8 дәріс «Керамикалық материалдары мен бұйымдары»
Жасанды күйдірілген материалдары мен бұйымдарын (керамика) балшық илемін қалыптау және кептірген соң 900-1300°С күйдіру жолымен алады.
Шикізаттар
Саз – балшықты материалдар: каолиндер, саз-балшықтар, бентониттер.
Керамикалық бұйымдарды өндіру үшін шикізат ретінде каолиндер, саз қоспалары қолданылады. Каолиндер жəне саз-балшықтар деп –əртүрлі қоспалармен араласқан, табиғатта тараған сулыалюмосиликаттарды айтады. Оларды су қосып илегенде – пластикалыққамырға, ал күйдіргеннен кейін–тасқа ұқсас күйге айналады.Каолиндер тек қана дерлік каолинит минералынан (Al2O3 2SiO2·H2O) құралады, бөлшектерінің (түйіршектерінің) өлшемдері көбінесе 0,01 ммден, күйдіргенде ақ түсін (өңін) сақтайды.
Саз-балшықтар(осыдан кейін балшық немесе саз деп қысқартылыпайтылады) бірнеше минерал мен біршама минералдық жəне органикалыққоспалардан құралады. Бұл минералдардың бір тобы сумен араластырғандаиленгіш қамыр түзеді. Ал басқа (екінші) тобында – кальцитте, далашпатында мұндай пластикалық қасиет жоқ. Бірінші топтағы минералды –сазды (балшықты) зат деп атайды, екіншісін – сазды емес минералдар дейді.Балшықты (сазды) зат (бөлшектерінің өлшемі 0,005 мм-ден төмен негізіндекаолинит пен онымен туысқан минералдар – монтмориллонит (Al2O3·4SiO2 ·nH2O) пен галлуазит (Al2O3 2SiO2 4H2O) құралады. Уақбөлшектер (түйіршіктер) балшықтардың пластикалық қасиетін жақсартады(жоғарылатады). Жоғары пластикалық балшықтардың 80-90-%і 0,003 ммден төмен бөлшектерден құралады.
Бентониттер деп – жоғары пластикалық негіздемонтмориллониттен құралған, балшықтарды айтады. Олардың 85-90пайызы өте ұсақ 0,001 мм-ден төмен бөлшектерден тұрады.Қорыта айтқанда, балшық материалдарда өлшемі 0,001 ммбөлшектер көбейген сайын, олардың пластикалығы өседі.Пластикалығы ең жоғары балшықтарда көп кездесетін қоспа – далашпаты, олардың балқу температурасын төмендетеді. Темір тотығы ()оларға қызыл, ал басқа, əсіресе көміртегіне бай органикалық қоспаларқоңыр, т.б. түстер (өңдер) береді. Кальцийлі карбонат () “көпірме”(“дутик”)* атты ақау (кемістік) келтіреді.
*“Көпірме” – кальцийлі карбонатты күйдіргенде бөлінген кальций тотығыдымқылданғанда, көлемінің ұлғаюы əсерінен керамикалық бұйымдардың бетінде пайдаболған қуыс сияқты (қуысқа ұқсайтын) ақау (кемістік).
Достарыңызбен бөлісу: |