№4 ЛЕКЦИЯ. КӨРКЕМ СЮЖЕТ ПЕН ОНЫҢ ҚҰРАМДАС БЕЛГӀЛЕРӀ. КӨРКЕМ ШЫҒАРМАНЫҢ КОМПОЗИЦИЯСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЭЛЕМЕНТТЕРӀ
Қарастырылатын мәселелер: Көркем сюжет, оның құрамдас белгỉлерỉ. Конфликт және сюжет. Сюжет элементтерi.
Өмiрдегi шындықтың көркем шындыққа айналуында яғни тақырыптың идеялық көркемдiк шешiм табуында сюжет пен композицияның атқаратын қызметi орасан.
Өмiрдегi әралуан оқиғаларды көркем түрде бейнелеуде қаламгерлер әр түрлi құралдардан пайдаланады. Солардан ең негiзгiсiнiң бiрi – сюжет.
Сюжет – (французша – предмет, негiз болатын нәрсе) көркем форманың ең басты элементтерiнiң бiрi. Көркем шығармадағы бiр-бiрiмен жалғасып жататын кейiпкерлердiң iс-әрекеттерiнен тұратын оқиғалар тiзбегi десе болады. Жалпы алғанда, сюжеттiлiк көркем әдебиеттiң өзiне тән өзгешелiктерiнiң бiрi, барлық түрдегi шығармаларда да сюжет болады. Бiрақ әрбiр түрде, әр қандай жанрда тек өзiне хас тәрiзде көрiнедi. Мысалы, лирикалық шығармаларда оқиғалар тiзбегi онша кездеспейдi, бiрақ лирикада да ой-пiкiрлер, iшкi сезiм күйлерi болады, бұл олардың сюжетiн құрайды.
Әдеби туындының сюжетiн көз алдымызға келтiре алмаймыз. Дегенмен, әрбiр шығарманың, әсiресе, лирикалық өлеңнiң сюжетi тек өзiне ғана хас болады.
Эпикалық және драмалық шығармалардың сюжетiн төмендегiше сипаттауға келедi: адамдардың өзара қарым-қатынасы, байланыстары, олар арасындағы қарама-қарсылықтар, симпатия мен антипатиялар, жалпы адамдардың қарым-қатынасы – характердiң, типтiң тарихи дамуы, ұйысуы.
Демек, кейiпкерлердiң өзара күрделi қарым-қатынастары – шығарма сюжетiн келтiрiп шығарады деу мүмкiн.
Мысалы: С.Мұқановтың “Ботакөз” романында көптеген, оқиғалар – сол кезең қайшылықтарын көрсетуге арналған, бас кейiпкерлердiң (Асқар, Ботакөз) характерлерiн жан-жақты сомдауға көмек болғанын көремiз.
“Ботакөз” романының сюжетi – көп қырлы, көп басқышты. “Абай жолы” романының сюжетi - өте күрделi, көп тармақты, проблемалы. Повестiң сюжетi роман сюжетiне қарағанда қарапайымдау, ал әңгiме сюжетi де өзiне лайық.
А.И.Тимофеев әңгiме сюжетiн талдай отырып, “әңгiме бiр ғана оқиғаны негiз етедi, әңгiмеде адам характерi бiр ғана оқиға, бiрер эпизод арқылы суреттеледi” т.б. айтады.
Сюжет - характер қырлары көрiнетiн оқиғалар комплексi.
Реалистiк шығармаларда суреттелген әрбiр оқиға кейiпкер характерiнің ол не бұл жағын ашуға қызмет жасайды.
Сюжет көркем шығарманың мазмұнын ашып, мазмұнды пiшiнге көшiрудiң негiзгi түрi мен тәсiлi. Егер көркем шығарманың мазмұны түрлiше мiнездер мен типтердiң өзара қарым-қатынасынан туған шындық өмiрдегi оқиғалар тiзбегi десек, осының өзi сюжетте адамдар мен заттардың тұтасқан iшкi, сыртқы қимыл, әрекет жүйесi ретiнде, кәдiмгiдей қозғалыс, белгiлi бiр даму үстiнде көрiнедi. Сондықтан да М.Горький: “Сюжет дегенiмiз адамдардың өзара қарым-қатынасы, байланысы, қайшылықтары, жек көру, жақсы көру, әр характердiң, типтiк өсу, жасалу тарихы” –дейдi.