P=Aорт × S, осында
S – жұмыстың басынан соңына дейінгі қарастырылған жалпы әріптер саны.Ақпаратты қабылдау көлемі Объем зрительной информации Q, бит:Q = 0,5936 × S, осында
0,5936 – бір белгіге келетін, орташа ақпарат көлемі.
S = 223+188+169+201+313 = 1094 Р=1 × 1094 = 1094 Q = 0,5936 × 1094 = 649,3984 3. Ақпаратты өңдеу жылдамдығы, бит/с:
АӨЖ = (Q – 2,807 × n) / Т, осында2,807, бита – бір белгіге келетін, ақпаратты жоғалту көлемі.
Т – тапсырманы орындау уақыты, с;
n – жіберілген қателіктер саны.
АӨЖ = (649,3984 – 2,807 × 0) / 150 ≈ 4,33 4.Зейіннің тұрақтылығы:
ЗТ= S / N, осында
S – жұмыстың басынан соңына дейін қарастырылған жалпы әріптер саны;
N – көрсетілген мәтіндегі сызуды қажет ететін жалпы әріптер саны.
ЗТ= 1094 / 122 = 8,96; ЗТ = 8,96 ≈ 9
Қорытынды: Тапсырманың орындалуының нақты коэффиценті (А) 1; Ойлау өнімділігінің коэффициенті (Р) 1094; Ақпаратты қабылдау көлемі(Q) 649,3984; Жұмыстың басынан соңына дейінгі қарастырылған жалпы әріптер саны (S) 1094;Ақпаратты өңдеу жылдамдығы (АӨЖ) 4,33; Зейіннің тұрақтылығы 9.
2. Төстікке үнемі қысымның көп түсуі балалар мен жасөспірімдердің көкірек қуысының пішіні «воронка тәрізді» өзгеруіне әкеледі. Бұл өзгеріске ұшыраудың нақтылы себептерін атаңыз.
Негізгі
Көкірек қуысының туа біткен даму ақаулары шамамен туған 1000 баланың 1-інде кездеседі. 90% жағдайда «воронка» тәрізді деформациясы кездеседі. Көбінесе олар
шеміршек тінінің, кейде кеуде клеткасының сүйектік бөлігінің туа біткен дисплазиясы немесе аплазиясы кезінде болады. Көкірек қуысының «воронка» тәрізді деформациясының сыртқы көрінісі кеуде сүйегінің және осы жерге бекіген қабырға бөлінінің ішке түсіп тұруымен сипатталады. Қабырға доғалары аздап ашылған, эпигастрий аймағы бұлтиып тұрады. Кеуде қуысының воронка тәрізді болуы кеуденің, қабырғааралық алдыңғы бөліктерінің және қабырғалық шеміршектерінің батуымен байланысты және дәнекер тіндерінің қалыпты құрылымының генетикалық негізінің өзгеруіне байланысты туындайды.
Қорытынды :
Баланың жататын төсегі, тамақ ішкенде, сурет салғанда отыратын үстелі мен орындығы, еңбек мөлшері, киімі гигиеналық талап бойынша жасына сәйкес болуы керек. Баланы дұрыс отыруға (партада отыру ережесін қараңыз), төсекте дүрыс жатуға дағдыландыру қажет. Үстелде дұрыс отыруға дағдыланса, арқа еттері күшейіп, омыртқа жотасының дүрыс өсуіне мүмкіндік туады. Физиологиялық және гигиеналық тұрғыдан қарағанда бала үстелде тік дүрыс отырып дағдыланғанда омыртқа сүйектері қисаймай, дүрыс өседі, бұлшық еттері шынығады. Ірі қан тамырлары мен жүрегінің қызметі жақсы жетіледі. Ал дүрыс отырмаса, сүйектері қисайып, қан тамырлары қысылып, бүлшық еттері шынықпай бала тез шаршайды. Буыны қатпаған баланың омыртқа жотасында сколиоз, кифоз бен лордоздың патологиялық түрлері қалыптасады. Ондай баланың жалпы денсаулығы нашар болады.
3. Есепті шығару: Артериалдық қан қысымы 120/80 , тамыр соғу жиілігі 60 рет/мин адамның қан –тамыр жүйесінің қызметтік көрсеткіштерін есептеңіз (қанның систолалық және минуттық көлемін анықтау).