5В010200 – «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша оқу бағдарламасының



бет28/41
Дата05.11.2016
өлшемі7,12 Mb.
#782
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   41


Курстың/пәннің/юниттің атауы: Экономикалық теория негіздері

Пәннің коды: ETN2109

Пәннің типі – Жалпы білім беретін пән, міндетті компонент.

Курс/пән деңгейі - 2 курс

Оқу жылы – 1-оқу жылы

Оқу семестрі - 3 семестр

Кредиттер саны – 2 кредит

Дәріс беруші: Шайхисламова Г.

Курстың мақсаты: Студенттердің заман талабына сай экономикалық ой-өрісін кеңейту болып табылады. Ол қазіргі демократиялық қоғам идеясымен жаңа қағидаларға сүйеніп, ұлттық және әлемдік экономикалық ойларға бағытталуы қажет.

Постреквизиттер: Қазақстан Республикасындағы экономика жаңа қатынастардың сапалы экономикалық, рыноктік ой қорларының мол болуын қамтиды.

Бағдарламаның қысқаша курсы: Экономикалық ілімнің пайда болуы мен дамуы туралы мәселелерді;Студенттерге адамзат қоғамының даму сатыларындағы материалдық, рухани игіліктерді өндіру жолдарын айқындауды;өндірістің негізгі факторларын;рынок қызметтерімен инфрақұрылымын;әлеуметтік экономикалық жағдайларды талдау;қазірігі қоғамды дамыту мүмкіндіктерін түсіндіру және оқып үйрету.

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Экономикалық теория негіздері. Оқулық- Алматы, Санат 1998,

  2. Экономикалық теория. Оқу құралы- Алматы, 1999,

  3. Жалпы экономикалық теория. Оқулық. Редактор жетекшісі Шеденов Ө.Қ. Алматы-Ақтөбе 2002,

  4. Экономикалық теория негіздері. Оқу- көрнекілік құрал. Л.М. Куликов- М, 1993,

  5. Осипова Г.М. Экономикалық теория негіздері,- Алматы 2002

Сабақ беру әдістері: Проблемалық оқыту әдісі, топтық жарыс, миға шабуыл, интерактивті кешендер, деңгейлеп-саралап оқыту, дамыта оқыту.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақ

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: материалдық база, кітапхана қоры, зертханалар, оқу әдістемелік кешендер.

Курстың/пәннің/юниттің атауы: Құқық негіздері

Пәннің коды: KN2110

Пәннің типі: Жалпы білім беретін пән, міндетті компонент.

Кредит саны: 2

Дәріс беруші: Қындыбаева Р

Пререквизиттер: Қазақстан тарихы, Саясаттану, Мемлекет және құқық тарихы, Экономикалық теория, Қоғамтану (мектеп бағдарламасы деңгейінде), Жалпы тарих (мектеп бағдарламасы деңгейінде)

Постреквизиттер: Қоғамдық қатынастарды дамыту және жетілдірудегі мемлекет пен құқықтың рөлін дұрыс ұғыну және түсіндіру үшін, осы пән бойынша білім қажет.

Бағдарламаның қысқаша курсы:. «Құқық негіздері» курсы әлеуметтік-гуманитарлық цикл пәндерінің бірі ретінде жоғары білімді мамандар даярлауда үлкен маңызға ие. Қазіргі уақытты алғышарттардың бірі болып құқықтық тәрбие, заңдық білімдерді нақтылау сияқты мәселелер қарастырылуда. Осыған байланысты аталмыш курс бағдарламасында демократиялық, құқықтық мемлекет құру, адам мен азаматтың құқығы мен бостандығының негізгі қағидалары, заң және оның түрлері сияқты ұғымдар тереңірек қарастырылады.

Лекциялық курс құқық негіздерінің машықтарын игеру үшін іскерлік ойындар, ситуациялық семинарлар, практикалық тапсырмалар түрінде өтетін семинар сабақтардың негізі болып табылады.

Компьютер арқылы тапсырылатын тестілеу студенттерге өз білімдерін тексеруге мүмкіншілік береді және қосымша тренинг та болады.

Практикалық сабақтарды өткізу әдістемесі және компьютерлік тестілер қазіргі құқықтық білім беру талаптарына сай келеді.



Ұсынылатын әдебиет:

  1. Қазақтың ата заңы 1,2,3,4,5,6,7,8,9,

  2. Сапарғалиев Ғ.С. Мемлекет және құқық негіздері Алматы, 1999ж.

  3. Өзбекұлы С., Қопабаев Ө. «Мемлекет және құқық теориясы». Алматы, Жеті жарғы, 2006ж.

  4. Ағыбаев А.Н. Қылмыстық құқық. Оқулық. Ерекше бөлім, Алматы, 2000 ж.

  5. Байжанов Н. Неке және отбасы. Алматы, 1997ж.

  6. Сапарғалиев Ғ.С. Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы. Оқулық. Алматы, 1997ж,

  7. Төлеуғалиев Г.И. Азаматтық құқық. Жалпы бөлім. А., 2001ж.

  8. Баққұлов Е. Мемлекет және құқық негіздері. Алматы, 2001ж.

  9. Дулатбеков, Амандықова, Турлаев. Қазіргі Қазақстанның мемлекет және құқық негіздері. Алматы, 2004ж.

  10. Ашитов З.О. Мемлекет және құқық негіздері. Алматы, 2004 ж.

  11. Оспанов «Құқық негіздері» Алматы «Жеті жарғы» 2007ж 2 басылымы

  12. Баянов Е. Қазақстан Республикасының мемлекеті мен құқығының негіздері. Алматы, 2003ж.

  13. Стамкулов Ә.С. «Қазақстан Республикасының экология құқығы. Оқу құралы. 1 бөлiм. Тараз, 2003ж.

  14. Оңғарбаев Е.Ә., Смағұлов А.А. «Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығы». Қарағанды, «Болашақ- Баспа», 2005ж.

  15. Төлеубекова Б.Қ. «ҚР-ның қылмыстық іс жүргізу құқығы». Жалпы бөлім. Алматы, Жеті Жарғы, 2000ж.

  16. Алиев М.М «ҚР-ның сот жүйесі және құқық қорғау органдары». Астана, 2004ж.

  17. Айтжан Б.Е,Шіркінбаев Т.Б.Отбасы құқығы (Элементарлы курс). Алматы, Жеті Жарғы, 2006ж.

  18. Ынтымақов С.А., Карпушина Т.Д. Отбасы құқығы. Практикум

  19. Қаржаубаев Е.Қ. Қазақстан Республикасы сот билігінің құқықтық мәртебесі. Оқу құралы. Алматы, 2006ж.

  20. Ахметов А, Ахметова Г. Еңбек құқығы. Оқулық. Алматы, 2006ж.

  21. Жұмағұлов Ғ.Б, Ахметов А,. Ахметов Ғ. «Әлеуметтік қамсыздандыру құқығы». Оқу құралы, Алматы, 2005ж.

  22. Найманбаев С.М. «Банктік құқық». Алматы, Жеті жарғы,2005ж.

  23. Әлібеков С.Т. «ҚР-ның кеден құқығы». Оқулық. Алматы, 2007ж.

  24. Байділдинов Д.Л. «ҚР-ның экологиялық құқығы». Алматы, 2005ж.

  25. Қызылов М.А. Карпекин А.В «ҚР-ң әкімшілік құқығы» (схемалар). Алматы, 2000ж.

  26. Ынтымақов С.А. Азаматтық құқық (Жалпы бөлім). Практикум 1 бөлім. Алматы, 2004ж.

  27. Жайлин Ғ.А. Азаматтық құқық.Ерекше бөлім 1 том. Алматы, 2004ж.

Сабақ беру әдістері: Проблемалық оқыту әдісі, топтық жарыс, миға шабуыл, интерактивті кешендер, деңгейлеп-саралап оқыту, дамыта оқыту.

Бағалау әдісі: кредиттік оқыту технологиясы бойынша

Оқу тілі: қазақ

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: материалдық база, кітапхана қоры, зертханалар, оқу әдістемелік кешендер.

Курстың/пәннің/юниттің атауы: Философия

Пәннің коды: Fil 2102

Пәннің типі – Жалпы білім беретін пән, міндетті компонент.

Курс/пән деңгейі - 2 курс

Оқу жылы – 1-оқу жылы

Оқу семестрі - 3 семестр

Кредиттер саны – 3 кредит

Дәріс беруші: Оспанов Б.

Пәннің мақсаты: Студенттерде философияық білім негіздері, дүние кұрылымы, дүниедегі адамның ролі мен орны туралы түсініктер қалыптастыру. Болмыс, ойлау, таным, адам мен дүниенің мәні мәселерін талдау. Адамның өзін-өзі тануында, ақпараттандыру мен жаћанданумен байланысты әлеуметтік және этикалық мәселелерді талдаудағы философиялық білімнің ролін түсіну. Қазіргі қоғамдағы тұлғаның еркіндігі мен жауапкершілігінің мәнін ашу, тарихи оқиғаларды сыни көзқарас тұрғысынан талдау қабілетін жетілдіру.

Пререквизит: Қазақстан тарихы, Саясаттану, Мәдениеттану, Адам және қоғам.

Курстың мазмұны: Әлемдік және Отандық философия тарихы, әр алуан философиялық ілімдер. Философия мәдениет феномені ретінде, оның мәдени тарихы контексі. Болмыс философиясы, болмыс және бейболмыс мәселесі. Материя өмір сүру тәсілдері мен формалары. Сана және таным философиясы, таным методологиясы. Диалектиканың тарихи типтері және оның категориялары. Ғылым философиясы. Философиялық антропология, адам өмірінің бірегейлігі. Қоғам феномені, оның әлеуметтік құрылымы мен динамикасы. Жаћандық мәселелер философиясы.

Ұсынылатын әдебиет:

1. Кішібеков Д., Сыдықов К. Философия. – А., 2005.

2. Ғабитов Т. Философия. – А., 2005.

3. Алтаев Ж., Ғабитов Т. Философия және мәдениеттану. – А., 1998.

4. Алтаев Ж., Қасабек А., Мұқамбетқалиев Қ. Философия тарихы. – А., 2000.

5. Мәдени-философиялық энциклопедиялық сөздік. – А., 2004.

6. Кішібеков Д. Философия.–А., 2005

7.Шаймухамбетова Г.Б. Арабоязычная философия средневековья и классическая философия. – М., 1979.

8. Әлеуметтік философия. Хрестоматия. Құр. Әбішев Қ. – А.,

Сабақ беру әдістері: Проблемалық оқыту әдісі, топтық жарыс, миға шабуыл, интерактивті кешендер, деңгейлеп-саралап оқыту, дамыта оқыту.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақ тілі.

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: материалдық база, кітапхана қоры, зертханалар, оқу әдістемелік кешендер.
Курстың/пәннің/юниттің атауы: Саясаттану

Пәннің коды: Saya 2108

Пәннің типі: Жалпы білім беретін пән, міндетті компонент.

Курс/пән деңгейі - 2 курс

Оқу жылы – 2-оқу жылы

Оқу семестрі - 4 семестр

Кредиттер саны – 2 кредит

Дәріс беруші: Аяғанова Н.Т аға оқытушы, Нұрымов А.С с.ғ.к,аға оқытушы.

Пререквизиттер: Қазақстан тарихы; Философия; Әлеуметтану

Постреквизиттер: Саясаттану пәні біздің ұстанып отырған оқу бағдарламасына сай студенттерге қоғамның саяси қатынасы, саяси сана, қоғамды біртұтас жүйе ретінде сақтау және т.б. сұрақтарға жауап береді.

Бағдарламаның қысқаша курсы: Саясаттану курсы саяси терминдердің ана тілімізде көрініс табуына және демократиялық саяси білімнің жаңа жүйесін қалыптастыруға ықпал ететіні анық.

Егеменді, демократиялық, құқықтық мемлекет құру жағдайында саяси ғылымдарды оқып үйренудің маңызы зор болып табылады. Қоғамның дамуының теориялық негізін меңгермей, саяси білімсіз, саяси сана мен мәдениетті жетілдірмей ешқандай қоғамдық прогресс болмайды. Сол мақсатта, қазіргі жоғарғы оқу орындарында саясаттану курсын оқыту жүзеге асырылуда. Саясаттану пәні Тәуелсіз Қазақстан Республикасының білім жүйесіне енгізілген жаңа пәндердің бірі болып табылады.



Ұсынылатын әдебиет:

  1. Саясаттану негіздері. Қуандық Е. С. Оқу құралы. - Алматы «Дәуір», 2005.

  2. Саясаттану. Жамбылов Д. 2-басылым. Алматы - Жеті жарғы, 2005.

  3. Саясаттануға кіріспе. Мұстафин Т.Т. – Алматы, 1994.

  4. Политология. Нысанбаев А.Н. – Алматы, 1998.

  5. Политология. Энциклопедический словарь. – Москва, 1993.

  6. Политология в схемах и комментариях: учебное пособие / под ред. А.С.Тургаева, А.Е.Хренова. - СПб: Питер, 2005.

  7. Политология: Курс лекций / М.Н.Марченко, О.Э.Лейст, Е.А.Воротилин и др.; Под ред. М.Н.Марченко. - 3-е изд., перераб. и доп. - М.: ЗЕРЦАЛО, 2000.

  8. Политология: Словарь-справочник / М.А.Василик, М.С.Вершинин и др. - М.: Гардарики, 2000.

Сабақ беру әдістері: Проблемалық оқыту әдісі, топтық жарыс, миға шабуыл, интерактивті кешендер, деңгейлеп-саралап оқыту, дамыта оқыту.

Бағалау әдісі: кредиттік оқыту технологиясы бойынша

Оқу тілі: қазақ

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: материалдық база, кітапхана қоры, зертханалар, оқу әдістемелік кешендер.


Курстың/пәннің/юниттің атауы: Педагогика

Пәннің коды: Ped 2202

Пәннің типі – базалық, міндетті компонент

Курс/пән деңгейі - 2 курс

Оқу жылы – 1-оқу жылы

Оқу семестрі - 3 семестр

Кредиттер саны – 3 кредит

Дәріс беруші: Ыдырысов С.

Курстың мақсаты: Тәрбие теориясы мен технологиясы, дидактика, педагогиканы оқыту әдістемесі, этнопедагогика, педагогика тарихы.

Пререквизиттер: Гуманитарлық, әлеуметтік-эконмикалық пәндер:философия, тарих, әлеуметтану, саясаттану, экономика,мәдениеттану. Фундаменталды педагогикалық пәндер: педагогика мамандығына кіріспе.

Бағдарламаның қысқаша курсы: «Педагогика» оқу пәні болашақ мұғалімдерді кәсіби дайындауда үлкен роль атқарады. Педагогика – адамзаттың тәжірибесін мақсатқа бағытты беру процесі және жас ұрапақты өмір мен іс-әрекетке даярлау жөніндегі ғылым. Студенттерді тәрбие мен оқытудың ғылыми негізде жасалған жүйелерімен таныстыру олардың білім беру процесінің мүмкіндіктері жөнінде ой-өрісін кеңейтеді, оны тұтас процесс ретінде құрудың қажеттігін көре білуді қамтамасыз етеді, тұлғаны тәрбие және оқытудың субьекті ретінде түсінуге көмектеседі.

Ұсынылатын әдебиет:

1.ҚР Конституциясы А. «Қазақстан», 1995ж.

2.ҚР «Білім туралы» Заңы А., «Баспа», 2007.

3.Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан - 2030» Қазақстан халқына жолдауы, 1997ж.

4.Педагогика. Абай атындағы Ұлттық педагогикалық университет. Дәрістер курсы. – Алматы. «Нұрлы

әлем», 2003.

5. Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Г.М. Педагогика. – Алматы, 2000ж.

6. Әбиев Ж., Бабаев С., Құдиярова А. Педагогика. – Алматы, 2004.

7. Әбенбаев С. Тәрбие териясы мен әдістемесі. – Алматы. «Дарын» 2004.

8. Бондаревская Е.В. Воспитания как возраждения гражданина, человека культуры и нравственности. –

Ростов на Дону, 1994.

9. Бодалев А.А. Личность и общения. М., 1983.

10. Бодалев А.А. Восприятие и понимание человека. М., 1988.

11. Гликман И.З. Теория и методика воспитания. – М. «Владос Пресс» 2002.

12. Қалиев С., Майғаранова Ш., т.б. Мектептегі тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі. – Алматы.

«РБК», 1999.

13. Новикова Л.И. Педагогика детского коллектива. – М., 1978.

14. Подласый И.П. Педагогика. – М., 1996ж.

15. Бордовская Н.В., Реан А.А. Педагогика П., 2001г.

Сабақ беру әдістері: Проблемалық оқыту әдісі, топтық жарыс, миға шабуыл, интерактивті кешендер, деңгейлеп-саралап оқыту, дамыта оқыту.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақ тілі.

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: материалдық база, кітапхана қоры, зертханалар, оқу әдістемелік кешендер.
Курстың/пәннің/юниттің атауы: Өзін-өзі тану

Пәннің коды: ООТ 2205

Пәннің типі – базалық, міндетті компонент

Курс/пән деңгейі - 2 курс

Оқу жылы – 2-оқу жылы

Оқу семестрі - 4 семестр

Кредиттер саны – 2 кредит

Дәріс беруші: Успанова З

Курстың пререквизиттері мен постреквизиттері: «Өзін-өзі тану» пәні гуманитарлық пәндермен тығыз байланысты- «Қазақстан тарихы», «Философия», «Мәдениеттану», «Әдеп», «Эстетика», «Дін тану»,

«Экология», « Психология», « Педагогика» т,б.



Курсты оқытудың негізгі мақсаты:. Болашақ мамандардың ізгілікті дүниетанымын дамыту, олардың өзін және қоршаған ортаны бағалай білу қабілетін дамыту.

Өзін-өзі тану пәнінен сабақ беретін оқытушының басты міндеттерінің бірі – оқытудың әдістерін дүрыс таңдай алуы, өйткені курстың нәтижелі жүргізілуі ең алдымен педагог пен студенттің өзара қатынасының қандай жолдар арқылы жүзеге асуына тәуелді болары сөзсіз.



Ұсынылатын әдебиет:

  1. Абай. Дүниеде, сірә, сендей маған жар жоқ: Өлеңдер. – Алматы: Жалын. 1990. – 128бет.

  2. Абай. Қара сөздер. Поэмалар. – Алматы: Ел.1993.

  3. Ақиқатты тани біл... Ғибрат толғамдары/құраст.А.Сейтақов. – Алматы, 2004. – 320бет.

  4. Алтаев Ж.т.б. Философия және мәдениеттану: Оқу құралы. – Алматы: Литера, 2001.272бет.

  5. Асылов Ұ., Нұсқабайұлы Ж.Әдеп: инабаттық дәстүрлері. Оқу құралы. – Алматы: Рауан, 1998 – 272 132-140б.

  6. Ауыл кешені көңілді – Алматы: Қайнар, 1993.

  7. Әлісбаев Ш. Данышпандық субстанциясы. Алматы: Жалын., 19902.

  8. Әуезов М. Абай жолы.

  9. Әрін Ә. Маздақ. Өлеңдер поэмалар. – Алматы: Курсив, 2007 200бет.

  10. Бағаев Е.Ұ. Саумал дала. Жыр кітабы. – Алматы: Жазушы, 2004. – 312бет.

  11. Әдебиет танытқышы. Шығармалары. – Алматы, «Жазушы», 1989, 294бет.

  12. Бақтияр Тайжан/»Егемен Қазақстан» 01.05.07.

  13. Бұлқышев Баубек. Заман біздікі: Проза мен поэзия.-Алматы: Атамұра, 2003.-192бет.

  14. Ғаббасов С. Халық педагогикасының негіздері (монография). Алматы: Әл-Фараби баспасы, 1995-461бет.

  15. Даналардан шыққан сөз: нақыл жинағы. /Жинап, құраст.,ауд.Ұ.Асылов.-Алматы: Мектеп, 1987. – 383бет.

Сабақ беру әдістері: Проблемалық оқыту әдісі, топтық жарыс, миға шабуыл, интерактивті кешендер, деңгейлеп-саралап оқыту, дамыта оқыту.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақ тілі.

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: материалдық база, кітапхана қоры, зертханалар, оқу әдістемелік кешендер.
Курстың/пәннің/юниттің атауы: Кәсіби қазақ (орыс) тілі

  • Пәннің коды - КК(О)t3207

  • Пәннің типі – базалық, міндетті компонент

  • Курс/пән деңгейі - 3 курс

  • Оқу жылы – 3-оқу жылы

  • Оқу семестрі - 5 семестр

  • Кредиттер саны – 2 кредит

  • Дәріс беруші:

Курстың мақсаты : Халықаралық стандарттарға негізделген, қазақ тілін (мемлекеттік тілді) меңгерудің В1 – В2 кәсіби бағдарлы деңгейіне; С1 – С2 мамандық тілі деңгейіне жету; Кәсіби қазақ тілі аясында қалыптасқан математикалық терминдер мен сөз тіркестерін бірыңғай қалыпта қолдана алу, орыс-ағылшын және басқа тілдерден аудару барысында математикалық мәтіннің ғылыми-әдістемелік мазмұнын, оның құндылығын сақтау.

Курстың пререквизиттері: Пән бойынша берілетін практикалық материалды толық және кәсіби деңгейде меңгеру үшін студент мектептің қазақ тілі курсын жеткілікті жоғары деңгейде меңгерген болуы тиіс. Сол сияқты студенттің сөздіктермен жұмыс істеу дағдысы және орыс, ағылшын тәлдерінен сауатты болуы да қажет.

Курстың/пәннің мазмұны:

а) «Математика» мамандығы бойынша студенттерге лексикалық және терминологиялық минимумдарды меңгерту;

б) Қазақ тілінің жалпы қолданыстағы сөздері мен сөз тіркестерінің лексикалық минимумын кеңейту, оны қолданыс деңгейінде меңгерту;

в) Кәсіби саладағы материалдарды, жазбаша баяндама мен ғылыми-әдістемелік есептерді өңдеу, ғылыми-оқу әдебетінен конспект даярлай білу;

г) оқулықтар мен лекциялар материалы бойынша қажетті кәсіби-оқу тақырыптарынан әртүрлі деңгейдегі ғылыми және оқу мәтіндерін даярлау.

д) мамандық бойынша оқу және сөйлесу, тыңдау дағдыларын қалыптастыру, оқу тақырыптары бойынша әртүрлі ғылыми-оқу мәтіндерін құру.



  • Ұсынылатын әдебиет:

1. Орысша-қазақша сөздік. Қазақ ССР ғылым академиясының тіл білімі институты/Жалпы редакциясын

басқарған Қазақ ССР ҒА корреспендент мүшесі, профессор Ғ.Ғ. Мұсабаев. – Том 1. – Алматы: Қазақ

совет энциклопедиясының бас редакциясы, 1978. – 576 б.

3. Орысша-қазақша сөздік. Қазақ ССР ғылым академиясының тіл білімі институты/Жалпы редакциясын

басқарған Қазақ ССР ҒА корреспендент мүшесі, профессор Ғ.Ғ. Мұсабаев; академикН.Т. Сауранбаев.

Том 2. – Алматы: Қазақ совет энциклопедиясының бас редакциясы, 1981. – 590 б.

4. Бектаев Қ.Б. Большой казахско-русский, русско-казахский словарь.– Алматы: Алтын Казына, 2001.

704 с.


5. Орфографиялық сөздік / Құраст.: Уәлиұлы Н., Фазылжанова А., Күдеринова Қ., Әнес Ғ.. – Алматы: Тіл

білімі институты, 2007. – 480 б.

6. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі: 50 мыңға жуық сөз бен сөз тіркесі / Жалпы редакциясын басқарған

Жанұзақов Т. – Алматы: Дайк-Пресс, 2008. – 968 б.

7. Микишина А.М., Орлов В.Б. Толковый математический словарь. Основные термины: около 2500

терминов / Под ред. к.ф.-м.н. А.П. Савина. – 2-е изд., стереотип. – М.: Рус. яз., 1989. – 244 с.

8. Казахско-русский словарь: около 50 000 слов /Под ред.чл.-коор. НАН РК Р.Г.Сыздыковой,проф. К.Ш.

Хусаина. – Алматы: Дайк-Пресс, 2008. – 962 с.

9.Ожегов С.И. Словарь русского языка: Около 53 0000 слов / Под общ. ред. проф. Л.И. Скворцова.

изд., испр. – М.: ООО «Издательство «Мир и Образование», 2005. – 1200 с.

10.Франк В.Ю. Орысша-қазақша-ағылшынша пәндік-тақырыптық сөздік / Русско-казахско-английский

предметно-тематический словарь / Russia-kazakh-english subject thematic dictionary: Справочное пособие. – Алматы: Болашақ балапандары, 2000. –288 с.

11. Русско-казахский словарь: около 70 000 слов /Под ред. Н.Т. Сауранбаева, Г.Г. Мусабаева, Ш.Ш.

Сарыбаева. – Алматы: Дайк-Пресс, 2005100. – 1152 с.



Сабақ беру әдістері – дәстүрлі дәрістік, эвристикалық, тренинг және ақпараттық-инновациялық оқу әдістері мен технологиялар.

Бағалау әдісі/нысаны - әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі – қазақ тілі.

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай (талап) - кітапханадағы кітаптар қоры,

терминологиялық сөздіктер, электрондық оқу залы, интернет.


Курстың/пәннің/юниттің атауы: Кәсіби бағытталған шетел тілі

  • Пәннің коды - К-bsht 3208

  • Пәннің типі – базалық, міндетті компонент

  • Курс/пән деңгейі -3 курс

  • Оқу жылы – 3-оқу жылы

  • Оқу семестрі - 6 семестр

  • Кредиттер саны – 2 кредит

  • Дәріс беруші:

Курстың мақсаты: шетел тілін практикалық тұрғыда меңгеру үшін жеткілікті білім деңгейлерін қалыптастыру; коммуникативтік іс-әрекеттің ауызша және жазбаша түрлеріне машықтандыру; меңгерген білім дағдыларын өз бетінше дамытып жетілдіруге және тереңдетуге үйрету.

Кәсіби шетел тілі аясында қалыптасқан математикалық терминдер мен сөз тіркестерін бірыңғай қалыпта қолдана алу, қазақша-орысша тілдерден аудару барысында математикалық мәтіннің ғылыми-әдістемелік мазмұнын, оның құндылығын сақтау.



Курстың пререквизиттері: Пән бойынша берілетін практикалық материалды толық және кәсіби деңгейде меңгеру үшін студент мектептің шетел тілі курсын жеткілікті жоғары деңгейде меңгерген болуы тиіс. Сол сияқты студенттің сөздіктермен жұмыс істеу дағдысы және орыс, қазақ тілдерінен сауатты болуы да қажет.

Курстың/пәннің мазмұны - Ғылыми стильдің грамматикалық категорияларын ауызша және жазбаша формада меңгеру. Ақпараттық және кәсіби мазмұндағы мәліметтерді тыңдап қабылдау. Студенттердің ғылыми жұмысымен байланысты жазбаша мәлімдеме (ғылыми мақала, тезистер, баяндама, аударма, рефераттау және аннотациялау т.б.) дайындау. Түсіндірме және екі тілдік терминологиялық сөздіктермен, сонымен қатар мамандық бойынша анықтағыш әдебиеттермен жұмыс істей алу. Екі жақты жазбаша және ауызша аударма дағдысын дамыту.

Каталог: docs -> wepsait
docs -> Анықтама басылымдар 070(574) Қ 17 Қазақ телевизиясы
docs -> Мадиева жансая қойшыбайқызы абай Құнанбаев, Мұхтар Әуезовтің шығармаларындағы педагогикалық идеяларының сабақтастығы
docs -> Сабақ Мұхтар Әуезов «Біржан сал Абай ауылында»
docs -> Мұражай-қорық коллекцияларына жаңадан алынған бұйымдар (ақын Төлеу Көбдіковтің 140 жылдығына орай) «Әдебиетті дарынды тұлғалар жасайды. Ал тұлғаны жарататын халық»
wepsait -> Не экономика институты
wepsait -> Жаратылыстану және аграрлық технологиялар институты 5В011200-«Химия» Оқу бағдарламасының жалпы сипаттамасы Берілетін дәреже
wepsait -> 5В070800 – «Мұнай газ ісі» мамандығы бойынша оқу бағдарламасының
wepsait -> 5В010200- «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша
wepsait -> «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет