«Абайтану қазақ әдебиеттану ғылымының ең көп зерттелген саласының бірі. Ақын шығармаларының алғаш баспасөз бетінде жарық көріп, оқырман жүрегіне жол табуынан бастасақ, оның бүгін жүз жылдан астам тарихы бар» С



бет1/12
Дата17.10.2022
өлшемі176,14 Kb.
#153361
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
абайтану
СОЧ Алгебра 7кл каз, СОЧ Алгебра 7кл каз, Кәсіби білім беру жолдары, Презентация Microsoft PowerPoint (4), Презентация Microsoft PowerPoint, ОСОЖ , 8 каз лит 2ші жб шығару, карлыгаш ауыз су, қаңлы

1 билет
«Абайтану - қазақ әдебиеттану ғылымының ең көп зерттелген саласының бірі. Ақын шығармаларының алғаш баспасөз бетінде жарық көріп, оқырман жүрегіне жол табуынан бастасақ, оның бүгін жүз жылдан астам тарихы бар» (С.Қирабаев). Алайда абайтану ілімінің тарихи бастауларында тұрған Алаш арыстарының құнды ғылыми еңбектерімен мақалаларының идеологиялық қысымда болуынан Абай мұрасының зерттелу тарихы толық айқындалмай келген болатын. Бұл тұрғыда Абайдың көзі тірісінде «Дала уалаяты газетінде» жарық көрген М.Ж.Көпейұлының мақалалары ерекше аталады. М.Ж.Көпейұлы Абай ұлылығын «Бұл біздің соңғы пайғамбарымыз» деп бағалайды. «Дала уалаяты газетінде» (1889 №7;12) Абайдың екі өлеңі («Жаз», «Болыс болдым, мінеки») Көкбай Жанатайұлы атынан басылған-ды. Абай шығармашылығын ақындық мектебі тұрғысынан зерттеуді тұсаулап отырған идеологиялық кедергілер қазақ тарихындағы айбынды да айбарлы тұлға Абылай хан туралы дастан «Сабалақты» жазған Көкбай ақынның мұрасы да біржақты қарастырылып келгені мәлім. Ұлы ақынның өмірі мен ақындық өнері туралы тұңғыш пікір айтқан Алаш қайраткері Ә.Бөкейхан болатын. Ә.Бөкейхан 1903 жылы «Киргизский край». (Осы томның «Исторические судьбы Киргизскогокрая и культурные его успехи» тарауы) атты кітапқа енген қазақ тарихы мен руханияты туралы зерттеуінде Абай ақындығын қазақ поэзиясындағы жаңа бағыттың өкілі деп бағалайды. Ал Абайдың ӛмірден ӛтуіне байланысты жазылған «Абай (Ибрагим) Құнанбаев» атты мақаласында ақынның шыққан тегі, ӛмірі, шығармашылық жолына қатысты тұңғыш мәліметтер береді (С.Қирабаев). Абай ақындығын, шығармашылығының әдебиет тарихындағы биік тұғырын «...Ӛлеңдерінен кӛрініп тұрғандай, Абай аса талантты поэтикалық қуаттың иесі, қазақ халқының мақтанышы бола білді. Халықтың рухани шығармашылық қасиетін осынша биікке кӛтерген Абай сияқты қазақ ақыны осы кезге шейін болған емес» деп айқындайды. Ә.Бӛкейханов сонымен қатар Абайдың тұңғыш жинағын 1909 жылы Петербургте шығарған Кәкітай Ысқақұлы, Тұрағұл Абайұлының кемел ісіне ықпал еткен. Хат жазған (Қараңыз: Ә.Бӛкейханов. Кәкітай. Кітапта:Шығармалар. А., 1994). «...Әлихан Абай шығармаларын жинатып, ӛзі Семейде (орыс географиялық қоғамының Семей бӛлімшесі арқылы) бастырмақ болған сияқты. 1906 жылы Павлодарда ұсталған Әлиханның портфелінің ішінен Абайдың қолжазбасы болғаны да мұны растай түседі. Алайда сол кездегі саяси жағдайдың ауырлығынан ол бұл ойын іске асыра алмаған. Әлиханның үздіксіз қуғындалуынан хауіп қылған Кәкітайдың Семей, Омбы жағынан ештеме тындыра алмай, Петербургке кетуі де осымен байланысты болса керек»(С.Қирабаев). Абайдың тұңғыш жинағы 1909 жылы Петербургте жарық кӛргенін жоғарыда айтқан болатынбыз. Абайтану бастаулары «Абайтану тарихындағы» «ақтаңдақтарға» толы күрделі белес десек, жоғарыда аталған мақалаламен қатар 1918 жылдың ақпан-қазан айларында Семей қаласында Алаш қалам қайраткерлерінің қайратымен жарық кӛрген «Абай» журналы ерекше аталады. Барлығы 11 саны жарық кӛрген журналда Абай ӛмірі, шығармашылығы, әдеби мұрасының маңызы жан-жақты қарастырылған құнды мақалалар жарияланды. Бұл ретте осы басылымда жарияланған Ж.Аймауытұлы, М.Әуезұлының «Абайдан соңғы ақындар», «Абайдың ӛнері һәм қызметі» мақалалары абайтануда ӛзінің құндылығын жоймайтын ғылыми мұра болып табылады. Мәселен, «Абайдан соңғы ақындар» мақаласында Абайдан кейінгі қазақ әдебиетінің даму бағыты сараланып, ұлы сӛз зергерінің кӛркемдік дәстүрінің жалғастығы айқындалды. Ал, «Абайдың ӛнері һәм қызметі» мақаласында Абайдың қазақ классикалық сӛз ӛнерін тақырыптық-идеялық жаңа биікке шығарудағы тарихи қызметі, эстетикалық мұраты талданып, «Абайдың ақындық ӛнері тар жолды, бірбеткей емес. Ол тараулар мынау: мінез түзететіндік (ахлақ), тереңнен
толғайтындық (пәлсапа), сыншылдық (критика), суретшілдік (художественность), жүректің мұң-зарын, сырын тапқыштық (лирика), ащы тілдік, ызамен күлетіндік (сатира) һәм керемет переводшілдік» деген маңызды тұжырымдар жасалды. Түйіндей айтқанда, ұлттық әдебиеттанудың ӛзекті де басты арнасын құрайтын абайтану ӛзінің туу және қалыптасу барысында сан алуан ғылыми-зерттеушілік проблемаға толы түрлі тарихи белестерден ӛтті. Соның барысында ақын шығармашылығының зерттелу тарихы «бүгінде үдере дамып, ӛсу, ӛркендеу жолында қызу түрдегі пікір - таласы үстінде қалыптасқан Абайтанудың іргелі саласының біріне айналды» (З.Ахметов). Ал оның тарихи бастауларында Алаш әдебиетші ғалымдары тұрды. Абай ортасы, әулеті турасында сонау 1915 жылы ғылыми пікір білдірген талантты қазақ оқымыстыларының бірі – Сабыржан Ғаббасов «Тарих қазақ жайынан» деген мақаласында Құнанбай, Абай, Шәкәрім жайынан сӛз қозғап, оларға аса жоғары баға берді. Абай туралы ғылыми пікірлер ақын дүниеден ӛткеннен кейін барып молайды. Қазақ баспасӛзі Абай туралы жазды. Алғашқылардың бірі болып Абайды жоқтап, мақала жазған ұлтжанды ақын М.Дулатұлы. 1908 жылы Татар тілінде шығатын «Уақыт» газетінің 322 санында және ақынның дүниеден ӛткеніне 10 жыл толуына орай 1914 жылғы мақалаларында Абай есімінің, оның мұрасының халыққа танылмай жатуына қынжылыс білдірген М.Дулатұлының: «Абайдың ӛлген күнінен қанша алыстасақ, рухына сонша жақындармыз. Үнемі бұл күйде тұрмас, халық ағарар, ӛнер-білімге қанар, сол күндерде Абай құрметі күннен-күнге артылар. «Бірінші ақынымыз» деп қабырын халқы жиі-жиі зират етер, халық пен Абай арасы күшті махаббатпен жалғасар. Ол күндерді біз кӛрмеспіз, бірақ біздің рухымыз сезер, қуанар»,- деген бір ғасыр бұрын айтқан арман-сӛзін, данышпандық ой- пікірін Абай туралы айтар сӛздің алдында дем сайын келтіріп отырсақ артық болмас. Абай туралы деректерді Ә.Бӛкейхановқа табыстаушы Кәкітай Ысқақұлы 1909 жылы Абайдың жинағын шығарып, оған кӛлемді мақаласын қосты. Әуезов аса жоғары бағалаған мақала, сӛз жоқ, Абайдың ӛмірбаянын жазуға бірден-бір негізгі дереккӛз (источник) болды. Ӛйткені, Кәкітай – туысы ғана емес, Абайдың қасында жүріп, талапты шәкіртіне айналған ең жақын адамдарының бірі. Кәкітайдың зор еңбегі – Абайдың алғашқы жинағын шығаруы. Жинақты Кәкітай жалғыз шығармаған. Абайдың баласы, әрі шәкірті – Тұрағұл Құнанбаевпен бірге дайындаған. Кеңестік заманда Тұрағұл «халық жауы» ретінде қараланған себепті жинақтың шығарушысы ретінде тек Кәкітай аталып келді. Анығында 1909 жылғы жинақты шығарушы Кәкітай мен Тұрағұл. Кітаптың сыртқы мұқабасында: «Қазақ ақыны Ибрагим
Құнанбай ұлының ӛлеңі. Бастырған: Кәкітай, Тұрағұл Құнанбай ұғландары. Спб.,1909»,- деп анық жазылған. 1903 жылдан бастап Абай ӛлеңдерімен таныс боп, ақынмен кездесуге ықылас білдіріп, бірақ кеш қалған қазақ зиялыларының кӛшбасшысы – А.Байтұрсынұлының 1913 жылы «Қазақтың бас ақыны» деген бүгінгі абайтану ғылымында салмақты саналатын кӛлемді мақаласы «Қазақта» жарияланды. Абайдың әдеби ортасы, ақындық мектебі туралы нақты айтылмағанмен, «жұрт аузына қараған» Құнанбай мен «күлдіргі шеше тұқымы» туралы сӛзін тұжыра келіп: «Заман бұрынғыдай болса, Абай алаштың атақты билерінің бірі болуы шүбәсіз»,- дейді де Абайды шыңдап, мұндай ақындық биікке кӛтерген ӛз заманы, ортасы деген пікір қорытады. Ақын бойындағы шеберлік, сыншылық, білімділігін атай келіп: «Абайда осы үшеуі де болған. Бұлардың үстіне, Абай кӛсем, үлгі шығарып, ӛнеге жайғыш болған»,- деп Абайдың кейінгіге берген нәрін ерекше атап кӛрсетеді. Абайдың ӛлеңге қояр талабын, сыншылығын дәлелдеу мақсатында «Ӛлең – сӛздің патшасы» ӛлеңін мысалға алып, дәлелдейді. Абайдың ақындық дарынын байқаған орыс зерттеушілері де ақын мұрасына ХХ ғасырдың басынан-ақ үлкен қызығушылық таныта бастайды. Солардың ішінде ағайынды Белослюдовтардың Абай мұрасына деген қызығушылығы, жанашырлығы ерекше еді. ХХ ғасырдың басында Абай ӛмірбаянын орыс тілінде жазып, Мәскеуден шығарған Н.Рамазановтың еңбегін атап ӛту орынды. Автор Ә.Бӛкейханов, Б.Герасимов, Е.Михаэлис деректерін пайдалана отырып, ақын ӛмірбаянын ӛзінше түзіп шыққан. Абай туралы пікірлер, оның ішінде ортасы, шәкірттері тақырыбындағы мәселе тӛңкерістен кейін кеңірек сӛз бола бастады. 1918 жылы «Абайдың ӛмірі һәм қызметі» деген мақалада (мақала авторлары Жүсіпбек Аймауытов пен Мұхтар Әуезов) Абай дәстүрі, оның тікелей мұрагерлері турасында былай делінген: «Бұл күнде жұрт Абайдың сӛзімен пайдаланып, айтқанын ала қоймағандық – кӛптің қараңғы, надандығынан. Бірақ Абайдың соңынан ерген, сӛздері әсер берген кісілер жоқ деуге тағы болмайды». Жүсіпбек пен Мұхтар емеурінінде Абай мектебі, Абай шәкірттері деп аталатын арналы тақырыптың жылғасы бар. 1980 жылдары абайтану саласында біршама батыл ойлар айтқан ғалым М.Мағауин Абай және оның ізбасарларының жаңа эпос жасаудағы қазақ әдебиетіндегі орнын айқындап, ақын шәкірттер – Шәкәрім, Ақылбай, Мағауия, Әсет шығармашылығына тоқталды.
2 билет
Қоғамдық-саяси және әдеби «Абай» журналын шығару жөніндегі алғашқы ұсыныс қазақ зиялы қауымы арасында 1914 жылы қабыл алынған болатын. Сол жылы ақын қазасының он жылдығына байланысты Семейде өткізілген үлкен жиылыс үстінде журнал жариялау туралы шешім бекітілген. Бірақ, бірінші дүниежүзілік соғыстың басталуы және Ресей тарапынан отарлау саясатының күшеюі сияқты себептерден журналдың алғашқы нөмірінің баспадан шығуы біраз уақытқа дейін кідіріп қалды. Сонымен, «Абай» журналы 1918 жылдың 4 ақпанынан Алаш (қазіргі Жаңасемей) қаласынан шығып тұрады. Журналдың негізін салушылар әрі шығарушы редакторлар болып Жүсіпбек Аймауытов пен Мұхтар Әуезов қызмет етті. Аймауытов 1914 жылы Семейдегі оқытушылар семинариясына қабылданып, оны 1918 жылы аяқтап шығады. Сол кезден Жүсіпбектің алашордашылармен қарым-қатынасы басталады. Мұхтар Әуезов болса, Ресейдегі саяси төңкерістер әсерінен Семейде «Алаш жастары» одағын құрып, түрлі үйірмелердің ашылуына себепші болады. Дәл сол уақытта Жүсіпбек Аймауытов пен Мұхтар Әуезов танысып, «Абай» журналына дейін, 1917 жылы «Алаш» газетіне бірігіп «Қазақтың өзгеше мінездері» атты мақала дайындайды. Ал «Абай» журналына қаржылай көмегі Қаражан Үкібаевтің Мұхтар Әуезовпен кездесуінен бастау алады. Үкібаевтің баласы Бекетғазы Қаражанұлының айтуы бойынша, Әуезовтің көпеске «Мына Жүсіпбекке маған сенгендей сеніңіз. Ол талай сыннан сүрінбей өткен азамат. Өз замандастары алдында өте беделді» деп айтқан сөздерінен кейін Қаражан көпестің «Абай» журналына қаржы беретіндігі келісілген. Абайды туған халқына таныту, сол арқылы ұйқыдағы езіліп тапталған туған халқының ой-санасын оятуға, жаңа заман көшіне ілесуге тырысқан ұлт танымының сарыны 1918 жылғы “Абай”журналында жарияланған ұлы ақынның әдеби мұрасы туралы Екеудің “Абайдың өнері мен әм қызметі”, “Абайдан соңғы ақындар” деген мақаларында толық көрініс берген деп айта аламыз. Баспасөз тарихын зерттеуші Бейсенбай Кенжебаев «Қазақ баспасөзінің тарихынан» атты еңбегінде (1950 ж): «Абай» журналы 1918 жылдың февраль айынан сол жылы октябрь айына дейін Семей қаласында шығып тұрды. Барлығы 11 саны шықты», – дейді. Бұндай пікірлер ғалым Қ.Аллаберген мен Ө.Әбдиманұлының еңбектерінде де көрініс табады. «Ал журналдың 12 саны шықты» деген пікір қайта шыққан «Абай» журналы арқылы 1992 жылы оқырманға тарады. Жазушы Сәбит Мұқанов та журналдың 12-саны шыққандығы туралы атап көрсеткен. Сондай-ақ, ғалым Бауыржан Жақып пен қайта шыққан «Абайдың» тұңғыш редакторы Р.Мұсаұлы журналдың 12 саны шыққан деген пікірде болды. «Абай» журналында ақын шығармаларын танып білу, халықтық таным тұрғысынан бағалау мақсатында зерттеулік мақалалар мен Абай шығармаларынан үзінділер жариялап жатты. Екеудің «Абай» журналында басылым көрген «Абайдың ақындық өнері мен һәм қызметі» және «Абайдан соңғы ақындар» деп аталатын мақалаларында түйген ортақ танымнан туындаған ойлары, негізінен, Абайдың қара сөздері мен аудармашылық өнеріне әдебиет ғылымы тұрғысынан терең талдаулар жасаған. Өйткені Абайдан кейінгі қазақ ақындарының шығармаларын жанры жағынан талдап жіктегенде Мағжан мен Сұлтанмахмұтты лирик ақындар тобына жатқызса, А. Байтұрсынов мен С. Дөнентаевті халықтық сарындағы ақындар тобына қосады да, Абайдың ақындық дәстүріне еліктеген, шәкірт ақындар ішінен «Осы күнгі ақындардың ішіндегі Абай өлеңіне сырттай болса да ішкі мағынасымен еліктеген кісі Шәкәрім» деп Абайдың дүниетанымына тереңірек бой ұрған ерекшелігін сол тұста-ақ дөп басқан.

Абай мұрасын орыс тілінде танытып бағалауда Ә. Бөкейханов пен ағайынды Белослюдовтер, әсіресе С. Сәдуақасов тарапынан жарияланған мақалалардың Абайтану тарихында өзіндік орны бар, болашақ зерттеу жұмыстарына бағыт-бағдар берерлік өзіндік танымымен ерекшеленетін еңбектер. Абай мұрасын орыс қауымына танытып насихаттауда дер кезінде елеулі үлес қоса білді.



3 билет
1933 жылы Қызылорда қаласындағы «Қазақстан» баспасынан Абай шығармаларының толық жинағы жеке кітап болып шықты. Бұл қазақ даласын елең еткізген үлкен оқиға еді. Себебі, бұл қазақ жерінде басылған Абай шығармаларының алғашқы жинағы еді. Осы жинаққа дейінгі Абай шығармаларының үш басылымы (1909 жылы-Санкт-Петербург, 1922 жылы –Ташкент және Қазан) қазақ жерінен тыс баспаханаларда жарық көрді. Сондықтан да Абай шығармаларының 1933 жылғы басылымы қазақтың өз жерінде, өз баспаханасынан алғаш шыққан бірінші Абайдың кітабы ретінде тарихта алар орны бөлек. Мұхтар Әуезов баспаға дайындаған бұл жинақтың көптеген ерекшеліктері болды. Соларды атап өтетін болсақ:
– алдыңғы шыққан жинақтарда Абай сөзі оқырманға толыққанды жетпеген еді. 1909 жылғы жинаққа ақын шығармаларының біршамасы кірмей қалған еді, ал 1922 жылғы Қазан және Ташкенттен шыққан жинақтар да айтарлықтай өзгеріс, жаңалықсыз басылып шықты. Ал, 1933 жылғы жинақтың алдыңғыларға қарағандағы үлкен айырмашылығы – Абайдың 62 өлеңі мен екі поэмасы қосылып, сол кезеңдегі «толық жинақ» болып шыққандығы еді. – баспаға әзірлеген Мұхтар Омарханұлы Әуезов алдыңғы жинақтардағы жіктеу жүйесін қолданбай, алғаш хронологиялық жүйені қолданғандығы еді. 1909 жылғы жинақтағы «Халық туралы», «Өлең туралы», «Ой туралы», «Сұлу ұрғашы туралы», «Аңшылық туралы» деген шартты түрдегі жіктеулердің орнына шығармалардың жазылу уақытына қарай жылдық жүйемен орналастырды және өзінің бұл ісінде Абайдың шәкірті Көкбай Жанатайұлы мен Турағұл Абайұлының көмегіне жүгінді. Шығармалар жинағын шығарудағы мұндай жүйе содан бері жарық көрген барлық басылымдарда қолданылып келеді.
– кітапта Абайдың ғылыми өмірбаяны алғаш рет жарияланған еді. Мұхтар Омарханұлы Әуезов ақынның ғылыми өмірбаянының төрт нұсқасын жазғаны белгілі. Осы жинақтағы Абай өмірбаяны еш бүркемесіз жазылған алғашқы нұсқа ретінде құнды екендігін айта кету керек.
– басылымда Абайдың ғылыми өмірбаянымен қатар алғаш рет естеліктер де жарық көрген еді. Олар-Көкбай Жанатайұлы мен Турағұл Абайұлының естеліктері. – жинаққа үлкен, көлемді (62 бет) алғысөз жарияланған. Алғысөздің авторы Ілияс Жансүгіров. Кітапта «қарап шығып сөзбасын жазған Жансүгір ұлы Ілияс» деп жазылған.
Ілияс Жансүгіров Абай шығармашылығын әркез назарынан тыс қалдырмай, көңіл бөліп отырғандығы белгілі. 1933 жылғы толық жинаққа алғысөз жазудан 10 жыл бұрын 1923 жылы 8 мамырда «Тілші» газетінде «Абай кітабы» атты мақаласы шыққан еді. Бұл мақалада 1922 жылы Ташкенттен шыққан Халел Досмұхамедұлы құрастырған Абай өлеңдерінің таңдамалы жинағы туралы пікір білдірген. Бұл мақаланың құнды жері: Абай өлеңдерінен жиырма шақты сөз тіркестерін келтіріп, қате басылған сөздерді көрсетіп, олардың дұрыс нұсқасы қандай болуы керек екендігін көрсеткен. Бұл мақаладағы І.Жансүгіров ақын шығармаларын «толық жинақтап, жемісті қылып шығаруға тырысу» керектігін айтқан еді. «Абайды жете білетін Шәкерім, Мұхтар, Әлихан, Ахмет сияқтыларды бұл жолға үндеу керек. Сөйтіп осы бастан қам қылып, асықпай, бірнеше жылды мойынға алу керек» - деп жазған еді. Толық жинақтың Ілияс Жансүгіров жазған алғысөзіне келетін болсақ, ол: «Абайдың тарихи туысы», «Абайдың қайшылықтары», «сыншыл Абай», «Ұлтшыл Абай», «Бекшіл-байшыл Абай», «Діншіл Абай» және тағы басқа барлығы 22 бөлімнен тұрады. Кейбір бөлімдердегі ой-пікірлер тарихи жағдайлардың ықпалымен жазылғандығы айқын көрінеді. Бірақ Абайдың ақындық шеберлігі суреттелетін алғысөздегі ең негізгі бөлім ретінде «Абайдың ақындығы» атты бөлімге назар аударайық. Жансүгіров алдыңғы бөлімдерде Абайды қаншалықты өз заманынан аса алмаған ақын ретінде суреттесе де, Абайдың қазақ әдебиетіндегі ролі ерекше болғанын айтады. «Абайға дейін қазақ әдебиет ру дәуірінің, бек дәуірінің әдебиеті еді. Батырлардың жырлары, билердің, шешендердің сөздері, шығарылған толғауы, ақындардың айтысы, араб-парсының ескі, ертегілері, ел әдебиетінің түрлері еді. Абайдан бұрын сауда капиталы кіргізетін жаңалығы мен қазақтың ұлт әдебиетіне белсене кіріскен кісіні біз білмедік, - жаза келе Алтынсары ұлы Ыбырай, Уәлихан ұлы Шоқанмен Абайдың бір тұстас, бір бағыттас болған бірақ, ана екеуіне қарағанда Абайдың әдебиетке қызметі көп,» - деп жазады. Ақынның «Адасқанның алды жөн», «Болыс болдым мінеки» деген өлеңдерін мысалға келтіріп. Абайды тілді (сатирик) ақын дейді. Абай - толғаушы (лирик) ақын дейді. Оған мысал ретінде: «Өзгеге көңлім тоярсың» өлеңінде Абай өлеңді «жалғыз достым» деп атағанын айта келе, осы секілді «Көлеңке басын ұзартып», «Қарашада өмір тұр», «Адамның кейбір кездері», «Көңіл-күйі тағы да», «Келдік талай жерге енді» - деген өлеңдерін Абайдың ішіндегі шынайы шерін толғайтын өлеңдері деп атайды. Бұл өлеңдердің көбі Абай өмірінің соңғы жылдарында жазылған өлеңдері. Жансүгіров Абайды шебер суретші ақын дейді. «Өлеңімен Абай салған суреттер мінсіз, көрікті, тұрманы түгел келеді» - дейді. Оған мысал: - «Аттың сыны», «Қансонарда», «Аңшылық», «Жаз», «Күз», «Қыс» - өлеңдері. «Абай бұл өлеңдерінде ақындықты лақылдатып құя салған. Осы өлеңдерінің қай-қайсысын алсаңыз да, өлең жазылған тақырып алдыңыздан жанды тұлғасымен тұтас түрегеледі.

4 билет
Жақын туыстары Абай қазасынан кейін ұлы ақынның асыл мұрасын жинастырып, баспаға әзірлеуге кіріскені мәлім. Сөйтіп, Кәкітай мен Тұрағұл 1905 жылдың қысы мен жазғытұрымында Абайдың өлеңдерін, қарасөздерін жинап, түгендейді. Ал, жаз айының басынан Абай мұрасын көрші әрі туысқан есебінде болған Мұрсейіт Бике баласы деген молданың қолына беріп, әдемілеп көшіріп жазуды тапсырады. Қиыр шетте жатқан қыр қазағына үлкен қалаларға барып, кітап шығарсам деген ойдың келе қалмасы белгілі. Бұл тым таңсық құбылыс. Олай болса, ұлы ақын мұрасын баспаға әзірлеуге мұрындық болған кісі кім? Ол Әлихан Бөкейханов екені, қолжазба кітап даяр болғанда Кәкітайдың Омбы қаласына Әлекеңе аттанғаны белгілі факт. Әлекең 1915 жылы «Қазақ» газетінде жарияланған Кәкітай туралы мақаласында: «1904 жылы Абай марқұмның өлеңін кітап қылып басыңдар деп, балаларына хат жаздым» деп құнды дерек береді (айтқандайын, Абай дүниеден өткенде алғаш рет орыс тілінде қазанаманы жазған адам да Әлекең). Ә.Бӛкейханов Абайдың тұңғыш жинағын 1909 жылы Петербургте шығарған Кәкітай Ысқақұлы, Тұрағұл Абайұлының кемел ісіне ықпал еткен. Хат жазған (Қараңыз: Ә.Бӛкейханов. Кәкітай. Кітапта: Шығармалар. А., 1994). «...Әлихан Абай шығармаларын жинатып, ӛзі Семейде (орыс географиялық қоғамының Семей бӛлімшесі арқылы) бастырмақ болған сияқты. 1906 жылы Павлодарда ұсталған Әлиханның портфелінің ішінен Абайдың қолжазбасы болғаны да мұны растай түседі. Алайда сол кездегі саяси жағдайдың ауырлығынан ол бұл ойын іске асыра алмаған. Әлиханның үздіксіз қуғындалуынан хауіп қылған Кәкітайдың Семей, Омбы жағынан ештеме тандыра алмай, Петербургке кетуі де осымен байланысты болса керек»(С.Қирабаев).


Кәкітай Ысқақұлы Құнанбаев (1868-1915) Абайдың немере інісі. Ол орысша, арабша сауаты бар, өз ортасының көрнекті өкілі болған адам. Кәкітайдың қазақ әдебиетіне сіңірген тарихи еңбегі де осы 1909 жылы жарық көрген Абай жинағын ол кезде жердің түбі саналатын алыстағы Петербург қаласында жариялауы еді. Жинақтың соңында берілген Абайдың өмірбаянынан мәлімет беретін Кәкітай Ысқақұлының естелік мақаласының да маңызы ерекше. Бұл мақалаға кезінде М.О.Әуезов зор баға берген». Кәкітай бастырған 1909 жылғы жинаққа дейін баспасөзде жарияланған бірлі-жарымды Абай өлеңдерінің бәрі де асыл түпнұсқа қалпында сақталмады.Кәкітай олқылығы – Абай шығармаларын түгел қамти алмауы демесек, Абай өлеңдерін түрлі тақырыптарға бөліп, жіктеуі сол дәуір жағдайына байланысты қарағанда орынды да. Кәкітай мәдениет пен білімнен кенже қалған қазақ қауымының ой-өрісін еске алып, тақырыптық принципке сүйенуді жөн көрген. Бүкіл қазақ ақындары Абай шығармалары мен өмірбаяны жайлы дерекпен тұңғыш рет Кәкітай арқылы ғана танысты. Кәкітай Абай өмірі мен творчествосына жалпы тоқталғанымен, сол дәуірдің өзінде – ақ Абай жөнінде ойлы пікірлер айта білді. Кәкітай Абайдың шын мәніндегі ақындық өнерге сексенінші жылдары батыл бет бұруының себебі оның орыс халқының озық ойлы әдебиетімен танысуында жатыр деп көрсетуі, Абай творчествосы мен өміріндегі елеулі құбылыстардың төркінін дұрыс аңғара білгенін байқатты. Ақындық дарыны асып туған Абайдың осы өнерге қолын кеш сермеуі, Кәкітай пікірінше, өскен ортасына тікелей байланысты қаралады. Бірақ ел ісіне ерте араласып, халықпен тығыз байланыста болуы арқылы ғасырлар бойы сұрыпталған тіл өнерін терең меңгеруі – Абай ақындығының тербеліп өскен алтын бесігі деді. Бүгінгі заманның абайтанушы ғалымы: Қайым Мұхамедханұлының «Абайдың ақын шәкірттері» кітабындағы, «Кәкітай Ысқақұлы Құнанбай немересі» атты зерттеуінде: «Абай шығармаларын жинап, қағазға түсіріп, реттеп баспаға дайындау ісі ақын қайтыс болғаннан соң ұзамай-ақ қолға алынғанын дәлелдейтін нақтылы деректер жетерлік. Жарық көруінен бірнеше жыл бұрын құрастырып, 1909 жылы Санк-Петербургте басылған Абай өлеңдерінің жинағында ақынның жүз қырықтай өлеңдері (аударма өлеңдерін қосып санағанда) және «Ескендір» мен «Масғұт» поэмасы басылған, яғни, осы күнгі белгілі поэзиялық шығармаларының көрнектілері түгелге жуық қамтылғаны айрықша атап айтарлық. Бұл тұңғыш жинақты дайындаған, бастырып шығарған Кәкітай Ысқақұлы мен Абайдың баласы Тұрағұл болатын.

5 билет
Жиырмасыншы жылдар басында қоғамдық ойда Абай шығармаларын жариялау жөнінде пікірлер туындай бастады. Бұл іспеттес пікірді тілші ғалым Т. Шонановтың мақаласында айтылған деректер арқылы дәлелденіп жатты. Уақыт талабы тудырған бұл рухани сұранысқа назар аударған Қазақстан Оқу комиссариаты Абай шығармаларының толық жинағын құрастырып басып шығаруды ресми түрде ақын Бернияз Кулеевке тапсырды. Бернияз Кулеев осы мақсатты жүзеге асыру үшін, Абай өмірбаяны мен шығармаларын толық түрде жинастырмақ болып, «Еңбекші қазақ», «Ақжол», «Степная, правда» газеттеріне жазған мақала үндеулерінде алға қойылған мақсатын анықтап та берді. Олар: Абайдың қара сөздерін бар болмысымен толық жариялау, Абай өмірбаянына байланысты фотоқұжаттарды толық қамту, Абай өмірбаянын жаңа дерек мағлұматтарымен толықтыра түсу, ақын өлеңдерін бастапқы табиғи қалпына түсіру, яғни өлең өрнектерін қалыптастыру мәселелерін алға қойды. Қаншалықты күш салып әрекеттенсе де, заман ауыртпалығы қол байлау бола берді. Қазан қаласында 1922 жылы Абайдың тұңғыш өлеңдер жинағын (1909) қайталап басумен тоқталды. Дәл осы жылы Ташкент қаласында Абайдың өлеңдер жинағы да осы қалыпта басылым көрді. Кеңестік заманда Абайдың өлең жинақтары қатарынан екі рет басылым көрісімен-ақ ағымдағы баспасөздерде сын мақалалар жарыса жарияланып жатты. Алғаш жарияланған тырнақ алды сын мақала Сәбит Мұқановтың «Қара тақтаға жазылып жүрмендер, шешендер» («Еңбекші Қазақ», 01.03.1923) деп аталатын мақаладан басталды. Осы мақаланың артынша – ақ Ташкент қаласынан шығатын «Ақжол» газетінің алты санында үзбей жарияланған Ф. Сағдидің «Абай» деп аталатын мақалалар циклі, І. Жансүгіровтің Жетісу губерниясындағы «Тілші» газетінде (08.05.1923) жарық көрген «Абай кітабы» мақаласы, Ташкент қаласында шығатын «Шолпан» журналында «Қоңыр» деген бүркеншек атпен жарияланған Мұхтар Әуезовтың ғылыми теориялық жағынан қарағанда деңгейі биік мақаласы «Қазақ әдебиетінің қазіргі дәуірі» (1923, 345, 45) деген атпен басылым көрді.



6 билет
Абайтану ілімінің қалыптасу жолдарындағы аса күрделі кезеңдердің бірі ХХ ғасырдың 20-30 жылдары болып табылады. Бұл кезеңде қазақ халқының әдеби және классикалық мұрасын игеру мен зерттеуде маркстік-лениндік ілім басшылыққа алынып, «пролеткульт», «тұрпайы социологизм» сынды қате теориялардың кереғар ықпалынан сан ғасырлық сӛз ӛнерін, соның ішінде Абай шығармашылығын бағалауда әсере саясатшыл кӛзқарастар орын алды. Ақын мұрасын бағалаудағы нигилистік біржақты кӛзқараста орын алған танымдағы қателіктерді ғылыми негізді түзетуде М.Әуезұлы әдеби-тарихи маңызы зор ерен еңбек атқарды. «1918 жылдан бастап Абай мұрасын бағалау, жинау, бастыру ісімен араласқан М.Әуезов әдебиеттану ғылымының бұл саласындағы кӛзқарасты, ғылыми ой-
пікірді орнықтырған, оның негізін салып жетілдірген бірден бір ғалым-жазушы болды»
(С.Қирабаев). Атап айтқанда «Қазақ әдебиетінің қазіргі дәуірі» (Шолпан.1922.№4-5), «Абай ақындығының айналасы» (Әдебиет майданы.1934.№11-12) зерттеу мақалалары абайтану ілімінің маңызды да күрделі ғылыми мәселелерін әдебиеттану ғылымында ӛткір қойуымен дараланады. «Абай – қазақтағы суретті, сұлу сӛздің атасы. Терең сырлы, кең мағыналы, кестелі ӛлеңнің атасы. Қазақ ӛлеңіне үлгі, ӛрнек берген, түрін кӛбейтіп, қалыбын молайтқан Абай. Ол қазақтың ішінен оқушы тапқан. Әдебиетке, ӛлең-жырға бұрыннан орнаған теріс пікір, теріс ұғымның бәрін жоғалтып, жұрттың бәрін тәрбиелеген. Бұдан соңғы бір үлкен қызметі – қырдағы қалың қазаққа Европа мәдениетінің есігін ашқаны» деп ұлы ақын шығармашылығының ұлт руханиятындағы биік тұғырын эстетикалық тұрғыдан бағалады. Дәстүр жалғастығы мен дәстүр ұласуындағы кӛркемдік және тақырыптық-идеялық арнадағы түрленулер табиғатына да терең бойлап «Абайдың ӛлең ішіндегі мағынасы мен беттеген бағыты жағынан қарағанда, кӛшпелі дәуірдің ӛлеңдерінен айрылатын жері – мұнда сүлдері құрыған зар бар да, әлі құрыған уайым жоқ, оның орнында қазақ ӛмірінің кем-кетігін түсінген кӛзі ашықтық бар, дәлдеп ауруын тауып, емін айтқан ширақтық бар» деген ғылыми құндыпікір түйеді. Абай ақындығының жаңашылдық қырына тән ілкі қасиеттерге қатысты мынадай тұжырым жасайды: «Бұрынғыдай әр нәрсені ем кӛрген далбасалық орнына Абай қазақтың жасына білім жарығына ұмтыл дейді, малыңды дұрыстап бақ дейді, атқа мінген жақсыларына елді іріткіге салмай, адал еңбек қыл, қарызыңды атқар дейді». Ақын шығармашылығындағы кӛркемдік әдіс, лиризм табиғатына да қатысты әдеби-теориялық келелі пікірлер білдіреді. «Бұрынғы зардың сарқыты емес, ӛз жүрегіндегі сырын айтқан сыршылдықтың сарыны...Ол – ашық тілек, айқын ұғымның, здоровый релизмнің сарыны». Ал, «Абай ақындығының айналасы» зерттеуінде ұлттық әдебиеттану ғылымында тұңғыш рет Абайдың ақындық айналасы, ақындық мектебі, ақын шәкірттері туралы ғылыми мәселе
кӛтеріп, оны Ақылбай, Мағауия, Кӛкбай, Шәкәрім шығармашылығы негізінде дәлелдеп
берді. Ол Абай дәстүрінің қазақ сӛз ӛнерінде жаңа ӛріс алуын дәстүр жалғастығы, әдеби
мектеп тұрғысынан зерттеудің тың да соны ғылыми бағытына да айқындады. Халық мұрасын игеру, жариялау мен зерттеудегі идеологиялық қысым дендей түскен тұстары да Абай шығармаларын жарыққа шығару, зерттеу ісі жаңа ғылыми белеске кӛтерілді. Атап айтқанда, ақын ӛлеңдерінің жинағы Қазан (1922), Ташкент (1922) жарық кӛрді. Бұл жинақтар 1909 жылғы жинақтарды қайталағанымен де алғашқы басылымда кеткен қателерді түзетуге күш салды. Б.Күлейұлының «Сӛз басымен» жарық кӛрген Қазан басылымына А.Байтұрсынұлы, М.Әуезұлы, Ташкен басылымына Х.Досмұхамедұлы,
Е.Омарұлы атсалысты. «Кітаптарға рецензия күйінде, ақын еңбектерін насихаттауға,
талдауға, жұртқа танытуға арналған мақалалар туа бастады. Сол тұста қазақ жерінде кӛптеп шыға бастаған газет-журналдарда Абай туралы еңбектерге мол орын берілді» (С.Қирабаев). Соның ішінде І.Жансүгіровтің «Абай кітабы», Ғ.Сағдидің «Абай», Б.Кенжебаевың «Абай» мақалаларын айтамыз. «Абайдың әдебиеттегі орнын анықтап, шығармашылық мұрасының танымдық, тағылымдық, кӛркемдік мәнін бағалау мәселесі ӛткен кезеңдердегі, әсіресе, 20-30 жылдардағы идеологиялық талас-тартыстармен байланысты болғанын байқау қиын емес. Әдебиетке таптық кӛзқарас тұрғысынан қарау бел алған кезде әдебиет тарихын тұрпайы социологизмнің тар шеңберінде алып, біржақты түсіндірушілікке жол берілді. Осыған орай 20-30 жылдар аралығында Абай жоғары таптың ақыны, байшыл ақын деген секілді сыңаржақ-солақай пікірлер аз айтылған жоқ. Мұның ӛзі орыстың классикалық әдебиетінің ең ірі ӛкілдері Пушкин. Л.Толстой сияқты ақын-жазушыларды орыс қоғамындағы жаңашыл байлардың – либерал буржуазияның жыршысы болған деген пікірлерге жалғас, сондай пікірлердің орайымен айтылған еді. Абайды да жаңалыққа, ӛнерге ұмытлған жаңашыл байлардың тілегінен туған ақын деп бағалау сол кезде бел алған таптық қағиданың әсері болатын» (З.Ахметов). Бұған С.Мұқановтың «Қара тақтаға жазылып қалмаңдар, шешендер», «Әркім ӛзінше ойлайды», І.Қабыловтың «Абай және оның философиясы», «Философия казахского поэта Абая и ее критика» мақалалары дәлел болып табылады. Оларда тұрпайы социологизм салқыны орын лапы қана қоймай Абай мұрасына деген нигилистік кӛзқарасты дендете түскендей де болды. Сондықтан да Абай мұрасын, шығармашылығын обьективті және ғылыми негізді бағалау мәселесінде үлкен міндеттер де туындады. Мәселен, Ы.Мұстанбаев «Абай (Ӛмірі мен творчествосы)», «Біздің таласытарымыз» мақалаларымен І.Қабылов мақаласында қате танымдағы біржақты байламдарды терістеп, Абай мұрасын бағалаудағы солақайлыққа батыл тойтарыс берді. Ӛз кезегінде абайтанушы ғалымдар ұлы ақын мұрасын, шығармашылығын идеологиялық әсіре таптық кӛзқарас салқынынан қорғай жүріп, сӛз зергерінің туындыларын жариялау, насихаттау мақсатында ерен еңбектер атқарды. Бұл ретте 1933 жылы М.Әуезұлы ыждахатымен Абайдың толық жинағы Қызылорда
қаласында жарық кӛрді. Тұңғыш толық жинақта М.Әуезұлының «Абайдың туысы мен ӛмірі» атты құнды ақын ӛмірбаянына арналған тұңғыш ғылыми мақаласы берілді. Мақалада ақынның шыққан ортасы, тегі, айналасы, ӛміріне қатысты құнды деректер қамтылды. Әсіресе, Құнанбай сынды тарихи тұлғаның күрделі болмыс-бітімін ашудағы ғылыми байламдары бүгінгі абайтануда тереңдетіле зерттеліп жүргенін баса кӛрсетеміз. Аталған жинақта соынмен қатар І.Жансүгірұлының Абайдың ӛмірі мен шығармашылығы туралы мақаласы да берілді Ақын ӛлеңдерінің ішкі идеялық мәнін ден қоя зерттеп, оның заманымен қабыстыра талдау жүргізген татар зерттеушісі А.Сағди Абайдың ӛскен ортасы, оның ақынға әсері туралы құнды ой айтады. 1923 жылы «Ақжол» газетінде жарияланған құнды еңбек кейіннен, 1993 жылы «Абай» журналының 6-шы санынада қайырыла басылды. М.Әуезовтің 1933 жылы жазған Абайдың тұңғыш ӛмірбаянында ақынның әдеби ортасы алғаш рет кең кӛлемде сӛз болады.Отызыншы жылдары М.Әуезовпен қатар Абай тақырыбында салиқалы ой түйген ғалымдар некен-саяқ болса да бар десек, сол кездегі стандартты ойлардан ада, шын мәнінде Абайды қазақ әдебиетінің классик ақыны ретінде кӛрсете алған Қ.Жұбановтың «Абай – қазақ әдебиетінің классигі» атты мақаласы болды. Абай мұрасына «Түзу келіп», «ішін кӛрген» іргелі еңбектің басқа құндылықтарымен қоса, автор Абайды оқшау күйде алмай, Шағатай әдебиетімен, қазақтың тӛл ауыз әдебиетімен байланыстыра қарастырады. Абай шығармаларының тұңғыш толық жинағының жарық кӛруі ақын есімін халыққа кеңінен танытуда, сӛз зергерінің мұрасына қатысты қайшылықты пікірлерді дұрыс пайымдауға ой салды. Ғылыми танымды дұрыс арнға бұруда шешуіші сипат атқарды. Әсіресе, ақынның ӛмірден ӛтуінің отыз жылдығының атап ӛтілуі абайтанудағы маңызды ғылыми мәселелерді байыпты шешуге мүмкіндк берді. Ақын шығармашылығының халықтық сипатын айқындау, әдебиет тарихындағы биік тұғырын сомдау мақстаны ұстанған ғылыми мақалаларда Абай және классикалық әдебиет, поэтика, ақындық айналасы сынды ӛзекті де маңызды мәселелер жан-жақты қарастырылды. «Әдебиет майданы» журналаның тұтас саны Абай шығармашылығына арналды (1934.№11-12). Онда Қ.Жұбановтың «Абай – қазақ әдебиетінің классигі», Е.Ысмайылов, З.Шашкиннің «Абайдың поэтикасы», М.Әуезұлының «Абай ақындығының айналасы», Ш.Әлжановтың «Абайдың педагогикалық кӛзқарасы», Ә.Мәметованың «Абай кезеңінің дана ақыны» сынды мақалалар жарияланды.

7 билет


Халиулла — Омскінің кадет корпусында оқыған, Абайдың жақсы көрген інісі, Шоқан сияқты әрі ойшыл, әрі жазушы болған. Бірақ жастай өліп, артында оншалық із қалдырмаған. Абай орыс әдебиетінің терең сырларын, оның биік тұлғаларын ең алғаш осы Халиулла арқылы білген. Халиулла жазды күнгі демалысында елге келгенде халық жырларын жинау, орыс классиктерін казақ тіліне аударып, оны өзінің жақын достарына, туысқандарына әңгімелеп айтып беру ісімен шұғылданған. Халиулланы жақсы білген Н. Максимов, Г. Н. Потанин, Н. М. Ядринцевтің жазуынша, ол Толстойды, Тургеневті, Салтыков-Щедринді, Белинскийді, Добролюбовты тұңғыш рет қазақ тіліне аударған, халық эпосын жинап, зерттеуге көп еңбек сіңірген. Бір өкініштісі сол — Халиулла жастай дүниеден көшіп, оның қолжазбалары әркімнің қолында кеткен. Дегенмен Халиулланың қолжазбаларын, әсіресе оның орыс-түрік соғысына (1876-1878) қатысқанда жазған дәптерлерін тауып, көпшілік алдына тарту аса қажетті жұмыстың бірі болар еді.
Абай қолжазба мұраларынан біздің әдебиетшілеріміздің жақсы білетіні — Мүрсейіттің қолжазбасы, не оның кейінгі көшірмелері. Мұны Абай өлеңінің толық қамтыған, аса бағалы, негізгі бұлақ көзі деуге болады. Бұл жинақтың тағы бір ерекшелігі — үлкен кітапханада сақталмай, ауылда, сандық ішінде сақталып келген. Сандық түбінде жатқан сирек колжазбалардың көбі бізге жетпей, көшпелі тұрмыс жағдайында жоғалып отырғаны зерттеуші ғалымдарға бұрыннан мәлім. Егер Мүрсейіт қолжазбасының тағдыры тап осындай болса, онда Абай ақынды жарыққа шығару тіпті қиын болар еді. Бірақ Абай ауылының өзгеше мәдениеттілігінен бұл тамаша қолжазба жоғалып кетпей, кітапханадағыдай сақталып, енді жас ұрпаққа сәулетті мұраның бірі болып отыр. Тегінде, Абай өлеңдері өзінің тірі күнінде қолжазба түрінде жинақталып, орыс ғалымдары арқылы, жоғарыда көрсетілгендей, үлкен кітапханаларға да түсе бастаған. Осы соңғы жылдар ішінде, Шоқанның әдебиет мұраларын зерттеу үстінде, Абай шығармаларының төрт тізбегін таптым. Олар: бірінші князь Кудашевтің тізбегі, екінші Садуақас Құсаұлының тізбегі, үшінші Г. Н. Потаниннің жинағы, төртінші — Н. Я. Коншинның жинағы. Бұлардың ішінде ең ертеректе жазылғаны — Г. Н. Потаниннің жинағы. Бұл 1884 жылы жазылған. Г. Н. Потаниннің өтініші бойынша бұл өлеңдер тобын Абай өз қолымен жазып жіберген. Конвертте: «Из Чингизской волости от А. К.» деген жазуы бар. Потанинге жіберген Абай өлеңдері көпшілікке тіпті мәлім емес, түгелдей жаңадан табылған өлеңдер. Сондай-ақ жинақтың ішінде үлкен поэма «Қозы Көрпеш — Баян қыз», «Жаңа закон», тағы басқалар бар. Мұнда халық эпосы, заң-жоралар туралы мәліметтер орасан көп. Онық көбі Күншығыс (қазақ, қалмақ, монгол, якут) тілдерінде. Өйткені көзі ашық, көкірегі саналы адамдардың Потанин сияқты өздері жанындай сүйетін кемеңгер кісіге жазбай қалғандары кемде-кем. Абай өлеңдерінің бірінші рет топталған қолжазба жинағын Садуақас тізбегі деуге болады. Тегінде, мұны бірінші рет тізген Жүсіп ақын Көпейұлы, ал Садуақас оларды өз дәптеріне содан көшіріп жазған.Жинақ 1884-1891 жылдар арасында тізілген. Абай шығармаларынан басқа да мұнда бірнеше ақынның жырлары жиналған. Садуақастың бұл дәптері қазақ қолжазбаларының ішіндегі маржандай тізілген көркемінің бірі. Садуақас орыс әдебиетін, Күншығыс халқының әдебиет дүниесін жақсы білген, мәдениетті кісі болғандықтан, Абай шығармаларына зор мән беріп, оны өз қолымен мүлтіксіз көшіріп, ғылыми кітапханаларға тапсыруы игілікті іс болған, Садуақастың бұлай істеуіне, әрине ертеде өткен Шоқан мен Г. Н. Потаниннің әсері себеп болуында сөз жоқ. Садуақастың осы дәптерінен бұлжытпай көшірген бір нұсқасын 1897 жылы В. А. Кудашев қазіргі мемлекеттік география қоғамының кітапханасына тапсырған. Н. Коншиннің жинағында Абай шығармалары соншалық көп емес. Ол кісі көбінесе саяси-шаруашылық тұрмысқа ерекше көңіл қоятын болғандықтан, Абайдың тек қана азаматтық сарыны бар, мәдениетті, білімді, тұрмысты жырлаған өлеңдерін ғана жазып алған. Мәселен, бұл жинақта «Шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ», «Жасымда ғылым бар деп ескермедім», «Секілді қара қарға шуласып жүр», деген Абай өлеңдері, бұдан басқа «Өткен замандағы қазақ хикаялары» дегендер бар. Бұл соңғы шығарма әлі жарыққа шықпаған, белгісіз жатқан соны нәрсе, барлығы 29 бет.Коншиннің жинағы 1898-1901 жылдары тізілген.

8 билет
Абай сынды алып тұлғаның кемел ойларының рухани ӛркендеудегі мәңгілік құндылығы -қазақ қоғамының кешегі, бүгінгі және ертеңгі күнінің ӛзекті де ділгір мәселелері мен сабақтастығында. Әсіресе, бүгінгі қоғамдық дамуды ізгілендіру, адамгершілік қағидаларын негіз етіп ұстануда Абайдың классикалық мұрасына жүгінуіміз де заңды. Түптеп келгенде,Абайды тану - қазақ әлемін тану, қазақтың адамзаттық ӛркениеттегі тұғырын айқындау.Сондықтан да қазіргі әлемдік ғаламдасу аясында ұлттық болмыс - бітімді сақтау – ақын діттеген адамгершілік ұстанымын қоғамдық дамуда басты күретамырға айналдыру талабын


барынша ұштауды талап етеді. Ӛйткені Абай шығармашылығының мақсат – мұраты М.Әуезұлы атап ӛткеніндей: «Халыққа қызмет ету, адамды қайта тәрбиелейтін және қоғамды қайта қарауға кӛмегі тиетін жаңалыққа шықыру деп біледі». Осы жағынан алғанда А.Байтұрсынұлының «Абай сӛздері дүнияда қалғаны - қазаққа зор бақ. Бетін түзеп, жӛн сілтеген кісілерге де, сілтеген жолды ылақпай тұп-тура тапқан адамға да қазақ балалары алғыс берер» деген пікірін негізге алсақ, келер ұрпақ сол бағытты қаншалықты ұстанады, қандайлық ӛреде дамытады деген сұрақтардың үнемі алдымыздан шығары анық. Ал, Абайдың ағартушылық ойларының ұлттық мүддемен біте қайнасқан мәңгілік мұратын оқушы санасына барынша сіңіру, түптеп келгенде оның тарихи бастау бұлақтарын да терең байыптау міндетін жүктейді. Ол біріншіден, ӛркениет деген ұғымның аясы тек бір ғана Батыс әлемімен шектелмейтінін ұғындырса, екіншіден, Шығыс пен Батыс ӛркениетін шығармашылығында тоғыстырған Абайдың, сол арқылы қазақ руханиятының ӛзіндік тұғырын айқындай түсуге мүмкіндік береді. Демек, «Біздің де ӛз Ренессансымыз бар. Ол да жалпы заңдылықтардан ада емес, әрі ӛзіміздің ӛзгешелігімізден де құралақан емес. Міне, осы екі үрдіс тұрғысынан қарағанда, қазақ қоғамының Ренессансы Абайдан басталатынына кӛз жеткіземіз» деп қарастырған С.Қасқабасов тұжырымы Абай тұлғасын танудағы ұлттық болмыстан туындайтын құбылысты зерделеудің негізгі ӛзегі болып қала бермек. Ендігі мәселе сол құбылысты терең екшеуде, оқушы танымына сіңіруде. Сол арқылы кӛркемдік ойлаудың тарихи арналарын қалпына келтіруде. Бүгінгі таңдағы білім берудегі аса маңызды мәселелердің ең бір түйінді де кӛкейкестісі мектеп оқушысын тұлға ретінде қалыптастыру, оның білім алуын тек пәндік деңгеймен шектемей, адамгершілік ілкі қасиеттерді де сабақ барысында бойына сіңіру талабы жаңаша тұрпат алуда. Әсіресе, гуманитарлық пәндердің проблемалық сипатын арттыруда қоғамды ізгілендіру ұстанымынан ӛрістейтін түйіндерін шешуде әдебиет пәніне жүктелер міндеттер аз емес. Ол адамгершілік, отансүйгіштік қасиеттер десек, Абай діттеген «толық адам» мәселесі де ӛзінің маңызымен алдыңғы орынға шығуда. Бұл ретте ақынның рухани мұрасы ұлттық құндылықтардың асыл арнасы бола отырып, бүгінгі тәуелсіздікті нығайтудың қуатты күші ретінде қоғамдық дамудың темірқазығына айналуы қажет. Әсіресе, ұлттық идеологиямыздың болмыс - бітімін айқындау арқылы рухани кемелденуде ұстанар бағыт - бағдарымызды мемлекеттік деңгейде жүзеге асыруда Абайдың руханият әлемінде алар орыны қашанда маңызды болып қала бермек. Әсіресе, Абай шығармашылығын тану барысында оның тылсым құдіреті халықтың адамгершілік ізгі мұратын сұлулық әлемімен, имани парасатпен ұштастыру, бойындағы отаншылдық ізгі қасеттерді еселеудегі маңызы қай кезеңде болмасын ӛзекті тақырып ӛзегі болып табылады. Сондықтан да ұлттық идеологиямыздың темірқазығын айқындауда және әр қандасымыздың бойындағы отаншылдық сезімін ұштауда Абайдың адамшылық ілімін ӛмірлік ұстаным тұрғысынан нақты жүзеге асыру ісін жандандыруды қолға алу шарт. Бұл ретте әдебиетші М.Мырзахметұлының «Идеологиямыздың темірқазығын таптық па?» мақаласында кӛтерілген ӛзекті толғамдар әдебиет және ұлттық идеология мәселесіне қатысты қоғамдық пікірге ой салары анық. «Ұлттық идеология ғана халқымыздың ой-санасын ӛзі кӛздеген ұлттық идея негізінде қалыптастыра алмақ» деген ойының да мемлекеттігімізді нығайтудың басты арнасын айқындай түседі. Отаршылдық дәуірінен бастап бүгінгі тәуелсіздік кезеңіне дейінгі аралықта қазақ әдебиеті түрлі саяси қысымдарды басынан ӛткергенімен ӛзінің бастапқы бұла күші болып табылатын ұлттық азаттық, дербестік және еркіндік сынды қасиетті ұғымдарды халық санасына сіңірумен келді. Әлем елдерінің тарихына кӛз салсақ белгілі бір халықтың елдігі сыналар тұстарда ең бірінші кезекте сӛз ӛнері ерлікке, бірлікке бастар адастырмас темірқазық болғанын байқаймыз. Мысалы, ӛзіміз бодан болып келген орыс елінің монғол - татарға тәуелді болған кезеңінде тек қана әдебиет, яғни руханият әлемі сол ұлттың мемлекет ретінде тарихта қалуына, жеңіске жетуінде шешуші роль атқарды. Бұған қатысты орыс ғалымы Д.С.Лихачев ежелгі орыс әдебиетінің қоғамдық және мемлекеттік ӛмірдегі маңызын баса кӛрсетеді. Қазақ халқының да ұлттық қасиетін сақтап қалудағы шешуші тарихи кезеңдерде мемлекеттік идеологиямызды құраған бірден бір қастерлі кие әдебиет болды. Түптеп келгенде, қазақ елі Ресей империясы тарапынын отарланып, мемлекеттік басқару жүйесі күштеп жойылған қилы замандарда халықты біріктіретін, ертеңіне деген сенімін еселейтін, сол арқылы ұлттық құндылықтар мен мәңгілік мұраттардың қозғаушы күші ретіндегі ӛзіне жүктелген «Елдің ақыл ойын тәрбиелеу, білім үйретіп, басшылық ету, ой түсіріп, кӛзін ашу, кӛңілін ояту» міндетін атқарып шықты. Мұндай ілкі қасиет қазақ халқының және оның тӛл әдебиетінің тарихына тән қайталанбас құбылыс деуге болады. Соның бір ғана мысалы Абай шығармашылығы десек, бүгінгі ұрпақты сол қайнар бұлақтан толыққанды нәр алуына ерекше мән беруіміз мейлінше қажет. Ӛйткені ақынның шығармашылық қызметінің басты мұраты - адам тәрбиесі, ұлттық мінез- құлық, әдеп, ар-ұят, ұждан сияқты мәңгілік мәселелер болып табылады. Ал, оны ұрпақ тәлім - тәрбиесінің басты арқауы етіп алу - Абай жолын ұстанған ұлт мерейінің де асқақтығы деп білеміз. Әсіресе, қазіргі жаңа ұрпақтың әлемдік білім игерудегі игі талпыныстарын қолдай отырып, сол білімге ұмтылудың бастау кӛзі, қайнар бұлағы ұлттық руханият, ұлт әдебиеті болып табылатынын бойына сіңіру ӛзектілігі де басты орынға қойылуы шарт. Әдебиет халықтың эстетикалық мұраты, этикалық қағидалары, философиялық толғанысы және де психологиялық ерекшелігінің басты сипаты ғана емес, ол адамзаттық рухани құндылықтардың да ажырағысыз бӛлшегі. Тек сонда ғана ғаламдасудың тегеурініне тӛтеп бере алатын қазақ руханиятының жасампаздығы соны қырынан танылмақ. Осынау келелі іске кемел үлес қосудың негізгі ӛзегі білім беру жүйесін Абайдың адамшылық ілімімен ұштастыру талабын жаңа белеске шығару - басты мақсат пен мұрат болып табылады.
9 билет
ХХ ғасырдың 30 жылдарындағы абайтанудағы келелі мәселелердің қатарында сӛз зергерінің ақындық мектебін қарастыру болды. Аталған кезеңде ұлт руханиятын игеру мен зерттеудегі түрлі саяси - идеологиялық кедергілерге қарамастан М.Әуезов қазақ әдебиеттануында Абайдың ақындық мектебі мәселесін тұңғыш рет ғылыми негізді зерттеуде маңызы зор болып табылатын игі қадамдар жасады. Атап айтқанда, «Абайдың ақындық айналасы» (1934) мақаласы ақынның әдеби мектебі, ақын шәкірттері сияқты ӛзекті проблема кӛтеруімен абайтанудағы ғылыми - зерттеушілік ой - пікірдің тың бағыт - бағдарын айқындап берді. Ғалым «Енді бұл уақытқа шейін ақынның айналасы деген тақырыпты сӛз қылғанда біз ӛзіне әсер еткен жайларды, ӛз қорына құйылған салаларды алып келдік. Бірақ ақындық айналасы Абайдың ӛзі алған нәрді санаумен түгелденбейді. Екінші қатарда тұрған тағы бір алуан мәселе - Абайдың ӛзгеге берген нәрі турасында» деп ақын нәр алған рухани арнаны ғана емес, ендігі кезекте Абайдың ӛз айналасына, яғни ақын шәкірттеріне дарытқан ӛнерпаздық ықпалын нақты қарастырады. Ақылбай, Мағауия, Кӛкбай, Шәкәрім сынды ақындар Абайдың нағыз толық мағынасындағы шәкірттері екенін айта келіп, олардың шығармашылық тұлғасына тән мынадай сипаттарды екшейді: «Абайдан аталық, ағалық, ұстаздық тәрбие алудан басқа, оның ӛлең мен қара сӛздерін әрі оқушы, әрі таратушы, бағалаушы, тұтынушы болудан басқа, бұлар Абай басшылығымен ӛз жандарынан жырлар да жазған». Сонымен қатар ақындық мектеп мәселесін кӛркемдік дәстүр және жалғастық сияқты мәселелермен сабақтастықта, тығыз бірлікте алады. Мәселен, «Әдеби мектеп деген ақынның ӛзі алған түр, ӛзі жырлаған тақырыпты ғана тебіндей беруде емес. Сол басшы ақын берген екпін бағыт, негізгі күйлерінің бетімен тың жол іздей ӛсуде. Ұстаз ақынның ӛзі айтып айтуға үлгермеген немесе заманында әдейі айтқысы келмеген жайларды тереңдеп үңгіп, бірталай ӛріске апарып тастауда». М.Әуезовтің Абайдың ақындық мектебін қарастырудағы маңызды ізденіс ӛрісін дамытуда алғаш қадам жасаған әдебиетші ғалымдардың бірі Е.Ысмайылов болды. 1940 жылы М.Әуезовтің жауапты редакторлығымен жарық кӛрген «Әдебиет теориясының мәселелері» атты еңбегінің «Әдебиет мектебі» тарауы Абайдың ақындық мектебіне негізделіп жазылды. Ғалым әдебиет мектебінің атап айтарлық қасиеті - «жас таланттар сол ірі ақынның маңында мәпеленіп ӛсіп шығады» деп түйеді. Ӛз кезегінде қазақ әдебиетіндегі әдебиет мектебі мәселесін талдау нысанына алғанда Абай шығармашылығын, ақындық мектебін нақты мысалға ала отырып ғылыми тұрғыда саралайды. Атап айтқанда, «Қазақ әдебиетнің тарихында Абай тӛңірегіне құрылған әдебиет мектебі бар. Абай ӛзі үлкен реалист ақын ақын бола отырып, ӛзі тұстас халық ақындарын, ӛзінен жас ақындарды айналасына жинап жақсы ӛлеңдер жазуға, оқып үйренуге, кӛп білуге шықырып, тәрбиелеп отырған» деген пікірімен М.Әуезов концепциясын нығырлай түседі. Ол біріншіден, ұлы ақын мектебінің болғандығын дәлелдеу мен шәкірттері кімдер деген мәселеге қатысты болса, екіншіден, ақын шәкірттерінің кӛркемдік - эстетикалық, тақырыптық - идеялық ізденістерінің аясын айқындаудан айқын танылады. «Абай тӛңірегінің мектебіндегі ақындар Кӛкбай, Әріп, Абайдың балаларынан Ақылбай, Мағауия бәрі де Абайдан ылғи сабақ алып үйреніп отырған; бұл ақындар Абайдың кӛркем лирикасынан үлгі алса да, бертін келе әрқайсысы ӛз жолымен кетеді. Абай мектебінен шыққан бір қатар ақын тарихи теманы жазады, «Ләйлі Мәжнүнді» аударады» деп жазады. Бұл ретте зерттеуші М.Әуезов атаған Абайдың ақын шәкірттері қатарына Әріп Тәңірбергенұлын енгізгенін және де «Ләйлі-Мәжнүнді» аударды дегеннің астарында Шәкәрім Құдайбердіұлы тұрғанын байқаймыз. Сонымен қатар Е.Ысмайылов «Кемеңгер Абай» мақаласында («ӘЖИ». 1940. № 9) Абайдың ақын шәкірттері қатарындағы Ақылбай, Мағауия, Кӛкбай есімдерімен қатар Әубәкір, Кәкітай, Нарманбет, Әбсалық және немере інісі деп астарлап Шәкәрімді атайды. Мәселен, «ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің бет алысы, реалистік жолы, ӛлең формалары, эстетикалық критерийлері Абай бастаған ұлы мәдениеттік жолды меңгеру, творчестволық практикада толық пайдалану болып табылады. Абайдың Ақылбай, Мағауия, Кәкітай, Әубәкір деген балалары, немере інілері Нарманбет, Әбсалық, Кӛкбай, Әріп сияқты ірі ақындар Абайдың тура шәкірттері болады. Абайдан ақындық ӛнер, тәрбие, білім ала отырып, ӛлең жазады». Абай поэзиясының қуатты арнасы - романтизм. Әдебиетші ғалым Ә.Қоңыратбаев атап ӛткеніндей, «...Оның поэзиясының бір күшті арнасы осында. Ӛйткені бұл шығармаларының құдіреті мен қуаты тас бұзып, тау шайқайды». Осы тұрғыдан алғанда Абай шығармашылығындағы романтизм дәстүр жалғастығына орай оның ақын шәкірттерінің поэмаларында әсем үйлесім мен жарасым тапты. Бұл ретте Е.Ысмайылов романтизм әдісінің табиғатын және де оның қазақ поэзиясындағы классикалық үлгідегі кӛрінісін теориялық талдауында Абай шәкірттерінің кӛркемдік ізденістерінің жемісі деп қарастырады. «Қазақ әдебиетінде романтизм толық метод болып орын теппегенмен, бірнеше жазушылардың шығармасында Лермонтовтың, Байронның романтикалық мотивтері айқын кӛрініп отырады. Абай шәкірттерінің бірқатары және Шәңгерей ақын Батыс пен Шығыс романтизмін ӛзінің шығармаларын толық кіргізді. Шығыс әдебиетінің романтизмінің ең жоғарғы үлгісі болған Низамидің «Ләйлі Мәжнүні» қазақ әдебиетіне аударылып кірді. Абайдың баласы Ақылбайдың жазған «Зұлыс», «Дағыстан» деген поэмасы толық романтикалық шығарма». Зерттеушінің әлем әдебиетіндегі романтизм әдісінің қазақ поэзиясындағы кӛрінісі мен орнығуын талдау барысында бірыңғай Батыс, соның ішінде орыс әдебиетінің ықпалын басты кезекке қою сияқты сыңар жақтыққа орынсыз салынбай, тӛл әдебиетіміздің рухани кӛзін құрайтын Шығыс ықпалы мен Абайдың поэтикалық әсерінің маңызын дұрыс кӛрсетуі де назар аудартады. Ғалым Абай дәстүрін тек ақындық мектеп тұрғысынан ғана емес, тұтас әдеби даму үрдісі сияқты маңызды мәселемен тығыз сабақтастықта алады. Атап айтқанда, ХХ ғасыр басындағы әдебиеттің реалистік сипаты, эстетикалық мұраты, формалық ізденісі Абай поэзиясының поэтикалық қуатындағы ақындық мәдениетті шығармашылық меңгеру, пайдаланудан ӛрістеген соны ықпалы екенін терең байыптайды. «Абай салған ұлы поэзиялық традиция ХХ ғасыр әдебиетінде кең ӛрістеп шығады» деп әдеби ӛркендеудегі дәстүр табиғатын тарихи сабақтастықпен тығыз бірлікте алып, оның мән - маңызын айқындауда сындарлы тұжырым жасады. Қорыта айтқанда, әдебиетші ғалым Е.Ысмайылов Абайдың ақындық мектебі мәселесіне қатысты құнды пікір айтқан М.Әуезов концепциясын дамытушы және де сол тұстағы абайтанудағы даулы да күрделі тақырыпты ғылыми негізді шешуге ӛзіндік үлес қосушы болды. Әсіресе, әдеби - теориялық тұрғыда ақындық мектеп мәселесін қазақ әдебиеті негізінде талдап, соның ішінде Абай шәкірттері шығармашылығы мысалында қарастыруы сол тұстағы ұлттық әдебиеттанудағы атап айтарлықтай жаңа белес еді. Біріншіден, Абай шәкірттерінің қатарын толықтыру (Әріп, Кәкітай, Әубәкір, Әбсалық, Нарманбет), екіншіден, олардың шығармашылық ізденістеріндегі тақырыптық- идеялық арна мен кӛркемдік әдіс табиғатының кӛрінісін, дәстүр жалғастығын талдауы соның дәлелі болып табылады. Және де классикалық әдебиет ӛкілдері болып табылатын ұлы суреткерлер қатарында Абайды атап бағалауы да ХХ ғасырдың 20-30 жылдары дендеген тұрпайы социологизм салқынынан қоғамдық сананы арылту, әдеби талғамды эстетикалық пайымға бұруды діттеген ғалым мақсатын танытады. Сондықтан да «Классик ақын - жазушы деп ӛз заманының ұлы шындығын терең данышпандықпен айтып бере алған, ӛз дәуірінің ең алдыңғы қатарлы әлеуметтік, философиялық пікірлерін толық қамтыған, шығармасының идеялық, кӛркемдік күшімен қоғам ӛмірінде ең биік сатыға кӛтерілген адамды айтамыз. ХҮІ ғасырдың ұлы классигі Шекспир болса, кейінгі дәуірде Байрон, Гете, Пушкин, Абай, Толстойлар ұлы классик жазушы, ақындар» деген Е.Ысмайыловтың бағалаушылық пікірі қашан да Абай ұлылығын танудың басты ӛлшемі, негізгі ұстанымы болып қала бермек.
10 билет
«Абай афоризмі» - 1993 ж. «Қазақстан» баспасынан жарық көрген жинақ. Авторы - Қ. Өмірәлиев, құрастырып, баспаға әзірлеген - М. Мырзахметов. Кітап ақынның тәлім-тербиелік мәні зор, адамгершілікке үндейтін, нақылға айналған қанатты сөздерімен ашылады. Ойшыл-ақынның эстетикалық, этикалық, талғам хақындағы, педагогикалық, философиялық, психологиялық, имандылық туралы ойлары жеке-жеке топтастырылған. Жинақтың 2-бөліміне ғалымның Абай шығармалары тақырыбына әр жылдарда жазған зерттеу мақалалары енгізілген. Кітап соңында құрастырушының марқұм Өмірәлиевтің өмірі мен ғалымдық жолына арналған «Екі күймек бір жанға әділет пе?» деген мақаласы берілген.
11 билет
ХХ ғасырдың 40 жылдарындағы абайтану ілімі ӛзінің қалыптасу жолында ғылыми ӛзекті мәселелерді байыпты шешуде ілгерлеу жолында болды. Әрине, тұтас әдебиеттану ғылымын, шығармашылық ізденісті үнемі тұсаулап отырған маркстік-лениндік ілімді айтпағанда, ұлттық әдебиеттану ізашарлары саналатын Алаш арыстарының сталинизм құабаны болуы абайтану ілімінің басым бағыттарындағы ғылы ми-әдіснамалық мәселелерін тығырыққа тірегенін де назардан тыс қалдыра алмаймыз. Әдеби және ғылыми дамудағытарихи сабақтастық қағидаларын берік ұстанған әдебиетшілер Абай мұрасын зерттеуде үнеміғылыми ізденісте болды. Ол ұлт руханиятын, соның ішінде ұлы ақын мұрасын тоталитарлықжүйе қысымынан арылту мұратындағы әдебиетшілер парасатын айқын танытады. 1939-1940жылдары Абай шығармаларының екі томдық жаңа басылымы жарық кӛрді. 1939 жылғы ақын шығармаларының І томы С.Мұқановтың «Абай – халық ақыны» мақаласы, 1940 жылғы ІІ томы М.Әуезұлының «Абайдың идеялық – мәдени ізденулері» атты ғылыми мақалаларымен қалың қауымға жол тартты. Ақынның 95 жылдық мерейтойының аталып ӛтуі де рухани ӛмірдегі елеулі оқиға болды. Абай шығармалары тұңғыш рет 1940 жылы орыс тілінде басылып, «Лирика и поэма» деген атпен Мәскеуде шықты. Ақын шығармашылығын зерттеумен қатар оның кӛркем бейнесін әдеби туындыларда сомдай бастаған М.Әуезұлының «Абай» трагедиясы сахналанды. Абайтану ілімінде үлкен маңызға ие әрі ақын тұлғасын, ӛнерпаздық болмыс-бітімін тануда маңызы зор естеліктер, яғни ақынның кӛзін кӛрген Кӛкбай, Тұрағұл, Камалия, Тӛлеу естеліктері мерзімді баспасӛзде жарық кӛрді. Бұл тұста Қ.Жұмалиевтің «Абай поэзиясының тілі», «Абай ұлы реалист ақын», Е.Ысмайыловтың «Кемеңгер Абай», Ә.Тоқмағанбетовтің «Абайдың ақындық мектебі», М.Бӛжеевтің «Абайдың аударма еңбектері», Қ.Бекхожиннің «Қазақ халқының ұлы ақыны» мақалалары басылымдарда жарық кӛрді. Ал 1945 жылы Абайдың 100 жылдық мерейтойы аталып, осы мерейтой барысында абайтануда елеулі де маңызды істер атқарылды. Ақын шығармашылығын зерттеу жаңа ғылыми еңбектермен толықты. Т.Нұртазиннің «Абай және орыстың классик әдебиеті», Ә.Тәжібаевтың «Абай және қазақ әдебиеті», І.Омаровтың «Абай және қазақ мәдениеті», Е.Ысмайыловтың «Абай ӛлеңдерінің құрылысы туралы», «Абайдың кӛркем сӛз шетерліктері туралы», Б.Кенжебаевтың «Абайдың қарасӛздері» ӛзге де ғылыми мақалаларда ақын шығармашылығы түрлі аспектіде зерделенді. М.Әуезов пен Б.Кенжебаевтың «Абай – қазақтың ұлы ақыны», М.Сильченконың «Абай» кітапшалары шықты. Абайтану ілімінің қалыптасу жолындағы маңызды ізденістердің ғылыми сипатының еселенуін айқындайтын монографиялық еңбектер де жарық кӛре бастады. Атап айтқанда, Қ.Жұмалиевтің «Абайға дейінгі қазақ поэзиясы және Абай поэзиясының тілі» (1948), С.Аманжоловтың «Қазақтың әдеби тілі» (1949) зерттеулері нақты дәлел болып табылады. Сонымен қатар Ә.Жиреншиннің «Абай и его русские друзья» (1949) кітабы басылды. Ақынның 100 жылдық мерейтойы қарсаңында абайтану ғылымы айтарлықтай серпіліс жасағаны аян. Ортасы, шәкірттері, мектебі тұрмақ Абайдың ӛзін зорлықпен мойындап отырған тоталитарлық жүйені бұзып-жарып ӛте алмасын білген Әуезов Абай ортасы тақырыбын кӛктей шолып, «Абай мектебін» әдебиет тарихында қалдыруға тырысты. Мерейтой алдында түзген орыс тіліндегі «Кем был Абай?» деген он бес бӛліктен тұратын тезисінің тӛртінші бӛлімінде Абайдың әдеби ортасы: Біржан, Әсет, Дулат, Шортанбай, Шӛже, Балта, Кемпірбай... Әйелдерден Ажар, Тоғжан, Қуандық, Сараларды атаса, тоғызыншы ой-үзігінде шәкірттері, мектебіне қатысты «Медғат-Қасым», «Қозы-Кӛрпеш», «Дағыстан», «Зұлыс», «Еңлік-Кебек», «Қалқаман-Мамыр» сынды шығармаларды тізген. 1943 жылы 8 шілдеде Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтында Абайдың 100 жылдық мерекесіне дайындық туралы кеңес болып, Әуезовтің арнайы хабарламасы тыңдалды. Болашақта ӛткізілетін сессияда М.Әуезов тағы тӛрт ғалыммен бірге (Мұқанов, Жұмалиев, Тәжібаев, Сильченко) «Абайдың әдеби мектебі» деген тақырыпта баяндама жасайтынын атап кӛрсетеді. Тоғыз бӛліктен тұратын арнаулы тезисте болашақта кең сӛз боларлық Абайдың әдеби ортасы, ақындық мектеп, ақын шәкірттері деген бауырлас ұғымдарға қысқаша түсінік берілген. Ӛмірінің соңғы жылдарында аса ден қойып айналысқан Әуезовтің бұл ой-түйіндері кейіннен саяси қысымға қарамастан ұстазының ізін жалғастырған Қ.Мұхамедханұлы ғылыми еңбегінің негізгі мақсатын айқындады. Тезистің қорытындысына назар аударайық: «Абай – классик не только широтой диапазона его собственного творческого наследия, но и тем, что он обогатил литературу своей эпохи, способствовал огромному росту литературной культуры поэтов-современников. Создав свою поэтическую школу, он еще теснее и прочнее связал дальнейшие пути казахской литературы с классической русской литературой»,- деген пікірінде ақын Абайдан басқа, екінші бір ұстаз Абайды тануға, оның мектебін зерттеуге үндеу жатыр. Қ.Мұхамедханұлының 1945 жылы «Екпінді» газетіне жарияланған «Абайдың әдебиет мектебі» мақаласы болашақ үлкен де, маңызды зерттеуінің іргетасы еді. Мақалада Абайдың ұстаздық қарекетіне тоқала келіп автор шәкірттерді тӛрт топқа бӛліп қарайды. Европа ақындарының үлгісімен терең сезімді махаббат, ӛршіл сарынды уақиғалы дастандар жазатын Ақылбай, Мағауиялар, екінші қарасӛз, аударма, кӛңіл күйі қысқа ӛлеңдер жазатын Кәкітай, Тұрағұлдар, үшінші қазақ ӛмірінен тарихи ӛлең, жырлар жазып, ауыз әдебиеті саласынан айтыс, кенеттен шығарып қолма-қол айту дәстүрін ұстанған Кӛкбай, Әріп, Иманбазарлар, тӛртінші әзіл, мысқыл, ащы тілді әжуа ӛлең шығарушы Әубәкірді атап кӛрсетеді. Әрине, Абай шәкірттерін жазған мұраларының тақырыбына қарай жіктеу сол кез үшін айтарлықтай ғылыми мәнді болғанмен, тым шартты еді. Ӛйткені, Кӛкбай, Әріптердің қисса-дастан жазғанын да ескерсек, бұлар бірінші топтағы ақындарға да жақын тұр. Әзіл-әжуаға құрылған ӛлеңдер Әубәкірден басқа ақындардың мұраларында да орын алған. Аты аталған ақындардың шығармашылығына кең түрде тоқталуымен қатар мақаланың құндылығы – Абай ортасын құрайтын әншілер Мұқа, Әлмағамбеттер, ертегіші Баймағамбет, Абай тұсында ӛмір сүрген Байкӛкше ақын, Бейсенбай Жәнібекұлы сынды ӛнерлі топ ӛкілдерін алғаш сӛз етіп, Абай ортасының қазақ сахарасындағы зор мәдениет ордасы болғандығын ғылыми тұрғыдан бекіте түскендігімен айқындалады. Қ.Мұхамедханұлы Абай мектебі жайлы ізденістерін жинақтап, жүйелеп 1951 жылы «Абайдың ақындық мектебі» деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады. ХХ ғасырдың 50 - жылдар басындағы қоғамдық ӛмірдегі күрделі ӛзгерістер, соның ішінде «жылымық» жылдар жаңғырыға абайтану іліміне де оң ықпалын тигізді. 1954 жылы 600-ден астам мақала, зерттеу еңбектің жазылуы дәлелдейді. Осы жағынан алғанда М.Әуезов ыждахаттылығымен ақынның ғылыми ӛмірбаяны толықтырылып, Абай шығармаларының 1957 жылғы екі томдық жаңа басылымында жариялануы да абайтануды жаңа биікке кӛтеру талабынан туындап жатқан игі талпыныстар болатын. Бұл ретте ғалымның «Әр жылдар ойлары» (1959) кітабына енген ақын ӛмірі мен шығармашылығына арналған монографиялық тарау маңызы - абайтанудағы соны зерттеушілік қадам әрі осы бағыттағы ғылыми ізденістер ӛзегін негіздей түсуінде. Соның ішінде ақынның ғылыми ӛмірбаянын жасау, поэзиясының кӛркемдік әлемін саралау, ӛлеңдерінің конондық мәтінін түзу, толықтыру сынды келелі мәселелер шешімін тауып, абайтанудағы кемел істердің бағыт-бағдары барынша айқындалды. Бұл ретте абайтанудағы М.Әуезов, Ә.Марғұлан, Қ.Жұмалиев, Е.Ысмайылов, Б.Кенжебаев, Т.Нұртазин, Ә.Қоңыратбаев, Қ.Мұхамедханов, Ә.Жиреншин, М.Бӛжеев ізденістері осы арнада алғашқы қадамдарын жасаған Х.Сүйіншәлиев, З.Ахметов, Қ.Ӛмірәлиев, Т.Әлімқұлов, А.Нұрқатов, Қ.Нұрмаханов, М.Хасенов, М.Мырзахметов ӛзге де әдебиетшілермен толыға отырып, ақын шығармашылығын жан-жақты зерттеудің ӛрісін кеңейте түсті. Мәселен, З.Ахметовтың «Лермонтов и Абай» (1954), Х.Сүйіншәлиевтің «Абайдың қара сӛздері» (1956), М.Сильченконың «Творческая биография Абая» (1957), Қ.Ӛмірәлиевтің «Абайдың нақыл сӛздері, афоризмдері» (1958), Ә.Жиреншиннің «Абай және орыстың ұлы революцияшыл демократтары» (1959), Қ.Мұхаметхановтың «Абай шығармаларының текстологиясы жайында» (1959), Қ.Жұмалиевтің «Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері және Абай поэзиясының тілі» (1960) еңбектері ұлы ақынның сан қырлы мұрасының монографиялық зерттеулер ӛзегіне алынуы барысында абайтанудың әдебиеттанудағы іргелі ілімге ұласа бастауын айқындады
12 билет
Қайым Мұхамедхановтың зерттеушілік бағытын айқындайтын ӛзекті арна - абайтану. Ол - Абай ӛлеңдерін жинаушы, Абай мұрасының жазылу, басылу тарихын зерттеген историограф, үш – тӛрт басылымына түсініктеме жазған библиограф, Абай шығармаларының дұрыс жазылуын жүйелеген текстолог. Қ.Мұхамедханов Абай шығармаларының текстологиялары турасында ӛрбіген 1954 жылғы полемикалық айтыста ӛзін білгір текстолог ретінде таныта білді. Ғалым Абайдың канондық мәтінін түзуде шығармаларының шығу тарихы, жазылу мерзімі, ӛлеңдерінің ішкі үйлесімі мен сыртқы ұйқас жарасымын анықтау ісінде біршама ілгерілеушілік әкелді. “Бұған дейінгі жинақтарда 1855, 1858-59, 1864, 1870, 1876, 1880 жылдарда жазылған ӛлеңдері деп енгізіліп, комментарий берілген ӛлеңдерді “1954 жылғы жинақта: негізгі нұсқасы белгісіз ӛлеңдер” деп атап, ешбір комментарисіз кітап соңына тіркей салған, кейбір ӛлеңдері тіпті кірмей қалған”, - деп Қ.Мұхамедханов баспадан кеткен елеулі олқылықтарды батыл сынайды. Жинақтың алғы сӛзінде Абайдың барлық шығармалары енгізілген деп кӛрсетілген. Ақынның алдыңғы шыққан жинақтарында кездесетін “Кім екен деп келіп түйе қуған”, “Абдрахманға (Орынсызды айтпаған)”, “Рзаққа”, “Дүйсенқұлға”, “Кӛкбайға (“Бұрылып тұрып”, “Сорлы Кӛкбай жылайды)”, “Ғалымнан надан артпас ұққанмен”, “Шәріпке”, “Түбінде баянды еңбек – егін салған”, “Мен боламын демеңдер” ӛлеңдері жинаққа енбей қалғандығын Қ.Мұхамедханов орынды етіп кӛрсетеді. Сонымен қатар, жинақта “жылы белгісіз ӛлеңдер” деп жарияланған топтама ішіндегі “Сап-сап кӛңілім, сап кӛңілім” ӛлеңін 1903 жылы жазылған деп кӛрсетілген. Бұл ретте жүйелеудің бұрыстығын Қ.Мұхамедханов: “ӛлерінен бір жыл бұрын – 58 жасында Абайдың бозбалалық құрып, қыз қуып жүрмегені және 1903 жылы мұндай ӛлең жазбағандығы ешбір дәлел тілемейді”, - деп ғылыми методологиялық негізі бар сын айтады. Текстолог 1954 жылғы жинақтың кемшін тұстарын баса кӛрсетіп, болашақта Абай шығармаларының текстологиясын түзудің басым бағыттарын белгілеп берді. 1954 жылы жарыққа шыққан Абайдың академиялық жинағындағы текстология туралы мақаласынан ӛрбіген ой-пікірлері осы тарапты тереңдеп зерттеуге негіз болып, кейіннен кӛлемді зерттеу еңбегінде кӛрініс берді. 1956 жылы жазылған Қ.Мұхамедхановтың “Абай шығармаларының текстологиясы жайында” атты еңбегі әр түрлі себептермен тек 1959 жылы ғана “Қазақстан Мемлекеттік кӛркем әдебиет” баспасынан жеке кітап болып 1200 дана тиражбен басылып шықты. Текстолог аталған зерттеуінде 1954 жылғы жинақты Мүрсейіт, О.Уақбаев, Р.Жандыбаевтардың қолжазбалары және 1909 жылы жарық кӛрген жинақпен салыстырыла қарастырады. Соның нәтижесінде соңғы басылымда ақын шығармаларына енген әділетсіз бұрмалауларды нақты деректер арқылы ашып кӛрсетеді. Академиялық жинақтың алғы сӛзінде “Бұл баспаның текстологиялық негізі ретінде 1909 жинағы және Мүрсейіт жазған Абай шығармаларының қолжазбалары (1905, 1907, 1910жылдар) алынып, ғылыми тұрғыдан сын кӛзімен қаралып пайдаланылды”, - делінген. Шын мәнінде, бұл жинақтағы текстологиялық сараптаудың жӛнсіздігіне сол уақыттың ӛзінде бірқатар әдебиеттанушы ғалымдар немқұрайлы қарай алмады. Академиялық жинақты түзуде ғылыми негізсіз түзетулерге жол берілгендігін баса кӛрсетті. Қ.Мұхамедханов бұл тұста жалпы шолған ӛзге сыншылардан айырмашылығы мәтін түзу мәселесінде ғылыми негізді пікірлермен ерекшеленеді. Зерттеуші ғалым: “Ақынның ӛз қолжазбасы сақталмағандықтан, Абай жинағын баспаға әзірлеуде 1909 жылы шыққан кітапты, Мүрсейіт қолжазбаларын текстологиялық негіз ретінде алу дұрыс. Бірақ, ол жеткіліксіз. Оның себебі, ол кезде Қазақстанда полиграфия базасының болмауы, баспасӛз мамандарының жоқтығы сапалы болып шығуын қамтамасыз ете алмауы және 1909 жылы Петербург қаласында басылып жатқан Абай шығармалары корректурасының Семейде жүргізілуі, ескі араб әрпімен басылған жинақта қазақ сӛздерінің дәл берілмеуі, грамматикалық ережелердің сақталмауы”- деп, Абай шығармаларының мәтінін түзудегі кемшіліктердің орын алу себептерін айқындайды. Сонымен бірге, “ең ақырында негізгі шешуші дерек – Абайдың ӛз шығармалары болады”, - деп Қ.Мұхамедханов ӛз зерттеуінің мақсатын кӛрсетеді. Ақын сӛздеріне жасалған мұндай ӛңдеулер поэмаларында да кездеседі. Абайдың “Ескендір”, “Масғұт” поэмаларындағы текстологиялық ауытқуларды зерттеген Қ.Мұхамедханұлы ақынның 1909 жылғы жинағымен салыстыра қарайды. Тұңғыш жинақта “Әңгіме Масғұт (98-100 беттер) және “Ескендір әңгімесі” (100-103 беттер) деп басылған бұл екі поэма 1954 жылғы жинақта “Ескендір”, “Масғұт” деп берілген. Текстолог нысанына алған академиялық жинақта (1954) “Ескендір” поэмасының 4-шумағы: «Жазасыз жақын елдің бәрін шапты, Дарияның суындай қандар ақты. Шапқан елдің бәрінде бодан болып, Ӛкімдікпен қолына тартып апты» деп басылған. Қ.Мұхамедханов ӛлеңнің стильдік, кӛркемдік мазмұнына сай “жердің”, “ӛкіметін” деген пікірді 1909 жылғы жинаққа сүйеніп айтады: “Елді бағындырып, ӛкіметті ӛз қолына тартып алғандығы айқын кӛрініп тұр. Ал ӛкіметпен нені тартып алыпты деген сұраққа жауап таба алмаймыз”. “Ескендір” поэмасының мазмұны баршамызға белгілі: Жер-жақанда жаулап алуға ниеттенген патша жендеттері қамал қақпасын аша алмағандығы жайлы 1954 жинақта былай басылған: «Дел – сал болып бәрі де қайта шықты, Алысып әл келмесін байқаған ғой». Қ.Мұхамедханов осы шумақтағы “алысып әл келемесін байқаған ғой” жолы дұрыс емес. Себебі, Ескендірдің қолы ешбір әскермен алысып, айқаспайды деген ой айтады да, былайша түсіндіреді: “1909 жинақта” “Бәрі де ала алмасты байқаған ғой”– деп басылған. Бұл арада қамалдың қақпасын ала алмасын (аша алмасын) бәрі де байқады дейді. Бірақ, осы екі жолда “бәрі де” деген сӛз екі рет қайталанып тұр. Осы жайды зерттеу керек болады. Қ.Мұхамедханов негіздеген Абай шығармаларының мәтіндік бірізділігі мәселесі күні бүгінге дейін күн тәртібінен түскен жоқ. З.Ахметов, С.Қирабаев, М.Мырзахметов сынды ғалымдар жалғастырып, тереңдеп із салғанымен де түзеу жұмыстары қайырылып бітті деп те айта алмаймыз. “Тегінде Абай шығармаларының аздығынан кенде боп жүргеніміз жоқ. Барын барша, бажайына барғыза алмаудан, зерттей алмаудан кендеміз” деген ұстаз ӛсиетіне берік Қ.Мұхамедханов абайдың бар сӛзінің кенеуін кетірмеуге үндейді, ӛзі осы жолда бар ғұмырын сарп етіп, үзбей еңбектеніп кейінгі ұрпаққа ӛшпестей ӛнеге бола білді. Абай ӛлеңдеріне түсінік жайында да Қ.Мұхамедханов ӛз зерттеуін жүргізді. Біз сӛз етіп отырған 1977 жылғы жинақтың түсіндірме сӛздерге жүргізген тексерулері жайында зерттеуші мынандай толғақты мәселелерді кӛтереді: кездесетін түсініксіз сӛздер, адам есімдері талдап кӛрсетілуі қажет. Ӛз зерттеуін осындай талап негізінде жүзеге асырған зерттеушінің ғылыми тұжырымдары бүгінде бағасын жойған жоқ. Абай шығармаларының мәтіндік бірізділігін анықтау – абайтану ғылымының үлкен тарауы. Қ.Мұхамедханов негіздеген мәтін ақын мұраларының толық мағынасындағы текстологиялық үлгісі болып табылады. Қ.Мұхамедханов ұсынған мәтіндер тарихи әділеттілігімен, дәлдігімен сипатталса да, “кӛз үйреніп қалған” деген желеу ол ӛзгерістерді қабылдауға мүмкіндік бермеуде. Мәселен, кемеңгер ақынның 150 жылдық мерейтойы қарсаңында жарық кӛрген Абайдың академиялық 2 томдық жинағында “Қансонарда бүркітші шығады аңға” ӛлеңінің “кӛре тұра қалады қашқан түлкі” деген жолы берілген. Қ.Мұхамедханов 1959 жылы жарық кӛрген текстологиялық зерттеуінде аталған жолды “кере тұра қалады қашқан түлкі” деп оқуға толық негіз бар екендігін дәлелді берген. Алайда 1995 жылы шыққан жинақтың түсініктеме бӛлігінде ғана текстологтың уәжді пікірі келтіріледі. Қ.Ӛмірәлиевтің «Тағы да Абай текстологиясы жайында» («Қазақстан пионері».1971.8.ІІІ), Ү.Субханбердинаның «Абайдың ӛзі тірі кезінде басылған екі ӛлеңінің текстологиясы» («Қазақ ССР ҒА хабарлары. Қоғамдық ғылымдар сериясы». 1971.№3), М.Бӛжеевтің «Абай шығармаларының текстологиясы» («Қ.Ә».1976.11.ҮІ), Қ.Мұхаметхановтың «Абай шығармаларының текстологиясы жайында» (1959),


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет