Начальник Э



бет1/14
Дата24.04.2023
өлшемі3,35 Mb.
#175218
түріОқулық
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
LПеченьKZ
ГИД ПО 1 КУРСУ МЕДА 3.0, Презентация (8), doc, spravka o ne trud, аманат фарм, Презентация, Жорабек Ақниет, Клинический случай CРОП КАЗ 2022-23, коронавирус, Biostat stud ЖМ 2021-22 kz, 1-топ Адырбек Гүлзат, Серік Арайлым эс срсп фарма 3-023 ОМ (копия), Серик Арайлым бх срсп, Гормоны СРСП ТФП 2022-23


ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ


Биологиялық химия кафедрасы
ФУНКЦИОНАЛДЫҚ БИОХИМИЯ


БАУЫР БИОХИМИЯСЫ


Оқулық құрал


Қарағанды 2015


Бауыр биохимиясы

Бауыр паренхиматоздық мүшелердің арасындағы ең үлкені. Ересек адамда оның салмағы 1,5 кг. Бауыр дене массасының 2-3% -н алғанмен де, оған ағза қабылдайтын оттектің 20-30% келеді.


Ол келесі негізгі қызметтерді атқарады:
1.Метаболиттік қызмет. Тағамдық заттардың қорытылу өнімдері асқазан-ішек трактісінен қақпалы вена арқылы бауырға түседі. Бауырда протеиндер мен аминоқышқылдар, липидтер, көмірсулар, биологиялық активті заттардың (гормондар, биогенді аминдер және витаминдер), микроэлементтердің, судың алмасулары реттелуінің күрделі үдерісі өтеді. Бауырда басқа мүшелердің қызметіне қажетті көптеген заттардың синтезделуі өтеді, (мысалы, өттің, қан протеиндерінің және т.б.).
2.Деполаушы қызмет. Бауырда көмірсулардың (мысалы, гликогеннің), протеиндердің, майлардың, гормондардың, витаминдердің, минералдық заттардың қор ретінде жиналуы өтеді. Ағзаға бауырдан күрделі молекулаларды синтездеуге қажетті құрылымдық блоктар макроэргиялық қосылыстар тұрақты түсіп тұрады.
3.Бөгеттік қызмет. Бауырда, тағам құрамында түскен, ішектерде түзілген, сонымен бірге экзогендік көздер арқылы түсетін бөтен және улы қосылыстардың залалсыздануы (биохимиялық трансформация) атқарылады.
4.Экскреторлық қызмет. Эндо- және экзогендік көздер арқылы түскен әртүрлі заттар бауырдан өт жолдарына түсіп өт құрамында шығарылады (40-тан астам қосылыс), немесе қанға өтіп, ол арқылы бүйрекке жеткізіліп шығарылады.
5.Гомеостатикалық қызмет. Бауыр қанға әртүрлі метаболиттерді синтездеп, жинақтап, оның тұрақты құрамын ұстауда (гомеостаз), қан плазмасының көптеген компоненттерін трансформациялау және экскрециялауды қамтамассыз етіп маңызды қызметті атқарады.

Бауырдың, мұндай, әртүрлі қызметтері оның өзінің және жеке жасушаларының құрылысының ерекшеліктері бойынша қамтамассыз етіледі. Гепатоцитте эндоплазмалық ретикулумның (жазық та, бұдырлы да) (ЭР) жүйесі жақсы дамыған. ЭР-дің негізгі қызметінің бірі – бұл басқа мүшелерде, ұлпаларда қолданылатын протеиндердің (альбуминдердің), немесе бауырда қызмет ететін ферменттердің синтезін жүргізу. Олардан басқа, бауырда фосфолипидтер, триглицеридтер және холестерол синтезделеді. Жазық ЭР құрамында ксенобиотиктер детоксикациясына қатысатын ферменттер болады.






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет