4 І – тарау. Қазақстан Республикасындағы діни экстремизмнің әлеуметтік-құқықтық және криминологиялық сипаттамасы



бет5/5
Дата27.12.2016
өлшемі1,11 Mb.
#6083
1   2   3   4   5

Қорытынды

Осы зерттеу жұмысында мақсат етіліп қойылған шешулерді орындалғаны туралы бағалаудың, зерттеудің нәтижелерін қорытындылауды, әрі негізгі теориялар мен практикалық алынған нәтижесін жалпы қорытындылаймын.

Диссертациялық зерттеуден алынған негізгі шешімдер мен ұсыныстар мына мазмұнда қамтиды:

1. Діи экстремизммен күресу мәселелерін зерттеу кешенді әлеуметтік-құқықтық сипаттаманы қамтиды және де пәнаралық жолдармен, діни-саяси мәселелер компоненттерімен негізделеді, сонымен қатар мемлекеттік дамудың жағдайларына байланысты болып табылады.

- « Діни экстремизм » терминологиясын унификациялау мақсатында былайша түсінуге ұсынылады: « Діни экстремизм » арнайы әр түрлі мақсатты қисынсыз діни идеологиясы бар, діни экстремистік мақсаттарына жетуге, оны заңсыз тәсілдер мен құралдармен шешуге бағытталған, қоғамға мен мемлекетке қоғамдық қауіптілігі жоғары және масштабты зардапты салдарымен көрінетін әлеуметтік-құқықтық, саяси және этно-психологиялық құбылыс болып табылады.

« Діни экстремизмнің құқықтық табиғаты дегеніміз, шынайы діннің өзіндік негізінен экстремизм шықпайды, тек өзінің діни сенімі және әрекетін дұрыс дейтін, дінге тән қағидаларды ұстанбайтын, көрсоқыр сенімнің жетегінен шыға алмайтын, әсірешіл, өз эмоциясын ұстай алмайтын, бір діни ұйым ( секта ) мүшелерінің немесе жеке сенуші тұлғалардың, басқа дүниетаным мен діни сенімдеріне қарсы мақсаты мен күштеуін қолданатын әрекетінен туындайтын қоғамға қауіпті құбылыс ». Діни экстремизмнің құқықтық табиғаты делінген ұғым, осы құбылыстың шынайы болмысы, тегі деген ұғымды білдіреді.

« Діни экстремизм – қоғам өмірінде құқықтық категориялық құбылыс ретінде, бір діни ұйымның, сектаның немесе басқа бір қылмыстық субьектілердің базасында құрылған, ең шеткі қисынсыз көзқарастардың жақтаушылары болып табылатын, басқа дүниетанымдар мен діни сенімдерге шыдамсыздықпен қарайтын, бір немесе бірнеше конфессия, секта және басқа қылмыстық субьектілердің шеңберінде заңға қайшы тікелей қасақана мақсат ұстанатын, азаматтардың, тарихи қалыптасқан қоғамның, ұлттық мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделерін бұзуға бағытталған, діни ұйым, секта және қылмыстық субьектілер мүшелерінің немесе жеке сенуші тұлғалардың қоғамға қауіпті іс-әрекеттері ». Діни экстремизм делінген ұғымның анықтамасы мына белгілермен дәлелденеді: 1) Құқықтық категориялық құбылыс; 2) бір діни ұйымның, сектаның немесе басқа бір қылмыс субьектілердің базасында құрылуы; 3) Ең шеткі қисынсыз көзқарастың болуы; 4) конфессия, секта және қылмыстық субьектілер шеңберінде заңға қайшы қасақана мақсаттың болуы; 5) азаматтардың, тарихи қалыптасқан қоғамның және ұлттық мемлекеттің құқытары мен заңды мүдделерін бұзуға бағытталуы; 6) қылмыстың субьектілері діни ұйым, секта және қылмыстық субьектілер мүшелері немесе жеке сенуші тұлғалар болып табылуы; 7) Олардың қоғамға қауіпті іс-әрекеттерінің нақты болуы.

« Діни экстремистік әрекет – арнайы ұйымдасқан адамдардың немесе жеке тұлғаның діни идеологиялық міндеттері арқылы діни экстремистік мақсатқа қол жеткізуге бағытталған іс-әрекеттерінің жүйесі немесе жүйелігі ». Діни экстремистік әрекеттің пайда болуына әкелетін элементтер мыналар болып табылады: 1) арнайы ұйымдасқан адамдардың немесе жеке тұлғаның іс-әрекет жасаушы болып табылуы; 2) іс-әрекеттің туындауына діни идеологиялық міндеттерінің түрткі болуы; 3) іс-әрекеттің діни экстремистік мақсатқа қол жеткізуге бағытталуы; 4) іс-әрекеттер жүйесі немесе жүйелігі.

« Діни экстремистік ұйым – діни харизматикалық жеке тұлғаның немесе діни көзқарастары ортақ адамдардың ұйымдастыруымен, діни экстремистік мақсаттарына байланысты құрылған ұйым ». Діни экстремистік ұйымның ұйымдастрылып құрылуы мына негізгі элементтерді қамтиды: 1) діни харизаматикалық жеке тұлғаның немесе діни қөзқарастары ортақ адамдардың ұйымдастырып құруы; 2) діни экстремистік ұйымның құрылуына діни экстремистік мақсаттың негіз болып табылуы. Діни экстремистік ұйымдарға тән белгілер аталып көрсетілді.

« Діни экстремистік бағыттағы қылмыстар – конституциялық құрылымға, қоғамдық және ұлттық қауіпсіздігіне, мемлекеттің тұтастығы мен аумақтық мызғымастығына, конституция кепілдік беретін азаматтардың және басқа да субьектілерінің құқықтары мен заңды мүдделеріне, діни сенім бостандығы немесе ар-ождан бостандығын бұзуға бағытталған қоғамға-қауіпті, қылмыстық-жазаланатын, тікелей қасақана ниетпен жасалынатын іс-әрекеттер жиынтығы ». Діни экстремистік бағыттағы қылмыстардың элементтері болып мыналар табылады: 1) қылмыстық іс-әрекеттердің конституциялық құрылымға, қоғамдық және ұлттық қауіпсіздігіне, мемлекеттік тұтастығы мен аумақтық мызғымастығына, азаматтардың және басқа да субьектілердің құқықтары мен заңды мүдделеріне, діни сенім бостандығы немесе ар-ождан бостандығын бұзуға бағытталуы; 2) қоғамға қауіпті, қылмыстық заңмен жазаланатын, тікелей қасақана ниетпен жасалынатын іс-әрекеттер жиынтығы болуы. Қылмыстық кодекстегі баптардағы діни экстремистік бағыттағы қылмыстар туралы айтылды.

« Дін дегеніміз – Жаратушы тарапынан Пайғамбарлары арқылы жеткізілген, өзіндік тарихи жолдарымен қалыптасқан, өзіндік жүйесімен әлемдік ортаға, қоғамға, мемлекетке қауіпті салдары болмайтын негіздер жиынтығы ». Дін делінген ұғымның құқықтық анықтамасы теология ғылымы мен криминология ғылымының аспектілері бойынша синтез етіліп тұжырымдалды. Дін деген ұғымға анықтама берушілерді мына 4 жіктеу бойынша топтастырылып көрсетілді: 1) « Ішкі » жағынан дінге анықтама берушілерге кейбір діндердің, діни ұйымдардың, конфессиялардың өкілдері және жекелеген дінтанушылар жатады. 2) « Сыртқы » жағынан дінге анықтама берушілерге материалистік философия, әлеуметтік, психология ғылымдарының өкілдері жатады. Бұлар діннің тура анықтамасын бере алмайды, тек салдары тұрғысынан анықтайды деп айтады. 3) « Ортақ » жағынан дінге анықтама берушілерге дәстүрлі діндер ғалымдары жатады. Олар дінге таза қисынды тұрғыдан дінге анықтама беріледі. Асылында Құдай біреу, дін біреу, тек заманында Пайғамбарлар өз міндеттерін атқарған деген түсінікті ұғыммен түсіндіріледі. 4) « Жалпы » жағынан бәріне бірдей етіп дін аспектісі және криминология аспектісі бойынша дін деген ұғымға құқықтық анықтама беріледі. Бұлай болмаса жоғарыда аталған анықтама берушілердің бәріне бірдей келісе алмайды. Сондықтан осындай шынайы тұжырым жасалынды.

« Қазақстан Республикасында діни экстремизмнің таралуы мен дамуының себеп-факторлық кешені тек дәстүрлі « сыртқы » мен « ішкі » детерминаттарынан ғана емес, ең негізгі ықпал ететін діни экстремистік идеологияның « ашық » және « жасырын » детерминаттары болып табылады ». Яғни тек дәстүрлі « ішкі », « сыртқы » детерминаттары ғана емес, сонымен қатар діни экстремистік идеологиялық негізі бойынша « ашық » және « жасырын » детерминаттар бар екендігі түсіндірілді. Діни экстремизмнің таралуы мен дамуына тікелей себеп болмаса да, мүмкіншілік берген мән-жайлар айтылып өтілді.

« Діни экстермизм құбылыстарына жалпы қарсы күрес – мемлекеттің діни экстремизмге қарсы стратегиялық бағдарламасы негізінде, барлық құқық қорғау органдарының және қоғам болып жұмылған заңды іс-шаралар кешені арқылы діни экстремизмнің туындауының себептік жағдайын табу, анықтау және себептерін жою; діни экстремистік сипаттағы қылмыстарды жасауы мүмкін адамдарды анықтау, әрі оларға осындай әрекеттерді жібермеу мақсатында заңды іс-әрекеттермен әсер етуге, өз еркімен бұндай іс-әрекеттерден бас тартыруға ықпал ету ». Діни экстремизм құбылыстарына жалпы күрес - мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың бірлесіп күресуі дегенді білдіретіндігін түсіндіріледі. Мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдарға діни экстремизмді алдын алуға және басқа да шаралар жасауға бірнеше тиімді ұсыныстар етілді.

« Діни экстремизм құбылыстарына қарсы ішкі істер органдарының күресі – діни экстремизм құбылыстарын алдын-алу, ескерту, болдырмау, жолын кесу, осы бағыттағы қылмыстарды ашу мен тергеу және профилактикалық шараларды жүргізуге мақсатты бағытталған, ішкі істер органдарының арнаулы қызмет пен барлық бөлімшелерінің заңды іс-әрекеттері ». Діни экстремизм құбылыстарына қарсы күрес – ішкі істер органдарының тікелей құзыретіне жатады. Негізгі заңға сәйкес күресті олар жүргізеді. Ішкі істер органдарына да тұжырымды ұсыныстар етілді.

« Хизбут-тахрир » діни экстремистік ұйымының қазіргі қолданыстағы заңсыз әрекеттері мен шариғат заңдарына қайшы негізсіз сенім қағидалары дәлелденіп көрсетілді. Осындай ұйымдардың немесе басқа да қылмыстық субьектілер мүшелерінің, яғни діни экстремистік бағыттағы қылмыстарды жасаушы тұлғалардың діни экстремистік санасындағы негізсіз кейбір түсініктері айтылып көрсетілді. Діни экстремистердің 5 түрін көрсетіліп сараланды. Бұл тек әзірше мемлекетімізде қылмыс жасаушы тұлғалар туралы ғана зерттеліп отыр.

Діни экстремистік бағыттағы қылмыстардың көптеу жасалып жүргені қылмыстық кодекстегі 164 баппен қарастырылатын қылмыстардың жүйесі, құрылымы және динамикасы көрсетілді.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 22 бабына, Қылмыстық кодекстің баптарына, « Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер » туралы заңның баптарына, « Экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы » заңның баптарына және де басқа нормативтік құқықтық актілерге ұсыныс етілді.

Диссертация жұмысының ең маңыздысы жоғарыда тұжырымдалған анықтамалар мен ережелердің жалпы ғылыми тұрғыда, әрі теология ғылымы тұрғысынан талданып, сараланып түсіндірілуі. Яғни бұған еш мәміле келе алмай жүрген ғылымдарды жеке әдістермен жақындастырып түсіндірілуі.

Қылмыстық құқықтағы « кінә » ұғымы мен діни ұғымдағы « күнә » сөзінің түсінігінің айырмасын және « дін » мен « діни » сөздердің ұғымдық қарым қатынасын, мағынасын түсінуге әрекет жасалынды.

Осы қазіргі уақыттағы ең көкейкесті тақырыпта зерделеніп, зерттелген диссертациялық жұмыс алдағы кезеңде әлі жетілдіре түсеміз.



Пайдаланған әдебиеттер

1.Қазақстан Республикасының Конституциясы. 1995ж.

2.Қазақстан Республикасы Конституциясының түсіндірме сөздігі. Алматы қ., « Жеті жарғы » баспасы, 1996ж.

3. Гомьен Д., Харрис Д., Звеак Л. Европейская конвенция о правах человека и Европейская социальная хартия: Право и практика. Москва, изд. МНИМП, 1998г.

4. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі. Алматы, « Жеті жарғы ». 1997ж.

5. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне түсінік. Авторлар тобы, ЖШС « Издательство « Норма-к », 2004ж.

6. Криминология. Авторлар ұжымы. Қазақстанның криминологиялық ассосация, ЖШС « Издательство « Норма-к », 2004ж.

7. Криминология. Алауханов Е.О. « Жеті жарғы » ЖШС 2005ж.

8. Криминологические аспекты борбы с экстремизмом в Республике Казақстан. Автореферат. Дарменов А.Д. Астана, 2006г.

9. Религиоведение. О.Ф. Лобазова. Издательство-торговая корпорация « Дашков и К ». Москва, 2007г.

10. Ислам о терроре. Коллектив авторов. ТОО « Издательство Кокжиек » Алматы, 2006г.

11. Осторожно, экстремизм! Л.Б. Маевская. г. Киев, 2002г.

12. Организация деятельности органов внутренних дел в сфере противодействие проявлениям религиозного экстремизма. Автореферат. Поминов С.Н. Москва, 2007г.

13. « Сындарлы он жыл ». Н.Ә. Назарбаев. Алматы, 2005ж.

14. Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына « Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты » атты жолдауы. Астана. « Елорда », 2008ж.

15. Қазақстан Республикасының « Экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы » заңы ( 2005.08.07. № 67-ІІІ ҚР заңымен енгізілген өзгерістерімен ).

16. Структурные и динамические характеристики современного религиозного экстремизма. Автореферат. Добаев.И.И. сайт www.vipdisser. com г. Ростов, 2006г.

17. Юридическая психология. Васильев В.Л. ЗАО изд. дом « Питер », 2005г.

18. Криминология. С. Жадбаев. ЗАО « Жеті жарғы ». Алматы, 2002ж.

19. Криминология. Коллектив авторов. Издательства « Юристь ». Москва, 1997г.

20. Криминология. Е. Қайыржанов. « Өркениет » Алматы, 2000ж.

21. Криминология. С.М. Иншаков. « Юриспруденция ». Москва, 2000г.

22. Религиозный экстремизм в конфликте интерпретаций. А.А. Нуруллаев, Ал.А. Нуруллаев. http://www.rusk.ru. Москва, 2007г.

23. Кудряшова И.В. Фундаментализм в пространстве современного мира// Полис. -2002. -№1.

24. Саватеев А. « Ваххабит » ваххабиту рознь // Азия и Африка сегодня. -2002.-№2.

25. Закон Республики Казахстан от 13 июля 1999 года № 416-І О борьбе с терроризмом ( с изменениями и дополнениями по состоянию на 20.12.04 ).

26. Круглый стол « Религиозный фундаментализм и экстремизм: политическое измерение ». http: // www.religare.ru. Москва, 13 мая 2003г.

27. Дінбасы. М. Естеміров. « Білім » баспасы. Алматы, 2006 ж.

28. Философия әлемінде: болмысы және тарихы. Н. Иманқұл. « ПолиграфИздат » ЖШС компания. Алматы, 2006 ж.

29. Роль конфессионального фактора в политической жизни Республики Казахстан. Макашев Е.С.

30. Поликонфессиональность казахстанского общества как фактор межэтнический стабильности / напряженности в Казахстане: социологический аспект. Исмуханова Г.Г.

31. Проблемы релиогозного экстремизма и терроризма в Центральной Азии. Ашимбаев М.С.

32. Ислам ғылымхалы. М. Исаұлы. Қ. Жолдыбайұлы. ЖШС РПБК « Дәуір ». Алматы, 2003 ж.

33. Muhtasar ilmihal. H. Arikan. Fazilet nesriyat ve ticaret A. S. Istanbul, 1993 s.

34. О проблемах релиогозного экстремизма в Кыргызской части Ферганской долины. Хамисов В.М.

35. Криминологическое проблемы противодействия преступлениям, связанным с политическим и религиозным экстремизмом. Автореферат.

36. Дін-религия. Анықтамалық-ақпараттық бюллетень. ОҚОӘ ОҚІСД. « Асқаралы » ЖШС. Шымкент, 2006 ж.

37. Қазақстан Республикасындағы діни экстремизмнің құқықтық ерекшеліктері. А.Е. Есеналиев, Бекбосынов Е.Т. Қ.А. Ясауи ХҚТУ ШИ. Шымкент, 2008 ж.

38. Діни экстремизм – қоғамға қауіпті құбылыс. Бекбосынов Е.Т. Қ.А. Ясауи ХҚТУ ШИ. « Жебе Баспа Үйі » баспаханасы. Шымкент, 2008 ж.

39. Қазақстан Республикасындағы 2000 – 2002 жылға арналған қылмыскерлікпен күрес бағдарламасы. ҚР Үкіметінің қаулысымен бекітілген. 31.10.2000 ж. № 1641.

40. Ислам және Заман. Әбсаттар қажы Дербісәлі. ЖШС РПБК « Дәуір ». Алматы, 2003 ж.

41. Религиозный-политический экстремизм. А.А. Нуруллаев, Ал.А. Нуруллаев. http. // www. humanities. edu. ru.

42. « Діни фундаментализм және экстремизм: саяси өлшем ». Медведко С.В. Москва, 12.04.2003 ж.

43. Журавский А.В. «Діни фундаментализм және экстремизм: саяси өлшем » дөңгелек үстел материалы. Москва, 12.04.2003 ж.

44. «Діни фундаментализм және экстремизм: саяси өлшем » дөңгелек үстелдегі мақаласы. Игнатенко А.А. Москва, 12.04.2003 ж.

45. «Діни фундаментализм және экстремизм: саяси өлшем » дөңгелек үстелдегі статьясы. Баширов Л.А. Москва, 12.04.2003 ж.

46. Васильева О.Ю. «Діни фундаментализм және экстремизм: саяси өлшем » дөңгелек үстел материалынан. Москва, 12.04.2003 ж.

47. Терроризмге, сепаратизмге және экстремизмге қарсы күрес туралы Шанхай конвенциясы ( Шанхай, 2001 ж. 15 маусым ).

48. Терроризмге, сепаратизмге, діни экстремизмге және басқа да қылмыстарға қарсы күрес жөніндегі бірлескен іс-қимыл туралы Шарт ( Ташкент қ., 2000 ж. 21 сәуір ).

49. Бекбосынов Е.Т. « Отбасыдағы діни сенімге байланысты келеңсіздіктерді кімдер реттейді ? ». « Ислам және өркениет ». № 2. 2008 ж.

50. « Секталардан сақтанбасақ, сансырататын сыңайлы ». О. Өмірбек. « ислам және өркениет ». № 13 2008 ж.

51. Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңы.

52. Діни экстремизмнің алдын алу. Д. Салқынбек. « Ислам және өркениет ». №23 2007 ж.

53. « Заңсыз секталарға тосқауыл қойылды ». Д. Сейсенұлы. « Егемен Қазақстан » 2007 ж.

54. « Діни диверсияға құқықтық тосқауыл керек ». М. Исахан. « Қазақстан-Zaman ». 2007 ж.

55. Шымкенттегі секталар шектен шығып барады. «Дөңгеленген дүние ».№13-14.25.04.2007 ж.

56. Мұртаза Бұлутай. « Дін және Ұлт » Алматы, 2005 ж.

57. « Айболатқа араша түсер кім бар ? ». « Оңтүстік Қазақстан ». №68-69. 2007 ж.

58. Сахих Бұхари, Термизи, Ахмади, Табарани хадистер жинағы.

59. Мировые религий и религиозные течения. http: // www. calc. ru.

60. Мировые религий. http: // www. religion. ru.

61. Пространство встречи принципов и мыслей. Казахстанская правда. http: // www. kazembassy. ru.

62. Құран кәрім мағынасы. Халифа Алтай Сауд Арабия королінің баспасы.

63. Бейсебаева С. Мемлекет пен құқықтың теориясы. Шымкент 2003 ж.



64.«Алдағы ғасырға рухы күшті халық қана жетеді» Егемен Қазақстан. Назрахмет Қали №154,157 28.05.2008 ж.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет