаттама бере отырып, шаруашылығы және қолөнерінің дамуымен таныстыру;

  • Оғыз мемлекетінің өзіне тән ерекшіліктері туралы мәліметтерін өзге түрік мемлекеттерімен салыстыра білу, деректермен жұмыс істеу қабілеттерін дамыту;

  • Оқушылардан қазақ жеріндегі өркенниетті мемлекеттер туралы мағлұмат алып, өз елінің тарихына деген мақтаныш сезімін қалыптастыру.

Сабақтың түрі:аралас

Әдісі:интерактивті

Көрнекілігі: Түрік қағанатының картасы, хронологиялық кесте, «Оғызнама» дастаны, қалалар, қолөнер бұйымдарының суреттері

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі



  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  • Әнұран орындау, «Хабар».

  • Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

  1. Қарлұқ қағанаты қай жерде құрылды?

2. Қағанат құрамында қандай тайпалар болды?

3.Қарлұқ қағанаты сыртқы саяси жағдайын күшейтуде кімдермен күрес жүргізді?

4.Қағанат билігі неліктен Қарахан мемлекетінің қолын көшті?

5.Қарлұқ қағанаты кезінен өз атауын сақтап қалған қандай қалаларды білесің?

6.Қарлұқтың шаруашылығы қандай бағыттарда дамыды.

7.Қарлұқтар арасында ислам дінін қабылдау қай кезден басталды?

ІІІ. Жаңа сабақтың жоспары:


  1. Оғыз мемлекетінің құрылуы жер аумағы.

  2. Оғыздардың тайпалық құрамы мен қоғамдық құрылысы.

  3. Саяси жағдайы.

  4. Шаруашылығы

  5. Кәсібі мен қолөнері.

Оқушылардың жаңа сабаққа деген қызығушылығын арттыру үшін оқушыларға жаңа сабақ бойынша мәтінмен жұмыс істеу тапсырылады. Ол үшін мәтінмен тереңірек танысып,оқып шығу қажет.Содан кейін өзіндік жұмыстарды орындау үшін тапсырмалар беріледі.Әрбір тақырпшаның мазмұнын ашу үшін картамен жұмыс асау, кесте толтыру,сөйлемдерді толықтыру ұсынылады.

Өзіндің жұмыстың алғашқы тапсырмасы- сынып болып оғыз мемлекетінің құрылуы, жер аумағы, ортлығы әлеуметтік-этникалық құрамы бойынша № 1 кестенің қажетті бөлімін толтыру. Сабақ барысында картаны пайдаланып,Оғыз мемлекетінің жер аумағын,орталығын көрсету тапсырылады.Қазақстанның қазіргі қай өңірінде орналасқанына көңіл бөлген жөн.

Енді сыныпты 3 топқа бөліп тапсырмалар беріледі.


  1. тапсырма. Оғыз мемлекетінің ел басқару ерекшіліктерін сипаттама беру.

а) Жабғу_______________________________________________________

Инал_______________________________________________________

Атабек______________________________________________________

Сюбашы_____________________________________________________

Күл-еркін___________________________________________________

ә) Халық жиналысы_____________________________________________

қаңқаш __________________________________________________

Ұлы және кіші құрылтай ______________________________________

Бұл тапсырманы орындаған топқа оғыз мемлекетінің ел басқару ерекшіліктерін түрік қағанатының қоғамдық-әкімшілік құрылысымен салыстыра отырып, жауап беруіне көңіл аудару керек.


  1. тапсырма. Картаны пайдалана отырып сұраққа жауап беру ұсынылады.

Оғыз мемлекеті қандай мемлекеттермен дипломатиялық қарым-қатынас орнатты және кімдерге қарсы күресті?

Сұрақтарға нақты жауаптар жазу арқылы оқушылар Оғызмемлекетінің сыртқы саясаттағы мақсатына жету жолындағы күресі туралы мәлімет ала отырып, оғыз мемлекетінің саяси жағдайымен танысады.



3-тапсырма Оғыз және қарлұқ мемлекетінің қалаларына салыстырмалы талдау жасау тапсырылады.

Оғыз Қарлұқ

мемлекеті қағанаты
1.Қалаларыдң пайда болуына шаруашылықтың әсері. ______________ _________

2.Қалалар туралы тарихи деректер. ______________ __________

3.Қалалардың орналасқан жері ______________ __________

4.Бүгінгі күнге дейін аты сақталып келген қалалар _______________ __________

Мұғалім бірнеше варианттағы тапсырмалар беру арқылы оқушылардың сабақты жеңіл түсінуіне жол көрсете отырып, оқушының ойлау қабілетін,тапқырлық,айқағыштық, зеректік, сияқты қасиеттеріне барлау жасай алады.
ІҮ. Сабақтың бекіту:


  1. Оғыздың Сырдария өзенінің орта ағысында қоныстануына не себептер болды?

2.Оғыз тайпалық одағының құрылып, дамуына қандай жағдай әсер етті?

3.Оғыздардың қоғамдық құрылысы қандай болды?

4.Оғыз мемлекеті жаңа жердерді басып алу мақсатын қалай жүзеге асырды?

5.Оғыз мемлекетінің әлсіреуіне не себеп болды.?

6.Оғыз мемлекетінің шаруашылығ, кәсібінің дамуы туралы не білесің?

Ү. Бағалау:

ҮІ. Үйге тапсырма: 5-параграфты оқу, №1 кестені толықтыру.

Оқушыларға Оғызнама деректері бойынша сол кездегі дала тұрғындарына қойылатын моральдық талаптарға сәйкестендіріп бүгінгі жас ұрпақтың моральдық талаптары қандай болуы керектігін жазып келуді тапсырамын.


7-сынып. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы: §6. Қимақ қағанаты

Сабақтың мақсаты:


  • ІХ ғасырдың соңы-ХІ ғасырдың басында Қазақстанның солтүстік шығыс, орталық аймағын мекендеген қимақ қағанатының тарихымен таныстыру;

  • Оқушыларды қимақ қағанаты мен өзге түрік халықтарының қоғамдық-саяси тарихы, шарушылығы, қолөнеріндегі ұөсастырқар мен ерекшіліктерін анықтап, өздгінен жұмыс жасап, қорытындылауға дағдыландыру.

  • Қимақтықтардың темір өнімдері мен зергерлік бұйымдар жасаудың шеберлері болғандығын түсіндіре отвырып, шеберлікке,еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:аралас

Әдісі:интерактивті

Көрнекілігі:карта , кесте , сызбалар

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі



  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  • Әнұран орындау, «Хабар».

  • Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

  1. Оғыз мемлекеті қашан және қай аумақта құрылды?

  2. Мемлекеттің құрамына қандай тайпалар кірді?

  3. Оғыз мемлекетінің қоғамдық құрылысы қандай болды?

  4. Оғыз мемлекеті сыртқы саясатта қандай мақсаттарды көздеді?

  5. Оғыз мемлекетінің әлсіреуіне қандай жағдайлар әсер етті?

  6. Мемлекеттің қолөнері мен шаруашылығы туралы не, білесің?

  7. Оғыздардың қазіргі ұрпақтарына қандай халықьттар жатады?

ІІІ. Жаңа сабақтың жоспары:

  1. Қимақ қағанатының тайпалық құрамы.Жер аумағы.

  2. Қағанаттың қоғамдық құрылысы.

  3. Қағанаттың саяси жағдайы.

  4. Шаруашылығы.

  5. Қолөнері.

  6. Мәдениеті.

Жаңа сабақты меңгеру үшін оқушыларға өзіндік жұмыс тапсырмалары беріледі.



1-тапсырма. Оқулық материалдарын пайдаланып қимақтар туралы тарихи деректерге талдау жасау тапсырылады.

Қытай жылнамалары, Қытай тарихшысы Сыма Цянь Парсы тарихшысы Гардзи ,араб жаэбаларын талдау. Бұл оқушылардың қағанаттың тайпалық құрамы мен құрылуы туралы мәліметтерді толық меңгере отырып, деректермен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіреді.



2-тапсырма. Қағанаттың қоғамдық құрылысына сипаттама беру.

Қаған------------------------------------------------------------------------------------------------------------

Ябғу-------------------------------------------------------------------------------------------------------------

Шад түтік-------------------------------------------------------------------------------------------------------

Ұлы қаған,кіші,қаған,ябғу шад-----------------------------------------------------------------------------

Қызметкер-------------------------------------------------------------------------------------------------------

Жатақ------------------------------------------------------------------------------------------------------------

3-тапсырма. Қимақ қағанатының саяси жағдайына салыстырмалы талдау жаса.



Қимақ қағанатының күшеюіне әсер еткен оқиғалар




Қимақ қағанатының әлсіреуне әсер еткен оқиғалар



ІҮ. Сабақтың бекіту:



  • Қимақ қағанатының тайпалық қүұрамы мен құрылуы туралы қандай деректерді білесің?

  • Картаны пайдаланып Қиақ қағанаты қазақстанның қай аймағфнда орналасқанын көрсет.

  • Қағанаттың қоғамдық құрылысы туралы не білесің?

  • Қағанаттың саяси жағдайындағы басты бағыт қандай болды?

  • Қимақтарда қолөнердің қай саласы жақсы дамыған?

Ү. Бағалау:

ҮІ. Үйге тапсырма:§6



7-сынып. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы: §7. Жартылай көшпелі және отырықшы мәдениеттердің өзара әсері

Сабақтың мақсаты:


  • Оқушыларды жартылай көшпелі мәдениеттің және қала мәдениетінің дамуымен, оларды өзара байланыстарысен таныстыру;

  • VI-IX ғасырлардағы жартылай көшпелі және отырықшы тұрғындардың мәдени және экономикалық даму ерекшіліктерін көрсете отырып, оқушылардың салыстыру, қорытынды жасау дағдысын қалыптастыру;

  • Туған жерінің мәдениетін қастерлеуге, оны дамытуға үлес қосуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:Лекция

Әдісі:баяндау, сұрақ-жауап

Көрнекілігі:суреттер, карта

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі



  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  • Әнұран орындау, «Хабар».

  • Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

  • Қимақ қағанатының тайпалық қүұрамы мен құрылуы туралы қандай деректерді білесің?

  • Картаны пайдаланып Қиақ қағанаты қазақстанның қай аймағфнда орналасқанын көрсет.

  • Қағанаттың қоғамдық құрылысы туралы не білесің?

  • Қағанаттың саяси жағдайындағы басты бағыт қандай болды?

  • Қимақтарда қолөнердің қай саласы жақсы дамыған?

ІІІ. Жаңа сабақтың жоспары:

1. Жартылай көшпелі мәдениет.

2.Қала мәдениетінің дамуы.

3.Қала және дала тұрғындарының материалдық мәдениеті.

4.Жартылай көшпелілердің материалдық мәдениеті.

5.Қын құмыра жасау және металл өңдеу.

6.Сауда мен ақша айналымы.

Жартылай көшпелі тұрғындардың мәдениеті

Қала тұрғындарының мәдениеті.

  1. Негізінен мал өсірумен айналысқан оның үш түрі белгілі:

а) көшпелі мал шаруашылығы

ә)жартылай көшпелі мал шаруашылығы

б)жартылай отырышлы мал шаруашылығы


  1. Көшіп-қонуға ыңғайлы киіз үйлерде тұрған

  2. Тастан,ағаштан,қамыстан,шикі кірпіштен үйлер салынған.Жанында қоа жайлары салынған.

  3. Ұсталар қару-жарақтар, ат әбзелдері, темір жебелер,қанжар,семсер, кісе белдік т.б. сәндік бұйымдар жасады.

  4. Ер кісілер шонданай,оқшанай,қын асынып жүрген

  5. Мал аң терілерінен киімдер тігіп ыдыстар жасаған.

  1. Айырбасқа шығарған тауарлары: мал,малдың өнімдері,теріден жасалған киімдер мен ыдыстар т.б.

1.Қалалар,қыстық-кенттер,қоған-қамалдар болған.

  1. Қала құрылдысы үш бөліктен тұрған:цитадель,шахристан,рабад.

  2. Қолөнер орталықтары болған,онда көзелер,қол диірмендер, күбі, құмыралар,қыш ыдыстар жасалған.Қыш құмыра жасайтын ірі шеберханалар болған.

  3. Металл өңдеу, күміс,мыс өндіру болған.Металл өндірушілердің құралдары: темір шот,қайла,ағаш,балға,темір сыналар балта,және балқытуға арналған ошақтары болған.

  4. Қалаларда сауда дамыды.Сауда айналымында жібек,қағаз,айна,қымбат бағалы заттар, әшекейлік бұйымдар,кілем, асыл тастар мен әртүрлі маталар мен шыны ыдыстар болды.

  5. Тараздан шыққан Түргеш теңгелері,сыр бойы қалаларынан КангуТарбан деген түрік бірлестіктерінің теңгелері табылған.

  6. Қалаларда архитектуралық құрылыстар салынды.

Қазақ жеріндегі сауданы үш бағытта:

1.Халықаралық сауда

2.Қалалардың өз аумағындағы сауда

3.Қалалықтардың дала тұрғындарымен сауда байланысы болғанын, сауданың дамуына Ұлы Жібек жолының рөлі, сауда айналымы мен тауарлар, теңгелер туцралы баяндай келіп сауда жолдарын картадан көрсетемін.

ІҮ. Сабақтың бекіту:


  • Мал шаруашылығымен айналысушылардың қандай тұрақ­тары болды?

  • Тарихты зерттеуде археологиялық деректердiң маңызы қандай?

  • Шонданай, оқшантай, қын деген ұғымдардың анықтама­сын берiңдер.




  • Сауданың қандай бағыттары болды

Ү. Бағалау:

ҮІ. Үйге тапсырма:§7.



Каталог: uploads -> doc -> 0b8c
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0b8c -> Мысалы «Жаңылма» ойыны арқылы балаларды ынтымақтастыққа, аңғарымпаздыққа үйретеді


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет