Қазақстан Республикасының Кодексі және Заңдары Денсаулық сақтау қызметкерлері лауазымдарының біліктілік сипаттарын бекіту туралы


-кіші бөлімі. Клиникалық (параклиникалық) бөлімшеніңмеңгерушісі



бет2/19
Дата01.04.2018
өлшемі3,25 Mb.
#40029
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
7-кіші бөлімі. Клиникалық (параклиникалық) бөлімшеніңмеңгерушісі

 

Лауазымдық міндеттері. Ұйымның клиникалық (параклиникалық) бөлімшелеріне (бұдан әрі - бөлімше) басшылықты жүзеге асырады. Уақытында және сапалы медициналық көмек көрсетуге арналған бөлімше ұжымының жұмысын ұйымдастырады, ұйымының басқа бөлімшелерімен өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді. Бөлімше қызметіне талдауды жүзеге асырады және сонымен бірге бөлімше қызметін жақсартуға арналған шараларды қабылдайды. Ауруларды емдеудің жаңа нысандары мен әдістерін енгізуді және қолданыстағыларын жетілдіруді қамтамасыз етеді. Бөлімшеге науқастарды диагностикалау мен емдеудің жаңа инновациялық технологияларын енгізеді. Дәрігерлерге (сондай-ақ науқастарға) диагностика мен емдеу жөнінде кеңестік көмекті жүзеге асырады. Дәрігермен бірге науқасты емдеудің тактикасын анықтайды. Бөлімшенің дәрігер, орта және кіші қызметкерлердің жұмысын бақылайды. Бөлімшені арнайы құралдармен қамтамасыз етуге арналған шараларды қабылдайды, олардың дұрыс пайдаланылуын бақылайды. Бөлімшенің медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға жағдай жасайды олардың кәсіптік білімдері мен тәжірибелерін ұтымды пайдалануға және дамытуға, сондай-ақ өмір мен денсаулық үшін қауіпсіз және қолайлы еңбек жағдайын жасауға, ұжымда қолайлы психологиялық ортаны қалыптастыруға ықпал етеді. Есеп беруді ұсынуды, ішкі еңбек тәртібі ережелерінің орындалуын, медициналық этиканың, еңбек қауіпсіздігі мен қорғалуы, өрт қауіпсіздігі ережелерінің және санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалардың сақталуын қамтамасыз етеді.


Білуі керек: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін,  Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемкорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңдарын, денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді, клиникалық, аспаптық және зертханалық диагностиканың жалпы принциптері мен негізгі әдістерін, емдеу-профилактикалық және жедел медициналық көмекті, халықты дәрімен қамтамасыз етуді ұйымдастыру негіздерін, әлеуметтік гигиена негіздерін, денсаулық сақтаудағы басқару жүйелерін, халық денсаулығы жағдайының статистикасын, халық денсаулығының жағдайын сипаттайтын өлшемдер мен көрсеткіштерді, отандық және шетелдік медицинаның ғылыми жетістіктерін еңбек туралы заңнаманы, еңбекті қорғаудың, қауіпсіздік техникасының өндірістік санитарияның және өрт қауіпсіздігінің ережелері мен нормаларын.
Біліктілікке қойылатын талаптар. Жоғары медициналық білімнің, мамандығы бойынша бірінші/жоғары біліктілік санатының болуы.

 

   8-кіші бөлімі. Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет ұйымы зертханасының меңгерушісі



 

Лауазымдық міндеттері. Зертхананы басқарады. Зертхананың тиімді жұмысын жоспарлайды және ұйымдастырады, санитариялық-эпидемиологиялық қызмет ұйымдарының басқа бөлімшелерімен өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді. Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органымен бірге жұмыс жоспарын құрады. Жаңа технологиялар мен зерттеу әдістері нарығына маркетингтік зерттеу жүргізеді. Жаңа құрал-жабдықтарды, зертханалық зерттеу және өлшеу әдістемелерін апробациялайды және тәжірибеге енгізеді. Келіп түсетін үлгілерге зертханалық-аспаптық зерттеу жүргізуді ұйымдастырады және қатысады. Қауіпсіз жұмыс жағдайын ұйымдастырады және зерттелетін материалдың қауіпсіз зерделенуін, патогендігі I-IV топ қоздырғыштардың қозғалысын, сақталуын және тасымалдануын қамтамасыз ету жөніндегі бақылауды жүзеге асырады. Жаңа экономикалық басқару әдістерін қолдана отырып, тиімді қаржылық-шаруашылық қызметті, есепке алу-есеп беру құжаттамасын жүргізуді, медициналық этиканың, ішкі еңбек тәртібі, еңбек қауіпсіздігі мен қорғалуы, өрт қауіпсіздігі ережелерінің және санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалардың сақталуын қамтамасыз етеді.


Білуі керек: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңдарын, денсаулық сақтау, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді, микробиологиялық, паразитологиялық, санитариялық-химиялық, токсикологиялық, радиологиялық және тағы басқа физикалық факторларды зерттеу және өлшеу әдістерінің негізін, денсаулық сақтаудағы өлшемдер мен көрсеткіштерді, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы отандық және шетелдік медицинаның ғылыми жетістіктерін, еңбек туралы заңнаманы, еңбекті қорғаудың, қауіпсіздік техникасының, өндірістік санитарияның және өрт қауіпсіздігінің ережелері мен нормаларын.
Біліктілікке қойылатын талаптар. Санитариялық-эпидемиологиялық бейіндегі жоғары медициналық білімнің және мамандығы бойынша кем дегенде 3 жыл еңбек өтілінің болуы.

 

   9-кіші бөлімі. Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет ұйымы виварийінің меңгерушісі



 

Лауазымдық міндеттері. Зертханалық жануарларды асырау мен көбейту жөніндегі басшылықты жүзеге асырады. Виварий жұмысының ағымдық және болашақтағы тақырыптық жоспарларын әзірлейді және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады. Жануарлардың қажетті түрі мен санын жинақтауды, сақтауды, дұрыс асырауды, қоректендіруді және күтуді ұйымдастырады. Виварийдің тиімді жұмысын жоспарлайды және ұйымдастырады, санитариялық-эпидемилогиялық қызмет ұйымдарының басқа бөлімшелерімен өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді. Виварийдің жұмысын талдайды және оның жетілдіру жөніндегі тиісті шараларды қабылдайды. Зертханалық-диагностикалық зерттеуді жүргізуге қатысады. Виварийде асырыланатын жануарлардың ауруларын, паталогияларын зерделеуді ұйымдастырады. Жаңа экономикалық басқару әдістерін қолдана отырып, тиімді қаржылық-шаруашылық қызметті қамтамасыз етеді. Жаңа технологиялар мен зерттеу әдістері нарығына маркетингтік зерттеу жүргізеді. Жаңа құрал-жабдықтарды, зертханалық зерттеу және өлшеу әдістемелерін апробациялайды және тәжірибеге енгізеді. Зертханалық жануарлар отарындағы эпизоотологиялық салауаттылықты қамтамасыз етуге арналған жұмыстарды ұйымдастырады. Жануарларды асыраудың биоэтикалық ережелерін және зертханадан инфекцияның шығуын болдырмайтын манипуляциялардың эпидемияға қарсы тәртібін сақтауды қамтамасыз етеді. Зертханалық жануарлар үлгісіне эксперименттер жасауды мүмкіндігінше қысқарту мақсатында эксперименттік жануарларды пайдалану көлемінің негізділігін талдайды. Зертханалық жануарлармен жұмыс істейтін зертхана қызметкерлерінің қауіпсіз жұмыс жағдайын ұйымдастырады. Виварий қызметкерлерінің біліктілігін арттыру, оларды аттестациялау мәселелерін шешеді. Есепке алу-есеп беру құжаттамасын жүргізуді, медициналық этиканың, ішкі еңбек тәртібі, еңбек қауіпсіздігі мен қорғалуы, өрт қауіпсіздігі ережелерінің және санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалардың сақталуын қамтамасыз етеді.


