Кляйзен конденсациясы:
қабық альдегиді
бензальацетон
дибензилацетон
бензальацетон
қабық қышқылының этил эфирі
Бензальацетон
Реакцияның ерекшелігі:
Бензальацетонмен жұмыс істегенде өте сақ болу керек, ол теріге тисе
зақымдайды.
Реактивтер:
Бензальдегид (жаңадан айдалған) – 10мл; ацетон – 20мл; натрий гидроксиді
(10%-дық); тұз қышқылы; бензол.
Құрал-жабдықтар:
100 мл стакан; араластырғыш; термометр; бөлгіш воронка; сулы
жылытқыш; лакмус қағазы.
Жұмыс барысы:
Араластырғыш және термометрмен жабдықталған көлемі 100 мл стаканға
20 мл ацетон (ацетонның артық мөлшері дибензальацетон түзілмеу үшін қажет), 10 мл жаңадан
айдалған бензальдегид және 10 мл су құйып араластырады. Реакциялық қоспасы бар стаканды
сулы жылытқышқа қойып температураны 25-30
о
С температураны ұстап араластыра отырып 2,5 мл
10%-дық натрий гидроксиді ерітіндісін біртіндеп қосады. Реакциялық қоспаны бөлме
температурасында 2 сағат араластырады. Конденсация реакциясы аяқталғаннан кейін реакциялық
массаға лакмус бойынша қышқылдық ортаға дейін сұйытылған тұз қышқылын қосып қоспаны
бөлгіш воронкаға ауыстырады. Жоғарғы сары түсті майлы органикалық қабатты су қабатынан
бөліп алады. Сулы қабатты кішірек бөлгіш воронкаға құйып 8 мл бензолмен экстракциялайды.
Бензолды ерітінділерді қоспадан алынған органикалық қабатпен біріктіріп бөлгіш воронкада 5 мл
сумен шайып сулы қабатты бөледі. Алдыменен сулы жылытқышта бензолды, содан кейін
вакуумде бензальацетонды айдайды. Алдыңғы айдалған жасыл түсті дистилляттың аз мөлшерін
айдап бөліп алады. Негізгі қайнау температурасы 148-160
о
С ашық сары түсті фракцияны
жинайды. Бензальацетон біраз тұрса кристалданады.
Шығымы – 10г.
Бензальацетон (метилстиролкетон)–
пластинка түріндегі түссіз кристалды зат, Спиртте,
эфирде, хлороформ, бензолда ериді. Балқу температурасы – 42
о
С.
Достарыңызбен бөлісу: |