Нәрестенің орналасуы дұрыс деп нәресте осі жатыр осімен сәйкес келгенде айтады. Егер нәресте осі жатыр осімен қандай да бір бұрыш жасап қиылысса,нәрестенің дұрыс емес орналасуы туады,ол кезде босанудың ағымы ана мен нәрестеге қауіпті болады.
Нәрестенің дұрыс емес орналасуына көлденең және қиғаш орналасу жатады
Нәрестенің қиғаш орналасуы деп-тұлғаның ұзынша осі жатырдың ұзынша осімен үшкір бұрышты құрап орналасуын айтады.
Нәрестенің көлденең орналасуы деп-тұлғаның ұзынша осі жатырдың ұзынша осіне перпендикулярлы орналасуды айтады.
Жүкті әйелді қараудың,пальпациялаудың,қынаптық зерттеудің,УДЗ,кейде рентгенологиялық зерттеулердің нәтижелеріне қарап қойылады.Ішті қараған кезде оның көлденең-созылған формасына көңіл бөледі. Жатыр шар тәрізді формалы.Пальпациялаған кезде келіп тұрған бөлік анықталмайды, нәресте басы сол немесе оң жақтан анықталады. Қағанақ суы көп болғанда,көп ұрықты жүктілік,жатырдың қатаюы кезінде сипалап нәрестенің позициясы мен қалпын анықтау өте қиын.Бұл жағдайларда УДЗ,кейде рентгенография қолданылады.Жүктілік кезінде қынаптық зерттеу анық нәтижелер бермейді, босанудың бірінші кезеңінде ұрық қапшығы сақталған және жатыр мойны 3-4см ашылған кезде қынаптық зерттеулер ешқандай нәти-желер бермейді.Бірақ та бұл зерттеуді байқап жүргізу керек.Өйткені жатыр мойны толық ашылғанда қағанақ суының кетуі босанудың болжамын нашарлатады.Жатыр мойны 4см-ге ашылған және қағанақ суы кеткен кезде қынаптық зерттеуде нәрестенің бүйірін, жауырынын,кейде шынтақтағы мен алақанын сезуге болады.Жыныс саңылауынан нәресте қолы түсіп қалған кезде көлденең орналасу диагнозы күмән тудырмайды