Білуі керек: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлықка қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңдарын, денсаулық сақтау және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы, жануартану және аңтану объектілерін санитариялық-эпидемиологиялық жағдайда ұстау мен пайдалану мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді, зоотехниканың, ветеринарияның, экологияның, генетиканың, жануар топтарын жүйелендірудің негізін, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы отандық және шетелдік медицинаның ғылыми жетістіктерін, денсаулық сақтаудағы өлшемдер мен көрсеткіштерді, еңбек туралы заңнаманы еңбекті қорғаудың, қауіпсіздік техникасының, өндірістік санитарияның және өрт қауіпсіздігінің ережелері мен нормаларын.
Біліктілікке қойылатын талаптар. Жоғары (медициналық, ветеринарлық, биологиялық) білімнің және мамандығы бойынша кем дегенде 3 жыл еңбек өтілінің болуы.

 

   2-параграф. Біліктілік деңгейі жоғары мамандардың лауазымдары



 

   10-кіші бөлімі. Учаскелік дәрігер/Жалпы практика дәрігері



 

Лауазымдық міндеттері. Аурудың профилактикасын, диагностикасын, емделуін, науқастарды оңалтуды жүзеге асырады. Білікті, жедел және басқа да медициналық көмек түрлерін көрсетеді. Науқасты емдеу тактикасын анықтайды. Науқасты тексеру жоспарын әзірлейді. Клиникалық қараулар мен тексерулер, анамнез жинау және клинико-зертханалық және аспаптық зерттеулер мәліметтері негізінде диагноз қояды (немесе растайды). Егер ондай таңдау тексеру нәтижелерінде көзделген болса, науқасқа емдеу әдістері мен тәсілдерін, сонымен қатар медициналық мақсаттағы бұйымдар мен құралдарды таңдау мүмкіндігі туралы ақпарат береді. Өз қызметінің көрсеткіштерін талдайды. Емдеу, оңалту, сақтандыру мәселелері бойынша өзге мамандармен және қызметтермен өзара іс-қимылды жүзеге асырады. Денсаулық орталықтарымен бірге салауатты өмір салтын, дұрыс тамақтануды насихаттауға қатысады. Балаларды тамақтандыру, шынықтыру, мектепке дейінгі мекемелерге, мектепке дайындау, отбасын жоспарлау, контрацепция иммунопрофилактика мәселелері бойынша кеңес беру қызметін жүзеге асырады. Аурудың және қатерлі факторлардың ерте және жасырын нысандарын анықтауға арналған жұмыстарды жүргізеді, олардың науқасқа әсер етуінің төмендеуіне ықпал етеді. Қажет болған жағдайда емдеу-профилактикалық ұйымдардың мамандарын тарта отырып диагностикалық, емдеу-сауықтыру және оңалту шаралардың кешенін ұйымдастырады. Жүктілікті диагностикалайды, жүктіліктің ағымын қадағалайды, жүктілердің экстрагениталдық патологияларын анықтайды және емдейді, тууға психопрофилактикалық дайындық жасайды. Жүктілік пен босануға қарсы көрсетімдерді анықтайды, жүктілікті тоқтатуға жолдама береді. Жүктіліктен кейінгі мерзімде және жүктілігін тоқтатқаннан кейін әйелдердің оңалуын жүргізеді. Науқастардың еңбекке қабілетсіз жағдайын анықтайды оларға медициналық-әлеуметтік сараптамаға жолдама береді. Жұмысқа орналасуға, жеңілдетілген еңбек жағдайына ауыстыруға, санаторлық-курорттық емдеуге көрсетімді анықтайды. Бекітілген контингенттің денсаулық жағдайына талдау жүргізеді, медициналық есепке алу-есеп беpу құжаттамасын жүргізеді. Практикаға аурудың емі мен профилактикасының жаңа әдістерін енгізеді. Өзіне бағынатын орта және кіші медициналық қызметкерлердің жұмысын ұйымдастырады және бақылайды. Медициналық этиканы, ішкі еңбек тәртібі еңбек қауіпсіздігі мен қорғалуы, өрт қауіпсіздігі ережелерінің және санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларын сақтайды.


Білуі керек: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексін, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңдарын денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді уақытша жұмысқа қабілетсіздік сараптамасы мен медициналық-әлеуметтік сараптаманың негіздерін, аурулардың халықаралық және отандық жіктелу негіздерін, медициналық сақтандыру негізін, халық денсаулығының статистикасын, денсаулық сақтау саласындағы өлшемдер мен көрсеткіштерді еңбек туралы заңнаманы, еңбекті қорғаудың, қауіпсіздік техникасының өндірістік санитарияның және өрт қауіпсіздігінің ережелері мен нормаларын.
Біліктілікке қойылатын талаптар. Жоғары медициналық білімнің мамандығы бойынша сәйкесті маман сертификатының болуы.

 

   11-кіші бөлімі. Ординатор-дәрігер (бейінді маман)



 

Лауазымдық міндеттері. Білікті, жедел және басқа да медициналық көмек түрлерін көрсетеді. Науқасты емдеу тактикасын, тексеру жоспарын анықтайды. Клиникалық қараулар мен тексерулер, анамнез жинау және клинико-зертханалық және аспаптық зерттеулер мәліметтері негізінде диагноз қояды (немесе растайды). Ем тағайындайды және оны бақылайды қажетті диагностикалық, емдік, оңалту және профилактикалық процедуралар мен шараларды ұйымдастырады және өз бетінше жүргізеді. Егер ондай таңдау тексеру нәтижелерінде көзделген болса, науқасқа емдеу әдістері мен тәсілдерін, сонымен қатар медициналық мақсаттағы бұйымдар мен құралдарды таңдау мүмкіндігі туралы ақпарат береді. Стационарда науқасқа күн сайын қарау жүргізеді. Науқастың жағдайына байланысты емдеу жоспарына өзгеріс енгізеді және қосымша тексеру әдістерінің қажеттілігін анықтайды. Диагностикалық және емдеу процедураларын жүргізудің, аспаптар мен жабдықтарды пайдаланудың дұрыстығын бақылайды. Өз жұмысын жоспарлайды және өз қызметінің көрсеткіштерін талдайды. Өз мамандығы бойынша басқа бөлімшелердің дәрігерлеріне кеңестік көмек береді. Емдеу, оңалту мәселелері бойынша өзге мамандармен және қызметтермен жұмыс істейді. Практикаға аурудың емі мен профилактикасының жаңа әдістерін енгізеді. Өзіне бағынатын орта және кіші медициналық қызметкерлердің жұмысын ұйымдастырады және бақылайды. Медициналық есепке алу-есеп беру құжаттамасын жүргізеді. Медициналық этиканы, ішкі еңбек тәртібі, еңбек қауіпсіздігі мен қорғалуы өрт қауіпсіздігі ережелерінің және санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларын сақтайды. Халық үшін санитариялық ағартуды ұйымдастырады және жүргізеді және салауатты өмір салтын насихаттайды.


Білуі керек: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексін, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңдарын, денсаулық сақтау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, уақытша жұмысқа қабілетсіздік сараптамасы мен медициналық-әлеуметтік сараптаманың негіздерін, бейіні бойынша қызметті ұйымдастырудың жалпы мәселелерін аурулардың халықаралық және отандық жіктелу негіздерін, медициналық сақтандыру негізін, халық денсаулығының статистикасын, денсаулық сақтау саласындағы өлшемдер мен көрсеткіштерді, еңбек туралы заңнаманы, еңбекті қорғаудың, қауіпсіздік техникасының, өндірістік санитарияның және өрт қауіпсіздігінің ережелері мен нормаларын.
Біліктілікке қойылатын талаптар. Жоғары медициналық білімнің, мамандығы бойынша сәйкесті маман сертификатының болуы.

 

   12-кіші бөлімі. Санитарлық-эпидемиологиялық қызметі дәрігері (немесе маманы)



 

Лауазымдық міндеттері. Санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау объектілеріне мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асырады. Қоршаған ортаның факторларын бақылаудың және инфекциялық және паразитарлық аурулар диагностикасының заманауи зертханалық және аспаптық әдістерін қолдана отырып объектілерге тексеру жүргізеді. Адамның өмір сүру ортасы объектілеріне зертханалық-аспаптық зерттеу жүргізуді ұйымдастырады. Инфекциялық және инфекциялық емес аурулар мәліметтерін тіркеуді және статистикалық өңдеуді қамтамасыз етеді, профилактикалық егуді жүргізуді жоспарлауға және бақылауға қатысады. Санитариялық-эпидемиологиялық және эпидемияға қарсы (профилактикалық) шараларды жүргізуді ұйымдастырады. Санитариялық-эпидемиологиялық жағдайды талдаудың заманауи әдістерін қолданады, халықтың денсаулық жағдайына әсер ететін негізгі факторларды анықтайды, ауру профилактикасының басым бағыттарын анықтайды. Медициналық есепке алу-есеп беру құжаттамасын жүргізеді. Медициналық этиканы, ішкі еңбек тәртібі, еңбек қауіпсіздігі мен қорғалуы, өрт қауіпсіздігі ережелерінің және санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларын сақтайды.


Білуі керек: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексін, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңдарын, денсаулық сақтау және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, микробиологиялық, паразитологиялық, санитариялық-химиялық, токсикологиялық, радиологиялық физикалық факторларды зерттеу және өлшеу әдістерін, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы отандық және шетелдік медицинаның ғылыми жетістіктерін, халық үшін санитариялық ағартуды, гигиеналық тәрбиелеуді және салауатты өмір салтын насихаттауды ұйымдастыруды, еңбек туралы заңнаманы, еңбекті қорғаудың, қауіпсіздік техникасының, өндірістік санитарияның және өрт қауіпсіздігінің ережелері мен нормаларын.
Біліктілікке қойылатын талаптар: Санитариялық-эпидемиологиялық бейіндегі жоғары медициналық білімнің болуы.

 

   13-кіші бөлімі. Қоғамдық денсаулық сақтау дәрігері (немесе маманы) (валеолог, эпидемиолог, статистик, әдіскер)



 

Ескерту. 13-кіші бөлімге өзгеріс енгізілді - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 26.07.2013 № 436 бұйрығымен (ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

 

Лауазымдық міндеттері. Халық денсаулығының демографиялық көрсеткіштерін есептейді және бағалайды. Халыққа көрсетілетін медициналық көмектің көлемін, түрін және нысанын талдайды. Медициналық көмектің көптеген түрлерін дамытуды жоспарлайды. Халық арасында инфекциялық және инфекциялық емес аурулардың пайда болу және таралу себептері мен қауіп факторларын бағалайды. Профилактикалық және эпидемияға қарсы шараларды, ауруға ағымдық және ретроспективті эпидемиологиялық талдауды әзірлейді және жүргізеді. Халық (қоғам) денсаулығын сақтауға және нығайтуға арналған әлеуметтік-профилактикалық бағыттылықты анықтайды. Оқу-тәрбиелік өмір сүру ортасының факторларының әсеріне байланысты балалар мен жасөспірімдердің денсаулық жағдайы мен денесінің дамуын бағалайды. Халық денсаулығы жағдайына әсер ететін негізгі факторларды анықтайды, ауру профилактикасының басым бағыттарын белгілейді, халық арасында профилактикалық шаралардың жүргізілуін ұйымдастырады. Сауықтыру шараларын әзірлейді және жүргізеді, салауатты өмір салтын сақтауды, дұрыс тамақтануды насихаттайды. Денсаулық сақтау ұйымы қызметінің соңғы нәтижелерін бағалайды. Медициналық есепке алу-есеп беру құжаттамасын жүргізеді. Медициналық этиканы, ішкі еңбек тәртібі, еңбек қауіпсіздігі мен қорғалуы, өрт қауіпсіздігі ережелерінің және санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларын сақтайды.


Білуі керек: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексін, Қазақстан Респбликасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңдарын, денсаулық сақтау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, денсаулық сақтаудағы статистикалық және әдістемелік талдау әдістерін, таңдаған мамандығы бойынша кәсіптік қызметінің принциптерін (ұйымдастырушылық, кеңес берушілік, профилактикалық), әлеуметтік гигиенаның теориялық негізін, денсаулық сақтаудағы басқару жүйелерін; халық денсаулығы туралы статистиканы, халық денсаулығы жағдайын бағалайтын өлшемдер мен көрсеткіштерді, статистикалық талдау әдістемелерін және әлеуметтік зерттеу әдістерін, нарықтағы медициналық қызмет конъюнктурасын, денсаулық сақтау саласының құрылымы мен негізгі принциптерін, еңбек туралы заңнаманы, еңбекті қорғаудың, қауіпсіздік техникасының, өндірістік санитарияның және өрт қауіпсіздігінің ережелері мен нормаларын.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
Жоғары медициналық білімінің («Емдеу ісі», «Педиатрия», «Жалпы медицина», «Шығыс медицинасы», «Стоматология», «Медициналық-биологиялық іс», «Мейіргер ісі» мамандықтары бойынша және «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша қайта даярлық) немесе жоғары медициналық білімінің («Қоғамдық денсаулық сақтау», «Медициналық-профилактикалық іс» мамандықтары бойынша) болуы.

 

   14-кіші бөлімі. Денсаулық сақтау менеджері (медициналық қызмет сапасы бойынша, медициналық қызметтің стратегиясы мен маркетингі бойынша, медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастыру мен әдістемесі бойынша)



 

Ескерту. 14-кіші бөлімге өзгеріс енгізілді - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 26.07.2013 № 436 бұйрығымен (ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).



 

Лауазымдық міндеттері. Нақты бағыт (учаске) шеңберінде ұйымдастыру жұмыстарын жүзеге асырады:


медициналық қызмет сапасы бойынша: медициналық ұйымдағы сапа менеджментін дамытудың жалпы тұжырымдамасын қалыптастыруға қатысады, медициналық ұйымдардың өкімдік және нормативтік құжаттарының (сапа менеджементі жүйесінің құжаттары - ережелер мен процедураларын қоса) жобасын дайындауды, медициналық қызмет көрсетудің сапасын жақсартумен байланысты мәселелер бойынша сертификаттау, стандарттау, лицензиялау органдарымен және консалтинг фирмалармен өзара іс-қимылды жүзеге асырады. Медициналық қызмет көрсету үрдісін жетілдіруге қажетті біріншілікті медициналық және өзге (тәртіптер, нұсқаулық, ережелер) құжаттамалардың нысандарын әзірлеуге қатысады. Сапасыз көрсетілетін емнен пациенттердің қауіпсіздігі жөніндегі шараларды ұйымдастыруға қатысады. Медициналық қызметті оңтайлы қолдануға және дәрі-дәрмектік терапияның тағайындалуына мониторинг және бақылау жүргізеді, денсаулық сақтау ұйымдарындағы медициналық қызметтердің көрсетілу сапасына сараптаманы жүзеге асырады және сараптамалық жұмысты ұйымдастырады. Медициналық персоналды уәждеу жүйесін әзірлеуге қатысады, медициналық қызмет көрсетудің сапалық индикаторларын айқындайды, сапаны көтерудегі медициналық персоналдың үлес деңгейін бағалайды. Пациенттердің қанағаттану деңгейіне сауалнама жүргізеді, пациенттердің шағымдарын басқарады (шағым мен ұсыныстарды жинақтау, өңдеу, талдау және регламентке сәйкес шешімдер қабылдау, шағымданған пациенттерді ақпараттандыру). Инциденттерді тіркеу жүйесін енгізу және басқару (потенциалды қателіктерді, орын алған қателіктерді, т.б. инциденттерді тіркеу, талдау). Клиникалық және басқару салаларындағы қызмет туралы индикатор түрінде ақпарат жинау және жүйелеу, ақпаратты агрегаттау және талдау (инциденттер туралы индикаторлар мен есептер), басшылыққа сапа менеджементі жүйесінің үрдістері мен нәтижелілігі туралы есептер мен басқару шешімдерінің жобаларын ұсыну. Сапа менеджементі жүйесінің үрдістері бойынша персоналмен консультациялық және әдістемелік жұмыс жүргізу. Бөлімшелердің ішкі тексеріс жоспары мен бағдарламасын жасау, медициналық ұйым бөлімшелерінің ішкі аудиттарына қатысу, аудит нәтижелерін мүдделі тараптарға жеткізу (өткізілген аудит бойынша есептер). Ұйымның ұлттық және/немесе халықаралық аккредитацияға дайындығын жүргізу.
медициналық қызметтің стратегиясы мен маркетингі бойынша: медициналық ұйым қызметінің сыртқы және ішкі ортасына талдау жасауды жүзеге асырады. Медициналық ұйымның бәсекеге қабілеттігін арттыру мен дамуы жөніндегі нақты шараларды қамтитын, ұйымды тиімді басқару бағдарламасын әзірлеуге қатысады; қаржылық тұрақтылықтың артуы мен ресурстардың оңтайлы жұмсалуын сипаттайтын көрсеткіштерге мониторнг жасауды қамтамасыз етеді; ұйым жұмысының даму үдерісін бағалау мен мониторингінің нәтижелері бойынша менеджменттің сапасын бағалауды қамтамасыз етеді. Медициналық ұйымның ресурстарына талдау жасауды жүзеге асырады. Медициналық ұйым жұмысының техникалық-экономикалық және әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерін талдайды және жүйелейді, оның бәсекеге қабілеттілігінің салыстырмалы талдауын жүргізеді. Медициналық ұйымның стратегиясын таңдайды және даму басымдықтарын айқындайды, мақсатқа жету әдістерін анықтап, мақсаттың таңдалуын негіздейді; мақсатқа жетудің құралдарын айқындайды, жалпы ұйымдағы және, соның ішінде, оқшауланған құрылымдық бөлімшелеріндегі стратегиялық жоспарлауды ұйымдастыруға қатысады. Медициналық ұйымның инновациялық және инвестициялық қызметін, ұйымның әрі қарайғы дамуымен байланысты болатын жарнамалық стратегиясын әзірлеуге қатысады. Қажеттіліктерді зерттеу мен бағалау арқылы өндірілетін медициналық қызметтерге сұранысты талдауды, ұсынылатын медициналық қызметтерге деген сұранысқа болжам жасау мен уәждеуді жүзеге асырады. Басшылыққа ұйымның стратегиялық дамуы мен медициналық қызметтердің маркетингі мәселелері бойынша басқармалық шешімдердің жобасын ұсынады.
медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастыру мен әдістемесі бойынша: Уақытылы және сапалы медициналық көмек көрсету бойынша денсаулық сақтау ұйымының құрылымдық (клиникалық, параклиникалық) бөлімшесінің ұжымының жұмысын ұйымдастыруға қолдау көрсетеді, ұйымның басқа бөлімшелерімен өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді. Еңбек және материалдық-техникалық ресурстарды оңтайлы басқару жөнінде ұсыныстар береді. Ресурсты үнемдеу және тиімділік арқылы денсаулық сақтау ұйымын тиімді басқаруды қамтамасыз етеді, ұйымға пациенттердің келуін реттеуге бақылау жасайды. Денсаулық сақтау ұйымының құрылымдық (клиникалық, параклиникалық) бөлімшесінің тіркеу-есептік құжаттамаларын жүргізу және ұсынуды өндірушілік/медициналық қызметі туралы ақпаратты жинау және жүйелеуді қамтамасыз етеді. Еңбекті ұйымдастыру бойынша, емдік-диагностикалық үрдістер мен процедураларды жақсарту бойынша, жаңа медициналық және басқару технологияларын енгізу және қолданыстағыларын жетілдіру бойынша әртүрлі жоспарларды, бағдарламаларды немесе ережелерді әзірлеуді және олардың орындалуына мониторинг жүргізуді жүзеге асырады. Ұйымның бөлімшелерінде біріншілік есепке алуды жүргізудің орнатылған тәртібінің орындалуына, алынатын есептік мәліметтердің сенімділігіне, медициналық этиканың, ішкі еңбек тәртібі, еңбек қауіпсіздігі мен қорғалуы, өрт қауіпсіздігі ережелерінің және санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалардың сақталуына мониторингті жүзеге асырады. Бөлімше қызметінің тұрақты талдауын жүргізеді және соның негізінде жоғары тұрған басшылыққа бөлімшенің қызметін жақсарту бойынша ұсыныс енгізеді. Нұсқаулықтар мен әдістемелік тапсырмалардың дұрыс қолданылуына бақылау ұйымдастырады. Есепке алу әдістемесін ұйымдастырудың, бөлімше қызметі туралы шұғыл және статистикалық есептілікті әзірленуі мен ұсынылуының белгіленген мерзімдерінің сақталуын бақылауды жүзеге асырады. Нұсқаулық кеңестер ұйымдастырады, ұйым қызметкерлерінің техникалық және әдістемелік оқуларын өткізеді, сабақтардың өткізілуіне қатысады.
Білуі тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының кодексін, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, денсаулық сақтау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, әлеуметтік гигиенаның теориялық негіздерін, қағидаттарын мен әдістерін, денсаулық сақтаудағы басқару жүйесін, денсаулық сақтаудың критерийлері мен көрсеткіштерін, денсаулық сақтау саласының этикалық-деонтологиялық мәселелерін, денсаулық сақтау саласындағы стратегиялық дамудың негіздерін және саясатты, бірлесіп басқаруды, медициналық қызметтердің маркетингін, медициналық қызмет көрсету үрдістерін басқарудың негіздерін, персоналды басқару және өзін-өзі басқару негіздерін, денсаулық сақтау экономикасының негіздерін және қаржылық басқаруды, денсаулық сақтаудағы ақпараттандыру мен статистиканы, еңбек туралы заңнаманы, еңбекті қорғаудың, қауіпсіздік техникасының, өндірістік санитарияның және өрт қауіпсіздігінің ережелері мен нормаларын.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
«Қоғамдық денсаулық сақтау», «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша жоғары медициналық білімінің (бакалавр) (немесе «Емдеу ісі», «Педиатрия», «Жалпы медицина», «Медициналық-профилактикалық іс», «Шығыс медицинасы», «Медициналық-биологиялық іс», «Стоматология» мамандықтары бойынша жоғары медициналық білім және «Денсаулық сақтау менеджементі» мамандығы бойынша қайта даярлық) болуы.

 

   15-кіші бөлімі. Сарапшы-дәрігер



 

Лауазымдық міндеттері. Халыққа көрсетілетін медициналық көмектің көлемі мен сапасына сараптама жүргізеді. Халыққа көрсетілетін медициналық қызметтер көлемінің денсаулық сақтау стандарттарына сәйкес орындалуын бақылайды. Емдеу-диагностикалық шаралардың стандарттарға сәйкес келуіне ретроспективтік талдау жасайды, денсаулық сақтау ұйымдарында медициналық көмек сапасын басқаруға арналған бағдарламаларды әзірлейді. Медициналық-әлеуметтік сараптау комиссияларымен өзара іс-қимылды жүзеге асырады. Халыққа қызмет көрсететін инновациялық технологияларды енгізеді. Талдау нәтижелерінің негізінде халыққа көрсетілген медициналық қызмет сапасының деңгейін зерделейді, науқастардың мәселелерін (шағымдарын) өз орнында шешеді. Медициналық құжаттаманың уақытылы және сапалы рәсімделуін қамтамасыз етеді. Медициналық этиканы, ішкі еңбек тәртібі, еңбек қауіпсіздігі мен қорғалуы, өрт қауіпсіздігі ережелерінің және санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларын сақтайды.


Білуі керек: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексін, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемкорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңдарын, денсаулық саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, әлеуметтік гигиенаның теориялық негізін, денсаулық сақтаудағы басқару жүйелерін, халық денсаулығы туралы статистиканы, халық денсаулығы жағдайын бағалайтын өлшемдер мен көрсеткіштерді, нарықтағы медициналық қызмет конъюнктурасын, еңбек туралы заңнаманы, еңбекті қорғаудың, қауіпсіздік техникасының, өндірістік санитарияның және өрт қауіпсіздігінің ережелері мен нормаларын.
Біліктілікке қойылатын талаптар. Жоғары медициналық білімнің, сәйкесті мамандығы бойынша бірінші/жоғары біліктілік санатының болуы.

 

   16-кіші бөлімі. Дәрігер - сот-медициналық сарапшысы (жалпы сараптамалық, сот-биологиялық, химия-токсикологиялық, сот-гистологиялық, медицина-криминалистік, молекулярлық-генетикалық зерттеулердің)



 

Лауазымдық міндеттері. Зерттеудің заманауи әдістерін қолдана отырып, сараптама бөлімшесі жұмысының бейімі бойынша барлық әкелінген сараптамалық зерттеу нысандарының білікті сот-медициналық сараптамасын (бұдан әрі - сараптама) жүзеге асырады.


Жалпы сараптамалық зерттеудің сот-медициналық сарапшысы: өліктің; өліктік материалдың; денсаулыққа келтірілген зиянды анықтау үшін тірі тұлғалардың сот-медициналық сараптамаларын жүргізеді, жалпы еңбек қабілетін жоғалту пайызын айқындайды, жыныстық қылмыстарда; қылмыстық, әкімшілік және азаматтық істер материалдары бойынша; медициналық қызметкерлердің кәсіби қызметі жөніндегі істер бойынша, медициналық құжаттамалардың және сараптамалық бөлімшенің жұмыс бейімі бойынша сараптамалық қызметтің өзге де түрлерін жасайды.
Зертханалық сараптамалық қызметті орындаушы тұлға, сондай-ақ сараптама жүргізуде зертханалық сынақтарды, өлшеулерді, зерттеудің химиялық, физикалық, фотографиялық әдістерін орындайды; зертханалық жабдықтардың қалыпты жұмыс істеуін қадағалайды (оны тексеруді және нұсқаулық пен техникалық құжаттамаға сәйкес баптауды жүзеге асырады). Ішкі істер, прокуратура және сот органдары қызметкерлеріне консультациялық көмек беруді жүзеге асырады. Сот-құқықтық тәжірибеде кездесетін, медициналық-биологиялық сипаттағы мәселелерді заңдылық, тәуелсіздік, туралы және арнайы құзіреті шегіндегі зерттеулердің толықтығы ұстанымдарына негізделген сот-медициналық сараптама жүргізу арқылы шешеді. Жүргізілген зерттеулермен байланысты, тапсырылған мәселелер бойынша жазбаша түрде ғылыми-негізделген, дәйекті және тура қорытынды береді. Өз жұмысын жоспарлайды және өз қызметінің көрсеткіштеріне талдау жасайды. Құралдардың, аппараттар мен жабдықтардың дұрыс қолданылуын, реактивтердің ұтымды пайдаланылуын қамтамасыз етеді. Орта және кіші медициналық персоналдың жұмысына басшылықты жүзеге асырады. Тәжірибеде зерттеудің жаңа әдістерін қолданады. Сот-медициналық сараптама барысында белгілі болған мәліметтерді жарияламайды. Шұғыл жағдайларда дәрігерге дейінгі көмекті көрсетеді. Есепке алу-есептік медициналық құжаттаманы жүргізеді. Медициналық этиканы, ішкі еңбек тәртібі, еңбек қауіпсіздігі мен қорғалуы, өрт қауіпсіздігі ережелерінің және санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларын сақтайды.
Білуі тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің негіздерін, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексін, Қазақстан Республикасының Қылмыстық-іс жүргізу кодексін, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының кодексін, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының кодексін, «Сот сараптамасы туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, денсаулық сақтау және сот-медициналық сараптама саласындағы нормативтік құқықтық актілерін, еңбек туралы заңнаманы, еңбекті қорғаудың, қауіпсіздік техникасының, өндірістік санитарияның және өрт қауіпсіздігінің ережелері мен нормаларын.
Біліктілікке қойылатын талаптар. Жоғары медициналық білімінің, «Сот-медициналық сараптама» мамандығы бойынша біліктілігін арттыру, жалпы сараптамалық зерттеу дәрігер сарапшысы үшін «Сот-медициналық сараптама» мамандығы бойынша маман сертификатының болуы.

 

   17-кіші бөлімі. Маман - сот-медициналық сарапшысы (сот-биологиялық, химия-токсикологиялық, сот-гистологиялық, медициналық-криминалистикалық, молекулярлы-генетикалық зерттеулердің)



 

Лауазымдық міндеттері. Өзіне жүктелген заттық дәлелдердің сот-медициналық сараптамасын, соның ішінде өліктік материалды зерттеуді, сараптама бөлімшесі жұмысының бейімі бойынша зертханалық сарапшылық қызметті жүргізеді. Зертханалық сынақтарды, сараптама жүргізуде өлшеуді, зерттеудің фотографиялық және физикалық әдістерін орындайды. Зертханалық жабдықтардың қалыпты жұмыс істеуін қадағалайды (оны тексеруді және нұсқаулық пен техникалық құжаттамаға сәйкес баптауды жүзеге асырады), зерттеулер жүргізу үшін реактивтер мен химиялық ыдыстарды даярлайды, ішкі істер, прокуратура және сот органдары қызметкерлеріне консультациялық көмек беруді жүзеге асырады. Сот-құқықтық тәжірибеде кездесетін, медициналық-биологиялық сипаттағы мәселелерді заңдылық, тәуелсіздік, туралық және арнайы құзіреті шегіндегі зерттеулердің толықтығы ұстанымдарына негізделген сот-медициналық сараптама жүргізу арқылы шешеді. Жүргізілген зерттеулермен байланысты, тапсырылған мәселелер бойынша жазбаша түрде ғылыми-негізделген, дәйекті және тура қорытынды береді. Тәжірибеде зерттеудің ұсынылған және жаңа әдістерін қолданады. Өз біліктілігі мен теориялық білімінің деңгейін ұдайы көтеріп отырады. Сот-медициналық сараптама барысында өзіне белгілі болған мәліметтерді жарияламайды. Медициналық құжаттамалардың уақытылы және сапалы рәсімделуін қамтамасыз етеді. Орта және кіші медициналық персоналдың жұмысына басшылықты жүзеге асырады. Шұғыл жағдайларда дәрігерге дейінгі көмекті көрсетеді. Есепке алу-есептік медициналық құжаттаманы жүргізеді. Медициналық этиканы, ішкі еңбек тәртібі, еңбек қауіпсіздігі мен қорғалуы, өрт қауіпсіздігі ережелерінің және санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларын сақтайды.


Білуі тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің негіздерін, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексін, Қазақстан Республикасының Қылмыстық-іс жүргізу кодексін, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының кодексін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының кодексін, «Сот сараптамасы туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, денсаулық сақтау және сот-медициналық сараптама саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, еңбек туралы заңнаманы, еңбекті қорғаудың, қауіпсіздік техникасының, өндірістік санитарияның және өрт қауіпсіздігінің ережелері мен нормаларын.
Біліктілікке қойылатын талаптар. Жоғары білімінің (медициналық, фармацевтік, медициналық-биологиялық, химиялық, биологиялық, физикалық-математикалық, физикалық-химиялық, табиғи-техникалық, педагогикалық (химия және биология) және сәйкес мамандық бойынша біліктілігін арттыруының болуы.

 

   18-кіші бөлімі. Зертхана маманы



 

Лауазымдық міндеттері. Зерттеулер мен әзірлеулер жүргізу кезінде зертханалық талдауды, сынауды, өлшеуді орындайды. Зертханалық жабдықтар жағдайының дұрыстығын бақылайды (оны тексереді және күйін келтіреді), зерттеу жүргізу үшін реактивтерді, қоректік орталарды және химиялық ыдыстарды дайындайды. Материалдарды жинау мен өңдеуге қатысады, қажетті дайындық және қосымша операцияларды жүзеге асырады, бақылау жүргізеді, аспап көрсеткішін жазып алады, талдау, өлшеу нәтижелерін әдістемелік құжаттамаға сәйкес өңдейді, жүйелендіреді және рәсімдейді, оларды тіркеуді. Медициналық есепке алу-есеп беру құжаттамасын жүргізеді. Шұғыл жағдайларда дәрігерге дейінгі көмек көрсетеді. Медициналық этиканы, ішкі еңбек тәртібі, еңбек қауіпсіздігі мен қорғалуы, өрт қауіпсіздігі ережелерінің және санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларын сақтайды.


Білуі керек: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексін, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемкорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңдарын, денсаулық сақтау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, санитариялық-микробиологиялық зерттеу және ішкі аурулар негіздерін, негізгі инфекциялық аурулардың микробиологиялық диагностикасын, жалпы клиникалық, биохимиялық, гемотологиялық және цитологиялық зертханалық зерттеу әдістері мен техникасын, бақылау-өлшеу құрылғысын және оны қолдану ережесін, еңбек туралы заңнаманы, еңбекті қорғаудың, қауіпсіздік техникасының, өндірістік санитарияның және өрт қауіпсіздігінің ережелері мен нормаларын.
Біліктілікке қойылатын талаптар. Жоғары (медициналық, медициналық-биологиялық, медициналық-профилактикалық, биологиялық, химиялық, химия-биологиялық, фармацевтикалық, физика-математикалық) білімнің, сәйкесті мамандық бойынша біліктілікті арттырудың болуы.

 

   19-кіші бөлімі. Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет маманы (биолог, зоолог/эпизоотолог, энтомолог)



 

Лауазымдық міндеттері. Аумаққа эпизоотологиялық және зоологиялық-паразитологиялық тексеру ұйымдастырады, профилактикалық (дератизация, дезинсекция) шараларды ұйымдастырады және жүргізеді. Тексеріліп отырған аумақтағы паразитарлық және трансмиссиялық аурулардың тасымалдаушыларына қарсы күрес шараларының мақсатты бағдарламасын әзірлейді. Эпидемиологиялық ұсыныстарды әзірлеу үшін эпизоотологиялық үдерістің даму динамикасын талдаудағы мәліметтерді ұсынады. Табиғи-ошақтық аурулардың тасымалдаушылары мен алып жүрушілерінің негізгі түрлеріне сараптамалық анықтау жүргізеді. Трансмиссиялық және паразитарлық инфекцияларды анықтауға, тексеруге және жоюға қатысады. Қоршаған орта факторларын бақылаудың заманауи зертханалық және аспаптық әдістерін қолдана отырып, санитариялық-эпидемиологиялық тексеру жүргізеді. Инфекциялық және инфекциялық емес аурулардың мәліметтерін тізімдейді, тіркейді және статистикалық тұрғыда өңдейді. Заманауи технологияларды, өлшеу және талдау аспаптарын қолдана отырып, зертхана бейініне сәйкес клиникалық және санитариялық-гигиеналық зерттеулерді жүргізеді. Талдау және диагностикалық дәлдігі өте жоғары зертханалық зерттеудің жаңа әдістерін меңгереді және енгізеді. Жүргізілген зерттеулер нәтижелерін талдайды, оларды тіркейді, қажетті есепке алу-есеп беру құжаттамаларын жүргізеді. Халық арасында санитариялық-ағарту жұмыстарын жүргізеді. Шұғыл жағдайларда көмек көрсетеді. Медициналық этиканы, ішкі еңбек тәртібі, еңбек қауіпсіздігі мен қорғалуы, өрт қауіпсіздігі ережелерінің және санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларын сақтайды.


Білуі керек: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексін, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңдарын, денсаулық сақтау және эпидемиология саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, санитариялық-эпидемиологиялық бағалау негіздерін, принциптерін және әдістерін, жабайы және синантропты жануарлардың жүйесі мен экологиясын, зертханалық қызметті ұйымдастыруды, еңбек туралы заңнаманы, еңбекті қорғаудың, қауіпсіздік техникасының, өндірістік санитарияның және өрт қауіпсіздігінің ережелері мен нормаларын.
Біліктілікке қойылатын талаптар. Жоғары биологиялық білімнің болуы.

 

   20-кіші бөлімі. Қоғамдық денсаулық сақтау маманы (эпидемиолог, статистик, әдіскер, валеолог)



 

Лауазымдық міндеттері. Халық денсаулығының демографиялық көрсеткіштерін есептейді және бағалайды. Халыққа көрсетілген медициналық көмектің көлемін, түрлерін және нысандарын талдайды. Медициналық көмектің бірнеше түрлерін дамытуды жоспарлайды. Халық арасында инфекциялық және инфекциялық емес аурулардың пайда болуы мен таралуының себептері мен қауіп факторларын бағалайды. Профилактикалық және эпидемияға қарсы шараларды, аурудың ағымдық және ретроспективтік эпидемиологиялық талдауын әзірлейді. Статистикалық есептердің бірнеше түрлерін жасау жөніндегі жұмыстарды орындайды. Статистикалық мәліметтер негізінде ақпараттық-талдау анықтамасын жасайды. Денсаулық сақтау ұйымдары қызметінің соңғы нәтижелерін бағалайды. Көрнекі үгіттеуді және салауатты өмір салты мен дұрыс тамақтануды насихаттауды жүргізеді. Сауықтыру шараларын әзірлейді және жүргізеді. Статистикалық талдау мен әлеуметтік зерттеу әдістерін жүргізеді. Медициналық құжаттамаларды рәсімдеуді қамтамасыз етеді. Медициналық есепке алу-есеп беру құжаттамаларын жүргізеді. Медициналық этиканы, ішкі еңбек тәртібі, еңбек қауіпсіздігі мен қорғалуы, өрт қауіпсіздігі ережелерінің және санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларын сақтайды.


Білуі керек: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексін, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңдарын, денсаулық сақтау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, әлеуметтік гигиенаның теориялық негіздерін, принциптерін және әдістерін, денсаулық сақтау саласындағы басқару жүйелерін, халық денсаулығы туралы статистиканы денсаулық сақтаудағы өлшемдер мен көрсеткіштерді, нарықтағы медициналық қызмет конъюнктурасын, еңбек туралы заңнаманы, еңбекті қорғаудың, қауіпсіздік техникасының, өндірістік санитарияның және өрт қауіпсіздігінің ережелері мен нормаларын.
Біліктілікке қойылатын талаптар. Жоғары (кәсіптік) білімнің және «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша қайта даярлаудың (біліктілікті арттыру) болуы.

 

   21-кіші бөлімі. Денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман



 

Лауазымдық міндеттері. Әлеуметтік жағдайдың және тұтынушының әлеуметтік қызметке мұқтаждығының жалпы диагностикасын жүргізеді әлеуметтік қызмет жинағын анықтайды. Халықты арнайы әлеуметтік қызметтің арнайы түрлері туралы ақпараттандырады. Мәселелерін өз бетінше шеше білуді дамытуға арналған көмекті жүзеге асырады, науқастарды әлеуметтік сауықтыру үдерісіне қатыстырады. Әлеуметтік қызмет жөніндегі тіркеу және есеп беру құжаттамаларын жүргізеді. Дәрігерге дейінгі медициналық көмекті көрсетеді. Мүмкіндігі шектеулі балаларға, жалғыз бастыларға, қарттарға, мүгедектерге созылмалы ауруы бар науқастарға көмекті, сонымен бірге күтуді, интернат-үйлерге орналастыруды, протездеуді, қозғалу құралдарын және оңалтудың техникалық құралдарын алуды ұйымдастыру, психотерапиялық жұмысты науқаспен, сондай-ақ отбасы мүшелерімен ұйымдастыру жөніндегі жұмысты үйлестіреді. Салауатты өмір салтын қалыптастыру жөніндегі жұмыстарға қатысады. Қоғамдық ұйымдармен, мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимылына, үйлестірілуге және ынтымақтастықка арналған жұмысты ұйымдастырады, еріктілер қозғалысын дамытады. Медициналық этиканы, ішкі еңбек тәртібі, еңбек қауіпсіздігі мен қорғалуы, өрт қауіпсіздігі ережелерінің және санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларын сақтайды.


Білуі керек: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексін, Қазақстан Республикасының «Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық коррекциялық қолдау туралы», «Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы», «Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы», «Неке және отбасы туралы», «Арнайы әлеуметтік қызметтер туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңдарын, денсаулық сақтау, әлеуметтік қызмет көрсету саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, еңбек туралы заңнаманы, еңбекті қорғаудың, қауіпсіздік техникасының, өндірістік санитарияның және өрт қауіпсіздігінің ережелері мен нормаларын.
Біліктілікке қойылатын талаптар. Жоғары (медициналық, әлеуметтік, әлеуметтанулық, педагогикалық) білімнің және «Әлеуметтік жұмыс» мамандығы бойынша қайта даярлаудың (біліктілікті арттыру) болуы.

 

   3-параграф. Біліктілік деңгейі орта мамандардың лауазымдары



 

   22-кіші бөлімі. Аға мейірбике/мейірие (аға фельдшер, аға акушер)

 

Лауазымдық міндеттері. Орта және кіші медицина қызметкерлерінің еңбегін ұйымдастырады және олардың өз міндеттерін орындауын бақылайды. Бөлімшені дәрілік заттармен, медициналық мақсаттағы бұйымдармен және медициналық техникамен қамтамасыз етуді, бөлімшедегі мүлік пен медициналық заттардың сақталуын, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың уақытында жөнделуін, бөлімшедегі науқастардың тамақтануын ұйымдастырады, қатты әсер ететін, улы, наркотикалық, психотроптық медикаменттер мен прекурсорларды бақылауды, есепке алуды және сақтауды, бөлімше қызметкерлерінің еңбек қорғау мен қауіпсіздік техникасы, асептика мен антисептика ережелерін сақтауын, орта медицина қызметкерлерінің дәрігер тағайындауын уақытында және нақты орындауын, жаңа түскен науқастарды санитариялық өңдеуді, эпидемияға қарсы іс-шараларды сақтауды, үй-жайдағы санитариялық-гигиеналық жағдайды жүзеге асырады. Емдеу-профилактикалық, санитариялық-профилактикалық, дәрігерге дейінгі көмекті, сонымен бірге жүкті әйелдерге және нәрестелерге көрсетеді, дәрігерге хирургиялық манипуляциялар кезінде көмектеседі, қалыпты босануларды қабылдайды, шұғыл жағдайлар кезінде алғашқы медициналық көмек көрсетеді. Жүктілер мен босанатындарға диспансеризациялау мен патронаж жүргізуді ұйымдастырады. Зертханалық зерттеуді, халық арасында санитарлық-ағарту жұмыстарын, оның ішінде гигиеналық оқыту мен тәрбиелеуді, салауатты өмір салтын насихаттауды жүргізеді. Ағымдық санитариялық қадағалауды жүзеге асырады, эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастырады. Медициналық есепке алу-есеп беру құжаттамаларын жүргізеді. Медициналық этиканы, ішкі еңбек тәртібі, еңбек қауіпсіздігі мен қорғалуы, өрт қауіпсіздігі ережелерінің және санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларын сақтайды.


Білуі керек: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексін, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңдарын, денсаулық сақтау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, емдеу-диагностикалық ұйымды ұйымдастыру құрылымын, еңбек туралы заңнаманы, еңбекті қорғаудың, қауіпсіздік техникасының, өндірістік санитарияның және өрт қауіпсіздігінің ережелері мен нормаларын.
Біліктілікке қойылатын талаптар. Бейіні бойынша техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) медициналық білімнің және мамандығы бойынша кем дегенде 3 жыл еңбек өтілінің, мамандығы бойынша маман сертификатының немесе еңбек өтіліне талап қойылмайтын жоғары медициналық («Мейіргер ісі», «Емдеу ісі», «Педиатрия», «Жалпы медицина» мамандығы бойынша бакалавриат) білімнің және орта біліктілік деңгейінің маман сертификатының болуы.

 

   23-кіші бөлімі. Фельдшер



 

Ескерту. 23-кіші бөлімге өзгеріс енгізілді - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 26.07.2013 № 436 бұйрығымен (ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

 

Лауазымдық міндеттері. Жедел аурулар мен апатты жағдайлар кезінде емдеу-профилактикалық және санитариялық-профилактикалық, жедел медициналық көмек көрсетуді жүзеге асырады. Учаске халқын дербес есепке алады, учаскедегі өз жұмысын жоспарлайды. Науқастарды маман дәрігерлерге көрінуге және кеңес алуға дайындайды. Амбулаторлық қабылдауды жүргізеді және науқастарға үйде қызмет көрсетеді. Аурудың диагностикасын, емін, профилактикасын жүргізеді. Дәрігерге дейінгі көмек көрсетеді, дәрігерге манипуляциялар кезінде көмектеседі, қалыпты босануларды қабылдайды. Ағымдық санитариялық қадағалауды жүзеге асырады, эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастырады және жүргізеді. Халық арасында санитарлық-ағарту жұмыстарын, оның ішінде гигиеналық оқыту мен тәрбиелеуді, салауатты өмір салтын насихаттауды жүргізеді. Геморрагиялық синдромды зерттеу әдістерін, бактериологиялық және серологиялық зерттеу техникаларын пайдалана отырып, қанның, асқазан ішіндегісінің, жұлын-ми сұйығының биологиялық материалдарын микроскопиялық және макроскопиялық химиялық зерттеуді және жинауды, бөліндіні зерттеуді, гельминттік-овоскопиялық зерттеуді жүргізеді. Зертханалық жабдық жағдайының дұрыстығын бақылайды. Медициналық есепке алу-есеп беру құжаттамаларын жүргізеді. Медициналық этиканы, ішкі еңбек тәртібі, еңбек қауіпсіздігі мен қорғалуы, өрт қауіпсіздігі ережелерінің және санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларын сақтайды.


Білуі керек: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексін, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңдарын, денсаулық сақтау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, жұмыс жасалған материалдарды залалсыздандыру ережелерін, еңбекке жарамсыздықты сараптау негіздерін, санитариялық-эпидемияға қарсы тәртіптің негіздерін, еңбек туралы заңнаманы, еңбекті қорғаудың, қауіпсіздік техникасының, өндірістік санитарияның және өрт қауіпсіздігінің ережелері мен нормаларын.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
«Емдеу ісі» мамандығы бойынша техникалық және кәсіби (арнайы орта, арнайы кәсіптік) медициналық білім (немесе «Акушериялық іс» және «Емдеу ісі» мамандығы бойынша біліктілікті арттыру, сондай-ақ «Зертханалық диагностика», «Фельдшер-зертханашы», «Гигиена, санитария және эпидемиология», «Санитарлық фельдшер», «Стоматология», «Тіс дәрігері», «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша, аталған қызметке 2003 жылғы 11 ақпанға дейін іске кіріскен адамдар үшін, «Емдеу ісі» мамандығы бойынша біліктілік арттыру), «Емдеу ісі» мамандығы бойынша маман сертификаты немесе «Емдеу ісі», «Педиатрия» мамандығы бойынша жоғары медициналық білім, «Жалпы медицина» мамандығы бойынша бакалавриат және біліктілік деңгейі орта маманның сертификаты.

 

   24-кіші бөлімі. Зертханашы



 

Лауазымдық міндеттері. Зертханалық зерттеулерді дәрігердің басшылығымен жүргізеді және өзі оларды жүргізу үшін зертханалық құралды, реактивтерді, химиялық ыдыстарды, қоректік орталарды, бояйтын және зарарсыздандыратын ертіндінділерді дайындайды. Зерттеуге келіп түскен биологиялық материалдарды қабылдайды және тіркейді, оның қорабының және мерзімінің қажетті талаптарға сәйкестігін тексереді. Зерттеуге келіп түскен биологиялық материалдың жарамдылығын, ілеспе құжатының дұрыс рәсімделуін тексереді. Құралдарды, қоректік орталарды, реактивтерді, бояйтын және зарарсыздандыратын ертіндінділерді градустауға арналған стандартты және жұмыс ертінділерін дайындайды. Зертханалық аспап пен ыдыстарды стерилдейді. Зерттеу нәтижелерін дәрігерге береді. Жүргізілетін зерттеуге байланысты әртүрлі есептеу және кестелік жұмыстарды орындайды. Шұғыл жағдайларда дәрігерге дейінгі көмек көрсетеді. Медициналық есепке алу-есеп беру құжаттамаларын жүргізеді. Медициналық этиканы, ішкі еңбек тәртібі, еңбек қауіпсіздігі мен қорғалуы, өрт қауіпсіздігі ережелерінің және санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларын сақтайды.


Білуі керек: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексін, «Сыбайлас жемкорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңдарын, денсаулық сақтау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, негізгі инфекциялық аурулардың микробиологиялық диагностикасын, санитариялық-микробиологиялық зерттеулердің негізін; жалпы клиникалық, биохимиялық, гемотологиялық және цитологиялық зертханалық зерттеу әдістерін, зертханалық құрылғыны қолдана отырып, зертханалық зерттеулерді жүргізу техникасын, зертханалық жабдықты, бақылау-өлшеу құрылғысын пайдалану ережесін, еңбек туралы заңнаманы, еңбекті қорғаудың, қауіпсіздік техникасының, өндірістік санитарияның және өрт қауіпсіздігінің ережелері мен нормаларын.
Біліктілікке қойылатын талаптар. «Зертханалық диагностика» мамандығы бойынша (немесе «Гигиена және эпидемиология» мамандығы бойынша орта медициналық білімінің немесе фармацевтикалық білімінің және «Зертханалық диагностика» мамандығы бойынша біліктілікті арттыру) техникалық және кәсіби (арнайы орта, кәсіптік орта) медициналық білімінің немесе «Емдеу ісі», «Педиатрия», «Стоматология» мамандықтары, «Жалпы медицина» мамандығы бойынша бакалавриат мамандықтары бойынша жоғары медициналық білімінің, «Рентген зертханашысы» циклы бойынша біліктілігін арттырудың болуы.

 

   25-кіші бөлімі. Санитариялық фельдшер


Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
2016 -> Сабақтың атауы Бейнелеу өнерінің түрлері Сілтеме Сабақтың жабдығы
2016 -> Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным Қазақстан


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет