Біздің Ұранымыз әлем сізді күтуде … мектеп миссиясы


-кезең - 7-8-сынып оқушыларының жеке қабілеттерін саралау



бет5/8
Дата28.01.2018
өлшемі3,06 Mb.
#34302
1   2   3   4   5   6   7   8

1-кезең - 7-8-сынып оқушыларының жеке қабілеттерін саралау

Саралау

1. Оқушылардың мектепке түсу кезіндегі нәтижелері.


2. 7-8-сыныптардағы пәндер бойынша мониторингілер (математика және тілдер бойынша жылына 2 рет).

3. Әрбір оқу жылының басында (барлық сыныптар) пәндер бойынша (мониторинг өткізілмейтін пәндер) білімдерін анықтау тест нәтижелері.

4. Мектепішілік пәндік олимпиадалар нәтижелері (оқу жылының басында, 25 қыркүйек).

5. Оқушылардың бейімділігін анықтауға арналған психологиялық тест нәтижелері.

6. «Баланы жұмысқа ал» және «Екі апта ауылда» әлеуметтік тәжірибесі нәтижелері.

7. Академиялық үлгерім мен қосымша сабақтар нәтижелері (Бақылау парағы).



Іс-шаралар

1. Пәндік олимпиадаларға қатысуға үміткер оқушыларды анықтау мақсатында сауалнама жүргізу.

2. Мектепішілік олимпиадаларға (онлайн олимпиадаларға) қатысу.

3. Жоба, элективті курс, үйірмелерді таңдау (қатысым және нәтижелілік).

4. Жыл сайын наурыз айында 8-сынып мұғалімдерінің ұсыныс хаттарын жинау жүзеге асырылады (салыстырмалы талдау әдісін ескере отырып, оқушылардың қабілеттері мен пәндік білімі бойынша).

5. 8-сынып оқушыларының ынталандыру хаттары жыл сайын наурыз айында тапсырылады (мен бұл пәнді неге таңдадым және ол менің болашақ мамандығыммен қалай байланысады?).

6. Ерекше қабілетті оқушыларға тьюторлар бекіту.

7. Оқу жылының басында тьюторлардың жеке даму бағдарламаларын құруы.


2-кезең – 8-сыныпты аяқтаумен байланысты пәндер бойынша олимпиадалық қорды қалыптастыру.

1. Дарынды балалармен жұмыс бойынша ӘБ координаторының өткізілген талдау нәтижелері бойынша оқушылардың тізімін құруы (оқу жылының 1 мамырына дейін).

2. ӘБ координаторының тізімімен басқа ӘБ координаторларының келісуі.

3. Олимпиадалық қор тізімін ӘБ отырысында бекіту.

4. Директордың ҒӘЖ жөніндегі орынбасарының олимпиадалық қордың жалпы тізімін қалыптастыруы және оқу жылының аяғында (маусым) мектептің Әдістемелік кеңесі отырысында бекітуі.

5. Директордың ҒӘЖ жөніндегі орынбасарының тьюторлар тізімін қалыптастыруы және оқу жылының басында мектептің Әдістемелік кеңесі отырысында оқушылардың жеке даму бағдарламаларын бекітуі.

6. Бекітілген пән мұғалімдерінің тізімімен танысу және тізімді ӘБ кабинеттеріне іліп қою.

9-10-сыныптар

1. Олимпиадалық қормен жұмыс жүргізу бойынша пән мұғалімдерін анықтау.

2. Ерекше қабілетті оқушыларға тьюторлар бекіту.

3. Оқу жылының басында тьюторлардың жеке даму бағдарламаларын құруы.

4. Олимпиадаға дайындық бойынша элективті курстар кестесін бекіту.

5. Нәтижелілікті бақылай отырып желілік олимпиадаларға қатысу.

6. 9-сыныпты аяқтау барысында тізімді қайта қарау және өзгеріс енгізу (таңдаған пәні мен олимпиадаларға белсенді қатысу арасындағы байланысты қадағалау).

7. Жазғы мектепте олимпиада қорындағы оқушыларды жеке назарға алуды ұйымдастыру.

8. Жоғары сыныптарда пәндерді таңдау кезінде олимпиадалық қор қызметінің тиімділігін талдау.

9. КХЕК (МЭСК) нәтижелері бойынша олимпиадалық қор қызметін бағалау.

10. Оқу жылының басында 9-сыныпқа өту кезінде жыл сайын расталатын «Үміт» айрықша белгісін табыстай отырып, «Олимпиадалық қор» құрамына қабылдау.



«Үміт» айрықша белгісі иегеріне берілетін артықшылықтар:

1. оқушыларды оқу курстарына, байқауларға, конференцияларға іріктеу кезінде (Қазақстан ішінде, шет елдерге);

2. мектепішілік іс-шараларды өткізу кезінде жиындағы құрметті орындарға ие болу;

3. «Жазғы мектепте» жеке бағдарламамен оқуға мүмкіндік алу;

4. айрықша белгі иегерлері туралы ақпараттарды мектеп сайты мен мектеп қабырғаларына ілу;

5. халықаралық және республикалық олимпиада жеңімпаздарын оқу жылының аяғында мектеп әкімшілігімен бірге өткізілетін салтанатты дастарқанға шақыру.




11-12-сыныптар

1. Олимпиадалық қормен жұмыс жүргізу бойынша пән мұғалімдерін анықтау.

2. Олимпиадаға дайындық бойынша элективті курстар кестесін бекіту.

3. Нәтижелілігі бақыланатын республикалық және халықаралық олимпиадаларға қатысу.

4. Олимпиадалық қор қызметін ЖОО-ға түсу нәтижелері бойынша бағалау.



Ескерту* сабақты жоспарлау және қысқа мерзімді жоспарларды құру барысында олимпиадалық қор тізімін басшылыққа алу ұсынылады.

Ғалымдармен бірге жұмыс

Ерекше қабілетті оқушылардың ғылыми-зерттеушілік дағдыларын дамыту мақсатында Қазақстанның және шет елдердің ғалымдарымен келесідей өзекті ғылыми тақырыптар бойынша жұмыстар ұйымдастырылады:

- балама қуат күші және қуатты үнемдеу;

- мұнай мен көмірді өндірудің жаңа әдістері;

- молекулярлық биология;

- гендік және биоинженерия;

- биотехнологиялық өнім;

- нанотехнология;

- жасанды мүшелерді трансплантациялау саласындағы медицина және медициналық технологиялар;

- ғарыш саласындағы инновациялар;

- ауыл шаруашылығы және тағам өндіру саласындағы инновациялар;

- шөптен жасалған дәрі-дәрмектер жасау және өндіру.

Жобаға жаратылыстану-математикалық бағытындағы пәндер бойынша үздік нәтижелері, көшбасшылық қасиеттері, ғылыми жобаларға қызығушылығы бар 7-12 сынып оқушылары қатыстырылады. Ғалымдармен бірге жұмыс жасайтын оқушыларды іріктеу мектептің Педагогикалық кеңесінде жүргізіледі.

БІЛІМ БЕРУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБАЛАР, ТӘЖІРИБЕЛЕР

Ата-аналар жиналысы. Жыл сайын мектепте оқу тоқсандарының нәтижелері бойынша жылына 4 рет жоспарлы ата-аналар жиналысы өткізіледі. Сонымен қатар қажеттілікке байланысты тақырыптық жиналыстар да өткізіледі: 1 қыркүйекте 7-сынып ата-аналарына арналған, жыл ағымында 9-12-сынып ата-аналарына кәсіби бағдарлау мәселелері, сыртқы жиынтық бағалауды ұйымдастыру және өткізу бойынша және т.б.

Экскурсиялар оқушылардың қызығушылығы мен зерттеушілік дағдыларының дамуына ықпал ететін оқу үдерісінің негізгі құрамы болып табылады. Оқушылардың экскурсияға қатысуы үшін ата-аналарының жазбаша рұқсаты қажет. Барлық экскурсиялар оқу жылының басында жоспарланады. Кейбір жағдайларда экскурсиялар ақылы негізде болуы мүмкін.

Виртуалдық мектеп Қазақстан Республикасының әртүрлі білім беру ұйымдарында білім алатын, жаратылыстану-математикалық бағытындағы ғылымдарды игеруге қабілеттері бар 5 және 6-сынып оқушыларын анықтауға бағытталады.

«Виртуалдық мектеп» веб-сайты арқылы үміткерлер аймақтық Зияткерлік мектепке оқуға тіркеледі, тапсырмалар мен оларды орындау бойынша нұсқаулықтар, сонымен қатар педагогтың жеке кеңесін де ала алады.

Виртуалдық мектеп тапсырмаларын табысты орындаған оқушылар Каникулдық мектепке шақырылады. Виртуалдық мектеп веб-сайты: www.vs.nis.edu.kz .

Каникулдық мектеп Зияткерлік мектептерге түсуге дайындықты ұйымдастыруға бағытталған.

Каникулдық мектепте сабақтар өткізетін мұғалім келесідей критерийлерге сәйкес келуі тиіс:

- 3 тілде сөйлейтін (қазақ, орыс, ағылшын);

- «мұғалім-модератор» деңгейі бар;

- пән бойынша оқу бағдарламаларының авторы;

- дарынды балалармен шығармашылық жұмыс жүргізу тәжірибесі бар;

- Назарбаев Зияткерлік мектебінде мұғалім ретінде 1 жылдан астам еңбек өтілі бар.

Жазғы мектеп оқушылардың алған білімдерін тәжірибеде қолдануға арналған кезең ретінде жыл сайын өткізіледі. НЗМ оқушылары үшін жазғы мектепке қатысу міндетті болып табылады. Жазғы мектеп НЗМ оқушылары үшін ақысыз және ақылы негізде де өткізіледі. «Баланы жұмысқа ал» әлеуметтік тәжірибесі (7-8-сынып) еңбекті бағалау дағдысын қалыптастыру, ата-аналар мен балалардың арасындағы түсіністікті нығайту, мамандық таңдау мәселесіндегі ұрпақтар сабақтастығын нығайтуға бағытталған.



«Ата-ана кәсіпорнындағы 10 күн» әлеуметтік тәжірибесі (9-11-сынып) болашақ мамандықты анықтау, кәсіпкерлікке ынталандыру және іскерлік ынтымақтастыққа бағытталған.

«2 апта ауылда» әлеуметтік тәжірибесі (7-8-сынып) мемлекеттік тілді дамыту және ұлттық салт-дәстүрлер туралы білімдерін арттыру, денсаулықты нығайту, еңбек дағдыларын, күнделікті және коммуникативтік қиындықтар арқылы өмірлік табандылықты дамытуға бағытталған.

«Туған елге тағзым» өлкетану-зерттеу экспедициясы (7-10 сыныптар) оқушыларға өз елін және ондағы ерекше таңғаларлық орындарды, олардың ерекшеліктерін жобалық жұмыстар арқылы тануға мүмкіндік береді. Экспедицияға оқу жылы ішінде «Шаңырақ» қауымдастығы аясында ерекше белсенділік танытқан оқушылар қатыстырылады.

«Discover Kazakhstan» байқауы - Назарбаев Зияткерлік мектептері мен жалпы білім беретін мектептер оқушылары арасындағы ағылшын тілінде үздік эссе жазу байқауы. Байқау нәтижесі бойынша үздік эсселер жинағы жарыққа шығарылады.

«100 кітап» жобасы - оқушылардың көркем шығарманы оқуға қызығушылықтарын арттыратын жоба. Бұл жоба аясында оқушыларға оқу жылы барысында қазақ әдебиетінен 60, әлем әдебиетінен 40 кітап оқуға ұсынылады (20 - ағылшын, 20 - орыс тілінде).

«100 ән» жобасы өз халқының тілі мен мәдениетін танымал ұлттық әндерді орындау әрі насихаттау арқылы үйретуге бағытталған.

«100 күй» жобасы оқушыларды патриоттыққа, қазақ халқының мәдени мұрасына құрметпен қарауға, оған деген қызығушылығы мен сүйіспеншілігін арттыруға тәрбиелейді.

«TEDх» клубы әртүрлі әлемдік көзқарастар мен идеяларға құрметпен қарауға, оқушылардың көпшілік алдында сөйлеу және өз идеясын ұсына білу дағдысын дамытуға мүмкіндік береді.



Каталог: Aktobe -> Portal -> wp-content -> uploads -> 2017
Aktobe -> Оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендерінің, құралдарының және басқа да қосымша әдебиеттердің, оның ішінде электрондық жеткізгіштегілерінің тізбесін бекіту туралы
Aktobe -> Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарды мемлекеттік аттестаттауды және өзіндік бағалауды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі бағдарлама және әдістемелік ұсынымдар
Aktobe -> Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы
Aktobe -> 500 мыңға жуық адамды қамтитын, 2200-ге жуық шараны өткізу жоспарланып отыр. Оның ішінде
Aktobe -> Жекешелендірудің екінші ағымы аясында сауда-саттықты өткізу туралы ақпарат
Aktobe -> Сабақтың тақырыбы: Ақтөбе қаласы
2017 -> Біздің Ұранымыз әлем сізді күтуде … мектеп миссиясы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет