Қазақстанның Әскери тарихы


§ 1. ХҮН ИМПЕРИЯСЫНДАҒЫ ӘСКЕРИ ӨНЕРД



бет2/8
Дата31.01.2018
өлшемі3,06 Mb.
#37169
1   2   3   4   5   6   7   8
§ 1. ХҮН ИМПЕРИЯСЫНДАҒЫ ӘСКЕРИ ӨНЕРДІҢ ДАМУЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ЖОРЫҚТАРЫ

Хұн империясы ежелгі түркі мемлекеті болып саналады. Орыс ғалымы Н.А.Аристовтың айтуынша, б.з.д. III ғасырда хұндар түркіше сөйлеген. Хұн тайпаларына: қыпшақтар, 'едқлылар (кангюйлер), үйсіндер және Жетісу бойынан ығыс-тырылған сақтар (қытайша: сә) жатады. Хұндар жұртының ^жер аумағы үш бөлікке бөлінген.

Біріншісінің іщінде сюннулар болды, олар біздің заманы-мызға дейінгі 1 мыңжылдықтың ортасынан бастап, Хуанхә взенінің орта тұсы мен төменгі ағысывдағы - қазіргі Қытай Ікерінің жөне Орталық Азияның көп бөлігін қамтып, Шығыс Түркістаннан Оңтүстік Манчжурияға дейінгі аумақты алып жатты.

Хұндардың екінші бөлігі — біздің заманымызға дейінгі 1 мыңжылдықга сырткы Монғолияда, солтүстік Манчжурияда түркі-монғол тілінде аралас сөйлеген сәнбилер. Кейіннен Сөнбилер солтүстік Вэй әулетін құрған (386-534 жж.).

Үшіншісі - түркі тілінде сөйлеген тайпалар қоныстанған орта. Мұнда ішкі Монғолияда, Байкалда, Ордостан Ордос — Қытайдағы өзен) Алтай, Тарбағатай, Жетісуға I Дейінгі жерлерді мекендеген хүн тайпалары калыптаса бастай-,Лы. Бұл тайпаларда түркі тілінде сөйлеушілер көбірек болған, бұлар бұрынғы сақ тайпаларының ұрпақтарымен көрші тұрған.

Хұн мемлекетінің құрылымы да қатал иерархиялы болды.Б.з.д. V—IV ғасырларда жун (хүн) тайпасының әскери демократиясынан өсіп шыққан хүн державасы көршілес тайпа одактарымен жөне қытай патшалығымен соғыста әбден шыңдалды. Мұндай мемлекет тек әскери әкімшілік принциппен ұйымдастырылған, орталықтандырылған империяда ғана болуы мүмкін.

Қатал билік жүргізген елбасын "тәңірқұты" деп атаған. Ол "Аспан мен Жерден жаралған, Күн мен Айға теңестіріп қойылған ұлы хұн - Тәңір деген арнайы лауазымға ие болған. Оны "Көк ұлы" деп те атаған. Оның билігі мынадай міндеттер мен функциялардан көрінеді:

а) мемлекеттің барлық аумағы мен басқару міндеті, осы аумақты қорғау функциясы;

ә) соғыс және бейбітшілік шартын жариялау міндеті мен әскерге жетекшілік ету функциясы;

б) мемлекеттің барлық қарулы күштеріне жұмсалатын шығынды өз қолына жұмылдыру және сыртқы саяси бағытты анықтау функциясы;

в) қарамағындағы әрбір адамның өмірі мен өліміне жауап-тылық міндеті.

Мемлекетте Тәңірқұтынан кейінгі лаузымды кісілер - сол және оң жақтағы (батыс, шығыс) "дана басшылар", яғни олар Тәңірқұтының балалары мен жақын туыстары болды. Олар империяның батыс және шығыс аумағын, әскердің сол және оң қанатын басқарды. Бұлардан кейін Төңірқұтының белгілі бір жер аумаганда басқа да туыстары тұрды, олардың бәрі өр түрлі лаузымға ие болды және "он мың жауынгердің үстінен қарайтын басшылар" деп аталды. Бұлардың жалпы саны им-перияның батыс, Ійығыс жақ бөліктеріне, әскердің сол, оң қанаттарына бекітілген 24 жоғары әскер басшылардан құрал-ды. Бұл орындарға Тәңірқұтына туыстық жақындығына қарай алынды. Басшыларды Тәңірқұты өзі белгіледі, ол әр басшы-ның иелігіне сонда мекендеуші тұрғындарымен бірге аумақ-тар бөліп берді. Төңірқұтының рұқсатынсыз тайпалардың басқа жаққа көшуіне қатаң тыйым салынды.

Басшының билігі мең әскери күші оның әскер үлесіне емес, тұрғындарының санына қарай анықталуына көбірек мән берілді. Оның қол астында он мың жауынгер болды, "24 басшының әрқайсысы 10 мыңнан бірнеше он мыңға дейінгі әскерге ие болды", — дейді Сыма Цянь.

Басшы өз иелігінің шегінде мыңдықтарды, жүздіктерді, ондықтарды тағайындады, оларға көшпелі тұрғындары бар жер берді. Басшыны ауыстыруға не жазалауға тек Тәңірқұтының әлі жетті. Кейін басшы сайлау қатаң мұрагерлік жүйеге ауысты. Мемлекетте барлық ер адамның негізгі борышы әскери қызмет болды. Әр хұн жауынгер атан-ды және өскери міндетті орындауға бас имегендерді өліммен жазалады. Барлық ер адам балалық шағынан өмірінің соңына дейін қатал бекітілген әскери бөлімшелерге жазылып қойды, әрқайсысы өз басшысының бұйрығымен соғысты. Хұн импе-риясы ертедегі қытай патшаларының саяси өміріне ұдайы араласып отырған. Олар кейде өзара шайқасып не болмаса өзгелерге қарсы бірігіп соғысып, әрқилы қатынаста болған.

Соғыста шабуыл жасау, олжа алу аталмыш хұн империясы-ның өмірінің ең басты мақсаты болған. Қытай сановнигінің сөзіне қарағанда, хұндардың шабуылы салық төлеумен не болмаса берілген сыйлықпен, көсемдердің құлқын сатып алу-мен, қыздарын әйелдікке берумен тоқталып отырған.

Сыма Цянь жазған "Сүй патшалығының тарихы" деген кітаптың "жағрапиялык дерек" деген бөлімінде былай делінген: "Беспалык құмды аймағының терістігі - алдыңғы хань патшалығы түсында (б.з.д. 223-203 жж.) үйсіндердің дуньхудағы жері, соңғы хань патшалығы тұсында (б.з.д. 225-220 жж.) хұндардың ордасы тұрған жер. Ордадағы (хүндардың әскери лагері мен өскери басшы ставкасы осылай аталған) үйсіндер басшысы хұндардан шекаралық аймақты босатуды талап етті. Соғыстан қауіптенген ақсақалдар хұндардың көсемі Модеге дунхуларға жерді беру туралы кеңес айтты. Бұған Моде: " Жер - мемлекеттің негізі, оны беруге бола ма, сірә?" - деп қатты ашуланды. Сонан соң атына мінді де, со-ңынан ермегендердің бастарын алуды бұйырып, шығысқа қарай жылжыды. Дуньхуларға, үйсіндерге тұтқиылдан шабуыл жасап, оларды талқандады, басшысын өлтірді, адамдарын және малдарын өзіне қосып алды". Хұн Тәңірқүтының алғашқы қадамын Сыма Цянь осылай жеткізеді.



Б.З.Д. 202 жылы Қытайда азамат соғысы аяқталды. Ел ба-сына Хань династиясы келді. Оның негізін қалаушы Лю-Бан (император Гао-ди) мемлекет шекарасын қауіпсіздендіруге тырысьш, б.з.д. 202 жылдың қысында хұндарға қарсы соғы-суға әскер шығара бастады. Бірінші қақтығыстан соң-ақ Моде кейін шегінді, ал олардың соңынан жүріп отырған Хань әскері өзінің негізгі күшінен бөлініп, көз жазып қалды. Әскерімен бірге императордың өзі де бар еді. Мұны байқаған хұндар шегіністі бірден тоқтатып, төрт атты корпусымен им-ператорды Байдан тауының маңында қоршауға алды. "Жеті күн бойы таудағы және одан сырттағы Хань ескерлері бір-бірінен азық-түлік көмегін де, әскери көмек те алмады, - деп жазады тарихшы Сыма Цянь. - Батыстағы сюннулар атты әскері ақ аттарға, ал шығыс беттегілер тұмсығында ақ дағы бар сүр аттарға, солтүстіктегілер - қара тұмсықтыларға, ал оңтүстік жақтағылар жирен аттарға мінген".

Соғыста жеңілген император Гао-ди хұндармен туыС-тыққа негізделген бейбіт келісім шартын жасауға уәде беру-ден басқа жол таппады және Модеге император үйіндегі хан-шайымды беріп, өз өмірін сақтауға келісті.

Біздің заманымыздың 48 жылы хұндар солтүстік және оңтүстік болып екіге бөлінді. Оңтүстік хұндардың тағдыры, негізінен, Хань империясына тәуелді болды. Солтүстік хұндар - Енисей (ежелгі кырғыз) тайпаларынан, әсіресе дуньхулар — үйсін ұрпақтарынан, сәмбилер — Манчжуриядан айрыла бастады. Хұндардың ставкалары (ордалары) Батыс Монғолияға, Солтүстік-батыс Сібірге, Шығыс Түркістанға ығыса отырып, біздің заманымыздың II ғасырының бірінші жартысында хұн тайпаларының миграциясы әуелі Қазақстан-ның шығысына — Тарбағатайға және Жетісуға қарай ығысты. Осы кезде хұндар өздерінің 5 ғасырдай өмір сүрген Юэбан мемлекетін құрды, ол мемлекеттің ордасы Балқаш көлінің солтүстігінде орналасты. Ал кейін хұндар Батыс Сібір тайпа-ларымен бірге Орал, Каспий, Еділ маңындағы жерлерге қоныс аударды.

Біздің заманымыздың басындағы I ғасырда Хұн одағы екі топқа жарылып, бірі Шығыс Хүн мемлекеті. екіншісі Солтүстік-батыс Хұн мемлекеті болып аталған. Екі мемлекеттің екеуін де түркі тайпалары билеп отырған, бірнеше тайпалық одақтар болған. Солтүстік-батыстағы хұн мемлекеті біздің заманымыздың IV ғасырында өйгілі болып, Шығыс Еуропаға қарай жылжыды. IV ғасырдың 70 жылда-рының аяғында хұндар Солтүстік Қара теңіз өңірінде пайда бола бастады. Хұндардың соққысына бірінші болып жығыл-ғандар — Азов теңізі өңірін мекендеген алавдар еді. Көшпелі алаңдардың біраз бөлігі қазіргі Кубань езені бойындағы хұндарға бағынды. Хұндар екі бағытта ілгері жылжыды. Біріншісі — қыста мұзды жолмен яғни Перекоп және Тамань түбегі арқылы қазіргі Керчь бұғазы мен Қырымдағы Боспор патшалығына беттеді. Мың жылдан аса өмір сүрген Боспор патшалығы жойылды. Екіншісі — батыс және солтүстік ба-тыста орналасқан сармат-алан және гот немесе швед тайпа-сына бет түзеді. Сонымен, батыс хұндарға Еділ мен Дунайға дейінгі жерлерді мекендеген түрлі тайпалар мен халықтар бағынды. Осыдан кейін 376 жылы хұндар Рим империясы-мен көршілес Мемлекет болып, көп ұзамай оған күш көрсете бастады. 395 жылы хұндар Закавказье мен Месопотамия ай-мағында шабуыл жасады. V ғасырдың басывда олар Дунай жерін басып алды. Поннонияны басып алып, хұн держава-£ын құрды, орталығы қазіргі Венгрияның жері болды. Олар басып алған жерлерінің алтын және тағы басқадай бағалы заттарын тонап, адамдарын өздеріне бағынышты етті. 433 жылы қартайған хұн патшасы өзінің билігін немерелері Бел-де мен Аттилаға береді. Олар 12 жыл патшалықты бірге бас-қарып, Герман тайпаларын бағындырды. Осы бірігіп басқар-ған 12 жылда Бургун корольдығын Рейн бойында талқанда ды. 455 жылы Аттила ағасын өлтіріп, енді жеке өзі биледі. Ол туралы гот тарихшысы Иордан тектен-текке былай деме-ген: "Бұл адам өмірге келгенде халықты тік тұрғызу үшін, дірілдету үшін жаралған".

Тарихшылардың айтуынша, Аттила әскер басы болуға, саясаткерлікке қабілетті адам еді. Мүны римдіктер де мойындаған болатын. Римдіктердің жазып қалдырған деректерінен Аттиланың қандай екенін айқынырақ білуге болады: "ол орта бойлы, кең кеуделі, үлкен басты, қысыңқы көзді, сирек сақалды болған". Сонымен бірге Аттила доста-рын сыйлай, тыңдай, еркелете де білген. Аттила қымбат қазынаның иесі бола тұра, қатардағы әскері сияқты киініп, олармен бірдей тамақ ішкен. Ол кәдімгі ағаш ыдыспен тамақтанған.

Аммиан Марцелин хұндарды былайша деректейді: "Олар ешқашан ақсақалдарының айтуынан шықпайды. Ақсақалдары-ның бір ауыз сөзі үшін олар жан беруге дайын.

Өздеріне қауіп төнсе, соғысуға шақырады. Соғысқан кезде жауын шеңберлене құрсауға алып, қатты ашулы дауыстар шығарады, жеңіл және айлакер олар қасақана бытырап кетіп, бірақ майдан шебін бұзбаған күйі, жауларын оп-оңай қынадай қырады. Олардың жау бекінісін калай алғанын бақылау мүмкін емес. Олар кас қағым сәтте-ақ дүниенің астан-кестеңін шығарады.

Әскери өнері жаганан оларды нағыз жауынгер халық деуге тұрарлық. Соғысты алыстан, арнайы жасалған ұшы өткір жебе мен мықты садақ арқылы жүргізеді. Қоян-қолтық шайқаста олардай ешкім қылышпен шебер соғыса алмайды. Жа-уының кашып құтылуына мүмкіндік бермес үшін, олар арқан мен тұзақ алып жүреді, сол арқылы ұстап алады" (1-құжатты қараңыз: 24—25-беттер).

Хұндардың патшасы Аттила 450 жылы Рим империясының шекарасын кесіп өтуге дайындалды. Ол Рим императоры Валентино ІІІ-ден қарындасы Гонорияны езіне әйейдікке және Рим мемлекетінің байлЫғы мен билігінің біраз бөлігін беруін талап етті. Гонорияның өзі Аттилаға әйел болуға ықылас танытады. Оның себебі Гонория көп жылдар бойы өз туыстарымен Римде билікке таласқан еді, сондықтан ол Аттилаға құпия түрде сенімді кісіден хат жолдайды. Онда Аттилаға әйел болғысы келетінін білдіреді. Римдіктер мұны біліп қалып, қатты дүрлігеді. Мұны ежелгі тарихшы "бүкіл мемлекетке жауыздық әкелді, Римге опасыздық жасады" деп - жазды. Аттиланың Рим қызымен кесілер некесі Рим патшасы-ның мұрагері болуға мүмкіндік беретін еді. Римдіктер Гонория-ны қамауға алған соң, Аттила өзіне тәуелді тайпалардан Римге қарсы жорыққа шығуға әскер жинай бастайды. Хұндар, осто-готтар, геруілдер, гепидтер, ругийлер қосылған сансыз әскер Римге бет алды.

Аттила өзінің алғашқы соғысын сәтті бастады. Шығыс Рим империясының Дунайға дейінгі калаларын бірінен соң бірін қиратып, Балканға келе жатып, жол бойындағы бекіністердің бәрін талқандады. Алғашқы шайқастың өзіңде Рим әскері талқ-андалды. Греция қаңырсып бос қалды, 70 қаласы әртеніп, мың-даған адамы құлдыққа түседі. Енді Аттила Константинопольді оп-оңай басып алмақ бола тұрып, "Алтын жұмыртқа табатын тауықты өлтіруге болмайды" дейді. Бұл "мейір-шапағаты" үшін қала басшылары оған алты мың фунт алтын ақша беріп, жыл сайын Аттилаға екі мың бір жүз сом мелшерде салық төлеп отыратын болған.

451 жылы Аттила алып державаның әміршісі бодды. Оған Днестрден Римге дейінгі, Балтық теңізінен Қара теңізге дейінгі жерлер бағынды. Ол қай жерге аяқ басса, сол жерде үрей туды. Оның айтқанын ешкім екі етпеген. Аттилаға ба-ғынбаған Рим ғана қалды. 451 жылы Аттила Рейн өзенін ба-сып өткенде Римнің тағдыры қыл үстінде тұрды. Римнің өскер басы Аэци деген адам еді. Ол жас кезінде хұндардың тұтқыны болған, сол жерде Атгиламен кездескен болатын, ол хұндар әлемін жақсы білетін. Аэцидің туы астында весьтогот-тар, аландар, алемендер, бургундар, франктар бірігіп, 451 ж. маусымда Тура қаласының жанындағы жазықта Аттила әскерімен шешуші шайқас болды. Мұндай жүздеген мың әскер қатысқан ірі соғысты бұдан сон тарихта XIX ғасырға дейін ешкім көрген емес. Өлгендердің саны 166 мыңға жетіп, жапа шеккен жаралылар өзеннен қан араласқан су ішкен. Тіпті, аса берік, лирикалық өзгерістерге мойымайтын гот та-рихшысы Иорданның өзі де шыдамай, осы шайқастағы қай-ғыны суреттеген. Алғашқы шайқас Аттиланың жеңілісімен бітті. Ол әскерлерімен бірге күшті лагерьге тасалануға (бекінуге) мәжбүр болды. Шабуылды күту кезінде, ол хұндар-дың дәстүрі бойынша, жау қолына тірі түспеу үшін өзін отқа жағуға дайын еді. Римдіктер құрған одақтың арасында өзара келіспеушілік, сенбестік, араздык басталды. Аттила өз әскерлерін ертіп, аман-есен кері қайтты. Көп ұзамай, ол өзінің әскер қатарын толыктырып, Италияның оңтүстігіне — Римге қарай бет алды. Ол көптеген қалаларды: Аквилея, Ве-рона, Монтуя және Бергамоны басып алды. Милан қаласы Аттилаға тіпті өз еркімен берілді. Қала басшысы қақпаны өзі ашты. Аттила сол үшін қайрымдылык, жасап, қаланы жай ғана тонады.

Ендігі кезек Римдікі еді. Мәңгілік қаладан Рим папасы — I Лев Аттилаға, қайырымдылық сүрау үшін, елші жібереді. Елшілер Аттилаға көп алтын, асыл заттар тарту етті. Күтпе-ген жерден Аттила келісім берді. Себебі, хұн елінде оба ауруы басталған еді. Хұн патшасы Поннонияға кетпекші болды, бірақ римдіктер Гонорияны әйелдікке бермесе, келесі жылы келіп қаланы шабамын деп қорқытты. Аттила қайтып келмеді. Ол өз сарайына әйелдікке бургун елінің (немістің) сұлу қызы Ильдиконы алды. Тойдың ертесі күні қызметшілері неке төсегінде жылап отырған қыз бен өліп жатқан Аттиланы көрді. Неміс тарихшылары: "шындығына келгенде, ол қыздың бойынан алған құмарлықтың күштілігінен өлді", - дейді. Бірақ Аттиланың өлімі туралы, оның бургун королЬдігін күйреткені және туысқандарын өлтіргені үшін кек алу мақсатьшен Ильдико у берді деген ха-бар Еуропаның шартарабына тарайды. Аттила өлген соң хұн империясы ыдырады. Бірақ Аттила Еуропа елдерінің есінде мәңгі қалды. Оған мысал, 1942 жылы 11 сәуірде Гитлер өзінің баспанасы "Вольче логово" деп аталған үйде отырып, фашистік есіріктерге болашақта шығысты құлдықта ұстау үшін мынадай кеңес берген: "Шығыс облыстарының халқына қару-жарақ бермеу керек, мүны бізге тарих үйретті, қару бер-сек, бұл ұлттарды билеу жойылады. Егер басып алған халық-тардың: қырғыздардың, қазақтардың қолына қару берілсе, бұл халықтар біздің билеуімізден кетеді. Біздің мақсатьшыз — шығыс облыстарының жерінде әскери тірек пункттер орнату және барлық немістер осы әскери пункттермен тығыз байла-ныста болуы керек. Олар өз тарихын, мемлекеттік ұғымды білсе, бізге қауіп туғызады", - дейді.

Хұндар көсемі Аттила қазіргі венгр халқының мақтаны-шы, Венгрияда Аттила атында университет бар.
1 -кұжат. ХҰНДАР ТУРАЛЫ ТАРИХИ ДЕРЕКТЕР

(Аммиан Марцелин еңбегінен кысқаша ұзінді)

Хұндар б.з.д. III—II ғасырларда Орта Азияны мекендеген көшпелі халық. Біздің дәуіріміздің I ғасырынан бастап хұндар Батысқа жылжи бастайды. IV ғасырда хұндар Доннан Карпатқа дейінгі аумақты иечденіп, түркі және тағы басқа тайпаларды өздеріне қосып алды.

Аммиан Марцелин - біздің дәуіріміздің IV ғасырындағы Рим тарихшысы. Оның тарихи жазбалары Шығыс Еуропаға кеңінен таралып, хұндар туралы маңызды деректер қалдыр-ған.

1. Хұн тайпаларының дене мүшелерінің тұрқы: серіппедей қат-ты, мойындары жуан, бұлшық еттері шыққан, тығыз әрі толық, өрі керемет, өрі корқынышты көрінеді.

2. Олар ұрысқа түскенде ештеңені аямай, жан-жаққа тарап өрі керемет қатты дауыс шығарып айқайлайды. Олар ешқашан ұрыс алаңын тастамай, қорқынышты өлім әкеле отырып соғысады. Жау бекіністеріне, лагерьлеріне шабуыл жасаған кездегі олардың жылдамдықтарына көз ілеспейді.

3. Хұндар айбынды жауынгерлер. Олар садақпен,. сүйекті үшкірлеп қару жасап соғысады. Егер жақындап кетсе, қолдарымен де ұрады, қылышпен де соғысады. Ал егер өздері соққыдан бүктетіліп жатса да, жауларын аттарына қондырмау немесе аттарға мініп қашып кетпес үшін, олардың мойнына арқан лактырады.

4. Бұл халық жаулап алу үшін жабайы кекшілдікпен өршелене жылжи отырып, ертедегі массагеттер мен аландар жеріне дейін жетті.

5. Истр (Дунай) езені Азияны Еуропадан бөліп тұрған Танаид өзені маңымен, яғни савроматгардың2 түсымен ағып өтеді. Бұл өзен-нен кейінгі өлшеусіз кең, созылып жатқан скиф шелін аландар мекендейді.

6. Хүидардын жасы және жынысы жағынан соғысқа жарамайтындар үй шаруасымен айналысады. Ал жастар, жас кезінен бастап жалан аяқ жүріп, тынымсыз жаттыгулар жасап, нөтижесінде айбын-ды жауынгерлерге айналады.

7. Олар басқа адамдар сияқты тату, тыныш өмірден, ұрыстар мен қорқыныштардан рақат табады. Хұндарда кім ұрыс даласында өлсе, сол бақытты саналған. Ал, табиғи еліммен, қартайып өлген адамды олар корқақтар деп есептеп, қаталдыкпен мазаққа айналдырған, яғни жазалаған. Олар адам елтіргендігіне қатты мақтанады. Мақта-натындары соншалық, өздерінің ұрыска мінетін аттарына өлтірген жауының бас терісін сылып алып, байлап жұрген.

8. Олардың қүлдар туралы тіпті де үғымы жоқ, өйткені олар бәрі бір тектен ақсүйектер. Ал кім соғыста көп кезге түссе, соны бастық етіп сайлаған".



§ 2. ТҮРІК ИМПЕРИЯСЫНЫҢ ӘСКЕРИ ҚҮРЫЛЫМЫ МЕН СОҒЫС ӨНЕРІ (VI-VIII ғғ.)

Ұлы далада түркі мемлекетінің, түркі тілінің қалыптасу дәуірінен дерек беретін Кұлтегін ескерткішінде былай деп жазылады: "Әлемнің көгінде аспан, төменінде қоңыр жер пайда болғанда, осы екеуінің арасында адам баласы жаратыл-ды. Адамзат баласының үстінен менің бабаларым Бумын қаған мен Истеми қаған билік жүргізді. Таққа отырған олар өз мемлекетін қорғап, Түрюі заңдарын шығарып, оны бекітті".

Мұнда дүниенің төрт бұрышын түгел өзіне табындырған алғашқы түркі қағандары билік құрған уақытымен байланыс-ты суреттеледі.

Н.А.Аристов "Түркілердің бастапқы шығу тегі мен олар-дың ата жұрты туралы" деген мәселеде: "Түркілердің негізгі үлкен тайпалары алғашында Алтайды мекендеген. Алтайдағы жер-су аттары көне түркі халық аңыздарына енуі бұған дәлел бола алады. Ежелгі түркі мемлекеті хұндар империясы болып есептеледі", - дейді.

Орхон жазбалары бұған дәлел. Жекелеген түркі халықтары мен олардың тіршілік еткен мекені туралы толығырақ мәліметті біз ІХ-Х ғасырлардағы араб географиясынагн кездестіреміз. Осы географиялық әдебиетте "түркі" деген сөз халықтар тобы және олардың тілінің ортақ иесі ретінде көрсетілген. "Түркі" сөзі (қытайша: "тукюе") б.з. VI ғасырында бірінші рет (бір) көшпелі халықтың атауы ретінде пайда болды.

Бұл ғасырда түркілер Монғолиядан және Қытайдың солтүстік шекарасынан Қара теңізге дейін созылып жатқан ұлы көшпелі империяның негізін қалады. Қытайлар Тумынь деп атаған (түркі жазбасында "Бумын") империяның негізін қалаушы тұлға 552 жылы дүние салды, оның ағасы Истеми (қытайша Шедеми) батысты жаулап алған, 576 жылға дейін өмір сүрген. Бастапқьща ағалы-інілі екеуі бір-біріне тәуелсіз болған, қытай-лар осыған сәйкес көшпелі империяларды солтүстік түркілердің мемлекеті жөне батыс түркілердің мемлекеті деп атаған. Осы ұлан-ғайыр аумақты мекендеген түркі тілдес аши-на (түрік), қырғыз, үйсін, қаңлы, қарлұқ, оғыз (теле), қыпшақ т.б. тайпалар Түркі қағандығының құрамына енді.

Ұлы Түркі қағандығы өте қысқа мерзім ішінде Сары теңіз бен Қара теңіздің арасында жатқан тайпаларды біріктіріп, бір орталыққа қаратады — сол өлкені еркін жайлаған соғдаларТүркі қағандығына қарсы тұра алмайды.

Бумын қаған мен Қара қағанның мұрагері Мұған қаған оңтүстік-батыс Манчжуриядағы монғолдың қидан тайпасы мен Енисейдегі қырғыздарды басып алу арқылы түркі елінің Орталық Азия мен Оңтүстік Сібірдегі билігін түпкілікті етеді.

Қытай жазбалары бойынша шекарадан тыс жатқан кершілерінің бәрін тітіркентеді.

Қытай жылнамасында көрсетілген көне түркілердің мемлекеттік заңы негізгі ірі-ірі бес баптан тұрған:



1-бап. Көтеріліс жасап, бұлік шығарған кісілерге өлім жазасы кесілсін (мемлекеттің бүтіндігін сақтау талабынан туған).

2-бап. Түркі бүдун (жұртының) мүддесін сатып, елге опасыздық еткендер өлім жазасына кесілсін.

3-бап. Қағанат ішівде жазықсыз кісіні өлтіргендер өлім жазасына кесілсін.

4-бап. Сәйгүлік атты ұрлаған кісіге өлім жазасы бұйырыл-сын. (Ат — қоғамның соғыс күші.)

5-бап. Үрланған бағалы мүлік үшін он есе артық айып төленсін.

Аз уақыт ішінде Түркі қағандығы мемлекеттің жеңісін сыртқы жаудан қорғай алатын тұрақты әскер құрды. Әскерге белгілі тәртіп бойынша ханның аға-інілері, балалары мұрагерлік жолмен басшылық етті. Қытайдың қазіргі солтүстік-шығысындағы өлкелерінен бастап Қара теңізге дейінгі ұлан-байтақ өңірде Түркі қағандығы құрылып, басқа-ру ордасы Орхон өзенінің бойына орналасады. Монғолияны, Орта Азияны мекендеген туркі тілдес тайпалар мен ұлыстар Түркі қағандығына бағынады.

Мемлекет, негізінен, ру-тайпа жіктері бойынша басқарылды. Осы он ірі тайпаның әрқайсысының басқарушысы болды, оны "шад" деп атады. Он тайпа "оң қанат" және "сол қанат" деп екіге бөлінді. "Сол қанатқа" дулулардың бес тайпасы, "Оң қанатқа" көшпелілердің бес тайпасы кірді. Қағандықтың негізгі күші басқару жүйесі мен армиясы болды. Түркілер темір өндіруден жалпы әлемдік тарих сахнасына шықты.

691 жылы таққа Елтеріс маркүмның інісі Қапаған (Моч-жо) қаған (691—716) отырып, Шығыс Түркі қағандығы әске-ри, саяси дамуы жағынан шарықтап өсті: Солтүстік Қытай ар-миясына қарсы бірнеше шабуылдар жасады, қидандарды талқ-андады (696—697), Туваны женді. Енисейлік қырғыздарды ба-ғындырды (709-710). Қапаған бүкіл Орталық Азияны билеуге қол жеткізді. Түркілердің қытай әскерін жеңуі шамамен 702 жылы болған. Қытайлар тұтқындарды сатып алмағаны үшін жа-залау жорығы 703 жөне 704 жылдары, қытайлықтармен жаңа шайқас 706 жылы болды. Сол жолы Ча-ча сенгупаның 80 мың-дық әскері талқандалған. Шатчжачунидің түркілерден жеңілісі 707 жылы, түркілердің батысқа жорықтары 709-713 жылдары болған.

Шығыс Түр^і қағандығы кезінде түркі әскерінің даңқы асып, қағандық өзінің шырқау биігіне көтерілді: Елтеріс (Құтлығ), Мочжо (Қапаған), Могилян (Білге) кағандар кезінде қуатты мем-лекет болды. Білге қаған қайтыс болғаннан соң түркі тайпалары-ның арасында қағандыққа талас бастадцы. Түркілер 744 жылы ұйғырлардан жеңіліп, саяси қасіретке ұшырады, өзінің бұрынғы орталықгарын жоғалтып, Қашкдр мен Жетісуға ығысты. Ол жерде үйсін, қаңлы, дулат, шігил (чигиль) т. б. тайпаларымен қосылып, батыс түркілер жерінде Түргеш, Қарлұқ қағандығы мен Қарахандықтар мемлекетін құрды.

Батыс түркі тайпаларының арасында түргеш тайпасы ілгері шығып, VII ғасырдың соңында хандық билікті толық қолына алады. Батыс Түркі қағандығына кіретін "он оқ" халқының ішінен түргештер бас көтеріп, өз алдына қағандық құрып, Тань мемлекетінің (618-907 жж.) жаулап алу саясаты-на қарсы тұрады. Сөйтіп, 704 жылы Батыс Түркі қағандығы жерінде Түргеш қағандығы тарих сахнасына шықты.



§ 3. ТҮРГЕШ ҚАҒАНДЫҒЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТАЛАС ШАЙҚАСЫНДА ҚЫТАЙ АРМИЯСЫН ЖЕҢУІ (751 ж.)

Батыс түркілерінің мемлекетін құрған түргеш тайпасының көсемі Уч-Элиг (Үш-Елік) Он оқ елінің бірлестігін қалпына келтіріп, жаңа мемлекетке Түргеш (690—766 жж.) атын берді. 699—704 жылдары түргештердің қолбасшысы Үш-Елік Батыс қағандыкта орын тепкен баска түркі тайпаларын ығыстырып, Шаш (Ташкент) пен Турфан және Бешбалыққа (Шығыс Түркістанда) дейін өз билігін орнатты.

Батыс Түркі қағандығы құлағаннан кейін түргештер тез арада күшейіп, тарих сахнасына шығуға талпынды. Түргештердің көсемі өз ұлыстарын біріктіріп, басқару жүйесін қалыптастырды. Өзіне қарасты елді әрқайсысында 7 000'нан тұрганы бар 20 әкімшілік аймаққа бөлді. Бүкіл ел оң қанат, сол қанат болып, екі үлкен Ұлысқа бөлінеді. Түргеш қағандығының Ұлы астанасы Суяб қаласында, кіші астанасы Іле өзені жағасындағы Қойлық (Күнгіт) қаласында болды. Тань патшалығының көне деректеріне қарағанда, ол кезде түргештердің қоныстанған жері "Шығыс-солтүстікте Шығыс Түркі қағандығымен қанаттас, батыс-оңтүстікте Соғдылар-мен, ал шығыс-оңтүстікте Шаш аймағымен шекаралас бол-ды".

Үш-Еліктің максаты Тань империясын Жетісуға шабуыл жасаудан мүлде үміт үздіріп, қытайлық басшыларды бағын-дырып алу еді. Ашық даладағы ұрыс барысында қытайлар бас көтере алмастай талқандалып, Аньси басшысы Ню Шицзян 1708 жылы қаза тапты.

Үш-Еліктен кейінгі Түргеш кағаны Сүлу (Сүлік) аз уақыт-тың ішінде шаңырағы шайқала бастаған Түргеш қағандығын қалпына келтірумен бірге, екі майданда бірдей соғысты. Оның бірі батыстағы мықты жауы арабтар еді. Арабтардың жеңілу көрмеген әскеріне 714—715 жж. Сұлу (Сүлік) әскері Сырдариядан бірнеше рет өте шабуылдап, бірнеше рет шегініп қайтты. Ақыры арабтарға қарсы күрескен жергілікті халықтың көмегіне сүйеніп, оларды Мауараннаһрдан Әмуда-рия мен Сырдария ортасындағы жерге қуып шықты. Ал екінші майдан Қытай тарапынан шықты. Олар Батыс Түркі қағанындағы ру бектерін желіктіріп, Сұлуға қарсы күш ретінде пайдалануды көздеді. Бірақ Қытайдың жымысқы сая-сатынан еш нәтиже шықпады.

VIII ғасырдың ортасына дейін Орта Азияның біраз бөлігін жаулап алған араб әскерлері Түргеш қағандығының жеріне төніп келе жатқан. Түргеш қағандығы соңғы кезде сары түргеш және қара түргеш болып екіге бөлінген. Сары түргеш-тер, негізінен, Іле бойының байырғы тұрғындары еді, ал қара түргештер бұл өңірге кейінірек келгендер болатын. Бірақ оларды дәуір қыспағы біріктіріп жіберген. Сары түргештердің ордасы Шу өзені жағасындағы Суяб (Сояб) қаласында, қара түркештер ордасы Талас езені бойында еді.

Сары түргештер мен кара түргештер арасындағы таққа та-лас Сүлік (Сұлу) кдза болған соң қағандықтың ыдырауына әкелді. Сары түргештер мен қара түргештер арасындағы со-ғыс 20 жылға созылды. Міне, осы жағдайды Тань империясы 618-907 жж. пайдаланып қалуға тырысты.

Түргеш қағаны Сұлу (Сүлік) қаза болғаннан кейін және Түргеш мемлекетіндегі Шаш бегі бастаған көтерілісті1 пайда-ланып, Қытай Шығыс Түркістанды, одан соң 748 жылы түргештердің астанасы Суяб қаласын басып алып, ойрандады. 749 жылы кытай армиясы жалпы саны 70 мың әскермен2 Шашты жаулап, Шаш патшасын өлтірді3. Сол жылы қытай армиясы Тараздағы араб армиясын қоршауға түсірді. Араб колбасшысы Абу Мүслим қоршауда қалғандарды құтқару үшін бір отряд аттандырады және Түргеш мемлекетіне елші жіберіп, қоршаудағы араб әскерін қытайлықтардан құтқаруға көмектессе, араб әскерлерін Самарқан мен Бұхараға алып кететіні туралы уәде береді.

751 жылы шілдеде Талас өзенінің бойында қарсылас екі армия кездесіп, бірнеше күн бойы соғыс бастауға батпай-ды. Бесінші күні, яғни 30 маусымда қытайлардың тылына кенеттен түргештер мен қарлуқтар шабуыл жасайды. Дәл сол 30 маусымда қарсы майдандағы шабуылды арабтар бас-тайды.

Қатыгез соғыс 30 маусымнан 29 шілдеге (ЗО.ҮІ.—29.VII. 751 ж.) дейін созылады. Араб тарихшысының айтуынша, 45 мың қытайлық соғыс даласында өліп, 25 мыңы тұтқынға алы-нады.

Қытай армиясының қолбасшысы Гао Сянь-Чжи тұтқынға түсті5 және өлтірілді, ал қытай деректері бойынша, Гао Сянь- Чжидың Талас шайкдсына қатыскан барлық әскер саны 30 000 (отыз мың) адам деп көрсетілген'.

Түргештер мен қарлуқтар, арабтар орасан мол олжаға бат-ты, ал тұтқындар арасындағы қытай қол өнершілері, Самар-қан мен Бағдадқа жеткізіліп, қағаз шығарумен және жібек иіріп, тоқумен айналысатын шеберханалар ашуға пайдала-нылды2.

Тараз қаласы мен Шу езені түбіндегі қытай әскерін күйрете жеңудің Қазақстан мен Орта Азия халықтары тағды-ры үшін үлкен тарихи мәні болды. Тань әскері енді Жетісу жерін ғана емес, ұйғырлар мен Тибетті, Шығыс Түркістанды тастап кетуге мөжбүр болды. Талас алқабына арабтар да табан тіреп тұрмай, Шашқа шегініп кетті. Болған соғыстың қоры-тындысы мынадай шешімге әкелді: Қытай мемлекеті Орта Азия, Қазақстан, Шығыс Түркістан, Тибет елдерінің саяси қарым-қатынасына араласуын XVIII ғасырдың бірінші жар-тысына дейін доғарды.

Түркі халықтарының тарихында Талас жеңісі өте маңызды болып саналады және арабтар әскери шабуылын тоқтатып, Ррта Азия, Қазақстан, Шығыс Түркістанға бейбіт жолмен ис-лам мәдениетінің таратылуы шешілді. Сары түргештер мен қара түргештер арасында таққа таласушылық қытай әскерін жеңгеннен соң да жалғаса берді, Ілміш қаған (753-756 жж.), Ата Боиша қаған (756-766 жж.) билік жүргізді, бірақ езара кыркыс тоқтамады.

Түргештер өздерін осылай әлсіретіп біткен кезде, күшейіп келе жатқан қарлұқтар (түркі тектес) 766 жылы оларды жау-лап алып, біржола тәуелді етті — билік қарлұқтардың қолына көшті. Түргеш қағандығы 704 жылдан 766 жылға дейін өмір сүрді.

3 тарау



ШЫҢҒЫС ХАН ИМПЕРИЯСЫ ЖӘНЕ МОНҒОЛ - ТАТАР ҚАРУЛЫ КҮШТЕРІНІҢ ҰЛТТЫҚ ҚҰРАМЫ, СОҒЫС ӨНЕРІ, ЖОРЫҚ ЖОЛДАРЫ

§1. "МОНҒОЛ" ЖӘНЕ "ТАТАР" АТАУЛАРЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ

Шыңғыс хан империясының қарулы күштері мен соғыс өнеріне кіріспес бұрын "монғол" және "татар" деген сөздердің (халық атының) хатқа түсу тарихына тоқталайық.

Шыңғыс ханға дейін монғол деген халық, ел, тіпті жеке тайпа да болмаған. Байқал көлінін солтүстік-батысынан Керуленге дейінгі аралықта өмір сүрген халықтарды қытайлық-тар "татарлар" (жазылуы: "тотар") деген. Олар өздерін "отыз татар", "тоғыз татар" деген. Татарлар бірлескен үш үлкен тайпаға бөлінген. Ол татар тайпалары VIII ғасырдағы түрік-орхон жазбаларында кездеседі. Сонымен, монғолдар немесе сол кезде өздерін татар деп атаған халықтар кепке дейін тай-паларға бөлінді. Қытайлықтар бұл татарларды мәдени белгісіне қарай үш топқа бөледі: ақ татарлар, қара татарлар, аңшы татарлар.

1. Ақ татарлар қытай қорғаны жанында, Оңтүстік Монғо-лияда тұрған. Оларға қытай-түрік мемлекеттік өркениеті ықпал етгі.



2. Қара татарлар қазіргі Монғолияның үлкен бөлігін алып жатгы. Олар түрік мәдениетті халыктардың ықпалында болды.

3. Монғолдар "орман халықтары" деп атаған аңшы татар-лар қазіргі Забайкалье облысы мен солтүстік-батыс Монғоли-яда рулық жағдайда өмір сүрді2.

Жоғарыда аталған қара татарлар мен аңшы татарлар иелігінің шекарасында, Онынның Делуін бұлтақ деген жерінде, шамамен 1115 жылы қара татар жанұясында Тему-жин (Шыңғыс хан) дүниеге келеді. Ол кезде қазіргі Монғолия жерінде көптеген ұсақ ру нояндары жеке-жеке ру мен тайпа-ларды билеп, өзара үнемі бақталас, алыс-жұлыспен келген. Бірін-бірі тонау, өлтіру ісі әдетке айналған. "Монғолдың құпия шежіресінде":

Кек аспанның астында

Кеп елменен қағысып,

Бел шешіп бір жата алмай,

Бодан еттік қарысып.

Қара жердің бетінде,

Қарлы желдің өтінде

Керпені бір жамылмай,

Қан жұтыстық қажысып', -дейді.

Шыңғыс хан қоғамдық басқару өмірінде ру басшылары-ның билігін жойды, бірақ қарулы күшті ұйымдастыруда мындықтарды топтастыруға рулық құрылысты жақсы пайда-ланды. Шыңғыс хан алғашқы билік үшін күрес жолын қара татарларды біріктіруден бастады. "Құпия шежіренің" 133-тармағында Шыңғыс қаған: "Атам заманнан татарлар біздің ата-бабамызды өлтірген қас дұшпан еді. Енді бұл соғыста белдесейік", — деп, керейдің Тоорил (Тұғырыл) ханына елші жібереді. Ол туралы "Құпия шежіренің" 156-тармағында: "Татарларды шауып болып, Шыңғыс қаған, ноян Боорчи мен Мухулайды шақыртып алады да: "Сен екеуің осында жинал-ған барлық халықты тайпа-тайпасымен жікте. Бегде тайпа-ның кісісін басқа тайпаға қалдырып жүрмеңдер", — деп әмір етеді.

Сонымен, ол кезде "татар" деген атпен түріктерді емес, ки-дандардың (қара қытайлардың) бір бөлігін атаған. Томсеннің айтуы бойынша, татарлар Байкал көлінің оңтүстік-батысынан Керуленге дейін өмір сүрген. Түріктер монғолдардын қазіргі жер аумағында өмір сүрген. Орхон жазбаларында Өтікен облы-сы түріктердің мекендеген жері делінген. Ал "қара татар" ата-нып жүрген халыктар осы түріктермен араласқан тайпалар.

Татарлардың кейбір бөлімдері түріктермен жақындасып және батысқа қарай жылжып тұрған. Кейбір жасарын (құпия) жазбаларда Худут ал-алам (караңыз: Туманский. Жаңа ашыл-ған парсы географиясы. 121-бет) татарлар тугузгуздардан (ұйғырлардан) бөлінген делінген, ал Гордизиде (сонда, 82-бет) Ертіс жағалауындағы қимақтардан белініп шыққан дейді6. Кейбір шежірелерде 1203 ж. наймандар мен керейлер мемлекетін жеңгеннен соң, Темужин (Шыңғыс хан) өзін 1206 жылы тұңғыш рет Шыңғыс хан деп атады. Сол кезде Шынғыс ханның өз гвардиясының түбірлі құрамы, яғни оның билігінің негізгі тірегі құрыдцы. Әскердің негізі қара татарлар болды. Ол әскері "мың кол", яғни мың адамнан құрыдды. Шыңғыс ханның айтуынша, алғашында оған 13 мың қара татар отбасы (үй) бағы-нып, мың адам жинап берген. Енді Шыңғыс ханға табынған қара татарлар рулары Шыңғыс ханға мың адамнан әскер топ-тайтын болғандықтан, өздерін руларының атымен емес, топта-лған әскер атымен "мың қол" немесе "моңғол" деп атап кеткен. Сонымен, Шыңғыс хан заманынан қара татарларда "моңғол" деген ат қалыптасты, бірақ олардың арғы тегі татар аты жойыл-ған жоқ. Олар өздерін монғол-татарлармыз деп жалғастыра берді. Енді "татар" деген сөздің хатқа түсуіне қысқаша тоқта-лайық.

Махмуд Қашқаридің айтуы бойынша, Өтікен (Отюкен) та-тар жеріне жатқан. Орхон жазуларына қарағанда, Монғолия-дағы Орхонның жанындағы таулар тізбегі Тотар аталғаны белгілі. Кейіннен "татар-монғол" деген атаудан "монғол" сөзі түсіп қалды да, Ресей, Батыс Еуропа оқымыстылары османдық-тардан басқа түркі халықтарын "татарлар" деп атаған (осындай сөз қолданысы Радловта да кездеседі). Қорыта келгенде, "та-тар" деген атау тек қана түркі тілдес халықтарға катысты, Еділ бойы мен Қырымнан Астраханға дейін, Қырым мен Сібірде қолданыладьі. Сондықтан 1927 жылы КСРО ұлыстарының тізімівде Қырым татарлары, Еділ татарлары, Касимов татарлары, Тобыл татарлары деп, бөлек-бөлек аталып кетті.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет