ОӘК 042-18-12 101/03-2013 18. 09. 2013 Баспа №1 беттің -сі


Дәріс 13 Кәсіпорында ішкі тасымалдауды сақтау, манипуляциялау үрдісі



бет5/5
Дата26.08.2017
өлшемі2,24 Mb.
#29504
1   2   3   4   5

Дәріс 13
Кәсіпорында ішкі тасымалдауды сақтау, манипуляциялау үрдісі.
Көліктік-қоймалық үрдістің технологиялық бірлігін қамтамасыздандыру. Қоймалық жұмыстардың ұйымдастырылуы. Қойма түрлері. Қосымша бағаның логистикалық тізбегінде қоймалық инфраструктураның ролі.

Қойма – дегеніміз күрделі техникалық құрылыс кешені: ол берілген өнімді қабылдауға, орналастыруға, жинауға, сақтауға, өңдеуге және де тұтынушыға жіберу мен таратуға арналған.

Технологиялық карталар – қоймалық операциялардың орындалуының бөлшектік өңделуі. Технологиялық карталар өнімді өңдеудің бүкіл үрдісіне жасалуы мүмкін, немесе үрдістің жеке кезеңдеріне құрылуы мүмкін (өнімнің келіп түсуі, өнімнің жөнелтуі т.б). технологиялық карталарда мыналар анықталады:


  • Жұмыстардың тізімі (орындалатын операциялар тізімі)

  • Орындаушы

  • Технологиялық үрдіс барысында пайда болған құжаттың тізімі.

Қоймалық шаруалық өнім сапаның, материалдардың шикізаттың сақталынуына; өндіріс ұйымдастырылуына және көлік жұмыстарына әсер етеді; мекеме территориясын қолдануға және жақсартуға; көлік құралдарының тоқтап қалуын және көлік шығындарын азайтуға әсер етеді.

Өнімді қоймаландыру берілген өндіріс циклдерінің қобалжуы, тасымалдар және де өнімді тұтыну үшін қажет.

Дайын өнімнің қоймалық шаруашылығына жұмыстың барлық түрлері: дайын өнімді қабылдаудан, оны жөнелтуге дайындыққа дейінгі жұмыстар жатады. Бұларға жататындар:


  • Кірмені бақылау және дайын тауарларды қоймаға орналастыру

  • Қоймалау

  • Көлемін бақылау

  • Қойманы толықтыруға тапсырыстар жазу

  • Делдалдық жұмыстар (товарды комиссиялау)

  • Қаптау және жөнелтуге дайындық.

Қойма функциялары.

Өндіріс мекемедегі және фирмалардағы қоймалар әрөтүрлі функцияларды орындайды:



  • Комплекстік сатып алушы қоймасы

  • Материалдар қоймасы (шикізат, көмекші және өндіруді тағайындау)

  • Жартылай фабрикаттар қоймасы

  • Аралық өндірістік қоймалар.

  • Қойма түрлері

Қоймалар 5 түрге бөлінеді:

Айналым қоймалар

Сақтау қоймалары

Комиссиялық қоймалар (делдалдық жұмыс атқарады)

Уақытша сақтау, берілу, қайта қабылдау қоймалары

Арнайы қоймалар.

Айналым қоймасы – Айналым қоймасының басты мәселесі комплексті бірліктердің бір көліктен екінші көлікке жүктеуі. Айналым қоймасына тән:

● Кешенді сақтау бірліктерін қоймада қабылдау және тарату.

● Қоймадан қабылдау және тарату.

● Қоймада сақтаудың қысқа мерзімдері.

● Қоймадағы көлік операцияларының жоғары толлалсыздығы.

Айналым қоймасында жоғары айналым болу керектігінен, бұл қоймаларды жоспарлау кезінде көлік және көтергіш құрал, және қолды операцияларды ұйымдастыру керек.

Тауар тапсырысымен түскен айналым қуатын таратумен тығыз байланысты. Операция айырмашылығы аз ескеріледі. Оның мақсаты сол, өнеркәсіптегі функциялардың сәйкестігін материалдармен қамтамасыз етеді. Сақтау қоймасы өндіріспен тығыз байланысты. Оның қызметі қоймалау мен өндіру үрдісі және де тасымалдау уақытын азайту болып табылады.

Делдалдық қойма

Толықтыру қоймасы. Тасымалдау қоймасының мақсаты, толықтыру тапсырысының таратуы, тұтынушының тапсырысымен сәйкес келеді. Олардың функциясы: санау, іріктеу және тапсырыс қабылдау.

Сақтау қоймасы

Сақтау қоймасының негізгі мақсаты тауарларды қоймалау, сақтау және қорғаудан тұрады.

Оның ерекшеліктері мынадай:

● тиеудің жоқтығы

● сақтау тауарының қоймадан белгілі мерзімде берілуі, олардың қайтіп қоймаға қайтарылуы

● заттың қоймада сақталуының ұзақтылығы

Арнаулы қойма – заттардың түрлеріне байланысты әр түрлі болады.

Шектеулі концентрациялау

Арнайы қорғау

Адамдарды қорғау

Сақталмалы объекттерді алынуынан сақтау.



Қоймалық шаруашылықтың потенциалдық мәнін ескере отырып, логистикалық жүйе материалдық ресурстардың стратегиялық орналастырылуы қиыншылдықтарын, технологиялар мен жүйенің дамытылуын, өз уақытында бұлар тауар сақталуын, тиеу-түсіру, көліктік және т.б. қоймалық жұмыстардың өңделуіне мүмкіндік береді.

Қойма-жоғары дәрежелі логистикалық тізбектегі жүйенің интеграцияланған құрама бөлігі болып табылады. Ол қоймалық жүйеге негіз және техникалық талаптарды қалыптастырып оның оптимальдық қызмет етуіне мақсаттар мен критерияларды қояды. Дайын өнімнің қоймалық шаруашылығына дайын өнімнің қабылдауының, оны жөнелтуге дайындыққа дейінгі жұмыстардың барлық түрлері жатады.

Бұған жататындар:

● кіру бақылауы және дайын өнімнің қоймада орналастыруы

● қоймалау

● мөлшердің қадағалуы

● қоймалардың толықтыруына өтініш жазу

● делдалдық қызмет

● қаптау және жөнелтуге дайындық

● жөнелтуге құжаттарды дайындау.


Дәріс 14
Логистикалық шығындар.
Алдын ала таңдалатын тауарлар («дүкендік»тауарлар) келесідей ерекшеленеді, сатып алушы оны іздеуге, таңдауға дайын және бәсекелес тауарларды олардың сыртқы түрі, дизайны, бағасы, сапасы және т.б бойынша салыстыруға дайын. Осындай тауарлар мысалына автомобиль, жиһаз, аудио және бейнетехника және т.б жатады. Мұндай тауарлар үшін сауда орындарының саны аз, өткізу арналары да қарапайым, бұл логистикалық шығындардың азаюына алып келеді. Ерекше сұраныс тауарларына ерекше сипаттағы тауарлар немесе әйгілі тауар маркісінің тауарлары жатады, оны алу үшін сатып алушы қосымша күш, уақыт және ақша төлеуге дайын. Мұндай тауарлар мысалына автомобильдің, электротұрмыс техникасының, киімнің, аяқ - киімнің және т.б. әйгілі маркілері жатады. Енжар сұранысты тауарлар дегеніміз, сатып алушы ол туралы еш нәрсе білмейтін немесе білетін, бірақ сатып алуға асықпайтын тауарлар. Әдетте, бұл іс жүзінде жеткілікті қолданбаған. Өнеркәсіптік тұтыну өнімдерін таратуды және сатуды ұйымдастыру кең тұтыну тауарларынан ерекшеленеді. Бұл жағдайда фирма, әдетте, сатып алушыларды іздейді және олар тұтынушылардың сатып алу саясатына жауап беретіндей логистикалық арналар мен өткізу торларын құрады.

Логистикалық шығындарға және өндіріспен өткізуде логистикалық шешімдерді қабылдау үрдісіне әсер ететін негізгі өнім қасиеттері арасынан бағаны, сауда ассортиментін және номенклатурасын, орамның габаритті өлшемдерін, салмағын қарастыру қажет. Негізінен тауар тығыздығы тасымалдау шығындарына және дайын өнімді сақтауға кететін шығындарға әсер етеді. Тығыздығы жоғары тауарлар тасымалдау мен сақтауға аз шығындарды талап етеді, себебі көлік құралдарының жүк көтерімділігі мен қоймалардың мүмкіндіктерін дұрыс пайдалануын қамтамасыз етеді. Тасымалдау және жүк өңдеу тарифтері дайын өнім тығыздығына кері пропорционалды.

Логистикалық шығындарға әсер ететін тағы бір өнімнің қасиеті, ол «баға-салмақ» қатынасы т.б. Бағаның салмаққа қатынасы аз өнімдер, мысалы, шикізат жартылай фабрикаттарын сақтауға кететін шығындар салыстырмалы түрде аз болады, бірақ тасымалдау шығындары жоғары болады. Себебі, бұл жерде сақтау шығындарына әсер ететін басты фактор тауар бағасы т.б. Ал тасымалдау шығындары тасымалданатын жүктің салмағына тәуелді және бағаның салмаққа қатынасы неғұрлым аз болса, шығындар соғұрлым жоғары болады. Сондықтан да осы қатынастың маңызы жоғары фирмалар үшін басты мақсат өткізу торындағы өнім қорларын минимизациялау, ол баға - салмақ» қатынасы маңыды орын алмайтын фирмалар үшін - жеңілдік тасымалдау тарифтері бойынша жұмыстар. Жүктің тасымалдануы, өңделуі, сақталуы кезінде сақтықты қамтамасыз ету үшін тәуекелдіктер қосымша шығындарды талап етеді. Мысалы, тез бұзылатын жүктер арнайы рефрижираторларда тасымалданып сақталады. Тәуекелдік өскен сайын тасымалдауға, сақтауға және қорларды ұстауға кететін логистикалық шығындар да өседі.

Ф.Котлер тауар өмір циклының бес сатысын бөліп көрсетеді. Жаңа тауарды жасау сатысы, әдетте ұзақ уақытты алады және ол фирманың ғылыми-зерттеу құрастыру және басқа да дайындықтарына кететін шығындары мен, инвестицияларымен байланысты.

Егер тауарды тұтынушылар қабылдаса, онда өсу сатысы сату көлемінің тез өсуімен және сәйкесінше фирма пайдасының өсумен сипатталады. Бұл сатыда логистикалық менеджмент үшін сұраныс болжамының айқындылығына байланысты күрделі қиындықтар пайда болады. Сату жөніндегі ақпараттың болмауы немесе оның кешігуі жеке таратудағы дұрыс емес шешімдерге алып келуі мүмкін.

Жандану сатысында сату көлемі және пайда максималды болады, бірақ оның өсу қарқыны баяулайды. Бұл тауарды көптеген потенциалды тұтынушылардың мойындауына байланысты. Осы сатының соңында,әдетте, сату көлемі мен пайданың төмендеуі байқалады, бұл бәсекелестердің алмастырушы тауарларының және фирманың сұранысты ұстауға және бәсекелестерден қорғануға кететін үлкен шығындардың әсері мен түсіндіріледі. Бұл жерде логистикалық шығындарды бақылау өте маңызды.

Тауардың өмірлік циклының сатыларына байланысты негізгі маркетингтік, өндірістік және логистикалық шешімдер 13-кестеде берілген. Тауардың өмірлік циклы логистикалық циклдың құрылымын стратегия анықтайды. Логистикалық цикл - бұл кешендік логистикалық функцияларымен байланысты циклдардың уақыт бойынша біріккен жиынтығы. Егер логистикалық цикл тұтынушы тауар тапсырған мезеттен оны алуға дейінгі кезеңде қарастырылса, онда ол толық логистикалық цикл деп аталады. Әдетте логистикалық цикл құрылымында төмендегідей негізгі құраушы - циклдары бөліп көрсетеді:


  • тапсырыс циклы;

  • қорлардың құрылу циклы;

  • тұтынушылар тапсырыстарын өңдеу циклы.

  • сатып алуды ұйымдастыру және тапсырыстарды үлестіру циклы;

  • жеткізу циклы;

  • операциялық цикл;

  • тұтынушылар тапсырысын жинау және құжаттарды дайындау циклы;

  • талдау және есеп беру циклы.

1-кесте. Тауардың өмірлік циклымен байланысты негізгі маркетингтік, операциялық және логистикалық менеджмент шешімдері.



Сатылары

Маркетинг және операциялық менеджмент

Логистикалық менеджмент

Ену

Нарықты кеңейту.

Тауар өндірісін өсіру.

Жарнама компаниясын кеңейту.

Тауардың жоғарғы бағасы.

Тауардың негізгі өзгерісі.


Логистикалық менеждмент.

Бірыңғай таратпау логистикалық сынақ арналары.

Сауда орындары көп емес.

Өткізуде қорлардың жиналуы.

Ақпараттық қолдаудың қалыптасуы.


Өсу

Нарық ішіне ену.

Жаппай өндіру.

Бағаны шамалы төмендету.

Тауар сапасының жоғарлауы.

Тауардың бастапқы өзгерісін жетілдіру.

Маркетингтік әрекетті толығымен талдау.



Тез тарату.

Жаңа өткізу арналарын және қызмет торларын құру.

Логистикалық шығындарды талдау.

Ақпараттық -компьютерлік қолдануды жетілдіру.



Жандану

Нарықтағы өз үлесін алу.

Бағаны одан әрі төмендету.

Маркетинг кешенін өзгерту .

Нарықты өзгерту.

Тауарды өзгерту.

Өзгертілген жаңа тауарларды, жаңа орамдарды енгізу.

Сатуды жылжытуды, зерттеуді күшейту.


Тез тарату.

Өткізу арналарыың сиымдылығын жоғарлату.

Қорларды соңғы сату орындарына жеткізу.

Сауда агенттерімен және диллерлермне байланыс орнату.

Қызмет торын күшейту,қосалқы бөлшектердің өндірісін көбейту.

Логистикалық шығындарды толығымен бақылау.



Құлдырау

Нарық сиымдылығын максималды пайдалану.

Құлдырауды жою бойынша маркетингтік күш.

Тауарды өзгертудің барлық варианттарын қолдану.

Бағаны шамалы жоғарлату.

Өндіріс рентабельдігін жоғарлату.


Сынап тарату.

Өткізу арналарын азайту.

Бөлшек сауда орындарындағы қорларды ірі көтерме саудагерлердің қоймаларына қайта бөлу.



Логистика дамуының негізгі тенденциялары.
Отандық және шетел экономикалық әдебиеттерінде логистика түсінігінің көптеген анықтамаларын кездестіруге болады, онда басқару обьектісі материалдық ағындармен шектелмейді. Сондай-ақ “банктік логистика”, “ақпараттық логистика” сияқты бірқатар басқа терминдер пайда болады.

Бұл курс логистиканы материалдық және олармен байланысты ақпараттық ағындарды басқарудың теориясы мен тәжірибесі ретінде қарастырады. Материалды ағындарды басқару, басқа кез келген объектілерді басқару сияқты, екі бөлімнен тұрады:



  • шешім қабылдау;

  • қабылданған шешімді жүзеге асыру.

Материалдық ағындарды басқару бойынша дәлелді шешімдер қабылдау үшін белгілі бір білім қажет. Осы білімді жасайтын қызметті логистикаға жатқызады; сәйкесінше көптеген анықтамалар логистиканы ғылым немесе ғылыми бағыт ретінде пайымдайды; логистика – материалдық ағындардың тиімділігін жоғарылатудың жаңа мүмкіндіктерін іздеумен тікелей байланысты пәнаралық ғылыми бағыт. Ғылым ретінде логистика мынадай міндеттер атқарады:

  • сұранысты болжамдау және соның негізінде қорларды жоспарлау;

  • өндіріспен көліктің қажетті қуаттылығын анықтау;

  • материалды ағындарды оңтайлы басқару негізінде дайын өнімді бөлудің ғылыми принциптерін жасау;

  • өндіріс бекетінде және тұтынушылардағы тиеу әдістерін және тасымалдау - қоймалау операцияларын басқарудың ғылыми негіздерін жасау;

  • логистикалық жүйелердің қызмет етулерінің түрлі математикалық моделдерінің құру;

  • дайын өнімдерді бірлесіп жоспарлаудың, жабдықтаудың, өндірістің, қоймалаудың, өткізудің және тасмалдаудың әдістерін жасау және т.б. бірқатар мәселелер.

Ғылыммен алынған білім материалды ағындарды басқару саласында дәлелденген шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді. Қабылданған шешімдерді тәжірибе жүзінді жүзеге асыру үшін нақты әрекеттер қажет. Сондықтан да анықтамаларды басқа тобы логистиканы шаруашылық қызмет ретінде қарастырады: логистика - өндіріс және айналыс сфераларындағы материалды ағындарды басқару болып табылатын шаруашылық қызметтің бағыты.

Логистиканың негізгі обьектісі – ішкі материалды ағындардың схемасын, шикізаттың алғашқы көздерінен соңғы тұтынушыға дейін, қарастырып өтейік. Бұл схемадағы материалдар қозғалысының бүкіл жолын екі үлкен телімге бөлуге болады:



  • бірінші телімде өндірістік – техникалық бағыттағы өнімдер қозғалады;

  • екіншіде – халық тұтынатын бұйымдар.

Тізбек бойынша қозғалуына байланысты саналық құрамы өзгеріп отырады. Ең алдымен, шикізат көзі мен алғашқы өңдеуші кәсіпорын арасында, сондай-ақ түрлі өндірістер арасында жаппай біртекті жүктер қозғалады. Тізбектің маңында материалды ағындар тұтынуға дайын әр түрлі тауарлар ретінде көрінеді. Кейбір өндіріс орындары ішінде материалды ағындар бар. Мұнда цехтар арасында немесе тауардың ішінде түрлі бөлшектер, жартылай фабрикаттар, дайындамалар орын ауысып отырады.

Логистикалық үрдіс кезінде материалдық ағын кәсіпорынға дейін жеткізіліп, қойма және өндірістік телімдер тізбегі арқылы оның тиімді жылжуы ұйымдастырылады, содан әрі дайын өнім тұтынушыға оның тапсырысына сәйкес жеткізіледі.

Түрлі сапалы материалды ағындарды басқару бойынша аталған қызмет түрлері логистиканың мазмұнын құрайды. Оны логистикалық терминалогиялық сөздік былайша анықтайды. Логистика – шикізат пен материалдарды өндірістік кәсіпорындарға дейін жеткізу үрдісінде, тұынушының талаптарына сәйкес дайын өнімдерді тұтынушыға дейін жеткізу үрдісінде жүргізілетін материалды және материалдық емес операцияларды, тасымалдауды, қоймалауды басқару жоспарлау және бақылау туралы ғылым.

Бұл анықтама, оның мазмұнына сәйкес, логистиканы ғылым ретінде пайымдайды. Шаруашылық қызмет ретінде логистика келесі анықтамада ұсынылған: логистика – жабдықтаушыға ақша төлеген кезден бастап тұтынушыға дайын өнімді жеткізгені үшін ақша алу мезетіне дейінгі шаруашылық айналымдағы шикізаттың, бөлшектердің және дайын өнімдердің қозғалысын және сақталуын басқару үрдісі. Логистика түсінігін осылай пайымдау көбінесе шетел әдебиетінде кездеседі.

Материалды ағындарды басқарудың негізгі обьектісі ретінде бөліп экономикалық үрдістерді жеңілдетеді. Бірақ мұндай жеңілдік жүктердің қозғалысын, шикізаттың бірінші көзінен бастап барлық аралық үрдістер арқылы соңғы тұтынушыға жеткенге дейін іштей бақылаудың мақсаттарын жасауға және оны шешуге мүмкіндік береді. Бірқатар басқарудың үлгі объектісі ретінде материалды ағындарды бөліп ауыстыру үлгілеу есептерінің шамаларын қысқарта отырып, әрі логистикалық тізбектерді жобалауға, олардың жүру тізбегін зерттеуе және болжамдауға мүмкіндік береді, сондай-ақ экономикалық үрдістерді ресми зерттеуге жаңа мүмкіндіктер ашады.

Бұл бөлімнің соңында Америка, Франция, Германия, Қытайдың ғалымдары мен тәжірибишілері қалыптастырған логистиканың бірқатар анықтамаларын келтірейік.

Логистика – бұл шикізатты сатып алу орнынан соңғы ұсыну орнына дейін материалды және сонымен байланысты ақпараттық ағындардың қозғалысын қамтамасыз ететін, тасмалдау және қоймалау бойынша барлық қызметтерді бағдарлау, ұйымдастыру және бақылау.

Логистика – өнімге қажеттілік туған жерде, алдын ала өнделген орында, бекітілген уақытта қажетті өнім көлемін алға бағытталған түрлі қызмет түрлерінің жиынтығы ғылым.

Логистика – шығындар тұрғысынан тиімді және үнемі материалдарды, жартылай фабрикаттарды және дайын өнімдерді сақтау және тасмалдау операцияларын, сондай-ақ байланысты клиенттердің талаптарына сәйкес, өндіріс орнынан тұтыну орнына тауарларды жеткізу жөніндегі ақпараттарды жоспарлау, жүзеге асыру және бақылау туралы ғылым.

Логистика – уақыт пен кеңістіктегі өнімді жеке тарату әдісі туралы ғылым.

Логистика – жабдықтаудың, өткізу мен тасымалдаудың байланыстары мен өзара әрекеті жөніндегі ғылым.

Логистика – кәсіпорынға түсетін, онда өңделетін және кәсіпорыннан шығатын материалды және сәйкес ақпараттық ағымдарды жоспарлау, басқару және бақылау.

Логистика – өндірістік – тасымалдау жүйесінің барлық қызметтерінің өзара әрекеті туралы ғылым.

Логистика – өндіріс құралдарын жабдықтауды, өткізуді және бөлуді кешенді зерттейтін өндіріс және бөлуді тиімді ұйымдастыру туралы ғылым.

Логистика – экономика саласындағы бір бағыт, оның шеңберінде өндірістегі, тасымалдаудағы материалды және ақпаратты ағындарды басқарудың кешенді жүйелерін жасау және енгізу мәселелері, сұранысты толық және уақытында қанағаттандыру үшін бөлу мәселелері шешіледі.

Шикізаттың бірінші көзінен өндірістік, тасымалдау және делдалдық звено тізбегі арқылы соңғы тұтынушыға жылжи отырып, материалды ағындардың құны өсіп отырады. Ұлыбританияда жүргізілген зерттеулер көрсеткендей, соңғы тұтынушыға жеткен өнім құнының 70%-дан астамы сақтаумен, тасымалдаумен, ораумен және материалды ағындардың қозғалысын қамтамасыз ететін басқа да операциялармен байланысты шығындар құрайды.

Тауардың соңғы бағасында логистикаға кеткен шығындар үлесінің көптігі материалды ағындарды басқаруды оңтайландыруда шаруашылық жүргізу субъектілерінің экономикалық көрсеткіштерін жақсартудың қандай жинақтары резервтері бар екенін көрсетеді.

Материалды ағындарды басқаруда логистикалық тәсілді қолданудың экономикалық әсерінің басты қосылғыштарын қарастырып өтейік. Өндіріс және айналым салаларында логистиканы қолдану келесідей мүмкіндіктер береді:



  • материалды ағындар қозғалысының бүкіл жолындағы қорларды төмендету;

  • логистикалық тізбек бойындағы тауарлар қозғалысының уақытын қысқарту;

  • тасымалдау шығындарын төмендету;

  • қол еңбегінің шығындарын және жүк операцияларының сәйкес шығындарын қысқарту.

Экономикалық әсердің көп бөлігі материалды ағындар қозғалысының бүкіл жолындағы қорларды қысқарту есебінен жүзеге асады. Европалық өнеркәсіп ассоциациясының мәліметтері бойынша, материалды ағындардың іштей бақылануы материалды қорлардың 30-70%- ға қысқаруын қамтамасыз етеді (АҚШ-ң өнеркәсіп ассоциациясының мәліметтері бойынша, қорлардың төмендеуі 30-50% шамасында болады). Қорларды оңтайландырудың жоғарғы маңыздылығы келісімен түсіндіріледі:

  • логистикаға кететін шығындардың жалпы құрылымында қорларды ұстауға кететін шығындар 50% -ды құрайды, оның ішіне басқару аппаратына кететін шығындар, сондай-ақ тауарлардың бұзылуынан немесе ұрлануынан болған жоғалтулар кіреді;

  • кәсіпорынның айналым капиталының көп бөлігі қорларға бөлінеді (кәсіпорынның барлық активтерінің 10-дан 50%-ға дейін);

  • қорларды құруға кететін өндірістегі шығындар, жалпы шығындар көлемінің 25-30% -на дейін құрайды.

Логистиканы пайдаланудағы қорлардың қысқаруы логистикалық үрдістерге қатысушылардың іс-әрекеттерінің өз ара келісулерінің жоғары дәрежесі есебінен, жеткізу сенімділігінің жоғарлауы есебінен, сондай-ақ басқа да бірқатар себептер есебінен қамтамасыз етіледі. Логистиканы пайдаланудың экономикалық әсерінің келесі құраушысы тауардың логистикалық тізбек бойында қозғалу уақытының қысқаруы есебінен құралады. Бүгінгі таңда қоймалауға, өндірістік операцияларға және жеткізуге кететін уақыт шығындарының үлесі орташа 2-ден 5%- ға дейін құрайды. Сонымен, айналым уақытының 95%-нан астамы логистикалық операцияларға тиесілі болып отыр. Бұл құраушының қысқаруы капитал айналымын жеделдетуге, сәйкесінше уақыт бірлігінде алынатын пайданы өсіруге, өнімнің өзіндік құнын төмендетуге мүмкіндік береді.

Логистиканы қолданудың экономикалық әсері, сондай-ақ тасымалдау шығындарын төмендетуден де пайда болады. Көліктің қозғалу бағыттары оңтайландырылады, тәртіптері келісіледі, бос қозғалыстар қысқарады, көлікті пайдаланудың басқа көрсеткіштері жақсарады.

Жоғарыда айтылғандай, логистикалық тәсіл жүк өңдеуші жүйелердің техникалық жабдықтау салаларындағы тауар қозғалысының қатысушыларының жоғарғы келісу дәрежесін білдіреді. Логистикалық тізбектің барлық звеноларындағы бір түрлі механизациялау құралдарын қолдану, бірдей ыдысты жүк өңдеудің сәйкес технологиялық әдістерін пайдалану логистиканы қолданудың келесі экономикалық әсер көрсеткішін құрайды – қол еңбегінің шығындарын және жүк операцияларының сәйкес шығындарын қысқарту.

Логистикалық тәсіл материал өткізуші жүйенің қызмет етуінің басқада көптеген көрсеткіштерін жақсарту үшін жағдай жасайды, өйткені оның жалпы ұйымдастырылуы жетілдіріледі, жеке звенолардың өзара байланысы жоғарылайды, басқару жақсарады. Логистиканы пайдаланғандағы экономикалық әсер жиынтығы аталған көрсеткіштерді жақсартудан алынатын әсердің сомасынан асады. Бұл логистикалық ұйымдастырылған жүйелердің интегративті қасиеттерінің пайда болуымен түсіндіріледі, яғни жалпы жүйеге тән, бірақ оның элементтеріне жеке-жеке тән емес қасиеттер.

Логистикалық жүйелердің интегративті қасиеттері бұл жүйелердің “логистиканың алты ережесі” деп аталатын соңғы мақсатты жүзеге асыру қабілеттілігін білдіреді. Логистиканың алты ережесі:


  • ЖҮК – керекті тауар;

  • САПА – қажетті сапада;

  • САНЫ – қажетті көлемде;

  • УАҚЫТ – қажетті уақытта жеткізілуі тиіс;

  • ОРЫН – керекті орынға;

  • ШЫҒЫНДАР – минималды шығындармен.

Логистикалық іс-әрекеттің мақсаты жүзеге асырылады деп санауға болады, егер осы алты шарт орындалса, яғни қажетті тауар қажетті көлемде қажетті сапада керекті уақытта керекті жерде минималды шығындармен жеткізілген болса.
Дәріс 15
Қозғалыс құрылымының эксплуатацилық шарты.
Қозғалыс құрылымының эксплуатациялық шарты деп- әртүрлі сыртқы фактормен сипатталатын және ондағы жүк тасымалдануы. Жолдық , транспортық, табиғи – климаттық шарт – эксплуатациялық шартқа жатады.

Жол шарттары: қозғалыс жолының кеңдігімен, жол бетінің біркелкілігі мен төзімділігі, интенсивтілігімен, жол түрі мен режимі кедергілермен сипатталады. Эксплуатацияның басты жолдық шарты, мұнда басты міндет болып: жалпы қолданыс, автомагисртальдар, ішкі қожалық және қалалық (көшелер). Қозғалыс құрылымның эксплуатацилық қасиетіне жол шарттары көп әсерін тигізеді.Эксплуатацияның экспотты шарты мына түрмен сипатталады: ауыр жүк тасмалдау мөлшері, тасымалдау ұзқатылығы, жүктердің тиелуі мен түсіруілі, жұмыс режимі, сақтау шарты, техникалық қамсыздандырумен және қозғалыс құрылымының жөнделуімен сипатталады. Эксплатацияның транспорттық жағдайы арнаулы қозғалыс құрылымымен анықталады, сондағы максималды жағдайдағы нақты тасымалданатын жүк түріне иеленеді.

Эксплуатацияның табиғи климаттық шарты: қоршаған орта ауасымен, атмосфералық қысыммен және бұлтты күнмен (тұман,жаңбыр,қар)сипатталады. Ресей мемлекеті өте суық климат зонасына кіреді. Барлық стандартты қозғалыс құрылымы бұл зонаға тасмалдауға икемделінеді. Қыста бұл зонада ауа раының температурасы -50С шейін және оданда төмен, қыс ұзақтығы бір жылда бөлек райондарда 200…280 күнге созылады. Бұл зонаға арнайы қозғалыс құрылымы қойылуы қажет: олар аязға шыдамды дөңгелектер, төмен температурада оңай жіберілетін Қозғалтқышдер с.с.с.
Қозғалтқышдің индикаторлық көрсеткіші
Индикаторлық көрсеткіш нақты цикл двигателін сипаттайды. Оларға индикаторлық N-(kВт), орта индикаторлы қысым р1 (мПа), ПӘК-ң индикаторы, п-отынның индикаторлы шығынының бөлінуі д1.

Қозғалтқышдің индикаторлық қуаты – қуат, цилиндр двигателінің таралған газдары. Уақыт бірлігінде цилиндр Қозғалтқыші жұмсаудың жұмысын сипаттайды. Негізі индикаторлық қуатты, индикаторлық өңдеу диаграммасы индикаторға сынақ жүргізу арқылы ие болады.

Индикатор қуатын мына формула арқылы сипаттаймыз: Ni=PiVhWei/Пч

Мұндағы р- орта индикаторлы қысым мПа;

Vh- цилиндрдың жұмыс көлемі м3 ; Сос коленчаттық валдың бұрыштық жылдамдығы рад/с;

/- цилиндр двигателінің саны; г-Қозғалтқыш коэффициентінің тактілігі.

Формула арқылы, Қозғалтқышдің индикаторлық қуаты, орта қысым индикаторына және коленчатты валдың бұрыштық жылдамдығына тәуелді.

Орта индикаторлы қысым – тұрақты газ қысымы, поршенға әсер ету арқылы жұмыс атқаратын, индикатор жұмысының циклі.

Ai= piFSi=piVHi;

Мұндағы Ф-поршен ауданы м2; S- поршеннің жүрісі; /- цилиндір саны;Vh- цилиндірдің бір жұмыскөлемі,м3. индикатордың пайдалы жұмыс цикілін біле отырып, орта индикаторлы қысымды анықтауға болады. Орта индикаторлы қысым көбірек болса, оның индикаторлық пайдалы жұмысы көп және жұмыс двигателінің эффективтілік процесі жоғары.

КПД индикаторы- индикаторлық жұмыстың байланысы, жылу бірлігімен қамтылатын отынның жылуына, мына жұмсаған жұмысқа тең: ni= Ai/Hn

КПД индикаторының көмегімен нақты циклде жылуды қолдану және оның экономдығы (экономичность)

Индикаторлық КПД –ны мына формула арқылы анықтауға болады. Ni= 3600Ni/GtHn, n=3600/ Gr отынның сағаттық шығыны, кг/г, Ян-отынның жану жылуы к/Дж; 3600 кДж; / (кВт*ч) – жұмыстың термикалық эквиваленті gi=Gt/Ni отынның жүруі (ход) кг/(кВт-ч).

Қозғалтқышдің эффективті көрсеткіштері
Эффектілі көрсеткіштері бойынша Қозғалтқышдердің пайдалы қуаты автомобильдің трансмиссиясын және үнемділігін береді. Эффектілі көрсеткіштерге жатады: эффективті қуат Ne(кВт), орта эффектілі қысым ре(МПа), айналмалы эффектілі момент Ме(Н*м);ПӘК re, отынның шығын эффектілісі & (г/(кВт-ч)).

Қуат эффектісі – (коленчатого)валда таралған және Қозғалтқышге маховиктен түсірілген қуат.

Эффективті қуат индикаторлыдан азырақ,өйткені газ қуатының бөлігі Қозғалтқышдегі үйкелісті жоюға кетеді.(на привод) газ таратқыш механизмді және салқындатқыш жүйенің оталдырғыш,қоректендіргіш және т.б. Сонымен, үйкелістегі күштің жоғалуы 75...80%, газ ауыстырғышқа 3...15%, ал қуат шығыны (на привод) көмекші механизмдерге 10...12%.

Тұрақтылық көрсеткіштері.
Жылжымалы құрамының жанармайды үнемдеу сипаттамасы деп әр түрлі кедергісі бар жолдағы бір қалыпты қозғалыс кезіндегі жанармайдың жолдағы шығынының жылдамдыққа тәуелділігін айтамыз.

Жылжымалы құрамының жанармайды үнемдеу сипаттамасы белгілі қозғалыс жылдамдығы және жолдың кедергі коэффиценттері арқылы жанармай шығынын анықтауға мүмкіндік береді. Ол кез-келген белгілер орнатылады, бірақ көбінесе жоғарғы берілістерде орнатады.

А нүктесі жылжымалы құраманың қозғалыс жылдамдығының минимум тұрақтылығына сәйкес. В нүктесі кедергі коэффиценті жол арқылы қозғалған жылжымалы пппп шығынын анықтайды. Осы нүктеге сәйкес жылдамдық осы жолдағы ең экономды болады С нүктесі жанармай шығынын оның толық беруін немесе қозғалтқыштың толық жүктелуін сипаттайды. Ол осы жолдағы қозғалыстың максимал жылдамдығының сәйкес оң жақтағы қисық қозғалтқышының толық жүктелуі кезіндегі жанармай шығынына сәйкес. Суретте көрсетілгендей әр жол кедергісіне белгілі жанармайдың минимал шығыны, жылжымалы құрама қозғалысының үнемдеу және максимал жылдамдығына сәйкес жол кедергісінің өсуі кезінде жанармай шығыны өсіп, үнемді және максимал жылдамдық кемиді.

Жылжымалы құралының үнемді жылдамдықтағы қозғалысы ең аз жанармай шығынын қамтамасыз етеді, бірақ бұл жылдамдықта транспорттық жұмыстар жасау барысында қозғалу қажет емес.



Жанармайды үнемдеуге мінездеме: Жүру бөлігіндегі жанармайды үнемдеудің екі әдісі болады: Жолда жүру сынағының нәтижесі бойынша, стендтық сынақтың нәтижесі және жақындатылған саналы әдісі бойынша. 1-ші және 2-ші нәтижесі жанармайды үнемдеудің мәселесі негізгі тәжәрибесі бойынша. Ал 3-ші нәтиженін тәжірибе жүргізілмеген жағдайдағы нәтиже бойынша қабылданады. Саналы әдісті қарастыратын болсақ жа жанармайды үнемдеудегі мінездеме жүру бөлігінің эфекті жанармайды кетірумен

gN– Қозғалтқышдің максималдық қуаттылығының эфекті жанармайды кетірудің, г/(кBт-ч); ка - коэффицент, Қозғалтқышдің ат бұрыштық жылдамдықтың эфектік жанармайды келтірудегі өзгеріс. К^ - коэффицент Қозғалтқыш қуаттылығының өзгеруіне байланысты пайда болған эфектік жанармайды кетірудегі пайда болған өзгеріс. Бензиндік Қозғалтқышге жұмсалатын максималды қуаттылықта пайда болатын эфекті жанармайдың 300...340 г/(кВт-ч), ал дизельді Қозғалтқышдерге 200...260 г/(кВт-ч), Қозғалтқышдің максималды қуаттылығы оның бұрыштық жылдамдығы колент валында байланысты коэеффицент анықтайды, WJWH-

(D/WJV

Қозғалтқышдің пайдалануы коэфицент &и анықтайды.



Жанармайды үнемдеу есептеуі мынандай:

у жолының қарама-қарсылық коэффиценті белгіленеді;

tomin және comax дивигательде диапазондағы коленчеты валдың бұрыштық жылдамдығының 5-6 мәні алынады ые йи(<% белгілі) бастап кш осыған дейін ;


  • таңдалып алынған toе және алынған мәндері алынады;

  • жүру бөлігінің жүру жылдамдығына сәйкестендіріліп алынған мәні анықталады.

  • Берілген коэф-ң у жолындағы қуаттылығы анықталып берілген жылдамдықтарға сәйкестендіріледі;

  • Жолмен ауаның қарама қарсылығына жіберілген қуатты графигіне сәйкес.

Қозғалтқышдің қуатты графигіне сәйкес.

Двигателдің қатнастарын пайдаланылатын мәні белгілі қуаттық балансына сәйкес. Эфективті жанармайдың кетірілуі табылған коэффиценттің мәніне сәйкесалыңған мәндердің жолға жіберілген жанармайдың мәніне сәйкес табылады. Берілген коэффиценттің жолдың қарама-қарсысына жанармай жіберілетін жүру бөлігінің қалыптылығы. Жүру кезіндегі жанармайдың жіберілуі жағында белгіленген коэффиценттерін қайталау арқылы жолдың қарама-қарсылық жүру бөлігінің үнемдеу мінездемесін құрайды.



Жанармай шығындарының нормалары

Саналы формаларды анықтау үшін, жіберілген жанармайдың әр түрлі факторларға әсері жоқ, эксплуатациялық жанармай жіберудің көбеюіне әсер бар. Эксплуатацияға нақты жанармай келтірілген мәнін білу нормативті әдіс қолданылады. Соған сәйкес автомабильдерге жіберілетін жанармай қатаң бақыланады. Шамаға байланысты жіберілетін жанармай.

&r – жүру бөлігіндегі жіберілген жанармай шамасы л/100км; к* - транспортты жұмысының бөлігіне жіберілетін жанармай шамасы, л/(100 т-км); kj- қосымша жүрістерге жіберілген жанармай шамасы, S- жүру, км; S^- жүкпен жүру, км; G^ - әкелінген жүктің саны, т; Ze – жүк саны. Жанармай жіберу мөлшері kj, кг және к^% жүру бөлігінің жағдайына байланысты жүкті автомабильдер.

‡лкен тасмалдауға арналған 100км жүру саны оларда белгіленген сандықтан бұл автомабильдің жіберілетін жанармай шамасы болады. Жіберілетін жанармай бұл автомабильдерде.

Самосвалдар әдетте алыс емес бағыттарға арналған. Толығымен жүктелген бір жаққа ғана бағытталған осыған байланысты жанармай жіберу мөлшері сомасвалда жіберілетін жанармайда қосылады.Самосвалдарға арналған жанармай мөлшері.

Жанама сырғуы бойынша жолдың көлденең қисаюының критикалық бұрышы - деп, шекті бұрышты айтады. Бұндай жағдайда қозғалыс құрамының жанама сырғуы кез-келген ең аз көлденең ауытқудың әрекетінен басталады.

Аударылу бойынша жолдың көлденең қисаюының критикалық бұрышы. Көлденең қисаюы бар жолда тура сызықты қозғалыс кезінде, қозғалысты құрамның аударылуы мынадай кезде болуы мүмкін, егер көлденең күштен туындаған аударшылар сәт, қозғалыс құрамының қалыпты құрама күшінің ауырлығымен қалыпқа келтіруші сәтпен салмақты болса:

Сәттердің мағыналарын қойы п,

Бұл жағдайда ... екенін ескеріп, аударылу бойынша жолдың көлденең қисаюының критикалық бұрышын табамыз:

Аударылу бойынша жолдың көлденең қисаюының критикалық бұрышы деп шекті бұрышты атайды, сонымен қатар қорғаныс құрамының тура сызықты қозғалысы аударылусыз қиғаш бойынша болуы мүмкін. Бұл жағдайда қозғалыс құрамының аударылуы кез-келген жанама ауытқу кезінде болуы мүмкін. Аударылу бойынша жолдың көлденең қисаюының критикалық бұрышы қозғалыс құрамының түріне байланысты. Ол жеңіл автокөлік үшін 40...500, жүк автокөлігі үшін 30...400, автобустар үшін 25...350 құрайды.

Көлденең табандылықтың коэфициенті. Қорғаныс құрамының көлденең табандылық коэффициенті деп, қозғалыс құрамының дөңгелегі соқпағының оның салмақ орталығының екі есе жоғарылауына деген қарым-қатынасын айтады.

Көлденең табандылық коэффициенті, көлденең табандылық шығынының қандай екі түрін эксплуатацияға жатқызуға болатынын анықтауға мүмкіндік береді. Мысал үшін, қозғалыс құрамының жүрісін ұзын жолдағы бұрылыс кезінде қарастырамыз. Осы мақсатта жанама сырғу мен аудару бойынша критикалық жылдамдықты теңестіреміз.

Бұл жылдамдықтардың мағынасын қоямыз:

Бұдан көретініміз, егер дөңгелектің жолмен көлденең тіркесу коэффициенті көлденең табандылық коэффициентінен аз болса ..., онда бұрылыс кезінде аударылудан гөрі, ылдилап кету әбден мүмкін. Ал егер дөңгелектің жолмен көлденең тіркесу коэффициенті, көлденең табандылық коэффициентінен көп болса ..., онда қозғалыс құрамының аударылуы әбден мүмкін.

Көлденең табандылық коэффициенті қозғалыс құрамының түріне байланысты. Ол жүк автокөлігі үшін 0,55...0,8, автобус үшін 0,5..0,6 және жеңіл автокөлік үшін 0,9...1,2 құрайды. Көлденең табандылық коэффициенті неғұрлым көп болса, ол соғұрлы қозғалыс құрамының бір жақты аударылуына қарсы табанды боп келеді.

3. МАШЫҚТАНУ САБАҚТАРЫ
Машықтану сабағы 1. Вагондардың келу интервалын бөлуін анықтау.

Машықтану сабағының мазмұны:

1) Кіріспе

2) Вагонның орта тәуліктік өнімі.


Сабақтың мақсаты: Жұмыс және жүк тиелген парктің орта динамикалық жүктемесін анықтау.
Қорытынды(контрольные) сұрақ:

  1. Орта тәуліктік жүріс дегеніміз не?

  2. Бос жүріс проценті

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Тулембаева, А.Н. Логистика.-Алматы:Ќазаќ университетi,2002

2. Степанов, В.И. Логистика :Учеб. Для вузов.-М.:Проспект,2006.

3. Волгин, В.В. Автосервис: структура и персонал.- М., 2008

Машықтану сабағы 2. Вагондардан кәсіпорын қоймасына жукті түсіру уақытын талдау

Машықтану сабағының мазмұны:

1. Тұтастай кәсіпорын бойынша және әрбір жүк жіберушінің жоспар орындау проценті.
Сабақ мақсаты: негізгі түсініктер және анықтамалар жайында студенттердің білімін тексеру. Ауызша сұрау.
Қорытынды сұрақтар:

1. Тұтастай кәсіпорын бойынша және келісім міндеттері бойынша жоспар орындау проценті дегеніміз не және оны сипаттап бер.


Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Тулембаева, А.Н. Логистика.-Алматы:Ќазаќ университетi,2002

2. Степанов, В.И. Логистика :Учеб. Для вузов.-М.:Проспект,2006.

3. Волгин, В.В. Автосервис: структура и персонал.- М., 2008


Машықтану сабағы 3. Әртүрлі типтегі көліктік-жүк жүйесі үшін сандық сипатты анықтау.

Машықтану сабағының мазмұны:

1. Әрбір тоқсан және бір жылдағы тұтастай кәсіпорынның көлік жұмыстарын орындау көлемі.

2. Көлік жұмыстары өсуінің орта тоқсан және орта абсолютті мәні.


Сабақтың мақсаты: өткен тақырып бойынша студенттер білімін тексеру.

Қорытынды сұрақтар:

1. Анықтама беру


  • Өткізу қабілеті

  • Жолдың тасымалдау қабілеті

  • Бірінші типтегі жылдамдық жолдары

  • Екінші типтегі жылдамдық жолдары

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Тулембаева, А.Н. Логистика.-Алматы:Ќазаќ университетi,2002

2. Степанов, В.И. Логистика :Учеб. Для вузов.-М.:Проспект,2006.

3. Волгин, В.В. Автосервис: структура и персонал.- М., 2008
Машықтану сабағы 4. Стохастикалық көліктік-жүк жүйесінің оңтайлы параметрлерін таңдау.

Машықтану сабағының мазмұны:

1. Әр жылдағы құбыр өткізгішпен тасымалданған жүктердің жалпы көлемі

2. Орта жылдық тасымалданған жүктердің абсолютті өсуі.


Сабақтың мақсаты: ақпараттың жариялану әдістері бойынша студенттер білімін тексеру.

Қорытынды сұрақтар:

1. Тасымалданған жүк көлемінің орта жылдық абсолютті өсуі.

2. Тасымалданған жүктің жалпы көлемі


Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Тулембаева, А.Н. Логистика.-Алматы:Ќазаќ университетi,2002

2. Степанов, В.И. Логистика :Учеб. Для вузов.-М.:Проспект,2006.

3. Волгин, В.В. Автосервис: структура и персонал.- М., 2008


Машықтану сабағы 5. Стохастикалық көліктік-жүк жүйесін оңтайландьіру.

Машықтану сабағының мазмұны:

1. Ауданның көлік балансы

2. Осы аудан үшін кіргізу және шығару бойынша әрбір көлік түрлерінің шектеулі салмағы


Сабақтың мақсаты: Ауданның көлік балансы есептеу бойынша студенттер білімін тексеру.
Қорытынды сұрақтар:

1. Аудан үшін кіргізу және шығару бойынша әрбір көлік түрлерінің шектеулі салмағы


Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Тулембаева, А.Н. Логистика.-Алматы:Ќазаќ университетi,2002

2. Степанов, В.И. Логистика :Учеб. Для вузов.-М.:Проспект,2006.

3. Волгин, В.В. Автосервис: структура и персонал.- М., 2008


Машықтану сабағы 6. Көліктік қүралдардың санын анықтау.

Машықтану сабағының мазмұны:

1. Негізгі құралдардың қор қайтаруы.

2. Көлік құралдарының қор қайтаруы.


Сабақтың мақсаты: автокөлік жолдарының құрылғылары және олардың белгілері мен көрсеткіштері жайында студенттер білімін тексеру.
Қорытынды сұрақтар:

1. Автокөлік жолдарының құрылғыларын қайта есептеу

2. Реферат.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Тулембаева, А.Н. Логистика.-Алматы:Ќазаќ университетi,2002

2. Степанов, В.И. Логистика :Учеб. Для вузов.-М.:Проспект,2006.

3. Волгин, В.В. Автосервис: структура и персонал.- М., 2008
Машықтану сабағы 7. Көптеп келген кезде вагоңдардың косымша тұрып қалуы

Машықтану сабағының мазмұны:

1. Негізгі құралдардың көлік жұмыстары көлемінің өзгеруі мен оларды пайдалану тиімділігінің өзгеруіне байланысты үнемделу немесе шығындардың азаюы

2. Жол сапасының жинақты мінездемесінің коэффиценті

Сабақтың мақсаты: жабын мінездемесі жайында студенттер білімін тексеру
Қорытынды сұрақтар:

1.Мінездемелерді қайта есептеу

2.Комплексті мінездеме коэффиценті түсінігі
Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Тулембаева, А.Н. Логистика.-Алматы:Ќазаќ университетi,2002

2. Степанов, В.И. Логистика :Учеб. Для вузов.-М.:Проспект,2006.

3. Волгин, В.В. Автосервис: структура и персонал.- М., 2008


Машықтану сабағы 8. Вагон айналымын зерттеу

Машықтану сабағының мазмұны:

1. Тұтастай кәсіпорын бойынша және әрбір жүк жіберушінің жоспар орындау проценті.
Сабақ мақсаты: негізгі түсініктер және анықтамалар жайында студенттердің білімін тексеру. Ауызша сұрау.
Қорытынды сұрақтар:

1. Тұтастай кәсіпорын бойынша және келісім міндеттері бойынша жоспар орындау проценті дегеніміз не және оны сипаттап бер.


Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Тулембаева, А.Н. Логистика.-Алматы:Ќазаќ университетi,2002

2. Степанов, В.И. Логистика :Учеб. Для вузов.-М.:Проспект,2006.

3. Волгин, В.В. Автосервис: структура и персонал.- М., 2008



Машықтану сабағы 9. Жол элементіндегі вагон айналымы

Машықтану сабағының мазмұны:

1. Жолдың жоспарының элементтері

2. Жолдың (элементы продольного профиля дороги) элементтері

3. Профиль және жоспар элементтеріне талаптар.

Сабақтың мақсаты: Жолдың жоспарының құрылуы.

Қорытынды сұрақтар:

1.Жол жоспарының басты белгілерін қайта есептеу

2.Жолдың көлденең қимасының элементтерін қайта есептеу

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Тулембаева, А.Н. Логистика.-Алматы:Ќазаќ университетi,2002

2. Степанов, В.И. Логистика :Учеб. Для вузов.-М.:Проспект,2006.

3. Волгин, В.В. Автосервис: структура и персонал.- М., 2008
Машықтану сабағы 10. Транзитті поездарды құрастыру және уақытты үнемдеу.

Машықтану сабағының мазмұны:

1. Жол қабаттарының ұзаққа шыдау шарттары мен жұмысқа дайындығының бүліну себептері.

2. Жол жабынының қызмет көрсету мерзімі.

3. Жолдың толық жұмысқа дайындығы
Сабақтың мақсаты: Жол жабының қызмет көрсету уақыты түсінігі және оны қайта қалпына келтіру шаралары.

Қорытынды сұрақтар:

1.Жол жабынының қызмет көрсету уақыты дегеніміз не?

2.Жолдың жабынының бүліну себептері

3.Жол жабынын жөндеу және қалпына келтіру бойынша шаралар.
Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Тулембаева, А.Н. Логистика.-Алматы:Ќазаќ университетi,2002

2. Степанов, В.И. Логистика :Учеб. Для вузов.-М.:Проспект,2006.

3. Волгин, В.В. Автосервис: структура и персонал.- М., 2008


Машықтану сабағы 11. Айналма маршруттың міндеті

Машықтану сабағының мазмұны:

1. Жол белгілерінің түрлері және оның анықтамасы

2. Бағдаршамды сигнал беру

3. Жол қаршаулары.
Сабақтың мақсаты: Жол белгілерінің түрлерін меңгеру.

Қортынды сұрақтар:

1.Бағдаршамды сигнал беру түсінігі

2.Жол қоршаулары


Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Тулембаева, А.Н. Логистика.-Алматы:Ќазаќ университетi,2002

2. Степанов, В.И. Логистика :Учеб. Для вузов.-М.:Проспект,2006.

3. Волгин, В.В. Автосервис: структура и персонал.- М., 2008


Машықтану сабағы 12. Берілген жүріс кестесінің локомотив санын азайтуды анықтау.

Машықтану сабағының мазмұны:

1.Жолаушылар мен жүргізушіге арналған комплексті қызмет көрсету және демалу орындары.

2. Хабарламаның жаяу жүргінші жолы

Сабақтың мақсаты: Жол және жолды жарықтандыру ұғымы, олардың магистраль жұмыстарындағы рольі.
Қорытынды сұрақтар:

1. Демалу орындарын санау

2. Жаяу жолаушы жолы, олардың түрлері және құрылымы.
Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Тулембаева, А.Н. Логистика.-Алматы:Ќазаќ университетi,2002

2. Степанов, В.И. Логистика :Учеб. Для вузов.-М.:Проспект,2006.

3. Волгин, В.В. Автосервис: структура и персонал.- М., 2008


Машықтану сабағы 13. Станса кезекшісінің жүріс кестесін құрастыру.

Машықтану сабағының мазмұны:

1.Байланыс құралдары.

2. Автожолдарды қайта құру және өндеу бөлімдерінің құрылғылары.


Сабақтың мақсаты: Автожолдарды қайта құру және өңдеу бөлімдерінің құрылғыларына анықтама беру.
Қорытынды сұрақтар:

  1. Байланысу құралдары

  2. Автожолдарды қайта құру және өндеу бөлімдерінің құрылғылары.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Тулембаева, А.Н. Логистика.-Алматы:Ќазаќ университетi,2002

2. Степанов, В.И. Логистика :Учеб. Для вузов.-М.:Проспект,2006.

3. Волгин, В.В. Автосервис: структура и персонал.- М., 2008
Машықтану сабағы 14. Станса кезекшісінің жүріс кестесін тиімдендіру

Машықтану сабағының мазмұны:

1. Байланыс құралдары.

2. Бірпанельді немесе екіпанельді, көппролетты биіктіктер

3. Қар тоқтату

Сабақтың мақсаты: Қысқы автожолдардың құрамы туралы жариялау.


Қорытынды сұрақтар:

  1. Станса кезекшісінің атқаратын қызметі.

  2. Стансада орындалатын операциялар

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Тулембаева, А.Н. Логистика.-Алматы:Ќазаќ университетi,2002

2. Степанов, В.И. Логистика :Учеб. Для вузов.-М.:Проспект,2006.

3. Волгин, В.В. Автосервис: структура и персонал.- М., 2008
Машықтану сабағы 15. Толассыз өтіп жатқан вагондарды сұрыптау станциялары арқылы тексеру

Машықтану сабағының мазмұны:

1. Автокөлік жолдарын көгалдандыру

2. Жолдың көгалдануының жалпы талаптары. Реферат


Сабақтың мақсаты: студенттерге жолды көгалдандыру шараларын өзбетінше таңдауға мүмкіндік беру
Қортынды сұрақтар:

1. Бағдаршамды сигнал беру түсінігі

2. Жол қоршаулары
Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Тулембаева, А.Н. Логистика.-Алматы:Ќазаќ университетi,2002

2. Степанов, В.И. Логистика :Учеб. Для вузов.-М.:Проспект,2006.

3. Волгин, В.В. Автосервис: структура и персонал.- М., 2008


4.Студенттің өздік жұмысы
4.1. Студенттің өздік жұмысын ұйымдастыру туралы әдістемелік кеңестер

СӨЖ үй жұмысы түрінде орындалады және жазбаша түрде өздік жұмысқа

арналған жеке дәптерге немесе А4 форматы түріндегі бетке сәйкесінше құрылымға және студенттердің өздік жұмысын толтыруы тұрақты бекітілген талаптар бойынша жүзеге асырылады. Жұмысты келесі тапсырманың уақыты келгенше тапсырып үлгеру керек.

Студенттің өздік жұмысы (СӨЖ) реферат түрінде болады және құрылымға сай бекітілген талаптар стандартына сәйкес толтырылады.

Өздік жұмысын бақылау мына түрде болады:

- орындалған жұмыстың презентациялары;

- өз бетімен оқыған тақырыпқа баяндама;

- СӨЖ өткізу уақытында немесе аудиториялық сабақ кезінде ауызша шұғыл-сұрау;

- жазбаша орындалған үй жұмысын қорғау.

Өздік жұмысының нәтижесін көрсетпеген студент қортынды аттестацияға жіберілмейді.



Өз бетімен меңгерген материал, мұғалімнің көмегімен меңгерілген материал қатарында қорытынды бақылауға шығарылады.

Ескерту: Семестрде жақсы баға алу үшін барлық тапсырмаларды 3күн қалғанда орындағаннан гөрі уақытында орындау қажет, бірақ тапсырманы берілген уақыттан кешіктіріп орындаған студенттер үшін балдары есептелмейді.
4.2. Студенттер білімінің ағымдағы және кіріспе бақылау үшін рефераттар тізімі (тесттер, колоквиумдар сұрағы т.б.) және т.б.

        1. Морфологиялық әдіспен жеткізіп беру жүйесінің синтезі.

        2. Айлақ жұмысының имитациялық үлгісі.

        3. Кемелер жұмысының құн өлшемдері.

        4. Уақыт факторы бойынша жеткізу процесін логистилендіру.

        5. Кемеге тиеу жұмысының шығынын талдау.

        6. Жүкті кеденде өңдеу - үздіксіз процесс

        7. Кедендік істі логистикалық ұйымдастыру.

        8. Аймақтағы кедендік қайта өңдеу бойынша толассыз істі талдау.

        9. Аймақта кедендік жүкті қайта өңдеу қозғалысын басқару.

        10. Кедендік логистикалық жүйенің құрылуы.

        11. Кедендік логистикалық жүйені ақпаратпен қамтамасыз ету.

        12. Жүк жеткізу жүйесін жобалау процесін суреттеп жазу.

        13. Тұтынушы ұсынған талапқа сай жук жеткізу жүйесіне талдау жасау.

        14. Көптегеи тақ теорияларды қолдану арқылы жеткізіп беру сапасы бағасының параметрлерін көрсету.

        15. Тұтынушының күтуіне қарай параметр түрлеріне сәйкес бағасы.

        16. Жүк жеткізу жуйесін таңдау міндетін көпқырлы жүзеге асыру.

        17. Жүк жеткізу жүйесі синтезінің улгілі принципі.

        18. Жүк жеткізу интегралдау жүйесінің синтездеу әдістемесі.

        19. Жүк жеткізу таңдауының қамтамасыз етудің ақпараттық жүйесі.

        20. Жолаушы тасымалы технологиясына логистикалық тұрғыдан келу.

        21. Жолаушы көлігі қала инфрақұрылымының элементі есепті.

        22. Қалалық жолаушы көлігінің әлеуметтік және логистикалық жүйесінің бірлескен әрекеті.

        23. Қаладағы көлік жұмысының логистикалық технологиясы.

        24. Қалалық жолаушы көлігінің ақпараттық базасы.

        25. Қалалық жолаушы тасымалы қызметін үлгілі ету.

        26. Қалалық жолаушы тасымалы қызметін үлгілі ету.

        27. Жолаушы тасымалы жүйесінің логистикалық сенімділігі.

        28. Халықаралық көлік қатынасын құру әдістемесі.

        29. Жеткізіп берудің негізделген жағдайы.

        30. Тасымал қызметін реттеудің формасы мен әдісі.

        31. Нарықта көлік қызметін лицензиялау арқылы станцияға әсер ету жолдары.

        32. Логистикалық жүйені басқаруды ұйымдастыру.

        33. Логистикалық жүйенің стратегиялық менеджменті.

        34. Оперативті тәртіппен реттелген уақытта материалдық байлык қозғалысын басқару.

        35. Логистикалық жүйені талдау және есепке алу.

        36. Макрологистикалық жүйені жобалау мәні.

        37. Макрологистикалық жүйені жобалау сценариі.

        38. Макрологистикалық жүйенің құрылымын интеграциялау.

        39. Макрологистикалык жүйе құрылымын бейімдеу.

        40. Макрологистикалық жуйе құрылымының параметрлерін оңтайлау.

        41. Макрологистикалық құрылымның аймақтық орналасуын оңтайлау.

        42. Өндірістік жүйеде техникалық-технологиялық элементтердің жүк көтеруін және түрлілігін интегралдау.

        43. Өндірістік жүйеде техникалық- технологиялық параметрлерін интегралдау.

        44. Логистиканың өткені мен болашағы.

        45. Көлік логистикасы бойынша оқу әдістемелік және ғылыми әдебиеттерді талдау.

Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет