Диссертациясы Сәйділ Талжанов



бет1/29
Дата08.06.2018
өлшемі0,75 Mb.
#42128
түріДиссертация
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29





С.О.Талжановтың

кандидаттық диссертациясы

Сәйділ Талжанов

ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНІҢ ДАМУ БЕЛЕСТЕРІ ЖӘНЕ АУДАРМА МӘСЕЛЕЛЕРІ


Филология ғылымдарының докторлық дәрежесіне арналып жазылған

д и с с е р т а ц и я

Ғылыми-консультант Қазақ ССР Ғылым академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы,

профессор ІСМЕТ КЕҢЕСБАЕВ

АЛМАТЫ – 1971 жыл

САЙДИЛЬ ТАЛЖАНОВ

ИСТОРИЧЕСКИЕ ПЕРИОДЫ РАЗВИТИЯ КАЗАХСКОЙ ЛИТЕРАТУРЫ И РОЛЬ ПЕРЕВОДА В ЭТОМ ПРОЦЕССЕ

Диссертация написана на соискание ученой степени доктора филологи- ческих наук

Научный консультант, академик АН КазССР, доктор филологических наук, профессор

СМЕТ КЕНЕСБАЕВ


1971 год


«Тілді жеке адам жасай алмайды, оны халық жасайды, филологтар халық тілінің заңды құбылыстарын ашады да соларды жүйелеп системаға түсіреді, ал әдебиетшілер мен жазушылар сол тілдің заңдарына сүйене отырып, өздерінің мәңгі өлмес еңбектерін жазып қалдырады»

/В.Г.Белинский.1334. «Литературные мечтания». Полн.собр: соч. Изд-во АН СССР, том І, стр.44. также «Русские писатели о языке». Советский писатель. Ленинград,

1954, стр.212/.

А В Т О Р Д А Н

Әрбір халықтың өсіп-ержеткен тарихи тіршілігін шолып отырсаңыз көз алдыңызға үдере аққан ұзын өзеннің арнасы елестейді. Ол арна кейде жайылып жатады да кейде қылталана түседі. Жайылған жері саяз, қылта тұсы тұңғиық терең де болады.

«Адам – керуен, өмірі – жол, Ешкімге жат із емес.

Жолмен көшкен керуеннің Алды, арты да біз емес»

/Сәкен – 1927/.

Осы еңбегімізді жазғанда біздің сүйенген деректеріміз орыс халқының ғалымдарынан алынды, олардың объективтік ғылми-тарихи зерттеулерін ескеріп отырдық. Көне шығыс елдері мен Батыс Европа халықтарының ғалымдары айтқан пікірлер де орыс тіліндегі аудармалар арқылы келтірілді. Солардың тұжырымды түйінді ойларын да қазақ халқының көп ғасырлық дәуірі қамтылады екен. Ендеше қазақ халқы талай-талай шетел шапқыншылықтарына ұшырап, теңсіз телегей теперіштерді басынан кешіріп келген ел сияқты.

Осы еңбекті бірнеше жылдай сарылып жазған мезгілімізде, көбінесе, бір жағдай қолды байлай берді, ол – біздің қазақ тілінде ескі дүниеде жазылып, сақталып қалған ескерткіштердің аздығы көлденең тұрды. Бұрын болған мұралардың көбі түгел жетпеген, ұзақ өмір бойында неше алуан шырғалаңға ұшырап біразы өртеніп кетуі де ғажап емес. Мысалы, «Бір кезде араб шапқыншыларының Иран мен Орта Азияда сақталған кітап қорына зор зиянын тигізгені мәлім. Көптеген құнды кітаптар сол қарсаңда отқа өртелді. Фанатизм шабуылынан аман қалғандары да неше алуан қырсыққа ұшырады,

құрып кетті»1, – дейді







1 «Кәлилә мен Димна» «ҚМКӘБ», Алматы, 1962, 5-6 бет. Е.Э.Бертельстің «Алғы сөзінен аударылып алынды. – /С.Т./

Е.Э.Бертельс. Бұл уақиға 8-ғасырдың шамасында болды.

Мұндай шапқыншылық бұрын да , соң да болса керек. Соның ішіндегі ең зоры Шыңғыс хан дәуірінде /12 ғасырда/ Отырардың өртенуі еді. Әлемнің екінші ұстазы атанған ғұлама Әбу-Насыр әл-Фарабидың туған мекені – Отырарда қандай қымбатты дүние-мүліктер жер астына түспеді десеңші!

«ХІІІ ғасырда моңғол шапқыншылығы – Азияның талай мәдениетті елдерін тас-талқан етті» 1 деп академик В.В.Бартольд тегін айтпаған ғой.

Мәдени мұраларды отқа өртеп, мәдениет ошағын жармен-жексен ету Шыңғыс хан шапқыншылығынан да бұрын болыпты, мысалы, Терістік Индиядағы Ғазна шәһәрінің дәуірлеп өсуі – ХІ ғасырда – Махмуд сұлтан заманында екен. Махмуд тұсында Ғазнада атағы жер жарған талай ақын, әдебиетшілер, ғалымдар болыпты. Бері келе Бахрам шах дәуірінде /1118- 1152/ Ғазна қайта көтеріледі. Мәдениеттің, әдебиеттің өсіп-өркендеуіне Бахрам-шах өзі де ат салысып, көмек беріп отырады. Әлемге аян Санал мен Сузани сияқты ақындар және «Кәлилә мен Димнаның» аударушысы Абул- Маали Насруллах та сол кезде Ғазнада еңбек істейді.

Міне, осындай мәдениет орталығын Ғазнаны құртып жіберген Изз-ад- Диннің үшінші ұлы – Гур2 елінің әкімі Ала-ад-Дин Хусайн деседі. Он бірінші ғасырдың тоқсаныншы жылдарында туған Самарқаннан шыққан/ Низами Арузидің айтуынша әлгі әкім Алад-ад-Дин Хусайн 1146 жылдан бастап

«Дүние жүзінің патшасы




1 Академик В.В.Бартольд. Сочинения. Изд-во «Наука», М., 1968, том Ү, стр.253.

2Гур-Герируд өзенінің жоғарғы жағындағы таулы облыс, Герат қаласының шығысында тұрады / арабша «Джабал» деп атайды/ Гуридтер мемлекетін 1118 жылдан 1215 жылға дейін Шансаб әулеті билеген, бұл мемлекетке Ауғанстан, Хорасанның шығысы, Индияның терістік жағы кірген. Гур патшалығын тұңғыш рет құрған Изз-ад- Дин-Хусейн, сонсоң оның үш баласы – астанасы Бамиан шәһәрі болған. / С.Т./.

/«Государь мира»/, «Шығыстың сұлтаны» болған екен, Гур патшаларының ішінен Ала-ад Дин Джаһансуз» /«Дүниені өртегіш»/ атанған да сол кісі.

1260 жылы Индияда тұрған белгілі тарихшы Минхадж-ад-Дин Джуаджанидің әңгімесінде:

«Ала-ад-Дин Ғазнаны күшпен алды да сол шәһәрді жеті сөтке өртеді, сонда будақтап шыққан қою қара түтін күндізін түнге айналдырды, ал өрттің лаулап жанған жалыны жарық беріп, түнін күндізге айналдырды, осы жеті сөткеде ұрлау-қарлау, бейбіт тұрғындарды қырып жою жүгенсіз жүрді, жетпіс мыңнан астам еркектер қырғын тапты, әйелдер мен балалар тұтқынға алынды... »1 - деген уақиға шертілді. Міне, осындай кесірлі кеселдердің зардабы көп нәрсеге тигені анық.

Азда болса, өткен мұрадан өзімізге дейін жеткен сарқыншақтарды сұрыптауымыз қажет, бұрын зерттелмеген қазақ елінің рухани қазынасын – тілін, әдеби мұраларын қырағы тексеріп, ескі өмірде болған алуан-алуан толғаулардың басын ашатын мезгіл де жетті.

Күні кеше ғана Есік моласынан алтын киімді адам табылады, оның жерленуі үстіміздегі жыл санауымыздан 5-6 ғасыр бұрын деседі, ендеше Үйсін хандығы дәурен сүрген мезгіл болса керек-ті.

Осындай тар кезеңдердің талайын басынан өткізген қазақ елі бері келе ыдырап көшпелі өмірге беттегендей. Сонда да осынша өңірге ие болып, ен дүниені, зор байлықты совет дәуіріне жеткізген ел – оңай еңбек сіңірмегендей.





1 Низами Арзун Самарканди «Собрание редкостей или четыре беседы». Перевод с персидского С.И.Бабаевского и З.Н.Ворожейкиной. Под редакцией А.Н.Болдырева. Изд- во. Восточ.литературы. М., 1963, стр.7-9.

Осы тәрізді ұлы дәуірлерден өтіп келген, кейін патша тұсында

«бұратана» /«инородец»/ атанған, өзін-өзі тани алмаған, жазықсыз дүре жеп, еріксіз езіліп келген елдердің тілін, әдебиетін, азаматтық ерік тізгінін өзіне беріп, өз алдына дербес республика етіп, әрбір ұлт ерекшелігін көркейтуге көмек берген, өсіп ер жетуіне жол ашқан данышпан Владимир Ильич Ленин болды.

«Мемлекет тілі керек пе?» деп, 1914 жылы жазған мақаласында айтқан программалық сөзі мынау:

«... Міндетті түрде болатын «мемлекет» тілі деген не?» – деп, В.И.Ленин сұрақ қояды да, әрі қарай – мұның мәнісі тәжірибе жүзінде Россиядағы ұлы орыс /«великоросс»/ тілі басқа тілдерге қожа болсын деу. Сонда «мемлекет» тілі бүкіл мектептерде міндетті түрде оқылмақ, ресми іс жүргізу де жергілікті халықтың тілінде болмай әлгі «мемлекет» тілінде болмақ».

«Мемлекет тілі міндетті түрде жүрсін деп өзеурейтін партиялар, осының қажеттігін немен дәлелдеп жүр?» – деп тағы сұрақ қояды да, В.И.Ленин:

«Әрине, кертартпалардың «дәлелдері» қысқа келеді, – дейді, – олар: бұратана елдердің бәрін уыстап, бүріп ұстау керек, жайылып кетуіне мүмкіндік бермеу керек. Россия бөлініп, жарылып бытырамасын, барлық ел сол ұлы орыс тіліне ғана бағынсын, өйткені орыс жерін жинап-теріп құрастырған ұлы орыстар. Сондықтан үстем ұлттың тілі міндетті түрде мемлекет тілі болсын» деп толғайды. «Ал, мынау Пуришкевич сияқты мырзалар «итше үретін тілдерге» /«собачьи наречия»/ мүлде тиым салу қажет» – деп соғады.

«Либералдардың бағыты өте «нәзік», өте «мәдениетті» келеді...

Бұлар: «бастауыш мектептер ұлт тілінде оқысын» – дей келіп,

бірақ «міндетті түрде жалпыға бірдей мемлекет тілі болсын, бұл «мәдениет» үшін, Россияның «бөлінбейтін» /«неделимой» «бірлігі» үшін дегенге келгенде әлгі либералдар да ана кертартпалармен ауыз жаласады».

«Россиядағы ұлы орыс халқының тілін әрбір адамның үйреніп білуіне біз де қарсы емеспіз, бірақ, еріксіз қысымға ұшыратуды қолдамаймыз. Таяқтап апарып, «ұжмаққа» тығудың қажеті жоқ. Себебі «мәдениет» деген сөзді жамылып, қанша әдемілеп сөйлесеңіздер де бәрібір оның арты «міндетті мемлекет тілі болса, ол еріксіздікке, зорлауға апарып тірейді»1 – дейді В.И.Ленин.

Владимир Ильичтің осындай терең танырлық, қырағы пікірі – біздің совет дәуірінде мүлде қарыштап өсуімізге жол көрсетті, бітеліп қалған бұлақтың көзін ашты. Ұлы көсеміміз В.И.Лениннің 45 томдық еңбегі, оның төртінші басылуы қазақ тілінде қазір түгел жарық көрді. Осы игілі ісіміз – қазақ тілі лексикасы мен сөйлем құрылысына көп жаңалық енгізді, терминологиямыздың қалыптасуына қолғабысын тигізді бүгінгі өзіміз көріп отырған жағдай осыған айғақ.

Ендеше қазақ тіліндегі әдебиеттің қалыптасуы, өрге өрлеуі – міне осы совет дәуірінде – В.И.Ленин заманында ілгері басты.

Совет қауымындағы ұсақ ұлттардың бәрі де әділ көсеміне алғыс айтады, соның біреуі қазақ елі бір ауыздан мәңгі ырзалық білдіреді.


«Ленин десек партия деп ұғамыз, Партия десек Ленин деп түсінеміз»

/В.В.Маяковский/

Октябрь революциясынан кейін совет дәуірінде, шағын мезгіл ішінде тіліміздің, әдебиетіміздің осынша өсіп қалыптасқанын,




1 В.И.Ленин. Полное собр.соч. Издание пятое, т.24, ГОС изд-во, политической литературы. М., 1961, стр.293-295.

ер жеткенін, ғылми зерттеулер жаза алатын жағдайға келгенін дәлелдеу үшін

– ұлы ұстазымыздың алдын ала алыстан болжауын анықтау үшін бұл еңбекті қазақ тілінде жаздық. Келешектегі коммунизм құрылысына жарқын дүниеге өз үлесін қосатын, өзінің ұлттық ерекшелігімен бөгде тілдерге де көмегін тигізетін тілдің біреуі қазақ тілі болуына тілектеспіз, осы пікірімізді кейінгі жас буыннан шығатын ғалымдарымыз жүзеге асыратыны анық.

Екінші айтарымыз, қаншама көптен үйреніп, көптеп білсек те тілдік құрылысы бөлек, ұғым-ырғағы басқа ұшан теңіз бай орыс тілін жеріне жеткізе меңгере алмауымыз жасқандыра берді. Сөйтіп бесікте жатқанда құлағымызға сіңген ана тілінде осы еңбекті жазу жеңіл тәрізденді.

Бұл еңбегімізде, қазақ халқының көп ғасырлық тарихында қандай елдермен, қай заманда ауыс-түйіс жасағанын сөз етпекпіз. Тіліміз бен әдебиетіміздегі неше алуан толғаныстарды шолғанда кімнен не алғанымызды, кімге не бергенімізді жіліктеп ажыратуға тырыспақпыз.

К І Р І С П Е

Көз жеткісіз көне заманда, әлгі қарым-қатыс бүгінгідей етек алып жайылмаған кезеңде, талай-талай ұқсас ойлар-толғаныс тебіренулер, тіпті біріне-бірі сырттай ұқсап кететін жеке-жеке сөздер де болған екен. Бірақ, осылардың бәрі бір қаптан, бір саптан шықпаса керек, былай айтқанда бір елде туып бөгде елдерге содан таралмағандай. Ең әуелі осы жәйттің басын аша кетелік.

Кейде некен-саяқ сырттай ұқсастықты ұшыратса-ақ болғаны «Ия, мынау жат жұрттың ұғымы, мұны пәленшеден түгенше алып пайдаланған екен...» деп шамалаймыз. Тіпті, бізге не сор, мұндай «долбарлаудың» кейбір орашалақ үлгілері өткен заманда орыс халқының зерттеушілерінде де болған ғой. Мысалы, орыс филологиясының көрнекті қайраткері Ф.И.Буслаев орыс халқының ауыз әдебиетіндегі толғаулардың біразын көне ертектерден іздеген, кейбірін ежелгі санскритке апарып теліген, бұл бағытты

«Мифологиялық школа» деп атайды; кезінде Ф.И.Буслаевтың осы сыңаржақ пікірін жеріне жеткізе сынап, мансуқ еткен атышулы сыншыларымыз Н.Г.Чернышевский 1 мен Н.А.Добролюбов 2 еді.

Баяғыда 1858 жылы А.Вельтман деген ғалымның «Тарихи халық аңыздарының жинағы» /«Свод исторических народных преданий»/ атты кітабына да Н.А.Добролюбов рецензия жазған-ды; сонда: «А.Вельтман мырзаның филологиялық әдістері оның өзі ашқан мынадай тіл заңдарына тиянақтайды», – депті. – Мысалы:

І/ «Бір тілден екінші тілге көшкенде әрбір дауысты дыбыс кез келген дауысты дыбысқа ауыса береді.




1 Н.Г.Чернышевский. «Современник» журналы, 1854, №9, бұдан кейін «Современник» журналының 1861, 6-7 сандарында жарияланған «Полемических красотах» - деген мақалаларын қараңыз.

2 Н.А.Добролюбов. Собр.Соч.І. ГИХЛ. М., 1961, Ленинград, стр. 79, и 555.

2/ Сондай-ақ әрбір дауыссыз дыбыс та толып жатқан дауыссыз дыбыстардың біреуіне ауыса салады.

3/ Әрбір сөздің ішіндегі дауысты, дауыссыз дыбыс та, әріп те, тіпті бүтін буын да, әдемі естелуі үшін, түсіп те қалуы кәдік, немесе жаңадан қосылып та кетуі мүмкін.

4/ Дауыстылардың дауыссыздарға айналуы да, немесе керісінше көшуі де ықтимал» – деп келеді де әлгі А.Вельтман:

«Ү ғасырда болған гунның қолбасшысы Аттилланы «Киевтің ұлы князі орыс халқының патшасы» етіп шығарады, өйткені, ескі латын тілінде «гун» деген сөз «Huni» /хуни/ болып жазылса, оны А.Вельтман «Chuni» /куни/ сонсоң «Chueni» /куени/ етіп орыс тіліне таяп әкеледі де, бұл енді «Кыяне», былай айтқанда «Киевляне», ендеше бұлар Киев қаласының тұрғындары» деп түйеді. 1

Мұндай сыңар жақ пікірлер әлгі А.Вельтманнан бұрын да, соң да болған тәрізді. Мысалы, 1853 жылы Санк-Петербургте «Отечественные записки» атты журналдың 7-санында шыққан «О родстве языка славянского с санскритским» деген мақаласында ғалым А.Гильфердинг орыс тілінде айтылатын «амбар» дейтін сөзді санскриттің «ambarjiami» /амбариами/ сөзінен шығарыпты. Орыс тіліндегі «якшаться» деген сөзді санскриттің

«jaksh» /якш/ сөзінен апарып тудырған екен.

А.Гильфердингтің осы бір шұғыл байламына қарсы шығып ұлы сыншы, өз мезгілінің ғалымы Н.Г.Чернышевский былай депті:

«Амбара» он /А.Гильфердинг – С.Т./ производит /стр.13/ от санскритского «ambarjami» – коплю, собираю. Но амбар /правильнее анбар/ – чисто арабское слово, перешедшее к нам от татар,




1 Н.А.Добролюбов. Собр.соч.том 2. М., 1962, стр.335-339.

См.статью: «Атилла и Русь ІҮ и Ү века».

подобно словам сходного значения: «казна» и «сундук».

«Якшаться, которое отмечено в «Областном словаре» как вологодское, но которое употребляется на всем востоке России, производит он от санскритского «jaksh» – чтить /стр.39/ оно происходит от татарского «якши»



  • «хороший, друг» 1 – деген екен.

Біз де Н.Г.Чернышевскийдің осы пікіріне түгел қосыламыз, буынсыз жерге пышақ салып А.Гильфердингтің мына сөздерді сонау санскритке апарып телуі түбірімен теріс. Алайда, Н.Г.Чернышевскийдің «анбарды» араб сөзі деуі жаңсақ айтылған, бұл сөздің түбірі «анбар» – «амбар», «албар» фарсы мен түркі тілдеріне ортақ болса керек.

Зерттеудегі осындай өрескел долбардан аулақ болу үшін өзімізді де, жас ғалымдарымызды да сақтандыруымыз жөн. Әрине, төрт аяғын тең басқан, құбыласы түгел еңбек күнде туа бермесе керек.

Өйткені «Ғалымның көзімен» /«Глазами ученого» / деген кітап 1963 жылы шықты, көлемі 737 бет. Осы кітапқа сайдың тасындай өңшең ірі ғалымдар ат салысыпты, соның ішінде В.А.Амбарцумян, А.П.Виноградов, А.Н.Несмеянов, В.Г.Фесенковтар бар екен.

Айтылмыш еңбектің кіріспе сөзін совет ғалымы, СССР Ғылым академиясының бұрынғы президенті, аты-шулы академик А.Н.Несмеянов жазыпты. Сонда: «Бұл кітапты жазу үшін ғалым – авторларды сұрыптап- таңдап-ақ алдық, сонда да болса осы еңбек мүлде мінсіз дей алмаймыз. Өйткені қатынасқан авторлардың көпшілігі ғылымды өз қолымен жасаушылар еді, бірақ сол ғылымның құнарлы маңызын жұртқа жайып түсіндіруге төселмеген адамдар болатын. Ендеше,






1 Н.Г.Чернышевский. Полное собр.соч. в 15 томах, т.ІІ, ГИХЛ, М., 1949, стр.202.

ешбір кемшілігі жоқ мұнтаздай кітапты мүлде жазбай қойғаннан көрі, азды- көпті міні бар кітапты ара-тұра жазып шығарған анағұрлым артық» деген екен осы күнгі ағылшын ғалымы химик К.К.Ингольд. Ендеше, соның ойын біздің де медеу еткеніміз мақұл», депті академик А.Н.Несмеянов 1.

Өткен тарихи ұзақ сапарында қазақ халқы талай елді, талай жерді көрген тәрізді, бұған әр мәдениеттің рухани да, материалдық та әсерлері тигендей. Осылардың шытырман іздері қазақтың тілінде, ауыз әдебиетінде, әдеби мұраларында көрініп жатқандай.

Халықаралық ауыс-түйіс тоқсан түрлі, мұның ішкі байланысын бірден ұғына қою оңай да емес. Өйткені тарихи фактылар әр дәуірден ауысып, бірте-бірте құбылып жаңара беретіндей және көнере де түсетіндей.

Біздің бүгінгі атом заманында «аспан алақандай, жер тебінгідей болды. Ел арасының шалғайлығы сонау көне замандағы мағынасын өзгертті. «Алты айшылық жолды алты басатын» – ақындар арман еткен Тайбуырылдардың жүйрік жүрісі реактивтік самолеттің шаңына ілесе алмай қалды. Дүние-жүзі қоян-қолтық алысып, ойларын бетпе бет ортаға салысты. Бұл жәйт ежелгі дүниеде болмаған еді. Сондықтан ол заманның ауыс-түйістері бүгінгінің өлшеміне сыймайды. Сола бола тұрса да дүниенің төрт бұрышында сол кездерде тұрған, не тарихи, не географиялық, не діни байланысы жоқ елдердің аузында да біріне-бірі ұқсас ойлар айтылған екен, міне осының себебі неде? – деген сұраққа жауап беруге беттеп отырмыз.

Әрине, ой ауысуының халықаралық процесі өте шытырман, әсіресе әлеуметтік көріністі көзге анық елестету қиын. Бір







1 «Глазами ученого» «от земли до галактик, к ядру атома, от атома до молекулы, от молекулы до организма». Изд. АН СССР, М., 1963, стр.9.

елдің екінші елге ететін әсері қарапайым зат емес, ол өте шимай-шатақ, бұраңдаған тоғыз жолдың торабы.

Г.Н.Потанин «Европаның орта ғасырлық эпостарында шығыстың сарындары бар» атты еңбегінде 1, «қазақтың бір талай ертегілерінің ертедегі дүние танумен байланысты туғандығын көрсетті»2 – дейді М.О.Әуезов.

Біздің осы арада айтарымыз Г.Н.Потаниндей ғалым айтқан ойдың дұрыс, терісін шешуде емес, тек қана ауыс-түйістің әр елде, әр дәуірде болғанын, оның әлі де бола беретінін дәлелдеуде, сонда да мына күйіну, сүйіну тәрізді дерексіз толғаныстар: жақыны өлгенде жылау, бала туғанда қуану, ашуланғанда қамшы сілтесіп, төбелесу әр адамның басынан көшеді, заманына сай өзгеріске ұшырап дамуы да ықтимал, неше алуан саққа жүгіріп құбылуы да мүмкін. Алайда, қаншама сырттай ұқсас болғанымен бұларды ауысудың нәтижесі деп ұғыну мүмкін емес.

Өмір шындығы жұрттың бәріне бірдей, бірақ оны әр халық өзінше ұғынады, өзінше атайды. Өзінің күнде көріп отырған жағдайларына, саяси- экономикалық бағытына, табиғат көріністеріне байланыстыра толғайды. «Бір елдің әдебиетін бізге жеке адамның табиғаты, сол халықтың мінез-құлқы түсіндірмейді, тек сол елдің өткен тарихы мен әлеуметтік құрылысы ғана айқындап ұғындыра алады... адамның рухы жасап шығарған туындыны да, сондай-ақ төңіректегі тірі табиғаттың туындысын да тек сол қоршап тұрған орта түсіндіретіні даусыз» – депті Г.В.Плеханов. 3





1 Г.Н.Потанин. «Восточные мотивы в средневековом западноевропейском эпосе», М., 1899.

2 Қазақ ертегілері. ҚМКӘБ, Алматы, 1957, ІХ-бетінде /Осы кітапқа М.О.Әуезов пен Ы.Ысмайлов жазған кіріспе сөзін қараңыз/.

3 Г.В.Плеханов. «Письма без адреса», ГИХЛ, М., 1956, стр.40-41 «... не природа, не характер данного народа, а его история и его общественное устройство обьясняют нам его литературу... произведения человеческого духа, как произведения живой природы, обьясняются только их средой».

Дәл осы арада оқушылардың есіне сала кету артық болмас, мына ұқсас ойлар әр елде бір мезгілде тууы да шарт емес, себебі бір саяси-экономикалық жағдайды бір ел басынан ерте кешірсе, екінші елде ол дәуір басқа кезде туатыны көпке мәлім. Мысалы, патриархалдық-рушылдық дәуір бір елдің басынан осыдан екі мың жыл бұрын өтеді де, екінші ел сол рушылдық дәуірге кейін келіп жетеді: Көне тарихта айтылған аңыздар осы күнге дейін айтылып келеді, бірақ кейбір жерде өсіп өте ұлғайғанын көреміз де, ал екінші бір елде марғаулап кейін қалғанын байқаймыз. Осының бәрі сол елдің өскелең жетілуіне немесе мәдени мешеулігіне байланысты болса керек-ті.

Ұлы эпостарда айтылатын пікірлердің ұқсастығын соңырақ тексереміз, өйткені олар ауыздан ауызға көшіп жүрген қысқа-қысқа мысалдардан, ұсақ ертегілерден, келте қайрылатын анекдоттардан, өткір афоризмдерден соңырақ шыққанына кәміл сенеміз.

Заты, әрбір халық балаң дәуірден рухани марқа дәуірге қарай беттегенде ғана өзінің ұлттық дербестігін, өз қолы өз аузына жетуін көксейтін тәрізді. Міне, осы кезде олар шетелдік жаудан, табиғаттың мылқау күшінен қорғайтын қаһарлы батыр-қайсар басшыны іздейтіндей, ендеше батырлар жыры-ұлы эпостар дәл осы өскелең мезгілде келіп, соңырақ туатын сияқты. Мысалы, үстіміздегі жыл санаудан екі мың төрт жүз жыл бұрын ежелгі «Қос өзен» /«Тигр мен Евфрат»/ бойында Шумер елі дәуір сүреді. Гильгамеш атты батырдың жыры сол кезде туыпты. Осы Гильгамештен мың жыл кейін Грецияда «Илиада» мен «Одиссеялар» жырланады. Индияның

«Махабхаратасы», Скандинавияның «Аға Эддасы», Осетияның /«Нарты»/ деген эпосы, Германияның «Нибелунги» мен «Фауст» тәрізді эпостары, оғыз елі мен қазақ халқына ортақ «Дадам қорқыты», қырғыздың «Манасы», қазақтың «Қобланды», «Алпамыс»,

«Ер Тарғындары» тарих бетіне шықты. Осылардың бәрі де өз заманында әр халықтың конкрет дүниесінен, қиялының жалғасынан туады. Әр жұрттың нанымы, творчестволық шарықтауы өз әлінше осылай үздіксіз ұласа беретін мей межені көрсетеді.

Мифология мен халықтың ауыз әдебиеті өзара тығыз байланысады, алайда, әр елде әр алуан күй шертіледі. Өйткені мезгіліне сай, жеріне, табиғатына қарай құбылып түлеп отырады. Халық ойының өсіп-өрбу сатысы оның рухани ұғымына сай ілгері қадам басады, немесе мешеулеп кейін қалады. Бәрін де саяси-экономикалық жағдай /орта/ билейді.

Ғалым Ф.И.Буслаевтың айтуынша: «ертеде көне санскрит тілінде жерді сиыр мағынасында ұғып, оны өгіз – «го» /«гау» – деген сөз/ деп атаған. Орыс тілінде «говядина» – сиыр еті/, неміс тілінде «gau» /«гау», гот тілінде «gobi»

/гови/, қазақ тілінде «ау» «гау» кейде «ау» «хау» болып атанған ғой. Скандинавия тілінде сиырдың жалқы аты «Audhumba» /аудһумба/ суы өте мол, дымқыл-сыз деген мағынада 1 , /қазақша «Өлсем орным қара жер сыз болмай ма? Орысша – «мать – сыра земля» – тәрізді/.

Қазақ халқының ескі ұғымында «Жер – көк өгіздің мүйізінде, көк өгіз теңіздегі жайынның /балықтың/ үстінде тұрады» – деуі де осыған ұқсас тәрізді, сонда да бұларды ауысып келген деуге тиянақты дәлел таба алмаймыз.

Қазақ елінде мынандай мысал бар: «шаңырақта асулы тұрған етке аузы жетпей мысықтың мысы құриды, сонда: «Өзі жасық, өзі сасық осы етті кім жесін!» деп, менсінбей жүріп кетеді.

«Біржан-Сараның» айтысында:







1 Ф.И.Буслаев. Соч. по археологии и истории искусств. Санкт-Петербург, 1910, т.ІІ, стр.20.

«Қарны ашқан кеселі бар еркек мысық, Сасық дер ауызы жетпей майдан жеріп»

дейді. Мұнда ойы емес, азырақ сөздері өзгертілген ғой. Қазақ халқының өз өмірінде бар заттар әрекет жасайды, мысалы, «мысық, ет, май, шаңырақ» – тәрізді.

Ежелгі грек, көне латын елдерінде «Түлкі мен жүзім» атты мысал бар

/Мұны үстіміздегі дәуірден алты жүз жыл бұрын Эзоп 1/ жазады, бірінші ғасырда Федр, екінші ғасырда Бабрий қайталайды/. Сонда биік ағаштың басында өскен жүзімге түлкінің бойы жетпейді, бірақ өзінің мешелдігін білдіргісі келмей жүзімді қомсынады: «Әй, қойшы, соны, әлі жетіліп піспеген, көк екен» деп тайып тұрады.

Құрғақ сөзді қойып Эзоп мысалының өзін келтірелік: «Биік ағаштың басында өсіп, енді ғана жетіліп келе жатқан жүзімді көреді де түлкінің құмарлығы қозады, жеп рахаттанғысы келеді. Қанша әлекке түсіп ұмтылса да бойы жетпейді. Қатты назаланады, бірақ білдіргісі келмей кейін кетіп бара жатып, «Әй, қойшы, бұл жүзім өзі әлі піспеген екен, менің жегім келмей тұр» 2, – деп соғады.

Біреуінде – «мысық пен ет, май, шаңырақ» айтылса, екіншісінде – «түлкі мен жүзім ағаш» сөз болады. Мағынасы бірдей, бәрі де өздерінің қолы жетпейтінін, әлсіз мегежендігін мойнына алмай түлкі мен мысық екеуі де бір ауыздан жүзім мен етті, майды айыптайды.

Қазақта «битке өкпелеп тоныңды отқа салма!» – дейтін мәтел бар.





1 «Басни Эзопа» перевод, статья и комментарии М.Л.Гаспарова, Изд-во «Наука», М., 1968, стр.68. Федр, Бабрий «Басни», Издание подготовил М.Л.Гаспарова. Изд-во АН СССР, М., 1962, стр.39 и 98.

2 Эзоповы басни. СПБ, типограф.Деперт.Внешней торговли, 1820, стр.234. Бұл мысал И.А.Крылов та да /1769-1844/ бар. «Лисица и Виноград» атанады /И.А.Крылов. Соч.в двух томах, т.І,Биб: «Огонек», Изд-во «Правда», М., 1956, стр.155/.

Үстіміздегі дәуірдің екінші ғасырында «Шаруа мен бит» деген Бабрийдің мысалында:

«Кусали вши однажды пахаря в поле, Два раза их с рубахи обирал пахарь, Бросая плуг, но вши его опять грызли, И чтоб спокойно продолжать свое дело,

На третий раз рубаху он в костер бросил. Когда тебя помучат раза два бабы,

На третий раз и ты про тот костер

вспомни» 1

дегенді айтады.

Біздің ауыз әдебиетімізде «Айдағарлы Құдайберлі» деген әңгіме ұшырайды. Сонда: «Құдайберлінің жылқысын айдағар күзетеді. Екеуі жанқияр дос екен, мұны тірі жан білмейді. Күндерде бір күн Құдайберлінің үйіне қонақ келеді. Осы қарбаласта байдың жалғыз ұлы сойыс әкелгелі жылқыға аттанады. Айдағар жалғыз досы Құдайберліден басқа ешкімді танымайды екен. Досының жылқысына өзінен өзгені жолатпауға уәде берген Айдағар /жылан/ баланы жұтып қояды. Дәл осы секундта Құдайберлі де кеп қалады. Досының қаһарынан қорқып, айдағар ініне кіре бастайды, баласының жазым болғанын сол арада сезіп ашу қысқан әке айдағардың құрығын шауып тастайды. Біраздан кейін айдағар інінен басын қылтитып тұрып Құдайберліге тіл қатады: «Досым, енді айрылысалық, балаң есіңе түскенде сен кешіре алмассың, ал құйрығым есіме түскенде мен де кешіре алмаспын» – дейді.

Міне, тап осындай «Шаруа мен жылан» атты мысал Эзопта бар. Ол – үстіміздегі дәуірден ҮІ ғасыр бұрын болған Эзоп, екінші ғасырда болған Бабрий да тап осылай толғайды; бұлардың мысалы «Шаруа мен жылан» атанады. Үстіміздегі дәуірдің үшінші ғасырында




1 Федр:Бабрий.Басня. Изд.АН СССР, М., 1962, стр.174-175.

«Кәлилә мен Димнада», «Патша мен Фанза құс» деген әңгіме бар. Сонда патшаның баласы фанзаның балапанын өлтіреді, өштескен анасы /фанза/ патша баласының көзін шығарып жібереді. Сөйтіп, Фанза құс биік таудың басына барып қонақтайды. Патша кегін алу үшін қулық жасайды, үйіне қайта шақырады, Фанза көнбейді: «Мен сенімен енді достаса алмаспын, өйткені балаңның көзін шығарғаным есіңе түскенде сен кешіре алмассың, ал балапанымның жазықсыз қаза тапқаны есіме түскенде мен де кешіре алмаспын» 1 – дейді.

Мұндай ұғым үйлестігі әр елде кездеседі. Өмірдегі қайшылықты жұрттың бәрі көреді. Кекетері жоқ болса, келемеж қайдан туады? Халықтың басынан кешкен тағдыр тарих бетіне түседі де бәріне сол куә болады. Тап қоғамы дүние жүзіне ортақ, ал мысал, мысқылдар соның айнасы. Өткен өмір ізі осы айнадан анық көрініп тұрады.

Ойымызды түйіп, түсіндіре түсу үшін тағы бір мысал келтірейік.

«Филогелос» атты жинақта 263 анекдот жазылыпты. Соның бас кейіпкері Педант әкесіне айтады:

«Баяғыдан бері менің шешеммен бірге ұйықтайсыз, мен бір ауыз сөзге келіп, наразылық білдірмедім, ал мен сіздің шешеңізбен бір түнеді деп неге осынша тулап ашу шақырасыз» 2 – дейді.

Дәл осы әңгіме қазақ елінің әр өңірінде айтылып жүр. Әрбір қуақы сықаққойдың аузынан тарап кеткен. Осындай уақ-түйек нәрселерді әкелу үшін қазақтар сонау Грецияға барып қайтты деу ойға сияр ма екен?

Қысқарта айтқанда, мұндай ұқсас нәрселердің бәрі де әрбір елде өз бетінше туа беретін сияқты. Өмір бар жерде толғану







1 «Кәлилә мен Димна» қазақшасы. Алматы, 1962 ж. 227-бет.

2 Федр, Бабрий. Басни. Изд. АН СССР, М., 1962, стр.139.

бар. Бәрін түгел ауысу деп ұғып, аудармаға тели беру теріс тәрізді.

«Ақылды дұшпан артық, ахымақ достан» – «умный враг, лучше глупого друга» дейтін қазақ елінде мәтел бар, орыс халқында да айтылады, тіпті қай елде осы жоқ дейсіз? Мына мәтелді Хиджраның 412 жылы, христиан жыл санауы бойынша 1021 жылы Кей-Кабус айтқан екен: «С неразумным никогда не дружи, ибо неразумный друг из дружбы сделают то, чего сто разумных врагов из вражды не сделают» 1 /орысшаға аударған Е.Э.Бертельс/ – депті.

«ХҮ ғасырда болған Персия тарихшысы Захираддиннің айтуынша Кей- Кабус /осы «Кабус-Нанэ» атты кітаптың авторы/ Хиджраның 460 жылы өлді»



2 дейді, ал автордың өзі бұл кітапты Хиджраның 475 жылы, біздің жыл

санауымызша 1082 жылы – алпыс жасында жаза бастаған екен» 3 – дегенді айтады Е.Э.Бертельс.

Ұсақ мысалдар, мақал-мәтелдер жәйлі жаза берсек сөз таусылмас еді, олар өте кең тараған ғой. Сөйтсе де енді бір мысал келтіре кетелік.

Мына Мадагаскар аралында мәлғаш деген ел бар, сол елде Махаки мен Кутуфеци атты қулар болған. Бір күні екеуі далада тамақ пісіреді. Әлгі дәмді бірінен-бірі қызғанады да: «ең әуелі төсекке жатып ұйықталық, қайсымыз жақсы түс көрсек, осы тағамды сол жейтін болсын» – деп уәделеседі. Бір мезгілде түрегеліп Кутуфеци түсін жорытады: «Мен түсімде ақ боз атқа мініп аспанға ұшыппын, неше алуан керемет қызықтарды көріп, сайран соғыппын», – дегенде Махаки оның сөзін бөліп: «Рас айтасың»







1 «Кабус-Наме» 2-е изд. Изд-во Восточной литературы. М., 1958, стр.158 /Перевод, статья и примечания члена-корреспондента АН СССР Е.Э.Бертельса/.

2 Б.А.Дорн /профессор – 1805-1881/. B.Dorn, «Schireddins, Jescichte von Taharistan, Bujan and Mazekderan» – St. Peterburg – 1856. /Каспий теңізінің түстік жағасын зерттеген Персия тарихшысы Захариддиннің көне жазуын жариялаған екен проф.Б.А.Дорн/.

3 /«Кабус Наме»/ М., – 1958, 8-бетін қараңыз.

досым, мен түсімде ұшып бара жатқан сені көріп едім. Қызықтарға белшеңнен батып аспанда жүр екенсің, содан соң осы бір болмашы тамаққа бола қайта айналып келе қоймас дедім де жеп қойдым, ояна келсем өзің осында отыр екенсің» 1 – депті. Мұндай мысал Қазақстанның әр жерінде осы күнге дейін бар. Мадагаскар аралындағы мәлгештерді аты шулы саяхатшы Марко Поло болмаса, қазақтар түсінде де көрген жоқ.

Дүниенің төрт бұрышындағы елдердің өмірді тануы өз тұрмысына байланысты. Мадагаскар аралығындағы мәлгештер: «ешкіде жұмыртқа жоқ» десе, қазақтар: «жылқыда ет жоқ» дейді, ал орыс халқында дүниеде «ақ қарға жоқ» деседі екен. Осы толғаныстар түгел рас, бірақ мал баққан елдердің

/қазақтар мен мәлгештер/ кейіпкерлері «малдар» болады да, аңшылық дәуірін басынан кешірген елде «құстар» әрекет жасайды. Ұғымның сол мезгілінде туғанына айғақ тәрізді/Ескерте кетелік: «Ақ-қарға» Россияда көзге түспеген, бірақ осы күнгі зоология ғалымдары басқа өңірде «Ақ қарғаның» бар екенін дәлелдеп жүр. Ендеше әр өңірдің ауа райына қарай туатын ұғымдар болса керек. Мысалы, қазақ елі – «цапляні» – «көк-құтан», «чижді» –

«сарышымшық» деп атайды, ал басқа елдерде «Ақ-құтан» да, «Көк- шымшық» та бар көрінеді/.

Сөйтіп, ұқсас нәрселердің бәрі де сол әрбір елде, өз заманына сай туа бермек. Өмір бар жерде толғану бар. Ұқсастың бәрі аударма емес.

Х Х Х

І/ Ұзақ эпостардың шығуы, таралуы жөнінде бірер сөз.

Үстіміздегі дәуірден екі мың төрт жүз жыл бұрын «Қос өзенде» /Тигр мен Евфрат өзендерінің бойында/ Шумер елі, одан алты жүз жыл кейін Аккада халқы дәуірен сүріпті. Шумер тілі







1 «Сказки Мадагаскара». Перевод с французского, предисловие и комментарии Ю.С.Родмон. Под редакцией Е.М.Мелетинского. Главная редакция восточной лит., М., 1965, стр.208.

түркі тектес, ал Аккада көне самит /жебірей/ тілінде сөйлептіміс – деген пікір де айтылған болатын, қазірде де айтылып жүр.

«Шумер елінің мәдениеті мен Мысыр /Египет/ мәдениеті қатар шыққан, бірақ бұлардың өзара байланысы жоқ» дегенді академик В.В.Струве ілгеріде- ақ айтқан екен, ал Шумерден алты жүз жыл кейін келіп қос өзен бойына Аккада елі орныққан, мына Ассирия мен Вавилония тілдері Аккада /Семит/ тілінің егіз тумасы» 1.

Шумер тілі үстіміздегі дәуірден екі мың екі жүз жыл бұрын өлген тіл, ал тарих бетіне одан кейін келген Аккада тілінде Шумерден қалған элементтердің бар екені мәлім.

«Шумер тілі осы күнгі жер бетіндегі тілдердің бәрінен де бөлек, тек қана жалғанылып өзгеруіне /агглютинативтік түріне/ қарағанда бұл тілдің құрылысы түркі тілдеріне ұқсайды» 2 – депті совет ғалымы Д.Г.Гедер.

Көне Шумер елінің ұғымында адам топырақтан жаратылады, өлсе

тағы топыраққа айналады-мыс. Қазақ елінде де: «адам-ата топырақтан жаралған» – дейтін ұғым бар. Ол тілде күнді құдай деп ұққан және оның аты

«Шамаш» екен, араб тіліндегі «Шәмсі» – күн – сөзінің осымен байланысы болуы мүмкін шығар-ау!

Шумерден шыққан Гильгамештің әкесі адам – Лугальбанда, шешесі құдай әйел – Нинсун екен, сонда да бұл /Гильгамеш/ толық «құдай» бола алмай өлуге тиіс сияқты, сондықтан ол өлімнен қашып құтылғысы келіпті де аспан-астын көп жыл кезіпті. Ақырында мәңгі өлмейтін бабасына – Утнапиштимге өлмеудің амалын сұрап барыпты-мыс, сонда: «Өлімнен қашып құтылам деуін бекер екен. Дүниеде мәңгі тұратын тиянақты еш нәрсе жоқ. Өзіңе белгілі,




1 Д.Г.Редер. «Мифы и легенды древнего двуречья», Изд. «Наука», М., 1965, стр.10-11.

2 Бұл да сонда.

біз неше алуан үйлер саламыз, есіктерін мықтап құлыптаймыз! Әкемізден қалған мал-мүлікті бөліп-бөліп аламыз, сөйтіп, тіршілігімізді мәңгілікке бейімдеп, қымтап алғандай боламыз. Бірақ, жылдар өткен сайын бәрі де көнеріп, өзгере бермек. Түпсіз терең дарияның суалғаны тәрізді, тіпті, біздің жүрегімізде лапылдап жанып тұрған, дұшпанды жек көрудің лаулаған оты да бірте-бірте сөне бастайды. Ұшы-қиыры жоқ еңбектің әлегімен адам шаршап ұйықтап кетеді, ал ұйқының өзі де өлім, оның үстіне, өлім дегенің де ұзақ ұйқы ғой, ендеше, осы сен де сол өлімнен қалай қашып құтылмақсың»1– депті Гильгамеш батырдың әзіз бабасы Утнапиштим.

Осы уақиғадан барып, шумер тілінде «Гильгамеш» /Венгер-Мадьяр тілінде «Гильгаміс» атанады. /С.Т./ атты қыса /эпос/ жырланған. Қысаның басты кейіпкері /геройы/ Гильгамеш өлімнен қашады, сонда да ажалдан құтыла алмай жүз жиырма алты жасында дүние салады. Міне, сондай қыса

«кітаб-и дадам Қорқыт» оғыз, қазақ /түркі/ тілінде ІХ-ғасырда, яғни үш мың үш жүз жыл өткеннен кейін барып туады, ал ХІ ғасырда түстік Германия қысасы /эпосы/ «Фауст» пайда болады. Сол қысаны дастан /поэма/ етіп жазған Германияның үшінші ақыны Иоган-Вольфганг Гете еді2.

Сонау баяғы заманда жарық көрген осы хикаялардың негізгі ойы біреу- ақ, бәрі де өлімнен ат-тонын ала қашады. Әрине, ажалдан қашу адамзаттың еншісіне тиген ортақ ұғым. Жан иесінің өлгісі келмейді, мұны ешкімнен үйренбейді, «қарызға» да алып пайдаланбаса керек.




1 Д.Г.Редер. «Мифы и легенды древнего двуречья», М., 1965, стр.95-96 беттер.

2 «Фауст» жырын Гетеден бұрын екі ақын жырлаған, соның бірі Клингер Фридрих

/1752-1831/ неміс ақыны - Петербургте тұрып, генерал күйінде өлді, екіншісі Ленц Якоб Михаил Рейнгольд /1751-1792/ неміс ақыны. Москвада етікшінің үйінде кедейліктен жынданып өлді /И.С.Тургенев. Собр.соч.т.ІІ. ГИХЛ, М., 1956, стр.21-22.

«Қайда барсаң Қорқыттың көрі» дейтін қазақ ауызында жүрген мәтел, баяғыда көні қурап қалған Гильгамеш эпосынан алынбаған тәрізді, бұл одан көп кейін туған – «Кітаб-и дадам Қорқыт» қой, жалпы түркі елдеріне ортақ уақиға. Академик В.В.Бартольдтың айтуынша: «Бұл көне түрік поэмасы

«Кітаб-и Деде Коркут» қазақтың / «Киргиздің» дейді Бартольд – С.Т./ әулие Қорқұт деген поэмасымен байланысты, өйткені оның моласы Сыр-Дарияның төменгі жағында тұр, ол жер Х ғасырда оғыз елінің астанасы болған екен» 1. Орта ғасырдағы оғыз халқының тұқымы осы күнгі түрікмендерде де Қорқыт аңызының бар екенін В.В.Бартольдке А.Г.Туманский айтыпты. Қазақ сахарасында жүріп естіген қазақ ертегісін В.В.Вельяминов-Зернов жазыпты 2.

В.М.Жирмунский де Қорқыт жөніндегі қазақ ертегісімен оғыз эпосын салыстырып еңбек жариялаған болатын3.

Академик В.В.Бартольд ойын қорыта келіп «Түрікмен мен қазақ ертегісінің түп негізі бір, бұл Қорқыт әңгімесі қазақтарға сол заманда Сыр- Дарияның төменгі жағын мекендеген елдерден ауысып барды» 4 – дегенді айтады.

Айта кететін енді бір жәйт бар, мысалы, «қазақша» «Батырлар жыры» деп аталатын эпостық поэмалар ерте заманнан бері халық арасында ірге тепкен, көбінің қай ғасырда пайда болғаны белгісіз, атадан балаға, ұрпақтан ұрпаққа беріліп, замандар бойы ауызша сақталынып ақыры біздің дәуірімізге жетіп отыр»5.




1 Академик В.В.Бартольд. Сочинения, т.5, стр.236-237.

2 В.В.Вельяминов-Зернов. «Памятник в Башкирии», стр.283.

3 В.М.Жирмунский. «Огузский героический эпос», стр.158-174.

4 Академик В.В.Бартольд. Соч.т.5, стр.237.

5 «Батырлар жыры», І том, ҚМКӘБ, Алматы, 1963, Қ.Жұмалиева пен М.Ғабдуллин жазған алғысөз – 5-бетін қараңыз.

Әрине, «Батырлар жыры» – /«Героические эпосы»/ ертектерден, ұсақ мысалдардан сан ғасыр бойы ауызша айтылып келе жатқан мақал- мәтелдерден көп кейіл туатын тәрізді. Бұлар әрбір халықтың, ұлттың, ұлыс- ұрудың өз алдына дербес отыруын тілеген кезеңде, шетелдік жаулардан қорғайтын батырларды – ерлерді көксеген дәуірде туатын қиялдардың жемісі сияқты. Кей кезде «Батырлар жырында» ұшырайтын, оқырманның ойына қона қоймайтын орасан қимылдар, өрескел жағдайлар болады, мысалы, Қобланды, Алпамыс, Тарғын, Қамбар тәрізді батырлар отқа салсаң күймейді, суға салсаң батпайды, атылған оқ өтпейді, қапыда өліп кетпейді, ұстасқан жауын жеңбей тынбайды. Солардың тілеуін тілеп үйде отырған адал арулары, нәзік сұлулары: қыз Құртқа, Гүлбаршын, Ақжүніс, Назым тәрізді аналар шетінен сәуегей, түп-түгел арманнан туған әйелдер кейпінде көрінеді. Бәрі де Одиссеяның сүйген жары Пенелопадан кем түспейді.

Мінген аттары да қиялдан туған Пегас – көңілден жүйрік көк-дөнен», бұлар аспанға ұшатын тұлпарлар – аттағанда Парнас пен Бұланай тауларын бұйым көрмейді. Қазіргі аэропландар да олардың жүрісіне шақ келе алмайтындай етіп жырлайды. Ол аттар- Батырлардың сенімді достары, қысылшаң жағдайда тіл бітіп, ақыл айтып, жөн сілтеп жүреді.

Мысалы, Қобыланды батырдың астына мінген Тайбурылын сурет- тегенде:

«Сонда Бурыл гуледі, Табаны жерге тимеді. Көлденең жатқан көк тасты Тіктеп тиген тұяғы

Саз балшықтай иледі...»

«Күдердің қара дөңінен Бесінде өтті деңінен...

«Басы биік қарлы тау, Хан жайлаған Қаратау, Би жайлаған Алатау,

Онан да өтіп жол шекті-ау...»



деп толғайды.

«Аттың жолы қазылды, Ұмтылғанда қысылып

Бес жүз құлаш жазылды...»


Осылай шауып Қобыланды қырық күншілік жерге /Қазанға/ бір күнде келеді. Келе сала апақ-сапақта Қызыл-бас /фарсы/ елінің Сырлы Қазанын жалғыз өзі шауып алады. Артынша ол Қазан батырды, Көбіктіні, Көгала атты Біршімбайды – бәрін де қырып-жояды. Сөйтіп, сыртқы жаудан құтылып қыпшақ елінде ынтымақ бірлік орнайды. Қобыланды мен Құртқадан Бөкенбай батыр туып, ол да Қызылбастың Шошай деген ерін өлтіреді. Ал, Көбіктінің қызы Қарлығадан Киікбай батыр туып, бұл да қыпшақ халқына тұтқа болады:

дейді көне жырау.

«Қарлығадан ұл туар, Ұлының аты Киікбай... Киікбай атқа мінгенде Көп қыпшаққа күн туар, Қызылбасқа түн туар...» 1



1 «Батырлар жыры», «Қобыланды батыр» ҚМКӘБ, І-том, Алматы, 1968 /21-22 бетте/. Кіріспе сөзді жазғандар филология ғылымдарының докторлары: Қ.Жұмалиев пен М.Ғабдуллин

«Қай елдің эпосы болсын, белгілі бір тарихи уақиғаның ізін баса туатынға ұқсайды және ол бір күннің, не бір жылдың ғана жемісі емес, халықтың басынан өткізген талай заман, талай ғасыр, талай тартыстардың нәтижесі... Қазақтың осы күнгі эпостарының бастылары, ерте замандағы патриархалдық-рулық құрылыс кезінде: Үйсін, Қаңлы, Қыпшақ, Қоңырат, Керей замандарында, өз тәуелсіздіктерін сақтап қалу үшін күрескен адамдардың істерін ерлікке айналдырған тәрізді» 1 – дейді Қ.Жұмалиев пен

М.Ғабдуллин. Әйтсе де, «Батырлар жырында» кездесетін жағдайлар, осылардың өздері тұсында болған уақиғаны жырлауы да мүмкін, ал кейбіреуінде бұрынғы өткен талас-тартыстарды қайта өңдеп беруі де ықтимал. Мұндай жәйттер ауыз әдебиетінде бола береді.

«Н.А.Добролюбов орыс эпостарымен байланысты анахронизм туралы:

«орыстың геррикалық /батырлық/ эпостары ерте заманда, көп құдайға табынып жүрген кезде-ақ туған. Бертін келе олар ұмтыла бастаған. Бірақ орыс жеріне татар басқыншыларының шабуыл жасаған кезінде халық ертедегі батырлық жырларын, ерлік салтын еске ала отырып, сол жырларды қайтадан жөндеген. Ертедегі жырларды жаңаша жырлаған, оған соңғы кездегі уақиғаларды қосқан. Сөйтіп, осы негізде батырлық жырлар шығарған, бұл жырларда ертедегі және соңғы кезде болған уақиғалар араласып кетіп те отырады» 2, – дейді.

«Батырлар жырының» бәрінде де ел тілегі жатады. Мысалы,

«Қобыланды», «Қамбар», «Алпамыс», «Ер Тарғын» жырларының






1 «Батырлар жыры», І том, Алматы, 1963, 7-бет.

2 Бұл да сонда.

түпкі ойы өз Отанын басқа елдердің шабуылынан қорғау болады... Қандай қиыншылықты болсын батырлар жеңіп шығады. Оларды алмақ болған сыртқы жаулар да, аяғынан шалмақ болған ішкі пасық дұшпандар да апатқа ұшырайды...».

ҮІІ ғасырға дейінгі құба құмның ара-арасында бытырып жүрген, ру-руға бөлініп, өзара қидаласқан араб елінің басы қосылды да халифалық орнады. Енді арабтар өзімен көрші отырған Иран /фарсы/ елімен жауласты. Талай- талай үргін-сүргін соғыстар жүрді. Осы кезде арабтар әзрет-Алыны батыр етіп жырлады. Оған құдайдың өзі астына мінетін «Дүлдүл» деген атты, «Зұл- фықар» 1 деген қылышты аспаннан тастапты-мыс. Әзірет-Алының бойы қырық кез, көлденеңі тағы қырық кез екен, қолындағы қылышы «Зұлфықар» жауына сілтегенде 200 кез ұзарады екен деп мадақтайды.

«Зарқұм», «Дариға қыз», «Кербаланың шөлі» атты жырларды оқып отырғанда көңілге симайтын неше алуан теңеулер ұшырайды, бәрінде де арабтан шыққан батырлар қырып-жойып жүреді. Жердің астында да, үстінде де ешкімге бой бермейді.

«Древние народы переживали свою предысторию в воображении мифологии» 2 деп адамзаттың данышпандары К.Маркс пен Ф.Энгельс айтқан болатын.

Грек ақыны Гомер жазған «Илиада» мен «Одиссея» жырлары, үнді елінің

«Махабхаратасы» тағы басқалар, бәрі де жазушылардың қиял-арманынан туған, елдікті-бірлікті көксеген өскелең дәуірде ежелгі ауыз әдебиеті- ертектерден, мақал-мәтелдерден, мысалдардан кейінірек пайда болған дүниелер.



1 «Зұлфықар» – жұлын тұтаны бөліп түсетін» қылыш, мұны Әзірет-Алыға /қызының күйеуіне/ Мұхаммет өзі сыйлаған. Бұл қылышты Мұхаммет Бедр деген жерде болған соғыста кәпір араб Аса-ибн Мунаббихадан тартып алған екен» – Сағди / «Гүлстан» М., 1957, 300-бет. «Дүлдүл-Эпиофия» патшасы сыйлаған ат еді, оны да Мұхаммет күйеу баласы Галиге берген екен.

2 К.Маркс пен Ф.Энгельс. Coz.т.І, стр.419 /Д.Г.Редер. «Мифы и легенды древнего двуречья», стр.13/.

Индияда екі үлкен поэма бар, соның бірі «Рамаяна», екіншісі

«Махабхарата». Эпикалық поэма «Рамаяна» туралы 1844 жылы француз тарихшысы Мишле жазған екен: «Тот, кто слишком много действовал или желал, пусть припадет и пьет из этой глубокой» чаши жизни и молодости... На Западе все мелко. Греция мала, и я задыхаюсь: Иудея суха, и я изнываю. Дайте мне бросить взгляд на величественную Азию и мудрый Восток. Там находится моя великая поэма /«Рамаянаны» айтып отыр. – С.Т./ столь же об- ширная, как Индийский океан, благословенная, позлашенная солнцем – книга божественной гармонии, в которой нет диссонансов. Там царит безмятежный мир и, в разгар конфликта, бесконечное благодушие, безграничное братство, которое охватывает все живое, там океан /бездонный и беспредельный/ любви, сострадания, милосердия» – депті.

Француз тарихшысы Мишленің осы сөзін келтіреді де әрі қарай Джавахарлал Неру: «Рамаяна» күллі халық сүйетін эпикалық ұлы поэма болса да, мына «Махабхарата» одан әлде қайда артық, ол – дүние жүзіндегі ұлы кітаптардың бірі... Мөлшерлеп айтқанда «Махабхаратада» суреттелген ұлы соғыс біздің жыл санауымыздан 19 ғасыр /бір мың тоғыз жүз жыл/ бұрын болған екен» 1, дейді Неру.

Ал, халқымыздың ірі ғалымы Шоқан Уәлиханов қазақ эпостарының жасалу мезгілін ХІҮ-ХҮІ ғасыр, «Алтынорда» дәуірімен байланыстырады.

«Қазақ, қырғыз, өзбек, ноғайлы ауыз әдебиеттерінің бір түрі батырлар туралы жырлар. Бұл жырларың көбі «Алтынорда»






1 Джавахарлал Неру. «Открытие Индии». Изд-во иностранной лит-ры, М., 1955, стр.108-110. /Бұл кітапты ағылшын тілінен орысшаға: В.В.Исакович, Д.Э.Кунина, Н.С.Кливанская, В.Н.Поповтар аударған екен/.

дәуірінде болған тарихи адамдар туралы. Соған қарағанда бұл жырлар ХІҮ ғасырдың ақырында, ХҮ-ХҮІ ғасырларда жасалған сияқты» 1 – дейді Шоқан Уәлиханов.

Әрине, ғалымның бұл пікірі біраз эпостарға дәл келсе де, мына

«Қобыланды»2, «Алпамыс» 3 атты жырларға жақын болмаса керек. Өйткені Қызылбас елінен шыққан батырлар – Көбікті, Қазан, Біршімбай, Шошайлар, біздің ойымызша сонау Соғдиян заманын мегзейтіндей. Ал, Согдияндардың

/ирандықтардың/ Орта Азияға келіп мемлекет құруы, сол мемлекеттің құрамында: қаңлы, үйсін, қыпшақ руларының болуы осы күнгі жыл санауымыздан әлдеқайда бұрын. Оның үстіне Орта Азияға келіп Согдияндар Мараканд қаласын орталық етіп, Зарафшан өлкесінде мемлекет құрып тұрған, бері келе түрік қағанатына да кірген. Осындай аударыспақ дәуірде алыспай, шабыспай бейбітшілікпен билігін орната қоюы көңілге қонбаса керек-ті. Ендеше, бұл «Қобыланды батыр» жыры сол кездің жемісі, сол кездің талас-тартысын жырлаған сияқты; оның үстіне кейінгі уақиғалардың жамалып-жасақталуы да мүмкін.

«Батырлар жырында» кездесетін кісі аттарының аталуы – ономастикалық тарихи айғақ емес тәрізді. Қобыландының баласы батыр Бөкенбай мен Қанжығалы Бөгембай батырдың үш қайнаса сорпасы қосылмайды, алайда аттары ұқсас екені даусыз.

«1726 жылы Сарысудың батыс беті, Бұланты өзенінің бойында Қанжығалы Бөгенбай батыр бастаған қазақ қолы қалмақтарға 4 қарсы соғыс ашып, үлкен жеңіске ие болғаны 5 мәлім.



1 «Батырлар жыры», І том, 8-бетін қараңыз.

2 Қобыланды ең әуелі Ноғайлы жыры, бұл жыр Қырымда, Қарашайда, Құмықтарда да айтылады.

3 Алпамыс – /Алпамыш/ – оғыз, қыпшақ жыры, Алып-Мамыштан қысқартылған екен деседі.

4 Қалмақ пен Қызылбас деген сөздер осы жырларда бір мағынада қолданылады /С.Т./.

5 «Батырлар жыры», 9-бетте.

Ендеше, екі заманда болған екі батырдың аты ұқсас болуы – екеуін бір кісі деп ұғуға тиянақты дәлел бола алмаса керек-ті.

Оның үстіне, Қобыланды жырында: кейде Баба түкті шашы әзіз, кейде ғайып Ерем 1, қырық Шілтендер 2 қатысады. Заты, бұлар ертедегі көп құдайға, берідегі ислам дініне қатар нанудың салдары болуы ықтимал. Айта кетелікші, қазақ еліне ешбір дін баянды орын теппегендей: мұнда отқа табыну дінінен де, тәңріге /аспанға/ табынудан да, ислам дінінен де қалған элементтер бар екені байқалады.

Қазақтың көне ауыз әдебиетінде дүниежүзілік туындылардың да нұсқалары ұшырайды. Мысалы, Іскендер Зұлқарнайын заманында болған Шығыс елінің қыздары – Амазонкалар, біздің жырлардағы Қарлыға, Нарқыз атты әйел бейнелері бірінен бірі алыс емес тәрізді. Неміс ертегісі

«Нибилунгидегі» Кремхильда мен Скандинавияда туған «Аға Эдда» жырында ұшырайтын Гудрундер – бәрі де бірін-бірі толықтыратын әйелден шыққан – батыр бейнелер.

/Бұлардың қайсысы бұрын, қайсысы кейін екенін, сонсоң қайсысы қай дәуірде, қай ортада туғанын біз, әрине, кейінірек айтпақпыз. Бұл арада тек сырттай ұқсастықтарына, жыраулардың суреттеу тәсіліне ғана тоқтала кеттік

– С.Т./.

Қазақ халқының осындай үлкен байлығын – ауыз әдебиетін мұқият жинап, Совет дәуіріндегі бізге әкеп ұмыттырмай тапсырып кеткен орыс ғалымдарына алғыс айтуымыз қажет, олар: Н.Г.Потанин, В.В.Радлов, А.Диваев, А.В.Васильев тағы басқалар еді.

Ендеше, бір елден екінші елге ауысу мәселесін зерттегенде, сыртқы ұқсастық еш нәрсеге бекеуіл емес, тұрақты тиянақ бола





1 Ерем – қыздың аты. Сол сұлу қызға арналып Иранда аспалы бақша салынған. Оны Ерем бағы кейде «Иран бақ» деп қателесіп те қолданады. /С.Т./.

2 «Қырық Шілтен» – Чіһіл-қырық – тән-дос/ – қырық дос.

бола алмаса керек. Өйткені ұқсастықтардың бәрі белгілі бір жерден шығып тарамайды. Әр дәуірде әр елде өзінше дербес туатын сияқты. Заты, осы кезеңде заман ұқсастығын ескерген жөн болар. Мысалы, ескі патриархалдық- рушылдық заманы, сонсоң феодализм сияқты саяси-экономикалық замандар өз жемісін егеді. Мұндай заманаларды біреу ерте, біреу кеш басынан өткізгені мәлім.

Мысалы, осы күнгі ғалымымыз М.И.Стеблин-Каменский көне Скандинавияның «Аға Эдда» 1 / «Старшая Эдда»/ атты қысасын Германия жұртының «Нибелунги» деген қысасымен салыстырады. Сонда айтады: «Аға Эдда» гунның қолбасшысы Атилла /скандинавия тілінде Атил болып жазылған екен–С.Т./. Гудрун тәрізді өз әйелінің екі ағасын – Гуннара мен Хегниді өлтіреді, осы ағаларының кегін қайтару үшін Гудрун өз күйеуін – Атиланы өлтіріпті. Ал, «Нибелунгиде» Кремхильда өзінің екі ағасын құрбандыққа шалады, өйткені олар мұның күйеуі Зигфридті өлтірсе керек.

«Олай болса, – дейді Стеблин Каменский, – «Аға Эдда» мына

«Нибелунгиден» бұрын шыққан, өйткені екі ағасы үшін күйеуін өлтіру ру дәуірінің қағидасы, ал күйеуі /Зигфрид/ үшін ағаларын өлтіру феодализм заманының ережесі, мұнда туысқаннан күйеу ыстық. Сондықтан

«Нибелунги» кейінірек пайда болған екен» 2, – деп түйеді. Біз де осы пікірге

қосыламыз, әрбір шығармаға әр заман өз таңбасын баспай қоймайды. Адамды дәуір билейді 3.





1 «Старшая Эдда» древне-исландские песни о богах и героях.

2 «Старшая Эдда» древне-исландские песни о богах и героях. Перевод А.И.Корсуна. Редакция, вступительная статья и комментарии М.И.Стеблин-Каменского. Изд-во АН СССР, М., 1963, стр.246 /«Нибелунги» – Х-ХІ ғасырдың жыры/.

3 «Аға Эдда» ІҮ ғасырда туған ежелгі Гун елінің жыры. Сюжетінің көп жыры, Атілдің

/Атилланың/ түс көруі, оның қолынан сұңқарының ұшып кетуі «Манас» жырына өте ұқсас

/С.Т./.

Қазақ тілінде айтылып жүрген талай мақал-мәтелдер, нақыл сөздер бар. Мысалы, «Атасы басқа аттан түс», «Түбі бірге түтпейді, айғыры бірге кетпейді», тағысын тағылар айтылады. Зерттеп отырсақ, соның көбі мәдениеті марқа елдердің де аузында жүр, алайда қазір оларда ру дәуірі мүлде жоқ. Оның үстіне, ежелгі мысыр, грек, латын елдерінен осы тәрізді әңгімелерді қазақ халқы алды, немесе керісінше, олар қазақтан алып пайдаланды деуге ауыз бармайды.



Өмір шындығы жұрттың бәріне бірдей... «Аспан астында жаңалық жоқ» деу, «Баяғы жартас бір жартас» деулердің ойы ұқсас болса да аударма емес- ау, сірә!

Өмір көрінісін ұғыну да әр халықта бар, бірінен бірі үлгі алуы да ежелден келе жатқан қағида. Бірақ, грек еліндегі Гомер поэмалары: «Илиада» мен

«Одиссея», үнді жұртының «Махабхаратасы», скандинавияның «Аға Эддасы», финнің «Колеваласы», осетиннің «Нарты» эпосы, қазақ халқының

«Ер Төстіктей» ертегілері, «Қобыланды», «Алпамыстай» батырлар жыры, қырғыздың «Манас» пен «Семетей» жырлары бәрі де өз заманында халық қиялынан туған шығармалар. Кейбір толғауларының сырттай ұқсастығы бола тұрса да, бұлардың арасында ауыс-түйіс жоққа тән.

Гомер поэмасында Одиссея жалғыз көзді жалмауыз – циклоптың үңгіріне кіреді. Құтыла алмасын біліп айла жасайды, қойдың терісін жамылып қашып шығады. Дәл осындай қазақ халқының «Сармерген» /немесе «Сұр мерген»/ атты ертегісінде де басты кейіпкер жолдастарымен бірге жалғыз көзді дәудің үңгіріне кіреді. Содан қойдың терісін жамылып құтылады. Байқап отырсаңыз заманы ғана басқа, ішкі мазмұны бірдей, тек қана атаулары бөлек: Грекше:

«циклоп», қазақша «дәу», бұлардың ұқсастығы

да бар: екеуінің де көзі жалғыз, екеуі де жалмауыз. Біздің жыл санауымыздан мың жыл бұрынғы Гомер заманындағы грек елімен қазақтың қоныстас болуы неғайбіл: егер бұл көшпелі тақырып десек, түркі елдеріне сол кездерде тараған болса, онда өзбек, түрікменнің ауыз әдебиетінде де «Сармерген» ертегісі толғанар еді ғой. Мұндай деректі әзірге таба алмадық, тегі оларда басқаша аталған болар.

Халықаралық байланысты зерттегенде осы сияқты ұқсастықтың кездесуі талай ойға түрткі болады. Әрине, соларды сұрыптау жөн. Әрбір ұғым, кейбір ой қай елде қай дәуірде шыққан, сонсоң ол қандай жолдар арқылы көшіп келген, міне осы жағын қадағалау қажет.

Ескертуімізді қысқаша аяқтап, енді мақсатты пікірімізге көшелік.

Біз қазақ халқының бірнеше ғасыр бойы рухани өсу, өркендеу сатысында болған ауыс-түйіс мәселесін зерттемекпіз. Ең әуелі классикалық ежелгі Шығыс мәдениетінің әдеби әсерін Мысыр /Египет/, грек-рим елдерінен жазба нұсқалар арқылы ауысқан элементтерді шола отырып, фарсы, монғол, араб елдерінің, солар арқылы тараған талай дүниелерді де қарастырмақпыз.

Тағы айта кетелік, ауысудың өзі екі түрлі, соның бірі – ауызша ауысу – бұл жақын қарым-қатыста, көршілер арасында болады, ал екінші жазба-кітап арқылы жайылады, бұған айшылық алыстық да кедергі жасай алмайды.

Қазақ халқының тілі, әдебиеті, мәдениеті дамып, қалыптасуында аударманың да күрделі мәні бар екені зерттеледі.

Ең соңғы тарауда ұлы орыс халқының мәдениетінен қандай нәр алғанымыз толық айтылады да, алғашқы ықпалдардың бәрі ығысып соны сапарға беттеуіміз тиянақталады. Осы пікірімізді қазақ халқының ірі тұлғалары қашан және қалай айтқандарын келтіріп, соларға сүйене отырып дәлелдемекпіз.

Бірінші тарау.

І. Қазақ халқының басқа көрші елдермен жасасқан әдеби қарым-қатысы.



    1. Қазақ әдебиетінің Иран әдебиетімен байланысы.

Қазақтың көне ауыз әдебиетіне шетел әдебиетінің, әсіресе Иран тілінде жазылған әдебиеттің әсері мол тәрізді. Мысалы, қазақ еліне көп жайылған ертегілер, қысалар толып жатыр. Тіпті көлемді-көлемді батырлар жырларын ақтарып көрсек те неше алуан ескі ұғымдар, неше түрлі теңеулер айтылады:

«Шахмаран», «Сал-сал», «Зарқұм», «Қараман-Қатыран» 1, «Иран-Ғайып»

қысалары шетелде болған оқиғаларды баяндаса, ал мына беріде жарияланған

«Қобланды», «Ер Тарғын», «Алпамыс» тәрізді өзіміздің төл дүниеміз– батырлар жырлары да бөгде елдердің санқилы қимыл әрекеттерін шертеді. Әрине, бұлардың бәрі де өздерінен бұрын болған көз жеткісіз көне заманды жырлай отырып, өз дәуіріндегі жағдайларды да қамтып, жамап-жасқап кеңейтіп береді. Сондықтан да бүгінгі зерттеушілерге бұл жәйт өте ауыр тиеді.

Бұларда айтылатын діни көзқарастар мұсылман дінінен бұрын екені анық байқалады. Табиғаттың жойқын күшіне табынған балаң дәуір, соның тақсіретінен құтылудың амалын іздегендік сезіледі. Біздің болжауымызша ескі зороастризм діні, шамандық сенім /тәңірге-аспанға табыну кезеңі/ – бәрі астасып отырады. Кейініректе жазып шығарған авторлардың қосымшасы- мұсылмандық ұғымдар да сыналанып қосақтала береді. 2






1 Қараман-Қаһарман деген сөз /с.т./

2 Шоқан Уәлиханов. т.І. Изд. АН.Каз.ССР, Алматы 1961. стр.469-493.

Қазақ елінің «Ер Төстіктей» ертегісі ауыздан ауызға көшіп сонау атам- заманнан келе жатыр, ал соғдиян жұртының әсері арқылы бізге тараған– кейінірікте қыса болып шыққан «Шахмарандағы» жер астында жылан патшалығында кездесетін ғажайып тамашалар – бәрі де «Ер-Төстікте» айтылады. Қай ғасырда пайда болғанын тап басып, дәл айту қиын, алайда ауыз әдебиеті-ертегі – «Ер Төстік» – мұсылман діні тараған дәуірден әлде- қайда бұрын өте ерте күннің еркесі сияқтанады. Ер-Төстіктің алмайтын қамалы, жеңбейтін жауы жоқ, ол – Кенжекейдей сәуегей дана әйелдің жары. Шал-Құйрықтай тұлпардың иесі; ол-аспанға қарап, жаббар аллаға жалынып, жалғыз құдайға сиынып, бәрі де бір хақтың жазған ісі деп, Кәләм Шәриртің

/«әулие сөздің» – «құранның»/ – пайғамбардың /«хабаршының»/ күші деп, қол қусырып отырмайды. Бәрі өз қолында, тек өзіңе ғана сенеді. Ер-Төстіктің


  • Тау соғары да, Жел аяғы да, көл жұтқышы да, қиырдан еститін тыңшысы да, қысылшаң жағдай туа қалса, темір сарайды быт-шыт етіп бұзып шығатын, тіл бітіп ақыл беретін, айшылықты алты басатын тұлпары да бәрі-бәрі де өз қасында. Бұл ертегі ертеде өткен Алп-тегінді /«Афрасиябты»/ еске түсіреді. Бүкіл Иранды ұзақ жыл ойрандап, Тұранға тұяғын тигізіп, қадам бастырмай қойған Алып-тегін ел есінде қалса керек-ті. Алып-тегін – Афрасияб туран елінің ертегі ханы, мұны «Шах-намеде» Фирдоуси жырлаған-ды.

Ауыз әдебиеті ертегілерден, мақал-мәтелдерден кейін шыққан батырлар жырын оқып отырсақ – мұнда да неше түрлі жәйттердің, қилы-қилы замандардың іздері көрінеді. Мысалы, «Қобланды батырда»:

«Қызылбастың елінен Қазан деген ер шықты.

Жөн білмеген шер шықты...» 1




1 «Қобыланды батыр». 38 бет.

дейтін жолдар ұшырайды, осындағы «Қазан» – Қызылбастың /иранның Ғазан ханы, /Шыңғыстың келген кезінде С.Т./ол 1297 жылдары Кавказ еліне шабуын жасаған хан, бұған қарсы күресушілердің қатарында қыпшақтар болып, асқан ерліктер көрсеткенін грузия тарихшылары атап көрсетеді» – дейді Қажым Жұмалиев пен Мәлік Ғабдуллин. Осында айтатын «шер» деген сөз фарсыша – «арыстан» мәнінде. Қазақта – Ғали шер, Ғали-арыстан қатар айтылады. Ал, қазіргі Шерғали, Серғали, Шермұқамбет, Шәрбияз т.т. – осының бәрінде де «шер-сер» арыстан мәнінде 1.

Енді бір жерінде:

«Бәдік пенен той басқа, Ешкі менен қой басқа...»

деген айтылады, осындағы бірінші жолдың мағынасы: жаманшылық пен жақсылық – екеуі екі басқа деп тұр, ал «бәд» – фарсыда «жаман» мәнінде. Осы күні де қазақта «бәдік жігіт» – оңбаған, ақымақ жігіт деген ұғым бар. Кей кезде той-домалақ үстінде «бәдік» өлеңде екі қалжың өлең айтылады. 2

Әрі қарай: Әпзам-зәмнің суындай... »

«Қаузы, қаусарсуыңдай... »

«Асфаһанның жеуһәрі... » Қойхаптың тауы, тасы да... » –

дейтін теңеулер ұшырайды. Осындағы –әп /фарс.аб – су; зәм-зәм–таму

/судың там-там /тамшы; /кейбіреулер зәм-зәм–«тоқта-тоқта» деген сөз деп қарайды. Мекедегі құдықтың аты– зәм-зәм; хауыз-хаузы қара су, бұл фарсы тілінде де, өзбек тілінде де айтылады. Каусар-кеусер арабта-таусылмайтын көп-орыста– «обильный»






1 «Батырлар жыры», І том, ҚМКӘБ. Алматы –1963, 8 бетте.

2 Бәдік – қазақтың ескі әдет-құрыпында ауырған малды емдеу, малдың ауыруының

«иесін» алдау, арбау, қуу үшін айтылатын салт өлеңі. «Бәдік» кейінгі кезде ойын-сауықта қалжың, күлкі үшін де айтылып жүр. /«Батырлар жыры», 45-бетте/

/Бір кезде «Бәдік» – «биік» мәнінде халық табынатын құдайлардың бірі болғаны да айтылады. /С.Т./.

дегенге келеді. Бұл кеусер ұжмақтағы өзеннің суы, орыста «Воды Лета» болады.

Асфаһан – Испаған шәһәрі; жәуһәр-гауһар тас – бриллиант, ендеше Испаған қаласының гауһар тасы ғой.

«Зерлі /фарсыша-зер-алтын/; – алтынмен апталған кілем, Самарқан шәһәрінің қасынан ағатын өзен-зәрәшфан – Зерафшан – фарсыша: – алтынды атқылап /лақтырып-құсып/ жатқан өзен мәнінде. /фарс–зәр – алтын, афшанден – атқылау, лақтыру/.

«Қойқап тауы» – фарсыша – «Куһи каф» – Кап тауы, 1 сонда біздің автор

«Қойқаптың» фарсыша екі сөз екенін ұғына алмаған тәрізді.

Оның үстіне бұрынғы авторларда айтылған нәрсені кейінгілер тағы қайталайтыны даусыз. Мысалы, совет дәуірінде болған зор ақынымыз Ілияс Жансүгіровтың «Күй» деген поэмасында:

«Бақсы ойнап күңірентсе де қобыз үнін, Қойқаптан қозғаса да Қорқыт жырын, Боз інген боталамай болды бедеу,

Шашты ашпай қуламақшы «қырық бірін» 2

деген жолдардағы «Қойқап» та «Куһи каф» – «Кап тауы» мәнінде айтылған болу керек.

Әрине, «Алпамыс» жырын жазған автор «Қойқаптың тауы» дегенде «Кап тауының тауы» болып шыққан, ал Ілияс ақын бұл екі сөздің мағынасын дәл ұққандай.

Осы жырларда ұшырайтын сан алуан жеке-жеке сөздер бар, неше түрлі дін ұғымының да іздері байқалады. Мысалы:

«Жарылқаушы құдірет, Қызылбас басқа, біз үмбет».

дегенде «біз Мұхамметтің үмбетіміз, құдайдың өз жолындамыз,






1 «Куһи каф». Кавказ тауы болар, ертедегі Иран әдебиетінде біздің «Шыңғыс тау» – Найман тауы – Найман Куһ атанған екен /С.Т./

2 Ілияс Жансүгіров. «Шығармалар». КМКӘБ, Алматы – 1958, 324 бет.

ал қызылбастар бөтен, олар «кәпір» деп тұр. Ілгергі кезде Иран мен араб елі көп жауласқан, ақырында ирандықтар мұсылман дінін күшпен қабылдағанын мегзеп тұр. Бұл екі ел көп уақыт шайқасып, тек 8 ғасырда ғана бас қосып, Бағдатта араб-фарсы мемлекеті құрылғанын сөз етіп тұр. Иранда бұрын орын теуіп келген Аһура Маздах атты құдайдың діні әлсіреп, ісләм дінінің күшейгенін баяндайтын тәрізді. Ескере кетелік, Х-ХІ ғасырларда Ираннан көрі Орта Азияда мұсылман діні күшті болған екен. Тіпті ирандықтар ісләм дінін «Бухара-и Шәріфтен» алып бойына сіңіргендей.

Кейде мынадай түсініксіз сөйлем келеді:

«Лалайлама лух» деп

Бәлем қалмақ сұлады» /Алпамыс/.

дейді. Осы «лалайлама лух» деу тибет дінінің сілемі сияқты. Көне Тибеттің патшасы – Құдайдың сүйген құлы – «Далайлама» атанған, бұл бесіктегі баланың патша сайлануы, оның тәрбиешісі /«орынбасары» «Дашы лама» болатын. Осы жерде Алпамыс батыр аттан құлатқан «қалмақ» өз патшасына



  • «Далайламаға» сиынып жатса керек-ті.

Заты, қазақ халқының батырлары бір беткей емес, жан жағынан жау қамағанда әрбіреуі әр тұсқа шапқан тәрізді. Мысалы, Қобыланды батысқа бет алып, ирандықтармен соғысса, Алпамыс Шығыс жақты күйретіп жатқандай. Авторлары өз ойларынан шығарса да, елін жаудан қорғаушы бағыттарын баяндағандай, «Ер-Тарғынның» беталысы бұлардан тағы бөлек тұрады.

Бұл батырлардың бәрі де өз ұлысын, мекенін жақындағы жаулардан қорғайды. Сондықтан Қара қыпшақ Қобыланды батыстан келе жатқан қызылбастарға-ирандықтарға қарсы шабады. Өйткені қалың қыпшақ ол кезде Сыр-Дарияның сол жиегінде тұрса керек, ал қоңырат ұлысы Сырдың шығысын жайлайды да мына Алпамыс батыр шығыс жағынан төнген Қытай еліне бет қояды. Қамбар батыр түбі ноғайлы болса да Арғын руының намысын жыртады. Бұдан бұрын да,

тіпті біздің жыл санауымыздан ілгері кезде де түркі тектес елдер басын қосып қытайға қарсы шыға алмапты. Оның орнына өзді-өзі жағаласып быт- шыт болыпты. Қаңлы ұлысына Үйсін қарсы шыққан. Үйсін-Гун халқына қарсы аттанған. Қоқандықтар мына Хивалықтармен жауласып жүрген, бұлардың арасына іріткі салған Қытай елшісі Чжан-Кянь екен. 1

«Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жырында.

«Ертіс басы қара дін жерге кетті,

Бейне теңіз дейтұғын көлге кетті» /179 б/.

деген жолдардағы «Ертіс басы қара дін жерге кетті» деуі Аягөзден Шығысқа қарай беттеуі тәрізді, мына бейне теңіз дейтұғын көлі – Байкал болмас па? Ал, Доржи Банзаров жазған «Черная вера» – «Қара дін» – дейтін «шаманизм» атты монғол-бурят діндес елге барғанын нұсқап тұр ма қалай, немесе сол мезгілде қара-тастан салған дөңгелек үйлер болған, соларды «Қара дің» деп атаған, бұл ҮІІІ-ғасырда түркі елдерінде «дің, діңгек» болып атанған дегенді академик Әлкей Марғұлан айтады. Қайсысы болса да осы батырдың сонау монғол-бурят елдеріне, күншығысқа баруы айқын.

Ескерте кетелік, бұл батырлардың ең үлкені Алпамыс /Алып-Мамыш/, ол түркі-оғыз заманы; екіншісі Уақ руынан шыққан Ер-Көкше Ер Қосайдың әкесі – Қамбар батыр, мына қырғыз елінің Манас батырымен замандас болса керек-ті. Үшіншісі Қобыланды-ноғайлы жыры, қазақ халқының да өз мүлкі.

Бір кезде көне түркі тілінде жазылған «Сайқал» атты кітап болатын. Мұны кітаби Сайқали /ب


Каталог: files
files -> Бастауыш білім беру деңгейінің ОҚу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспарлары
files -> Астрономия Мазмұны
files -> 1 фантастика жанрыныњ типологиясы
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет