Кәсіптік білім беру ұйымдарының облыстық оқу-әдістемелік кабинеті «шешендік өнер әліппесі»



бет2/11
Дата28.01.2018
өлшемі3,98 Mb.
#34398
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

«ШЕШЕНДІК ӨНЕР ӘЛІППЕСІ»

(1-4 сыныптарға арналған)

Орал, 2016 жыл

Батыс Қазақстан облыстық білім басқармасының мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің сараптама кеңесінде қаралып, облыс педагогтарына таратуға ұсынылды.

Хаттама № 2 6.06.2016 жыл

Құрастырушылар:

Тукенова А.А., Карабалиева Қ.Қ., Самиева Б.О., Ерекешева Г.А. - Л.Қылышев атындағы Шилі орта жалпы білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімдері


Рецензент:

Хасанова И.У., М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің педагогика және психология кафедрасының аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының кандидаты

Бұл 1-4 сыныптарға арналған «Шешендік өнер әліппесі» факультатив курсының бағдарламасы жалпы білім беретін мектептің бастауыш сынып оқушыларының сөздік қорын байыту, молайту мақсатында жасалынды. Шешендік өнер оқушылардың жас ерекшелігін ескере отырып құрастырылды. Бұл көмекші құрал әдебиеттік оқу пәніне көмек ретінде дайындалды.



Мазмұны

Түсінік хат .......................................................................4 бет

Курстың мақсаты мен міндеттері ..................................5 бет

Тақырыптық жоспарлар

1-сынып.............................................................................7 бет

2-сынып.............................................................................53 бет

3-сынып...........................................................................128 бет

4-сынып...........................................................................211 бет

Қорытынды ....................................................................268 бет

Пайдаланылған әдебиеттер ..........................................269 бет




Түсінік хат

«Шешендік өнер әліппесі» факультатив курсының бағдарламасы жалпы білім беретін мектептердің бастауыш сыныптарына арналып жасалынды. Көмекші құрал ҚР «Білім туралы» Заңының, ҚР «Білім» бағдарламасының, Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарын ескере отырып жасалды.

Қазақ ауыз әдебиетінің ерекше бір жанры – шешендік өнер. Оқушыларды «Шешендік өнерге» баулудың маңызы зор. Қазақ халқы шешендік өнерді аса құрметпен бағалағандықтан, бастауыш сынып оқушыларын ата-баба ізімен шебер сөйлеу, тілдерін дамыта түсу, олардың үлгі-өнегесін бойларына дарыту – басты мақсат. Халқымыздың даналығының үлгісі шешендік сөздер – ғасырлар бойы халық сынынан ерекшеленіп өткен құнды мұра, асыл қазына. «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» дейді ұлы жазушы Мұхтар Әуезов. Ал бесіктен басталатын тәрбиенің бірден-бірі – қазақ ауыз әдебиеті. Шешендік сөздердің алғашқы үлгілерін халық ауыз әдебиеті туындыларынан, ертегі, аңыз әңгімелерден, өлең – жыр, дастандардан ұшыратамыз. Осы сөз өнерінің кең қанат жайып, орнығып дамуында тапқырлық пен шешендіктің тамаша нұсқаулары – жыраулар толғаулары, айтыстар мен мақал-мәтелдердің орны ерекше.

Оқушыларға шешендік өнер туралы мағлұматтарын тереңдетіп, оның жан – жақты тарихи екенін таныту. Танымдық ой – өрісін кеңейту сөздік қорларын молайту, өзіндік пікір айта білу қабілеттерін дамыту мақсатын көздей отырып, «Шешендік өнер әліппесі» факультатив курсы ана тілі пәніне негіздей отырып, көрген – білгенді көкейге тоқып, көп үйреніп ізденудің арқасында шебер сөйлеуге жаттығады. Бұл жинақ бастауыш білім беруде «Әдебиеттік оқу» пәніне қосымша сабақ ретінде алынып отыр. Осы орайда көмекші құрал ретінде М.Құлкенов, К. Ерешева, Ж.Әбділданың «Шешендік өнер әліппесі» оқу құралына сүйене отырып, 1-4 сыныптарға арналып, 1 сыныпқа 33 сағат, 2-4 сыныптарға 34 сағаттан жоспар құрылды

«Шешендік өнер» сабағының мақсаты:

1. Оқушылардың жеке басын қалыптастыра отырып, әдеби мұраларға деген талғамын тәрбиелеу;

2. Рухани дүниесін кеңейту, ақыл-ойы мен ұлттық сана-сезімін дамытуға ықпал ету;

3. Кітап оқуға деген ынтасын қалыптастыру.



Міндеттері:

оқушылардың оқу дағдысын қалыптастыру және жетілдіру;

көркем шығармаларды оқуға деген қызығушылығын дамыту;

шығарманың түпкі мазмұн-мәнін түсінуін, эмоциялық қабылдауын (кейіпкерлердің көңіл-күйіне ортақтасу, күйіну, сүйіну т.б.) қамтамасыз ету;

шығармадағы көркем бейнелердің ерекшеліктерін аша білуге бағыттау;

ауызекі және жазба тілде байланыстырып сөйлеуін (ойын еркін жеткізу, сауатты да мәнді жаза білу) дамыту;

өзіндік ой пікірін айта білуге баулу;

оқушылардың бойына ізгілік пен имандылық, адалдық пен мейірімділік сияқты адамгершілік қасиеттерді дарыту.


Күтілетін нәтиже:

Көрген – білгенді көкейге тоқып, көп үйреніп, ізденудің арқасында шебер сөйлеуге жаттығады.

Би – шешендердің сөздерін жаттап өсіп, жаңа ұғымдармен танысады.

Мақалдың немесе өлең ұйқастарын таба отырып, берілген қысқаша мәтінді өз ойымен жалғастыра білуді үйренеді.



Сөздерді мақсатқа, негізгі ойға, мазмұнға сәйкес өз бетінше талдап қолдана алады. 
Шығармашылығын шыңдайды,танымдық қабілеттері дамиды,өзіндік ой қорытуға, ойын әдеби тілмен өрнектей білуге дағдыланады. 
Халықтың қанатты сөздерінің мәнін, мағынасын түсініп, одан тәрбие алады.

1-сынып


р/с

Тақырыбы

Сағат саны

мерзімі

І тоқсан

1

Адамдардың қарым-қатынасы

1




2

Амандасу

1




3

Қош келдіңіз

1




4

Маңдайшалардағы суреттер мен жазулар

1




5

Бау-бақша

1




6

Сөз ренжітеді. Сөз күлдіреді

1




7

Сөз жұбатады

1




8

Қоштасу.Сағыныш.

1




9

Таңдану, қуану, ренжу, мұңаю, қорқу

1




ІІ тоқсан

1

Кел,санамақ айтайық

1




2

Сөйлейміз және тыңдаймйз.Оқимыз, жазамыз

1




3

Дауыс ырғағы

1




4

Спорт алаңында

1




5

Көңіл-күй.

1




6

Алғыс.

1




7

Телефон арқылы сөйлесу.

1




ІІІ тоқсан

1

Әдептілік белгісі.

1




2

Мәтін.Кім туралы? Не туралы?

1




3

Жұмбақтар.

1




4

Теңеу.

1




5

Тақырыбы. Аты

1




6

Ат қоя білу де өнер

1




7

Кешірім сұрау.

1




8

Өтіну.

1




9

Кешірші. Не үшін? Таныс, бейтаныстар

1




ІV тоқсан

1

Ең маңызды сөздер

1




2

Мәтіннің негізі.

1




3

Мәтіннің негізі.

1




4

Ертөстік туралы ертегі

1




5

Мәтін қалай жазылады?

1




6

Өлеңдегі сөздердің ұйқасуы.

1




7

Өтініп сұрау

1




8

Тілден артық не бар,тілден жаман не бар?

1




Барлығы

33






1-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Адамдардың қарым-қатынасы.

Сабақтың мақсаты:

Оқушылардың бір-бірімен дұрыс сөйлесуіне, ақылдасуына, пікірлесуіне үйрету.



Сабақтың әдісі: әңгімелеу, сұрақ-жауап.

Сабақтың көрнекілігі: отбасы туралы суреттер.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру бөлімі.

Оқушылардың назарын сабаққа аудару.



2. Психологиялық дайындық.

Оқимыз, жазамыз,

Біз мектепке барамыз.

Оқимыз, жазамыз,

Оқып білім аламыз. (жай, орташа, тез айту)

Негізгі бөлім.

Жаңа сабақ.

- Балалар, адамдар бір-бірімен қалай қарым-қатынас жасайды?

Олар бір-бірімен сөйлеседі.

Не жайында сөйлесуі мүмкін?

Әңгімелеседі, достарымен ойнайды, сырласады.

Қарым- қатынасты неден бастайды?

Сөйлесуден.

Тіл-қарым-қатынас құралы.



Суретпен жұмыс.

Суретте ата-ананың баласын еркелетуі, балалардың ойнап отырғаны бейнеленген.

Әке-шешеңмен,ата-әжеңмен сөйлесесің. Олардың ақыл-кеңесін тыңдайсың. Достарыңмен ойнайсың, әңгімелесесің және сырласасың.

Оқулықпен жұмыс.

Берілген өлеңді мәнерлеп түсіне оқы.



Сергіту сәті.

Өлеңді талдау.

Ата-анаң сені қалай еркелетеді? Әжең мен атаң ше? Ағаң мен тәтең кім дейді? Ата-анаңа сен қалай еркелейсің?



Тіл дамыту жұмысы.

Әр сурет бойынша әңгіме құрастыр.



Дәптермен жұмыс.

Бір адамның басқа адаммен сөйлесуін,ақылдасуын,пікірлесуін аралас-құралас болу деп айтады.

Мектептегі қарым-қатынас, қоғамдық орындағы қарым-қатынас туралы мысалдар келтіру. (Сахналап көрсету)

4. Қорытынды бөлім.

Бүгінгі сабақта не туралы әңгімеледік? Қарым- қатынас деген не?



2-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Амандасу

Сабақтың мақсаты: «Сөз анасы-сәлем» мақалының мәнін ұғындыру. Амандасудың маңыздылығын меңгерту.

Сабақтың әдісі: әңгімелеу, түсіндіру.

Сабақтың көрнекілігі: мазмұнды суреттер,слайдтар.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру бөлімі.

Оқушылардың назарын сабаққа аудару.



2. Психологиялық дайындық.

Кел, ортаға шығайық,

Шеңбер жасап тұрайық.

Дайындалып сабаққа

Бар зейінді бұрайық.

3.Негізгі бөлім.

Жаңа сабақ.

-Балалар, мына тақтадағы сөздерге назар аударайық. (Мұғалім мәнерлеп оқиды)

Туған елім, армысың!

Туған жерім, бармысың?

Қайырлы таң, аталар!

Қайырлы күн, әжелер!

Қайырлы түн, балалар!

Күнде осылай тілдесем

Ағайынмен жүздесем. (М.Құлкенов)

-Өлең не туралы? Бұл сөздерді қай кезде естіп жүрміз?

-Амандасу кезінде.

-«Сәлем-сөздің анасы» дегенді қалай түсіндірер едіңдер?



Карточкамен жұмыс

-Мына сөздерді әрқайсысың оқып,қай кезде айтылатынын түсіндіріп беріңдер.

Қайырлы таң! Кеш жарық! Сәлеметсіз бе? Есенсіз бе? Армысыз!

Жұппен жұмыс.

Амандасудың түрлерін пайдаланып,өзінің қалай амандасатынын көрсетеді.



Мәтінмен жұмыс.

Ы.Алтынсариннің «Әдептілік» әңгімесін слайдтан мәнерлеп оқу.

-Оқымысты, ғалым деп қандай адамды айтады?

-Әңгіме неліктен «Әдептілік» деп аталған?

-Ғалым қандай әдептілік көрсетті?

Сөздікпен жұмыс.

Мұжық-орыстың шаруа адамы.

Қорытынды бөлім.

- Қай кезде адамдар амандасады? Қалай амандасады? Қандай сөздерді қолданады?
3-сабақ.

Сабақтың тақырыбы: Қош келдіңіз.

Сабақтың мақсаты: Адамды қарсы алуда айтылатын сөздердің түрлерімен таныстыру.Орынды қолдануға тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: әңгімелеу, топқа бөлу,сұрақ-жауап.

Сабақтың көрнекілігі: мазмұнды суреттер, үлестірмелі карточкалар.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру бөлімі.

Оқушылардың назарын сабаққа аудару.



2. Психологиялық дайындық.

«Шаттық шеңберін» құрып,тілек айту.



3.Негізгі бөлім.

Оқушыларды 3 топқа бөлу. (Ойын түрінде көрсету)

1-топ. «Қонақ қарсы алу»

Оқушылар тақтада жазылған сөздерді дұрыс қолдануы қажет.

Сәлеметсіздер ме? Кеш жарық! Төрлетіңіздер! Төрге шығыңыздар! Қош

қош келдіңіз! Сіздерді көрмегелі көп айдың жүзі болды.



2-топ. «Тұтынушыны қарсы алу»

-Балалар сатушымен қалай амандасады?

-Сатушы келушімен қалай амандасады?

3-топ «Дәрігерге келушіні қарсы алу»

-Дәрігерге келгенде қалай амандасу керек?

-Дәрігердің жауабы қандай болады деп ойлайсың?

Дәптермен жұмыс.

Ата-бабамыз қалай амандасқан?

* Қазақтың салтында жастар танымаса да,үлкендерге сәлем берген.

* Ат үстінде отырып сәлем бермейді.

* Бір адам көпшілікке сәлем береді.

* Атты адам жаяу адамға сәлем береді.

* Келе жатқан адам отырған адамға сәлем береді.

* Жолаушылап кетіп бара жатқан адам жолдағы ауылға сәлем беріп өткен.



Сергіту сәті.

Суретпен жұмыс.

-Суретте кімдер бейнеленген?

-Олар қайда,не үшін келді?

-Келген қонақтар қандай сөздер айтты?

-Оларды кімдер қарсы алды?

-Үй иелері не айтты?



Сәйкестіндір.

Қоштасу Төрлетіңіздер!

Амандасу Есенсіз бе?

4.Қорытынды бөлім.

-«Қош келдіңіздер» сөзі қай кезде айтылады?


4-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Маңдайшалардағы суреттер мен жазулар.

Сабақтың мақсаты: Маңдайшалардағы суреттер мен жазулардың мағынасы мен маңызы туралы түсіндіріп,есте сақтап жүруге баулу.

Сабақтың әдісі: түсіндіру.

Сабақтың көрнекілігі: Жол белгілері бейнеленген слайдтар,ғимараттар суреті

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру бөлімі.

Оқушылардың назарын сабаққа аудару.



2. Психологиялық дайындық.

Біз балдырған ұланбыз,

Оқып білім аламыз.

Әдепті боп жүреміз,

Үлкенге сәлем береміз.

3.Негізгі бөлім.

-Балалар,мына белгілерді сендер қайдан көрдіңдер?

-Жолдың бойынан.

-Қандай түсінік береді?

Әр оқушы өз ойын айтады.

-Байқасаң,көшеде және жол бойында түрлі заттардың суреті ілініп тұрады.



Шығармашылық жұмыс.

Суретті белгілердің нөмірлерін атауларына сәйкес тауып қой.Өзің

білетін шартты белгілердің суретін шаршының ішіне сал.

Дәптермен жұмыс.

-Қалада және ауылда кейбір үйлердің маңдайшасында түрлі жазулар

ілініп тұрады. Олар нені білдіреді?

- Біздің мектептің маңдайшасында қандай жазу бар? Оның мағынасы

нені білдіреді?



Сергіту сәті

Бейнесуреттер көрсету, талдау жасау.

- Маңдайшадағы тағы қандай жазуларды білесің?



4.Қорытынды бөлім.

-Маңдайшалардағы жазулар қажет пе? Не үшін керек?


5-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Бау-бақша.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға бау-бақша туралы әңгімелей отырып,өлеңдер жаттап,сөздік қорын молайту.

Сабақтың әдісі: әңгімелеу

Сабақтың көрнекілігі: Бау-бақшаның суреттері, көкөністер мен жемістердің мульяждары.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру бөлімі.

Оқушылардың назарын сабаққа аудару.



2. Психологиялық дайындық.

Қоңырау да соғылды,

Міне,сабақ басталды.

Дайындалып бәріміз,

Отырамыз тып-тыныш.

3.Негізгі бөлім.

-Балалар, мынау ненің суреттері? Оларды біз қайдан көреміз?

-Бақшадан.

-Жемістер мен көкөністердің адамға қандай пайдасы бар?



Мәтінді түсіндіре оқу.

-Дәулет атасымен қайда барды? Бағбан сөзін қалай түсінесің?

-Бақта тағы қандай жеміс ағаштары өседі?

Көкөністер туралы өлеңдер оқу.

Шығармашылық жұмыс.

Өзің білетін көкөністердің суретін сал, әңгімеле.



Мақал-мәтелдер айту, мәнін ашу.

* Еңбек етсең ерінбей,

Тояды қарның тіленбей.

* Кім еңбек етсе,сол тоқ.

*Еңбек түбі-береке.

*Ексең егін,ішерсің тегін.



4.Қорытынды бөлім.

- «Қыстың қамын жаз ойла» мәнін ашу

- Бау-бақшаны қай кезде егеді?
6-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Сөз ренжітеді. Сөз күлдіреді.

Сабақтың мақсаты: Сөз туралы,ренжітетін сөздер мен күлдіретін сөздер туралы әңгімелеу, сөздік қорын молайту.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,түсіндіру.

Сабақтың көрнекілігі: мазмұнды суреттер

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру бөлімі.

Оқушылардың назарын сабаққа аудару.



2.Негізгі бөлім.

«Сейтек-тентек» өлеңді мәнерлеп оқу.

Өлеңді талдау.

-Өлең кімдер туралы?

- Сейтек қандай бала?

Сейтекке мінездеме беру.

Сейтек

ерке салақ еріншек тентек шыдамсыз

- Сейтектің қылығына әжесі қандай көңіл-күйде деп ойлайсың?

-Адамдарды күлдіру үшін не істеу керек?

-Күлдіргі өлең,әзіл әңгімені қай кезде қолдануға болады деп ойлайсың?

-Теледидардан қандай күлкілі бағдарламалар көріп жүрсіңдер?

-«Әзіл әлемі», «Жайдарман», «Екі езу» (үзінділер көрсету)

-«Суайттың өлеңі» өлеңді мәнерлеп оқу.



Сөздікпен жұмыс.

Олақ - іске икемі жоқ,епсіз адам.

Оймақ - іс тіккенде ине кірмес үшін саусаққа киетін кішкентай ғана саусаққап. Ол жезден, темірден не былғарыдан жасалады.

Жаңылтпаштар оқу.

Не деген бақша таңғажайып бұл?

Төбеден қарша алма жауып тұр.
Қарға қарқалдамаса қарға бола ма?

Қарқылдап келіп,тобымен талға қона ма?



3.Қорытынды бөлім.

- Бүгінгі сабақта не туралы әңгімеледік?

-Адамдарды ренжітуге болмайды.Әр сөзіңді ойланып сөйле.
7-сабақ.

Сабақтың тақырыбы: Сөз жұбатады.

Сабақтың мақсаты: Өткен сабақпен салыстыра отырып адамды жұбататын сөздер жайында түсінік беру.Адамгершілікке,бауырмалдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: әңгімелеу,түсіндіру.

Сабақтың көрнекілігі: мазмұнды суреттер,әндер жинағы.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру бөлімі.

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.



2. Психологиялық дайындық.

Әлди-әлди,ақ бөпем

Ақ бесікке жат бөпем.

Жұбатайын,жата ғой,

Тәтті ұйқыға бата ғой.

- Бұл ән кімге арналған? Не үшін айтылады?

- Бөпені жұбату үшін.

3.Негізгі бөлім.

- Жұбату деген не?

- Жұбату- 1. Көңілін аулау,көңілін көтеру.

2.Жылаған баланы уату,көңілін аулау.

«Әже мен немере» әңгімесін түсініп оқу.

Әңгімені талдау.

-Әжесі немересіне неге риза болды?

-Өзің атаң мен әжеңді қалай жұбатар едің?

-Тағы кімді жұбатасың? Қай кезде?

Мақалды оқып,мәнін ашу.

Тіл- ақылдың өлшемі.

Жақсы сөз жұбатады,

Жаман сөз жылатады.

Баланың өскен бесігі-кең дүниенің есігі.

« Бесік жырын» дискіден тыңдау.

« Ақ бөпем» , « Айналу» өлеңдерін мәнерлеп оқу.

-Бөпеңді жұбататын тағы қандай өлең білесің?

-Бесік туралы слайды қолданып әңгімелеу.

4. Қорытынды бөлім.

-Бүгінгі сабақта қандай әндер шырқалды?

-Бесік жырын не үшін айтады деп ойлайсың?

-Жұбату дегенді қалай түсінесің?


8-сабақ.

Сабақтың тақырыбы: Қоштасу. Сағыныш.

Сабақтың мақсаты: Әдепті сөздер,олардың маңыздылығы туралы айтып,қоштасу,сағыныш кезіндегі айтатын сөздерді меңгерту.Сөз мәнерін түсінуге баулу.

Сабақтың әдісі: әңгімелеу, түсіндіру.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, телефон, доп.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру бөлімі.

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.



2. Психологиялық дайындық.

Біз балдырған ұланбыз,

Оқып білім аламыз.

Әдепті боп жүреміз,

Үлкенге сәлем береміз.

3.Негізгі бөлім.

-Балалар, адамдар кездескенде қандай сөздер айтуы керек?

- Сәлеметсіз бе? Есенсіз бе? Армысыз! Сәлем!

-Олай болса, қоштасқанда қандай сөздер айтады екен?



Оқушыларды рөлдерге бөлу, сахналау.

1-топ. «Ойыннан үйлеріне қайтқандағы қоштасу»

2-топ «Мектептен қайтқандағы қоштасу»

3-топ. «Телефонмен сөйлескеннен соң қоштасу»



Талдау.

-Қандай сөздерді қолдандыңдар?

-Көріскенше күн нұрлы болсын! Қош бол! Кездескенше! Сау бол! Амандықпен кездесейік!

- Қоштасудың қандай түрлерін білесің?

- Балалар,сағыныш деген сөзді қалай түсінесіңдер?

- Алысқа өзің кеткенде немесе жақын адамың алысқа кетсе сағынып еске алу.

Мәтінді түсініп оқу,талдау.

-Дулат кімді сағынды?

-Ата-анасына деген сағынышын қалай білдірді?

-Ұлын сағынған ана қайтті?



Мақалды оқу, жаттау, мәнін ашу.

*Сағынған елін аңсайды,

Сары ала қаз көлін аңсайды.

4.Қорытынды бөлім.

- Бүгінгі сабақта не туралы әңгімеледік?

- Қоштасқанда қандай сөздер айтылады екен?

- Сабақ аяқталды,сау болыңдар.


9-сабақ.

Сабақтың тақырыбы: Таңдану, қуану, ренжу, мұңаю, қорқу.

Сабақтың мақсаты: Таңдану,қуану,ренжу,мұңаю,қорқу туралы,олардың мән-мағынасын түсіндіру.Жаңа сөздер арқылы оқушының сөздік қорын молайту.

Сабақтың әдісі: әңгімелеу,түсіндіру.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, телефон,доп.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру бөлімі.

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.



2. Психологиялық дайындық.

«Шаттық шеңберін» құру.

-Сен өзіңді қай жануарға ұқсатасың? Неге?

3.Негізгі бөлім.

-Балалар, таңдану, қуану, ренжу, мұңаю, қорқу деген сөздердің әрқайсысын қалай түсінесіңдер?

-Әр бала өз ойын айтады.

Суретпен жұмыс.

-Суретке қарап балалардың қуанғанын,мұңайғанын,ашуланғанын,таңғалғанын,қорыққанын баяндап бер.

-Сенің қуанған,мұңайған,ашуланған,таңғалған,қорыққан кездерің болды ма?

Мимикамен көрсету

Жануарлардың суреттерін көрсетіп, жануар туралы әңгімелеу.

- Қай жануар сені таңдандырды?

- Қайсысы елжіретті?

- Қай жануарға сұқтана қарадың?

- Қайсысы қорқынышты екен?

- Өзің білетін хайуанаттар туралы әңгімеле.

Түсіндірме сөздік.

Елжіреу- мейірлену,емірену.

Сұқтану- тесіле қарау.

«Арыстан мен қозы» ертегісін тыңдау.

-Арыстан қозыға қалай қарады?

- Қозының іс-әрекеті қандай болды?



4. Қорытынды бөлім.

- Таңдану,қуану,ренжу,мұңаю,қорқуды мимикамен көрсетейікші.

- Адам қай кезде мұңаяды?

- Сен қай кезде қатты қорықтың?

- Ешқашан ештеңеден қорықпайтын қайсар да батыл болыңдар!
10-сабақ.

Сабақтың тақырыбы: Кел, санамақ айтайық.

Сабақтың мақсаты: Санамақ, оның маңызы туралы ақпарат бере отырып, санамақтың түрлерімен таныстыру. Қимыл арқылы айтылатын санамақтар үйрету.Есте сақтау дағдыларын дамыту.

Сабақтың әдісі: әңгімелеу,түсіндіру.

Сабақтың көрнекілігі: «Балдырған» журналы, «Тілашар» кітабы, слайд.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру бөлімі.

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.



2. Психологиялық дайындық.

Оқимыз,жазамыз,

Біз мектепке барамыз.

Оқимыз,жазамыз

Оқып,білім аламыз . (3 түрлі айтқызу:жай,тезірек,жылдам)

3.Негізгі бөлім.

-Балалар, сендер қандай санамақ білесіңдер?

-Санамақты қай кезде айтады?

Суретпен жұмыс.

Суреттегі жануарлар мен құстарды атайықшы.

Суреттергі сөздерді оқи отырып санамақ құрастыру:

Бота, түйе

Құлын, бие.

Торай, шошқа,

Қозы, қошқар.

Көжек, қоян,

Бақа, шаян.

Торғай, шымшық, Сен қал, сен шық!

Санамақты үзбей айтып қайталау.

Саусақтармен санамақ айтып үйрену.

Әр саусақтың атын атап үйрену,жаттату.

Қуыр-қуыр, қуырмаш,

Балапанға бидай шаш.

Тауықтарға тары шаш.

Бас бармақ, балаң үйрек,ортан терек, шылдыр шүмек, кішкене бөбек.

Кітаппен жұмыс.

Санақты оқып, жалғасын жаттау.

Басқа тақырыптағы санамақтарды слайд арқылы,журналдан оқып мән-мағынасын түсіндіру.

3.Қорытынды бөлім.

Моноблоктағы дыбыспен жазылған санамақтарды тыңдау,талдау.


11-сабақ.

Сабақтың тақырыбы: Сөйлейміз және тыңдаймыз. Оқимыз, жазамыз.

Сабақтың мақсаты: Сөйлеу мен тыңдаудың айырмашылығын ұғындыру.Оқу мен жазу туралы мағлұмат беру.

Оқушылардың сурет бойынша әңгіме құрастыру қабілеттерін арттыру.



Сабақтың әдісі: әңгімелеу, сұрақ-жауап.

Сабақтың көрнекілігі: Сюжетті суреттер.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру бөлімі.

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.



2.Психологиялық дайындық.

Мынау-менің жүрегім,

Бәрі осыдан басталған.

Мынау-басым ақылды,

Бәрін осы басқарған.

Мынау менің оң қолым,

Мынау-менің сол қолым,

Барлық істі атқарған.



Негізгі бөлім

-Балалар,сөйлеу мен тыңдау дегенді қалай түсіндірер едіңдер?



Суретпен жұмыс.

-Мына суретте кім сөйлеп тұр,ал кім тыңдап отыр?

-Мұғалім сабақты түсіндірді,ал балалар оны мұқият тыңдады.

-Ал мына суретте бала не істеп отыр?

-Теледидар қарап,ән тыңдап отыр.

-Ата не істеді? Балалар не істеді?

-Ата балаларға кеңес берді, балалар оның ақылын ынтамен тыңдады.

-Ана не айтты?

- Ана сәбиіне бесік жырын айтты,ал бөпе тыңдап ұйқыға кетті.

-Ал сен үлкендерді қалай тыңдайсың,апайыңды ше?

Суреттерге мұқият қара,сұрақтарға толық жауап бер.

-Кім жазады? Кім оқиды?

Әңгімеле,оны жаз.

«Бала тілі-бал» оқушыларға күлдіргі әңгімелер оқу.

« Ешкі мен түлкі» ертегісін ауди дискіден тыңдау.

3.Қорытынды бөлім.

«Телефон» ойынын ойнату.

-Бүгінгі сабақта не туралы әңгімеледік?

-Сабақты қалай тыңдау керек?

-Немен жазуға болады?
12-сабақ.

Сабақтың тақырыбы: Дауыс ырғағы.

Сабақтың мақсаты: Дауыс ырғағы туралы түсіндіру,оның түрлерімен таныстыру.Өлеңдерді,әндерді дауыс ырғағына салып айтуға үйрету.

Өлеңді мәнерлеп айтуға баулу.

Сабарлыққа,сыпайылылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: түсіндіру,талдау.

Сабақтың көрнекілігі: Өлеңдер жинағы,бесік жыры жинағы.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру бөлімі.

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.



2.Психологиялық дайындық.

Оқушылардың назарын сабаққа аудару.



3.Негізгі бөлім.

Суреттермен жұмыс.

Суреттердің мағынасына сәйкес келетін дауыс ырғағының түрін тап. Нөмірін дөңгелектің ішіне жаз.

-Дауыс ырғағының тағы қандай түрлерін білесің?

*Айқайлап

*Қатты

*Бәсең


*Сыбырлап

*Тез-тез


«Күлдір де күлдір кісінетіп» (Ақтамберді жырау) өлеңді мәнерлеп оқу.

Оқушыларды орындарынан тұрғызып, «Бесік жырын» қимылмен көрсету арқылы дауыс ырғағына салып айтқызу.

Ауди дискіден дауыс ырғағымен оқылған өлеңдер тыңдату.

Шығармашылық жұмыс

«Мақта қыз бен мысық» ертегісіндегі кейіпкерлердің сөздерін дауыс ырғағына келтіріп, ертегіні сахналау.



4.Қорытынды бөлім.

-Үйде үлкендер ұйықтап жатса, қалай сөйлесу керек?

-Сыбырлап.

-Қай кезде айқайлап сөйлеу керек? Қай кезде қатты сөйлеу керек?

Үйге тапсырма: «Бесік жырын» жатқа айту.
13-сабақ.

Сабақтың тақырыбы: Спорт алаңында.

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың мазмұндау қабілеттерін арттыру,ертігіні жалғастыруға үйрету.

Оқушылардың сөздік қорларын молайту, сөйлеу қабілеттерін дамыту.

Салауатты өмір салтын ұстануға баулу, сымбатты болуға тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: түсіндіру,талдау.

Сабақтың көрнекілігі: Спорттық ойындар бейнеленген сурет.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру бөлімі.

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.



2.Психологиялық дайындық.

Спортпен айналыс

Сұлулық сыйлаған.

Сол саған пайдалы іс,

Сауық пен кинодан.

Оқушылардың назарын сабаққа аудару.



3.Негізгі бөлім.

Бірде спорт алаңына әтеш, бұзау, құлын, лақ, балапан жиналды...

-Суретке қарап ертегіні жалғастырайық.

Ертегіні талдау:

-Ойын қалай өтті?

-Кім бірінші болып жетті?

-Балапан неге көңілсіз?

-Құлын қалай бірінші орын алды?

-Әр суреттегі оқиғаны дауыс ырғағына салып,спорт хабарының жүргізушісі болып көр.

Спорттық ойындардың қандай түрлерін білесіңдер?

-Саған қай түрі ұнайды?

-Спортпен неліктен айналысады?

-Сен спорттың қай түрімен айналысқың келеді? Сол туралы әңгімелеп бер.

Сергіту сәті.

*Бой жазу жаттығулары

* Би жаттығулары

*Вальс билеу.



Шығармашылық жұмыс.

Балапанның суретін салу.



Мақалды оқып,жаттау.

Білімді мыңды жығады,

Білекті бірді жығады.

4. Қорытынды бөлім.

-Спорттың қандай пайдасы бар?

-Атақты спортшыларды ата
14-сабақ.

Сабақтың тақырыбы: Көңіл-күй

Сабақтың мақсаты: Адамның көңіл-күйі туралы түсіндіру.Өлеңді дұрыс,түсініп,мәнерлеп оқуға үйрету.

Адамгершілікке,үлкендерге құрмет көрсетуге,батырлыққа тәрбиелеу.



Сабақтың әдісі: әңгімелеу,сұрақ-жауап.

Сабақтың көрнекілігі: Әртүрлі бейнедегі смайликтер.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру бөлімі.

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.



2.Психологиялық дайындық.

«Шаттық шеңберін» құру

Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

3.Негізгі бөлім.

«Ноян-қоян» Қадыр Мырза Әлидің өлеңін нақышына келтіріп оқу.

Қадыр Мырза Әли –ақын. Батыс Қазақстан облысында қазіргі Сырым ауданында дүниеге келген.Балаларға арнап көптеген өлеңдер жазған.

Қоян деген мықты

Саяхатқа шықты.

Пойызға кеп мінді,

Көп ішіне сіңді...

-Қоян неден қорықты?

-Өлеңді көзіңмен,қолыңмен,ыммен,ишарамен көрсетіп айт.

- Қоянның қуанған,қорыққан сәттерін тауып оқы.



Сергіту сәті.

Ұзын құлақ сұр қоян,

Естіп қалып сыбдырды

Ойлы-қырлы жерлермен

Ытқып-ытқып жүгірді.

-Балалар,қоян туралы қандай ертегілер білесіңдер?

«Бауырсақ» ертегісін сахналап көрсету.

-Қоян қандай аң?

-Оның көңіл-күйін қалай келтіре аласың?

4. Қорытынды бөлім.

-Адамның көңіл-күйі қай кезде көтеріңкі, қай кезде нашар болады?

-Басқа адамның көңілін көтеру үшін не істер едің?
15-сабақ.

Сабақтың тақырыбы: Алғыс.

Сабақтың мақсаты: Алғыс деген сөзге түсінік беру арқылы алғыстың түрлерін меңгерту.

Адамгершілікке,үлкендерге құрмет көрсетуге тәрбиелеу.



Сабақтың әдісі: түсіндіру,сұрақ-жауап.

Сабақтың көрнекілігі: Тақырыпқа байланысты суреттер.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру бөлімі.

2.Психологиялық дайындық.

«Ризамын саған» әнімен айту.

Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

3.Негізгі бөлім.

-Балалар, адамдар қай кезде алғыс білдіреді?

-Алғыс айтқанда қандай сөздер қолданады?

-Рахмет,жарығым! Өркенің өссін! Тәңір жарылқасын!

-Сыйлығыңа алғысым шексіз,рахмет!

-Анашым,мен ыдыс жуып тұрмын,

- Еңбегің жансын,кішкентай қолғанатым!

Суреттермен жұмыс.

Түсіндірме сөздік.

Базарлық-базарлап кеткен адамдардың әкелетін сыйы.

Тәңір жарылқасын-Құдай оңдасын,жаманшылық көрмесін деген тілек.

Қолқанат- көмекші.

-Өзің кімге қандай алғыс айттың?



Слаидтағы сөздерді оқу.

Асын ішіп болса біздің Ахмет,

Анасына айтатыны: «Рахмет!»

Киімдерін кигізсең де Ахмет,

Ұмытпайды ,дейді саған «Рахмет!»
Тәтті кәмпит сұраса да,Ахмет,

Ең әуелі деп алады «Рахмет!» (М.Әлімбаев)



Оқулықпен жұмыс.

-Балалардың қайсысы анасына шын ризалығын білдірді?

-Қайсысы сыпайылық танытты?

4.Қорытынды бөлім.

-Алғыс дегеніміз не?

-Қандай сөздер арқылы алғыс білдіруге болады екен?

-Рахмет сөзінің жазылуын еске сақтаңдар.


16-сабақ.

Сабақтың тақырыбы: Телефон арқылы сөйлесу.

Сабақтың мақсаты: Телефон арқылы сөйлесудің мән-мағынасын ұғындыру. Сыйластыққа,дұрыс сөйлесе білуге,дұрыс жауап қайтаруға үйрету.

Сабақтың әдісі: түсіндіру,сұрақ-жауап.

Сабақтың көрнекілігі: Телефон, сөздер жинағы.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру бөлімі.

2.Психологиялық дайындық.

Оқимыз,жазамыз,

Біз мектепке барамыз.

Оқимыз,жазамыз,

Оқып білім аламыз. (3 рет айту)

3.Негізгі бөлім.

Рөлге бөліп оқыту.

Қызылмен берілген сөздерге назар аудар.

Сәлеметсіз бе? Қайырлы күн! Кешіріңіз! Рахмет! Анашым! Амансыз ба?

Күнім,көріскенше күн жақсы.

-Ділмар сәлемдескенде,рахмет айтқанда,қоштасқанда қандай сөздерді

қолданды? Атап көрсет.

Оқулықпен жұмыс.

Диалогтарды оқып,берілген сөздерді пайдаланып,бір-бірімен сөйлесу.



«Телефон» ойынын ойнау.

-Әже, атам екеуіңізді наурыз көжеге шақырамыз.Үйде анам мен әкем

бар.

-Сенен ертеңгі күннің үй тапсырмасын білейін деп едім.



-Әкетай,әжеме қандай сыйлық дайындасам екен?

(Берілген сөйлемдерді пайдаланып,телефонмен сөйлесу ойынын ойнап көру.)



Телефон оның шығу тарихы туралы слаид арқылы мәліметтер беру.

Шығармашылық жұмыс.

Ермексаздан телефон жасау.

Оқушыларды екі топқа бөліп қалта телефонының пайдасы мен зияны туралы пікір-талас ұйымдастыру.



4. Қорытынды бөлім.

- Бүгін сабақта не туралы әңгімеледік?

- Телефон не үшін қажет?

- Қалта телефондары қандай қызметтер көрсетеді?


17-сабақ.

Сабақтың тақырыбы: Әдептілік белгісі.

Сабақтың мақсаты:  Балаларды кішіпейілділікке, үлкендерді сыйлауға, көмектесуге үйрету, жақсы қасиеттерді бойына сіңіріп, жаман қасиеттерден жирену сезімін дамыту,тіл байлығын, таным белсенділігін арттыру. Оқушыларды әдептілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу..

Сабақтың әдісі:сұрақ-жауап,баяндау.

Сабақтың көрнекілігі: Мақал-мәтелдер, тыйым сөздер, нақыл сөздер

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру бөлімі.

2.Психологиялық дайындық.

Мейірімді жүрекпен
Ақ пейілді тілекпен
Амандасып алайық
Бір жадырап қалайық!

3.Негізгі бөлім.

Әдептілік деген не?
- Әдепті бала қандай болу керек?
Оқушылар: әдепті бала - мәдениетті, кішіпейіл, үлкенді сыйлайтын, қамқор
шы. Үлкенді - құрмет тұтады, көшеде, мектепте, асханада, көлікте, қонақ - та амандасып жүру керек. Кішіні - ізет, қамқоршы болу.

Әдептілік туралы мақал – мәтелдер айту,мағынасын ашу
Әдептіліктің белгісі - иіліп сәлем бергені.
Әдепті бала - арлы бала,

әдепсіз бала - сорлы бала.
Әдепті бала ата - анасын мақтатар,

әдепсіз бала ата - анасын қақсатар.
- Әдептілік неден басталады?

- Сәлемдесуден.

Оқулықпен жұмыс.

Әдептілікті қалай түсінесің?Үлкен адамдар әңгімелесіп отырғанда өзіңді қалай ұстау керек деп ойлайсың?

Әдептілік туралы өлеңдер оқу.

Қарсы ал ерте күн көзін,
Төсегіңді жина өзің.
Асықпай іш тамақты,
Жалама аяқ тамақты..
Саусағыңды сормағын
Садыр салақ болмағын.

« Кім жылатты» мәтінді оқып,талдау.

4.Қорытынды бөлім. Қоғамдағы ең жақсы адам — әдепті адам, әдепті адамдар- қоғамның баға жетпес байлығы, мәртебесі. Ғ.Мұстафин атамыз айтқандай: «Үлкеннің ақылын тыңдау, сөзге тоқтау- инабаттылық көрінісі».

18-сабақ.

Сабақтың тақырыбы: Мәтін. Кім туралы? Не туралы?

Сабақтың мақсаты:   Мәтін туралы алғашқы мағлұмат беру, мәтінді түсініп оқуға үйрету, мазмұнын ашу, мәтін мен сөйлемнің айырмашылықтарына тоқталу.
Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ету.

Сабақтың әдісі:сұрақ-жауап,түсіндіру.

Сабақтың көрнекілігі: Мақал-мәтелдер, тыйым сөздер, нақыл сөздер

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру бөлімі.

2.Психологиялық дайындық.

Мейірімді жүрекпен
Ақ пейілді тілекпен
Амандасып алайық
Бір жадырап қалайық!

3.Негізгі бөлім.

Қызығушылықты ояту
Сандарды өсу ретімен қойсақ, бүгінгі сабақ тақырыбының аты шығады.
Нәтімегденен?
5 2 3 4 1 7 8 6 9 10 12 11 13
Проблемалық әдіс
Бақытжан мен Қазбек әңгімелесіп отыр еді. Бір кезде түтіннің иісін сезді. Орындарынан тұрып жан - жағына қарады. Көрші үйдің қорасы, өртене бастағанын көрді. Екеуі солай қарай жүгірді.
Өртке кінәлі кішкентай балалар болып шықты. Екі бала өртті сөндіруге кірісті.Екі баланың ісіне ел риза болды.
1. Бұл тыңдағандарың не?
2. Мәтінде неше сөйлем бар?
3. Сөйлемдер бір - бірімен байланысып тұр ма?
4. Мәтінге қандай ат қоюға болады?
5. Мәтіндегі негізгі ой қандай?
Мәтін - мағына жағынан өзара байланысты екі не одан да көп сөйлемнен құралады. Мәтінге ат қоюға болады.

Оқулықпен жұмыс

Слайдтан құмырсқа мен көгершіннің суретін көрсету

«Құмырсқа мен көгершін» әңгімесін оқу,талдау.

- Ертегі нелер туралы?

-Көгершін құмырсқаға қалай көмектесті?

-Құмырсқа ше?

-Бұлардың әрекетін қалай бағалайсың? Өз пікіріңді айт.

4.Қорытынды бөлім.

Әр қатарға суреттерге байланысты мәтіндер құрастыруды тапсыру.

1-қатар: «Алма» 2-қатар: «Жылқы» 3-қатар: «Қоян»
19-сабақ.

Сабақтың тақырыбы: Жұмбақтар

Сабақтың мақсаты:    Балаларға жұмбақ туралы білім беру. Шығармашылық халық ауыз әдебиетімен таныстыру. Ой - өрісін дамыту. Тіл байлығын жетілдіру. Сөздік қорын байыту.
Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ету.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, қимыл - жаттығуларды көрсету, әңгімелеу, сұрақ - жауап, ой қозғау, ойын. 

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру бөлімі.

2.Психологиялық дайындық.

Кел,балалар,ойнайық

Ойнайық та,ойлайық.

Қандай жұмбақ болса да,

Шешпей оны қоймайық.

3.Негізгі бөлім.

- Бүгінгі сабақта «Жұмбақтар әлеміне» барайық.
-Балалар сендер жұмбақтарды шешкенді жақсы көресіңдер ме?
Жұмбақтар әр түрлі болады екен. Олармен жақынырақ танысу үшін мен сендерді жұмбақтар көрмесіне шақырамын.
Жұмбақ- халық ауыз әдебиетінің бір түрі. Әр жұмбақта заттың аты аталмайды, оны шешу үшін ойланып, не туралы жасырылғандығын табу керек. Жұмбақтың шешуін оңай жолмен табу үшін ұқсайтын затпен салыстырады немесе ерекше сөзбен айтылады.

Оқулықпен жұмыс

Оқулықтағы жұмбақтардың шешуін табу. (Доп,инелік,жұмыртқа)

-Ал енді, балалар ертегілер еліне саяхатқа барайық. Балалар мына жерден қандай ертегілерді көріп тұрмыз?
-Бауырсақ, Шалқан, Маугли, Қызыл телпек, Мақта қыз бен Мысық, Алдар көсе, Жеті лақ.
Жұмбақтар шешу.

Қашып кеткен атадан,
Қашып кеткен ападан,
Орманда кеше жүр едім,
Домалап шықты алдымнан (Бауырсақ)
Үй жинаған ұқыпты,
Бір қыз бопты ертеде
Тыңдамаған мысықты
Салыпты ғой әлекке (Мақта қыз бен мысық)
Кішкене қыз орманға
Жалғыз өзі барады.
Апасына қартайған
Дәмін салып алады(Қызыл телпек)

4.Қорытынды бөлім.

20-сабақ.

Сабақтың тақырыбы: Теңеу

Сабақтың мақсаты:   Өлеңдерді түсінікті оқи отырып, әр жануар өз баласын неге теңейтіні туралы айтып түсіндіру. Ойлау шеберлігін, сөйлеу мәдениетін жетілдіру.

Сабақтың әдісі:сұрақ-жауап,түсіндіру.

Сабақтың көрнекілігі: Жануарлардың суреттері.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру бөлімі.

2.Психологиялық дайындық.

Қошақаны қойдың

Қайда қалып қойдың?

Бұлтиып тұр бүйірің,

Қай өрістен тойдың?

3.Негізгі бөлім.

Қызығушылықты ояту.

-Өлең не туралы,балалар?

-Қошақан туралы.

-Сендерді аналарың еркелеткенде осы сөзді айта ма? Тағы неге теңейді?

-Ботақаным,боташым,құлыншағым,құлыным.

-Олай болса,бүгінгі сабақта теңеу сөздер жайында әңгімелейміз.

-Жануарлар төлдерін неге теңеген?

-Балаларға тақпақтың басын айтып, балалар ойлана отырып жалғастырады,сәйкестендіреді.
Ал енді, балалар тақтаға қараймыз.
1. Сиыр сүйеді баласын - торпағым деп
2. Жылқы сүйеді баласын – құлыным деп
3. Қой сүйеді баласын – қоңырым деп
4. Ешкі сүйеді баласын – лағым деп
Қараңғыға баспаған қорқағым деп
Тұлпар болып жүгірер жұрыным деп
Ештеңені білмейтін момыным деп
Тастан - тасқа секірген шұнағым деп.

Оқулықпен жұмыс

Оқулықтың 42-бетіндегі мәтіндерді оқытып,талдау жасау.

Сөздікпен жұмыс.

Сусиыр-бегемот.

-Мектепте сендерді неге үйретеді? Үйде ше?

4.Қорытынды бөлім.

-Әке,аналарың,әжелерің сендерді неге теңеп атайтынын жазыңдар.


21-сабақ.

Сабақтың тақырыбы: Тақырыбы.Аты.

Сабақтың мақсаты:   Өлеңдердің, мәтіндердің тақырыбы,аты болатындығы туралы айтып түсіндіру. Мәнерлеп оқу дағдыларын арттыру,ойлау қабілеттерін қалыптастыру.Ұқыптылыққа,кітапты таза,дұрыс ұстауға тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,түсіндіру.

Сабақтың көрнекілігі: Кітаптар жинағы,өлеңдерден үзінділер.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру бөлімі.

2.Психологиялық дайындық

Мынау-менің жүрегім,

Бәрі осыдан басталған.

Мынау-басым ақылды,

Бәрін осы басқарған.

Мынау менің оң қолым,

Мынау-менің сол қолым,

Барлық істі атқарған.



Негізгі бөлім

Ой қозғау

Біздерде бар қуыршақ,

Бұзау,қозы,құлыншақ.

Қуыршақтар ұйықтайды,

Айтқаныңнан шықпайды.

-Балалар,бұл өлең не туралы? Қандай ат қоюға болады?

-Әр өлеңде,әр мәтінде тақырып болады,аты болады.Аты сол шығарманың тақырыбына байланысты. Мына өлеңді оқып ат қойып көрейік.

Кітапты орап түптеймін-жыртылмасын,

Мұқабасын бүкпеймін-қырқылмасын.

-Кітаптардың авторы мен атының мазмұны туралы не білуге болады?



Кітаптың аты,атауы.

«Абай», «Шоқан және өнер», «Ақ кеме», «Атадан өсиет,анадан қасиет», Менің атым Қожа», «Батырлар жыры» (Әрқайсысы жайында қысқаша мағлұмат беру)

Сергіту сәті.

Ал, қанеки ойнайық,
Ойнайық та, ойлайық.
Байлап қойып көзіңді,
Қоршап тұрмыз айнала.
Атыңды атап шақырған, арамызда қай бала?

4.Қорытынды бөлім.
22-сабақ.

Сабақтың тақырыбы: Ат қоя білу де өнер.

Сабақтың мақсаты:  Суретке қарап оған ат қоя білуге үйрету. Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту,өз ойын еркін жеткізуге,пікірін айта білуге дағдыландыру.

Бір-бірін тыңдауға,әрқашанда көмекке әзір болуға тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,әңгімелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Суреттер топтамасы,слайдтар.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру бөлімі.

2.Психологиялық дайындық

Дәрігерге барғанда ауызды қалай ашамыз? (А-а-а)

Орманда бір-бірімізді қалай шақырамыз? (Ау-у-у)

Жылан қалай дыбыстайды? (С-с-с)

Ит қалай үреді? (Аф-аф-аф) Жалғастыруға болады.

Негізгі бөлім

Ой қозғау

Суреттерге қарап сөйлемдер құрастыру.



Оқулықпен жұмыс

-Осы атаулардың қайсысы суреттің мазмұнына сәйкес келеді?

«Қойыртпақ» әңгімені оқып, мағынасы әртүрлі шағын әңгімені табу.Оқушыларға тізбектеп оқыту.

«Не болса соған өкпелеп» М.Құлкеновтың өлеңін мәнерлеп оқыту.

-Досыңмен ренжісіп қалдың делік.Екеуінде де кінә бар.Мұндай жағдайда қайтер едің?

Мақалдар айту,мәнін ашу

*Ауыр сөз айтқан дос емес. 

*Дос бергеннің түсіне қарама. 

*Айрылмастай досыңа қайрылмастай сөз айтпа. 



Шығармашылық жұмыс

1-қатар «Менің досым» тақырыбына эссе жазу.

2-қатар Екі дос туралы диалог құрастыру.

3-қатар Берілген мәтінге ат қою.


4.Қорытынды бөлім.

-Мәтінге атты қалай қоямыз?

-Слайдтағы мәтіндерді оқып ат қойып көр

23-сабақ.

Сабақтың тақырыбы: Кешірім сұрау.

Сабақтың мақсаты:  Кешірім сұрау туралы,оның түрлері туралы түсіндіру.Сыпайылылыққа, жіберген қатесін мойындап,кешірім сұрай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,әңгімелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Суреттер топтамасы,слайдтар.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру бөлімі.

2.Психологиялық дайындық.

3.Негізгі бөлім.

-Балалар,адамдар бір-бірінен кешірімді қай кезде сұрайды?

-Кешірім сұрағанда қандай сөздер айтылады?

Кешіріңіз,

Ғафу етіңіз,

Мен сені(сізді) ренжітейін деген жоқ едім,

Кешірші,өтінемін,

Кешір,қошақан,

Айып етпе,балапан,т.б.

Досыңыздың, туысыңыздың, жақыныңызды ренжітіп алсаңдар,кешірімді дұрыстап сұрағаныңыз жөн болады:

Күлдіру. Жоқ жерден дау туындап, әдемі көңіл-күйдің талқаны шықса, бұл ситуациядан құтылу үшін өзіңіз ренжіткен адамды күлдіруге тырысыңдар.

Сый жасау. Кешірім сұрап тұрып, сыйлығыңды құрбыңа, әпкеңе ұсына аласың.

«Кешірші» деген сөзді айту оп-оңай болғанымен, жүректен шықпаса, әсері де аз болып, құны жойылады. Сондықтан ренжіткен адамыңның көзіне тіке қарап, сол сөзді айту.

«Арыстан мен түлкі» ертегісін оқып,сахналау.

-Түлкінің арыстаннан кешірім сұрауын қалай түсінесің?



Шығармашылық жұмыс

Оқушылар өздері кешірім сұрауға байланысты көріністер дайындайды:

1-қатар «Оқушы мен мұғалім»

2-қатар «Дәрігер мен бала»

3-қатар «Дүкенші мен әжей»



4.Қорытынды бөлім.

Кешірім сұрағаннан кешіре білген ауыр. Бір-бірімізді ренжітпейік.


24-сабақ.

Сабақтың тақырыбы: Өтіну

Сабақтың мақсаты:  Өтіну сөздерін үйрете отырып,олардың қолданылатын орнын меңгерту. Әдептілікке,өзін ортада сыпайы ұстауға тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Суреттер топтамасы,слайдтар.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру бөлімі.

2.Психологиялық дайындық.

Сыйлап сәлем беремін, 
Көршілерді көргенде.
Ізетті де білемін
Үйге қонақ келгенде.
Әдепсіз деп сөкпесін, 
Апама айтып өкпесін.

3.Негізгі бөлім.

-Балалар,бүгінгі тақырып өтіну туралы болмақ:

Рұқсат етіңіз....Кінәлімін....Ұят болады...Ренжіме....Кешірім өтінемін.

Оқулықпен жұмыс

Мақалдарды оқып,талдау.

-Өтініштердің тағы қандай түрлерін білесің?

-Олар қандай жағдайда қолданылады?

-Қай суретте өтініш сыпайы айтылады? Неге?

«Не істеуге болмайды?» Осы сөз үлкен етіп жазылып көрсетіледі.Мұғалім басқы сөзін айтады, оқушы ойланып жалғастырып айтуы керек.
- Үлкендердің алдынан...... (кесіп өтуге болмайды.)
- Кішкене баланы................(жылатуға болмайды.)
- Құстарды ...........................(атуға болмайды.)
- Қыз баланы........................(ренжітуге болмайды.)
- Сабақтан.............................(кешігуге болмайды.)
- Сыныпта.............................(айғайлауға болмайды.)
«Не істеу керек?» (бұл да сол сияқты жүргізіледі)
- Үлкен кісіні.......................(сыйлау керек.)
- Үлкеннің тілін...................(алу керек..)
- Үлкендерге..........................(сәлем беру керек.)
- Кішілерді..............................(қамқорлау керек.)
- Оқу құралдарын.................. (күтіп ұстау керек)

Суреттерге қарап оқиғаны мимикамен,қимылмен көрсету.

Жұппен жұмыс.

4.Қорытынды бөлім.

-Өтіну сөздері қай кездерде қолданылады?
25-сабақ.

Сабақтың тақырыбы: Кешірші.Не үшін? Таныс,бейтаныстар

Сабақтың мақсаты:  Мәтіндерді оқып,талдай отырып,жаңа сөздермен таныстыру.Сөздерге түсінік беру арқылы есте сақтау қабілеттерін қалыптастыру.Ыдыс-аяқтардың аттарын біліп жүруге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Суреттер топтамасы,слайдтар.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру бөлімі.

2.Психологиялық дайындық.

Мейірімді жүрекпен
Ақ пейілді тілекпен
Амандасып алайық
Бір жадырап қалайық!

3.Негізгі бөлім.

«Көшедегі оқиға» мәтінді оқып,талдау.

-Асан әпккесінің алдында кінәлі ме? Не үшін?

Түсіндірме сөздік:

Шара-қымыз,сұйық ас құятын ағаштан жасалған шұңғыл,тік жиекті ыдыс.

Тостаған-ағаштан ойып жасалған ыдыстың шағын түрі.

Мәтінді тізбектеп оқу.

-Ірімшік,жент,қымыз,шұбат тағамдары неден,қалай жасалады?

-Тағы қандай ұлттық тағамның түрлерін білесің?

Шығармашылық жұмыс.

Суреттегі заттардың нөмірлеріне сәйкес атауларын тап.



Түсіндірме сөздік: (суреттерін көрсету,түсіндіру)

Саба-жылқының,сиырдың терісінен жасалған қымыз ашытуға арналған ыдыс.

Піспек-қымыз пісіретін сапты құрал.

Күбі-қайыңнан,еменнен,аршадан,жидеден жасалатын шұбат, қымыз, сүт пісіретін шелек.

Өз бетімен жұмыс.

«Атай қалай ертегі айтты?» мәтінін түсіне оқу.

-Қай сөзден атайдың ертегіні қате айтып отырғанын түсінуге болады?

Қате сөздің астын қызыл қарындашпен сыз.

4.Қорытынды бөлім.

-Қандай жаңа сөздермен таныстық?

-Қазіргі кездегі ыдыс –аяқтардың атауларын айтайық.

-Таныс,бейтаныс деген сөздерді қалай түсінісіңдер?

-Бұлар бір-біріне қарама-қарсы мағыналы сөздер.
26-сабақ.

Сабақтың тақырыбы: Ең маңызды сөздер.

Сабақтың мақсаты:  Ертегілер туралы әңгімелей отырып, мәтін бойынща әңгімелеуге дағдыландыру.

Білетін ертегілерді қысқаша мазмұндауға жаттықтыру.

Шыншылдыққа,ақылдылыққа,қиялдауға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Ертегілер топтамасы.

Сабақтың әдісі: Әңгімелеу,сипаттау.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру бөлімі.

2.Психологиялық дайындық.

Күндей жадырап,
Айдай арайлап,
Күндей таза көңілмен,
Бүгінгі күнімізді бастаймыз.

3.Негізгі бөлім.

Балалар, ертегілер еліне саяхат жасауға дайынсыздар ма?! (Оқушылар: иә!)
– Бүгін біз ертегілер еліне саяхат жасаймыз. Ертегінің аты «Бауырсақ». Бұл ертегінің ішінде сендерге арналған көптеген тапсырмалар бар. Тапсырмаларды орындауға дайынсыңдар ма? Ендеше ертегімізді бастайық.
Ертеде бір Шал мен Кемпір болыпты. Кемпір бір күні қаймаққа нан илеп, оны майға қуырып бауырсақ пісіріпті. Оны терезенің алдына суытып қойыпты.
Бауырсақ суып тұрып тұрып, бір кезде домалай жөнеледі. Домалап келіп терезе алдындағы орындыққа, орындықтан еденге, еденнен дәлізге, дәлізден аулаға, ауладан сыртқа, одан әрі, одан әрі домалай береді, домалай береді.
Бауырсақтың тапсырмасы – жұмбақ шешу.
1. Өзі жап – жас, мұрты бар,
Ет пен сүтке ұмтылар.
Тастамайды жылы үйді,
Түкті тонын шұп-шұбар. (Мысық)
2. Ағайынды бәрі,
Шықса – жасыл,
Түссе – сары. (Жапырақ)
– Өте жақсы, балалар! Бауырсақтың тапсырмасын жақсы орындадыңдар!Бұл шешудегі кейіпкерлер қай ертегіге қатысты? «Мақта қыз бен мысық»

Оқулықпен жұмыс

Берілген мәтінді оқып,талдау,сурет бойынша әңгімелеу.

-Ертөстік қандай ертегілерде болды?

-Өзің білетін ертегілерді мазмұндау.

-Ертөстік тағы қандай ертегілер еліне баруы мүмкін?

4.Қорытынды бөлім.

-Ертегінің қандай пайдасы бар?

-Ертегіні кім айтады?
27-сабақ.

Сабақтың тақырыбы: Мәтіннің негізі.

Сабақтың мақсаты:  Мәтін туралы,оның түрлері туралы оқушыларға түсінік беру.Мәтінге ат қоюға,мәтіннің негізгі ойын анықтай білуге үйрету.

Табиғатты аялауға,туған жерін сүюге тәрбиелеу.



Сабақтың көрнекілігі: Табиғат бейнеленген суреттер.

Сабақтың әдісі: Әңгімелеу,сипаттау.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру бөлімі.

2.Психологиялық дайындық. (тақтадан хормен оқу)

Сұлу дала! Менің сүйген еркемсің,
Жаным сенен жаратылған өлкемсің.
Қандай жақсы қазақ болып туғаным,
О, туған жер! Тамашасың, көркемсің.

3.Негізгі бөлім.

 Туған жер, өскен ел жүрекке жылы сөздердің бәрі де табиғат деген таңғажайып ұғыммен бірігіп жатады. Қазақстанның табиғаты көз тартар, аса көркем, бар сұлулықты өн бойына жинап алған өлке.

-Балалар,бүгінгі сабақта мәтіннің түрлері жайында айтамыз.

1.Әңгімелеу 2. Сипаттау 3.Пайымдау

Оқулықпен жұмыс

3 қатарға мәтіндерді бөліп оқыту.

-Олар не туралы?

-Мәтіннің негізгі ойын анықта.

-Әр мәтінге ат қой.

-Бұл мәтіндер бір-бірінен қалай ерекшеленеді?



Медеу спорт кешені – жасанды мұз айдыны бар дүние жүзіндегі ең ірі спорт кешені. Алматы қаласынан 18 км жерде, Кіші Алматы шатқалында, теңіз деңгейінен 1691,2 м биіктікте орналасқан. Медеу Спорт Кешені — тек спорт жарыстары үшін ғана емес, сонымен қатар қала тұрғындары мен қала қонақтарының әсем табиғат аясында демалатын орны.(Слайдтан көрсету)

Мәнерлеп сырғанау — спорт түрі. Мұнда спортшы конькимен сырғанап, музыка сазына сәйкес әсем қимыл жасайды.

Мәнерлеп сырғанау алғаш рет Ұлыбританияда пайда болған. 1763 ж. Лондонда Б.Вест мәнерлеп сырғанаудан алғаш рет өнер көрсеткен.



2014 ж. 15 ақпанда Сочидегі қысқы олимпиадада Денис Тен Қазақстан тарихындағы бұл спорт түрінен алғашқы медаль - қола медальды жеңіп алды.(Фотосуреттерін көрсету)

4.Қорытынды бөлім.

-Мәтіннің қандай түрлері болады?

-Бүгін не туралы әңгімеледік?
28-сабақ.

Сабақтың тақырыбы: Мәтіннің негізі.

Сабақтың мақсаты:  Мәтін туралы, мәтіннің негізі ойын таба білуді меңгерту. Жалқаулықтан безінуге,еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Қыс туралы бейнеленген суреттер.

Сабақтың әдісі: Әңгімелеу,талдау.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру бөлімі.

2.Психологиялық дайындық

3.Негізгі бөлім.

*Жалқаудың жауы - жұмыс.

 *Жалқаулық - жаман ауру.

 *Жалқау жатып ішер, отырып ұйықтар.

-Бұл мақалдар кімдер туралы айтылған?

-Жалқау деп қандай адамдарды айтамыз?



Оқулықпен жұмыс

Мәтінді рөлге бөліп,түсіне оқу.

-Мәтіннің негізгі ойын білдіретіндей тақырып ойлап тап.

 Шығармашылық тапсырма.

1-қатар «Менің сыныбым»

2-қатар «Құстар-біздің досымыз»

3-қатар «Табиғатты аяла» тақырыптарына мәтін құрастырады.

Әр қатар мәтін мазмұнына сәйкес суреттер салады.



4.Қорытынды бөлім.

-Мәтіндегі негізгі ойды қалай табуға болады?

-Үйден өзің қалаған тақырыпқа мәтін құрастырып жаз.
29-сабақ.

Сабақтың тақырыбы: Ертөстік туралы ертегі.

Сабақтың мақсаты:  Ертегінің мазмұнын меңгерту, көріністер қойып, тыңдаушының жанын қозғап әңгімелеуге дағдыландыру, өзіндік пікір, сыни көзқарас қалыптастыру.
Оқушы қабылдауы мен ойлау аралығын зерттей отырып, ой қорыту, оқушының ой - өрісі мен дүниетанымын кеңейту.
Адал достыққа, қайырымдылыққа, адамгершілікке, батылдыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: «Ертөстік» ертегісінің дискісі.

Пәнаралық байланыс: музыка,әдебиеттік оқу.

Сабақтың әдісі: баяндау.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру бөлімі.

2.Психологиялық дайындық

«Шаттық шеңбері» әр оқушы өзін қай ертегінің кейіпкеріне ұқсататынын айту (теңеу)



3.Негізгі бөлім.
Оқушылар «Ертегілер елінде» әнін орындайды. 

-Балалар,бүгінгі сабағымыз не туралы деп ойлайсыңдар?

-Ертегі туралы.

-Ертегі деген не? Қандай ертегілер білесіңдер? Қандай ертегілер ұнайды?Саған ертегіні кім айтып береді?

-Мына суретттегі кейіпкерлер қай ертегіден алынған деп ойлайсың?

-Бұл «Ертөстік» ертегісі,ендеше сол ертегіні көрейік. (Ертегіні тамашалау)

Оқулықпен жұмыс

Үзінділерді түсініп оқу.

-Суреттер бойынша «Ертөстік» ертегісінің желісімен мейірімді немесе мейірімсіз кейіпкерлер туралы ертегі құрастырып көр.

61-беттегі өлеңді мәнерлеп оқу,рөлге бөліп оқу. Мәтінге ат қою.

Шығармашылық жұмыс.

1-қатар «Мақта қыз бен мысық» ертегісін сахналау.

2-қатар «Түлкі мен ешкі» ертегісін сахналау.

3-қатар «Бауырсақ» ертегісін сахналау.

Жұмбақтар шешу

Өзі ширақ,өзі қу,

Жүрген жері айқай-шу. (түлкі)

Үстінен тоны түспеген,

Сонда да араз қыспенен. (Аю)

Туа сала мұрт өсірген мырза,

Пеш түбінде жатқанына ырза. (Мысық)
4.Қорытынды бөлім.

«Ертөстік» ертегісі ұнады ма? Мейірімді,мейірімсіз кейіпкерлерді ата.



30-сабақ.

Сабақтың тақырыбы: Мәтін қалай жазылады?

Сабақтың мақсаты:  Мәтіннің бөлімдері туралы алғашқы түсінік қалыптастыру. Мәтіндерді рет-ретімен әңгімелеуге үйрету.

Жинақылыққа,ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Мультфильмдер топтамасы,ертегілер жинағы.

Пәнаралық байланыс: музыка,әдебиеттік оқу.

Сабақтың әдісі:Әңгімелеу.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру бөлімі.

2.Психологиялық дайындық

«Шаттық шеңбері» әр оқушы өзін қай ертегінің кейіпкеріне ұқсататынын айту (теңеу)



3.Негізгі бөлім.

-Балалар,бүгінгі сабағымызда мәтіннің бөлімдері туралы әңгімелейміз.

-Ертегілер қалай басталады?

-Қандай сөздерден басталады?

-Ертегілер қалай аяқталады?

Мәтіннің:



Басы,негізгі бөлімі және соңы болады.

Ертегілерден үзінділер көрсете отырып оқушыларға қай бөлімі екендігін тапқызу.



Оқулықпен жұмыс

-Сөйлемдердің қайсысы ертегінің басы,ал қайсысы ертегінің аяғы бола алады?

-Мәтіндерді рет-ретімен жинау.

Шығармашылық тапсырма.

«Алтын сақа» ертегісін тыңдап,3 қатар рет-ретімен әңгімелеп,содан соң оны сахналап көрсетеді.

«Кім зерек?» ойыны.

1 оқушы таныс мәтінді әңгімелеп бастайды,негізгі бөлімін басқа оқушы жалғастырады,ал 3-оқушы соңын әңгімелеп,аяқтайды.



Тыныштық сәті.

Оқушылар оқулықтағы мәтінді өз бетімен ішінен оқып,түсінеді.



4.Қорытынды бөлім.

-Мәтін қалай жазылады екен?

- Түйе бойына сеніп құр қалыпты қай бөлімі?

-Ерте,ерте,ерте екен бұл қай бөлімі?

-Бүгінгі сабақ ұнады ма? Қай ертегі ұнады?
31-сабақ.

Сабақтың тақырыбы: Өлеңдегі сөздердің ұйқасуы.

Сабақтың мақсаты:  Өлеңдерді оқи отырып,ондағы сөздердің ұйқастарын табуға,өз ойынан ұйқас сөздер құрастыруға үйрету.

Оқушылардың ойлау қабілеттерін арттыру,өз ойын,пікірін ашық айтуға дағдыландыру.

Үй жануарларына қамқор болуға,белсенділікке тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: «Балдырған» журналы,жануарлар туралы өлеңдер.

Пәнаралық байланыс: музыка,әдебиеттік оқу,дүниетану.

Сабақтың әдісі: Әңгімелеу,түсіндіру.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру бөлімі.

2.Психологиялық дайындық

Қошақаны қойдың

Қайда қалып қойдың?

Бұлтиып тұр бүйірің,

Қай өрістен тойдың?

3.Негізгі бөлім.

-Бұл өлең не туралы?

-Өлеңдегі сөздердің ұйқастары бар ма?

-Қай сөздер бір-біріне ұқсайды?

Өлеңдердегі сөздердің бір-біріне ұқсас болуы керек.

«Отан», «Мысығым», «Ана тілі» сөздердің ұйкастарын тауып,талдау.



Шығармашылық жұмыс.

Тақпақты мұқият оқы. Шарлардан тақпақтың ұйқасын тап.

Әр шумақтағы ұйқастарды бір түсті бояумен боя.

Сәйкестендіру

Тақпақтың ұйқасын тауып,жаз.

Добым,добым,домалақ, домалап, шырағым,

Тоқтамайсың домалап.

Ойнадым,ойнадым,

Ойынға тоймадым. қойдың,тоймадым,әукесін.

Әукім,әукім,әукешім,

Қасиыншы әукесін.

Поэзия минуты.

............ ............. баламын, (Мен әдепті)

............ ............. аламын. (Айтқан тілді)

............ ............. кеткенде, (Мамам дүкенге кеткенде)

............ ............. қаламын. (Үйде өзім)

4.Қорытынды бөлім.

-Өлеңді кім шығарады? Сен өлең шығарғың келе ме?


32-сабақ.

Сабақтың тақырыбы: Өтініп сұрау.

Сабақтың мақсаты:  Ертегілерден үзінділер оқып,өтініп сұрау рәсімін оқушыларға меңгерту.

Оқушыларды сыпайылылыққа,адамгершілікке,сыйласуға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: «Қазақ ертегілері» кітабы, ертегілер суреттері.

Пәнаралық байланыс: әдебиеттік оқу

Сабақтың әдісі: Әңгімелеу,түсіндіру.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру бөлімі.

2.Психологиялық дайындық

Мынау-менің жүрегім,

Бәрі осыдан басталған.

Мынау-басым ақылды,

Бәрін осы басқарған.

Мынау менің оң қолым,

Мынау-менің сол қолым,

Барлық істі атқарған.



3.Негізгі бөлім.

-Мынау қай ертегінің суреті?

-Мысық пен мақта қыз не туралы айтып тұр деп ойлайсың?

Кейіпкерлердің қимылына қарап,сөздерінен не байқауға болады?

-Мақта қыз мысық не өтініп тұр?

-Қасқыр қояннан не өтініп сұрап тұр?



Түсіндірме сөздік:

Өтініп сұрау-бір адамның екінші адамға қаратып айтуы.

«Жолбарыс пен тышқанның достығы жайында» ертегіні түсіндіре оқу.

-Жолбарыс пен тышқан бір-бірімен қалай тілдеседі?

-Қызылмен жазылған сөздерге мән бер: Я,тақсыр,Апа,апа!Ей,байғұсым-ау!Қоянжан-ау!Достым.



Шығармашылық жұмыс

Оқулықтағы суреттерді бояу.



Өтініп сұрауды мимикамен көрсету.

«Ана мен бала», «Атасы мен немересі» , «Мұғалім мен оқушы»

4.Қорытынды бөлім.

-Өтініп сұрау деген не?

-Қандай сөздерді қолданасың?

33-сабақ.

Сабақтың тақырыбы: Тілден артық не бар,тілден жаман не бар?

Сабақтың мақсаты:  Оқушылардың өз тіліне деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, қазақ тілінде таза сөйлеуге, сөздің мағынасын түсініп тапсырманы дұрыс орындауға баулу.

Ой-өрісін дамыта отырып, сөздік қорын және мәнерлеп оқу дағдысын қалыптастыру.

Еңбекқорлыққа, адамгершілікке, өз тілін құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Асан Қайғының суреті және өмірбаяны жайында мәлімет, мақалдар жинағы.

Пәнаралық байланыс: әдебиеттік оқу

Сабақтың әдісі: Әңгімелеу,түсіндіру.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру бөлімі.

2.Психологиялық дайындық

Мынау-менің жүрегім,

Бәрі осыдан басталған.

Мынау-басым ақылды,

Бәрін осы басқарған.

Мынау менің оң қолым,

Мынау-менің сол қолым,

Барлық істі атқарған.



3.Негізгі бөлім.

- Балалар, тіл туралы қандай мақалдар білеміз?
1. Өнер алды қызыл тіл.
2. Тіл тас жарады,
Тас жармаса, бас жарады.
3. Шебердің қолы ортақ,
Шешеннің тілі ортақ..
4. Тіл қылыштан өткір.

-Олай болса,бүгінгі тақырыбымыз тіл туралы болмақ,

Дәптермен жұмыс.

-«Таза мінсіз асыл тас» өлеңін мән беріп оқу.Түсінігін өз сөзімен жазу.

ЖҮРЕКТЕН ЖҮРЕККЕ
Жүрегімнің бөлшегі
Қаның, жаның - тілінде,
Арың, нәрің тіліңде.
Ұмтыл оны білуге.
Тілден алып ғибрат,
Құлшынасың білімге.
4.Қорытынды бөлім.

-Тіл мерекесі қай күні аталып өтеді? (22 қыркүйек)




2-сынып


р/с

Тақырыбы

Сағат саны

Мерзімі

І тоқсан




1

Кіріспе.Шешендік өнер.







2

«Өнер алды – қызыл тіл»







3

Кім айтты? Не айтты? Кімге айтты?







4

Кіммен қалай сөйлесеміз? Сөйлеу мәнері.







5

Жүйелі сөз жүйесін табады ....







6

Біз қалай сөйлейміз?







7

Сөздің ырғағын келтіріп сөйлеу.







8

Сөйлеу барысында екпінді сақтау.







9

Сөйлеушінің көңіл-күйі мен ішкі сезімі.







ІІ тоқсан

1

Ыммен түсіндіру және ишарамен білдіру.







2

Қас-қабағынан білу және айтқызбай түсіну.







3

Тыңдай білуді үйренейік.







4

Тыңдаймыз және естиміз.







5

Тыңдаймыз және түсініксіз сөзді анықтаймыз.







6

Сабақты мұқият тыңдаймыз.







7

Сыпайы өтініш.







ІІІ тоқсан

1

Өтіне білу де өнер.







2

Оқуды және жазуды үйренеміз.







3

Мәтін.







4

Тірек сөздер.







5

Мазмұнын айту. Егжей-тегжейлі мазмұндау.







6

Қысқаша мазмұнын айту.







7

Келісу немесе бас тарту.







8

Сыпайы және дөрекі бас тарту.







9

Сен қалай жауап берер едің?







10

Өтінішті орындаудан бас тарту.







ІV тоқсан

1

Мәтіннің түрлері.







2

Пайымдау.







3

Мысал келтіре отырып пайымдау.







4

Дәйекті және дәйексіз ойды жеткізу.







5

Ойша елестете отырып суреттеу.







6

Заттың нышаны.







7

Хабарландырудағы суреттеу.







8

Болған оқиға ма, ойдан шығарған әңгіме ме?







Барлығы

34





1-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Кіріспе.Өзіңді-өзің тексеріп көр.

Сабақтың мақсаты:

1. Шешендік сөз туралы түсінік бере отырып, сабаққа деген қызығушылығын арттыру, негізгі мәселелерге көңіл бөлуге үйрету;

2. Сауаттылыққа баулу, алған білімі негізінде шығармашылық қабілетін дамыту;

3. Оқушылардың бойына әдептілік, инабаттылық, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру.



Күтілетін нәтиже: шешендік сөз туралы түсінік алады, сабаққа деген қызығушылықтары артады.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап т.б.

Сабақтың көрнекілігі: кітаптар, журналдар т.б.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу, түгелдеу, оқу құралдарын тексеру сыныптың тазалығына көңіл бөлу, оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ІІ. Кіріспе: Шешендік өнер – қазақ халық ауыз әдебиетінің бір саласы. Тапқырлықпен айтылған, көркем тілмен жеткізілген үлгілі ой-тұжырымдарды шешендік дейміз. Мұндай сөздер халықтың даналығын, тілдің байлығын көрсетеді.Халқымыздың тарихында көптеген би-шешендеріміз болған. Жау шапқанда ақылға шақырып, дау туғанда төрелік айта білген би-шешендер ел арасында сыйлы болған. Қазақ халқы балалардың шешендігіне де айрықша мән берген. Тапқыр балаларды үлкен-кіші демей, бәрі құрметтеген.

Сонымен, шешендік өнер дегеніміз – шебер, астарлы, әсерлі әрі көркем сөйлеп, жазуға үйретерін ілім.



ІІІ. Шығармашылық тапсырма:

1. Мәтінді мұқият оқып шығыңдар, мағынасына мән беріңдер.

-Бала әкесінің қайтыс болғанын «түйемнің тұсауы өліп қалып еді» деп неге айтты?

- Қонақтар баланың жауабына не себептен риза болды?

2.Мағынасын түсініп оқы.

Бұл заманда не ғаріп?

Замандасы болмаса,

Қария болар тез ғаріп.

Ел жағалай қонбаса,

Бетегелі бел ғаріп.

Қаз-үйрегі болмаса,

Айдын-шалқар көл ғаріп.

Әділ биі болмаса,

Бірлігі кетіп ел ғаріп.

Қадірін елі білмесе,

Қайратты туған ер ғаріп.

*Егер осы өлең жолдарын қара сөзбен айтатын болсақ, дәл осындай жинақы шығар ма еді, қалай ойлайсыңдар?

Сергіту сәті.

ІV. Дәптермен жұмыс.

Өзіңді –өзің тексер.

1.Үлгіге қарап сөйлем құра.

2.Сөз адамды қалай қуантады?Қалай ренжиітеді? Мысалдар келтір.

3.мағынасын түсін.

Жақсыға айтқан тура сөз,

Жасақ тіккен тумен тең.

Жаманға айтқан тура сөз,

Құмға құйған сумен тең.

*Бұл қанатты сөз қандай мағынаны білдіреді? «Тура сөз» дегенді қалай түсінесің? Жақсы адам қандай? Жаман адам қандай?

4. Амандасқанда қандай сөздерді қолданамыз?

Қоштасқанда ше?

Алғыс білдіргенде, кешірім сұрағанда айтатын сөздерді есіңе түсір.

5.Қандай мақал-мәтелдерді, жұмбақтар мен жаңылтпаштарды, тақпақтар мен санамақтарды білесің. Жазып көр.

V. Сабақты қорытындылау

2-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Өнер алды – қызыл тіл.

Мақсаты: 1.Шешендік сөз туралы түсініктерін кеңейту. Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру;

2. Сөйлеу тілін, сөз мағынасын түсініп, шапшаң ой қорыта алуға, көркем ұқыпты жаза білуге дағдыландыру;

3. Тәрбиелік мәні бар мысалдар келтіре отырып, үлкендерді сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже: шешендік сөз туралы түсініктері кеңейіп, сөз мағынасын түсініп, ой қорыта алуға үйренеді.

Қолданылатын көрнекіліктер: журналдар, 2-сыныпқа арналған «Шешендік өнер әліппесі»
Әдістер: сұрақ- жауап, диалог.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.
Кане, балалар тұрайық. 
Бір-бірімізге күліп қарайық. 
Мейірімге толы жүрекпен,
Орнымызға отырайық. 
Ж. Баласағұн «Ақыл көркі – тіл, тілдің көркі – сөз.

Кісі көркі – жүз, жүздің көркі – сөз» дегендей, қазақ халқы сөз қадірін өз қадірім деп білген. Орынды сөзге тоқтаған. Орынсыз сөзді тойтара білген.

«Өнер алды – қызыл тіл» деген қанатты сөздер де тегін айтылмаған.

«Қызыл тіл» деген – шешен, орамды, жүйрік тіл. Бірақ, қызыл тіл мен қызыл сөзді шатастыруға болмайды. Қызыл сөз деп тиянақсыз, бос сөзді айтады.

ІІ. Әңгімені түсініп оқы.

*Қай бала жөнсіз сөйледі?

Қайсысы орнымен сөйледі? (Оқушылар қай баланың сөйлегені дұрыс екенін айтып, дәлелдейді)

ІІІ.Шығармашылық тапсырма.

1. Өлеңді түсініп оқып шығу.

Пұт болдым деп мақтанба,

Пұттан ауыр батпан бар.

Биікпін деп мақтанба,

Асқар-асқар таулар бар. (Құнанбай қажы)


  • Балалар, өлең қандай адамға арналған деп ойлайсыңдар? (Оқушылардың жауаптары тыңдалады)
    Пұт – салмағы 16 келіге тең ауырлық өлшемі.

Батпан – бірнеше пұтқа тең ауырлық өлшемі.

Сергіту сәті.
2.Оқы және ойлан.

Жүз – адамның дидары,

Келбет те сол, кескін де

Мұны ойланбай кім дағы,

Жатқызар зат есімге.

Жүз – жұп сан ғой кәдімгі,-

деп, - санасам мен тізіп.

Мойындатар бәріңді:

«Жүз – сан есім», -дегізіп.

Егер «суға жүз» десем,

Қай сөз табы болады?...

*Адамның дидарын тағы қалай атайды?

Айтылуы, жазылуы бірдей, бірақ мағынасы әр түрлі сөздерді омонимдер дейміз.

ІV.Дәптермен жұмыс.

Суретті боя және әңгімелеп бер.

*Осы суретке қандай ат қояр едің? Неліктен?

V. Сабақты қорытындылау.
3-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Кім айтты? Не айтты? Кімге айтты?

Мақсаты:1. Шешендік сөз туралы түсініктерін кеңейте отырып, оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру;

2. Сөйлеу тілін, сөз мағынасын түсініп, шапшаң ой қорыта алуға дағдыландыру;

3. Тәрбиелік мәні бар мысалдар келтіре отырып, адалдыққа тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже: шешендік сөз туралы түсініктері кеңейеді, тәрбиелік мәні бар мысалдар келтіре алады.

Қолданылатын көрнекіліктер: журналдар, 2-сыныпқа арналған «Шешендік өнер әліппесі»
Әдістер: сұрақ- жауап, диалог.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ.Жаңа сабақ.

1.Сұрамақты мұқият оқып шық.

-Түлкі, түлкі, түлкішек,

Қайда зулап барасың?

-Апам үйіне барамын.

-Апаң үйі не берер?

-Ешкі сауып сүт берер.

-Оны қайда қоямыз?

-Тал түбіне қоямыз.

-Ит жеп кетсе қайтеміз?

-Таяқ алып қуамыз.

-Жеткізбесе қайтеміз?

-Жылай-жылай қаламыз.

*Сұрап тұрған кім?Жауап беруші?


2.Үзіндіні оқы.

Жақып – футбол десе ішкен асын жерге қоятын қызбаның бірі.

Бір күні ол үш жасар ұлы Талапқа:

-Балам, мен бүгін сені футболға алып барам.

Сен өскенде футболшы боласың, - деді.

-Болам, - деп жауап берді Талап.

*Кім айтты? НЕ айтты? Кімге айтты?

ІІІ.Ширату.

1.Сөздердің дұрыс жазылуына және дұрыс айтылуына назар аудар:

Дұрыс жазылуы Дұрыс айтылуы

Талдықорған Талдығорған

Құр қол құр ғол

Ақ аю ағ аю



Сергіту сәті.

2. Мысалды түсініп оқы.

Бір түйір ірімшікті тауып алып,

Ағашқа қарға қонды ұшып барып.

Тоқ санап ірімшігін көңіліне,

Жей қоймай отыр еді ойға қалып.

Тістеген рімшігін түлкі көріп,

Аяғын ептеп басып, жақын келіп:

«Ау – деді,-көретін де күн бар екен,

Жүруші ем сырттан ғашық болып өліп.

Тамаша қарағанға түрің қандай,

Мынау көз, мынау мойын, мұрын қандай?

Гауһардай қанаттарың жарқырайды,

Келісті қалай біткен және маңдай»

Өтірік мақтағанға қарға еріп,

«Қарқ» етті пәрменінше жағын керіп,

Ірімшік «қарқ» еткенде жерге түсті,

Жеп алып, түлкі кетті жортып желіп.

*Түлкіні шешен деуге бола ма?

Неліктен олай ойлайсың?



ІV.Дәптермен жұмыс.

3.Қарға мен түлкінің әңгімесін кестеге салып көр.

Не?

Неге?


Не үшін? Айтты

V. Сабақты қорытындылау.

4-сабақ.

Сабақтың тақырыбы: Кіммен қалай сөйлесеміз? Сөйлеу мәнері.

Мақсаты: 1.Оқушылардың «тіл табысу» ұғымы туралы түсініктерін кеңейту.
2.Сөзді түсіне білу, сөйлесу дағдыларын қалыптастыру.
3.Адамдармен жағымды қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту. Өзара сыйластыққа тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже: сөйлесу дағдылары қалыптасады.

Қолданылатын көрнекіліктер: журналдар, 2-сыныпқа арналған «Шешендік өнер әліппесі»
Әдістер: сұрақ- жауап, диалог.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ.Жаңа сабақ.

Хабар алды, хабар берді, хабар салды, хабар-ошарсыз, хабары жоқ, хабардар болды деген сөздердің бәрінің де түбірі бар – хабар. Ал хабар дегеніміз – қысқаша мәлімет.

1.Мысалды мұқият оқы.

Ақжарқын жазда ауылдағы ата-әжесінің үйіне демалуға барған.

-Мектебің жақсы ма, құлыным? – деді атасы.

-Жақсы, ата. Біз биыл жаңа мектепке көштік.

-Әкең мен шешеннің жағдайлары жақсы ма?

-Жақсы, ата! Әкем Англияға іс-сапарға барғалы жатыр. Анам балабақшаға жұмысқа тұрды.

-Кішкентай інің Айқын қалай, өсіп қалды ма?

-Өсіп жатыр, ата. Былдырлап сөйлейді.Мамам оны балабақшаға апарды, - деді Ақжарқын.

*Ақжарқын атасымен қалай сөйлесті? Ақжарқын атасын не туралы және кім туралы хабардар етті?

2. Мысалға назар аудар.

-Ағай, айып етпеңіз, орталық саябаққа қандай көлік баратынын айтасыз ба? Адасып қалып едім....

-Адасқаның жарамаған екен, балақай. Мына аялдамадан №12 троллейбусқа отырасың. Соңғы аялдамадан түсесің.

*Хабаршы кім? Хабар алушы кім?

Бірде хабаршы болсақ, бірде хабар алушы боламыз. Сонымен бірге, жағдайға қарай әр кезде әртүрлі жауап береміз.

ІІІ.Дәптермен жұмыс.

3. «Мен кіммін?» деген сұраққа жауап беріп көр.

Отбасында

Үлгі:Ата-анамның – ұлымын немесе қызымын

Атам мен әжемнің Қоғамдық орындарда

Әпкемнің __________________ Автобуста, пойызда ________________________

Ағамның____________________ Дүкенде___________________________________

Тәтемнің______________________ Шаштаразда _______________________________

Інімнің ______________________ Ауруханада _________________________________

Кинода, театрда ______________________________

Көмекші сөздер:

-іні

-қарындас



-сіңлі

-жолаушы


-тұтынушы

- атып алушы

- көрермен

Сергіту сәті.

4.Мақал –мәтелдерід мұқият оқып шық. Олардың қандай адамдарға арналатынын тауып, сызықпен қос.



  • Тек жүрсең тоқ жүресің,

Домаланып көп жүресің. көп сөйлейтін

  • Адам тілінен табады,

Сиыр мүйізінен табады. бейпілауыз

  • Іріген ауыздан шіріген сөз шығады. ұрыншақ

  • Аз сөйлесең, саз сөйле. беймаза

Бейпілауыз – тұрпайы, дөрекі сөйлейтін адам.

5.Әдептілікке тәрбиелейтін ырымдар мен тыйым салу сөздері.
• Біреумен сөйлескенде, бетіне қадала қарап, тақалып тұрма.
• Біреумен сөйлескенде, керексіз нәрсені қазбалап сұрай берме.
• Өзіңе қатысы жоқ сөзді естуге құмартпа.
• Дастархан басында көп сөйлеме.
• Жаман, бұзақы сөзден тыйыл.
• Біреу бірдеңе сұраса, ойланып, анық жауап бер, аузыңа түскен сөзді айта салма.
• Өзің білмегеніңді басқалардан сұрап алуға намыстанба.
• Әркімді бір кемележдеп, мұқатпа.
• Қолыңнан келмейтін істі тыңдырамын деп ешқашан уәде етпе. Ал уәде бердің екен, қайткенде де орындауға тырысып бақ.
Сөзіңде тұр.

ІV.Сабақты қорытындылау
5-сабақ.

Сабақтың тақырыбы: Жүйелі сөз жүйесін табады....

Мақсаты: 1.Оқушыларды әдептілікке баулу, амандасуды үйрету.

2.Оқушылардың өзін-өзі басқару дағдыларын қалыптастыру, оқушы танымын, ақыл-ойын сөйлеу мәдениеті, әдеби шығармашылық қабілетін, ізденушілік қабілеттерін дамыту.

3.Оқушыларды адамгершілікке, әдептілікке тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже: өзін-өзі басқару дағдылары қалыптасады, шығармашылық қабілеттері дамиды.

Қолданылатын көрнекіліктер: журналдар, 2-сыныпқа арналған «Шешендік өнер әліппесі»
Әдістер: сұрақ- жауап, диалог.

Сабақтың барысы:



І.Ұйымдастыру бөлімі.

ІІ.Жаңа сабақ.

1.Оқушылар «Екі әтеш» ертегісін оқиды.

Ертеде бір кемпір-шалдың құс дегенде екі әтеші бар екен. Кемпір мен шал екі әтешті мәпелеп бағыпты.

Бір күні кемпір құстарға жем шашады. Екі әтеш бас салады. Күндіз-түні бірге жүрсе де, шұбар әтеш жемді қызғанып, досына шекесінен одырая қарайды. «Шіркін, мынаның бәрін өзім жеп, тыңқия бір тойсам ғой» деп ойлайды. Сөйтіп шұбар әтеш сұр әтешке жем жегізбейді. Қайта-қайта шоқып, мазасын алады. Сұр әтеш бір рет елемеген болады. Екінші рет көрмеген болады. Ақырында ол да ызаланып, шұбар әтешті шоқып алады.

Осыдан соң екі әтеш бір-бірімен төбелесе кетеді. Екеуінің де үсті-басы жұлым-жұлым болады.

Бұлар өстіп қызылшеке болып жатқанда, көршінің тауықтары шашылған жемді түк қалдырмай жеп кетеді.

*Ертегіден қандай ой түйдің?

Екі әтеш неліктен төбелесті?

Төмендегі мақал-мәтелдердің қайсысы «Екі әтеш» ертегісінің мазмұнына сай келеді?


  • «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей»;

  • «Қызғанғаның қызыл итке»;

  • «Жүз сомың болғанша, жүз досың болсын»

2. Мысалды мұқият оқы.

- Сен күзде мені мазақтап қашып кеткен қозы есмессің бе? – деп қасқыр жас бағланға тап-тап беріпті.

-Қасеке, олай болуы мүмкін емес. Мен күзде әлі тумаған едім, - депті қозы.

Қасқыр ашуланып:

-Әдепсіз, үлкенге неге қарсы сөйлейсің? – деп, қозыны сол жерде бас салыпты.

*Осындағы қозыны әдепсіз деуге бола ма?

Ал қасқырға қандай мінездеме бересің?

Жаз: ____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________



Каталог: 2017
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Аңыз әңгімелер «Асан қайғының жерұйықты іздеуі»
2017 -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин әңгімелері
2017 -> Сабақтың тақырыбы Мен не үйрендім? Сабақ негізделген оқу мақсаты
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Жылқы. С. Мұқанов
2017 -> Сабақтарында «мнемотехника»әдісін пайдалану. №48 «Ақ көгершін»
2017 -> Оқушыны іздендіру жолы – шығармашылық
2017 -> Сабақтың тақырыбы Менің отбасым. І дыбысы мен әрпі
2017 -> Әңгіме шебері Ы. Алтынсарин
2017 -> Сабақтардың барлық түрін өткізуде жоғары әдістемелік деңгейін қамтамасыз ету
2017 -> Б.Қ. Абдыкаимова №56 «Береке» балабақшасы тәрбиеші Астана қаласы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет