9 тақырып. «Этнос және ұлт әлеуметтануы. Халық, урбанизация және қоғамдық қозғалыстар» Этноәлеуметтану және оның басты ұғымдары. «Этнос» «халық», «ұлт», «этникалық қауымдастық»


Урбанизацияның негізгі екі түрі бар



бет11/14
Дата07.02.2022
өлшемі45,51 Kb.
#91908
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
9 дәріс контенты

Урбанизацияның негізгі екі түрі бар. Бірі – индустриялық не табиғи. Елдің бір аймағында ірі құрылыс, өндіріс басталғанда, жұрт сол жақ­қа қоныс аударады. Екіншісі – амалсыз немесе тұрмыстық. Өкінішке қарай, Қазақстанда екінші түрі жүріп жатыр. Жоғарыда айтылған ауыл-аймақтағы жұмыссыздық. Соның салдары. Неге? Өңірлер әлі экономиканың локомотиві деуден аулақпыз, тіпті қолдаушы компонентіне айналмады. Республикалық бюджеттің көмегімен өмір сүреді. Әсіресе оңтүстік өңір. Мысалы, сол облыстың қазіргі өндіріс өнімі 1991 жылғы көрсеткіштен 22 есе кем екен, Ақмола облысы 15 есе, Жамбыл облысы 10 есе аз. Ал 2017 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының атауы әлі өзгермей тұрғанда бюджеттің 80%-ы республиканың берген дотация­сы еді. Басқаша айтсақ, өндіріс орындарымен «екі қолға бір күрек» болатын жұмыс аз. Соның нәтижесін­де өзін-өзі жұмыспен қамтушылар деп аталатын үлкен тап шықты (саудагер, құрылысшы, шаштараз). Бүгінде Қазақстандағы барлық 2 млн 700 мыңдай өзін-өзі жұмыспен қамтушының 45-50%-ы Түркістан, Жамбыл, Алматы облысына тиесілі. Яғни, бұл санаттағы азаматтарда тұ­рақ­­ты жұмыс болмағандықтан, оларды ішкі миграцияға дайын ең мобильді топ деп атасақ, қателеспейміз. Олардың бүгін Шымкентте болып, ертең Таразда істеп, 2 айдан соң Алматыда жұмыс табуы әбден мүмкін. 
Қазақстанда өңірлерді дамытудың түрлі амал-әдістері қарастырылды. Оны жоққа шығаруға болмайды. Ғұмыры қысқа болған Өңірлерді дамыту ми­нистр­­лігі де құрылды. Моноқалалар, «Дипломмен – ауылға!» бағдарлама­лары қабылданды. Ауыл жылы жария­ланды. Олардың тиім­ділігін, нәтиже­сін оқырман өзі баға­лар. Алайда, облыстарда жаңа өн­діріс орындарын ашып, ауыл шаруа­­шы­лығына жаңа технология­лар енгіз­бейінше, Үкімет ретсіз урба­низа­цияның салдарымен күресе беретін секілді. Себебі жыл сайын 100 мыңнан аса азамат Астанаға, Алм­атыға ағылып жатқанын естен шы­ғар­маған жөн. Аймақ пен қала қаты­насын тиімді қолданған елдің бірі – Нидерланд. Халқының 90%-ы қала тұрғындары, 10%-ы ауылда. Алайда, Нидерланд әлемдік нарыққа ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттау бойынша АҚШ-тан кейін 2 орында, Еуропада көшбасшы, ал территориясы – 41 мың шаршы шақырым. Еліміздегі жер көлемі ең аз Солтүстік Қазақстан об­лы­сына екі Нидерланд сыйып кетеді. 
Бұл сөздің барлығы урбанизация зиян деген сөз емес. Қайта әдетте қала халқы өскен сайын көптеген елдің ІЖӨ-сі де артады, экономикасы түрленеді. Себебі қалада білімді мамандар, технология, қаражат, коммуникация, жұмыс орны мол. Олар табысты арттырады. Тіпті, қала халқы 1,5-2 млн-ға жетсе, ол өзін-өзі асырай алатын деңгейге шығады деген ұғым бар. Алайда, тек Үкімет урбанизация­ны басқара алса, қалаға көшіп келіп жатқан азаматтарға жағдай жасай алатын мүмкіндікке ие болса. Ал біздің миллионер қалалар ше? Былтыр рес­публика бойынша 473 мың азамат бас­пана алуға кезекке тұрған. Оның 47 мыңы Астанада, 21 мыңы Алматыда. Ал қала әкімдіктері жақын 5 жылда осынша тұрғынды үймен қамтамасыз етуге қауқары жете ме? 
Урбанизация – тоқтамайтын процесс. Мамандар 2025-2030 жылдарға қарай Қазақстан халқының 63 пайызы қалада тұрады дейді. Бірақ қазіргі ішкі миграцияны ескерсек, бұл сан 10-11 жылда тағы өсуі әбден мүмкін. Қолында Қазақстанның төлқұжаты бар азамат елдің қай жерінде тұрамын десе де құқылы. Дегенмен, Үкімет бұл процесті бақыламаса, қала­дағы әлеуметтік жарылыс не қақтығыс­тың болу мүмкіндігін ешкім жоққа шығармайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет