1. Валеология пәні, мақсаты, міндеттері және әдістері


Максималды (ең жоғарғы) қан қысымы: 102+0,6*х адам жасы



бет21/23
Дата12.04.2023
өлшемі458 Kb.
#174373
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
Байланысты:
Валео ответы (копия)
материалы по контролю ИКТ (экзаменационный тест) (копия)
Максималды (ең жоғарғы) қан қысымы: 102+0,6*х адам жасы
Минималды (ең төменгi) қан қысымы; 63+0,5 * адам жасы
Макс- 102+0,6*14=110.4
Мин- 63+0,5*14=70
Қорытынды; Берілген формула бойынша идеалды қан қысымын анықтадым. 14 жастағы баланың идеалды қан қысымы макс-110 және мин 70. Және де әр бір жасқа осы формула арқылы иделады қан қысымын анықтай аламыз.
СК=101+0,5*ПК-0,6*ДК-0,6*А
Мұнда: СК-систолалық көлем
​ ПҚ-пульстық қысым (максималдық және минималдық қысымдардың айырмашылығы)
ДҚ-диастолалық қысым
​ А-зерттелуші адамның жасы
​Осы формуламен анықталған СК мөлшері, классикалық әдістің көмегімен анықталған көрсеткіштерге сәйкес келетіндігі дәлелденген.
Жауабы:СК=101+0,5*40-0,6*80-0,6*19=61,6мм сын баг.
Систолалық артериалдық қысым (САҚ) –жоғарғы көрсеткіш - ол жүректің соғуы кезінде тамыр арқылы өтетін қанның мөлшерін жəне оның тамыр қабырғаларына тигізетін қысымын көрсетеді. Диастолалық артериялық қысым (ДАҚ) – төменгі көрсеткіш – бұл жүректің соғу арасындағы тынығу кезіндегі қалдық қысым деңгейін көрсетеді . Дені сау ересек адамның қанының систолалық қысымы 110-120 мм сынап бағанасымен, ал диастолалық қысымы 70-80 мм сынап бағанасымен өлшенеді. Мұны қысқаша - 110/70 немесе 120/80 мм сынап бағанасымен деп жазады. Бұл көрсеткіштен жоғары болса, онда - гипертония, ал төмен болса, онда гипотония дейді.
Пульстік қысым (пульстік айырмашылық) – жүректің қатты жиырылғандағы (систолалық) қысымы мен оның босаған (диастолалық) кезіндегі қысымның айырмасы жүрек соғу (пульс) қысымы деп аталады. Мысалы: ересек кісілерде сынап бағанасы бойынша 35-50 мм-ге тең болады.

Қанның минуттық көлемін анықтау:


МК= СКхТСЖ
МК-минуттық көлем
СК-систолалық көлем
ТСЖ-тамыр соғу жиілігі
МК=61,6*60=3696
4. Есепті шығару:
Бой ұзындығы 170 см, дене салмағы 50 кг, кеуде қуысының шеңбері 92 см болатын оқушының физикалық даму деңгейін келесі индекстер арқылы анықтаңыз: Кетле көрсеткіші, Брок көрсеткіші, Пинье көрсеткіші.
Физикалық даму әрбір жас кезеңдегі анотомиялық және физиологиялық ерекшеліктерді көрсететін биологиялық процесс.Бала ағзасында үнемі морфологиялық және функционалдық терең өзгерістер жүріп отырады және мүшелер мен жүйелердің өсу және даму қарқыны бірдей болмайды.
Өсу және даму процестерінің бір қалыпта жүрмеуі және функционалдық дамудың толық аяқталмауы ағзаның сыртқы орта өзгерістеріне төзімділігін төмендетеді. Әсіресе, бала тәрбиесінің гигиеналық талаптарға сәйкес келмеуі әр түрлі аурулар және жағымсыз өзгерістер туғызуы мүмкін. Балалар ағзасының дұрыс өсіп жетілуін қамтамасыз ету, денсаулығын сақтап нығайту оқу және тәрбие жұмысын дұрыс қолға қоюдың негізгі кепілі.
Физикалық дамуды анықтайтын көрсеткіштер. Балалар мен жасөспірімдердің физикалық дамуы көптеген күрделі және көрсеткіштер жиынтығымен сипатталады.
Физикалық дамуын зерттегенде тек негізгі
соматометриялық көрсеткіштерді: денесінің ұзындығын және салмағын, кеуде қуысының айналымын ғана қолданады.
Кеуде қуысының пішіні, арқасының, аяқ басының пішіні, бұлшық еттерінің жағдайы, май жиналу терісінің икемділік қасиеті, жыныстық жетілуі соматоскопиялық көрсеткіштерге
жатады. Өкпенің тіршілік сыйымдылығы, қол басыпың қысу күші функционалды физиометриялық көрсеткіттері. Бұл
көрсеткіштердің барлығы балалар мен жасөспірімдердің дамуын жан-жақты бағалау кезінде ескеріледі. 


Физикалық дамуды антропометриялық көрсеткіштер арқылы анықтау : дене салмағын, бой ұзындығын , кеуде қуысының шеңберін, спирометрия, динамометрия.

Физикалық дамудың индексі – әртүрлі антропометриялық көрсеткіштердің арақатынасын математикалық формула көмегімен көрсету.


Физикалық дамуды индекс әдісімен анықтау : Кетле көрсеткіші, қол басы күшінің көрсеткіші, арқа бұлшық етінің күші, Брок көрсеткіші, Эрисман көрсеткіші, Пинье немесе жалпы физикалық дамудың көрсеткіші.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет