Қақтап пісірілген тағамдар
Қақтап пісірілетін тағам түрлері келесіде: ет қосылған картоп пісірмесі, ет қосылған жұмыр кеспе, ет және күрішпен дайындалған голубцы,пияз тұздығында қақталған сиыр еті, табадағы жиынтық солынка.
Қақтап пісіру үшін ет өнімдерін алдын ала пісіреді, көбейтеді, бұқтырады немесе толық дайын болғанша қуырады. Содан кейін гарнирмен, тұздықпен немесе оларды қоспай-ақ сыбаға табасында не суырма табада қыздырып пісіреді. Тағамды 250-300оС температурада қуырма қабық пайда болғанша және өнімді ұсынарда 80-85оС дейін қыздырып қақтап береді. Себебі сақтау кезінде өнімнің сыртқы түрі мен дәмдік сапасы нашарлайды. Сыбаға табасында қақталған тағамды сол ыдысымен береді. Дастарқанға қоярда қақталған тағамның үстіне еріген сары май құяды.
Достарыңызбен бөлісу: |