1.13.2. Бағытталған жазық аймақ.
Жазықтықта тік бұрышты координаттар жүйесі берілсін. Егер өсінің оң бағытталған сәулесін өсінің оң бағытталған сәулесімен беттестіру үшін, координаттың бас нүктесін айнала отырып жасалған -қа бұрылу процесі сағат тілінің бағытына қарсы бағытта орындалса, онда тікбұрышты координат жүйесі оң, ал сағат тілінің бағытымен бағыттас болса теріс деп аталады (24,25-сурет).
Жай контур деп тұйық, өзімен-өзі қилыспайтын үзіліссіз құрақты-тегіс бағытталған қисығын айтатын боламыз.
Жазықтықта шекарасы Г саны ақырлы бір-бірімен өзара қилыспайтын жай контурларынан тұратын, яғни сызықтарымен шенелген аймағын қарастырамыз.
Егер болса, онда аймағы бір байланысты (24, 25-сурет); болса, ол екі байланысты (26, 27-сурет), т.с.с. аталады.
Егер оң тік бұрышты координаттар жүйесіндегі аймақтың шекарасы бойымен қозғалғанда аймақ сол жақта қалып отырса, онда шекара және аймақ – оң бағытталған, ал аймақ оң жақта қалып отырса, онда шекара мен аймақ теріс бағытталған деп саналады. Теріс тік бұрышты координаттар жүйесінде, керісінше, аймақ сол жақта қалып отырса, онда шекара және аймақ теріс бағытталған, ал аймақ оң жақта қалып отырса, онда шекара және аймақ оң бағытталған деп аталады.
24-сурет 25-сурет
26-сурет 27-сурет
24, 25 суреттерде – оң, ал 26, 27 суреттерде теріс бағытталған аймақтар көрсетілген.
Оң бағытталған аймақ немесе арқылы, теріс бағытталған аймақ арқылы белгіленеді. Біз алдымызда, атап айтылмаса, тек оң тік бұрышты координаттар жүйесі мен оң бағытталған аймақ туралы сөз ететін боламыз.
Достарыңызбен бөлісу: |