Дәріс №1 Полимерлер туралы негізгі ұғымдар



бет1/31
Дата26.08.2022
өлшемі2,87 Mb.
#148252
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31
Байланысты:
1869723674629 Лекция ВМС (1)
мақала, Ғылыми стиль, Характеристика, Шай дайын (1)

Дәріс №1
Полимерлер туралы негізгі ұғымдар


Дәріс мақсаты: ЖМҚ негізгі түсініктері мен анықтамаларына тоқталып, полимерлердің тірі табиғаттағы маңызы мен өндірістік материал ретіндегі мәнін түсіндіру.

  1. Полимерлер (ЖМҚ) туралы негізгі ұғымдар.

  2. ЖМҚ төмен молекулалық қосылыстардан ерекшеліктері.



1. Полимерлер туралы негізгі түсініктер. Молекулалық массасының шамасы 5000 – нан жоғары қосылыстар жоғары молекулалық қосылыстар (ЖМҚ) болып табылады. Жоғары молекулалық қосылыстар табиғи немесе синтетикалық болуы мүмкін. Табиғи түрлеріне ақуыздар, полисахаридтер, табиғи шайырлар, каучук, крахмал, целлюлоза, нуклеин қышқылдары, лигнин және т.б. жатса, синтетикалық полимерлерге полиэтилен, полистирол, полиамидтер, фенолды шайырлар және сол сияқты қосылыстар кіреді.
Үлкен молекулалық массасы және өзіне тән бірқатар қасиеттері бар қосылыстарды жоғары молекулалық қосылыстар немесе полимерлер деп атайды.
Ең қарапайым органикалык, полимер - полиэтилен, ол этиленнің полимерленуінен түзіледі. Этиленнің екі молекуласы қосылып, бутилен молекуласын береді:
СН2 = СН2 + СН2 = СН2 → СН3 - СН2 - СН = СН2
Алғашқы зат этилен мономер деп, ал түзілген бутилен димер деп аталады. Этиленнің үш молекуласы қосылса - тример, төртеуі қосылса -тетрамер жэне т.б. болады. Ал егер мономердің п молекуласы қосылса, онда полимер түзіледі («поли» - көп деген сөз).
n СН2 = СН2 → [- СН2 - СН2 -]n
Көп рет қайталанатын мономерлерден немесе мономерлердің негізгі бөлігінен тұратын топтар буындар деп, ал буындардан құралған үлкен молекула макромолекула деп аталады.
... – А – А – А – А - ...



буындар

макромолекула

Мысалы, таза каучуктың (C5H8)n макромолекулалық буыны ретінде тізбектің келесі бөлігі саналады:
... – СН2 – C = CH – CH2 - СН2 – C = CH – CH2 - СН2 – C = CH – CH2 - …
| | |
CH3 CH3 CH3

A - буын
Макромолекуланың құрамына кіретін буындар саны жоғары молекулалық қосылыстардың полимерлену дәрежесін көрсетеді. Ол Р әрпімен өрнектеледі. Полимерлену дәрежесі полимердің молекулалық массасымен М төмендегідей байланыста болады:



мұндағы т - буынның молекулалық массасы.
Мысалы: полипропиленнің молекулалық массасы М = 84000, m = 42

( - CH2 – CH - )n


|
CH3
Молекулалық массасы 500-5000 аралығындағы қосылыстарды олигомерлер деп атайды. Олигомерлер ЖМҚ – ға да, ТМҚ – ға жатпайды, олар аралық қосылыстар, өздеріне тән қасиеттері болады.
Бірдей мономерлерден құралған полимерлер гомополимерлер деп, ал тізбегінде бірнеше типті мономерлік буындар бар полимерлік қосылыстар - сополимерлер деп аталады.
... - А – А – А – А - ... немесе ... – В – В – В – В - ... - гомополимерлер
... – А – В – С – А - ... немесе ... – А – В – А – В – А - .. - сополимерлер
Табиғи полимерлер ежелгі заманнан белгілі. Жер бетінде тіршіліктің пайда болуы полимерлер – ақуызға тікелей байланысты. Бүкіл адам организмі ақуыздан тұратындықтан табиғат пен полимерлердің арасындағы байланыс миллиард жылға созылады.
Алғаш рет «полимер» деген терминді 1833 жылы швед ғалымы Берцелиус енгізген. Бірінші полимер поливинилхлоридті 1833 ж. Реньо, ал полистиролды 1839 жылы Симон алды. Әйгілі фенолформальдегид шайырын неміс ғалымы Байер 1872 жылы синтездеді. Өнеркәсіпте алғаш рет фенол-формальдегид шайырын 1909 жылы бельгиялық ғалым Л.Бакеланд, ал 1912 жылы Ж.Брандбургер целлофанды алды.
Жоғары молекулалық қосылыстар туралы жүйелі түрдегі түсініктерді алғаш рет неміс ғалымы Г.Штаудингер (1920 ж.) ұсынды. Ол «полимер», «полимерлену» терминдерінің түсінігін қазіргі заманғы мағынасында тұжырымдады.
Осыдан бастап полимер ғылымында көптеген жаңалықтар ашылды және полимерлерді синтездеу, қасиеттерін зерттеу кең өріс алды.
Лебедевтің синтетикалық каучукты (1933ж.), Карозерстің полиамидті алу жолындағы еңбектері өте құнды болды. 1955 жылы К.Циглер мен Д.Натта ашқан стереоретті полимердің алынуы полимерлер химиясы саласындағы елеулі жаңалықтар болып саналынады.
Жоғары молекулалық қосылыстар химиясы ғылымының өркендеуіне үлес қосқан көрнекті ғалымдар - Г.Штаудингер, У.Карозерс, Г. Марк, П.Флори, В.Кун, С.Лебедев, В.А.Каргин, В.В.Коршак, С.Р.Рафиков және т.б.
Қазіргі кезде жоғары молекулалық қосылыстар дамудың ең жоғары шегінде. Көптеген жаңа қасиеттері бар сан алуан полимерлер синтезделіп, өндіріске енгізіліп. нақты қолданыс табуда (полимерлік краун – эфирлер, биополимерлер, химиялық талшықтар, полимерлік композициялық материалдар, дентримерлер, т.б.).


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет